Семей ядролық полигон сынақтарының зардабы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

«О. Сүлейменов атындағы әлеуметтік білім және тәрбие институты» факультеті

«Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасы

«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні

logo (1).png

Реферат

Тақырыбы: «Семей ядролық полигон сынақтарының зардабы».

Орындаған: 5В120200- «Ветеринариялық санитария»

мамандығының 1 курс 108 топ студенті

Ертуғанова Айдана

Тексерген: профессор Иманбаева С. С.

Алматы, 2020 жыл

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

ІІІ. Қорытынды

ІV. Қолданылған әдебиеттер

І. Кіріспе

КСРО уақытында Қазақстанда атом бомбаларының сынағы өтті. Осы сынақты өткізу үшін арнайы бөлінген жерге Семей ядролық полигонын ашты. Басында осы сынақ табиғат пен жануарларға тікелей зардап тигізді. Осыған байланысты сынақтарды жер астында жасайтын болды. Сынақтағы жарылған атом бомбаларының әсері өте ауыр болды. Атом бомбаларының жарылыстары болып жатқан жерге жақын тұратын 500 мыңдай адам зардап шекті. 1949 және 1963 жылдар аралығында болған жер бетіндегі жарылыстар зардабы көп болды. Осы аумақта тұратын адамдардың арасында онкологиялық, жүрек, жүйке, психикалық ауруларға шалдыққандардың саны күрт өсті. Ауруға шалдыққан адамдардың есебі 1990 жылға дейін жасырылып келді. Өлім құшқан, зардап шеккен адамдар саны өте көп болды. Отбасыларда кемтар туылған балалар саны арта түсті. 1980 жылдардың аяғына қарай атом ядролық жарылыстар халықтың щыдамынан шығып, өз шегіне жеткен болатын. Басқа ядролық қаруы бар елдермен салыстырғанда Қазақстан жеріндейгі ядролық арсенал сонау Кеңес Одағының кезінен сақталған. Осы ядролық қаруды қолданғандағы тигізетін зардабы көптеген қалаларды, континенттерді, елдерді жойып кете алар еді.

ІІ. Негізгі бөлім

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетінде немесе әуе кеңістігінде жасалды. Қазақ ғалымдарының есебі бойынша, Семей полигонында әуеде жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 2, 5 мың есе көп болды. Осынау сынақтар Қазақстанның тіршілік өрісі мен халық денсаулығына тигізген сұмдық нұқсанды сипаттау үшін тіл жетпейді. Жер бетіндегі және әуедегі ядролық жарылыстарлың зардаптары сұмдық еді. 1950 жылдардың ортасына қарай жер бетінде ядролық қарудың тағылық сынағын өткізе беру мүмкін еместігі айқын болды. Мұны да бірінші ұқққан АҚШ еді. Американдықтардың 1950 жылдардың аяғында-ақ ядролық сынақтарды жер астында жүргізуге көшкені белгілі: жер астындағы қуаты 1, 7 килотонналық, «Райнер» деген бүркеншік атпен белгілі тұңғыш ядролық жарылыс Невада полигонында 1957 жылы қыркүйекте жасалды. Кеңес Одағы жер асты ядролық сынақтарына тек бес жылдан кейін ғана, 1963 жылы кірісті. Алайда ядролық жарылыстарды жер астына «тығып қою» тек тіршілік өрісіне зиянды ықпалды ғана жасырды. Ядролық сынақтардық аса жиілігі сақталып қала берді. 1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды. Осынау жарылыстардың салдарынан бір кездері жартастардан құралған Дегелең тауы іс жүзінде қиыршық тас үйіндісіне айналды. Жер қойнауындағы ядролық жарылыстар әскерилердің сөздеріне кереғар айналадағы ортаға «тіпті де зиянсыз» емес-тін. Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан соң, жарылыс нәтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып кетіп жатты. Ондай соңғы оқиғалардың бірі 1980 жылдардың соңында болды. Ол кеңінен әшкере болып, жұршылықтың ғаламат ашу-ызасын туғызды. 1989 жылы 12 ақпанда кезекті жоспарлы ядролық сынақ өткізілді. Үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотоннадан астам ядролық заряд жарылды. Соның салдарынан жер бетінде саңылаулар пайда болып, олардан екі тәулік бойы радиоактивті газдар шығып жатты. Содан пайда болған радиоактивті бұлт 30 мыңнан астам адам тұратын аумақты бүркеді. Бұл аймақта радиациялық фон 3000-4000 микрорентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда сағатына 15-20 микрорентген болатын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті. Кейінірек анықталғанындай, мұндай жайттар полигонда едәуір жиі болып тұрады екен. 1987 жылы жарылыс салдарынан пайда болған радиоактивті газ толқыны Семейге алты рет жеткен, 1988 жылы мұндай жағдай екі рет болған. Бүгінде, Семей полигонындағы ядролық сынақтар Қазақстан аумағын радиоактивті заттармен ластау проблемасы мұзтауының шыы болғанын жұрттың бәрі біле де бермес. Әр жылдарда атом жарылыстары республиканың барлық дерлік қиырларында болып жатты. Кеңінен белгілі болған Семей полигонынан өзге Қазақстан аумағында Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының шекарасында Азғыр полигоны орналасты. 1965 жылдан бастап, Батыс Қазақстанда өнеркәсіптік мақсатта 26 жер асты ядролық жарылыстары жасалды. Жалпы алғанда, жер астында кең қуыстар жасау үщін «шаруашылық» мақсатта жер қойнауында ядролық жарылыстар жасау практикасы сол жылдары КСРО-да кеңінен таралған болатын. Айта кету керек, ауыз толтырып айтарлықтай табысқа қол жеткен жоқ. Атап айтқанда, Ресейдегі Астрахан газ-конденсат кеніштерінде жер қойнауында 15 ядролық жарылыс жасалды. Алайда 1986 жылға қарай ядролық жарылыстар көмегімен қолдан жасалған қуыстардың көпшілігі су алып кетудің, тау жыныстарының табиғи эрозиясының, тектоникалық жылжулардың салдарынан құлап бітті. 1992 жылы Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің органдары Азғыр полигоны алаңдарын тексеріп, радиоактивті заттармен едәуір ластанған жерлерді анықтады. Ядролық жарылыстармен жасалған бірнеше қуыстар радиоактивті суға толы болып шықты, ол су ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қолданылатын сулы горизонттарға қосылып кетуі әбден мүмкін еді. Полигонда жер бетіндегі радиация деңгейі сағатына 3500 микрорентген болды, мұның өзі адам денсаулығы үшін қауіпсіз табиғи деңгейден 150 есе көп еді. Сондай-ақ Азғыр полигонына жақын маңдағы аудандардың халқына радиациялық қауіптің бар екендігі туралы ескертілмегені де анықталды. Тіпті, мынадай жағдайлар да болған: колхоз егістіктері қуатты радиоактивті сәулелену көздерінен бірнеше жүз метр жерлерге орналастырылған екен. Полигонмен іргелес аудандарда мал мен жабайы аңдардың жаппай ауруы, қырылуы оқтын-оқтын болып тұрған және олар сипаты жағынан сәуле сырқатына ұқсайтын. Полигонға жақын аумақтың халқы арасында рактан қайтыс болғандардың деңгейі жоғарылап кеткен. 1949-1991 жылдардағы бүкіл сынақ барысында одақтық басшылықта Семей ядролық полигонынан келген нұқсанды өтейтіндей ерекше ниет те, жеткілікті қаржы да болған жоқ. Одақтық бюджетте мұндай шығыс бабы болған жоқ, бері салғанда, американ өтемінің мөлшерімен салыстыратындай көлемде болған жоқ. Ядролық сынақтар жүргізілген уақыт жай ғана өзгеше уақыт болып қойған жоқ. Заман қиын болатын. Жарылыстан жер сілкінгенін сезінгенде немесе тіпті шайдай ашық күні екінші Күнді көргенде де ешкім де ашу-ыза білдіре қойған жоқ. Ереуілдер, наразылықтар туралы әңгіме болуы да мүмкін емес-тін. Бас асауларды бас білдірудің сүйікті құралы псизиатриялық емханалар болды. Бұрынғы КСРО-ның басшылары сынақтар өткізгенде сол кездегі Қазақстанның халқы түгілі, бюрократиялық билік тобымен де ақылдасқан жоқ. Өйткені Қазақстан КСР-інің басшылары жұмысқа орталықта тағайындалып, сонда орнынан алынатын. Мәскеу бұйрығын қалт етпеу мансаптан айырылмаудың бірден-бір жолы болатын. Қойдың бауыздалар шағында да үн шығармауы дегеніңіз осы ғой. Ондаған жылдар бойғы үнсіздік бүгінде келмеске кетті. Адамдар денсаулығынан айырылғанын, үрейлі экологилық соққыны тілге тиек етеді. Тәуелсіздігін енді ғана алған жас мемлекет осынау зобалаңмен, ашынған жұрттың енді ғана ие болған мемлекеттікке талабымен бетпе-бет қалды. Мәселеге кеңінен қарасақ, бұл тіпті де Қазақстанның кінасі емес қой.

Тәуелсіздікке ие болған бойда біз Қазақстандағы ядролық сынақ құрбандары мен Семей ядролық полигонының маңайындағы жұртқа көмектесудің үкіметтік бағдарламаларын қабылдадық. Бірақ біз қолданған шаралардың бәріне қарамастан, бүкіл Кеңес Одағының күш жігерімен атқарылған нәрсенің бәрінің бәрінің зардаптарын Қазақстанның жалғыз өзінің түзетіп шығуы оңай емес.

Сонау 1957 жылдың өзінде Жапонияның астанасында өткен атом және сутегі бомбасына тыйым салу жолындағы халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінде жер бетіндегі алғашқы ядролық сынақтардың тажалды зардаптары туралы Мұхтар Әуезов айтқан болатын. Ол өзінің кіндік қаны тамған өңірге, ежелгі Семей жеріне атом полигонымен ілесе келген қасірет туралы, түсініксіз сырқаттардан бас кешкен адамдар мен мутанттар туған жүздеген аналар туралы толғады . . . Әсілі, Қазақстандағы ядролық сынақтар тақырыбын қозғағанда, бұрынғы Кеңес Одағында бұл мәселені қарастыру әскери-өнеркәсіптік кешен басшылары мен Қазақстан жұртшылығының өзара қатынасының ең бір жиіркенішті сәттерінің бірі болғанын айтпай кетуге болмайды. Кеңестік жүйенің, одақтық қатынастардың шын бейнесі - метрополияның жартылай республикалардың - Кеңес Одағының шикізаттық қосшыларының мұқтаждары мен проблемаларына үстірт, кейде жүрдім-бардым қарауы айқын көрінеді. Ядролық сынақтардың тіршілік өрісіне қандай зиян тигізетіні қазір ешкімге де құпия емес. Бұл - Семей облысы мен басқа да жерлерде «бейбіт» ядролық бомбалауға ұшыраған мыңдаған «атомды» солдаттар, айна-қатесіз «тірі өліктер» мен жай азаматтар және әрине Семейдің өзінің азаматтары, 150 километр жерде тұрған олар ондаған бейбіт жылдардың барысында бес жүзден сәл-ақ кем бомбаланды! Жүздеген ядролық жарылыстар ірі елді мекендерге таяу жерде жасалғанын естіп, жұрт жағасын ұстар. Ал енді біреу иығын бір қиқаң еткізіп, «мүлдем зиянсыздық» жайында тіл майын тамызады: ең таяу елді-мекеннен орасан қашық жерде (тұтас 150 километр) бар-жоғы 456 ғана сынақ өткізді.

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың тажалды әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Экспедиция радиологиялық, клиникалық және малдәрігерлік бағыттарда зерттеу жүргізді. Зерттеу Семей облысының Абай, Бесқарағай, Шұбартау аудандарын қамтыды. Бұл аудандарда, барлық бағыттар бойынша, адамдардың физиологиялық және психикалық саулығына, айналадағы орта ахуалына ядролық жарылыстардың тигізген дауа жоқ зияны туралы егжей-тегжейлі деректер алынды.

Радиациялық патология туралы медицина ғылымы тіпті «Қайнар синдромы», кейіннен Атшабаров-Балмұқанов синдромы деген атауға ие болған жаңа терминмен толықты. Радиацияның адамға ықпалынының мезанизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Радиацияның организмге әсері сан-салалы сипатта болатыны әбден белгілі. Бұл орайда ең қауіптісі - иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруы мүмкін екендігі. Бұл ең алдымен, ұрпаққа теріс әсер етуі мүмкін. Радиациялық сәулелену нәтижесінде бұзылған гендік код мұра боп - балаларға, немерелерге, тіпті зәузатына беріледі. Семей полигоны өңірінде радиациялық ықпалдың аумақтық нышандары бойынша мамандар жоғары радиоактивтіліктің үш аймағын бөліп көрсетеді. Біріншісі - сәуле алудың жиынтық дозасы Біріншісі - сәуле алудың жиынтық дозасы 35-тен 200 сЗв-ға жететін төтенше де барынша радиациялық ықпал аймағы, ол Семей облысының Абай, Абралы, Бесқарағай және Жаңасемей аудандарын қамтиды. Екінші шеңбер - сәуле алудың жиынтық дозасы 10-нан 35 сЗв-ға жететін көтеріңкі радиациялық қатер аймағы, ол Семей қаласы мен облыстың жеті ауданын қамтиды. Үшінші шеңбер сәуле алудың жиынтық дозасы 10 сЗв-ға жете қоймайтын, радиациялық қатері төмен аймақ, ол Семей облысының басқа қалған аудандарының халқын қамтиды. Әрине бұл - шартты белу. Семей полигонының зардаптар ықпалының радиациялық картасын жасағанда көптеген геофизикалық факторларды: сәуле алу аймағының әр қилы бөлінуін, радиациялық қатер аймақтары басқа да облыстарды, атап айтқанда, Павлодар облысы мен Алтай өлкесінде бар екенін ескеру қажет. Сондай-ақ әрине радиоактивті заттар әр кез шыққан сайын радиациялық бұлт таралған аудандар ескерілуге тиіс. Өкінішке қарай, Қазақстан мен полигонға жапсарлас аудандардың толық та ауқымды радиациялық картасы әлі түпкілікті жасалған жоқ. Бұл жұмыспен көптеген көптеген Қазақстандық мамандар әлі де айналысуда. Бірақ жоғарыда аталған үш аймақ бойынша мол деректер жиналды, ол Семей полигонымен іргелес аудандардағы экологоиялық ахуалға сынақ жарылыстарының елеулі ықпал еткенін айғақтайды. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының, Алтай өлкесінің, радиациялық сәулеленудің талай қайталанған ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогембластоз және басқа толып жатқан қатерлі ісікті патологиялар. Жалпы алғанда, рак сырқаты сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Тіпті 2000 жылдың көрсеткіші бойынша полигонмен іргелес аудандарда сырқаттанудың жалпы деңгейі Қазақстан бойынша орташа алғандағыдан 38% жоғары. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әр түрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әр қилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Жалпы осы аудандарда адамның туып, көбеюіне байланысты ахуал тұп-тура апатты күйде. Бұл әсіресе кетет түсік тастаудың, ай-күніне жетпей туудың, іш тастаудың, нәрестенің жетілмеуінің, қиналып туудың толып жатқан оқиғаларынан көрінеді. Мамандардың айтуынша, соның бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Полигон аймағында ақыл-есі кем туылған балалардың саны жалпы республикалық деңгейден 3, 5 есе жоғары. Бұл әсіресе ауыр түрлерге, мысалы, олигофренияға қатысты. Түсіндіре кетейін, қысқа мерзімді радиация деп сарапшылар тікелей жарылыс сәтінде шығатын сәулені айтады. Ал қалдықты радиацияның табиғаты, ядролық жарылыс кезінде бөліну процесіне радиоактивті заттардың барлығы бірдей қатыспайтындығынан туындайды. Жарылыстан кейінгі радиоактивті заттардың кей бөлігі өзгермеген күйінде қалып, жер бетіне, топыраққа, суға сіңеді. Әрбір жарылыс сайын қалдықты радиоактивті заттар саны көбейе береді. Чернобыль қасіреті неде? Атом станциясындағы апат кезінде күшті байытылған уран жарылған жоқ, ол ұшып шықты. Яғни, уран құрып кеткен жоқ, бұрынғы төтенше радиоактивті күйінде қалып, реактор ішінен сыртқа «жылжып» шығып кетті. Қолдан жасалған металл цилиндр емес, табиғи тіршілік ортасы реакторға айналып журе береді. Табиғаттың өзі реакторға айналды! Сол апаттың тажалды зардаптары сұмдық көп болғаны да сондықтан. Бірақ мамандар мұқият есептеп шығарғанындай, Семейдегі ядролық жарылыстар кезінде айналадағы ортаға жинақталған радиоактивті заттардың мөлщері Чернобыль атом реакторынан сыртқа шығып кеткен зат мөлшерінен әлдеқайда көп. Кейбір ғалымдар айтып жүргеніндей, бұл тұрғыдан алғанда, Семей кем дегенде екі Чернобыльге тең. Чернобыльде де, Семейде де нақ сол қалдықты радиацияның қатері мүлдем айқын және теріс зардаптары жағынан не құқайды көреріміз белгісіз. Бұл ықпалдың тұрақты және теріс

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экология жəне табиғат қорғау мəселесі
Қазақстан және Орта Азияға Аралдың маңызы
Семей ядролық полигоны туралы
Жезқазған-Балқаш өңірінің экологиясы
Қазақстандағы атом полигондары
Семей полигонының инфрақұрылымы
Семейдегі атом полигоны
Радиэкология және биосфера
«Қазақстанның экологиялық мәселелері»
Адамзат үшін ядролық сынақтың салдарлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz