Оқушыларға көркемдік тәрбие берудің жолдары мен құралдары


Курстық жұмыс
Тақырыбы: Көркемдік тәрбие арқылы жеткіншек ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыру
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ . . . 3б.
І. КӨРКЕМДІК ТӘРБИЕ АРҚЫЛЫ ЖЕТКІНШЕК ҰРПАҚТЫҢ
ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
- Педагогика тарихында оқушыларға көркемдік тәрбие беру жайлы ой-пікірлер . . . 4-8б.
- Жеткіншек ұрпақтың дүниетанымының қалыптасуы . . . 9-14б.
- Жастардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру -
философияның өзекті мәселесі . . . 15-17б.
- Эстетикалық-көркемдік тәрбиенің мәні мен міндеті туралы
. . . 18-22б.
- Оқушыларға көркемдік тәрбие берудің жолдары мен құралдары
. . . 23-27б.
ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ . . . 28б.
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29-30б.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 31б.
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Жас ұрпақтың санасын шыңдауға қызмет ететін білім жүйесін қалыптастыру - қазіргі заманның өзекті мәселесі болып тұр. Ал мұндай білім жүйесі сол ұлттың төл болмысымен санасу арқылы жүзеге асады. Өйткені, өткен тарихтың сын көзінен өткен құнды ұлттық дүниетаным мұралары жас буынның рухына негіз болып қаланып, болашаққа бағыт жасап отырған жағдайда ғана ұрпақтар арасындағы сабақтастық үзілмейді.
Қандай бір халықтың ұлттық дүниетанымының мол мұрасын толық зерттемей және оны күнделікті оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланбай, жан-жақты жетілген ұлтжанды жастарды тәрбиелеу мүмкін емес. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру барысында, біріншіден , бүгінгі өркениетті дүниеде болып жатқан өзгерістерді ескеріп отыруда, екіншіден , өз халқының ұлттық, мәдени-тарихи, әлеуметтік-экономикалық ахуалын терең танытуға айрықша назар аудару қажет. Мұндай жағдай басшылыққа алынған жерде, ұлттық мектептің өзекті мақсаты - адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына дарытқан парасатты тұлғаны көркемдік тәрбие арқылы тәрбиелеу болып шығады.
Еліміздің қоғамдық- экономикалық өміріне нарықтық қатынастардың енуіне байланысты өзгеріске түскен саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, рухани қарым-қатынас жағдайлары жас ұрпақ тәрбиесінің проблемаларын осы үдеріс талаптарына сай ойластыруды қажет етеді. Демек, оқушыларға әлемдік деңгейде, өркениетті негізде білім-тәрбие беру маңызды мәселеге айналып отыр. Ал бұл өз кезегінде оқу-тәрбие үдерісін мектептен бастап олардың дүниетанымын ұлттық мәдениетіміз мазмұнына бағыттау және олардың ғылыми негіздерін анықтауды алға тартады.
Зерттеу мақсаты- оқушылардың көркемдік тәрбие арқылы ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын теориялық тұрғыда негіздеу. Оқушылардың жан-жақты, ой-өрісін кеңейтіп халқының қамын ойлайтын азамат болуға баулу, оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырып, адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеп оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Зерттеудің нысаны: Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру құрылымының ерекшелігі.
Зерттеу пәні - көркемдік тәрбие арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
- «Жеке тұлғаның дүниетанымы қалыптасуының әдіснамалық және педагогикалық негіздерін айқындау.
- оқушыларының дүниетанымын көркемдік тәрбие арқылы қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:О көркемдік тәрбие арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалды
І. КӨРКЕМДІК ТӘРБИЕ АРҚЫЛЫ ЖЕТКІНШЕК ҰРПАҚТЫҢ
ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1. 1. Педагогика тарихында оқушыларға көркемдік тәрбие беру жайлы ой-пікірлер
Эстетикалық тәрбие адамның рухани бейнесін қалыптастырудың соншама ауқымды саласын қамтиды. Кейде эстетикалық тәрбие деген ұғымды " көркемдік тәрбиелеу" деген ұғыммен пара - пар алып жүрміз. Көркемдікке тәрбиелеу дегеніміз - өнер құралдарымен тәрбиелеу деген сөз. Ал эстетикалық тәрбие дегеніміз - Ильинаның айтуынша -өнердегі, табиғаттағы және бүкіл қоршаған өмірдегі, әсемдік құралдары арқылы тәрбиелеу деген сөз. Сондықтан көркемдікке тәрбиелеу эстетикалық тәрбиемен пара - пар емес, оның өте маңызды, бірақ құрамдас бөлігі болып табылады.
Осы орайда белгілі педагог Р. Қоянбаев "Педагогика" атты еңбегінде: " Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады", - деп, өнер арқылы эстетикалық тәрбие беру жолдарын қарастырған. Эстетикалық тәрбиенің міндеттерінің бірі - эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Біреулер әдемілікке ұңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады.
Әдемілікті сезіну ұшін, оған тұсіну ұшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір адамда білім болуы қажет. Білім адамды әдеміліктің обыективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, тұсінеді. Айналадағы дұниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау кырағышығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі болады.
Қазақ ағартушылары эстетикалық тәрбиеге арнайы тоқталмаса да, ерекше мән бергенін олардың зерттеу жұмыстары мен шығармаларынан аңғаруға болады. Ш. Уалихановтың эстетикалық көзқарасы қоғамның саяси және философиялық көзқарастарымен тығыз байланысты болды. Өзінің зерттеу жұмыстарында ол қазақ халқы мен Орта Азия халықтарының тұрмыс - тіршілігіне, ұлттық әдет - ғұрпына, салт - дәстұріне баса көңіл біледі. Сөйтіп, өз халқының ауызекі әдебиеті, әсемдік танымы, көзқарасы арқылы эстетикалық талғамын ашуға ұмтылады. Шоқан халықтың ежелгі архитектуралық құрылыстарын эстетикалық тұрғыда қабылдай білуге байланысты құнды пікірлер айтты. "Қазақ моласы мен оның төңірегінен қазақтың бар мәнер талғамы, архитектурадағы өнері, оның ою мен бейнелеу салты байқалады" - деп халықтың мәдени деңгейінің жоғары болғанын көрсетеді. Өз халқымен бірге Қырғызстан және Шығыс Тұркістанның ежелгі архитектуралық құрылыстарына (Алашахан, Ботағай, Айша бибі т. б. ) тас мұсіндеріне (Қозы - Көрпеш - Баян сұлу кешеніндегі, Тұймекенттегі т. б. ) ғылыми тұрғыда талдау жасайды. Сөйтіп қазақ халқының эстетикалық мақсатты көздеген өзіндік сәулетшілік шығармалары болғанын баяндайды. Осы көне заманның көз болып келген мәдени мұраларды әсемдіктің ұлгісі деп қабылдай білуге ұйретеді.
Сол секілді, қазақтың біртуар ағартушысы Ы. Алтынсарин халықтың көркем шығарма туындыларын өте жоғары бағалап, өнердегі және өмірдегі барлық әдемі нәрселердің кұндылығын тұсінуге тек қана білім берудің арқасында жетуімізге болады деп есептейді. Ы. Алтынсарин өзінің педагогикалық еңбектерінде, тек білімділікке ғана емес, мәдениеттілікке де ұндейді. Қазақ қыздарына арналған тұңғыш әйелдер қол өнері мектебінің ұйымдастырылуы да Ы. Алтышсариннің еңбегі т. б. Оның педагогикалық еңбектері эстетикалық көзқараспен тығыз байланысты. Ол: « Мектеп қазақ халқының арасында жаңаша мәдениетті өмір сұрудің жаңа әдет - ғұрып, тәртіп, тазалық, қолөнер мен өнердің ұлгісі болуы қажет, » - деп атап көрсетті.
Ы Алтынсарин өзінің барлық педагогикалық теориясында жас -жеткіншектердің эстетикалық тәрбиесін қалыптастырып, жетілдіруде қазақ халқының ғасырлар бойы тәрбие саласында жиған бай тәжірибесін негізге алу қажет деген пікірді ұстанды. Ол қазақтың қолөнерін де өте жоғары бағалаған және сол өнерге жастайынан баулу мақсатымен бірнеше қолөнер мектептерін ашты. Егер Яковлев атындағы қолөнер мектебінде ағаш ұсталығы және киім тігу ( машинамен тігу) жұмыстары жақсы жолға қойылса, Красноуфимскідегі реалыное училищесі мен ауыл шаруашылық мектебінде тері илеу, қыш - құмыра өнерлері меңгерілді, ал Торғайдағы қазақ қыздары ұшін ашылған мектепте, қарапайым халықтың тұрмысына керекті, киім тігу, киім пішу, шәлі току, тұбіт шарқат тоқу, жіп шалу және қазақтардың қолында көп болатын жұн, қыл секілді материалдардан өрмек тоқу, киіз басу, бау және тақыр киімдер тоқу сияқты әйелдер істейтін жұмыстар ұйретілді"
Яғни, Ыбырай халықтың қолөнеріндегі әдемілікті, өзі ғана тұсініп, қызықтаумен шектелген жоқ. Ыбырай сол кездің өзінде - ақ, сол өнерге балаларды да ынталандыруға атсалысты. Онсыз да ұмыт болып бара жатқан әдеттерді тезірек меңгеріп, құнды, пайдалы деген жағын эстетикалық талғаммен қабылдап, өмір қажетіне шығара білуге шақыруы қазіргі заман талабымен ұштасып жатыр. Осы айтылғандар Ыбырайдың әдет - ғұрып, салт - дәстүрді тәрбие саласының өзекті мәселесі деп қарағандығының дәлелі.
Балалар мен жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беруде халық мұрасының тәрбиелік күшін ұлы Абай да жоғары бағалады. ( Эстетикалық төрбие саласында арнайы еңбек қалдырмағанымен, өлеңдері мен қара сөздерінен Абай да халық мұрасының тәрбиелік мәнін жақсы түсініп, оны жинауға атсалысты. Ел ішінен қолөнер бұйымдарын жинастырып Семей музейіне тапсырады, маңайындағы ақынға - жыршыларға халық арасынан кең тараған жырларды қайта жырлауды, оларды хатқа тұсіруді жұктейді) .
Абай өзінің педагогикалық идеялары мен көркемдікке тәрбиелеу ой тұжырымдарын өрбіте келіп, 27- ші қара сөзінде былай деп атап айтады: Сократ пен Аристотельдің пікірлері : « әуелі көзді көрсін деп беріпті, егер көз жоқ болса, дұниедегі көрікті нәрселердің көркінен қайтып ләззат алар едік . . . Осы Абай қырық ұшінші қара сөзінде ары қарай толықтырады.
« Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалыппен, ұнамсызы - ұнамсыз қалыппен, әрнесін өз суретімен көзге тұседі . . . Жан қуатымен адам хасия қылған өнерлері де күнде тексерсең күнде асады. Көп заманнан тексермесең, тауып алған өнерінің жоғалғандығын және өзінің ол мезгілдерден бір басқа адам боп кеткендігіңді білмей қаласың » . - деп Абай мұнда адамның көркемдік шын-армашылығының негізінде эстетикалық сезімді жатқызады. Абай өзінің шығармаларында эстетикалық түсініктерге, әсемдік, сұлулық, талғам және т. б. эстетикалық категорияларға арнайы талдау жасамағанымен оның өлеңдерінде осы түсініктерді қамтитын мазмұнды шумақтар аз емес.
Балалардың эстетикаға әсерленуі туған табиғатты бейнелейтін көркем сипаттама мен көріністерді жақсы түсінуге негіз салады. Мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде мұғалімдердің алдыға қойылатын күрделі міндетті, ол - окушылардың көрген - білген заттарының, көркем нәрселерінің сырын дұрыс аша отырып, сезімдерін оятумен бірге ойлау, қиялдау сияқты қасиетінің дамуына да жол ашу. Яғни адамнан дұниені эстетикалық мақсатымен де тығыз байланысты. Осы орайда аса көрнекті совет педагогы А. С. Макаренко : " . . . балаларымыз - еліміздің келешегі, баланы дұрыс тәрбиелеу біздің қуанышымыз, ал нашар тәрбиелеу - біздің көз жасымыз және ар алдындағы айыбымыз", - деген . Сондықтан да тәрбие жұмысы бүкіл педагогикалық ұжымның қызметі болып саналады. А. С. Макаренко өзінің тәрбиеленушілерінен кербездік, сәнқойлық, тазалықты ғана емес, әдемілікті, жүріс - тұрыс, сөйлеу әсемдігін талап ете білді. Сондықтан да олар өте ақ жарқын, сыпайы болып өсті. Балалардың әдемілікке деген сезімін қай жерде болмасын мектепте, ұйде, демалыста, т. б. дамытып, жетілдіріп отыру керек. Мектепті, сыныптарды, арнайы бөлмелерді эстетикалық тұрғыда безендіргенде міндетті тұрде оларды қатыстырған жөн. Бұл тұрғыда А. С. Макаренко кімді де болмасын қызықтырмай қоймайды. Оның мекемелерінде болған адамдар гұлдердің көптігін, жалтыраған паркетті айналарды, асханадағы аппақ жапқыштарды, бөлменің мінсіз тазалығын таңдана әңгімелейді. Педагогикалық қызметінің өн бойында мектеп окушыларын тәрбиелеу және дамыту проблемаларымен шұғылданған В. А. Сухомлинский табиғаттың мектеп оқушыларын қалыптастыруда алатын рөлін өз практикасында ерекше қолданған. Ол " Балаға жүрек жылуы" атты кітабының " Табиғат кітабының үш жүз беті" деп аталатын бөлімінде балалардың эстетикалық сезімін тәрбиелеуде табиғаттың мүмкіншіліктерінде өз тәжірибесінде ерекше орын берді. В. А. Сухамлинский сабақты балалармен көбінесе табиғат аясында өткізетін. Табиғатты әсемдікке тәрбиелеудің құралы ретінде пайдаланып, қоршаған дүниенің қасиеті мен сұлулығын таныта білді. Ол туралы " Бала сұлулықты сезініп, оған қуанатын болсын, оған бейнеленген образдар оның жүрегімен зердесінде мәңгі сақталып қалатын болсын. Әсемдік - адамгершіліктің, ізгі сезімдердің, шын жұректі қарым - қатынастың жаны мен тәні", - деп жазды.
Педагогика ғылымының практикасы мен теориясына баға жетпес үлес қосқан ғалым - ағартушы тәлімгер - ұстаз, балалардың эстетикалық өмірлеріне белсенді араласқан педагог Н. К. Крупская : "Көркемдікке тәрбиелеу ісінде көптеген аса күрделі проблемалар туады. Бала өнер арқылы өзінің көңіл сезімін тереңірек түсіне білуі қажет. Көркемдікке тәрбиелегенде баланың өлең, ырғақ, музыка, би арқылы өз пікірін жеткізуіне, оның табиғи тұрде ілгері дамуына кедергі жасамау керек" -деп, эстетикалық тәрбиенің міндетін анықтайды. Ол 1931 жылы желтоқсанда " Правдада" жариялаған мақаласын " Мектепте бейнелеу өнеріне көңіл бөлінсін" деп атады. Мұнда «Өнер орасан зор ұйымдастырушылық ролы атқарады", - деп атап көрсетеді. Баланың эстетикалық талғамын қалыптастыруда көркемөнердің ролі орасан зор. Көркем өнер дүниені образдық түрде бейнелеудің және өзгертудің формасы ретінде өте күрделі, жан - жақты құбылыс. Онда мектеп окушыларына тікелей әсер ететін, бір - бірімен байланысты тәрбиенің идеологиялық, адамгершілік, эстетикалық жақтары бірлікте келеді. Әрбір адам өнердің игілікті күшін бала кезден бастап сезінді. Ол рухани жағынан жетілуімізге ықпал етеді, жеке басты және қоғамдық өмірде кездесетін мәселелердің шешімін табуға, тіпті кейде өмірден өз орныңды табуға көмектеседі.
Педагогикада эстетикалық тәрбиені өнер әдістері арқылы жүзеге асыратын болғандықтан, " Көркем тәрбие" деп аталады. Ол тікелей өнер шығармаларына көңіл аудара отырып, баланың әдемілікті түсініп қабылдауын талап етеді. Эстетикалық тәрбие баланың жас кезеңдеріне байланысты әр тұрлі дамиды. Оның өзі баланың белгілі нәрсеге әсерленуімен байланысты. Кіші мектеп жасында баланың алғаш мектепке баруы, одан алған әсері, оның көркемдік әрекеттерін дұрыс түсініп ұғынуына түрткі болады. Алайда бұл жаста баланың ықыластылығы тұрақсыз болады, ұзақ мерзім өнер шығармаларымен танысу тіпті өнермен айналысу оны тез атаймыз. Әрине, мінез - құлықты дербес ғылым этика зерттейді, сонымен қатар оны эстетика да қарастырады. Егер этиканың негізгі ұғымы - жақсылық болса, ал эстетиканыкі - сұлулық. Ізгілік, жақсылық жасау - қоғамға пайда-келтіру деген сөз. Егер еңбектен пайда мен сұлулықтың тұтастығын іздесек, онда өсіп келе жатқан жас ұрпақ әрекетінен, оның бет - бейнесінен жақсылық пен сұлулықтың, яғни этикалық және эстетикалық қасиеттердің сай келуін қалыптастыруға тырысамыз. Олардың мінез - құлқы неғұрлым қалтқысыз қалыптасса, ол эстетикалың ләззат әкеледі.
М. Горький : " эстетика - бұл болашақтың этикасы" - деп бекер айтпаған. Жасөспірімдер ұлкендермен, дос - жолдастарымен қарым - қатынаста сыпайы, әдепті, байышты болулары абзал. Осы қасиеттердің бәрі мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің негізгі көзі болып табылады. Көп жағдайда оқушылар тәртібінің дұрыстығына сыртқы, кейде үстірт белгілер арқышы баға беріледі. Тәртіп шеңберіндегі олардың мұраттары мұғалімнің, жақын адамдардың тәртібі мен іс - әрекеті, қоғамдық өмір мен өнер ықпалымен қалыптасады. Бұл тұрғыда әдебиеттің, олардың оқушылар есінде ұзақ сақталатын кейіпкерлерінің бейнелері үлкен орын алады.
Оқушылардың эстетикалық санасының және шындыққа қатынасының ерекшеліктерін білу оқушышар өмірін эстетикалық көзқарас тұрғысында дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі. Эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан лаззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді, өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыпгастырады. Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі -эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбірулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шағады.
Әдемілікті сезу үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір адамда білім болуы қажет. Білім адамды әдеміліктің объективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқоршылық баланың эстетикалық дамуының негізі болады. Эстетикалық ұғымды пайымдауды, баға беруді қалыптастыру -эстетикалық тәрбиенің тағы да бір міндеті. Әдемілікті сүю, оған түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ, үндестік, музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеру қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге тырысады, байымдай және бағалай біледі.
Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы өте зор. Эстетикалық таным - бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдімілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер шығармаларына жоғару талап қою. Мысалы, мұзда конькимен мәнерлеп сырғанақ тебу жарысы өткізіледі. Сонда орындаушыларға екі түрлі баға, яғни бірінші баға - көркемділігін келістіре орындағаны ұшін, екінші баға - мәнерлеп сырғанаудың техникасын жоғары дәрежеде игергені үшін қойышады. Әрине, орындаушыларға әділетті баға қою үшін танымы, білімі жоғары дәрежеде болуы керек. Эстетикалық танымның дамуына көбінесе өнер үйлерін қабылдаумен, не тегінде шығармашылықпен байланысты іс - әрекеті мүмкіндік береді.
Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің бірі - баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп және анық заттарын тұсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға өзгеріс жасауы қажет. Өмірге енген эстетика ( еңбек, табиғат эстетикасы ) адамдар қатынасы, адамды сүйсіндіреді. Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелеп отырып, оларды өздігінен ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тыңдаушы болуға үйрету керек. Балалар, әдебиетті окуға, кино - фильмді, теледидарды, спектаклыды, көруге, музыканы тыңдауға өте ынталы болады
1. 2. Жеткіншек ұрпақтың дүниетанымының қалыптасуы
Қазақ халқының рухани байлығының әсері адамның парасатты, білімді болуына дүниетанымдық көзқарасының жоғарғы деңгейде дамуына әсері ерекше болып табылады. Осындай үрдісте көркемдік тәрбиенің әсері өзгеше, осыны ескере отырып, біз ең алдымен оның “дүниетаным” ұғымына және осы арқылы адам баласының ежелден дүниеге деген көзқарасын қалыптастырудағы рөліне назар аударайық.
Дүниетанымның басты категориясы ретінде, «дүние» мен «адам» алынды, өйткені, әлемді танушы - адам. Оның ішінде ең негізгісі - дүние өмір, тіршілік ретінде түсіндірілсе, енді бірде дүние ұғымы - қоршаған орта, табиғат, әлем ретінде қарастыруға болады.
Философ ғалымдар І. Ерғалиев пен Ғ. Телібаев өз еңбектерінде ұлттық дүниетаным туралы: « . . . Адамның дүниемен байланысы, оны тануы белгілі ұлттық жағдайда қалыптасқандықтан, дүниетанымның ұлттық белгілері болады», - дей келе, ежелгі қазақ дүниетанымының түрлеріне: мақал-мәтелдер, жырлар, дастандар, аңыздар, ертегілер, термелер, жоқтауларды жатқызды.
Дүниетаным - адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Адамдардың ұжымшылдықты, гуманизмді (еңбек адамын құрметтей білу) оптимизмді (жарқын болашаққа сену) дәріптеп қана қоймай, әр адамды дүниені қайта құру жолындағы жан қиярлық күреске баулиды.
Дүниетанымның негізі бастауыш сыныптың өзінде қаланады да, бала кәмелетке келгенде оның дүниетанымы біршама қалыптасады. Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымның өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Өйткені бұл екеуі, құстың қос қанатындай, адамның ең асыл қасиеттері болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру үшін адамға бәрінен бұрын білім негіздерін меңгеру қажет. Өйткені білім дүниетанымды қалыптастыратын негізгі мәселе болып табылады.
Дүниетанымдық деңгейлерді сараптай келе, дүниетаным - әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы деуге болады. Дүниетаным көзі - білім. Адам тіршілігінің көзі - табиғат. Дүниетаным - дүние және тану деп аталатын екі бөлімнен тұрады. Адамның әрбір даму кезеңіне байланысты дүниені тану шеңбері мен оның мазмұны ұлғайып, тереңдей түседі. Қоршаған дүниені білу - танымға байланысты. Таным - адам санасын дамытудың негізгі және ол арқылы адам өзін қоршаған ортаны игеру мүмкіндігі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz