Антарктида
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Физиклық және географиялық сипаттамасы 4
1.1 Географиялық орналасуы 4
1.2 Жер бедері 5
1.3 Мұздық жамылғысы мен геологиясы 9
2 Табиғат ерекшеліктері 13
2.1 Климаттық жағдайы 13
2.2 Ішкі сулары 14
2.3 Органикалық дүниесі 14
3 Өткені мен болашағы 17
3.1 Антарктиданың зерттелу тарихы 17
3.2 Антарктида статусы және территориялық претензиялар 19
3.3 Антрактиданы игерудегі мәселелер 21
Қорытынды 24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 25

Кіріспе
Антарктида – Жер шарындағы бетін мұз басып жатқан бірден бір материк.
Жер шарының оңтүстік полюсінде орналасқан құрлық. Ол басқа құрлықтардан
өзінің қатаң климат ерекшеліктерімен, қызықты органикалық дүниесімен
ерекшеленеді. Антарктидада Жер шарындағы тұщы судың 98%-ы орналасқан.
Ондағы теңіздерде тіршілік ететін ағзалардың көбі эндемиктер болып
табылады. Антарктида құрлығын ғалымдар ертеден бері зерттеп келе жатса да,
қазірдің өзінде құрлықтың әлі ашылмаған құпия сырлары бар.
Курстық жұмыстың мақсаты – Антарктиданың мұз жамылғысының сипатын
зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеті – Антарктида құрлығының географиялық орнын,
жер бедерін, мұздық жамылғысын, геологиялық құрылысын, табиғат жағдайларын,
климат ерекшеліктерін, ішкі суларын, органикалық дүниесін, зерттелу
тарихын, сонымен қатар, қазіргі экологиялық жағдайын зерттеу болып
табылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі – Шетсіз-шексіз мәңгі мұз құрсанған
Антарктида соңғы жылдары әлем елдерінің назарын аударып, оны игерудің
қамына кірісе бастағаны белгілі.
Еріп бара жатқан мұз таулары, жылы ауа толқындары, көтерілген теңіз
деңгейі, уақытынан бұрын құлпырған өсімдіктер, кеш қатқан көлдер және
кешіккен көшпенді құстар бұлардың кейбіреулері болып табылады. Теңіз
мұздықтарының кішіреюі ақ аюлардың өміріне қауіп төндіруде.
Курстық жұмыстың құрылымында – Антарктиданың физиклық және
географиялық сипаттамасы тақырыбы, екі бөлімшеден тұрады олар:
Географиялық орналасуы мен жер бедері және мұздық жамылғысы мен
геологиясы. Ал келесі Табиғат ерекшеліктері бөлімде , климаттық жағдайы,
ішкі сулары, органикалық дүниесі туралы сөз қозғалады. Үшінші Өткені мен
болашағы бөлімде Антарктиданың зерттелу тарихы, Антарктида статусы және
территориялық претензиялар,
Антрактиданы игерудегі мәселелер, бір сөзбен айтқанда жалпы тарихы
айтылады. Осы бөлімдер мен бөлімшелер ауқымында Антарктида құрлығының
географиялық орны, жер бедері, мұздық жамылғысы, геологиялық құрылысы,
табиғат жағдайлары, климат ерекшеліктері, ішкі сулары, органикалық дүниесі,
зерттелу тарихы, сонымен қатар, қазіргі экологиялық жағдайы туралы
жазылған.
1 Физиклық және географиялық сипаттамасы
1. Географиялық орналасуы
Антаркти́да (грек. ἀνταρκτικός — Арктикаға қарама-қарсы) — жердің ең
оңтүстігінде орналасқан құрлық. Антарктиканың ортасы шамамен оңтүстік
полюспен сәйкес келеді. Құрлықтың ауданы 14,4 млн км². Антарктика ресми
түрде 16(28) қаңтарда 1820 ж. Фаддей Беллинсгаузен және Михаил Лазарев
басқарған орыс экспедициясымен ашылды. Ертедегі гректер солтүстікте туатын
Жетіқарақшыны Арктикос- деп атап, кейінен бүкіл солтүстік өңірді Арктика
деп атаған. Ал оған қарама-қарсы жатқан Оңтүстік өңірді Антарктика деп
атаған. Бұлардың дәл ортасында біздің планетамыздың солтүстік және оңтүстік
нүктелерін (полюстері) жатыр. Осы екі 90 полюстерде барлық ойша жүргізілген
географиялық меридиандар түйісіп, нүктеге айналады. Антарктида-Арктиканың
орталық бөлігін алып жатқан Оңтүстік полярлық полюс құрлық. Антарктида жер
шарының оңтүстік поляр аймағы болып табылатын Антарктиканың орталығында
орналасқан бірден-бір материк. (Сурет 1 - Антарктиданың картасы)
Сурет 1 - Антарктиданың картасы
Ежелгі Гондвана материгінің құрамында бірге болғанына қарамастан,
Антарктиданың қазіргі табиғат жағдайлары оңтүстік жарты шардың басқа
материгіне ұқсамайды. Ол айырмашылықтар материктің оңтүстік поляр
аймағындағы орнымен түсіндіріледі. Антарктида басқа материктерден алшақ
орналасқан, олардан орасан зор мұхит айдындары арқылы бөлініп жатыр.
Антарктида жағалауындағы өте салқын мұхит сулары материкті
айнала қозғалатын Батыс желдерінің шеңберлік ағыс жүйесін құрайды.
Антарктида жалғасы Тынық, Атлант және Үнді мұхиттары суларының шеткі
бөліктері негізгі мұхит айдындарынан осы шеңберлік суық ағыс
арқылы бөлініп жатады. Сондықтан мұндағы судың беткі температурасы
мен тұздылығы, тіршілік дүниесі құрамы жағынан аталған мұхиттардан
үлкен айырмашылық жасайды. Сондықтан Антарктида жағалауындағы мұхит
сулары шартты түрде Оңтүстік мұхит деп аталады. Материк пен оның
жағалауындағы теңіздер табанына дейін қалың қайраңдар мұздықтармен
құрсалған. [7, 175-178 б.]
Антарктика – (грекше anti – қарсы, arktios – солтүстік) Жер шарының
оңтүстік поляр аймағы. Антарктиканың табиғи шекарасы өте айқын байқалады.
Ол дүние жүзілік мұхитттың беткі суларының біршама жылы және керісінше,
мейлінше салқын бөліктерінің араласатын аймағы – антарктикалық
конвергендену белдемі арқылы өтеді. Бұл шекара, негізінен, 48-600 оңтүстік
ендік аралығында орналасқан. Поляр аймағын алып жатқан Антарктиканың аумағы
шамамен 52 млн. км2, оның құрамына бетін қалың мұз жамылғысы жауып жатқан
Александр І жері, Оңтүстік Шетланд, Оңтүстік Оркней, Оңтүстік Сандвичтер,
Оңтүстік Георгия, Баллени аралдары мен арал топтары және құрлық жағалауын
шайып жатқан, шартты түрде Оңтүстік мұхит деп аталатын – Тынық, Атлант,
Үнді мұхиттарының Антарктикалық бөлігі енеді. Құрлық жағалауындағы
қайраңдарда Росс, Уэдделл, Беллинсгаузен, Ынтымақ, Ғарышкерлер теңіздері
бар. Уэдделл және Росс теңіздерінің елеулі бөлігін қайраңды мұздықтар
басқан. Қыс кезінде мұхитттағы қалқыма мұздықтар шекарасы солтүстікте ашық
мұхит айдынында 500 оңтүстік ендіктерге дейін жетіп, аумағы 20 млн. км2
болады. Бір жылдық мүздың қалыңды,ы 1,5-2 м жетеді. Көп жылдық мұздар
мұзтау түрінде кездеседі. Антарктика Арктикамен салыстырғанда табиғытының
қаталдығымен ерекшеленеді. Онда жер шарының ең суық полюсі орналасқан.
(минус 89,20С). [1, 372-373 б.]
2. Жер бедері
Антарктиданың жалпы жері 13 974 мың км (шельеф мұздықтар мен
олар арқылы құрлыққа қосылып жатқан аралдары және 1 582 мың км-дей
мұз күмбездерін қоса есептегенде). Материктің ауданы 16,4 млн км2,
ал қайраңдық мұздықтар мен көршілес аралдарды қоса есептегенде
14,4 млн. км2-қа жуықтайды. Жерінің 99%-ін қалың мұз басып жатыр. Оның
жалпы көлемі 35 млн. км3. Оның 23 бөлігі Шығыс Антаркитиданың, ал 13
бөлігі Батыс Антарктиданың үлесіне тиесілі. Антарктида – дүние жүзіндегі ең
биік құрлық. Оның мұз жамылғысымен қоса есептегендегі орташа биіктігі 2040
м, яғни барлық құрлықтардың орташа биіктігінен (870 м) 3 есе артық.
Оңтүстік Америкаға қарай ұзынша келген енсіз Антарктика түбегі
созылып жатыр. Антарктиданың ұзындығы 30 мың км-дей асатын жиек
сызығы бүкіл өң бойына дерлік биіктігі бірнеше ондаған метрге
жететін тік жар тосқауылдар мұз болып келеді. (Сурет 2 –де
көрсетілген)
Сурет 2 - Антарктиданың жер бедері
Антарктида мұз астындағы жер бетінің орташа биіктігі 410м.
Құрлықтың жағалық сызығы онша тілімденбеген, оның құрамына бір ғана үлкен
түбек – Антарктида түбегі мен бірнеше іргелес аралдар – Александр I жері,
Оңтүстік Шотланд, Георгия және Оркней, Беллени және Анверс аралы кіреді. Ол
Қосымша Б сурет 3-те көрсетілген.
Антарктида құрлығының негізін абсолюттік жасы 1,6 млрд. жыл болатын
гондваналық платформа түзеді. Басым бөлігі архей эрасындағы гнейс,
кристалды жақпар тас, граниттерден құралған. Жыныстардың іргетастарының
қалыңдығы 20 км-ге жетеді. Антарктида платформасы өзінің гелогиялық
құрылымы мен жыныстарының құрамы жағынан Бразилия, Австралия, Экваторлық
және Оңтүстік Африка, Үндістан платформаларына ұқсас. Ол төменгі және
жоғарғы палеозойлық құрылымдары есебінен көлемі ұлғайып, батыстағы
Антарктида түбегін алып жатқан мезо-кайназойлық Анд қатпарлы жүйесінің
жалғасы болып табылатын жас қатпарлы құрылымдарға ұласады. Олардың
іргетасының өте күшті өзгеріске ұшыраған құрлықтық шөгінді жыныстардан
құралғандығы, осы аймақта жер қыртысының құрлықтық типінің дамығандығына
дәлел болады. Ондағы жер қыртысының орташа қалыңдығы 40км.
Антарктиданың қазіргі жер бедерінің қалыптасуы жаңа жанартаулық
атқылаулар нәтижесінде жүруде. Жанартаулық тауларға Эребус (3794м), Террор
(3262м) жатады. Жер бедері ерекшелігіне байланысты Батыс Антарктида және
Шығыс Антарктида болып екіге бөледі. Оларды жан-жағынан жағалаулық және
ішкі құрлықтық белдеу қоршай орналасқан. Жағалаулық тау белдеуі бірнеше ірі
тау жоталарынан тұрады. Оларға Голицин, Принц-Чарльз, Эндерби тау
сілемдері, Королева Мод жері мен Трансантарктида таулары, Пенсакол, Шеклтон
таулары жатады. Таулардың орташа биіктігі 1200-2500 м, абсолюттік биіктігі
3500-4000 метрге жетеді. Ішкі құрлықтық тау белдеуіне Гамбурцев тауы
(абсолюттік биіктігі 3550 м) жатады. Шығыс Антарктиданың теңіз деңгейінен
жоғары орналасқан бөлігінің орташа биіктігі 690 м, ал оның теңіз деңгейінен
төмен жатқан бөлігінің орташа ойыстығы 460 м. Батыс Антарктида жерінің 80%-
дан астамы мұз айдынында өте қатты ойысқан ойпаңдар. Оның орташа тереңдігі
– 700 м. Қалған 20%-ына дөңес таулы жер бедері тән. Яғни Батыс
Антарктиданың жер бедері шығыспен салыстырғанда өте қатты тілімденген.
Құрлықтың ең биік нүктесі Элсуорт тауындағы Винсон тау сілемі (5140 м),
теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жер – Бентли ойысы. Алқапты кең
жазықтардағы құрлықтың қайраңдық мұздықтар Антарктида жерінің 12% жерін
алып жатыр. Көршілес аралдардағы мұздықтармен қосып есептегендегі олардың
жалпы ауданы 1,65 млн. км2. қайраңдық мұздықтардың 83%-ы Батыс Антарктида,
олардың ең ірілері – Росс және Ронне-Фильхнер мұздықтары.мұздықтардың шеткі
бөлігі көп жағдайда үзіліп түсіп, мұзтауларға айналып, мұхит суында он
шақты жылдар бойы қалқып жүреді. Антарктида таулары мен жағалаулық
бөліктерінде жылжымалы мұздық түрі кездеседі, оның ең ірісі – Ламберт
мұздығы (ұзындығы 700 км, ені 30-40 км).
Антарктида – Жер шарындағы мұздық пішіндердің барлық түрінің
шоғырланған аймағы, мұнда тек жер асты мұздануы мен мәңгі тоңның үлес
салмағы аз. Жер шарының басқа құрлықтарындағы тұщы су қоры 2 млн. км3
болса, Антарктидадағы тұщы су қоры 26 млн. км3. Құрлықтың мұз баспаған
жерлерінің, яғни шұраттың (оазис) жалпы ауданы 2500 км2. Олар, көбіне,
жағалаулық бөліктерде теңіз деңгеінен 100 м биіктікте орналасқан. Ең
ірілері – Бангер, Вестфолль, Грирсон, Ширмахер. Сонымен қатар Виктория жері
(4000 км2) мен Александр I жері (400 км2) сияқты биік таулық шұраттар да
кездеседі.
Антарктидадағы қалың мұздықтардың орташа қалыңдығы 4700 м-ге жетеді.
Құрлықта мұздықтардың алуан түрлері кездеседі: мұздық қалқандар, тау
жамылғысы, қайраңды және әртүрлі таулы мұздықтар. Мұздық қалқандар – Шығыс
және Батыс Антарктидалық жамылғылы. [2, 672-673 б.]
Антарктида түбегі – Антарктида құрлығының 55-800 батыс бойлық
аралығында, Беллинсгаузен мен Уэдделл теңіздерінің жағалауында орналасқан.
Ол Оңтүстік Америкадағы Анд тауларының жалғасы болып саналады. Оны Америка
құрлығынан Дрейк бұғазы бөліп жатыр. Түбектің солтүстігінде Оңтүстік
Шетланд, Оңтүстік Оркней аралдары орналасқан және олардың біраз бөлігін
қайраңдық мұздықтар жапқан. Антарктида түбегінің солтүстігінде Палмер,
оңтүстігінде Грейам жері бар. Палмердегі жер бедері биік таулы болып
келеді. Еі биік жері – Джэксон тауы (4191 м). Ал Антарктида түбегінің басқа
бөліктерімен салыстырғанда Палмер жері жылы әрі ылғалды, ауаның жылдық
орташа температурасы минус 6,90С, жауын-шашынның мөлшері 800 мм. Түбектегі
барлық аңғарлық мұздықтар шығысқа қарай бағытталып, Ларсен атты өте үлкен
қайраңдық мұздығын құрайды. Оның климаты біршама жылы. Ең жылы айдың орташа
температурасы 0 шамасында, ал қыста минус 16С. Жауын-шашынның жылдық
мөлшері 1000 мм-ге дейін жетеді. Климаттың жұмсақтығы түбектің осы жағалық
бөлігінде жан-жануарлардың көбірек мекендеуіне мүмкіндік жасаған. Мұздан
бос жағалаулары мен аралдарында итбалық, теңіз мысығы, пингвин, кейбір су
құстары көптеп тіршілік етеді. Түбектің қиыр солтүстігінде гүлді
өсімдіктердің үш түрі, яғни папоротник, мүк пен қына кездеседі. Антарктида
түбегінде 10-нан астам ғылыми-зерттеу стансасы жұмыс істейді. [1, 374-375
б.]
Ерекшеліктері. Антарктиданың негізгі ерекшелігі, жорамалданып
жүргендей, неогеннен бері көлемі біресе кішірейіп, біресе ұлғайып
тұратын материктің мұздық қалың жамылғысы болып табылады.
Материктің мұз сауытын Мұзды Антарктида, ал оның астында жатқан
құрлықты – Тасты Антарктида деп атайды. Бүкіл материкті қалың мұз
басып жатыр. Оның территориясының 0,2-0,3%-ында ғана мұз қабаты
жоқ. Бұл биік тау шыңдары, ал кейде мұз құрсауының жоғары жағын
қар басып жатқан аспандаған тау сілемдері, немесе антарктикалық
көгалды алқаптар деп аталатын мұз қабатынан жақында ғана босаған
шағын көлемді жағалау алаңдар.
Мұздықтар күрделі тау құрылымдарын жасырып жатыр. (Сурет 3 – де
көрсетілген)
Сурет - 3 Мұздықтар күрделі тау құрылымдары
Ұлы антарктикалық мұз қалқанының ең қалың жері қазіргі дерек
бойынша 4200 метрден астам, ал оның көлемі 24 млн. км2 шамасында.
Оның мұзы бүкіл дүние жүзі қалыңдығының 50 м мұз қабаты болып
жабуға толық жететінін айтсақ, бұл мұздың жалпы көлемі туралы
өзінен-өзі түсінікті болар.
Егер Антарктиданың мұздық сауыты ери бастаса, ол біздің
планетамыздың барлық өзендерін, қазіргі өзендердегі бар суды есепке
алғанда, 500 жылдан астам уақыт қоректендіруге жетер еді, ал
дүние жүзілік мұхиттық деңгейі мұздық суынан 60 метрден астам
көтерілген болар еді. Материктің мұз сол материктің өзінің бетін
ғана емес, сонымен бірге оған жанасып жатқан көптеген аралдарды,
сондай-ақ шелльфті мұздықтар түзеп, көршілес теңіз бассейндерін де
жауып жатады. Кей жерлерде мұздар теңіз деңгейінен едәуір төмен
жатыр (Бентли ойысы – -2555 м).
Материктің мұздықтардың, шелльфті мұздардың жамылғысы астындағы
құрлықпен жанасып жатқан аралдар ауданы 13,974 мон км.
Антарктиданың географиялық орнына байланысты мынадай табиғат
ерекшеліктері бар:
- жерінің 99%-ын қалың мұз жауып жатыр, мұздың орташа
қалыңдығы 1720 м-ге жуық, ең қалың жері 4300 м (Шмидт жазығы);
- Антарктида - Жер шарындағы ең биік материк, оның мұз
жамылғысымен қоса есептегендегі орташа биіктігі 2040 м.
- материктегі мұздың жалпы көлемі 26 млн. км3, бұл дүние
жүзіндегі тұщы су қорының 80%-ын құрайды.
- Антарктида - Жер шарының суықтық полюсі, мұнда 1983 жылы
ғаламшарларымыздағы ең төмен температура (минус 89,20 С) тіркелген;
- материктің ең биік нүктесі биіктігі 5140 м болатын Винсон
тауы, ал теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері Бентли ойысы (минус
2555 м);
- антарктидада сөнбеген жанартаулар бар, олардың ең ірісі
Эребус жанартауы (3794м);
- оңтүстік полюс үстінде таңның атуы мен күннің батуын жылына
бір рет қана байқауға болады. [2, 674-675 б.]
1.3 Мұздық жамылғысы мен геологиясы
Антарктиданың мұзасты сулары. Антарктиданың жоғарғы қабаты қалың
мұздан құралғанымен, сол мұздардың астында өзендер мен көлдер бар. Мұзасты
өзендер мұзасты көлдерге құяды. Ал кейбір жерлерінде қалың мұздың қысымынан
сулар бос орындарға (қуыстарға) жиналып қалады. Бұл жайлы АҚШ-тың Вашингтон
университетінің Мұхиттарды зерттеу институты мен Санта-Круздағы Калифорния
унивеситетінің ғалымдары мәлімдеді. Олар Антарктиданың батыс бөлігінде
әуеден бақылау арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Зерттеудің нәтижесінде
Батыс Антарктидадан 124 мұзасты өзендерді тапқан. Бір қызығы, мұздың
астында жатқан көлдер толған кезінде өздігінен жоқ болады екен.
Мұзасты өзендер мен көлдердің бар екендігін өткен ғасырдың 50
жылдарынан белгілі. Осы уақытқа дейін 280 көл табылған (2007 жылға дейін
140 мұзасты көлдері табылған). Олардың басым бөлігі Антарктиданың шығыс
бөлігінде орналасқан. Дәл осы аймақты ғалымдар Lake District деп атайды.
Қазақша мағынасында Көлді аудан дегенді білдіреді. (Сурет 4 - те
көрсетілген).
Сурет 4 - Lake District
XX ғасырдың екінші жартысында география саласында болған ең ірі
ашылулардың бірі Антартикададағы Восток көлінің табылуы болатын.
Бұрындары ғалымдар мұзасты көлдерді тыныш жататын, жан-жағы
мұздықтармен қоршалған тұйық жүйедегі көлдер ретінде қарастыратын Алайда,
кейіннен ондай көлдерден басқа белсенді көлдердің де бар екендігі де
анықталды. Белсенді көлдер үнемі өзгерістерге ұшырап, суның көлемі мен
гидрологиялық сипаттамалары үнемі өзгеріп отырады. Мұндай көлдерді 2005
жылы Оттава университеті(Канада) География факультетінің профессоры Лоуренс
Грей (Laurence Gray) мен Қашықтықтан (әуеден) бақылу арқылы зерттеу
орталығындағы әріптестері тапты. Бұл жаңалық Антарктиданың астыңғы
қабатын, мұзасты суларды зерттеуші ғалымдарды таң қалдырды, Антартиданың
гидрологиялық жүйесінде сенсация жасады. Өйткені, ол кезге дейінгі
түсінікте мұзасты көлдердің тыныш жататындығы анық еді. Ал белсенді көлдер
мен өзендер жайлы ақпар мүлдем болмайтын. Негізінде, белсенді көлдер мен
өзендер Антарктиданың негізгі гидрологиялық жүйесін құрайды.[11]
Антарктида — Жердегі ең биік құрлық. Құрлық жамылғысының теңіз
деңгейінен орташа биіктігі 2000 метрден астам, ал орталығында 4000 метрге
жетеді. Бұл биіктіктің көпшілік бөлігін тұрақты мұздық жамылғысы құрайды.
Мұздықтың астында құрлықтық рельеф терең жасырынған. Құрлық ауданының тек
5%-ын ғана мұздық баспаған. Негізінен ол Батыс Антарктида мен
Трансантарктикалық тауларда: аралдар, жағалау бөліктері, жеке және таулы
шыңдар (нунатаки). Олар мұздық жамылғысынан биік орналасқан.
Трансантарктикалық таулар құрлықты түгелімен кесіп өтіп, оны екі бөлікке –
Батыс Антарктида мен Шығыс Антактидаға бөледі. Олар пайда болуы мен
геологиялық құрылысына қарай әр түрлі болады. Шығыс бөлігінде биік (ең
жоғарғы көтерілім теңіз деңгейінен 4100 м биіктікте орналасқан) келген әрі
мұзбен жамылған плато орналасқан. Батыс бөлігі өзара мұзбен жалғасқан таулы
топаралдардан тұрады.
Тынық мұхиттық жағалауларында Антарктикалық Анды орналасқан. Оның
биіктігі 4000 метрден асады, құрлықтың ең биік нүктесі – теңіз деңгейінен
4892 м - Сентинел жотасындағы Винсон массиві. Батыс Антарктидада құрлықтың
ең терең жері – Бентли қазаншұңқыры орналасқан, ол рифттік түзілісі болуы
мүмкін. Мұздықпен толтырылған Бентли қазаншұңқырының тереңдігі теңіз
деңгейінен 2555 м жетеді.Антарктиданың мұздық жамылғысы жер бетіндегі ең
ірі болып табылады, әрі өлшемі бойынша өзіне жақын Гренланд мұздық
жамылғысынан ауданы бойынша шамамен 10 есе асып түседі. Антарктидада 30
млн. км3 мұз бар, яғни құрлықтағы барлық мұздықтың 90 %-ын алып жатыр. Оның
пішіні купол тәріздес әрі жағалау жағындағы мұз жамылғысының биіктілігімен
ерекше көзге түседі. Көпшілік жерінде қайраңдық мұздықтар орналасқан. Мұз
қабатының орташа қалыңдығы 2500 – 2800 м. Ал Шығыс Антарктиданың кейбір
аудандарында қалыңдығы ұлғая түседі – 4800 м. Мұздық жамылғысындағы мұздың
жиналуы, басқа мұздықтардағы сияқты, оның абляция (бұзылу) зонасына қарай
ағуына әкеліп соғады. Мұз айсберг түрінде құрлықтан бөлініп, соның әсерінен
құрлық жағалауы тілімденіп, бөлінеді. Абляцияның жылдық көлемі 2500 км3 деп
есептелген.
Антарктиданың ерекшелігі – қайраңдық мұздықтардың ауданының ірі болуы
(Батыс Антарктиданың төменгі (көгілдір) аудандары), олар ауданның 10%-ын
құрайды. Бұл мұздықтар теңіз деңгейінен жоғары көтеріліп, рекордты
өлшемді айсбергтердің шығу көзі болып табылады. (Сурет 5 – Айсбергтер)
Сурет 5 - Айсбергтер
Олардың көлемі Гренландиядағы айсбергтердің көлемінен айтарлықтай асып
түседі. Мысалы, 2000 ж. Росс қайраңдық мұздығынан (қазіргі кезде аса
танымал) бөлінген айсберг (2005 жыл) В-15 ауданы 10000 км2-ден асады. Қысқы
кезде (солтүстік жарты шарда жаз) Антарктида бойындағы теңіз мұздықтарының
ауданы 18 млн. км2-қа дейін өсіп, ал жазда 3-4 млн. км2-қа дейін
кішірейеді.
Антарктиданың мұздық жамылғысы 14 млн. жыл бұрын пайда болған. Оған
себеп болған құбылыс – Оңтүстік Америка мен Антарктида түбегін қосып тұрған
геосинклиналдық тақтаның бөлінуі. Оның бөлінуі антарктидалық циркумполярлық
ағыстың (Батыс желдер ағысы) пайда болуы мен антарктидалық сулардың
Дүниежүзілік мұхиттан бөлінуіне әкелді. Бұлар өз ретінде Оңтүстік мұхитты
құрайды. [3, 79-83 б.]
Антарктиданың мұздануы эоценнің аяқ кезінде, яғни 38 млн. жыл бұрын
басталды деп есептеледі. Ол 155-55 млн. жыл бұрын Австралия мен
Антаркиданың бөлінуі кезінде ұзақ салқындану кезеңіне дайындалды. Шығыс
Антарктиданың мұздық қалқаны 14-15 млн. жыл бұрын, ал Батыс Антарктиданың
мұздық қалқаны 5 млн. жыл бұрын пайда болған. Шығыс Антарктида ежелгі
кембрийге дейінгі құрлықтық платформада (кратон) орналасқан, ол Үнді,
Бразилия, Африка және Австралия платформаларына сәйкес келеді. Барлық осы
кратондар Гондвана суперконтинентінің бөлінуі нәтижесінде пайда болған.
Кристаллды фундаментінің шөгінділерінің жасы 2,5–2,8 млрд. жылды құрайды.
Эндерби Жерінің ең ежелгі шөгінділердің жасы – 3 млрд. жылдан астам.
Фундамент жас шөгінді жабындысымен жамылған, ол 350–190 жыл бұрын пайда
болған, оның пайда болуы, негізінен, мұхиттық болып табылады. 320–280 млн.
жыл жастағы қабаттарында мұздық жабындылар бар, алайда жастауларын
қазғанда, құрамында өсімдік пен жануарлар қалдықтары кездеседі, соның
ішінде ихтиозаврлар да бар. Соған қарағанда, сол кездегі климат жағдайлары
қазіргі кездегі климаттан едәуір ерекшеленгенін көруге болады. [9]
Сейсмикалық қозғалыс пен вулканизм. Антарктида тектоникалық
бірқалыпты, сейсмикалық белсеңділігі аз болып келетін құрлық. Вулканизмнің
болуы Антарктиданың батыс бөлігінде шоғырланған. Ол Андтық тау түзілуі
кезінде пайда болған Антарктида түбегімен байланысты. Вулкандардың
кейбіреулері, әсіресе, аралдық вулкандар соңғы 200 жылда атқылаған.
Антарктиданың ең белсеңді вулканы – Эребус болып табылады. Оны тіпті
Оңтүстік полюске баратын жолды күзеткен вулкан деп те атайды екен. [4, 26-
41 б.]
2 Табиғат ерекшеліктері
2.1 Климаттық жағдайы
Антарктида климаты – полярлық континеттік. Климаттық ерекшелігіне
байланысты Антарктида суықтық полюсі, сондай-ақ жер шарының ең күшті желдер
мен жазғы жиынтық радиацияның да полюсі болып табылады. Солтүстік полюс
аймағы Арктикамен салыстырғанда Антарктида Жердің Күнге ең жақын нүктесінде
(перигелий) орналасқандықтан Күн жылуын 7%-дай артық алады.
Ауаның мөлдір әрі құрғақ болуы, яғни антициклондық ауа райы Күн
радиациясының жерге кедергісіз жетуіне мүмкіндік береді. Антарктида
жазында, яғни желтоқсан мен қаңтар айларында, Орталық Антарктидада орташа
айлық радиация жиынтығы Жер шарының ең жоғары көрсеткішке (30 ккалсм2)
жетеді. Бірақ келетін жылудың 90%-ға жуығы мұз жамылғысымен шағылысып, әлем
кеңістігіне қайта кететіндіктен, құрлықтың жылу мүмкіншілігі өте төмен.
Контитенттің орталығында қысқы орташа температура минус 60 -720С-қа
дейін, ал жағалауларда қыста минус180С, жазда минус 20С дейін өзгереді.
Мұнда жердегі кң төмен температура тіркелген, яғни 89,20С Жауын-шашынның
жылдық мөлшері 30-50 мм, жағалауларда 700 мм-ге дейін жетеді, негізінен,
қар күйінде түседі.
Суық ауа Антарктиданың ішкі аудандарынан шеткі бөліктеріне қарай
қозғалып, ағынды желдерді туғызады (орташа жылдық жылдамдығы 12 мс), ол
циклондық ауа ағынымен қосылған кезде теңіз дауылына айналады (жылдамдығы
50-60 мс, кейде 90 мс-қа жетеді). Басым бөлігінде жылдың 340 күні қарлы
борандар соғып тұрады.
Антарктида өте суық климатымен ерекшеленеді. Шығыс Антарктидада
абсолюттік суық полюсі орналасқан, онда минус 89,20С температура тіркелген.
(Восток станциясы ауданы). Шығыс Антарктиданың тағы бір метеорологиялық
ерекшелігі ағынды (стоковые) желдердің (катабатикалық) болуы. Ондай
желдердің пайда болуы рельефінің пішіні куполтәріздес келуінен еді. Ондай
оңтүстік бағыттағы тұрақты желдер мұздық қалқандардың едәуір ірі
еңістелуінде пайда болады. Бұл үрдіс мұз жамылғысы қабатындағы ауаның
суыған жағдайында болады. Беткі қабатындағы тығыздық артқанда, ол ауырлық
күші әрекетімен еңіс бойынша төменге қарай бағытталады. Ауа ағыны қабатының
қалыңдығы, негізі, 200-300 м құрайды; мұндай желдің күшімен болатын көлемді
мұз шаңының әсерінен көру, тіпті мүмкін емес. Ағынды желдердің күші
еңістелу бұрышына пропорционал болып келеді және ол мұхитқа қарай жоғары
еңіс келген жағалау аудандарында үлкен күшке ие болады. Ағынды желдер
максималды күшке антарктидалық қыс кезінде ие болады, яғни сәуірден
қарашаға дейін ондай желдер тәулік бойы тоқтаусыз соғады, қарашадан
наурызға дейінгі кезде – түнгі уақытта немесе Күн шықпағанға дейін соғады.
Жазда күндізгі уақытта мұздың беткі қабаттары ауасының Күнмен жылуынан
ағынды желдер жағалауларда тоқтайды.
1981-2007 жж. мәліметтері бойынша, Антарктиданың температурасының
өзгеруі біркелкі емес екендігін көрсетеді. Батыс Антарктидада жалпы
температураның көтерілуі байқалады, бірақ Шығыс Антарктидада ондай
өзгерістер байқалмаған, керісінше, температураның төмендеуі анықталған.
ХХІ ғасырда Антарктиданың еру үрдісі едәуір күшейетіні белгісіз.
Керісінше, температураның көтерілуімен бірге Антарктиданың мұздық
жамылғысына қар көп түседі деп болжауда. Бірақ та глобалды жылуға
байланысты қайраңдық мұздықтардың бұзылуы мен Дүниежүзілік мұхитқа ағатын
мұздықтардың жылжу жылдамдығы күшейе түседі деген болжаулар да бар. [5, 293-
301 б.]
2.2 Ішкі сулары
Тұрақты төмен температураның әсерінен құрлықта су сұйық күйінде өте аз
кездеседі. Жазда еріген су мұздық бетімен мұхитқа ағады. Сол кезде
антарктикалық оазистерде қысқа жылғалар мен кішігірім өзендер пайда болады.
Өте қалың мұзды бұрғылаған кезде суды сұйық күйінде кездестіруге болады.
Антарктидадағы орташа жылдық температура, тіпті, көпшілік жерлердегі
жазғы температуралары нөлден төмен болғандықтан, онда жауын-шашын тек қар
күйінде ғана түседі (мұнда жаңбыр өте сирек жауады). Ол қалыңдығы 1700
метрден асатын мұздық жамылғысын (түскен қардың өз массасының әсерінен
тығыздалуы нәтижесінде) түзеді, ал кейбір жерлерде 4300 метрге дейін
жетеді. Антарктидада Жер беті тұщы суының 90%–ы шоғырланған.
Антарктида жағалауын Үнді, Тынық және Атлант мұхит сулары мен
Беллинсгаузен, Ғарышкерлер, Ынтымақ, Росс, Уэдделл, Амундсен, т.б.
теңіздері шайып жатыр. Ол Қосымша А сурет 1 және сурет 2-де көрсетілген.
1990 жылдары орыс ғалымдары мұздық астындағы қатпаған көлді – Восток
теңізін тапқан. Ол Антарктидадағы көлдердің ірісі болып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz