Когнитивтік лингвистика



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті

Реферат

Тақырыбы: Танымдық(когнитивтік) психология

Орындаған: Ербосынова Аида
ДПП-001С

Семей 2020

Жоспар:

1. Когнитивтік психология
2. Когнитивтік антропология
3. Когнитивтік социология
4. Қазіргі заманғы стилистика
5. Зерттеу нәтижелері

Когнитивтік психология. Когнитивтік социология. Когнитивтік антропология. Когнитивтік лингвистика. Бұл ғылымдардың қазіргі қоғамда алатын орны, оны зерттеудің қажеттігі, оның өзектілігі. Когнитивтік психологияның нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды. Когнитивтлк психология деген терминді 1967 жылы У.Найсер ұсынды. Психологияның танымдық бағыты субъектілердің қабылдау, ойлау, тану, пайымдау, түсіну әрекеттерін жан-жақты талдау негізінде адамның iшкі, көзге көрінбейтін әpi нақты механизмдер мен процестер арқылы емес, сана, жады қызметтерінің көмегімен бақыланатын мәселелерді шешуге бағытталды (Оразалиева Э.Ж., 153). Ғалым-лингвист Дж. Кесс психолингвистика дамуында төрт негізгі кезеңді атап көрсетеді: қалыптасу кезеңі; лингвистикалық кезең когнитивтік кезең; когнитивтік ғылымның ағымдық кезеңі. Алғашқы кезең үшін структурализм мен бихевиоризм идеяларының әcepi тән болса, eкіншici лингвистика мен психолингвистикадағы трансформациялық туындатушы (порождающей) грамматиканың басым болуымен байланысты. Когнитивтік кезең Н. Хомский жариялаған грамматиканың негізгі қызметінен бас тартып, оның (грамматиканың) семантикамен, ал тілдің - тілді меңгеру мен пайдалану үдерісіне қатысатын басқа да когнитивтік және жүріс-тұрыстық (поведенческие) жүйелерімен байланысын мойындаумен сипатталады. Психо-лингвистика дамуының ағымдық кезеңі когнитивтік әдістің психолингвистикалық білімдер (знания), ділдік (ментальные) репрезентациялар табиғатын орнатумен байланысты зерттеуге әкеп соғады. Сонымен қатар, психолингвистика дамуының бұл кезеңі аталмыш білімдер мен репрезентациялардың талқылау және шешім қабылдау сияқты ойлау қызметінде пайдалануын анықтайды. Дж. Кесс атап көрсеткен соңғы екі кезеңнің ажыратылуын түсіну үшін когнитив элементімен сәйкес келетін бірнеше терминдердің ара-жігін ашып алған жөн, себебi бұл мәселе өте күрделі болып танылуда. Алдымен, сананы ғылыми зерттеу пәні ретінде зерттеу мүмкіндігін жоққа шығарып, психиканы жүріс-тұрыстың түрлі формаларына жатқызып жүрген бихевиоризмге ментализм (АДАМНЫҢ ойлау санасына көңіл бөлу) және когнитизм қарсы болғанын ескеру керек. Когнитивизм бойынша алғашқы кезде сынға катты алынған ойлау, шешім, қабылдау сияқты қасиеттер ділдік үдерістерге жатқызылады. Танымдық, яғни когнитивтік үдерістер табиғатын зерттейтін когнитивті психология алғашқы кезден бастап-ақ жасанды интеллект саласындағы зерттеулер тарапынан қатты әсер алды. Алайда осыған негізделген теориялар адамның танымдық үдерістері аталмыш үдерістердің механизмдерін түсіндіріп жеткізуге жеткіліксіз болды да, мұның өзi философтар, психологтар, лиигвистер, нейрофизиологтер, жасанды интеллект саласындағы мамандарды біріктірген когнитивті ғылым ретінде жүзеге асатын пәнаралык (междисциплинарные) әдістің кажет екенін мойындатуға әкелді. Бүгінгі күні көптеген ғылым салалары когнитивтік лингвистиканың ықпалымен дамып, оның ұтымды нәтижелерін қолдануға тырысады деп Д.Сулейменованың атап өткеніндей, кейінгі жылдары қазақ тіл білімінде когнитивтік психология, когнитивтік антропология, когнитивтік СОЦИОЛОГИЯ СИЯҚТЫ ғылым салалары пайда болды. Соңғы онжылдық ішіндегі деп психолингвистикалық (ПЛ) еңбектерді талдай келе, ПЛ, когнитивтік психология, когнитивтік лингвистика, жасанды интеллект, сонымен қатар, прагматика саласындағы зерттеулердің ортақ мәселені қарастыратынын байқауға болады. Когнитивтік ПСИХОЛОГИЯ (тіл біліміндегі психологизм туралы) дегенміз - адамдардың дүниее, әлем, қоршаған орта жайлы ақпаратты қалай алатыны мен адам ОСЫ ақпаратты қалай ұғынады, ақпараттың есте сақталып білімге айналуы мен осы білімдердің біздің зейініміз бен жүріс-тұрысымызға тигізетін әсерін зерттейтін психологияның бip саласы, Басқаша айтқанда, адамның шындық жайлы алған ақпаратты түсіне біліп, оны шешім қабылдау, күрделі мәселелерді шешуде колдана бiлуге тырысуы когнитивтік әдіс арқылы іске асады. Когнитивтік психологияның нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды. Тілге грамматикалық теорияларда берілген когнитивтік сипаттамалар психолингвистикалық зерттеулерде төрден алған орындарынан айрылып, олардың атқаратын рөлі тек басқадай когнитивтік және жүріс-тұрыстық (поведенческие) модульдермен қатар сөйлеу үшін қолдану және меңгеру үдерістерінде ғана ескеріліп жүр.
Когнтивтік психология мен когнтивтік лингвистиканың қарастыратын ортақ мәселелері: жады (есте сақтау), ішкі сөздік қор, сөйлеу әрекетін туғызу мен қабылдау.

Когнитивтік социология. Когнитивтік социология социолингвистика мен когнитивтік лингвистика ғылымдарының қалыптасып дамуына ықпал жасады. Бүгінгі таңда әлеуметтік лингвистика тілдің әлеуметтік табиғаты мен қоғамдық қызметін, әлеуметтік фактордың тілге әсер ету тетігін қоғам өміріндегі тілдің атқаратын қызметін зерттейтін ғылым. Социолингвистика тілдің негізгі қызметі коммуникативтік, яғни тілді адамзаттың қарым-қатынас құралы деп есептейді. Тілдің әлеуметтік негізі, әлеуметтану, тіл білімі, социология (әлеуметтану), әлеуметпк психология және этнография ғылымдарымен қиылысқан жерінде қалыптасқан социолингвистика бойынша қазіргі қазақ тіл білімінде зерттеулер аз.
Когнитивтік антропология.
Антропология - адамның биологиялық табиғатын зерттейтін ғылым. Ғасырлар тоғысында адам ғылыми зерттеулердің ЕҢ ӨЗЕКТІ мәселесіне айналды. Қазipri, тіл білімінде негізгі принциптердің бірі антропоцентризм болып табылады, яғни антропоцентризм принципі ғылыми ізденістерге жетекші бола бастады. Жаңа заман лингвистикасында НЕГІЗГІ НАЗАР ТЕК ТІЛГЕ ЕМЕС, оны жаратушы, қолданушы және дамытушы адамға аударылады. Антропоцентризм терминінің адам білімінің әртүрлі саласыида БЕЛСЕНДІ Қолданылуы көптеген проблеманы туындатты. Негізінен, антропоцентризм термині онтологиялық және гносеологиялық тұрғыдан түсіндіріледі. Антропоцентризм - когнитивтік лингвистиканың негізгі тiperi. 2 Бұл ғылымдардың қазіргі қогамда алатын орны, оны зерттеудің қажеттгі, оның өзектілігі Қaзipгi таңда тіл арқылы сыртқа шығып жүрген (языковое овнешнение -Е.Ф. Тарасов ұсьшған термин) шындық бейнелер жүйесі болып табылатын қалыптасу үдepicтepi мен тілдік сананың жұмыс жасауына ерекше назар аударылып жүр. Тіл дүние, әлемнің жеке бейнесіне үнемі үңілу арқылы жұмыс жасап отырады, ЯҒНИ Бi3 санамызда қалыптасып қалған дүние, әлем бейнесіне сүйеніп отырмасақ, ешнәрсе түсіне, ештеңе жайлы хабарлай алмаймыз. Ал әлем бейнесі когнитивтік үдерістер арқылы қалыптасады да, осы үдерістер сана бейнелерін құрайды (Оразалиева Э.Д.).
Когнитивтік лингвистикадағы тіл, ойлау, түсінік, қабылдаумен қатар келетін құрылымындағы әмбебап білімнің, адам санасының органикалық және бөлінбейтін бөлігі ретінде қарастырылады. Көп ғылыми пәндер қазіргі кезде когнитивтік лингвистиканың әсерінде болып, оның аса маңызды нәтижелерін қолдануға тырысады. Әмбебап білім ретіндегі тілдің мәні туралы мәселе, тілдер сәйкестіктері мәселесі жайлы жаңа көзқарастар туындап, тілдік білімді, сонымен қатар, тілдерді салыстыру үшін когнитавтік-инварианттық мағынаны интерпретациялауға жол ашылып отыр. Когнитивтік лингвистика терминдерінде тілдік білімдерге берілген анықтама және оны әлемнің тілдік бейнесін (языковая картина мира) қалыптастыратын білімдердің жалпы қорына енгізу қостілділікке байланысты әлемнің тілдік бейнесі ұғымын нақтылауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде лингвистикада мәтін семантикасы мен фондық білім (фоновые мании) арасындағы байланыстарға аса зор назар аударылыл жатыр. Бұл бағыттың өзі тіл мен ойлау ара қатынасы сияқты маңызды мәселені қарастырады. Фондық білім сөйлеуші мен тыңдаушыға ортақ болып табылатын ақпараттық қор, яғни олардың әлем жайлы білімінің ортақ қоры ретінде қарастырылады. Сонымен, фондық білім дегеніміз - тілдің ойлау әрекетіндегі (речемыслительная деятель-ность) тәжлрибенің вербалданбаған көрнісінің (фрагменттің) коммуникативтік бірліктердің (мәтіндердің) кейбіреулерімен байланысы. Фондық білімдердің сөйлеуші мен тыңдаушы санасындағы бірдей, ұқсас болып келуі оларды жалпы білімдерден ажыратады. Осыған орай, фондық білімдер әлеуметтік және жеке (индивидуальный) болып екі типке бөлінедi. Әлеуметтік фондық білім сөйлеу әрекетіне қатысқандардың барлығына: (мысалы, радио тындаушылар мен оыррмандарға) сөйлеу әрекеті басталмай тұрып бұрын белгілі болады; жеке фондық білім диалогке қатысатын екі адамға ғана белгілі болады. Мысалы: А: - Қал қалай? Б: - Ол ертең келетін болды. Заттың немесе оның бейнесінің динамикалық белгілерін анықтау үшін градуалды эталон ұғымы қолданылады. ХХІ ғасырдың тіл білімі мәтінді зерделеусіз қалдыруы мүмкін емес. Тіл - филология ғылымының негізгі нысаны болған және жаңа мыңжылдықта да бола бермек. С.С.Аверинцевтің пікірінше, филология барлық адамзат әлеміндегі мәтін төңірегінде ұйымдастырылған және мәтін арқылы көрінетін әлемді қамтиды . Мәтін жеке тұлға ретінде өзін таныта алатын қарым-қатынастың негізгі нысаны болып табылады. Т.М.Дридзенің тұжырымдамасы бойынша, қарым-қатынастың өзі әлі де болса көптеген зерделеулерді қажет ететін мәтіндік қызмет ретінде танылады. Мәтінге және қарым-қатынасқа деген қызығушылық қазіргі заманғы тілдік мәдениеттің жаңа сұхбаттық сипатын (А.К.Михальская, Ю.В.Рождественский және т.б.) қоса алғанда әлемді танудағы бұрынғы монологиялық жүйені бұзумен және диалогизмге (М.М.Бахтин және т.б.) бет бұрумен байланысты. Өмір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Когнитивті лингвистика мен қазақ тіл білімінің байланысы
АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМА БАҒЫТТАРЫ
Когнитивтік лингвистика тілдің танымдық табиғи болмысын зерттейтін ғылым
ОТБАСЫ КОНЦЕПТІСІ ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУ МЕН КОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКАНЫҢ БІРЛІГІ РЕТІНДЕ
Когнитивті лингвистика пәні, оның зерттеу объектісі. Когнитивтік лингвистиканың калыптасу тарихы
Когнитивті лингвистика-жеке ғылым саласы туралы ақпарат
Әлем бейнесі және әлемнің тілдік бейнесі ұғымдары
Тілдің танымдық қасиеті
Когнитивті лингвистика ғылымының теориялық мәселелері
Қадыр Мырзалиевтің тілдік тұлғасы
Пәндер