Тұтынушылардың рухани санасы


Эколингвистика - тіл білімінің жаңа саласы
Жоспар
Кіріспе
1. Эколингвистика - тіл білімінің жаңа саласы
1. 1. Қазақ тіл білімін тектік, материалдық құндылықтар негізінде
зерттеу
1. 2. Экологиялық сана және эколингвистика
2. Тілдік бірліктер және экологиялық белгілер
2. 1. Лингвоэкологиялық дискурс
2. 2 Тәжірибелік бөлім
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінде әлем тілдері арасында тілді сақтау, әр халықтық алғашқы тілдік қалыптарын қалпына келтіру мен қорғау мәселелелері негізгі күн тәртібіне қойылғаны белгілі. Осы тұста қазіргі қазақ тілі де әлемдегі басқа тілдер сияқты жаһандық тұтасулар мен бірігулер кезінде өзіне қатысты бірнеше мәселелрді шешуі қажет.
1. Ұлт тілінің сипаттарын орнықтыру. 2. Тілді ұлттық ерекшеліктерге сәйкес келмейтін тілдік бөлшектерден тазарту. 3. Қазақ тілінің түркілік сипатына азар сала отырып, басқа да туысқан түркі тілдерінің сақталуына ықпал ету. 4. Тілді бүгінгі демографиялық ауысулардан қорғау. 5. Әлеуметтік топтардың тілді өз ыңғайларына қолдануына тосқауыл қою. 6. Жаңа мәдениет пен өркениет белгілерін тілге енгізе отырып, тілдің өз табиғи болмысының негізі қалуына жағдай жасау. Осы аталаған негізгі мәселелер бүгінгі күні жер шарындағы барша тілдер үшін қауіпті тұсқа айналып отыр. Әлем тілдерін бұрынғы «тіл мәдениеті», «сөз мәдениеті» терминдері аясында қарастырып, оны сақтау үшін жүргізілетін іс-шаралар жетімсіздігін танытып отыр. Жер шарындағы түрлі жаңа технологиялар мен ғылымның дамуы адамзат үшін игі жетістіктер болғанымен де бірнеше проблемелерды шешуді де талап етуде. Бұл материалдық игіліктерден рухани құндылықтарды қорғау мәселесін тудырып отыр. Осы мақсатты ерте анықтаған шет ел ғалымдары тілге экологиялық зерттеулер қажеттігін айтады. Жаратылыстану ғылымдарына жататын «ecological» - қоршаған ортаны қорғау туралы ғылым. Осы ғылымды тіл біліміне әкелу тілге жаңа зерттеу бағыттарын пайдалану қажеттілігінен туындап отыр. Қазақ тіл білімінде «эколингвистика» - жаңа ғылым саласы. Бұның қажеттілігі тілді мәдениет ықпалымен қорғау, сөз мәдениеті нормалы қалпында ұстаудың аясының тарылып бара жатқандығымен анықталады. Қазіргі тіл біліміндегі әколингвистикалық зерттеулердің қажеттілігін төмендегі мәселелер анықтайды. 1. Тіл мәдениеті бір тілдің ішіндегі мәселелерді, тіл ішіндегі заңдылықтардың сақталуын қарастырады. 2. Бүгінгі тілдерге тіл ішіндегі өзгерістерден гөрі сыртқы қауіптердің молдығы анық сезілуде. 3. Кез келген тіл сақталуы үшін ол жеке өзінің нысандарын ғана қорғап қала алмайды. Оның нысандарының сақталуы үшін көршілес тілдердің сақталуы, тектік тілдердің бірлігі қажет. 4. Генеологиялық тұтастық тілдерді сақтаудың негізі болуы шарт деегн теорияны ұстана отырып, тілді сақтауда тектік бірлікті сақтау нысан етілу керек. 5. Тілдердің сақталуы үшін шекаралық, аймақтық сипаттар үнемі 3
назарға ұсталынуы керек. 6. Тілді сақтау үшін тек тілге қатысты рухани игіліктер ескеріліп қалмауы керек. Онда ұлттың тұтас этностық қалыптары зерттеуге алынуы тиіс. 7. Тілді сақтауда тек рухани құндылықтар еемс, материалдық құндылықтар ескеріліуі шарт. Халықтың тұрмысы мен шаруашылығына қатысты мәселелерге назар аудару, оларды жаңғырту арқылы ғана тілді сақтау мүмкіндігі туатындығын бүгінгі қоғам анықтап отыр. Тақырыптың зерттелу деңгейі. «Эколингвистика» туралы ғылымынң алғашқы пайда болуына түрткі болған Г. Геккельдің көпжасушалылардың жасалуы туралы теориясы түрткі болғандығын айтады. Алғашқы тектік (генеологиялық ) ағашты жасап, осыдан тарайтын бұтақтар арқылы келесі ұрпақты көрсеті. Геккельдің биогенетикалық теориясы бойынша жекелік даму организмнің қоршаған ортасына байланысты құрылады. Осы теорияны тілге салған шет ел ғалымдары бір кездері тілді биологиялық ғылымдар қатарына да жатқызған [1, 7] . Кеңестік тіл білімі ғылымы бұл теорияны бүтіндей қолдамады. Дегенмен бұл туралы пролетариат көсемдерінің бірі Ф. Энгельс «Анти-Дюрингте» де айтады. «Табиғат диалектикасын» жазған Гегельдің еңбегі туралы айта келіп: « . . . Ол тұңғыш рет бүкіл табиғи, тарихи және рухани дүниені процесс түріндегі нәрсе, яғни үнемі қозғалуда, өзгеруде, қайта құрылуда және дамуда деп таныды, сөйтіп осы қозғалу мен дамудың ішкі байланысын ашуға тырысты» [2, 27] . Гегельдің еңбегі тілдің өзін зерттеуде: а) табиғи үрдіс немесе организм; б) тарихи үрдіс (диахрониялы даму) ; в) рухани үрдіс (қоғамдағы құндылықтарды сақтаушы, жеткізуші т. б. қызметтері) деп алғандығын анықталады. Сондықтан да кеңестік саясат түркі мемлекеттерін құртуды түркі тілдерін құрту негізінде жүргізді. Қазақ тіл білімінде тілдің дамуы мен оның өзгеруі, ұлттық сипатын сақтауының қажеттілігін А. Байтұрсынов еңбектерінен кездестіреміз. «Қазақта жазу-сызу болмаған соң, жалғыз-ақ табиғаттың законына ерген, сондықтан тілі азбаған. Өзгелер табиғатты зорлап, емлеге таңып, тілін аздырған» [3, 396] . «Тіл болу үшін уақыт пен орынның бір болуы шарт. Мысалы, біз қазақ тілі жөнінде айтатын болсақ, белгілі - бір территориядағы белгілі- бір жылдарда тіршілік еткен белгілі - бір халықтың нақты тілі жайында айтқан боламыз. Өйткені тіл бас-аяғы шектеулі бір ғана заманда жасалмақ емес, ол талай замандарды басынан өткереді. Тілді синхроника (син-біргелік, хроника - заман) жолмен тексеру деген сөз бірнеше замандардың нәтижесін бір заманға әкеліп, сәйкестігін қарау болып табылады. Ал бір замандағы тіл фактысын қосып (жинақтап) айсақ, онда грамматика болады. 4
Историческая грамматика деген болмайды - мыс. өйткені барлық замандаға лайықты грамматика жоқ. Бір тілдің лексика арқылы білдіретін ұғымын екінші тіл грамматика арқылы білдіреді» [4, 19] . - деген пікір айтқан Қ. Жұбанов тілдің тарихилығына да назар аударта кетеді. Осы тұста тілдегі «формализмнен» сақтану керектігін ескертіп, осы жолдағы еңбектердің кемшіліктерін де талдайды.
Қазақ тіл біліміндегі қолданбалы теорияны жасаған К. Аханов «Тіл біліміне кіріспе» еңбегінде осы мәселеге өз пікірін білдірген. «19-ғасырда ғылым атаулыда, әсіресе қоғамдық ғылымдар саласында, соның ішінде тіл білімінде әр түрлі құбылыстардың өзгеруі, тарихи дамуы тұрғысанан қарастыратын көзқарас пайда болып, ғылыми зерттеулерде историзм принципі қолданыла бастады . . . Тіл білімі ғылымдарының осы аталған екі тобының (жаратылыс тану ғылымдары, қоғамдық ғылымдардың) қайсысына жатады? Бұл мәселе ғылым тарихында түрліше қаралып, түрліше шешіліп келеді» [5, 5-7] . Ғалым маркстік-лениндік таныммен жазғанымен де ойлы жанға назар салатындай пікірлерді сол кезде білдіре алған. Ғалым шетел ғалымдарының неміс лингвисі А. Шлейхердің тілді биологиялық құбылыс деп атауын мсынайды. Бірақ сол кез үшін осындай ойды оқулыққа кіргізудің ой салу мен пікірге шақыру сияқты да болғаны анық. Тіл білімін жаратылыстану ғылымдарымен сабақтастыра зерттеуге кейінгі кезеңдердегі жаңа таным мен тың ой ықпал еткені белгілі. Қазақ тілінің зерттеуде әдіснамалық негіз етіп ұсталып келген «маркстік-лениндік» әдіснама тұрақтылықтан алынып, тәуелсіз ой, ұлттық таным шеңберіне салып зерделеу кейінгі кезеңдер жемісі.
Қазақ тіл білімінде лингвоэкологиялық зертеулерді алғаш қолға алған - профессор Н. Уәли [6] . Лингвоэкология немес эколингвистика саласын мүлдем жаңа бағыт деуге де келмейді. Шетелдік ғылымда зерттеу бағыттары мен тәсілдеріне қарай өзгерістер болғанымен қазақ тіл біліміндегі тілді сабақтастықта зерттеу, тектік қалпында қарастыру, ұлттық тұрмыс, шаруашылығмен алу, ареальді ескеру, экожүйе негізінде байланыстыру, әлеуметтік фреймдермен жалғастыру Р. Сыздықтың [7], [8], [9] зерттеулерінде басқаша аталып жүргізілген.
Ғалымның аса бір жауаптылықпен мол мағлұмат, тың деректермен асқан зеректікпен орындаған жұмысының нәтижесінде 300-ден астам жеке сөз бен сөз тіркестерінің тарихы талданған. Батырлар жыры мен ғашықтық жырларда (лиро-эпоста), 15-19- ғасырларда өмір сүрген ақын-жыраулар шығармаларында, мақал-мәтелдерде, тұрақты тіркестер мен нақыл сөздер құрамында мағынасы көмескі тартқан, қазіргі тілде қолданыс аясынан шығып қалған немесе бірді-екілі тіркестерде кездесетін сөздердің мағыналық тарихы таладанады. Қолданыстары туралы мәліметтер түркі, қазақ, орыс, монғол, парсы, араб, иран т. б. тілдеріндегі сөздіктер мен көркем әдебиет, ауызекі тілдік материалдар арқылы ашылады. Сөздер тарихын талдаудағы 5
ғалым келтірген мағлұматтар оқырманды тарихқа, қоғамның әлеуметтік, саяси, рухани, мәдени ортасына қарай тартуымен де қызықты. Ақын-жыраулар тілінде кездесетін көне сөздердің байырғы мағыналары ашылып, олардың семантикалық өрім-өзгерістері анықталады. Еңбектің этимологиялық, лексикографиялық, фразеологиялық ғана емес, танымдық та мәні зор. Қазіргі тілдегі бастапқы мағынасы күңгірттенген немесе мүлде ұмытылған, тарихи тұрғыдан түркі-монғол, түркі-иран тілдеріне ортақ сөздердің бастапқы мағынасы айқындалып, олардың шығу тегін, ата-тектік сипатын анықтауда таңдап алынған түрлі талдау жолдары мен тәсілдері, шарттарының маңыздылығы сонда - сөздің қазіргі тілде көнерген тұлғасы қайта жаңғырады. Ғалым осы арқылы түркілік мәдениеттің, рухани кеңістіктің мол қолданыс аясын ғана емес, өз кезіндегі беделі мен құндылықтарын да танытады. Осы бағытта әдіс-тәсілдер өзгере отырып, жаңа бағыт, жаңа талаптар қажеттігі байқалуда.
Диплом жұмысының мақсаты - қазақ тілі біліміндегі эколингвистика саласының орнын айқындау, зерттеу бағыттарын көрсету. Диплом жұмысының міндеттері:
- эколингвистика - тіл білімінің жаңа саласы екендігін көрсете отырып, оның бұған дейінгі тілді зертеудегі ойлардың жалғасы екендігін анықтау;
- қазақ тіл білімін тектік, материалдық құндылықтар негізінде зерттеудің негізі - эколингвистикалық әдіс-тәсілдермен де байланыстылығын ашу;
- экологиялық сана және эколингвистика арақатынастарын ашу, оның
қоғамдық санамен, тілдік санамен байланысын көрсету;
- тілдік бірліктер және экологиялық белгілердің арақатынастары арқылы тілдегі фреймдердің орнына талдау жасау;
- лингвоэкологиялық дискур және эколингвистикалық бірліктер ұғымдарының байланысын, ерекшеліктерін көрсету;
- тәжірибелік бөлім: әлемді тануда экожүйені тілдік код ретінде қарастыра отырып, өңір этнонимдері құрамындағы соматикалық атауларға талдау жасау.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар .
1. Қазақ тілі біліміндегі эколингвистика - саласы өз орнын айқындап үлгерген, зерттеу бағыттары бар саласы.
2. Эколингвистика - тіл білімінің жаңа саласы сонымен бірге бұған дейінгі тілді зертеудегі ойлардың жалғасы да.
3. Қазақ тіл білімін тектік, материалдық құндылықтар негізінде зерттеудің негізі - эколингвистикалық әдіс-тәсілдермен де байланыстылығы шешілетін әдіс.
4. Экологиялық сана және эколингвистика өзара байланысты түсініктер болғандықтан да ол қоғамдық санамен, тілдік санамен тығыз сабақтасады.
5. Тілдік бірліктер және экологиялық белгілердің арақатынастары арқылы тілдегі фреймдердің орнына талдау жасау арқылы тілдің рухани және материалдық құндылық ретіндегі орны анықталады. 6
6 Лингвоэкологиялық дискур және эколингвистикалық бірліктер ұғымдары - өзара байланысты және ерекшеліктері де бар ұғымдар.
7. Тәжірибелік бөлім: әлемді тануда экожүйені тілдік код ретінде қарастыра отырып, өңір этнонимдері құрамындағы соматикалық атауларға талдау жасау арқылы жаратылыстану ғылымымен тіл біліміінң байланысы ашылады.
Зерттеу нысаны. Қазақ тіл білімі ғылымы: тарихи лингвистика, тіл мәдениеті, этнолингвистика, эколингвистика және жаратылыс ғылымдарынан: экологиялық негізгі білімдер . Диплом жұмысының құрылымы . Зерттеу жұмыстың жалпы сипаттамасын беретін кіріспеден, екі негізгі тараудан (әр тарау екі-екі бөлімнен) тұрады. Зерттеудің тірек көздері . Диплом жұмысының тақырыбын ашу үшін жоғарыдағы аталған ғылыми еңбектермен бірге Харальда Хаарман, А. М. Молодкин, В. Ф. Нечипоренко, Э. Хауген, Х. А. Филл зертеулері алынды.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Талдау, салыстыру әдістері қолданылды.
7
1. Эколингвистика - тіл білімінің жаңа саласы
1. 1. Қазақ тіл білімін тектік, материалдық құндылықтар негізінде
зерттеу
Қазіргі әлемдік ғылым дамуында экология мәселесін қоршаған орта туралы іліммен сабақтастыру ғана қалыптасқан. Бұл туралы орыс тілінің зерттеушісі Нурушева Д. А. [1] екеуінің айырмашылықтарын «ecological» «экологияға қатысты ғылым» деп және «environmental» «қоршаған ортаға қатысты ғылым» деп бөледі. Ғалым осы бағытатғы зертеуінде экология дегенді жалпы тазалық, алғашқы қалпын сақтау деген мағынаны ашатын барлық ғылым саласына қатысты термин деп ұсынады. Жаһандық тұтасулар мен ғаламдық бірігу экология мәселесін тек қоршаған ортаға қатысты ғана алып қоймай, қоғамдық ғылымдарға да пайланауды талап етуде. Бірыңғай тұтастық ұлттық белгілерді жалпы адамзаттық қалыпқа көшіре бастаған шақта әлем ғалымдары бұған дейіінгі жасалған мәдениет пен руханият құндылықтарының жоғалатқындығын айтып дабыл қағуда. Бұл бұған дейін бірнеше зерттеулерге негіз болған. Бірақ ол туралы айтылу мен қойылу мәселесі басқадай болып келді. Мысалы, 20-ғасыр басындағы тіл білімінде тілді зерттеуде шыққан топырағымен бірге алуы керек пе, жоқ, әлде, бөлек сыртық пішін қалпында зерттелуі керек пе деегн сұрақ туындады. Сыртқы пішінге негіздеп алушыларды «формалистер» деп атады. Бұлар тілді зерттеуде негізгі өзегінен бөліп алып қарады. Формалистердің көрнекті өкілдері швейцарияда Ф. де Соссюр болса, Ресейде Фортунатов еді. «Академик Самойлович түрік грамматикасын формал жолға салды (танымы формаға негізделді) ; Петерсон сырттан оқитын орыс кітабын осы жолмен жазды. Формашыларша фонетика грамматикаға кірмейді. Мысалы: оқимын деген бір сөзде объектік те, субъектік те, предикаттық та элементтер бар; бұл - пәлсәфә жағы. Шынында сөз біткеннің бәрі де адам үшін объект. Солай бола тұрып адамның өзі де бір - біріне объект те, субъект те бола алады. Себебі: адам көп және бұрынғы тұрмыс оларды бір - біріне сондай қатынасқа келтірген. Сөйлемдегі сөздердін бір - біріне объект те, субъект те болуы осындай тарихи шарттастыққа (Истоическая обусловленность) байланысты.
Атрибут; өз беттілігі жоқ, тек қана біреудің меншікті белгісі.
Объект - өзінен тыс деген сөз. Тақырып - субъект, сол тақырыпқа қатысты нәрсе - объект.
Суб - заттың көзге көрінбей түратын мәні; станция - сол заттың көрінісі» [4, 28] . Бірақ бұл зерттеулер тілді шыққан негізінне бөліп тастады. Шыққан тегінен бөлінген тұста өзінің табиғи қалпын бұзатын заңдылық тілге тікелей қатысты екендігі кейінгі зерттеулер арқылы ашылды. Тілдің тарихи негізін сақтау туралы 20-ғасырдың бас кезінде тарихи диахрониялық зерттеулер деген атпен Қ. Жұбанов зерттеулерінде аталады. 8 Қазіргі эколингвистика дамуының бірнеше бағыттарын көрсетуге болады. 1. Қазіргі кезде әлемдік және отандық тіл білімінің зерттеулері антропоөзектік талдауға бағыттауды қажет етеді. 2. Эколингвистикалық зерттеу - «әлемді тану», «әлемнің тілдік көрінісін» тану деп те аталады. Әлемді тілдің тұтас даму сипаты арқылы тануды негіздейді. 3. Тілді зерттеу тек гуманитаралық ғылым саласында емес, пәнаралық (немесе ғылымаралық) зерттеулермен де атқарылуы керек. Сондай бағыттардың бірі - эколингвистикалық бағыт.
4. Қоршаған орта әсері, әлеуметтік, қоғамдық, табиғи өзгерістер тілді өзгертеді. Бұны бұған дейін тарихи диахрония шеңберінде зерттеліп келгендігін де айтуға болады. Бірақ диахрониялық зерттеу тек жеке сөздерді қарастырды. Тілді тұтастай кешенді түрде алған жоқ. Жеке сөздің шығу тегі, синкреттілік түбірлер, сөз ауысу, өзге тілдің әсерінен сөз дыбыстарының өзгеруі т. б. мәселелер жеке сыртқы пішіні тұрғысынан ғана назарға алынды.
« Диахроника. Тілдің жеке деректерін аламыз да, мысалы осы күнгі адамшылық, деген сөз бұрын адамшалық болған, келе -келе - ша өзгеріп, - щы тұлғасына айналған; орыстың день деген сөзі бұрын дин болған, сон деген сөзі бұрын сын деген сөз болған десек, яғни заманды қуалай тексерсек, диохраническое языкознание болады. Бірақ жеке сөздердің тарихын тексеру дегеніміз барлық сөздердің тарихын тексеру деген сөз емес. (Диа =меж, аралық; хроник = заман) .
Ф. де Соссюрдің айтуынша, фонетика, марфология, синтаксис дегендерді жинап тастап, синтагма реті, ассоциация реті деген ретті (қатарды) алуымыз керек; өйткені буынды айтқанда болсын, сөзді, сөйлемді, сөйлеуді айтқанда болсын оларды бірінен сон бірін тізіп айтамыз. Бұл - синтагма (құрау), дәлірек айтқанда синтагма қатары. Бұларды айтқанда әуелі біреуі (сөздің дыбыстары: с, ө, з ), кейін өз тәртібімен қалғандары айтылады. Демек бұдан синтагмалық қатардың уақытқа байланыстылығы көрінеді. Мұның үстіне бұл тізбектегі объектілердің орындарын ауыстыруға да болмайды. Бұл айтылғандар - морфемдерден бастап, сөйлеуге дейінгі элементтердің тізбегі синтагма қатар болып табылады.
Ал ассоциация қатарына келсек, оның түзілісі мынадай.
Ағаш
Есік
Адам
Боры
қа
ке
ға
на
Ағаш
Ағаш
Баласы
Бала
тың
ым
ның
м
9
Міне, осы кестеден әрі түрлі сөздің аяғына қосылған қосымшаның бірлігін, бір түрде екендігін көреміз, әрі түрлі қосымша таңдауда «ағаш» сөздерінің бірыңғайлылығын сеземіз. Осы сезуіміз қайталай - қайталай келгенде, ақырында бұлардың арасында белгілі - бір ассоциация пайда болады. Осылайша талдай келіп, Ф. де Соссюр синтаксисті синтагма деп атайды, бірақ оның синтагмасы синтаксис емес болып шығады. Менің өз түсінуімше, бұл қисын бойынша осы күнгі морфология дегенімізге ассоциация қатар болып шығады» [4, 37] . Ф. де Сосюр зерттеулерінде тілдің мағыналық бөлігі мен құрылымдық бөлігі қатар алынды. Бірақ тұтастық тілдің бүкіл болмысы қалпынан зерттелмеді.
Тіл - тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол өзінің кумулятивтік (сақтап - жеткізушілік) қасиетінің арқасында адам қолымен жасалған материалдық және рухани мәдениетті болашақ ұрпаққа жеткізуші құрал. Тілдің осындай қызметінің арқасында ғана халықтың өмір сүру дағдысының, халықтық тәжірибелік білімнің, дәстүр жалғастығының сабақтастығы сақталып, олар жаңғыртылып, жетілдіріліп отырады. Осымен байланысты қазақ халқының тұрмыс- тіршілігін, материалдық және рухани мәдениеті мен дүниетанымын тіл арқылы зерттеп сипаттау - қазіргі тіл білімінің этнолингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоелтану, когнитивтік лингвистика сияқты бағыттарының негізі болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, ата-бабаларымыздың материалдық және рухани мәдениетінің айқын көрінісі, ретінде ұлттық тілдің практикалық та, эстетикалық та қызметті қатар атқарғандығы. Ғылымда ономастика - тарих, география және тіл ғылымдарының тоғысқан жерінен пайда болса, ал эколингвистика термині ұғымын алғаш рет 1970 жылы американдық тілші Эйнар Хауген әлеуметтік лингвистика және психологиялық лингвистика ғылымдарының өзара әсерінен, яғни экологиялық [қоршаған орта (кеңістік) ], әлеуметтік, психологиялық және тіл ғылымдарының негізінде пайда болғанын сөз етеді. Эйнар Хаугеннің [10] зерттеуі бойынша эколингвистика адам мен оның тіршілік ортасы туралы жаңа ғылыми бағыт болып қалыптасты. Бұл ғылым саласы қоршаған ортаның заңдары мен қағидалары, ережелері мен қалыптарына сәйкес адамның тілі мен таным қалыптасатынын белгіледі. 20-ғасырдың соңына қарай басталған эколингвистика шетелдік және отандық тіл білімінде ономастика ғылымы аясында тілдік тұрғыдан қоршаған ортамен байланысына басты назар аударылып келген тіл саласы жаңа бағыттар мен міндет, мақсаттарды анықтады. Ал соңғы кезде орыс тіл білімінде эколингвистика мәселесі туралы Е. В. Иванова[11], И. П. Кулясов[12], А. А. Кулясова т. б. ғалымдардың ғылыми зерттеулері пайда болды.
Тілдік орта лингвоэкологиялық зерттеудің түпқазығы болып саналатын қоғам мүшелерінің тілдік санасының қалыптасуына ықпал ететін, тілдік жүйенің жай-күйі мен сол тілді қолданудың қоғамдық-тілдік тәжірибесі, тілдің қоғамдағы болмысына, оның дамуы мен қызмет етуіне әсер ететін экономикалық, идеологиялық, мәдени, әлеуметтік-психологиялық, 10
этнопсихологиялық факторлардың жиынтығы.
Кез келген тілдің екі түрлі қызмет атқаратындығын дәлелдейді.
1. Тіл - қарым-қатынас құралы. Ендеше материалдық құндылықтарды да белгілейді.
2. Тіл - рухани құндылықтарды сақтаушы. Бұл екі қасиеті біртұтас жүйеде болғанда ғана тіл қоғамда толығымен қызмет атқара алады. Егер бір қызметі тоқталса, тілдің екінші қызметі тек әлсіреп қоймайды, тектік қалпын жоғалтады.
Тіл - адамның тіршілік ортасы, белгілі бір қоғамдастықтың, ұлттық ұжымның рухани тіршілік ортасы. Адамдардың да рухани дамуы ана тілі деп аталатын тілдік ортаның сау-саламаттылығына тікелей тәуелді. 1. Тіл - қоғамды біріктіруші.
2. Тіл -қоғамды ортақ мақсат, танымдарға жинақтаушы.
... жалғасы3. Тіл - белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік топтарды құрастырушы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz