Ақпарат көзі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Реферат

Орындаған: Қабылбекова Д.А

2020 жыл
Ақпарат ұғымының қолданылуы
Мазмұны
Кіріспе:
1.Ақпарат
1.1. Қоғамды ақпараттандыру
1.2. Компьютерлік технологияны қолданудың негізгі бағыттары
1.3. Ақпарат көзі
2.1. Кибернетика
2.2. Ақпарат, ақпарат көлемін өлшеу және ақпаратпен орындалатын іс-әрекеттер
2.3. Ақпарат, физика және синергетика
2.4. Ақпаратты екілік сан түрінде жазу және ақпаратты өрнектеу форматтары
Қорытынды.

Кіріспе.
Ақпараттандыру - елдің өмір салтын елеулі түрде өзгертуге бағтталған күрделі әлеуметтік процесс. Ол компьютерлік сауатсыздықты жою жаңа ақпараттық техналогияларды пайдалану мәдениетін қалыптастыру сияқты бағыттарда көп күш сынауды талап етеді.
Ақпараттандыру ісін қолға алу АҚШ-та өткен ғасырдың 60-шы жылдарында басталса, ол 70-жылдары - Жапонияда, 80-жылдары-Батыс Европада етек ала бастады.
XXI-ғасыр ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру әлемі де өзінің дамуы үшін жаңа қадамдар жасауда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытуда жаңа технологиялардың пайда болуы күмәнсіз. Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді кезең ретінде қарастырылуда. Білім беру жүйесін ақпараттандыру процесі ақпараттық қоғам жағдайында толыққанды өмірге адамды даярлау болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың бастауымен 1998ж. Орта білім саласын ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
Қоғамды ақпараттандыру қазіргі әлеуметтік прогресс заңдылықтарының бірі болып саналады. Бұл термин осыған дейін жиі қолданылған "қоғамды компьютерлендіру" сөзін ығыстыра бастады. Бұлардын ұқсастығы болғанымен әжептеуір айырмасы бар. Қоғамды компьютерлендіру кезінде компьютерлердің техникалық базасын күшейтуге көніл бөлінсе, ақпараттандыру кезінде адамның барлық қызмет салаларында компьютерлерді пайдалану арқылы ақпаратты өндеу жұмыстарында кешендік шаралар жүзеге асырылды.
Кез келген педагогикалық технология-ақпараттық технология болып табылады. Оқу-тәрбие үрдісінде білім беруді ақпараттандыру үшін ақпараттық технологияға көшу қажет. Білім берудегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз: оқу мен оқу-тәрбие материалдарының, үйретуге арналған есептегіш техника мен аспаптық құралдарының жиынтығы; есептегіш техника құралдарының оқу үрдісіндегі ролі мен орны, мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін жетілдіруде оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі; мұғалімдердің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін толықтай өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқытудағы пән аралық байланысты күшейтуге, оқу үрдісін ұйымдастыруды ұдайы жаңартып отыруға мүмкіндік береді.

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп, шығармашылық жұмыс істеуге шексіз мүмкіндік туғызады.
Ел басының жолдауында мектептерді, ең алдымен ауылдық жерлердегі мектептерді компьютерлендірудің кең ауқымды бағдарламасын іске асыру, жаңа ақпараттық техналогиялармен жұмыс істеуді үйрету, жаппай ақпараттандыру жұмыстары жүргізілсін делінген.
Ақпарат
Ақпарат - адамнан да ерте туған құбылыс. Табиғат өзінің даму барысында жұмбақталған ақпаратын өсімдіктер мен тірі ағзалар арқылы беріп отырған. Ал жануарлар мен құстардың тілі ақпаратқа қандай бай. Адам өзінің алғашқы
Қадамынан бастап-ақ ақпаратты беру мен сақтаудың жаңа құралдарын іздейді және табады Оған жартастағы суреттер мен "Жазбалар храмындағы" майя өркениетінің иориглифті плиталары, сондай-ақ, ежелгі египеттіктердің папирустары, гректердің жасырын жабарламаларды жіберуге арналған абак тастары мен дискілері, өткен дәуірлерді зерттеушілердің енбектері дәлел бола алады. Бұған қоса алғашқы басылған кітаптар, радио мен телефон және компьютерлер де адамның осы әрекетінің үздіксіз екенің көрсетеді.
Философиялық түсінік бойынша ақпарат дегеніміз нақты әлемді (өмірді, қоршаған ортаны) мәліметтер және хабарламалардың көмегімен көрсету. Бұл хабарламалар тіл (сөзбен айту), бейнелеу, цифрлық мәліметтер, таблицалар, графиктер, т.б. түрінде болады. Жалпы мағынада ақпарат алмастыру - бұл адамдар арасында мәліметтер алмастыру, тірі және өлі табиғат, адамдар және құрылымдар арасындағы берілетін белгілер алмастыру.

Ақпарат дегеніміз - хабарламаның, берілген белгінің, жадының мазмұны, сонымен қатар хабарламада, берілген белгіде немесе жадыда болатын мәліметтер.

Ақпараттық процесстер, яғни информацияны сақтау, өндеу және тарату процесі қоғам өмірінде әрқашан маңызды рөл атқарған. Адамдар ауызша хабарламалармен, хаттармен, жолдаулармен алмасып отырған. Олар бір-біріне өтініш, бұйрық, орындалған жұмыс туралы есептер, мүліктердің тізімін беріп отырады; жарнамалық хабарландырулар мен ғылыми мақалаларды басып шығарады; көне хаттар мен құжаттарды сақтайды; алынған хабарлар туралы көп ойланады немесе бастықтың нұсқауларын дереу орындауға ұмтылады. Осының барлығы - ақпараттық процесстер.

Ақпарат әрқашан материалдық тасушылармен, ал оны жеткізу жұмсалған энергия шығынымен байланысты. Алайды бір ақпараттың өзін әр түрлі материалдық түрде (қағазда, фотонегатив түрінде, магниттік таспада) сақтауға және әр түрлі энергиялық шығындармен (почта, телефон,курьер және т.б. арқылы) беруге болады. Жөнелтілген ақпараттың нәтижесі оны таратуға жұмсалған физикалық шығынға байланысты емес.Мысалы, батырманы жәй ғана басу арқылы театр сахнасының пердесін түсіреді немесе үлкен ғимаратты қопарады, бағдар шамның қызыл жарығы поезді тоқтатады, ал күтпеген қайғылы хабар жүректі жарып, инфаркке ұшыратады.Сондықтан да информациялық үрдістер физикалық үрдістерге келтірілмейді және информация материя және энергиямен қатар бізді қоршаған ортаның негізгі мәндерінің бірі болып табылады.

18-19 ғ.ғ техникалық жетістіктертолығымен физика және химия ғылымдарының жетістіктерімен байланысты болған. Сол ғылымдар арқылы материя мен энергияны әр түрлі мынадай өзгертушілер: қозғалтқыштар, металлургиялық және химиялық өндірістер, электрогенераторлар және т. б. Жасалды және кең тарай бастады. Олардың жұмыстарының тиімділігі физикалық ұғымдар арқылы сипатталады: қуаты, п.ә.к., жүк көтергіштігі, өндірілетін энергияның мөлшері және т.б. 20 ғасырда техникалық дамуына байланысты басқа құрылымдар пайда болды: байланыс құралдары, автоматика құрылымдары, ал 40-жылдардан бастап есептеуіш техника қолданысқа енді. Олардың жұмыстарының тиімділігін физикалық ұғымдардың көмегімен сипаттаудың мүмкін еместігі және мұндай құрылымдардың маңызды сипаттамаларын мүлдем басқа әдістермен келтіру керектігі анықталды. Нәтижесінде адғаш рет информация мен информацияның математикалық теориясының нақты ұғымы пайда болды.
Информация ұғымы оның өлшемімен байланысты.40- жылдардың аяғында Клод Шиннан информацияның мөлшерін өлшеудің ықтималдық жолын тауып жасады, ал компьютерлер жасау жұмыстары информацияны өлшеудің көлемдік тәсіліне әкелді.
Информация теориясында информацияны алушыға арналған хабаолама мазмұнының құндылығын ескеретін ықтималдық әдіс қабылданған және ол келесі үлгілерден шығады. Хабарларды қабылдап алушының кейбір мүмкін оқиғалар туралы белгілі бір түсінігі болады. Бұл түсініктер жалпы алғанда деректерге сүйенбеген және болғалы отырған оқиғаның ықтимал екенін білдіреді. Хабардағы информация мөлшері осы өлшемнің хабарды қабылдап алғаннан соң қаншалықты азаюымен анықталынады. Мысалы, тривиалдық яғни оны қабылдаушыға алдын ала белгілі хабар күткен ықтималдарды өзгертпейді және ол қабылдаушыға ешбір ақпарат әкелмейді. Егер хабарлама анықталмағандардың барлығын жойса, немесе оның белгісіз тұстары жоқ болса, онда берілгенкөптеген оқиға туралы информация толық болады. Бұл жағдайда информация мөлшері алдындағы анықталмағандыққа тең болады.
Информация мөлшерін көлемдік тәсілмен анықтағанда объектіге мәндік қатысын бөліп көрсетпейтін, дербессіздендірілген информация көлемі хабарламадағы символдар санымен өлшенеді.
Ақпарат ұғымы басқа ғылыми ұғымдармен қатар материялдық әлем заңдарын тереңірек білуге мүмкіндік береді. Ол материя қозғалысының барлық түрлері мен пішіндеріне ортақ болып табылады және материяның белгілі бір ажырағысыз қасиетімен және атрибутымен (көрністерімен, әртүрлілігімен, құрылымымен, кеңістікте және уақыт бойынша зат пен энергияның біртексіз таралуымен) байланысты деп есептелінеді.

Қоғамды ақпараттандыру

Ақпараттың қазіргі әлемдегі маңызы бұрын - соңғы болмаған дәрежеге жетті. Осы тектес жұмыстардың сапасы мен тиімділігін анықтай бастады. Академик А. А. Харкевичтың есебі бойынша ақпараттық ағынның жалпы мөлшері орташа есеппен өндірістік потенциялдың квадратына пропорционал түрде өсіп отырады. Басқаша айтқанда, еліміздегі өндірістік күштердің екі есе өсуі ақпараттық ағынның төрт есе өсуін қажет етеді. Барған сайын ұлттық дамудың барысы ақпараттық ресурстардың жағдайына тәуелділігі арта түседі. Соғыстан кейінгі дәуірде ең бірінші болып "ақпараттық революцияның" жемісін өз пайдасына қолдана білген халық - жапондықтар болды. Көптеген мамандардың Күншығыс елінің экономикасының қарқынды өсуш, "жапондық ғажайып" феноменінің пайда болуы ақпаратпен табанды және білікті еңбек ете білуінің нәтижесі деген пікір тегін емес. Әсіресе бұл 50-жылдары жаңа технология бойынша ақпарат жинаудыа тыңғылықты істер басталуына қатысты. Американдық ең соңғы ғылыми - техникалық жетістіктерді біліп отыру үшін қазіргі таңда "шет елдерде барлық маңызды зерттеулер бойынша шығатын ақпараттарға иелік жасау керектігін" мойындап отырғандай. Ақпараттық тұрғыдағы надандық бұл күндері технологиялық банкроттыққа, ұлттық тоқыраушылыққа соқтырады, елді шикізаттық колонияға және көнеленген технологияны үйіп тастайтын қоқыс алаңына айналдырады.
"Ақпараттық революцияның" негізінде басымыздан өткеріп отырған қазіргі кезеңде микропроцессорлық техника мен оның технологиясының қарқынды өсуі жатады. Көшірме машиналардан бастап телекске дейін, электронды - есептеуіш машиналардан бастап байланыс серіктеріне дейін әр түрлі техниканы өндіретін ақпараттық индустрия қарқынды дамуда.
Жаңа технологияның маңыздылығы - оның көптүрлілігінде және барлық саланы қамту сипатында. "Ақпараттық экономика теория ғана емес, өндірісте немесе қызмет көрсету аясында экономикаға бет бұрмаған бірде бір сала жоқ", -дейді американдық экономист П. Хауке. 70-жылдар шамасында Батыс елдеріндегі ғылыми және техникалық прогрестің көш басшылары (М.Порет, Е. Масуда, А. Тоффлер т. б. ) шын мәнінде `ақпараттық қоғам' туралы бірауыздан айтқан еді. Бүгінде пайда болған сол қоғамның қазіргі талабы мен ұраны: "Неғұрлым көбірек және тезірек ақпарат алу!" болып отыр.
Өмір ағымының жылдамдауы, автоматтандыру нәтижесінде өндіріс процесін интенсификациялау, білімді жылдам жинақтау - осының барлығы А. Тоффлердің айтуынша жіберіп алған уақыттың экономикалық маңызын арттырады. Бұл белгілі футуролог "Келешекпен бетпе - бет келу" атты кітабында: "Ақпарат пульсі бұрынғыға қарағанда анағұрлым жылдамырақ соғуы керек" дейді.
"Ақпарат жаңа әлемде" бәрінен бұрын екі кезең нақты болып шықты. Біріншіден, қоғамның бұрын болмаған дәрежеде ақпараттық техникаға қол жеткізуі. Бұл қозғалыс барлық салада: өкіметтік мекемелерде және іскерлік кеңселерде, аурухана мен кітапханаларда, зауыттар мен ғылыми - зерттеу институттарында,мектептер мен университеттерде, банктер мен дүкендерде, аэропорт пен полиция бөлімшелеріндежүріп жатыр. Екіншіден, мұның қызмет етушілері мен адепттерлерінің саны көп есе өсіп кетті. Дерек көздердің көрсетуінше, 1975 жылдан бастап - ақ жалданып істеген американдық азаматтардың жартысынан көбі негізінен ақпаратты өңдеумен немесе соған байланысты жұмыстармен айналысады.
Әлем қазір ақпараттық қоғам табалдырығында тұр.Ондай қоғамда ақпаратты тарату, сақтау және өңдеу жүйусі аса маңызды рөл атқарады. Уақыты келгенде әлемдік байланыс жүйесі сияқты әлемге ортақ ақпараттық орта пайда болып, олар адамзат баласы жинаған ақпараттардан кез келген адамның өзіне қажетті ақпараттарды алуын қамтамасыз етеді. Компьтерлердің интеллектуалдық роботтармен қатар адам іс -- әрекетінің барлық саласына енуі адамдар тіршілік ететін дәстүрлі ортаны түбегейлі өзгеріске ұшырайды. Ақпараттарды жинақтау, өңдеу, қорғау және сақтаумен кәсіби тұрғыда айналысатын адам саны өсуде. Ақпарат аса бағалы тауар болады, ақпарат индустриясы болашақ қоғамда өте маңызды құбылыс болмақ.
Ақпараттық қоғамға көшу перспективалары әлеументтік, құқықтық және техникалық сипаттағы көптеген мәселелерге қозғау салуда. Мысалы, өндірісте роботты пайдалану адамның қатысуына бағдарланған бүгінгі технологияны толық өзгертуге әкелді. Мұндай технологияны жасау ісі басталыпта кетеді. Жаңа қоғам мүшесі өз бетінше өмір сүруге дайындау да күрт өзгерді. Оқытудың жаңа түрлерін жасаудағы ізденіс жұмыстары да жанданып келеді. Олар келешекте бүгінгі дәстүрлі түрлердің орнын баспақ. Мамандықтар, кәсіпкер номенклатурасымен еңбекті ұйымдастыру әдістері де толығынан өзгерістерге ұшырамақ.
Дүниежүзілік тарихтың мойнындағы үш ірі ағын тоғысатындай: технология ағыны, ақпарат ағыны және осының бәрін жасаған және олардың бәріне қызмет етуші адамдар ағыны. Белгілі мөлшерде ақпараттық тұрғыда бұрынғыдан жаңа, анағұрлым зор өркениет туралы айтуға болады. Бұл өркениетте мыңжылдық тарихы мен дәстүрі бар кәсіптер көз алдымызда жойылып,бұрын белгісіз жаңа мамандықтар пайда бола бастайды. Адамдардың қызметі мен міндеттері де, олардың еңбектерінің сипаты да өзгеруде. Адамдар қатынасында, басқару мен ұйымдастыру түрлерінде де үлкен өзгерістер болып жатыр.
Қоғамды ақпараттандыру (информатизация) - информациялық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалану негізінде азаматтардың, өкімет органдарының, қоғамдық ұйымдардың информациялық талаптары мен құқықтарын қанағаттандыру үшін тиімді шарттар жасау жолында ұйымдастырылған әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс.
Ақпараттандырудың мақсаты - жұмыс өнімділігін арттыру мен еңбек ету жағдайларын жеңілдету мақсатында адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту.
Ақпараттандыру - елдің өмір салтын елеулі түрде өзгертуге бағытталған күрделі әлеуметтік процесс. Ол компьютерлік сауатсыздықты жою, жаңа информациялық технологияларды пайдалану мәдениетін қалыптастыру сыяқты бағыттарда көп күш жұмсауды талап етеді.
Ақпараттандыру ісін қолға алу АҚШ-та өткен ғасырдың 60-жылда - рын - да басталса, ол 70-жылдары - Жапонияда, 80-жылдары - Батыс Европада етек ала бастады.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың бастауымен 1998 ж. орта білім саласын ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарлама елімізде компьютерлер негізінде білім беретін және қашықтан оқыту ісін ұйымдастыратын орталықтар ашуға мүмкіндік беріп келеді.
Қоғамды ақпараттандыру қазіргі әлеуметтік прогресс заңдылықтарының бірі болып саналады. Бұл термин осыған дейін жиі қолданылған қоғамды компьютерлендіру сөзін ығыстыра бастады. Бұлардың ұқсастығы болғанымен әжептеуір айырмасы бар. Қоғамды компьютерлендіру кезінде компьютерлердің техникалық базасын күшейтуге көңіл бөлінсе, ақпараттандыру кезінде адамның барлық қызмет салаларында компьютерлерді пайдалану арқылы информа - цияны өңдеу жұмыстарында кешендік шаралар жүзеге асырылады.
Ақпарат көзі.
Өткен ғасырда әлемнің ғылыми бейнесін ертеректе екі негізгі ұғым төңерегінде құрылғаны белгілі: зат және энергия. Сөйтіп, ғылыми көзқараста қалыптастыруда негізгі екі ролді осы ұғымдарда сипаттайтын ғалымдар атқарады: физика, химия, математика, биология. Мысалы заттар мен энергияның сақталу заңы тек физика мен химияның ғана заңы емес, универсал ғылыми принципке айналды: "жоқтан еш нәрсе пайда болмайды". Бұл жағдайда біздің ғасырдың басында әлемнің бейнесін жанаша тұжырымдайтын идеяның тууна байланысты өзгере бастады. Мұндағы негізгі мәселе ұйымдастырушылық немесе қазіргі айтылып жүргендегідей ақпараттық факторларға байланысты. Дәлірек айтсақ, алдынғы кезекке жеке немесе құбылыстар ғана емес, олардың өзара байланысы мен өзара мәселесі қойлады.
Қазіргі ақпарат ағымын адамзат тек ЭЕМ - нің көмегі арқылы ғана қабылдайды. ЭЕМ ақпаратты автоматты түрде өңдеуді жүзеге асырады.
Соңғы уақытта компьютер ғылыми ақпараттың зор көзі болып табылады. Бұл ғаламданған ақпарат торы Интернет көп адамдар үшін тіпті негізгі ақпарат көзіне айналған. Одан басқа СД дискіде жазылған электронды кітаптар, оқулықтар және журналдар шықты. Нормативті құжат, классификатор, патент әдебиеті соңғы кезде көбінесе компьютер дискілерінде шығғарылып жатыр. Интернет арқылы қашықтықта оқыту пайда болды, ол күн сайын дамып келеді. Енді оқытушы басқа қалада, тіпті бөтен елде болса да, компьютер мониторы арқылы өз шәкірттірімен қатынасады және оқытады.
Интернет ара қашықтық пен шекараны білмейтін зор да, шектеусіз ақпарат көзіне айналған. Ақпаратты сақтаудың электрон сипаты бүкіл ақпарат мазмұнын топтауға, құрамын сыныптауға және құрылымын жүйелеуге, оларды неғұрлым жылдам жеткізуге, қалауынша тұтынушы тіліне лезде аударуға мүмкіндік береді. Мұндай ақпарат қорын ғалым үшін керемет сыйлық деп санауға болады.
Материалды компьютер экранынан оқу өте ынғайлыжәне мультфильм түрінде көруге болдады (мысалға, ішкі жану қозғалтқыштың және оның әрбір торабының жұмыс істеу сәттері). Бейне материалға қажет жағдайда дыбысты түрлендіру мен түсініктемелер ілесе беріледі.
Компьютер сізді қызықтыратын мәтіндер мен суреттерді тез табады. Керек ақпаратты өз компьютерініздің есінде сақтау немесе поинтерде басып шығару мүмкіндігі бар. Ақпартты дискілер мен дискеталарда сақтау көп орын алмайды да, мол қаржы талап етпейді.
Бірақ бір жағынан, интернет мүмкіндігін ақпарат сапасы, толықтығы және дер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
5 сыныпта ақпараттық процесстерді оқыту әдістемесі
Ақпараттық ресурс түсінігі
Информатиканың философиялық негіздері
Телеарна бағдарлама атаулары
Телеақпараттың құрылымдық ерекшелігі және жаңашылдық сипаты
Туристік кәсіпорындағы маркетинг ақпарат жүйесімен қамтамасыз етудің маңыздылығы
Бұқаралық ақпарат - маңызды тәрбие құралы
«Ақпарат» ұғымының қолданылуы. Қоғамды ақпараттандыру
СӨЗ МАҒЫНАСЫ ЖӘНЕ АҚПАРАТ
БАҚ туралы заң
Пәндер