Интеллектті бағалау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
Әлеуметтік пәндер кафедрасы

№2 семестрлік жұмыс
Тақырыбы: Интеллект жалпы қабілеттілікті бағалау ретінде. Интеллектті бағалау. Креативтілігі: шығармашылық қабілеті.
Мамандығы:Электроэнергетика
Орындаған: Оспанова А.Ж.
Тобы:ЭЭк-19-15
Тексерген: Касиенова К.М.
__________ ________ _______ ______________2020ж.
(бағасы) (қолы)

Алматы 2020
Жоспар:
І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
ІІ Негізгі бөлім
1. Адамның ақыл-ой тәрбиесі және интеллектуалды қасиеті. ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Жасанды интеллект адамзат мәселесі ретінде. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... . 12
ІV Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Кіріспе
Психикалық қызметтің бірлігін айта отырып, қазіргі психология психиканы психикалық үрдістердің жай қосындысы деп қарамай, оларды белгілі бір жағдайға байланысты жекелейді. Бұл жағдай көбінесе интеллектке қатысты.
Интеллект (лат. іntellectus - таным, ұғыну, аңдау) - жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
Интеллект -- қазақша акңл-ой деген мағынаны білдіреді. Интеллект (парасат, зият, ақыл) - индивидтің ақыл-ой қабілеттерінің біршама орнықты құрылымы. Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект - ақпаратты максатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті.
Интеллект функциялары:
* оқуға деген қабілеттілік;
* қоршаған болмысының заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік.
Бірқатар психологиялық түжырымдамаларда интеллект ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңестірледі.
Теориялық және практикалық интеллект жеке адамның эмоциялық- еріктік ерекшеліктерімен байланысты. Интеллект түрлері: абстрактылы интеллект, ересектер зияты, нақты интеллект, кристалданған интеллект, қарапайым интеллект, жануарлардың зияты, жасанды интеллект.
Интеллектті диагностикалау интеллект коэффициентімен жүргізіледі

Негізгі бөлім
1. Адамның интеллектісі дегеніміз не? Адамның интеллектісі тұжырымдаманы қалыптастыру, түсіну, шешім қабылдау, қарым-қатынас және мәселелерді шешу сияқты өте күрделі танымдық процестермен сипатталады. Оған мотивация сияқты субъективті факторлар айтарлықтай әсер етеді. Адамның ақыл-ойы IQ тестілері арқылы өлшенеді, ол әдетте жұмыс жадын, ауызша түсінуді, өңдеу жылдамдығын және перцептивті ойлауды қамтиды.
XXI ғасырдың басы ғылыми-техникалық прогреске негізделген елдегі əлеуметтік-экономикалық дамуымен сипатталады. Ғылыми-техникалық прогресс нəтижелерінің өнеркəсіпке енгізілуі білімі мен кəсіби біліктілігі ғылым мен техника дамуына сəйкес келетін мамандарды талап етіп отыр, сондықтан да əрбір мемлекет өзінің білім беру жүйесін жаңа əдістер мен технологияларды қолдана отыра жетілдіруге назар аударады. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында білім беру жүйесінің міндеттерінің бірі ретінде ұлттық жəне жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға жəне кəсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау анықталған. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру туралы Заңы еліміздегі ақпараттандырудың құқықтық негіздерін белгілейді, электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді құру, пайдалану жəне қорғау кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Білім -- кез келген мықты мемлекеттің тірегі. Білімнің мемлекеттік саясаты стратегиялық мақсатқа бағытталған: болашақ маманды инновациялық жəне шығармашылық тұрғыдан ойлауға қабілетті етіп тəрбиелеу, оның жеке тұлға болып қалыптасуында адамның интеллектуалды мүмкіндіктерін алдыңғы орынға қоя отыра өсіру. Білім беру қоғамдық ұйымдастырылатын жəне реттелетін, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа əлеуметтік маңызды тəжірибені тұрақты түрде беру процесі екені мəлім. Бүгінде ҚР-да білім беруді дамыту əлемдегі білім жүйесіндегі өзгерістерді, еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуын, əлемдік білім жүйесіне кіру мүмкіндіктерін ескере отырып, іске асырылмақшы. Сонда бүгінгі жоғары мектеп техникалық дамудың үлкен қарқынмен даму ағысынан тыс қалмауы керек, оның ішінде ақпараттық технология бағытында оқытылатын студенттер жасанды интеллект жəне интеллектуалды жүйелер бойынша өзгерістерді, дамуларды оқытылатын пəндер мазмұнынан игеруі тиіс.
Бүгінде жоғары оқу орындарында оқытылып жүрген жасанды интеллект, интеллектуалды жүйелер мəселелеріне философия, химия, биология, есептеу ғылымдары тұрғысынан қарағанда əр түрлі ақпараттармен кездесеміз. Қазіргі заманғы философия саласы мамандары мен ғылым зерттеушілері пəнаралық ғылымдарды ХХ ғасырда қайта ашылған жетістік деп жиі қарайды, ал жа- санды интеллект жəне жасанды құбылыс көптеген ғылыми салалар интеграциясына тамаша мысал бола алады. Əрине, пəнаралық байланыс та өз мағынасына ие болады. Химия, биология жəне есептеу ғылымдарының мамандары өзара ұқсас əдістер қолдана, əрі тірі жүйе аспектілерін ажырата отыра оны меңгереді. Бір ғалым химия табиғатын зерттейді, екінші ғалым өзін-өзі танудың философиялық мəселесін шешуге талпынады. Жасанды интеллект бар болуының мүмкіндігін елестетіп көрсеңіз, ол ойлауға жəне өз əрекетін түсінуге қабілетті машина. Бұл машина жаңа өмірдің жаңа түрі болып табылмайды ма? Адамға қатысы бар, тамаққа деген қажеттілік, ауаға сұраныс, сонымен қатар адамзат баласына тəн теріс қылықтар ондай машина бойынан табылмайды. Жыл сайын техника дамуының қуаттылығы артып отырған бүгінгі таңда машина адаммен бір деңгейге қалай қолданылады? деген сұрақ туындайды. Бұл сауалды медицина саласымен байланыстырса, онда қазірдің өзінде ғалымдар арнайы кодты сан көмегімен тірі жан жасай алады емес пе? Олай болса, неге сондай сандар арқылы ойлай алатын, түйсігі бар компьютерлік жүйе құрмасқа? деген сауал орынды туындайды. Бұл салада барынша танымал философ Мартин Хайдеггер, Майкл Веллер еңбектері бар. Ол еңбектерде жасанды интеллект пен жасанды өмір байланысы қарастырылады. Жасанды интеллект жүйелерінің жетістіктері мен оның себептері туралы айтқанда экспертті жүйелер мен нейрондық желілерді қолдану экономика саласына көптеген пайда əкелетіндігін атауға болады. Мысалы, American Exspress компаниясы несие беру қажеттігін немесе құжаттарды кері қайтаруды шешуді анықтайтын эксперттік жүйе көмегімен өз шығынын 27 миллион долларға кеміткен. Қазіргі кездегі экспертті жүйелер білім қорынан, шығару машинасынан, модельдеудің жəне жоспарлаушы астыңғы жүйесінен бастартпайды.
Баланың интеллектін, оның танымдық саласын дамыту, отандық психологияда Л.С. Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясының жалпы контексінде беріледі. Бұл теорияда адамның әлеуметтік мәні және оның әрекетінің жанама түрдегі сипаты (оның құралдылығы, белгілігі) аталынады. Жалпы адамның интеллектуалды дамуы келесі негізгі салалар бойынша жүреді: тікелейден - жанама түрліге; жалпы бөлшектелмегеннен жіктелгенге, және де сол уақытта өмір шындығын жалпыланған түрде (абстрактілі) бейнеленуіне; еріксіз, реттелуге келмейтіннен - еркінге.
Баланы интеллектуалдық дамыту барысында психикалық танымдық процестердің өздерінде де өзгерістер жүріп жатады. Олар сапалық жағынан, мысалы еріксіз есте сақтаудан еркін есте сақтауға, ойлаудың көрнекі - әсерлі, көрнекі-бейнелік түрінен оның дерексіз және абстрактілі қисынды (логикалық) және теоретикалық ойлау түріне өзгереді.
Интеллекттің мектептік кезеңнен соң дамуы әсіресе студенттік жаста білінеді, бұл жастық шақ пен ересек шақтағы психикалық қатаю туралы ережені толығымен жоққа шығарады (Э. Клапаред). Студенттік шақ - бұл интеллектің аса күрделі құрылымдану шағы (ол өте жеке және көп вариантты). Зерттеушілердің көпшілігі осы шақтағы адам дамуының процесін функционалдық жұмысқа қабілеттіліктің және өнімділіктің үздіксіз өсуімен, тіпті функциялардың тұрақтандырылуынсыз қандай да болмасын төмендеу және дағдарыссыз алға қимылдау динамикасымен сипаттайды. Сөзсіз, студенттік шақта дамудың аса көп мүмкіншіліктері бар; дәл осы жастық ара қашықтықта сенситивті кезеңдер орналасқан, олар оқытуды әлі жеткіліксіз мөлшерде пайдаланған... Осы кезеңнің күрделі құрылымында бір функцияны көтеру сәттері (көтерілу шыңы мен оптимумдары) тек қана тұрақтандыру сәттерімен ғана емес, басқа функциялардың төмендеуімен бірге жүреді
Б..Г.Ананьевтың деректері бойынша интеллектің құрылымы жас ерекшеліктік дамудың созылу барысында және студенттік жастың өзінің ішінде динамикалық өзгеріп тұрады. Мысалы, 18-21 жаста әртүрлі функциялардан тұратын корреляциялық топ (естің, ойдың, қабылдаудың, зерденің) байланыстың буындары ретінде болса, онда 22-25 жаста мнемикалық және атенциондық ядроларымен күрделі тармақталған кешен пайда болады. Студенттік жаста ерекше рөлді зерде факторы ойнайды, алайда осы кезеңде корреляциялық байланыстардың саны мен қуаттылығы бойынша тек төртінші орынды алады, бірақ та оның концентрация деңгейі көтеріледі. Зерденің тұрақтылығы тек 22 жастан бастап көтеріледі, бұл оқу процесінде студенттердің зердесін ұйымдастыру үшін мақсатты бағытталған жұмыстың маңыздылығын атап өтеді.

Күнделікті өмірде біз ойлау қабілетімізді қоршаған әлемді танудың элементі ретінде қолданамыз. Қазіргі адамды объектілер мен құбылыстарды талдау және салыстыру мүмкіндігінсіз елестету қиын. Өзінің ақыл-ой әрекетінің арқасында біз өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру үшін мүмкіндіктер ашамыз. Ақыл болмаса, адам ғылыми жаңалықтар жасай алмайды, өнер сияқты іс-әрекет мүлде болмайды.
Интеллект-бұл адамның проблемаларды білуге, түсінуге және шешуге қабілеттілігі. Интеллект ұғымы адамның қиял мен қабылдау, сезім, есте сақтау, ойлау және бейнелеу сияқты барлық танымдық процестерін біріктіреді.
Адамның ақыл - ойы-бұл жаңа жағдайларға бейімделу, тәжірибеге негізделген оқыту, теориялық тұжырымдамаларды қолдану және осы білімді қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларын басқару үшін қолдану қабілетінен тұратын психикалық сапа.
Ұзақ уақыт бойы ақыл-ойды белсендіруге арналған көптеген жаттығулар, шахмат, жұмбақтарды шешу, логикалық жұмбақтар, нарды, тіпті покер және алдын-ала карта ойындары сияқты ақыл-ойды дамытуға арналған ойындар болды. Бүгін зияткерлікті дамыту үшін компьютерлік ойындар пайда болды. Мұндай ойындар ақыл-ойды, зейінді және есте сақтауды өте жақсы үйретеді. Сондай-ақ, егер ойын екі немесе одан да көп ойыншылардың болуын қамтамасыз етсе, шеберліктің өсуінен ләззат алса, олар бәсекелестіктің қуанышын көтереді. Үстел ойындары-ақыл-ой сайысының ең көне түрі. Математика ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік интеллект құрылымы
Эмоционалды интеллект басқа интеллект түрлерінің жүйесінде
Психология мамандығында оқитын студенттердің жоғарғы оқу орнында оқу барысындағы эмоционалды интеллектісінің даму шарттарын зерттеу
Эмпатия деңгейін диагностикалау әдістемесі
Интеллектіні психогенетикалық зерттеу жайлы ақпарат
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗДЕРІНІҢ ҚОЛДАНУ САЛАЛАРЫ МЕН ДАМУЫ
Көшбасшылықтың психологиялық аспектілері
Жасанды интеллект жүйесін құру
Жасанды интеллект жүйелері
Жасөспірімдердің жеке басының психологиялық-педагогикалық диагностикасы
Пәндер