Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Тақырыбы: " Ұлы Жібек жолы "

Орындаған: Тоқтасын А.А.
Тексерген: Рахимкужаева А.Р.

Алматы 2020 жыл

Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

І Кіріспе
Ұлы жібек жолы - Жерорта теңізінен Қытайға дейін Евтоазияны көктей өтіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан тосқан торабы, ал сонау ежелгі дәуірдегі орта ғасырдағы осы аймақтардың сауда және мәдени байланыстарының тұсауын кескен аса маңызды қатынас жолы. Қазіргі Жоба адамзат тарихы бойынша Шығыс пен Батыс халықтарының арасында қалыптасқан тұңғыш бейбіт қарым - қатынас сырын жан - жақты зерттеп білуді мақсат етіп отыр. Ол Осы Жібек жолы көктей өтетін елдердің ғылыми және мәдени топтарының өзара пікір алысуына, мемлекеттер арасында мәмілеге келу байланыстарын орнатуға септігін тигізді.
Осы жобаға баға бере отырып, ЮНЕСКО - ның бас директоры Фредрико Майор былай деп атап өтті. Жібек жолы ұшы-қиырсыз далалар, көл - көсір теңіздер мен қуаң шөлдер арқылы өтетін өзара байланыстар мен пікір алушыларды қалыптастыруға ғаламат мүмкіндіктер бере отырып, озық өркениетті өзара бірлесіп байытуға септігін тигізді. Жібек жолын кешкнді зерттеу жобасының түпкі мақсаты - бүгінгі күні осы жол бойында жатқан халықтардың өзара пікір алысуы қайта жаңғырту қажет екендігін ұғынуына, өзара түсінусідің, қатынасудың және өркениетті бірлесе байытудың қолдағы тарихы ән - маңызы бар мүмкіндіктерін пайдалануына септігін тигізу.
Он жылға есептелген бұл жоба өзі қамтып отырған бағыт бойынша: бір жағынан, өзара тәртіптік ғылыми зерттеулер мен халықаралық және ұлттық дәрежеде кездесулер өткізу арқылы; екінші жағынан, дүниежүзі жұртшылығының көпшілігі назарын зерттеліп отырған мәселеге аудару үшін бұған бұқаралық хабарлама құралдары мен ғалымдардың, мәдениет қайраткерлерінің бір ресми бірлестіктерін қатыстыру арқылы өрістетіледі.

ІІ Негізгі бөлім

Ұлы Жібек жолы - әлемдік өркениет тарихындағы неғұрлым елеулі жетістіктердің бірі. Керуен жолдарының тарамдалған жүйесі Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуропа мен Азияны кесіп өтіп, ерте дүние мен орта ғасыр дәуірінде сауда байланыстары мен Батыс пен Шығыс мәдениеттері арасындағы тілдесуінің маңызды құралы қызметін атқарды. Жолдың неғұрлым ұзақ үзігі Қазақстан мен Орта Азия арқылы өтті.
Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы. Тарихи жолдың жібек саудасына байланысты "Жібек жолы" атанғаны түсінікті. "Ұлы" сөзінің қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан. Сондықтан "Ұлы Жібек жолы" болып тарихқа енді.
Қытай жазба деректерінде б.з.б. II-I ғасырларда Үйсін мемлекетінің Қытай өкіметімен қарым-қатынастары жайлы мәліметтер табылған.
Ұлы Жібек жолы - әлемдік өркениет тарихындағы неғұрлым елеулі жетістіктердің бірі. Керуен жолдарының тарамдалған жүйесі Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуропа мен Азияны кесіп өтіп, ерте дүние мен орта ғасыр дәуірінде сауда байланыстары мен Батыс пен Шығыс мәдениеттері арасындағы тілдесуінің маңызды құралы қызметін атқарды. Жолдың неғұрлым ұзақ үзігі Қазақстан мен Орта Азия арқылы өтті.
Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы. Тарихи жолдың жібек саудасына байланысты "Жібек жолы" атанғаны түсінікті. "Ұлы" сөзінің қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан. Сондықтан "Ұлы Жібек жолы" болып тарихқа енді.
Қытай жазба деректерінде б.з.б. II-I ғасырларда Үйсін мемлекетінің Қытай өкіметімен қарым-қатынастары жайлы мәліметтер табылған.
Байланыс кезінде олардың араларында жасалған саудада қымбат бағалы жібектің жүргендігі сөзсіз. Қытай деректері бойынша, VI ғасырда Батыс Түрік қағанының және нөкелерінің жібек шапан кигендері белгілі. VI ғасырда жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған кезеңі.
Қазақ жеріндегі көне керуен жолдарының тарихы б. з. д. I мыңжылдықтың орта шеніндегі "далалық сақ жолынан" басталады. Геродоттың жазуы бойынша, жол Қара теңіз маңынан Дон жағалауына дейін, одан Оңтүстік Оралдағы савроматтар жеріне бағытталып, Ертіс бойы мен Алтайға, Зайсан көліне дейін созылған. Қазіргі ғылым мен техниканың тамаша жетістіктері, ғарыштан түсірілген бейнекөріністер Еуразияның бел ортасынан өткен осы көне маршруттың ең қолайлы жол екендігін дәлелдеп отыр. Бір таңғаларлық нәрсе-қазіргі заманғы көлік жүретін жолдар мен темір жол ежелгі дала жолының бағытын дәлме-дәл қайталауы.
Жүздесу мен тілдесу және алыс-беріс байланыстары б.з.д. ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда басталған. Бадахшан тауынын лазурит және Хотан маңындағы Яркендария өзенінің жоғарғы жағынан нефрит кен орындары табылып, оларды өндіре бастауға сәйкес байланыстар реттеліп, жөнге келтіріледі.
Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының У-ди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де Жібек жолында ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған; елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, жол гүлденіп, көркейе түсті. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауылдарын қойып, әскерлерін әкеле бастаған.
Жібек жолы іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта уақыт ізімен өзгеріп отырған, тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 шақырымнан асады.
Ұлы Жібек жолы Шығыста Қытай империясынан басталып, Батыста Рим империясында аяқталды. Жол Қушан, Соғды және Парфия империяларын басып өткен жүктерді тасымалдап жеткізуді Еуразияның таулы және далалық аймақтарын мекендеген малшылар іске асырған. Ұлы Жібек жолын тек аграрлық империяларды XV ғасырдан артық уақыт қойып тұрған артерия ретінде қарастыру шекті болады, себебі отырықшы мемлекеттер өзара түйіспей, мұхиттағы аралдар сияқты оқшау тұрған, түркілердің көшпелі ұлыстары байланыстырып келді. Негізгі мәдени ауысулар қазіргі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу бойымен өтті, яғни ареалды өркениеттердің тоғысқан жері деп қарастыруға болады. Ұлы Жібек жолы бойында еуразиялық көшпелілер біртіндеп өркениеттенуді бастарынан өткізді, олар өз ордаларын, қалаларын, керуен сарайларын салып, саудаға бақылау жүргізді. Отырықшы өркениет көшпелілердің қару-жарақ, ат әбзелдерімен, әр түрлі бұйымдарымен танысып, өздеріне қабылдады. Қазіргі жаһанданудың алыс үлгісі ретінде Ұлы Жібек жолы Ұлы географиялық ашуларға дейін өмір сүрген. Өркениеттің индустриялық толқынына түрлі себептермен ілесе алмады.
Б.з.б. III-II мыңжылдықтарда Месопатамия жазығынан Инд өзенінің аңғарына, Орта Азия шөлдерінен Жерорта теңізіне дейін аралықта құрылыс және су жолы жүйесі-Месопатам-харап қалыптасты. Ең алыстағы мәдениеттер мен өркениеттерді байланыстырған. Кейін жүйе Ұлы Жібек жолының негізгі тармақтарының біріне айналды.
Ұлы Жібек жолы қызметінің дамуы әртүрлі елдердің керуен жолдарына бақылау жасауға деген геосаяси қарсыластығына аса тәуелді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы Жібек жолының ежелгі тайпалар өміріндегі рөлі
Жетісу Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын басты қақпасы
Жаңа Жібек Жолы туризм ретінде болашағы
Ұлы жібек жолы. Орта ғасырлық Қазақстан қаласы
Ұлы жібек жолының тарихы
Қазақ мәдениетінің бастаулары. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы
Ұлы жібек жолы жөнінде
Ұлы Жібек жолының тарихына шолу
Ұлы Жiбек жолының даму тарихы
Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы
Пәндер