Мемлекеттік метрологиялық бақылау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті

Физика және техникалық пәндер кафедрасы

« Қорғауға жіберілді »

Физика және техникалық

пәндер кафедрасының

меңгерушісі ф. м. ғ. к.,

қауымдастырылған профессоры Джумамуханбетов Ж. Г.

«__» 2018 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Мұнай өнеркәсібіндегі метрологиялық қамтамасыздандыру»

5В073200 - «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша

Орындаған: Ф-414 топ студенті Бржанова К. Б.

Ғылыми жетекшісі: ф. м. ғ. д. профессоры Имашев Ғ. И.

Атырау, 2018

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1 тарау. Зерттеудің өндірістік теориялық мәні және түрлері . . . 7

1. 1 Метрология туралы жалпы ұғым . . . 7

1. 2 Метрологияның даму тарихы . . . 8

1. 3 Өлшем құралдарын метрологиялық бақылау . . . 12

1. 4 Техникалық шарттар . . . 16

1. 5 Метрологиялық қамтамасыз етудің негіздері . . . 19

1. 6 Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлының 2018 жылғы халыққа жолдауы . . . 21

2 тарау. Метрологиялық бағытында жасалған тәжірибелік жұмыстар . . . 23

2. 1 «ҚазМұнайГаз» ведомстволық метрологиялық қызметі . . . 23

2. 2 «ҚазМұнайГаз» компаниясы туралы жалпы мәліметтер . . . 26

2. 3 Сұйық пен газдың энергоресурстар есебін метрологиялық қамтамасыз етудегі көлемдік және массалық шығындарының бірліктерінің мемлекеттік эталондары . . . 28

2. 4 «ҚазМұнайГаз» компаниясының еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау мәселелері . . . 35

2. 5 «ҚазМұнайГаз» ААҚ-ның сапа, қоршаған ортаны қорғау қызметінің негізгі мақсаттары мен принциптері . . . 36

3 тарау. Өндірістік тәжірибенің маңыздылығы . . . 39

3. 1 Мекемеде тәжірибе өту . . . 39

3. 2 Студенттің өндірістік тәжірибе кезіндегі міндеттері . . . 39

3. 3 «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС кәсіпорыны туралы жалпы мәліметтер . . . 39

3. 4 «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ның тарихы . . . 40

3. 5 Жеке тапсырма . . . 43

Қорытынды . . . 51

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 52

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда метрология бағыты өз алдына ғылыми дамыған, өз заңдылықтары бекітілген, қолданыс тапқан физиканың үлкен саласына айналып, математикалық әдістері бай, құрал жабдықтарды яғни жаңа технологияларды дамытуды басқарушы ғылым болып табылады және біздің қоршаған ортамен әсерлесуімізді сандық жағынан есептеп отыруға немесе мөлшерлеп отыруға мүмкіндік беретін өлшеу құралдарымен қамтамасыз етеді.

Бұндай мәселелерді шешу үшін Қазақстан Республикасының сәйкесінше заң актілері - «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңы, «Табиғи ресурстарды пайдалану жөніндегі қызметті лицензиялау туралы» заңы, «Мұнай туралы» заңы қабылданып, түрлі аймақтардың есептеуі мен шығынын өлшеу түрлерін метрологиялық қамтамасыз етудің ұзақ мерзімді бағдарламалары дайындалған болатын. Дайындалған бағдарламалармен түрлі қалалар мен облыстарда көптеген аймақтық метрологиялық қызметтер құрылып жұмыс жасауда.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі:

Ғылыми тұрғыда өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету дегеніміз, ол, стандарттардың талаптарына сәйкес өлшемнің бірлігі мен талап етілетін дәлдігіне жету үшін қажетті ғылыми және техникалық құралдар кешені болып табылады. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету өз міндеттерін стандарттаумен тығыз байланысты болған сайын тиімді шешіледі. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету бойынша мақсатта «Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі» стандарттары әзірленіп, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заң қабылданды. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету өнімді бақылау мен сынау әдістері сияқты стандарттау объектілерімен өте тығыз байланысты. Сол объектілер үшін бақылануға тиіс бірқатар метрологиялық параметр белгілеген орынды, яғни сондағы өлшенетін параметрлердің номенклатурасы мен оңтайлы өлшеу дәлдігінің нормаларын белгілеу, талап етілетін дәл өлшеуді орындау әдістемесін әзірлеу қажет болады. Оларды стандарттау өлшеуді орындаудың көптеген үлгілік әдістемелерін реттеудің тиімді жолы болып табылады.

Өлшеу процесін қажетті өлшеу жабдықсыз, яғни өлшеу құралынсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан өлшеу құралдың түрін сауатты таңдауды, олардың жай-күйін бақылауды, оларды уақытында және дұрыс тексеруді қамтамасыз ету қажет. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі ережелерін тәртіптейтін мемлекеттік стандарттау жүйесімен реттеледі. Жалпы ұғымдар ҚР СТ 2. 0-2001, ҚР СТ 2. 2-2001 болып есептеледі. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету-бұл өлшеудің бірлігі мен талап етілетін нақты дәлдігіне жету үшін керек ғылыми және ұйымдастыру негіздерін, техникалық құралдар мен нормаларды белгілеу және қолдану болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты:

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету өнімді бақылаудан басқа конструкторлық, әрі технологиялық құжаттаманы қабылдауды жүзеге асырады. Сараптама мен метрологиялық талдау, ол, өлшенуге тиіс параметрлерді таңдау, дәлдік нормаларын белгілеу жайлы техникалық шешімдерді талдау мен бағалау және де бұйымдарды әзірлеп жасау, сынау, пайдалану мен жөндеу процестерін өлшеу әдістерімен және де құралдарымен қамтамасыз ету болып есептеледі. Метрологиялық сараптама бұйымдарды әзірлеу, жасау, пайдалану және жөндеу процесінде бұйымдарды бақылау кезінде тиімділікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны:

- Өлшенетін параметрлердің оңтайлы номенклатурасын анықтау.

- Бұйымның конструкцияларының бақылауға жарамдылығын бағалау. Өлшеудің дәлдік көрсеткіштерін бақылап және өзара алмастырымдылықтың тиімділігі мен дұрыстығының талаптарындағы сәйкестігін анықтау.

- Өлшеудің дәлдік көрсеткіштерінің технологиялық процестердің оңтайлы режимдерін қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігін анықтап тексеру.

- Өлшеудің дәлдігін сақтай отырып өлшеу операцияларын арзандату мен еңбек сыйымдылығын азайтудың автоматтандыру әдістерін қолданудың мүмкіндігін анықтау.

- Өлшеу кезінде компьютерді пайдалану мүмкіндігін анықтап, тексеру. Сараптама нәтижелері мемстандарт 3. 114-81 бойынша рәсімделеді.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні:

Мұнай-газ өндіру басқармасы механикалық қызметтерінің өндірістік қызметін басқарып, өндірістік қызмет көрсету цехтарының жұмысын қамтамасыз ету.

Өндірістік цехтардың қызмет көрсететін персоналының мұнай кәсіпшілігі жабдығын дұрыс, әрі апатсыз пайдалануын сақтауы бойынша, біздің мұнай өнеркәсіпшілігі жабдығын уақытылы және сапалы жөндеу, пайдаланылатын мұнай кәсіпшілігі жабдықтарының сенімділігін арттыру бойынша ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Өндірістік бөлімшелердің мұнай кәсіпшілігі жабдығын, қосалқы бөлшектерді жеткізуге арналған жыл сайынғы өтінімдерін жинауды, талдауды және де сонымен қатар жасауды, жетекшілік ететін бағыттар бойынша жылдық өндірістік бағдарламаның жасалуын, мұнай кәсіпшілігі жабдығын дұрыс пайдалану жоспарларды алдын алу жайында кестесіне сәйкес уақытында жөндеу жүргізуді қамтамасыз ету болып табылады.

Мұнай кәсіпшілігі жалпы жабдығының авариялық істен шығуын, жазатайым жағдайларды тергеу жөніндегі комиссиялардың жұмысына, тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдауға және негізгі құралдарды есептеп шығаруын айтуға болады.

Дипломдық жұмыстың болжамы:

Мұнай өндіру объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады және мұнай кәсіпшілігі үшін тауарлық-материалдық құндылықтарын, жабдықтарын, аспаптар қажеттілігін қалыптастырудың немесе негіздеуді қамтамасыз етеді.

Қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың талаптарын сақтай отырып, өндірістік резервтер мен ресурстардың барлық түрлерінің үнемді жұмсалуы бойынша мәселелерді шешу.

Басқарудың, өндіріс тиімділігін арттырудың және әрбір қызметкердің соған тапсырылған іс немесе барлық ұжым жұмысының қорытындылары үшін жауап беруін дұрыс біріктіруді қамтамасыз ету.

Дипломдық жұмыстың мақсаты:

- Қазақстан Республикасы құқықтық-нормативтік актілеріндегі және басқа да заңдармен бекітілген өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарының тұрақты орындалуын қамсыздандыру немесе қамтамасыз ету;

- Өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайының бұзылуына әкелетін себептерді анықтау, тексеру;

- Зауыттағы қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына сараптау жүргізу;

- Өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайының бұзылуы мен үшінші тұлғалардың жасаған залалын жою және де қоршаған ортаны ластаудың алдын алу шараларын жасау;

- Зауыттағы қауіпті өндірістік нысандардағы технологиялық тұрғыда тоқтап қалуды, апаттық жағдайдың алдын алуын, хабарлауын және жұмысын үйлестіру сонымен қатар болған апатты жағдайлардың залалын жою;

- Қауіпті өндірістік нысандардағы қолданылатын энергетикалық және техникалық құрылғылардың сынағын өткізу және бақылау немесе өлшем құрылғыларының жөнделу мен уақытында тексерілуін қамтамасыз ету;

- Технологиялық тәртіптердің тұрақты бақылауын орнату;

- Өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына тұрақты бақылау орнату және өндірістік қауіпті факторларды анықтау;

- Зауыт еңбеккерлерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесі бойынша дайындығын ұйымдастыру, тексеру, аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру;

- Өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына ықпал ететін бұзылулардың себебі мен салдарын табу;

- Зауыттың өндірістік қауіпті нысандарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайының анализі;

- Өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайын жақсартуға және үшінші тұлғаларға, қоршаған ортаға келтірілетін зияндарды болдырмауға бағытталған шараларды әзірлеу;

- Зауыттың өндірістік қауіпті нысандарында қақтығыстар, технологиялық іркілістерді алдын ала ескертуге және оларды оқшаулау мен жоюға бағытталған жұмыстардың координациясы;

- Зауыттың өндірістік қауіпті нысандарында қолданылатын тәжірибелер өткізуге, техникалық қондырғылар, энергетикалық жабдықтар, жөндеу және өлшеу-бақылау заттарына уақытылы бақылау;

- Технологиялық тәртіпті сақтауды үнемі бақылауда ұстау;

- Өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына тексерулер өткізу және өндірістік зиянды факторларды анықтау;

- Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында зауыт жұмысшыларын аттестациялау және оны ұйымдастыру және бақылау.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы:

Өндірістік тәжірибемізден өткен уақытымызда, метрология қызметінің және пирометрия қызметтер түрлері туралы материалдар жинай отырып, диплом алды тәжірибемізді жазып, қорғаған болатынбыз.

Тәжірибелік маңыздылығы-жалпы кәсіпорын туралы, сондағы метрология саласындағы салыстырып тексеру туралы теориялық және әдістемелік негізі туралы жалпылама мағлұмат беру, оны ұғыну, оларға талдау жүргізу.

Сонымен қатар осы тәжірибемізден кәсіби ілімдерді тереңдету және метрология қызметінің болашақта мамандардың қажетті іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру және біздің білім сапасын көтеру мақсатында дайындық жасадық деп білеміз.

Дипломдық жұмыстың құрылымы:

Дипломдық жұмысымыздың құрылымы кіріспеден, үш тараудан құралған, олар: 1 тарау-Зерттеудің өндірістік теориялық мәні және түрлері, 2 тарау-Метрологиялық бағытында жасалған тәжірибелік жұмыстар, 3 тарау-Өндірістік тәжірибенің маңыздылығы, қорытындыдан жәнеде пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-тарау. Зерттеудің өндірістік теориялық мәні және түрлері

  1. Метрология туралы жалпы ұғым

Метрология туралы негізгі ұғым дегеніміз ол өлшеу. МЕМСТ 16263-70 бойынша, өлшеу - арнайы техникалық құралдар көмегімен физикалық шаманың мәнін табу болып есептеледі.

Метрология - өлшемдер мен өлшеулер туралы, олардың бірлігін қамтамасыз ету әдістері мен құралдары және талап етілген дәлдікке жету әдістері туралы ғылым. Метрология ғылымы теориялық, заңнамалық және қолданбалы метрология болып үш бөлімге бөлінеді.

Теориялық метрология - метрологияның іргелі негіздерін жасақтау немесе құру, ол өлшем бірліктерінің жүйесі, сондағы физикалық тұрақтыларды жасау, өлшеулердің жаңа түрлерін әзірлеумен айналысатын метрологияның бөлігі. Кей кездері басқаша «іргелі метрология» термині қолданылады. Теориялық метрология қоғамға қажет өлшеулердің қажет дәлдігін және бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған өлшеудің физикалық өлшем бірліктерін, эталондарын, әдістерін, құралдарын пайдалану бойынша міндетті техникалық және заңды талаптарын орнатады.

Заңнамалық метрология - мемлекетте қолданылатын өлшем бірліктері, өлшеу әдістері, құралдары мен зертханаларға қатысты мемлекеттік талаптарды белгілейтін метрологияның бөлігі. Заңнамалық метрология мемлекеттік метрологиялық қызмет, мемлекеттік басқару органдарының және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері, енгізілген заңдар мен заңнамалық ережелер арқылы метрологиялық қызметті мемлекеттік реттеу құралы қызметін атқарады. Заңнамалық метрологияға құралдардың түрлерін сынау мен бекіту, оларды тексеру мен калибрлеу, өлшеу құралдарын сертификаттау, өлшеу құралдарын мемлекеттік бақылау мен қадағалау жатады. Метрологиялық ережелер мен заңнамалық метрологияның нормалары халықаралық ұйымдардың құжаттары мен ұстанымдарына сәйкестендірілген. Бұл экономикалық және сауда байланыстарының дамуына жағдай туғызады және халықаралық метрологиялық бірлескен қызметіндегі өзара түсіністікке әсер етеді.

Қолданбалы (тәжірибелік) метрология - теориялық метрология жасақтары мен заңнамалық метрологияның ережелерін қызметтің әр түрлі салаларында тәжірибе жүзінде қолданумен айналысады.

Метрологиялық қызмет пенен оның әрекеттері - өлшеулер бірлігі, алғашқы эталондармен қайталанатын өлшемдерді бекітілген бірліктер өлшемдеріне тең заңдалған бірліктермен, ал өлшеу нәтижелерінің қателіктері белгілі, берілген ықтималдылық орнатылған шектерден аспайтын нәтижелермен сипатталатын өлшеулер жағдайлары.

Өлшеулер бірлігін қамтамасыз ету - заңнамалық актілерге, мемлекеттік стандарттармен және басқа нормативтік актілермен орнатылған ережелер мен нормаларға сай өлшеулер бірлігін сақтауға, оған қол жеткізуге бағытталған метрологиялық қызметтердің әрекеттері.

Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық - ел заңнамасына сай өлшеулердің бекітілген түріндегі өлшеулер бірлігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік эталондарды жасауға, сақтауға және қолдануға, нормативтік құжаттарды жасақтауға жауапкершілікті таситын метрологиялық ғылыми - зерттеушілік орталық. Кез келген физикалық өлшемді өлшеу деп эталон деп қабылданған өлшемнен бұл өлшем қанша есе үлкен екенін анықтайтын операцияны айтамыз. Мысалы, ұзындық эталоны метр деп қабылданған, жарыстарда өлшеулер жүргізгенде спортсмен қанша шақырым жүрді, қанша шақырымға секірді, тағы сол сияқты соны білуге тырысады. Дәл осылай қозғалыс уақытын, қуатты тағы да басқаларын білуге болады. Мұнда алынатын ақпарат тәрбиешілердің, ғылыми-әкімшілік жұмысшыларды алдағы әрекетіне негіз болады. Бір көрсеткіштерді бағалап жатқан жаттықтырушылар мен мамандар мұны бірдей істеуі керек.

  1. Метрологияның даму тарихы

Өлшеу өте ерте замандағы адам қызметтерінің бірі болып есептелінеді. Олардың пайда болулары адамзаттың материалдық мәдениеттеріне көзделіп негізделген. Көне заманның адамдары біртекті объектілерді есептеулерімен шектелген, яғни жауынгерлер саны, мал басы, арақашықтық қадамдармен, садақпен атумен, жолдағы күндермен өлшенді. Яғни уақыт тәулікпен, ай фазаларымен немесе жыл мезгілдерімен өлшенсе, ал заттардың саны данамен, дэжинамен, қорап және баулармен өлшенген. Ондай есептеулер физикалық шамалар мен өлшеу бірліктерін енгізуді қажет етпеген. Сол кездерде арнайы есептеулер жүргізетін техникалық құралдарды жасауды немесе қолдануды қажет санамаған. Бірақ заманның, айналадағы қоғамның дамуына байланысты әр түрлі шамаларды, қашықтықты, салмақты, өлшемді, көлемді және тағыда басқа есептеулерді керек ете бастады.

Тауар мен өндіріс алмасу пайда болғаннан бастап өлшем бірліктеріне деген қажеттілік туған. Сол уақытта ондай бірліктер ретінде астықтың дәндері (гран), бұршақтардікі (карат), қолдың саусағының ұзындығы (дюйм) және аяқ өкшесі (фут) деп қолданған екен. Уақыт өте келе өлшем бірліктері дәл және әртүрлі бола бастаған болатын, олардың арасында арақатынас орнатылды, жаймен әр мемлекеттер мен халықтардың өздерінің ұлттық өлшем бірліктері қалыптаса бастады. Бұл өлшем бірліктерін есепке алуға тырысқан, сол үшін табиғи мен антропологиялық бірліктер таңдалған. Өлшеудің белгілі бір дамуына ол метрологияның пайда болуына негіз болды. Ғылым мен техникалардың дамуы әр түрлі мемлекетте қолданылатын шамаларды мөлшерге әкелді. Сонымен Ресейде қашықтық - верстпен өлшенсе, ал Англияда - милямен белгілеген. Осылардың барлығы мемлекеттер арасындағы байланыстарды, ғылым жағынанда қатынасты қиындатты.

Ерте кезде орыс тәжірибесінде өлшеулердің негізгі жүйесі ретінде көне египеттіктердің өлшем бірліктері қолданылған, ал көне египеттіктер өз кезеңінде Көне Греция мен Рим тәжірибесінен алынған болатын. Өлшеулердің әрбір жүйесі, дәуіріне байланысты, өзінің ерекшеліктерімен, ұлттық менталитеттерімен ерекшеленген.

1832 жылдары Карл Гаусс физикалық шаманың бірлік жүйесін шамалардың жиынтығы негізінде құру тәсілін ұсынған. Ол абсалютті деп аталатын бірлік жүйесін құрған болатын, оның негізі болып үш бір-біріне тәуелсіз бірліктері алынды, олар массаны - миллиграмм, ұзындықты - ұзындықты миллиметр және де уақытты - секундпен атаған.

Он жеті мемлекет 1875 жылы дипломатиялық конференцияда Метрикалық конвенцияға қол қойды. Қазіргі кезде оның мүшелігіне 50 ден астам ел кіреді. Сол конвенцияға қол қойған мемлекеттер Халықаралық бірлестігін бекітеді. Осыған байланысты Халықаралық мөлшер және салмақ бюросы құрылды. Қазіргі таңда халықаралық мөлшер және салмақ бюросында 7 консультативті комитет қызмет етеді, олар бірлікті, мөлшерді анықтау, секундтар, термометрлер, электр, фотометрлер және ионды сәулеленуді өлшеу эталондарын қарастырады.

Дмитрий Менделеев Иванович те кезінде одақтық метрологияның дамуына көп үлесін қосқан болатын, сондықтан 1892-1917 жылдар аралығы метрология дамуының Дмитрий Менделеев кезеңі деп те аталады.

1955 жылдары Москвада 2-ші мемлекеттік метрологиялық орталық құрылды, қазіргі Жалпыресейлік физика-техникалық және де радиотехникалық өлшемдердің ғылыми зерттеу институты. Онда дәлдік өлшеудің құралын зерттейді. Тағы да бір Ресей метрологиялық орталығы болып Жалпыресейлік метрологиялық қызметінің ғылыми зерттеу институты да саналады, онда заңдылық метрология саласындағы басты ұйым. Халықаралық метрологиялық ұйымға 1956 жылы құрылған халықаралық заңдылық метрология ұйымы кіреді. Ал Парижде Халықаралық метрологиялық заңдылығы жұмыс істейді. Ондағы қызметін Халықаралық (Международный) метрология заңдылық комитеті басқарады. Кейбір мәселелерді Халықаралық стандарттау ұйымы (ISO) шешіп береді.

80 жыл өрлеу жолын 2003 жылы Қазақстан метрологиясы атап өткен болатын. Қазақстанның өлшеу туралы тарихы Ресейдің метрологиясымен өте қатты тығыз байланысты. Ең алғаш рет Қазақстан аумағында 1923 жылдарда аспаптардың жарамдылығын анықтайтын Семей бөлімшесі ашылды. Қазақстанның басқа аумақ, аймақтары Қазақстан Республикасының сыртқы елде Саратов, Оренбург қалалары қамтамасыз еткен. 1929 жылы 1 қазанда Семей бөлімшесі таразы және өлшемдік бойынша Қазақстандық аймақтын немесе аумақ поверкілік палата болып өзгертілді. Оның басқарушысы Вильковиский Н. Э. болған. Қазақ КСРО Комисарлық Одақтың шешімі бойынша 1930 жылы Қазақстандық аймақтық палатасы Семей қаласынан Алматы қаласына көшірілді. Бұл кезде Қазақстанда аса күрделі емес құралдар мен аспаптар таңбаланды, олар таразы, кір тастары ұзындық шамалары, манометрлер. Қазақстандағы экономикалық өрлеуімен байланысты поверкалық яғни салыстырып тексеру органдарының саны да өсті. 1931 жылы Қазақстандық аймақтық палатасы Қазақстандық аймақтық стандарттау бюросы болып өзгертілді. Басқару құралымы орталық аппараттан және өлшемдік құралдар мен аспаптар мен шамалар бойынша 14 (он төрт) облыстық басқарма кіреді. Қызметкерлер құрамы облыстарды қосқанда 129 адамды құраған. 1955 жылдары Алматы қаласындағы мемлекеттік бақылау зертханасы құрылды, сонымен қатар ол мемлекеттік бақылаудағы Республикалық зертхана болып аталды. Қазақстандағы метрологияның негізгі дамуы 1960-шы жылдары басталды. Сол жылдары екінші, үшінші разрядты зертханалар белсенді салына бастады және жаңа құралдармен жабдықталды. 1972 жылы Алматы облысының Қапшағай қаласында радиациялық аспаптарды поверкілеу бойынша зертхана салынды. Ал Өскемен, Ақмола, Шымкент пен Жамбыл қалаларында зертханалар тұрғызылды. 1975 жылы республикалық метрология және стандарттау орталығы «Сертификаттау мен Метрологиялық Аккредиттеу Орталығы» (АЦСМ) ұйымдастырылды. КСРО-ның Мемстандарты АЦСМ-ға өндірісті мемлекеттік стандарттар үлгісін ұйымдастыруды 1977 жылы тапсырды. Республикамызда 8 млн өлшеу жабдықтары тасымалда жүрді. Мемлекетіміз 17 жұмысшы эталон, 13000 жоғарғы дәлдіктегі өлшем бірліктер үлгілерімен жабдықталды. Ресейлік және Украиналық метрологиялық институттары 1992 жылға дейін өлшем бірліктерімен қамтамасыз етті. Осыған байланысты Республиканың Мемстандарттары алдында күрделі, үлкен тапсырмалар тұрды. Негізгісі осы күнге дейінгі жеткен өлшеу кезеңдерін сақтап қалу, ұлттық нормативтік құжаттарды ұйымдастырып жинақтау болды.

Осынын бәрін іске асыру үшін Қазақстан Республикасының үкіметі 1993 жылы 18-ші қаңтарда «Өлшем бірліктер туралы» заңын қабылдады. Үкіметпен мемлекеттің өлшем бірліктер жүйесінің даму бағдарламасы қабылданды. Қазақстан Республикасы 1994 жылдың қазанында заңды түрде метрологияның халықаралық ұйымына тең құқылы мүшесіне кірді.

1-сурет. Метрология теориясының құрылымы

1. 3 Өлшем құралдарын метрологиялық бақылау

Мемлекеттік метрологиялық бақылау.

Мемлекеттік метрологияның бақылаудың бірнеше түрлері белгіленген:

- Өлшем құралдарының түрін бекіту;

- Өлшем құралдарын, яғни соның ішінде эталондарды салыстырып тексеру;

- Өлшем құралдарын әзірлеу, сату, жөндеу және де жалға беру құқығына заңды әрі жеке тұлғалардың қызметін лицензиялау.

Мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалау (ММБмҚ) заңымен белгіленген аясында жүзеге асырылады. Сондықтан жасалынатын, өндірілетін, импортталатын немесе пайдаланудағы өлшем құралдары 2 топқа бөлінеді:

- Пайдалануға арналған және де мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалаудың таралу аясында пайдаланатын. Ондай өлшем құралдары оларды сынағаннан және түрін бекіткеннен кейін пайдалану үшін және кейінгі, алғашқы және мерзімді салыстырып тексеруге жарамды деп танылады;

- Пайдалануға қажет етілмеген, яғни арналмаған және мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалаудың таралу аясында пайдаланылмайтын. Бұл өлшем құралдарына мемлекет тарапына қадағалау жүргізілмейді.

Салыстырып тексеру, яғни поверканы тексеру құқығына тіркеу ретінде заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерін өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына аккредиттеу жасалады.

Мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалаудың таралу аясын талдау көрсетіп отырғандай және өлшем құралдарының бүкіл паркін көрсетілген 2 топқа нақты бөлу қиын.

Мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалау мынадай аясында таралады:

- Денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, еңбек қауіпсіздігін сақтау, сауда операциялары мен өзара есеп айырысу және де мемлекеттік қорғанысты қамтамасыз ету;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Технологиялық процестің метрологиялық қамтамасыз етілуі
Қазақстан метрологиясының дамуы
Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету
Метрологиялық бақылау мен қадағалау
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау мен бақылау
Метрологиялық қадағалаудың формалары
Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің негізі
Сүт зауытында өндірісті метрологиялық қамтамасыздандыруды жетілдіру
Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары
Кедендік бақылау зертханалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz