Қазақ газетін зерттеушілер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 148 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

1. Алғы сөз
2. Пән бойынша негізгі ұғымдар
3. Пәннің типтік бағдарламасы
4. Пәннің студентке арналған силлабусы(Syllabus)
5. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
6. Арнаулы дәрісхана, кабинет, зертханалар саны
7. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиалық қамтамасыз етілуі
8. Дәрістер тезисі
9. Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары
10. Білім алушының өзіндік жұмыстарына арналған материалдар
11. Білім алушының өзіндік жұмысына берілетін тапсырмалар
12. Пән бойынша емтихан сауалдары
13. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Алғы сөз

Қазақ журналистикасының тарихы - 5В050400-журналистика мамандығы бойынша журналистика факультеті студенттеріне оқытылатын міндетті пән. Ғылыми пән бәсекеге қабілетті маман дайындауда студенттерге қазақ баспасөзінің ілкі белгілері мен алғашарттары, алғашқы газет-журналдардың жарыққа шығуы мен ұйымдастырудағы ерекшеліктер, сыртқа саяси-идеологиялық шектеу мен цензуралық бақылаудың қиыншылықтары, қалыптасуы мен даму үдерістері, кемелденуі мен жаңа технологиялық өркендеу жолындағы сапалық өсуі, шығармашылық және зияткерлік деңгейі, шеберлік машығының жинақталған мол тәжірибелерін меңгеріп, кәсіби журналистік білігін арттыру мен ұштауға арналған.
Қазақ журналистикасының тарихы пәнін оқыту нәтижесінде студенттердің кәсіби журналистік шеберлігін шыңдау мен ұлттық идеялық бағыт-бағдарын қалыптастыруына ықпал етеді.

Пән бойынша тапсырмалар кестесі

Сабақ түрі
Орындалу формасы
аптасы
сағат саны
өткізу мерзімі
Практикалық сабақта өткізілетін тапсырмалар
Пәннің студентке арналған жұмыс оқу бағдарламасындағы жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.

1-15
15
1-15
Білім алушының оқытушымен өткізілетін өзіндік жұмысы
Көрсетілген кесте бойынша тапсырылады, бағаланады.
1-15
15
2-15
Білім алушының өзіндік жұмысы
Кестеде көрсетілген мерзімде тапсырманың орындалуы қадағаланады.
1-15
75
3-15

Ескерту: Пән бойынша берілетін тапсырмалар арнайы практикалық сабақтардың жоспарында және білім алушымен өткізілетін оқытушының өзіндік жұмыс жоспары, білім алушының өзіндік жұмысының кестесінде айқын көрсетілген.

БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі ______________Ғ.Ә.Тұяқбаев

___ __________ 2018ж.
пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы (ПОӘҚК)
Қазақ журналистикасының тарихы
Мамандық
Студент саны
Оқулықтар мен оқу құралдары
(электронды тасымалдаушы құралдар)
саны
СӨЖ, практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар, лекция конспектілері
Саны

Семестр

Кітап-ханада
кафедрада

Кітап-ханада
Кафедра-да

1 сем
2
сем

5В050400-журналистика
33

Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі А., Мектеп. 1981.
2

1
С.Смагулова. Әйел теңдігі журналы және онда көтерілген мәселелер Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. - 2006, 14-16 желтоқсан.
1
1

Аллаберген Қ. Нұсқабайұлы Ж., Оразай Ф. Қазақ журналистикасының тарихы. - Алматы: Рауан. 1996.
2
2
Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты: Оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 1992.

1
1

Қожакеев Т. Жыл құстары. - Алматы: Қазақстан, 1991. - 240 б.;
2
1
Қазақ газеттері. Д.Қамзабекұлы, Смағұл Садауақасұлы және Қызыл Қазақстан. 20 мамыр, 2011 жыл
2
2

Ү.Сұбханбердина Түркістан уалаятының газеті, А., 1999. Дала уалаятының газеті 1989-1992, Қазақ А., 1998. Айқап 1995.
1
2
Н.Омашев. Қазақ журналистикасы А., Таймас баспасы. 2009.
Мерзімді баспасөз тігінділері мен мақалалар
1
1

Қожакеев Т. Сара сөздің сардарлары. - Алматы: Санат, 1995. - 168 б.;
3

1
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 2013, 2014 жж.
1
1

Оқытушы: Г.Ш.Әшірбекова

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

№1 дәріс
Ежелгі төрік руникалық алфавитімен бәдізделген ескерткіштердегі ұлттық ақпараттың тегі мен түрлері

1. Ұлттық журналистиканың бастау көзі.
2. Есік Алтын Адамы жанынан табылған күміс тостағандағы жазу мәтінінде (б.ж.с.д. 5-6 ғасыр), Орхон, Енисей, Талас өзендері бойындағы тас бітіктерде сақталған журналистикаға тән белгілер.
3.Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Күлі Чор, Мойын Чор т.б. жәрігерлердегі сюжеттер мен оқиғалар желісі.

Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.Қ.Аллаберген.,Ж.Нұсқабайұлы.,Ф.Ор азай. Қазақ журн- тарихы.А.,Рауан. 1996. 3-23бб.
2. Н.Омашев. Қазақ журналистикасы А., Таймас баспасы. 2009ж. 1-том. 256б.

Ежелгі түрік руна алфавитімен бәдізделген Есік Алтын Адамы жанынан табылған күміс тостағандағы жазу мәтінінде (біздің жыл санауымызға дейінгі 5-6 ғасыр), Орхон, Енисей, Талас өзендері бойындағы тас бітіктерде сақталған журналистикға тән белгілер. Білге қаған (683-731), Тоныкөк, Күллі Чор, Мойын Чор т.б. жәдігерлердегі сюжеттер мен оқиғалар желісі, образдар бейнесі мен жер-су атауларына байланысты суреттеулерден публицистік белгілердің нышанын, ақпарат таратудың көшпелілерге ғана тән ерекшеліктерін талдау.
Руна таңбасы - Тәңірдің демі салынған қазақтың рухы, қазақ даналығының өріс жаятын негізі, өсіп-өнетін киелі кеңістігі. Зады, сөз қадірін , ұлттың рухани келбетін таныту үшін ұлттық алфавитке ерекше мән берілуі тиіс. Қазақтың әріп кескінін түземей, ұлттық болмыс қалпын түзей алмасымыз айдан анық.
Руна жазуы - жаһандану дәуіріндегі технологиялық жойқын тасқынның Қазақтың өзіне тән бітім болмысы мен бояу нақышынан, қадір-қасиеті мен тәлім-тәрбиесінен , салт- дәстүрі мен әдет - ғұрпынан жуып - шайып кету қаупіне Берік Қорған, жоғалмауының кепілі, ұлттық рухы мен намысының жебеушісі, құтқарушысы демеушісі.
Енді РУ сөзінің түп - төркініне үңілетін болсақ, Қазақтың көшпелі тұрмыс - тіршілігін , әдет - ғұрпын , салт - санасын көзі көріп өскен академик - жазушымыз Сәбит Мұқанов ұрығтан - ұрық, одан ру сөзі ұру - ұрық - ұрығ - ұру болып өзгергенін дәйектейді. Байырғы қабыр басында қойылған эпитафиялық құлыптастардағы әр заманның табы қалған емлелік жазу заңдылығына сәйкес ру лексемасының ұрығ-ұру пішінінде тұлғаланғаны әлгі пікірлерді құптайды. Яғни , РУ сөзі ұрығ қ, тұқым, қан, ген ұғымдарымен мәндес.
Руна сөзінің түп-төркінін ғылыми пайымдаған әлемдік лингвистиканың ортақ тұжырымы Еуропаның ежелгі алман, кельт, гот, скандинав, соксон тілдеріндегі құпия, сабыр мағыналарын білдіретін ұғымдармен байланыстырылған топшылауға саяды. Дүниежүзілік жазу үлгілерін жинақтап, шығу тарихын арнайы зерттеген көрнекті ғалымның іргелі еңбегінде: Ежелгі скандинав пен ағылшын - сақсондарының рун сөзі, бағзы исландтардың рунар мен немістің руна лексемасы байырғы германның ру түбірімен байланысты және готтың құпия деген мағынадағы руна, сондай-ақ, ежелгі немістің рунер мен қазіргі тіліндегі раунер құпия сыбырлау дегенді білдіреді. Бұл қарастырып отырған жазулардың руна деп аталуының, ықтимал себебі, ежелгі германдардың барша алғашқы қауымның халықтарына тән магиялық күштің құпиясын қару-жараққа, бағалы әшекейлерге, қабір үстіндегі тастарға және т.б.қашап, таңба белгілеріне көшіргені сияқты - деген қорытындыға келеді. Бір ғажабы, рунологияның туған отаны неміс, өріс жайған мекені бағзы көшпелі түрік елі болғаны соңғы жылдардағы ғылыми елеулі табыс, сенсациялық жаңалық. Бұл жөнінде рунатанудың бірегей білгірі Тайжан Досанов: Көк төрүктердің тілінде іні сөзі руна құпиясына төмен түсу , яғни терең ой дегенді білдіреді. Ал, Руна концепциясында ой - сананың өте терең қабілеті арқылы графика тілінде кодталған, яки жасырынды бейнеленген орграфикалық композицияны рулық таңба іні деп атауға әбден болады. Сонда руна сөзі ру қосылған іні сөзінің калькасы деп түсінген абзал - деп түйінді тұжырым жасайды.
1893 жылдың 15-желтоқсанында Дат профессоры Вильгельм Томсен Орхон-Енисей есерткіштерінің құпиясын шешті. Ол тастағы белгілерді салыстыра отырып, дыбыстардың ыңғайына қарай белгілер алдыңғы және артқы қатардағы болып екі топқа бөлінетіндігін айқындады. Бұл түркі тілінің құрылысына тән. Академиктер В.В.Бартольд пен А.Н.Самойлович бұл оқиғаны ХІХ ғасырдың ұлы жаңалығына жатқызды. 1896-1897ж. Қазақстандағы Тараз қаласына жақын жерде көне түркі жазулары түріндегі бес тас ескерткіш табылып, олардың ең ежелгі жазбаларға жататындығы дәлелденді. Көне түркі жазуының түйіні шешілгеннен кейін Монғолиядан - 33, Енисейдің Орхон аймағынан - 85, Шығыс Түркістанда, Талас бойында -12, Ферғана мен Шығыс Еуропада бірнеше көне түркі ескерткіштері табылды. Түрколог ғалымдар С.Т.Кляшторный мен А.Н. Кононовтар оларды 7 топқа бөлді.
Күлтегін жазбасы тарихи тұрғыдан да, әдеби шығарма ретінде де зерттеліп жүр. Ең алдымен ескерткішті публицистикаға жақындадатын - жазбада көне түркілердің қоғамдық-саяси өмірі туралы нақты дерек, дәйектердің келтірілуі.
М: Биікте Көк тәңірі
Төменде қара жер жаралғанда
Екеуінің арасында адам баласы жаралған.
Адам баласы үстіне ата-тегім,
Бумын қаған, Істемі қаған отырған.
Отырып, түркі халқының ел-жұртын,
Қалыптастырған, иелік еткен.
Күлтегін жазбасындағы назар аударатын жайт - сол уақытта жаугершілік заман болғандығын, төрт бұрыштағы халықты көп алған, бәрін бейбіт еткендігін, Ілгері Қадырхан қойнауына дейін, кері Темір қақпаға дейін жайлағандығын аңғарамыз. Осы тұста Қадырхан қойнауы, Темір қақпа сол кездегі жер аттары.
Жазбадағы келесі бір бетбұрысты кезең Елтеріс қағанның ел басына келуімен байланысты сипатталды. Табғаш халқына қарсы қан майданды бастайды. Елтеріс қаған бастаған қол жауға қарсы қырық жеті рет аттанды, жиырма айқас жасады деп нақты деректер ұсынады. Жазбада бірнеше оқиға бірінен кейін бірі хронологиялық нақтытылықпен жалғасын тауып отырады. Онда Буммын қаған, Естеми қаған, Елтеріс қаған, Білге қаған, Күлтегін ерліктері уақыт жағынан кезек-кезегімен, өмірдегі билік құру уақытымен баяндалады. Сондай-ақ Күлтегіннің өмірде болғандығы, оның ерліктері, өмір жайлы мәліметтер нақытылықпен дәріптеледі. Ол 684-731 жылдар аралығында өмір сүрген. Күлтегін ескерткішінің басты идеясы - түркі халқын ауыз бірлікке, ынтымаққа шақыруы.
Тоныкөк ескерткіші Күлтегін жырымен бір мезгілде жазылғаннан кейін жазылу стилі, композициялық құрылымы, баяндау тәсілі, сөз қолдану ерекшеліктері, түрік тіліне тән екпінді пафосы жағынан ұқсас. Оның басты ерекшелігі, оқиғалар тізбесі, жойқын шабуылдар мен түркі мемлекеттігін сақтап қалу жолындағы жанталас ұрыстар басты кейіпкер Тоныкөктің атынан баяндалғанмен, мұнда тркі халқы бастан кешірген қанкешті күндер көрініс тапқан.
Көне түркі ескерткіштеріндегі жер-су аттары, ру-тайпа аттары, өмірде болған тарихи тұлғалардың аттарының атаулы- публицистикаға жақындатады.
Орхон ескерткіштерінің ішіндегі мазмұны мен көлемі жағынан өзгеше саналатын жазба - Күлтегінге арналған ескерткіш. Жазбада өмірде болған тарихи оқиға баяндалады. Құтлығ қаған (Ілтеріс) тұсында түркі мемлекетінің күш-қуаты артып, ерекше қарқынмен дамыған. Ол 682 жылы қайтыс болғаннан кейін балалары Могилян мен Күлтегін жас болып, дүниеден қайтқан соң, таққа Білге қаған отырады. Дәл осы кезде Білге түркі мемлекетінің күш-қуатын арттыруға көп еңбек сіңірді.
Тағы бір публицистикалық сарын Бектерінің, халқының, ымырасыздығынан табғаш халқының алдауына сенгендігінен, ыдырағандығы туралы тұтас көрініс. Бұл да тарихи шындық. Көршілес Қытай мемлекетіне бек ұлдары құл болды, пәк қыздары күң болды. Ол заман да өтті. Осы тасқа қашалған рух пен пафосқа толы өршіл сөздер - бүгінгі ұрпақты бабалар қателіктерімен тәрбиелеп тұр, сабақ болатындай саяси ахуалды баян етіп тұр.
Қазақ публицистикасының туу арналары - осы жалынды леппен тасқа қашалып жазылған Күлтегін, Тоныкөк ескерткіштерінде жатыр деуге толық құқымыз бар. Кеңес дәуірінде бұндай ғылыми байламдарды айту - басын қатерге тігумен бірдей еді. Қазақ публицистикасының зерттелуіне бүкіл ғұмырын арнаған, профессор Т.Амандосов та өз еңбектерінде бұл мәселеге жанамалап болса да соқпай кеткен жоқ. Ертеректе жазған Қазақ публицистикасын зерттеу туралы атты мақаласында: Арғы тамырын көне дәуірден бастаған қазақ публицистикасы (ХІХ ғасырдың екінші жартысында демократиялық бағытта қалыптаса бастады),- деп жазыпты. Арғы тамырын көне дәуірден бастаған дегенде профессор Амандосовтың ойы да осы жазбаларға бағытталған болса керек.

Бақылау сұрақтары:
1. Көне түркі жазбаларындағы дерек, ақпарат, оқиғаны тауып талдау.
2. Көне түркі жазба ескерткішткерін зерттеушілер еңбектерінен конспект жасау.

2 дәріс
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ мерзімді баспасөзі. Тәржіман газеті

1.ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қоғамдық-саяси жағдай.
2.Ш.Уәлихановтың хат, мақала, ғылыми мақалалары мен жолсапар очерктері.
3.Ы.Алтынсаринның Оренбургский листок газетінде жарияланған мақала, корреспонденция, очерктері және этнографиялық мақалалары.
4.А. Құнанбаевтың еңбек, білім, тәлім-тәрбие тақырыбына арналған өлеңдеріндегі публицистикалық сарын. Қазақ публицистикасының көшбасылары.
5. Тәржіман газетінің тарихы.

Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.М.И. Фетисов. Зарождение казахской публицистики А., 1961.
2. А. Құнанбаев Шығармалар жинағы А., 1995.
3.Қ. Аллаберген, Ж. Нұсқабайұлы Алты алаштың ардақтылары А., 1994.

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ елін, жерін патшалы Ресейдің толықтай билеп алуына байланысты қазақстанның ташкент, Орныбор, Омбы, Орал сияқты кейбір ірі қалаларында патша өкіметінің жергілікті әкімшілік орындарының жеке ресми органдары ретінде жергілікті ұлт тілдеріндегі алғашқы газеттер шығарыла бастады.
Дегенмен қазақ публицистикасының көшбасында тұрған Шоқан, Ыбырай, Абай шығармашылығына тоқталмай тарихты бастау мүмкін емес.
Ш.Уәлиханов өзінің публицистикалық мақалалары мен очерктерінде өзі өмір сүрген тұстағы қоғамдық маңызы бар мәселелерді қозғады. Мәселен, Шоқан Сот реформасы атты мақаласында 1864 жылы қазақ елін билеу және онда сот жүргізуге патша өкіметінің жасаған өзгерістеріне қарсылық білдіріп, батыл сынға алды. Сөйтіп ол комитеттің қазақ халқының ұлттық ерекшелігін ескермей, бұқараның пікірімен санаспай, жобаны тек қана билер мен сұлтандардың пікіріне сүйеніп, солардың пайдасына лайықтап жасап отырғанын әшекерледі. Ш.Уәлиханов халық бұқарасының мүдделеріне сай келетін, Россияның озат экономикасы мен мәдениетіне қазақ халқының қолы жетуіне септігін тигізетін ел басқарушылық тәртіп пен өзгерістер болуын күтті. Ш.Уәлиханов әдет-ғұрыпқа негізделген билер сотын уақытша сақтауды жақтады, өйткені ол илерді сайлау тәртібін енгізу жолсыздықтың күшеюіне, парақорлықа, сатып алушылыққа, жік таласына әкеліп соқтырады деп есептеді.
Шоқан - публицист Сахарадағы мұсылманшылық туралы мақаласына әйел теңдігі мәселесін арқау етті. Қазақтардағы шамандықтың қалдықтары атты публицистикалық мақаласы патша өкіметінің жерді бөліске салудағы теңсіздігін сынады. Ол Қырғыздар туралы деген мақаласында Барлық көшпелі халық абйлығының бірден-бір негізі мал екені даусыз, малды өсіру - оның негізгі басты кәсібі деді. Ал Қазақтарды қонысы туралы атты мақаласында ол патша үкіметінен жерді бөлгенде көшпелі қазақтар мен қоныс аударып келген егінші орыс шаруаларынына бірдей тиімді болатын жағын ескеруді талап етті.
Шоқан Уәлихановтың журналистикаға көзқарасы Современниктің, Н.Г.Чернышевскийдің әсерімен қалдыптасты. Оның Абылай, Қырғыздар туралы, Жоңғар очректері сияқты 4-5 мақаласы өзінің көзі тірісінде 1861 жылы жарық көрді. Шоқанның 1865 жылы Лондонда ғылшын тілінде басылып шыққан кітабы осы күнге дейін Британия музейінің кітапханасында сақтаулы. Журналистикамен шындап айналсқысы келетін Шоқанның ниеті майковқа жазған 1862 жылғы хатында айқын көрініс табады.
Алтынсарин көтерген ауқымды қоғамдық мәселелердің бірі - отырқшылыққа үндеу. Қазақ даласындағы ашаршылық жайында деген мақаласында жұт болып, аштық жайлаған қазақ халқының аянышты халін суреттеп, патша өкіметіне қарсы шыққан. Алтынсарин 70-80 жылдары Оренбюургский листок газетіне мақала жазып тұрған, оның редакторы Ефимовский-Мировицкиймен тығыз байланыста болған. Алтынсарин баспасөзді халықты ағартудың, қоғамдық пікірді дамытудың аса маңызды құралы деп таныды. Алтынсариннің Қазақ хрестоматиясын жұрт газет, журналдың орнына пайдаланды. Оның бұл кітабы әрі оқулық, әрі көпшілікке арналған публицистика және көркем әдебиет шығармаларының жинағы, халыққа әр түрлі білім беретін энциклопедияның ролін атқарды.
Таза бұлақ, Бай мен жарлы баласы, Киіз үй мен ағаш үй тағы басқа да осындай очекртерінде де Алтынсарин арам тамақтықты, әділетсіздікке қарсы шықты, адамгершілікті, тапқырлықты өнеге етіп ұсынды. Оның хаттарынан публицистика айқын көрінеді. Хаттарының басым көпшілігінде қоғамдық-саяси маңызы бар мәселелер жөнінде көзқарасын, сырын неғұрлым еркін айтады. Алтынсариннің журналистік және публицистік қызмет іжоғарыда айтылғандай, Оренбургский листокта кең өріс алды. Осы газеттің бетінде 1880-1884 жылдарда оның бірнеше корреспонденциялары, мақалалары, очерктері басылды. Алтысариннің қазақ халқының әдет-ғұрпы жөнінде екі этнографиялық еңбек жариялады. Орынбор ведомоствосы қазақтарында құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрінің очеркі.
Қазақ бойындағы келеңсіз кемшіліктерді сылып алып тастауды көздейтін Абай өлеңдері мен қарасөздері қоғамдық, азаматтық ойларға толы. Бұл қазақ публицистикасының тамаша бастамасы болды. Абай қарасөздері қоғамдық, азаматтық ойларға толы. Абайдың Күлембайға атты өлеңде сайлаушыларын сатып алу жолымен мансап иесі болған болыстарды, пара алған шенеуніктерді сынайды. Абайдың Есек деген памфлет өлеңін Салтыков-Щедриннің Бір мұжықтың екі генералды қалай асырағаны туралы хикая деген шығармасымен салыстырсақ, идеялық байланыстылығын көреміз. Стиль, идеялық мазмұны жағынан алғанда Абайдың қарасөздері нағыз публицистикалық шығарма. Абайдың көзі тірісінде оның Жаз, Күлембайға деген екі өлеңі 1889 жылы Дала уалаяты газетінде басылып шыққан. Осы кезде оның Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат деген тағы бір өлеңі Қазан қаласында басылған бір жинаққа енгізілген. Мұнда Абайдың өзгеге ұқсамайтын өз үні, өршіл публицистің өз идеалдары бар. Бүгінгі қазақ публицистикасының табиғаты сол ұлылар Шоқан, Ыбырай, Абай ойларынан өріс алып жатыр.
Ел мен елдің, соның ішінде түркі халықтарының арасындағы тарихи, мәдени, әдеби достық жолдары, байланыстары ешқашан үзілмек емес. Достықты, тамырластықты насихаттау, зерттеу үлкен міндеттердің бірі болып қала береді.
Түркі әлемінің бай да, асыл рухани-мәдени мұраларын түгел қамтып, жаңғыртып, жаңалап, қалпына келтіру, ұрпаққа оның тұтастығын, ауқымдылығын, мән-мәнісін таныту, паш ету бүгінгі түркі қауымының ХХІ ғасырда алдында тұрған ең абзал парыздарының бірі болмақшы.
Отаршылдық езгіден құтылу жолын іздеген түрікшілдік идеяны уағыздаған қайраткерлер қатары дүниеге келіп, барлық түркі мұсылмандарын азаттық жолына шақырды. Түрікшілдік қозғалыстың белді қайраткерлерінің қатарына қырым және қазан татар ұлттарының азаматтары С.Мақсұдов, Ғ.Исхаков, М.Бигиев, Ә.Топшыбашев түрік бірлігі мен исламдық ынтымақтастықтың идеологиясы негізінде азаттық күресте түркі-мұсылман халықтарының саяси күштерін тұтас бір майданға біріктіруді көздеді.
Түрікшілдіктің көш басында Қырым топырағында дүниеге келген, Мәскеудегі кадет корпусында білім алып, Еуропа мен мұсылман елдерінде болып Шығыс мәселесімен жете танысқан И.Гаспринский тұрды.
И.Гаспринский Ресей мұсылмандарының өзге жұрт мәдениетінен төмендігін, бұлай бола берсе жоғалатынын біліп, оның себебін іздеген.
Ол үшін:
1. Балаларды бастауыш мектепте оқыту, мектептерді заманға муафақ тәртібіне салу, сол тәртіпті Ресейде жалпы мұсылман мектептеріне жүргізу;
2. Ресейдегі түрік қауымдарының ортасында бәріне ортақ түсінікті әдеби тіл тудыру, Еуропа өнер-білімін медреселерде сол ортақ тілмен оқыту;
3. Пақырлық себебінен оқусыз, білімсіз, өнерсіз қалуы мүмкін болған нашарларға қарасып, оларды да оқудан, өнер-білімнен махрұм етпес үшін Жамиған хабарие-лар, Жәрдем жамиатларын ашу керек деп ойлайды.
Ұлттық езгіден шығудың бірден-бір жолы ұлтшылдық деп шешкен Гаспринский алдымен мектепті түзеп, ұлтшылдық тәрбиесін мектептен бастау керектігіне және түрік тілі мәселесіне баса назар аударады.
Түркі тілдес мұсылман халықтарының мәдени бірігуіне алдымен араб алфавитін түркі халықтарының тіліне лайықтап, дыбыстың естілу ерекшеліктеріне сәйкес бір ізге түсірілген жазу усул жәдитке көшуді ұсынады.
Алаштанушы ғалым Д.Қамзабекұлы ол туралы: Бұл жүйе усул жәдит деп аталады (усул ‒ әдіс деген сөз). Қырымдағы Бақшасарайдың Зинджирлы медресесінде басталған осы жаңаша оқыту әдісі санаулы жылдарда Ресейдің күллі мұсылман аймағына, тіпті шетел ‒ Үндістанға дейін тарайды, - дейді.
И.Гаспринскийдің туындылары зерттеліп қаралғанда, үш негізгі тақырып назарға түседі. Бұлар батыстың жаңа және пайдалы пікірлерін үйреніп, мұсылман әлеміне тарату, білім жүйесін жаңа әдістерге орай жаңалау және Османлы түрікшесінің бүкіл түркі әлемінде түсінікті болатындай ортақ әдеби тіл болуын қамдау. Ол өмірі бойы Османлы түрікшесінің барша түрік түсінетін ортақ әдеби тіл ретінде қабылданып, қолданылуы үшін жұмыстанды. Бірақ оның қалағаны шетелдік сөздермен араласқан османлыша емес, халық жақсы түсінетін және шет тіл сөздерінен тазаланған османлы түрікшесі болатын.
Оның ыдыраған түрік халықтарын жақындастыру үшін ойластырған құралы жоғарыда айтқанымыздай ортақ әдеби тіл болатын. Осы жолда көп күш жұмсалды. Алайда, ортақ әдеби тіл үшін Қырым татар тілін таңдауы дұрыс емес болатын.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқының бұрыннан қолданып келе жатқан араб әріпті әліпбиді ана тіліміздің табиғатына сәйкестендіріп, жаңа әдіс құрған кезінде оған қарсы шыққандар аз болған жоқ. Әртүрлі зиялылар арасында да пікір қайшылықтары болды. Ж.Шияшев Айқап журналында Бірге қозғалайық деген тақырыпта мақала жариялайды. Бұл мақалада Ахмет Байтұрсынұлының татарлардың жол көрсетушілігін қабылдағысы келмегенін және бүкіл түрік халықтары үшін ортақ тіл ұсынысынан қашып, қазақ халқын бөлек ұстағысы келгенін жазды. Бұған А.Байтұрсынұлы былай деп жауап береді: Түрік тілінің бәріне қомуми емле болу керек десек, түріктің қай баласында азбаған тұнық тіл, түзу емле қазақта боларға тиісті. Неге десек: ата кәсібін тастамай істеп келе жатқан - қазақ. Басқа жұртқа араласпай, өз алдына оңаша, оқшау жүрген - қазақ. Жат жазудың ыңғайына қарап, басқалардан тілін бұзуға, арасына жазу жайылмаған түрік баласы - қазақ...
Егер де Гаспринскийдің сөзін тірілтеміз десек, ұлығ іс үшін ұсақ намысты қойып, түріктің тұнық тілін, түзу емлесін алу керек. Азбаған асыл тілден емле шығарып, соған қарап басқа емлелерді түзету керек.
Ақтығында айтатыным: бұл күнде жазылып жатқан кітаптарда, газеттерде, журналдарда қазақ тілінде болсын, татар тілінде болсын анықталған қағидалы емле деп айтуға да жол жоқ. Тұтынып жүрген емлеміз сап түзеген солдаттардай болғанша, мұндай сөзді қозғау түзелуімізге себеп болады, - дейді.
Исмаил Гаспринский 1883 жылдан бастап өзі түзген әліпби негізінде Тілде, істе, пікірде бірлік деген ұранмен Тәржіман газетін шығарып, мұсылман халықтарын саяси оянуға шақырады.
Ол туралы Ә.Бөкейхан: Исмайыл мырза Тәржіман-ды өзі жазған, баспаханада харіпті өзі тізген, мәшинәда өзі басқан, газетаны өзі бүктеген, шаһардағы алушыларға өзі үлестірген. Сөйтіп бейнеттеніп жүріп Тәржіман-ның бір жағын орысша, бір жағын түрікше толтырып, жеті сайын шығарып, таратып тұрған, - деп оның газетті оңайшылықпен шығармағанын, газет шығару үшін қанша бейнеттенгенін атап өтеді.
Баспа үйін ашу, қағаз бен сия сатып алу, мақала жазу, газетті басу бір басына жүктеледі. Тәржіман бастапқыда аптасына бір рет шықса, кейіннен күн сайын шыға бастайды. Газет шыға бастаған кезде көпшілікті қызықтыратын, өзекті мәселелерді терең талдап, халыққа жариялап отырады. Ақиқатты бұлтартпасыз жазатын және халықты ойлануға шақыратын газет үкімет жауаптыларына ұнай қоймайды. Баспа үйі мен басушыны тексерулер, жазалау, тінтулер болады. Бірақ, бұлар Исмаил мырзаны тоқтата алған жоқ, қайта жігерін жанып, күшіне күш қосты.
Исмаил мырзаның бір ерекшелігі оның бірнеше тілді меңгергендігі болып табылады. Барлық түрік тілдерімен қатар орыс және француз тілін де жетік білетін.
Бірнеше тілден аударып Тәржіманда жариялаған бірқатар хабарлары арқылы бұлай жасай алмаған бауырларына көп көмек тигізді. Қазан төңкерісіне дейін Тәржіман секілді ұзақ мерзім, яғни 33 жыл бойы басылған басқа түрік-мұсылман газеті жоқ. Газет барлығы 35 жыл басылды, бұл жылдары түрік жұртына қызмет етті.
Бұл жан айқай жайлы Сұлтанмахмұт Торайғырұлы Суыққа тоңып ыстыққа піскен, ащы-тұщыны ішкен дегендей көпті көрген қариямыз Тәржіман ақсақал 1331-інші номерінде жерді шарт жүгініп қолындағы мойыл таяғыменен жерді сабап, Қазақ, қырғыз, башқұрттар-ау. Топырақ. Топырақ. Топырақ деп сақалынан суы сорғалап бай-байлап отыр деп оның сөздерінің қазақ ақсақалдарына ұқсамайтындығын, құрметке бөлену үшін айтылған жалаң, екіжүзді, бос сөздер еместігін, қолымен ұстап, көзімен көрген және басынан өткізген ащы тәжірибемен, ашына айтылған сөзге ұқсайтындығын қазаққа тағы да қайталап айтып жеткізеді.
Түркі халықтарының тағдыры, тілі, діні, салт-дәстүрі, тарихы, ауыз әдебиеті, аңыздары, мақалдары, ойшылдары, хандары және батырлары газеттің қозғаған маңызды мәселелері болып табылады. Бұл мәселелердің көпшілігінің қазірдің өзінде маңызын жоғалтпағанын және өзектілігін білеміз. Кедергі қойылғанына қарамастан Тәржіман қазақ халқының мәдениеті мен тарихымен де айналысты.
Біздің Қырым жақта екі түрлі халық бар болатын. Біразы көшпенді еді. Солар жүз жылдың ішінде тарих бетінен жоғалып кетті. Ал, егін, бақшамен күн көріс жасағандар сақталып қалып, олардың сандары арта түсті.
Құдайға шүкіршілік, Торғай қырғыздарының ішінде егін ісімен айналыса бастағандар көп. Сырдария уәләяты, Ташкент және Шымкент қалалары қазақтарының арасында да бұл іс қолға алына бастады. Қырғыз-қазақ бауырларымыз әрдайым аман-саулықта болсын деп егіншілікпен айналысып, отырықшылыққа бет бұрған қазақ халқының ісіне қуанады.
Сонымен қатар қазақтардың жер мәселесіне бей-жай қарамай, өз ойын білдіреді: Қырғыздардың өздерінен артылған жерлері бар болса және мемлекет істері үшін керек болса артық жер алынсын, көшіп келушілерге берілсін, алайда алынған жерлердің әділетті түрде құны төленсін, бұл қаражат қырғыз-қазақтардың түрлі қажеттіліктеріне, ғылым мен мәдениетті таратуға, балалар үйі мен ауруханалар салуға жұмсалуы керек.
Егер қырғыз-қазақтардың ешқандай жері болмай, барлық жердің мемлекеттікі екендігі анықталса да қырғыздарды ренжітуге болмайтындықтан оларға қажетті жерді және өзен жағалауларын көшіп келушілерге бермеу керек. Өйткені, қырғыздар да осы отанның ұрпағы. Солай емес пе?.
Исмаил мырза 1914 жылы 24 қыркүйекте қайтыс болған кезінде бүкіл мұсылман әлемі, әсіресе түрік халықтары қатты қайғырып, аза тұтты. Бұл қайғылы хабарға қазақ халқы да қатты қамықты. Мұны қазақ қаламгерлерінің жазған қазанамаларынан байқауға болады.
Мұхамеджан Сералин оның қайтыс болғанын естіген кездегі сезімін былай жеткізді: Осы сентябрь жұлдызының 11-і, бейсенбі күні Бақшасарай шаһарында бүкіл мұсылман дүниясында аты мәшһүр Тәржіман газетасының басқарушысы һәм бастырушысы И.Гаспринский 65 жасында қайтып, жұма күні 12 сентябрьде көр иесі болды. 35 жылдан бермен қарай бүкіл Русие мұсылмандарына жолбасшы болып, ғылым шырағын қолына алып, жұрттың жүрер жолын жарық қылып келе жатқан бір данамыздан, бір маңғаз серкемізден айрылдық. Күні кеше жұрт қамы үшін қайғырып жүрген бір Асан қайғымыз арамыздан жоғалды. Күні кеше бар еді, бүгін жоқ болды, топырақ астына кірді. Бұл өлім - жуырда орны толмастай бір өлім.
Ал, алаш қайраткерлерінің бірі Хайретдин Болғанбай Исмағилбек Ғаспринскийдің жылы атты мақаласында Жылдар түгіл, ғасырлар өтсе де ұлт баласының жүрегінен жойылмайтын бір қазаға біздің Русиядағы түрік тұқымы душар болды. Сол күні ұлтымыздың кемеңгер атасы, көсемі, ардақты Исмағилбек біздің арамыздан мәңгілік жайына қайтты. Неше миллиондаған түрік балаларын артына жетім қалдырды. Бұл хабардың Русиядағы бүкіл түрік-татар жұртына қаншалық батқаны уақытында матбуғат жүзінде жайылған қайғылы мақалалардан көруге болады. Русияның һәр тарапына газета басқармаларына келген сансыз телегірем бұл қазаның жалпы болғанын көрсетті. Мызғымас атамыздан айырылдық, қайыспас қорғанымыз құлады деп көздің жасын көл қылып жазған мақалалармен матбуғат жүзі толды - деп жазады.
Исмаил Гаспринскийді қазақ қайраткерлері өздеріне ұстаз тұтты. Шәкәрім Құдайбердиев оны өзіне ұстаз тұтқанын Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі еңбегінде Алдында өткен, тәрбиесін көрген Абайдан соңғы ұстазым - Тәржіман газетінің иесі Ысмағұлбек Гаспринский десем бек дұрыс. Анықтық үшін сол кісінің газетін оқып, бек көп пайдаландым. Алла екі дүниеде мақсатына жеткізсін, әмин, - деп атап өтсе, М.Сералин Русие қол астына қараған 20 миллион мұсылмандардың оқымыстыларының барлығына Гаспринский ұстаз еді. Барлығы да ол марқұмды білуші еді, сүюші еді, сыйлаушы еді... Біздер Исмағилбек арқасында өзімізді тани бастадық, дүнияда қандай ғылым, қандай хабар барлығын көре бастадық, бұрынғы өтіп кеткен аталарымыздың қандай хабарлы екендігін біле бастадық. Жеңіл тәртіппенен оқытудың пайдалы екендігіне өзіміздің ана тіліміз сүйкімсіз тіл емес, ең қадірлі тіл екендігін білдік. Тілсіз жұрт жансыз жұрт секілді екендігін аңғардық, біз бұрын жансыз өлі кеуде едік, Гаспринский бізге жан бітірді, өлі денеге рух кіргізді, - деп оның есімінің қазақ халқы үшін қаншалықты қымбат екендігін жазады.

Бақылау сұрақтары:
1. Ұлттық публицистикасының көшбасшылары Шоқан, Ыбырай, Абай шығармашылығы туралы тың деректер.
2. Шоқан Уәлихановтың хаттары мен очерктері, ғылыми мақалаларына сараптама.
3. Ыбырай Алтынсариннің этнографиялық очерктері, мақалалары.
4. Абай Құнанбаевтың қарасөздеріндегі публицистикалық сарын.
5. Тәржіман газетінің тарихы.

Студенттің оқытушымен жүргізілетін жұмысына тапсырма:
1. Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар деген тақырыпта эссе жазу.
2. Абай-дана, Абай-дара қазақта атты тақырыпта тұсаукесер сабағын өткізу.

№3 дәріс
Түркістан уалаяты газеті (1870-1882жж)

1. Басылымның жалпы бағыты
2. Газет көтерген мәселелер.
3. Ресми және ресми емес бөлімдері.

Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.Қ.Аллаберген.,Ж.Нұсқабайұлы.,Ф.Ор азай. Қазақ журн- тарихы.А.,Рауан. 1996. 3-23бб.
2. Түркістан уалаятының газеті (құрастырған Ү.Сұбханбердина) А., 2000. 395бб.

XIX ғасырдың екінші жартысыңда қазақ елін, жерін патшалы Ресейдің толықтай билеп алуына байланысты Қазақстанның Ташкент, Орынбор, Омбы, Орал сияқты кейбір ірі қалаларында патша өкіметінің жергілікті әкімшілік орындарының жеке ресми органдары ретінде жергілікті ұлт тіліндегі алғашқы газеттер шыға бастады. Әрине, бұл басылымдар қайткен күнде де қазақ халқының қамын ойлап, оның әлеуметтік-шаруашылық және мәдени-ағарту тілектерін ескергендіктен шығарылған жоқ, қайта патша үкіметінің отарлау саясатын күшейте түсу, оның бұйрық-жарлықтарын жергілікті халықтың ана тілінде жариялап, сөзсіз орындату, сондай-ақ оның ресми көзқарастарын тұрғындар арасына кеңінен таратып, қол астындағыларды шексіз бағындырып ұстау мақсатымен шығарылды.
Алайда патшалық Ресейдің осындай жымысқы саясатына қарамастан Қазақстанда ұлт тіліндегі өз баспасөзінің тууы халықтың санасын оятып, мол рухани байлыққа ие болуына елеулі түрде әсер етті. Оны мынадай мысалдардан айқын байқауға болады. Мәселен, қазақ баспасөзінің тұңғышы Түркістан уалаятының газеті екендігі белгілі. Ол сол кездегі Туркістан генерал-губернаторлығының орталығы Ташкент қаласында 1870 жылдың 28 сәуірінен бастап, орыс тілінде шығатын Туркестанские ведомости газетіне қосымша ретінде айына төрт рет (екі саны өзбекше, екі саны қазақша) шығарыла бастады.
Газеттің редакторы -- ұлты башқұрт болса да, қазақтың намысын қорғап, сойылын соққан, шығыстың көп тілдерінде еркін сөйлеген, генерал-губернатордың тілмашы болған ізгі ниетті азамат Шахмардан Мирасұлы Ибрагимов еді. Ал, бұл басылымның аудармашысы, әрі әдеби қызметкері болып Хасен Жанышев, Заманбек Шайхы Әлібеков, Жүсіп Қазыбековтер жұмыс істеді.
Түркістан уалаяты газетінің ресми және ресми емес деп аталған басты екі бөлімі болды. Ресми бөлімде патша өкіметінің бұйрық-жарлықтары жарияланып, үкімдері түсіндірілсе, ресми емес бөлімде отырықшылық, егіншілік, мал шаруашылығы, сауда, ішкі-сыртқы жағдайлар, әдебиет, мәдениет, білім, ғылым, өнер және әйел теңдігі мәселелері қаралды. Оған кезінде газет беттерінде жарияланған 1731 жылы Қазақстан Россияға өз еркімен қосылды ма?, Қазақ жеріне жоңғар, қоқан шапқыншылығы, Орыстардың Орта жүзді жаулап алуы, Оңтүстік Қазақстанның Россияға бодан болуы туралы мәселелермен қатар, қазақ даласындағы Кенесары хан, Сырым, Исатай-Махамбет батырлар бастаған азаттық көтерілістердің жазылуы да куә. Оның үстіне тікелей патша жарлығымен қазақтардың ең шұрайлы жерлерінің орыс переселендеріне күшпен тартып алынып беріліп жатуы жөнінде материалдардың жариялануы редакция қызметкерлерінің үстанған бағыт-бағдарларын көрсететін еді. Қазақ тілінде шығатын газеттің 1882 жылы ешбір себепсіз жабылып қалуы да осындай істерге байланысты сияқты.
Түркістан уалаятының газетінде жоғарыда айтылған жайлардан басқа мәдеңиет, оқу, білім, әдебиет, тарих пен этнография, археология және тағы да басқа мәселелерге қатысты материалдар, мәселен ауыз әдебиеті үлгілері де жарияланып тұрды. Тұңғыш газет өз оқырмандарына Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты біртуар перзеиттерінің өмірі және еңбек жолдарымен алғаш рет болып танысуларына мүмкіндік жасады.
Басылым беттерінен бұдан басқа орыс және еуропа халықтарынын өнері мен мәдениеті, ғылым, білімі жайында да жарияланған матерналдарды табуға болады. Ал, түрлі проблемаларға арналған ғылыми мақалалар, егіншілік, агрономия, ветеринария, зоотехника туралы ақыл-кеңестер өз алдына бір төбе. Мұнда орыс журналистикасының әсерімен заметка, корреспонденция, мақала, фельетон, очерк сияқты баспасөз жанрларының түрлері пайда болды. Мәселен, Түркістан уалаяты газетінің 1870 жылғы 4-нөмірінде Түркістан өлкесінде бірінші рет ашылған почта-телеграф қатынасы туралы хабар берілді. Мұның өзі көшпенді халықтың өміріне кіре қоймаған соны жаңалық еді. Сондай-ақ басылымның 1871 жылғы 14-нөмірінде Алматы қаласында ағаш тілетін (судың күшімен) зауыттың ашылғандығы хабарланды және Ташкент, Орал қалаларының экономикасына арналған түрлі мазмұндағы материалдарды да жариялап тұрды. Бұдан біз газет тілшілерінің қазақ қоғамында жаңадан қалыптаса бастаған өндіріс тақырыбына да қалам тартқанын байқаймыз. Газет негізінен отаршылдық саясат ұстады десек те, кей жағдайда халыққа оң пиғылды танытып отырған. Мәселен басылымның 1871 жылғы 14-нөмірінде Генерал-губернаторға қараған жерде болған уақиға деген мақала жарияланды. Онда отаршылдық езгіге қарсы бас көтеру болып, Қарасу бекетіне шабуыл жасалғаны туралы ашық айтылды. Сондай-ақ газеттің 1882 жылғы 18-нөмірінде басылған екінші бір мақалада қазақтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрімен Россия заңының арасындағы қарама-қайшылық, ашып көрсетілді.
Қазақтарға соққы болып тиген ауыр оқиғалардың бірі Туркістан уалаяты газетінің бетінде көшпенділердің бір жерден екінші жерге губерния бастығының рұқсатынсыз көше алмайтындығы туралы жарияланған патшаның жарлығы болатын. Бұл сол кезде еркін халықтың қол-аяғын еріксіз кісендеудің ең сорақы түрі еді.
Басылымда осымен қатар, отырықшыландыру проблемасы жиі сөз болды. Оған Жетісу облысындағы Ларионовтың диқаншылық тәжірибесі туралы және Түркістан қаласы маңындағы қазақтардың саудамен, егіншілік кәсібімен айналысатындығы, онда Америка мақтасының сортын егу жөніндегі жарияланған материалдар дәлел бола алады.
Қазақ жеріне де капиталистік қатынастың орнай бастағандығын газет беттерінде сауда, өндіріс мәселелерінің қанат жаюына байланысты жазылған мақалалардан көруге болады, Мәселен, Ақмоладан базар тақырыпты хабар деген материалда қырда болған сауда хабары және ондагы шикізат бағалары туралы деректер берілген. Осыған орай газеттің кейінгі нөмірлерінде 1866 жылғы ақша реформасы туралы Банк хақында деген ортақ тақырыппен қазақ жұртындағы сауда-саттық, ақша айналымы, банк жөнінде түсініктер беріліп, сауданың пайдасы айтылған. Сонымен қатар, Қытаймен шекарадағы қазақтар арасындағы, Ресей мен Қытай, татарлар мен өзбектер арасындағы сауда қарым-қатынасы көбірек жазылып, банктердің ақшалай қарыз беру ережелерімен таныстыру ұйымдастырылған.
Қазақтың халық позэиясы көне дәуірден белгілі. Оның үлгілерін хатқа түсіру де ерте кезден қолға алынған. Мұны Ж. Баласағұнның Қутадғу білігі тарихи ескерткіштерде кездесетін ескі өлеңдерден, мақал-мәтелдердеи байқаймыз. Сонымен қатар М.Қашқари жинаған мақал-мәтелдердің де бірсыпырасы қазақ халқына етене жақын, байырғы ауыз әдебиеті үлгісі болып саналады.
ХҮІП ғасырдың соңғы жылдарынан бастап қазақтың жоқтау жырларымен бірге Қобыланды, Қозы Көрпеш -- Баян сұлу, Алпамыс эпостары қағаз бетіне тусе бастады. Бұл мәселеге Түркістан уалаятының газеті де айтарлықтай үлес қосқан. Қай елде болмасын, жазба әдебиетінің дамуында баспасөздің рөлі зор болған. Мұның жарқын мысалын Түркістан уалаятының газеті беттерінен де аңғарамыз. Онда алдымен түрлі әдеби жанрлар көрініс тапқан. Мысалы, басылымның 1879 жылғы 28-нөміріңде парақор қазақ билерін әжуа еткен сықак, әңгіме жарияланған. Әңгімеде екі бидің өзара келісе алмай жанжалдасқаны күлкілі суреттеледі. Олардың бірі Сен мырза қожадан алған ділдәға мастанып отырсың десе, екіншісі Сен жұрттан параны жеп-жеп, аузыңнан шыққан сөзді білмей отырсың деп, ақырында екеуі төбелесе бастайды.
Келесі Бір қудың екі байды алдап кеткендігі туралы деген әңгімеде фельетон элементтері басым. Түркістан уалаятының газетінде очерктің портреттік, жолсапар, түрлері де алгаш рет пайда болган. Сондай-ақ онда XIX ғасырдың жетпісінші жылдарындағы Орынбай, Досалыбай, Майлықожа тәрізді атақты ақындардың айтыстары мен өлеңдері және ауыз әдебиеті туындылары жарияланып тұрған.
Басылымда Салық Қарауылұлы Бабажанов жинап бастырған мақал-мәтелдер жұртты ойлантып, толғантып, төзімділік пен ізгілікке, тапқырлыққа баулыды. Осымен қатар редакция қызметкерлерінің тіл мәселесі жөнінен де өзіндік көзқарасы болған. Оны Орынбай ақын шығармаларының тілін мақтап, өзбек, татар, араб сөздерімен шұбарланған кей автор туындыдарын сынаған мақалаларынан аңдаймыз.

Бақылау сұрақтары:
1. Түркістан уалаятының газеті шығу себептері мен қоғамдық-саяси жағдай.
2. Түркістан уалаятының газеті авторлары мен реадкторлары.
3. Түркістан уалаяты газетінде жарық көрген мақалалар мен публицистикалық жанрлар.

№4 дәріс
Дала уалаяты газеті (1888-1902жж)

1. Газеттің бағыты. Авторлар құрамы.
2. Ресми емес бөліміндегі материлдар.
3. Газетте басылған орыстың озық ойлы ғалымдары мен ақын-жазушыларының шығармалары.
4. Басылымның қазақтың қоғамдық және әлеуметтік өмірін бейнеленуі.

Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.Қ.Аллаберген.,Ж.Нұсқабайұлы.,Ф.Ор азай. Қазақ журн- тарихы.А.,Рауан. 1996. 3-23бб.
2. Ү.Сұбханбердина Дала уалаятының газеті А., 1988,1991, 1994,1996.

Түркістан уалаяты газетінен кейінгі өзіндік тарихи орны бар қазақ тіліндегі екінші басылым - Дала уалаятының газеті жаңадан құрылған Омбы генерал-губернаторының органы ретінде Омбы қаласында 1888 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1902 жылдың 12 сәуіріне дейін 14 жыл қатарынан жарық көріп тұрған. Оның орысшасы Киргизская степная газета деп аталған. Газеттің редакторы ретінде әр кезде И. Козлов. К.Михайлов, Г.Абаза деген кісілер қол қойып отырған. Ал басылымның қазақшасын үзбей редакциялаған генерал-губернатор канцеляриясының аға тілмашы ЕАбылайханов пен Д.Сұлтанғазиндер болатын. Газетте Р.Дүйсенбаев, Б.Чалымбеков және тағы басқа бірнеше адам аудармашы әрі әдеби қызметкер міндетін атқарған. Сондай-ақ мұнда арнайы тілшілер ретінде О.Әлжанов, Ж.Аппасов, Ш.Айманов, Д.Иманқұлов, Л.Қылышбаев, А.Нөгербеков, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Қ.Жанатаев, А.Шонаев, Б.Әбдіков жиі мақала жазып тұрған. Редакция қызметкерлерінің және газет авторларының арасында Мұхаметжан Сералин, Асылқожа Құрманбаев, Қорабай Жапанов секілді халық арасынан шыққан, оқыған прогресшіл бағыттағы адамдар да болған.
Газет патшаның реакцияшыл, отаршылдык, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗІ
Қазақ тіліндегі баспасөздің алғашқы басылымдары
Қазақ ұттық баспасөзінің дамуы
Ұлттық баспасөз ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының дерек көзі
Қазақ газеті және Серке - қазақтың тұңғыш бейресми газеттер
Қазақ жастары мерзімді баспасөзінің тарихы (ХХ ғасырдың басы – 1940 жж.)
«Қазақ» газеті және оның қоғамдық саяси қызметі
Ғасыр басындағы қазақ әдебиеті мен қазақ баспасөзінің, интеллигенцияның қалыптасуы
«Қазақтағы» әдебиетті зерттеу мен әдеби сын мәселелері
XX-ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі ұлт зиялылары
Пәндер