Хинолизидинді алкалоидтар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Алкалоидтардың өсімдіктер әлемінде таралуы. ДӨШ алаклоидты бөліп алу әдістері. Алкалоидтардың физико химиялық қасиеті және оларды анықтау әдістері.

Жоспар
1. Алкалоидтар, жалпы түсінігі.
2. Алкалоидтардың жіктелуі.
3. Алкалоидтардың физика-химиялық қасиеттері
4.Құрамында алкалоидтары бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттардың таралуы.

1. Алкалоидтар, жалпы түсінігі.
Өсімдіктердің дәрілік қасиеті жөніндегі ақпараттар ең алғаш қытай кітаптарында кездеседі. Сонымен бірге өсімдіктерді дәрілік мақсатқа пайдаланғаны жөнінде мәліметтерді - еуропалық, қытай, грек, орта азиялық, латын тіліндегі ертедегі мәдени естеліктерінен табуға болады [1].
Қызылорда облысының флорасында өсімдіктердің шамамен 819 түрі кездеседі, оның ішінде 50 - ге жуығы дәрілік өсімдіктер болып табылады. Ондай өсімдіктерге: итсигек бұйырғын, қызыл мия, ұсақ жапырақты ақсора, кәдімгі адыраспан, кәдімгі жантақ, кәдімгі болатжапырақ, ақмия, далалық шырмауық, жатаған бидайық, түктіаталықты тікенбұта, орыс тікенбұта т.б. жатады [2].
Топырақтың сипаты мен климаты өсімдіктер құрамында түрлі химиялық заттардың болуына әсер етді. Көп жағдайда олар өсіидіктердің улылығын туғызады, ал өсімдіктердің улылығы олардағы химиялық заттардың құрамына байланысты. Көпшілік жағдайда өсімдіктердің құрамында: алкалоидтар, гликозидтер, органикалық қышқылдар т.б. кездеседі. Алкалоидтар өсімдік организмінде түзілетін, жоғары биологиялық, күрделі табиғи органикалық азот құрамды қосылыстар. Олардың сілтілік қасиеті болады. Сілтілік қасиетіне байланысты (арабша Alcali сілті, грекше eidos - ұқсас) деген сөзден аталған. Бұл атауды 1819 жылы Мейсньер алғашқы рет енгізіп, XVIII ғасырдың аяғында француз фармацевттері анықтаған. 1892 жылы Функруа Цинхона қабығынан алкалоидтар жинағын алған, ал Боме 1797 жылы құрамында наркотин бар опииден кристалды тұзды бөліп алған. 1802 жылы Дерон наркотин мен морфиннен тұратын алкалоидтар қоспасын алды. 1804 жылы Сесьюмен опииден морфин алып, оның физикалық қасиеттерін зерттеген. Тек қана герман аптекарі Сертьюрнер 1806 жылы апиин құрамындағы алкалоид морфинді бөліп алып, оны ұйықтататын әсерін байқады. 1810 жылы ол морфиннің табиғи негізін және оның қышқылдармен тұз түзетін қасиетін дәлелдеді.
Алкалоидтардың ашылуымен медицина және химияда жаңа дәуір басталды. XIX ғасырдың басында барлық елдердің фармацевтері мен химиктері маңызды алкалоидтардың қатарын ашты.
Алкалоидтардың өсімдіктердегі сапалық және сандық анықтаудың XIX ғасырда Юрьев университетінің профессоры Г.Драгендорф қызметкерлерімен өндеді. Бірақ XIX ғасырдың 80-ші жылдарына дейін алкалоидтардың құрылысы белгісіз болған. А.М. Бутлеров органикалық қосылыстардың құрылысын анықтау арқылы оларды синтездеу мүмкін болды. Ресей елінде алкалоидтар химиясының негізін академик А.П.Ореховтың басқаруымен алкалоид институты үлкен үлесін қосты. Ол өзінің шәкірттерімен бірге 1500-ден астам өсімдіктерді зерттеп, олардан 400-ден астам жаңа алкалоидтар тапты, оның ішінде белгілі құрылысты 120.
Құрамында азот бар қарапайым қосылыстар метиламин, үшметиламин, және басқа жай аминдер, сондай-ақ аминоқышқылдары және олардың өнімдері, сілтілік қасиеті болса да алкалоид қатарына жатпайды.
Алкалоидтар құрамына көміртек, сутек, азот, оттек атомдары да кіреді. Жай алкалоидтар құрамында 10-ға дейін, ал күрделі алкалоидтар құрамында 50-ден астам көміртек атомдары болады.
Медицинада алкалоидтардың маңызы өте зор. Өткен ғасырдың белгілі фармакохимигі Е.А. Шацкий былай деген: Темірдің ашылуы дүние жүзінің мәдениетінде қандай болса, осы жүз жылдықта алкалоидтардың ашылуы медицина үшін маңызы сондай. Мемлекеттік фармакопеяда 738 мақалалардың ішінде 83 мақаласы 11% алкалоидтарға арналған.
Қазіргі кезде өндірістік масштабта 100-ден астам алкалоидтар өндіріледі. Синтез арқылы кейбір алкалоидтар алынады: атропин, кофеин, эфедрин, теобромин, сальсолин т.б.
Алкалоидтардың көп санының ішінен бір бөлігі ғана оқып танылғандықтан бөлініп алынған заттар ғалымдарға дәл классификациясын беруге мүмкіндік бермейді. Американдық ғалым Манске Р.Г. фармакологиялық классификациясын ұсынды. Мысалы: спазмолитикалық, қабынуға, қатерлі ісікке, гипертонияға қарсы т.б. Басқа ғалымдар алкалоидтарды тұқымдасына, туысына қарай мәселен, амаралис немесе кейбір ерекше құрылысы бойынша тропан, стрихнин т.б. бөледі.
2. Алкалоидтардың жіктелуі.
Көп авторлар алкалоидтарды негізінен гетероциклдің табиғатына қарай яғни химиялық жіктеуді ұсынады. А.П. Ореховтың ұсынысы бойынша алкалоидтар көміртек - азот қаңқасы құрылысына қарай төмендегідей бөледі.

Алкалоидтарды академик А.П. Орехов жасаған алкалоидтар жіктеуін пайдаланып келтіреміз.
1. Ациклды алкалоидтар және бүйір тізбегіндегі азоты бар алкалоидтар;
2. пирролидинді және пирролизидинді алкалоидтар;
пиридинді және пиперидинді алкалоидтар;
4. конденсирленген пирролидинді және пиперидинді сақинасы бар алкалоидтар;
5. хинолизидинді алкалоидтар;
6. хинолинді алкалоидтар;
7. изохинолинді алкалоидтар;
8. индолды алкалоидтар;
9. хиназолинді алкалдоидтар;
10. пуринді алкалоидтар;
11. дитерпенді алкалоидтар;
12. стериодты алкалоидтар (және гликоалкалоидтар).

3. Алкалоидтардың физика-химиялық қасиеттері
Көптеген алкалоидтар таза күйінде қатты қиыршықты заттар. Олар әдетте түссіз болады, бірақ кейде боялған болуы да мүмкін (берберин алкалоиды сары түсті) иіссіз, ащы дәмді, оптикалық белсенді.
Алкалоидтардың аздаған түрлері (негізінен оттексіз қосылыстар) күшті ұнамсыз иісі бар сұйықтықтар (никотин, кониин ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алкалоидтардың классификациясы
Тірі табиғат объектілерінде қордаланған адамдардың қажетіне керекті биологиялық ресурстарға өсімдіктер және жануарлар ресурстары
Гетероциклды қосылыстар. Алкалоидтар
Мал азығы туралы
Люпинмен улану
Ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын токсиндік заттардың жануарлар организіміне түсу жолдары жайлы
Құрамында алкалоиды бар дәрілік шикізаттар
Пурин туындыларының алкалоидтары
Малдардың азықтардың құрамындағы улы заттармен улануы
Токсикологиялық мэні жэне мөлшері
Пәндер