Сөз тарихы


Баишев Университеті
Білім берудің жоғары мектебі
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: «Екі тілді сөздіктер жасау тәжірибелері»
Орындаған: Наурызалина З. Б.
ҚтмӘ-402
Тексерген: Ерболат Л.
Ақтөбе, 2020
Екі тілді сөздіктер жасау тәжірибелері
Сөздік ғылыми еңбек ретінде қоғамның мәдени өмірінде айрықша орын алады. Сөздік - ұжымдық сананы көрсететін ғылыми туынды болса, сөз - ондағы орталық негізгі тілдік бірлік. Сөздіктегі әрбір күрделі сөз, шындап келгенде, ғылыми монографияның пәніне айналады. Бұл білімдер сөздіктің түріне, сөзтізбенің көлеміне, лексикографиялық материалдарды беру тәсілдеріне, сөздік мақаланың құрылымына байланысты жүйелі түрде беріледі. Сөздік жай ғана лексиканы сипаттап қана қоймайды, сонымен бірге міндетті түрде дәуір философиясын, халықтың ұғым-түсініктерінің жиынтығын көрсетеді. Тарихи бағыттағы этимологиялық, тарихи және диалектологиялық сөздіктер жеке сөз бен тілдегі барлық сөздік құрамның тарихын лексикографиялық құралдармен беру міндеттерін шешеді. Сөздің ауызша және жазбаша түрлеріндегі сөз тарихы туралы толық ақпарат алу үшін тарихи бағыттағы сөздіктер жүйесі қажет. Сөз үнемі үздіксіз өзгерісте болатындықтан, оның бүгінгі сөйлеушілердің қабылдауындағы мағынасы өткен жүз жылдықтардағы мағынасымен сәйкеспеуі мүмкін.
Тіл білімінің «Үлкен энциклопедиялық сөздігінде» тарихи бағыттағы сөздіктер мынадай белгілер бойынша ажыратылған: лексиканы сұрыптау бойынша - тіл лексикасының стильдік қабаттарын көрсететін диалектологиялық сөздік; сөздің сипатталу тәсілі бойынша - сөздің шығу тегін ашатын этимологиялық сөздік; сөздің дәуірлерде көрініс беруі бойынша - тарихи сөздіктер [1, 462 б. ] .
Лексикограф Ю. С. Сорокиннің «Тарихи сөздік дегеніміз не?» деген мақаласындағы тұжырымы бойынша, сөздіктің тарихи болуы оның көне дәуірлердің жазба ескерткіштер материалдарының көрсетілуінде ғана емес, олардың берілу тәсілінде жатыр. Себебі қазіргі тілдің сөздігі де тарихи сөздік болуы мүмкін [2, 150 б. ] . Зерттеуші қазіргі дәуірдің тарихи сөздігін жасау үшін:
- картотека қорын дайындау;
- қажетті дереккөздерді анықтау және оларды зерттеу;
- сол дәуірдің лексикалық материалдарын таңдау және сұрыптаудың жалпы ұстанымдарын анықтау;
- хронологиялық шегін нақтылау сияқты басты мәселелерді шешу қажет екендігін атап көрсетеді.
Қазақ лексикография теориясын зерттеуші ғалым М. М. Малбақов: «Қазіргі сөздіктің түрлерін: 1) ағымдағы тіл сөздігі; 2) қазіргі заман тілі сөздігі; 3) ұлттық идеяға негізделген, тарихи ұстанымға құрылған сөздік» деп бөліп көрсетеді. Ғалым лексикографиясы жоғары дәрежеде дамыған елдерде мұндай сөздіктердің жасалғандығын айта келіп, қазақ лексикографиясы үшін де XVI ғасырдан бергі кезеңді қамтитын, тарихи ұстанымға негізделген сөздік жасау қажеттілігін айтады [3, 330 б. ] .
Тарихи бағыттағы сөздіктер іс жүзінде ежелгі дәуір, орта ғасырлардан бері қолданыс тапқанымен, оның теориясының қалыптасып, дамығанына көп уақыт өте қойған жоқ. Теория жүзінде қарастырылуы жалпы лексикографияның теориялық мәселелерімен тығыз байланысты болды. Танымал лексикограф-ғалым Г. А. Богатова тарихи бағыттағы сөздіктерді былайша бөледі: 1) этимологиялық немесе тарихи-этимологиялық; 2) тарихи; 3) диалектологиялық сөздіктер [4, 80 б. ] .
Тарихи лексикография сөз тарихын жазба тіл кезеңдері тұрғысынан қарастырумен шектеледі. Сөздердің жазбаша тұлғалары, жазба мәдениеттің ерекшеліктері, жазудың тарихи қалыптасуы мен қызмет етуі оның негізгі бағыт-бағдары, нысаны. Осындай белгілер жанрдың ерекшеліктерін көрсетіп, айқындайды. Тарихи лексикография жалпыфилологиялық сөздіктерде сөз тарихын беруде жазу мен тілдегі сөздің қызмет ету аясының заттық-семантикалық тәсіліне назар аударады. Сөздің жазбаша түрі әртүрлі тарихи еңбектерден, сөздіктерден алынады. Олар сөзді әр қырынан: сөздің фонетикалық және графикалық бейнесі, парадигмалық тұлғалардың дамуы, семантикалық даму процестерін қарауға мүмкіндік береді [5] . Тарихи сөздіктің дереккөздеріне бұрынғы шыққан сөздіктер және жалпы бағыттағы сөздіктер, тарихи картотекалық қор, тарихи-лексикологиялық ізденістер, ғылыми-тарихи зерттеулер, сөз тарихы бойынша аналитикалық басылымдар мен жарияланымдар, мұрағат материалдары т. б. кіреді. Тарихи лексикографияда тілдік дамуды көрсететін екі тәсіл қалыптасты: диахрондық сипаттау (үлкен хронологиялық сөздіктерде), бір синхрондық кезең бойынша сипаттау.
Тарихи лексикограф Г. А. Богатова: «Егерде ұзақ мерзім, бірнеше ғасырларға арналған тарихи сөздік болса дереккөздерді сұрыптау, ал бір ғасырға арналған тарихи сөздікте дереккөздерді толықтай беретіндігін» айтады [4] .
Тарихи сөздік жасау саласындағы қазіргі лексикографияның тәжірибесін ескере отырып, мынадай тұжырымға келеміз: тарихи сөздік өзінің толық мағынасында жазба тілдің тарихын көрсетуі, лексиканың тарихын беру керек, сөздің ежелгі бастау бұлағынан үздіксіз жалғастығын көрсететін, жазудың басталуынан бүгінгі жағдайына дейінгі барлық сөздердің биографиясын көрсетуі қажет.
Біздіңше, қазіргі тілдің тарихи сөздік мақаласының құрылымын мынадай үлгіде құруға болады:
1. Атау сөз.
2. Түсіндірмесі,
сөздің барлық мағынасын түсіндіруді мақсат етпейді, бірақ тарихына қатыстысы беріледі.
3. Туынды сөздер,
атау сөзбен түбірлес сөздер.
4. Сөз тарихы.
Сөздің жазба ескерткіштерде және сөздіктерде бірінші көрініс беруі көрсетіледі. Сөз мағыналарының, айтылымы мен жазылымындағы өзгерістер жөнінде мағлұмат беріледі (сөздің тілге келген кезінен бастап) .
5. Дәйектемелер беру.
Жазба ескерткіштер және сөздіктерден дәйектемелер келтіру.
Э. Фазыловтың «Ескі өзбек тілі» сөздігі [14] XIV ғасырдағы Хорезмдік ескерткіштерді қарастырған. Бұл зерттеуінде автор глоссарий түрінде XIV ғасырдың сөздік құрамын толықтай қамтуға ұмтылды. Глоссарий әліпби тәртібімен берілді. Әр сөз және оған қатысты материалдардың барлығы жеке сөздік мақала құрайды; атау сөз транскрипцияда беріліп, ал жақша ішінде оның қолжазбадағы арабша жазбасы берілген, содан кейін бұл сөздің мағынасы көрсетілген. Егер ХХ ғасыр лексикография ғасыры болып, ғылым саласы ретінде жан-жақты дамыса, ХХІ ғасырда лексикография жаңа технологияның енуімен жаңа сипат, мән-мазмұнға ие болып, лексикография сөзіне «компьютерлік» сөзі қосылып жаңа бір сала ретінде әлемдік тіл білімінде компьютерлік тарихи лексикография саласы қалыптасу үстінде.
Жалпы тілі білімінде тарихи лексикография негізінен ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында қалыптасқанымен, оның компьютерлік әлемдегі аясы әзірше шектеулі болып отыр. Дегенмен орыс тіл білімі мен татар тіл біліміндегі тарихи бағдарлы сөздіктеріне компьютерлендіру жұмыстарының жүргізілуі біздің түркітану саласында да компьютерлік тарихи лексикографияны қолға алу мәселесі туындағанын көреміз. Бұл мәселе татар тіл білімінде жақсы қарастырылып жатыр. Мәселен татар ғалымы Г. Р. Чумаринаның электрондық сөздіктерді жасаудың теориясы мен практикасын зерттеген кандидаттық диисертациясы [18] және татар тіл біліміндегі Қазан өлкесінің XVI-XVII ғғ. ескерткіштер тілінің интернет сөздігінің жасалуы [19] түркологиядағы компьютерлік тарихи лексикография саласының дамуына себепші болмақ. Әрине, жеке түркі тілдерінің (мысалы, татар, өзбек, қазақ түрік тілдерінің т. б. ) аударма сөздіктерінің онлайн сөздіктері бар, бірақ татар тілінен басқа тарихи сөздіктердің электрондық онлайн сөздіктері жоқ. Бұл да ғылыми-зерттеу инститтуттарының алдында тұрған тілдік, әлеуметтік маңызы зор жобалардың бірі деп санаймыз.
Тарихшы-лексикограф жұмысының қиындығы − сөз мағынасын айқындау, сөздік жасау үшін дереккөздерді сұрыптау, мәтіндерді талдау, сөзтізбелерді құрастыру, сөзқолданыстарды талдау, лексикографиялық технологияның дәстүрлі негізі болып саналатын қолжазба картотеканы (дереккөздердің библиографиясы, дәйексөз, сөздік мақала т. б. ) жинақтау мен жүйелеу т. б. жұмыстарын жүргізуде жаңа технологияның әлеуеті мен мүмкіншіліктері зор. Компьютер әртүрлі іздеу операцияларын жасай алуымен ауқымды ақпараттық ресурсты меңгеруге атсалысады. Бұл өз кезегінде тіл тарихын зерттеуге үлкен қызығушылықты тудырары даусыз. Компьютердің бір артықшылығы тарихи картотекалық қордың сапалы сақталуы мен дамуына, оны гиперкартотекалық қорға айналдыруға, тарихи гипермәтінді өз бойында сақтап - көбейтіп - дамыту қызметтерін атқарады.
Сонымен, қазақ тілінің электрондық және қағаз сөздіктерін лексикографиялық жүйе ретінде және қолданушы үшін анықтама материалы ретінде қарастыру келешектегі ғылыми-практикалық зерттеу жұмыстарының нысаны болмақ. Ғаламтор арқылы жаңа ғылыми және лексикографиялық коммуникацияға, парадигмаға жол ашылып, қазіргі лексикография қарыштап даму үстінде, соған сай қазақ тілінің сөздіктеріне жаңаша бір даму серпін беріп, өз кезегінде қазақ лексикографиясының теориясы мен практикасының алдына жаңа міндеттер мен мақсаттар қойып отыр. Жақсы сапалы электрондық сөздік тілші мен бағдарламашының бірігіп жұмыс жасауынан туындайтындығын өмір тәжірибесі көрсетіп отыр. Электрондық лексикографиялық ресурстардың жаһандық жүйесіне енуі, қазақ тілінің алдағы уақытта әр салада дамуына айтарлықтай септігін тигізеді.
Қазіргі қоғамда жүріп жатқан ғылыми-ақпараттық кеңістіктің өркендеуімен байланысты лексикография саласының кемелденуі тарихи лексикография мен компьютерлік тарихи лексикография салаларының да қарқындап дамуына әсер етуде. Сонымен бірге қазіргі лексикографияның ғылыми деңгейіне сәйкес түркітану саласындағы тарихи лексикографияның да мақсат-міндеттерін, құрылымдық ерекшеліктерін, ұстанымдық негіздерін айқындау қажеттігі туындайды. Түркітану саласындағы тарихы жазба ескерткіш мәтіндерінің электрондық корпусын және түркі мәдени-рухани, ұлттық құндылықтарының тілдегі көрінісін көрсететін түркілік тарихи электрондық картотекалық қор, әр ғасыр бойынша жасалған тарихи сипатты сөздіктер, қазіргі түркі тілдерінің тарихи сөздігін, түркі тілдерінің тарихи-этимологиялық сөздігін жасау - бүгінгі түркітану ғылымының маңызды міндеттерінің бірі болып отыр. Бұны түркі тілдерінің тарихи қабаттарын тереңірек ашудың және жаһандану дәуірінде жұтылып кетпеуінің бір кепілі деп білер едік. Тарихи лексикография - тілдің тарихи негіздерін айғақтайтын ғылым саласы.
Қорыта айтқанда, сөздік - бұл дәуірдің "жемісі". Оның жасалуы көп жағдайда мәдени-тарихи жағдайларға, теориялық лингвистикаға, лексикографтың қолданатын мәтіндеріне
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz