Коучинг әдістері
Қаззақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағыимеслекеттік университет
СӨЖ
Тақырыбы: Коучинг және тәлімгерлік жүргізу
Орындаған:Сенкебаева Н.С.
Тобы: ПиП-807
Тексерген:Едигенова А.Ж
Семей-2020
Жоспар:
I. Кіріспе бөлім
II. Негізгі бөлім
1. Коучинг үдерісінің теориялық негіздері
2. Коучингтің білім берудегі маңызы
3. Коучингті жүргізудегі құралдар
4. Қазақстан мектептеріне коучинг және тәлімгерлік практикасын ұйымдастыру
I. Қорытынды бөлім
II. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі заманда оқыту, білім беру саласында өзгерістер қарқынды іске асырылуда. Оқытуда қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдер, технологиялар тез және қарқынды түрде дамуымен қатар, олардан туындаған жаңа өнімдер пайда болып, аз уақыт ішінде оларға деген сұраныс та артып отыр. Инновациялық әдіс-тәсілдерді игеру үшін жаңа біліктер мен дағдылар қажет, осы қажеттілікті аз уақыт аралығында қалай қалыптастыруға болады деген сұрақ барлығымызды ойландырады.
Зерттеушілер тұжырымы бойынша, білім дәрежесіне, кәсібилік деңгейіне қарамастан кім болмасын өзінің үздік нәтижесін өз бетімен үнемі ұстап тұра алмайды, осы ретте Бірінші деңгей бағдарламасы мұғалімдерге әріптестерімен бірге жаңа тәсілдерді пәнге енгізу үшін коучинг пен тәлімгерлік арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін дағдыларды ұсынады.
Көптеген зерттеушілердің пікірлері бойынша, кәсіби мамандардың дағдыларын, біліктіліктерін дамытуда коучинг үдерісі аса тиімді болып табылады. Бұл зерттеулер коучинг арқылы жеке тұлғаның ішкі әлеуеттік мүмкіндігі анықталып, жеке құндылықтары мен дағдыларының дамуына жол ашылатындығын дәлелдейді.
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы атап көрсеткендей, бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасын игерген мұғалімдер басшылығымен коуч-мұғалімдер оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізуге бағытталған даму бағдарламасын іске асырады.
Осы бағдарлама аясында коучинг үдерістерін тәжірибеге енгізіп отырған мұғалімдерден алынған сауалнама нәтижесі коучинг үдерісінің мұғалімнің кәсіби дамуына және оқушылардың үздік нәтижеге қол жеткізуіне ықпал ететініне көз жеткізген.
Сауалнамаға 172 мұғалім қатысты.
Соның ішінде:
60% - Коучинг үдерісі барысында өзара тәжірибе алмасудың аса маңызды тиімділігін;
15% - Коучинг сессиясына қатысушылардың қызығушылықтарының төмендігін;
25% - Коучинг сессиясын тиімді жоспарлау бойынша қажеттіліктері мен кедергілерін атап өтті.
Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулықтың мақсаты оқыту және оқу үдерісіндегі мұғалімдердің кәсіби дамуына бағытталған коучинг үдерісін тиімді жоспарлау, коучинг тиімділігін бағалаудың құралдары мен әдіс-тәсілдері бойынша кеңестер ұсыну. Әдістемелік нұсқаулық келесі міндеттерді шешуде пайдалы және тиімді:
* Білім беру үдерісіндегі коучинг түрлерінің (жеке, триада, топтық) тәжірибеде қолданылуы;
* Коучинг сессиясын жоспарлау үшін коучинг үдерісіне қатысушылардың қажеттілігін анықтау және рефлексия жасау арқылы коучинг тиімділігін жетілдіру жолдары;
* Коучинг құралдарын қолдану мүмкіндіктерін арттыратын әдіс-тәсілдердің (стратегиялардың) тәжірибеде жүзеге асырылуы.
КОУЧИНГ ҮДЕРІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Коучинг дегеніміз не?
Коучинг термині алғашқы рет 1830 жылы Оксфорд университетінде Нұсқаушы немесе Тренер ретінде студентті емтиханға үйретуші Жетелеуші сленг мағынасында қолданылды. Бірінші рет осы коучинг термині спортқа қатысты 1861 жылы қолданыста болды.
Коучингтің даму тарихы эволюциясы көптеген оқу салаларына оның ішінде LGAT (Large-Group Awareness Training), яғни Үлкен Топтардағы Оқу Тренингтері жеке тұлғаның дамуы, ересектерді оқыту, адамның әлеуетті қозғалысы, өзіндік сана, психология және көшбасшылық салаларын қамтыды. 1990 жылдары коучинг тәуелсіз және кәсіби бағытта дамып, Коучинг Ассоциациясы, Халықаралық Коучинг Ассоциациясы және Халықаралық Коучинг Федерациялары оқу стандарттары бойынша жинақтар әзірленді.
Коучинг адамдардың қабілеттері мен біліктіліктерін және іс-әрекетті дамытудың пайдалы жолы болып табылады. Ол негізгі мәселеге келмес бұрын алдымен сұрақтарға, тапсырмаларға қатысты көмек көрсете алады. Коучинг сессиясы коуч және коучинке қатысушы мұғалім арасындағы әңгімеден басталып, мәселенің жауаптарын өзіне тапқызуға көмек ұсынылады. Кейбір мекемелерде коучингті әлі де болса түзету құралы ретінде қабылдап, коучинг үдерісін қандай да бір әрекет дұрыс бағытта болмаған жағдайда қолданылып жатады. Алайда, көптеген ұйымдарда коучинг қатысушыларға өздерінің мақсатын анықтауға және оған жетуіне көмектесетін, сынақтан өткен және жағымды тәсіл деп қарайды. Көп жағдайда ресми коучинг үдерісінде білікті маман өзінен тәлім алушылардың толық әлеуеттік мүмкіндігін ашуға, іс-әрекетті тиімді жүргізуге көмек көрсетеді.
Коучинг - кәсіби оқудың бір түрі, ол - мұғалімнің қызметіне бағытталған ең тиімді оқу үдерісі. Коучинг үдерісі тәжірибесі, өтілім деңгейі әр түрлі мұғалімдердің үздіксіз дамуына ықпал етіп, басқару үдерісін табысты өзгертіп, ұжымның кәсіби дамуын қамтамасыз етеді.
Коучинг - мұғалімдердің үздіксіз өз тәжірибелерін жақсартуына, мұғалімдердің мақсатқа бағытталған талқылауы мен әрекет ету тәсілі. Білім беру саласындағы коучинг бағдарламасының түпкі мақсаты - оқушылардың жетістікке қол жеткізуі үшін ұжымның топтық бірлескен оқу ортасын қалыптастыру мен ұжымның үздіксіз дамуын және тәжірибелеріне рефлексия жасауын қамтамасыз ету.
Коучинг үдерісі тек кез келген мәселені шешілу жолдарын табуға мүмкіндік беретін ұйымдасқан жұмыс түрі, ал қолданыста жеке тұлғаның жұмыс стилін қалыптастырушы екенін есте сақтау керек.
Коучинг өзінің тиімділігін іс-тәжірибеде қолданылуы кезінде:
* Оқыту үдерісіндегі жалпы (жоспарлау, моделдеу, құрастыру, жүзеге асыру, байланыстыру) мәселелерді шешудегі тәжірибеге жолбасшы бола біледі;
* Оқу стратегияларын (тәсілдері мен амалдарын) таңдау мен жүзеге асыру арқылы оқуға деген қызығушылықтың артуы, білім сапасының көтерілуі байқалады;
* Мұғалімнің (кез келген тәрбиешінің) өзінің ішкі түйсігіндегі болмыстық қажеттілікті тану арқылы функционалдық сауаттылығын жетілдіруге бағытталған ішкі факторды дамытуына мүмкіндік береді.
Коучинг не үшін қажет?
1980 жылы Б. Джойс және Б. Шоуэрс мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру бойынша жасаған зерттеу жұмысының нәтижесінде мұғалімдердің тиімді кәсіби дамуына мүмкіндік жасайтын 5 фактордың топтамасын анықтады. Олардың зерттеуі бойынша осы факторлардың әрқайсысы кәсіби оқуға әртүрлі ықпал етеді, сыныпта тәжірибені қолдану аясына қатысты біреуі басқаларға қарағанда тиімдірек болуы мүмкін.
1-кесте
Мұғалімнің тиімді оқуына мүмкіндік жасайтын 5 фактордың топтамасы
Компонентері
Ықпалы
Тәжірибенің сыныпта
қолдану деңгейі
Теориялық таныстырылым
5% жуық
Өте төмен
Үлгісін көрсету немесе ұсыну
10% жуық
Төмен
Үлгілендірілген жағдайдағы тәжірибе
20% жуық
Орташа
Құрылымдалған және ашық кері байланыс
25% жуық
Жоғары
Коучинг
90% жуық
Өте жоғары
Коучинг үдерісі туралы зерттеушілердің анықтамалары мен ой тұжырымдамалары коучинг үдерісінің қажеттілігін нақтылай түсуде.
Джон Уитмордың пайымдауы бойынша Коучинг - басқа адамға қандай да бір қиын жағдайда оның шешілуіне жол көрсететін, көмек ұсынатын құрал болып табылады. Коучтің міндеті - коучинг үдерісіне тартылатын адамға жауапкершіліктің және сананың жоғарғы деңгейіне жетуге көмектесіп, сол адамның ішкі даналығына сүйене отырып, сенімді қарым-қатынасты құру және дамыту.
Майлз Дауни өзінің Тиімді коучинг кітабында Коучинг - басқа адамның оқуына, кәсіби дамуына көмектесіп, нәтижені арттыратын өнер деп тұжырымдайды.
CUREE (Center for the Use of Research and Evidence in Education) Ғылыми зерттеу және Білім берудегі Дәлелдемелер орталығының коучинг сөзіне ұсынған анықтамасында Коучинг - үйренуге ниеттенген адамның кәсіби тәжірибесінің арнайы саласын дамытуды қамтамасыз етуге арналған құрылымдалған тұрақты үдеріс екендігін дәлелдей алған.
Мұғалімдер коучингі - ол мектептегі өте күрделі кәсіби рефлексивтік тәжірибенің үлгісі (түрі). Ол - оқушылардың оқуын жақсартуына, жетістікке жетуіне бағытталған мұғалімдердің жеке және кәсіби дамуын кеңейтуге көмектесетін сұхбаттардың топтамасы (Julie Boyd in school based Professional learning, reflective practice and coaching, 2000).
Коучинг сұрақтар қою, мәселені шешуге ойландыру және қарым-қатынас пен идеяны зерделеуге бағыттау арқылы мұғалімдердің оқуына ықпал етеді (Cohen et al. 1993).
Коучинг - бұл оқу, өмір бойы оқу... Ол адамдарды түзету үрдісі емес, ол-күш - жігермен әрекет ету дегенді білдіреді (Хоул, 2005).
Коучинг үдерісін практикада қолдану
Коучинг туралы зерттеулерде коучинг әдістері және коучинг құралдары бірін-бірі алмастыратын термин болып табылады.
Коучинг құралдары (тәсілдері) дегеніміз - оқытушының (үйренуші, қатысушының) жеке тұлға ретінде дамуына мүмкіндік тудыру арқылы, өмірдің әр түрлі саласында өзінің ішкі білім, білік - дағдыларын қолдана алуына баулу, жоғары жетістіктерге қол жеткізуіне мүмкіндік тудыру болып табылады.
Коучинг құралдарына: қарым-қатынас жасау, сұхбаттасу, бағалау, жоспарлау, бағамдау құралдары және тағы басқалар жатады. Коуч осы құралдарды біліктілікпен қолдануды үйреніп, өзінің жеке құралдар жиынтығын құруы мүмкін.
Коучинг әдістері - осы құралдарды қолдану өнері немесе құралдарды қолданудың тәсілі болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей коучинг әдістері мен құралдарының түпкі мақсаты коучингке қатысушыларды өзгерту.
Коучтің міндеті - ең жақсы, сенімді және тексеруден өткен коучинг әдістерін және құралдарын басқаларға ұсыну.
Әрбір жеке тұлға өз қажеттілігі мен мүмкіндігін кез келген тәжірибелі коучтан жақсы біледі. Демек, коучинг барлық мәселенің шешілуін қамтамасыз етпейді.
Ол тек түйінді идеяларды көтеріп, оның шешілуінің сан алуандығын әрбір жеке тұлғаның танымына (метатанымына) жеткізу тәсілі екенін білу - коуч үшін де, коучингке қатысушылар үшін де өте маңызды.
Аустралия Институты Оқыту және Мектеп көшбасшылығы (Australian Institute for Teaching and School Leadership. AITSL) Коучингтегі құралдардың жиынтығы.
1-сурет. Коучингтегі құралдардың жиынтығы
Жоспарлау: Коучинг адамдардың ішкі жан-дүниесіндегі ең жақсы нәрсені сыртқа алып шығуға мүмкіндік береді. Коучингтегі өзара қарым-қатынастағы басты басымдылық коучингке қатысушыға бағытталып, таңдалған әрекеттер бақыланып отырады. Коуч коучингке қатысушыларды қатысушыны таңдаған соң, жоспарлау құралдары арқылы коучингтегі өзара қарым-қатынасты орнатады және коуч пен коучингке қатысушылар алғашқы коучинг кездесу уақытын белгілейді. Коуч пен коучингке қатысушы мұғалім өздеріне қатысты рөлдеріне рефлексия жасап, не істеу қажеттігіне коучинг қарым-қатынасы арқылы қол жеткізеді. Әрқайсысының өзіне рефлексия жасауы және қарым-қатынас үшін міндеттерді нақтылауы коучинг келісімін жасауға көмектеседі.
Келісім жасау. Табысты және жетістікке бағытталған қарым-қатынасты дамыту үшін келісім жасау маңызды. Коуч және коучингке қатысушылар өздерінің рөлдерін және коучинг жүргізу тәсілдерін, құпиялылықтың сақталуын, қарым-қатынастың қалаулы нәтижесі мен мақсаттарын, рефлексия жасау және коучингтің қарымқатынасын бағалау үдерістері бойынша мерзімін белгілеуді алдын ала келісу қажет.
Коучинг өткізу. Осы кезеңнің міндеті коучингке қатысушылардың даму қажеттіліктерін анықтау және коучинг үдерісін бастау. Коуч коучингке қатысушыларды қолдау бағытында сұрақтар топтамасын қолдана отырып, коучинг сұхбаттарының тізбегін жүргізеді. Коучингке қатысушылардың мақсаттары анықталып, іс-әрекет жоспарланады.
Бағалау. Бағалау кезеңі коучинг циклінің соңында немесе келісілген жағдайда ертерек жүргізіледі. Коучингтегі қарым-қатынасты бағалау коучинг үрдісінің кез-келген кезіне сәйкес келеді, себебі ол үрдісті жалғастыруға немесе тоқтатуға болады. Бағалау коучинг қарым-қатынасы бойынша жасалған рефлексияны қамтып, үдеріске қайта шолу жасап, мақсат пен нәтижеге қол жеткізілгені анықталады. Коучинг циклінің соңында коуч пен коучингке қатысушы қарым-қатынастың қалай іске асырылғаны және оны жалғастыру қажеттілігі келісіледі.
Зерттеулер коучингтің негізгі құралдары ретінде сұрақтар қою, мәселе тудыру, рефлексия жасауды ұсынады. Коучингтің негізгі құралдары сұрақтар, мәселе тудыру, рефлексия стандарт ретінде ең жақсы коучинг методологиясы болып табылады Осы үш құрал коучтің алдына қойған мақсатына жетуге көмек болады. Оның ішіндегі ең маңыздысы - рефлексия. Рефлексия осы коучинг құралдарының ішіндегі үстемдік беретін құрал болып табылады.
Тек құралдарға сүйену жақсы коучті қалыптастырмайды, сондықтан коучинг тәсілдерін, әдістерін қатар алып жүру, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz