Қазақ журналдарының тарихы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 95 бет
Таңдаулыға:   

Мамандыққа кіріспе пәнінен журналистика мамандығының студенттері үшін

ДӘРІСТЕР

Лекция1. Мамандыққа кіріспе пәні: мақсаты мен міндеті, ерекшелігі

1. 1 Мамандыққа кіріспе пәнінің мақсаты мен міндеті

1. 2 Мерзімді басылымдар және оның бөлінісі

1. 3Газеттің табиғаты

1. 4Журналдың табиғаты

https://openu. kz/kz/book/media-zh-ne-zhurnalistika-teoriya-men-praktikaga-zhanga-kozqaras

https://modernlib. net/books/rendall_devid//read

http://zhanakorganlib. kz/blog/21063/

https://pps. kaznu. kz/3/Main/ChairPublications/107/1/0/2012

https://search. rsl. ru/ru/record/01002453847

https://vk. com/wall407940086?own=1&offset=60

Мақсаты: Бұл курс мамандықтың қыр-сырын игеріп шығу үшін терең білім беруге арналады. Журналистиканың қоғамдық өмірдегі алатын орны мен атқаратын қызметі хақында, бұқаралық ақпарат құралдары сүйенетін демократиялық принциптер мен міндеттері жайында, сөз бостандығының жүзеге асырылу шарттары турасында жан-жақты теориялық мағлұмат береді. Сонымен бірге шығармашылық жұмыс, ақпарат алу ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдерін, заңдылықтарын, шығармашылық жұмыстың көркемдік әдіс-тәсілдерін қарастырады.

C:\Users\user\Desktop\00000.jpg

  • «Журналистика» терминінің төркіні француздың «journal» сөзінде жатыр. Мағынасы: «күнделік», «журнал». Ағылшын тілінде «journalism», неміс тілінде «Journalistik» деген сөздер де бар.
  • “Газета” сөзі Венецияда пайда болған: бір парақ жарнама бір гадзетаға (ақша атауы) сатылған. Уақыт өте келе газета сөзіне айналған.
  • -МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗ БАСЫЛЫМЫ -тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы;
  • • -БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛЫНЫҢ РЕДАКЦИЯСЫ - жеке тұлға не бұқаралық ақпарат құралына материалдар жинауды, дайындауды жəне шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын шығармашылық ұжым;

ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ БАСТАУЫ:

  • Қазақ баспасөзінің тұңғышы саналатын "Түркістан уәләяты" газетінің бірінші номер 1870 жылы 28 наурызда шықты.
  • Газет қазақ және өзбек тілдерінде басылған еді. "Түркістан уәләяты" Түркістан генерал-губернаторының ресми органы болып саналады.
  • "Дала уәләяты“ (1888-1902) 1888 жылы қаңтардың 1-нен бастап Омбы қаласында Дала генерал-губернаторының органы ретінде шығып тұрды.

Журналистика…

  • Журналистика - баспасөз, радио, теледидар, кино, интернет сияқты ақпарат құралдары арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және табиғи құбылыстар жөнінде жұртшылыққа мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын әдеби-шығармашылық қызмет түрі.
  • Журналистика - белгілі бір халықтың нақты бір кезеңде шыққан газет-журналдарының жүйесі, оларда жарияланған материалдар жиынтығы.
  • Журналистика - баспасөз тарихын, теориясы мен практикасын зерттейтін ғылым саласы.
  • Журналистика - әдеби -шығармашылық қызмет түрі ретінде саяси, салалық, тақырыптық т. б. басылымдар, радио және телебағдарламалар арқылы қоғамдағы көкейкесті мәселелерді қозғап, алуан түрлі аудиторияны әлеуметтік, саяси және арнаулы мағлұматтармен қамтамасыз етеді.
  • Журналистика - Қоғам дамуының заңдылықтары, әлеуметтік, экономика және рухани мәселелер жөнінде мағлұмат беріп, жұртшылықтың қоғамдық пікірін қалыптастырады.
  • Журналистика - бұл өткен дәуірде, қазіргі кезде, келешекте де өз құндылығын жоғалтпайтын мамандық.
  • Журналистика - қиындығы, қызығы қатар жүретін, өте көп ізденісті, үнемі біліміңді тереңдетуді талап ететін сала.

Журналист - өмір барлаушысы

  • Журналист - қоғам тірлігінің тамыры.
  • Журналист - ол ағартушы, зерттеуші.
  • Журналист - әмбебап мамандық иесі.
  • Журналист - өзгешелікке тез бейімделетін, көнгіш, төзімді маман.
  • Журналист - өз елінің патриоты, мемлекетшіл азамат.
  • Журналист - алынған ақпараттың растығын тексеретін, куәлігін көрсету арқылы кезкелген даулы оқиғаларға қатысуға мүмкіндігі бар жан.

Газет - халық­тың көзі, құлағы һәм тілі (Ахмет Байтұрсынұлы)

Журналистің - жегені - жантақ, арқалағаны - алтын (Шерхан Мұртаза)

Журналист - талантты болса, науқасы да қатты болады. Ауруынан жартылай айыққан журналист - сыншы. Ал егер журналист осы сырқаттың созылмалы түріне шалдықса, жазушы болғаны. (В. Лебедев)

Журналист - өз газетінде сараланатын жазушы. (Адриан Декурсель )

1840 жылы француз жазушысы

Оноре де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атады

1. Заң шығарушы

2. Орындаушы

3. Сот

• Ойы бар журналист отырмас.

• Ұйқысы бұзылған журналистің рахаты мол.

• Талантты журналист тақымын суытпайды.

• Бұрқыратып көп жазғанша, шындықты шырқыратып аз жаз!

ЖУРНАЛИСТИКА - өмір шындығын білу құралдарының бірі. Журналистер-газеттер мен журналдардың, радио мен телевизияның, баспа мекемелерінің, хабар агенттіктерінің қызметкерлері, насихатшылары. Журналист қоғамдық және саяси саладағы қоғам қайраткері, кемел ойдың, шабытты пікірдің иесі, келелі ойдың насихатшысы.

Журналист мамандығы көптеген атақты ойшылдар мен талантты адамдардың мамандығы. Қазақтың ардақты ұлдары А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, С. Қожанұлы, Б. Майлин, М. Шоқай, С. Сейфуллин сияқты ұлы тұлғаларының газет шығару ісіне, қазақ журналистикасының дамуына қосқан үлестер орасан зор. Тіпті, әлемді мойындатқан, есімдері алтын әріптермен тарих беттерінде сақтаулы Абай, Ыбырай, Шоқан бабалар шығармалары әсіресе, қазақ ауыз әдебиеті мен фольклорлық туындылары және салт-тұрмысқа байланысты мақалалары, ғылым-білімге үндеген жалынды ойлары басылым беттерінде жарияланып тұрды.

Орыстың атақты деген жазушылары да шығармашылық жолын алғаш журналистика саласынан бастаған. Мысалы, В. Г. Белинский журналистиканы озық идеаларды таратудың қуатты құралы деп білсе, Н. Г. Чернышевскийдің пікірінше журналист-публицист өз заманының алдыңғы қатарлы адамы болуға, өз халқына адал қызмет етуге борышты. «Мен үшін, -деп жазды ол, - журналист адамның асқақ мұраты, ардақты да абзал жан». Сол сияқты атақты орыс сатиригі М. Е. Салтыков-Щедрин өзін әрі әдебиетші, әрі журналистпін санаған. М. И. Калилиннің сөзімен айтқанда «Тілші дегеніміз-жұртшылықтың көзі, ол қоғамдық пікірді қалыптастырады». «Қазақ» газетін шығарған ұлтжанды А. Байтұрсынов: «Газет-халықтың тілі, көзі һәм құлағы» деген.

Шынында да тілші қызықты фактілерді, бағалы пікірлерді, кеңестерді, ұсыныстарды бал жинаған арадай жинап, сонан соң оларды екшеп, електен өткізуі керек. Кейде жас болашақ журналистер бір жазғаны басылмаса, редакцияларға өкпелеп, енді қайтып жазбай қояды, не болмаса төрт-бес жазған хабары жарық көрсе болды, жазуға төселіп қалдым «Мен-нағыз журналистпін» деп кеудесін соғады. М. Горький: «Жақсы жазу үшін ана тілін жетік білуі керек. Ол журналистерді өмірдің қайнаған ортасында болуға, ел тіршілігінен қызықты фактілер алуға шақырады» дегенін есте үнемі сақтау керек. Қазақ жазушыларының, ақындарының қай ұрпақ, қай буын өкілдерінен сұрасаңыз да «Мені газет баулыды», «Мені газет өсірді», «Алғашқы ұшқан ұям -газет» демейтіндері кемде-кем. Мысалы, А. Тоқмағамбетов « . . . 1927 жылы бір бюрократты бейнелейтін «Төрде отырған төраға» деген сықақ өлең жазып, «Еңбекші қазаққа»(Сәбит Мұқановқа) апарып едім. Сәкең маған үлкен мейір көрсетті. Қолыма куәлік беріп, тілші қаратына тартты. Міне, содан бері журналист атағынан айырылғаным жоқ. Қайта журналистикадан басталған қаламым мені жазушылар қатарына әкеліп қосты. Сондықтан мен «ЖУРНАЛИСТ» деген сөзді жанымдай жақсы көремін»-дейді. Ж. Аймауытов қазақтың тұңғыш сатиралық журналы «Шаншарды»(1925) дүниеге әкелген. Ол алымды, шалымды сатирик, көреген, соны мәселелерді көтере жазған мақалалары білікті, білгір журналист екендігінің куәсі.

Қазақ поэзиясының жарық жұлдыздарының бірегейі, зиялы азаматымыз М. Дулатов мақалдап, мәтелдеп жазудың шебері. Жиырма жасынан кейін өзінің бүкіл шығармашылық өмірін баспасөзбен байланыстырған. Ол журналистік қызметін Петербургтен бастаған. «Татар тілінде сол жерде «Үлфәт» газеті шығып тұрған. Соның жанынан «Серке» атты журналын шығарған. М. Жұмабаев «Шолпан», «Сана» журналдарымен қатар «Ақ жол» (1922) газетінде қызмет атқарған.

С. Қожанов «Ақ жол» газетінде редакторлық қызмет атқарған. Жалынды публицист, журналист ретінде Орынборда шыққан «Ұшқын» газетінде, «Қызыл Қазақстан» журналында, «Жаңа мектеп» журналында елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап көптеген материалдар жазды. Журналистика жүйрігі І. Жансүгіров «Жас Алаш» газетінің алғашқы нөмірін шығаруға белсене атсалысқан.

Лекция2. Журналистика: дәреже, өнер, мамандық

2. 1. Журналистік кәсіптің белгілері. Журналистік қызметтің ерекшеліктері. Журналистік мәтін. Журналистік шығармашылық.

2. 2. Журналистің әлеуметтік қызметі - мамандықтың шығармашылық ерекшеліктерін анықтайтын бірден-бір фактор.

2. 3Журналистика саласының ерекшелігі

. . . Не сөйлейтініңді біл. Кімге сөйлейтініңді біл. Қай жерде сөйлейтініңді біл. Қай кезде сөйлейтініңді біл. Қалай сөйлейтініңді біл. Оны білмесең, сара сөзің шала болады, арты жала болады, әкең қапа болады.

Бөлтірік шешен

Қазақтың аса көрнекті қоғам қайраткері, ақын, аудармашы ғалымы Ахмет Байтұрсынов «Газет халықтың көзі, құлағы һәм тілі»

ЖУРНАЛИСТ мамандығының білім алушылары ең алдымен бұл кәсіптің өзіндік ерекшелігін білгені жөн. Журналист - басқа ешқандай мамандыққа ұқсамайтын қызығы мен қиындығы орасан зор, өте үлкен жауапкершілікті қажет ететін, жалқаулық пен немқұрайдылықты көтермейтін, еріншектікке мүлдем жол беруге болмайтын, кемшілік пен жақсылықты қатар көре алатын қырағы көзді, бір сөзді, тілі үйірімді, ойы иірімді жандардың ғана қолынан келетін мамандық.

Әрбір қоғамада БАҚ-тың қызметтері өте айқын белгіленген:

Болған оқиғаны жылдам хабарлайды; (газет, журнал)

Болған оқиғаны жылдам көрсетеді; (телевидение)

Орын алған оқиға туралы жауапты мамандар пікірін береді; (барлық БАҚ)

болған оқиғаға қатысы бар адамдардың пікірін өз дауысымен береді.

(радио)

Журналист «жаудың отын жалаң төсімен жабуға бар жауынгер» сияқты батыл, ұлты үшін ұстасуға дайын қайсар, «қара қылды қақ жара алатын» әділ, мамандығына адал, айтылған сынға төзімділік танытумен қатар сабырлылыққа да ие болатын жан. Сол себепті де, журналистика - «адам жанының инженері» аталады.

C:\Users\user\Desktop\01.jpg

Журналистің - жегені - жантақ, арқалағаны - алтын ( Шерхан Мұртаза ) .

C:\Users\user\Desktop\0101.jpg

C:\Users\user\Desktop\0202.jpg

C:\Users\user\Desktop\0303.png

Лекция3 . Мерзімді басылым саласындағы зерттеулер, тұжырымдар, қағидалар

3. 1 Қазақ журналистикасының тарихы, пішіні туралы ғылыми еңбектер

3. 2 Орыс тілді ғалымдардың және Ресей ғалымдарының мерзімді басылымдар туралы ғылыми еңбектері

3. 3Мерзімді басылымдар саласындағы қазіргі зерттеулер

Оқулықтар:

  • Омашұлы Н. Жол үстінде - журналист. - Алматы. : Атамұра, 1999. - 168 б.
  • Қожакеев Т. Жас тілшілер серігі. А. : Рауан, 1991. - 225 б.
  • Сердәлі Б. Қазіргі газет жанрлары. А:2011
  • Бекниязов Т. . Журналистиканың терминдері мен ұғымдары, Алматы «Қазақ университеті» 2004 жыл.
  • Қазақстандағы бұқаралық-медиа. Алматы, 2001
  • Қарақұлов Ә., «Баспасөз және уақыт тынысы», Алматы, 1976 ж.
  • Жақыпов Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. Монография. - Алматы: Білім, 2004
  • Қожакеев Т. Қ. Таңдамалы шығармалар. YII т. - Алматы: ҚАЗақпарат. 2007
  • Е. Прохоров. Журналистика. Государство. Общество. М, 1996.
  • Қазақ журналистикасы. 3 томдық 1-т:Қазақ баспасөзі. - Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2008. - 352 б.
  • Жақып Б. Публицистикалық шығармашылық негіздері. - Алматы: Қазақ университеті, 2007. - 486 б.
  • Камзин К. Журналистика негіздері. - Алматы, 2012.

7. Айдосов С. Б. Кыдырова Л. К. Журналисттердің этикалық кодексі:

Қазақстандағы медиа институттарды өзін-өзі реттеуші механизмдерін дамыту мəселелері жəне халықаралық

тəжірибе. -Алматы, 2008

8. Н. Омашев, Т. Бекниязов, Қ. Шамахайұлы және т. б. Қазақ журналистикасы.

Қазақ баспасөзі, 1-том, -Алматы, 2008 ж., 53-54 бб.

10. Бекниязов Т. . Журналистиканың терминдері мен ұғымдары, -Алматы, «Қазақ университеті» 2004.

11. Шындалиева М. Публицистика жанрлары мен пішіндері. - Астана, 2012.

12. Момынова Б. Газет лексикасы (жүйесі мен құрылымы) . - Алматы, 1999. - 208 б.

Міржақып Дулатов:

  • Әр жұрт, әр мемлекет мәдениет майданында ілгері-кейіндінің қатасыз бір өлшеуіші - баспасөзі болады. Қай жұрттың баспасөзі күшті болса, сол жұрттың өзі де күшті, өзі де өнерлі екендігі көрінеді
  • Ахмет Байтұрсынұлы:

Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яғни қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіппен қисынын, қырын, кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығару - сөз шығару болады. Шығарма дегеніміз осылай шығарған сөз

ҚР БАҚ туралы Заңы:

Журналистика - баспасөз, радио, теледидар, кино, интернет сияқты ақпарат құралдары арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және табиғи құбылыстар жөнінде жұртшылыққа мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын әдеби-шығармашылық қызмет түрі.

УИКИПЕДИЯ АТТЫ АШЫҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯ:

Журналист - жаңалықты халыққа таратушы болып табылады. Ол редакция жұмысында бірінші - ұйымдастырушылық, екінші - әдеби өңдеу, үшінші - шығармашылықпен айналысады.

Т. Амандосов ( Совет журналистикасының теориясы мен практикасы) . -Алматы, Мектеп, 1978. -273 бет

  • Публицистика- өмірдің сырлы суреті. Публицистика арқауы - шындық . . . Публицистика - адамдар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастардың көрінісі деген сөз, яғни өмірдің әлеуметтік, саяси-экономикалық, өндірістік, ғылыми және рухани, тағы басқа құбылыстарын, өмір фактілерін байыптап түсіндіріп береді.
  • Жанр (французша «genre») - ерекше қасиеттерге ие пішін мен мазмұннан біріккен шығарма түрі. Автордың мақсат қоюы, құжаттарды толтыруы, публицистикалық сөз саптаушының мазмұны мен сипаты оның пішінін, яғни жанрын анықтайды.

Т. Қожакеев (Жас тілшілер серігі. -Алматы, Рауан, 1961. - 224 бет. ) :

Публицистика нақтылы өмірден орын алып отырған мәнді оқиға-фактілер төңірегіндегі пікірді қозғап, сол туралы дұрыс ұғым қалыптастыруға ықпал жасайды. Яғни, публицистика - фактінің, нақты оқиғаның жанры.

Карл Краус

  • Ойыңа бірде-бір ой келмесе де, оны қағазға түсіре білгенде ғана, журналист боласың
  • Азап көргенше ақиқаттың досы бол, бiрақ төзуге болмайтын жағдайға дейiн оның қорғаушысы болма

Пифагор

  • Табиғат көп көріп, көп тыңдау үшін екі көз, екі құлақ берді, ал аз сөйлеу үшін бір ғана ауыз берді.
  • СОКРАТ:
  • Достарыңның жүрегін құр қошеметпен емес, көңілден шыққан шынайы сөздермен жаулап ал.
  • Талқыға салған кезде ғана ақиқаттың беті ашылады.
  • Тек бір ғана жақсылық бар ол - білім, тек бір ғана жамандық бар ол - надандық.
  • Әрбір адам күн сияқты, тек оған жарқырауға мүмкіндік беру керек.

Ой, сөз туралы . . . Жалаладдин Руми:

  • Басқалардың сөздерiн қайталау олардың мағынасын түсiнгендi бiлдiрмейді
  • Айнада, өзiмiз бiлетiндей, бәрi керiсiнше. Бiрақ онсыз бiз ешқашан өзiмiздi көрмес едiк
  • Сен маған сөз дәрменсiз дедiң. Осы айтқаның рас болса, бұл тек сөздiң дәрменсiздiгi туралы сенiң сөзiңнiң дәрменсiздiгiн бiлдiредi.
  • Кіммен жүргеніңе, кіммен дос болғаныңа мұқият бол. Өйткені бұлбұл гүлге, қарға қоқысқа жетелейді.

C:\Users\user\Desktop\00000.jpg

C:\Users\user\Desktop\09.jpg C:\Users\user\Desktop\08.jpg C:\Users\user\Desktop\07.jpg C:\Users\user\Desktop\06.jpg C:\Users\user\Desktop\05.jpg

C:\Users\user\Desktop\100.jpg C:\Users\user\Desktop\09.jpg

Лекция4 . Мерзімді басылымдарда жиі кездесетін терминдер мен түсініктер

4. 1. Газет басылымында жиі кездесетін терминдер мен түсініктер

4. 2Журналда жиі кездесетін терминдер мен түсініктер

4. 3 Баспа ісінде жиі кездесетін терминдер мен түсініктер

Лекция4 . Мерзімді басылымдарда жиі кездесетін терминдер мен түсініктер

4. 1. Газет басылымында жиі кездесетін терминдер мен түсініктер

4. 2Журналда жиі кездесетін терминдер мен түсініктер

4. 3 Баспа ісінде жиі кездесетін терминдер мен түсініктер

Бұқаралық ақпарат құралдары деген сөзге талдауды ҚР «БАҚ туралы» заңға сүйену арқылы жасаймыз. Онда:

- ЖУРНАЛИСТ - /бұқаралық ақпарат құралының өкілі/, еңбек қатынастары немесе өзге де шарттық қатынастар негізінде бұқаралық ақпарат құралы үшін хабарлар мен материалдар жинау, өңдеу және әзірлеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

- БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ -тұлғалардың шектеусіз топтарына арналған баспа, дыбыс-бейне және өзге де хабарлары мен материалдары;

- БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ -мерзімді баспасөз басылымы, радио және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және көпшілік қол жеткізе алатын телекоммуникациялық желілердегі /интернет және басқалары/ ВЕБ-сайттарды қоса лағанда, бқаралық ақпаратты мерзімді немесе үздіксіз жария таратудың басқа да нысаны;

- МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗ БАСЫЛЫМЫ -тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы;

- БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ӨНІМІ - мерзімді баспасөз басылымының жеке нөмірінің немесе дыбыс-бейне бағдарламасының таралымы немесе бір бөлігі, радио, теледидар, кино хроникалық бағдарламалардың жеке шығарылымы, көпшілік қол жеткізе алатын телекоммуникациялық желілердегі ВЕБ-сайтта берілген ақпарат;

ТЕЛЕДИДАР, РАДИО, БЕЙНЕ, КИНО ХРОНИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ - толық атауы бар жəне кемiнде жарты жылда бiр рет эфирге шығатын мерзiмдi дыбыс-бейне хабарлары мен берiлiмдерiнiң жиынтығы;

ЭФИРГЕ ШЫҒУ - ұқсас жəне цифрлық электромагнитті жүйелердi пайдалана отырып, теледидар, радио бағдарламаларын, дыбыс-бейне жазбаларын тарату;

РЕСМИ ХАБАР - бұқаралық ақпарат құралдары арқылы одан əрi тарату мақсатымен мемлекеттiк органдар беретiн ақпарат;

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛЫНЫҢ ӨНIМIН ТАРАТУ - мерзiмдi баспасөз басылымдарын сату (жазылу, жеткiзу, үлестiру), радио, теледидар бағдарламаларын эфирге шығару, кинохроникалық бағдарламаларды көрсету;

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛЫНЫҢ РЕДАКЦИЯСЫ - жеке тұлға не бұқаралық ақпарат құралына материалдар жинауды, дайындауды жəне шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын шығармашылық ұжым;

ЦЕНЗУРА - бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын жəне материалдарын мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен жəне өзге де ұйымдармен олардың талап ету бойынша немесе өзге де негiздер бойынша хабарлар мен материалдарды не олардың жекелеген бөлiктерiн таратуды шектеу немесе оларға тыйым салу мақсатымен алдын ала келiсу;

WEB-САЙТ - Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғасының арнайы техникалық жəне бағдарламалық құралдардың көмегімен дайындалған, меншік иесі жаппай тарату мақсатында ақпарат беретін электронды өкілдік бет;

РЕТРАНСЛЯЦИЯ - техникалық құралдарды пайдалануға қарамастан, басқа бұқаралық ақпарат құралының теле- немесе радио бағдарламаларын (теле- немесе радио хабарларының жиынтығы) қабылдау жəне бір мезгілде не жазып алып толық жəне өзгеріссіз тарату;

АККРЕДИТТЕУ - журналисті тағайындау рəсiмi жəне оның өкiлеттiгiн мемлекеттiк органның, қоғамдық бiрлестiктiң жəне ұйымның тануы; бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уəкілетті орган - бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган7

АВТОР - түрлі салаларда шығарма жасаушы тұлға. Әдебиеттегі, өнердегі, ғылымдағы, т. б. творчестволық еңбек иесі.

АРГУМЕНТ - бір нәрсені дәлелдеуге негіз болатын логикалқ тұжырым

АНАЛИЗ - тиісті объектіні жан-жақты талдап көрсететін, ғылыми-логикалық тұрғыдан ой-топшылаулар жасайтын зерттеу әдісі.

ДЕЗИНФОРМАЦИЯ - жалған хабар арқылы жаңылыстыру

КОРРЕСПОНДЕНТ - бұқаралық ақпарат кұралдарының жер-жерден хабар жинап беріп тұратын тілші қызметкері.

КОРРЕКТОР - баспасөз материалдрын баспаханада теру кезінде кеткен кателерді гранкіден, не версткалау кезінде беттерден жөндеп, түзететін қызметкер. Ол саяси, орфографиялық, стильдік тұрғыдан сауатты болуы тиіс.

ПАРАДОКС - әдеттегі қалыптасқан жағдайдан бөлек күтпеген тосын пікір, құбылыс

ПАРАФРАЗА - басқа біреудің тексін, ойын өзіндік сөзбен жеткізу, сипаттау.

РЕПОРТЕР - болған оқиғалар туралы жергілікті жердеп мәліметтер беретін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

ПРОПАГАНДА - ілімді, саяси теорияны, көзқарасты, идеяны баспасезде және ауызша түрде тарату мен түсіндіру, насихаттау.

ПУБЛИКАЦИЯ - баспасөзде жалпыға арналып жарияланған хабар, жазылған материал.

ПУБЛИЦИСТ - қоғамдық-саяси мәселелер туралы қалам тартып жүрген журналист, қаламгер.

ПУБЛИЦИСТИКА - мерзімді басылымдарда саясат пен қоғамдық өмір мәселелерінің жазылып, жариялануы. Журналистика саласының материалдары.

ПСЕВДОНИМ - жазушы, журналистердің баспасөзде шын аты-жөнінің орнына ойдан шығарылған бүркемшік есімді пайдалануы.

РЕПЛИКА - қысқаша жауап беріп, қарсылық білдіру, ескертпе жасау.

ШАБЛОН - жауыр болған сөздер мен ойларға көзссіз еліктеп, үлгі түту.

ЭТИКА -адамдардың моральдық адамгершілік қасиеттері жөніндегі нормалар жүйесі. Отанға, қоғам жөнінде өзара қарым-қатынас мәселелерін, міндеттрін айқындайтын болмыс, әдет-ғұрып.

ДИКТОР - радио немесе телевидение студиясынан хабар жүргізіп, микрофон алдында текс оқитын қызметкер.

ДИКТОФОН - ауызша айтылған сөзді жазып алу үшін және оны қайта тыңдап қағазға түсіру үшін редакцияларда қолданылатын аппарат.

ДИСКУССИЯ - жиналыста немесе баспасөзде әлдебір мәселені қызу талқылау.

ИНТЕРПРЕТАЦИЯ - бір нәрсенің мәнін ашу, ұғындыру. Қайсыбір текске түсіндірме жасау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлем журналистикасының тарихы
Қазіргі әдеби басылымдардың ерекшелік сипаты
Әйелдер басылымдарының дизайны
Француз журналистикасының тарихы
Қазақ халқының тарихы мен өмірі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Мәдени мұра бағдарламасы арқылы ұлттық-мәдени құндылықтарды білім мазмұнында дамыту
Облыстық «Ақтөбе» газеті
Қазақ баспасөзі тәуелсіздік жылдарында
Істер тізімдемесін жасау тәртібі және ережелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz