Мектепте қуыршақтар театрын жандандыру



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚМҚК Еркетай сәбилер – балабақшасы

Тақырыбы: Қуыршақтар театрының бала тілін дамытудағы маңыздылығы зор

Аққу тобы

Орындаған:

Ермаганбетова Алтынай Елубаевна

Жетекшілік еткен:
Бейсембанва Қарлығаш
2-ші деңгейдегі, жоғары санатты

тәрбиеші

2020 жыл

Мазмұны:
Ӏ. Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- --
--------------4
ӀӀ. Қуыршақ театры – әдеби драмалық жанр------------------------------- -----
7
1. Қуыршақ театрының шығу тарихы мен түрлері-------------------------
2. Қуыршақ театрының басқа театрлық жанрлардан ерекшелігі мен маңыздылығы-
----------------------------------- ------------------------------9
ӀӀӀ. Қуыршақтармен көрініс көрсету – өнер шеберлігі-----------------------
12
ӀV. Мектепте қуыршақтар театрын жандандыру. ---------------------------14
V. Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ---
--------19

Андатпа
Қуыршақтар театрының бала тілін дамытудағы маңыздылығы деп аталатын
зерттеу жұмысының бірінші бөлігінде қуыршақтар театры білім және
тәрбиенің негізгі құралы екенін ашып айтады. Бұл жұмыста қуыршақтар театры
арқылы қойылымдар көрсету балалардың тіл байлығын дамытып, сонымен қатар
сезімін, сыни ойлауын, тілдік дикциясын дамытуға, ойын арқылы балаларды
тәрбиелеуде де зор ықпалын тигізетіні туралы көрсетілген. Оқушылармен осы
мәселенің жолдары қарастырылды.
Келесі бөлімінде бала тілін дамытуда, тәрбиелеуде, сезімін оятуда әр
тақырыпта қуыршақтармен қойылымдар көрсетіліп, әр жанрларға жанырынан
мысалдар келтірілген және олардың терең мәнін ашу, олардың адамның
өмірінде, қоғамда ашық, кез келген адаммен тіл тауып, жол табуда, өз
пікірін ашық айтып, ақ жарқын болып ашылуына сырқы дүниесіне, ішкі
дүниесінің жаратылысына әсері жайында баяндалған. Орындаушының көмегімен
бастауыш сынып оқушылары арасында эксперимен жүргізілді және өойылымдардан
кейін көрермендердің сезімдері мен алған әсерлері жайында пікірлері
тыңдалды.

Ӏ. Кіріспе
Әр адамның жаратылысы қандай болса, олардың ішкі дүниесі, мінез-құлқы,
сезімі, қабылдауы, ойлауы да әртүрлі болады. Әсіресе кіші жаста балалардың
ойы да, ішкі сезімі де еліктегіш келеді. Олар біреудің айтқанына, не
өздерінің көргеніне, естігеніне еліктеу арқылы ішкі сезімі оянады. Балалар
көбінесе жануарлармен көрсетілген мультфильмдерді ұнатады. Жануарлар кез
келген балаға көңіл сыйлайды. Балалар жануарларды жақсы көреді. Көбінесе,
балалар жануар болып істелген ойыншықтарға құмар болады. Әр бала кішкентай
кезінен етрегі тыңдап өседі. Отбасында болса ата-анасына, мектепте болса,
құрбыларына немесе қоршаған ортадағы адамдарға қарап мінез-құлқы
қалыптасады. Бірақ, балалардың ішкі әлемін ересектердің көбі түсіне
бермейді. Қазіргі балаларды ата-ана емес компьютер, ғаламтор жүйелері,
ондағы неше түрлі атыс-шабыс ойындар, одан қалса, неше түрлі сайт
парақшалары тәрбиелеп келеді. Ол компьютерде не көріп жүргенінде ешкімнің
шаруасы жоқ. Қазіргі теледидардағы жаңаша көрсетіліп жатқан мультфильмдер
де өз қызығушылығын жоғалтты. Шетел фультфильмдерінің кейіпкерлері көрер
көзге жат, бір түрлі тартымсыз, қорқынышты болып келеді. Әрине, кейде
соларды, амал жоқ, көреміз. Ондай мультфильмдерден қатігездіктен басқа еш
нәрсе таппайсың. Сондықтан, балалардың рухани дүниесінің дұрыс
қалыптасуына, мейірімді, ақжарқын болып өсулеріне қуыршақтар театрымен
қойылған көріністердің де зор пайдасы барына көз жеткізуге болады. Бірақ,
қазір көпшілігі қуыршақ театры десе билет алып барғылары келмейді. Барлық
білім, тәрбие, шығармашылық, көңіл-күй – қуыршақ театрында екенін жете
түсіне білмейді.
Мен өзім үйде жалғыз отырған кезімде қасымда серіктесіп ойнайтын адам
таппағанда қуыршақтарды бір-бірімен сөйлетіп ойнағанды ұнатамын. Сол кезде
мұның қаншалықты қызықты әрі көңілді екеніне көз жеткіздім. Осы бір
сезімімді басқа балалармен бөліскім келді. Содан соң сынып жетекшімізбен
бірге осы мектеп аясында қуыршақ театрымен жоба бастауды жөн көрдік.
Сондықтан да бұл зерттеу жобасында қуыршақ театры мектепке дейінгі
балалар мен мектеп жасындағы оқушылардың тілдік қорын дамытып,
шығармашылықтарын шыңдап, рухани тәрбие беруде маңызды құрал ретінде
қолдануға болатыны жайында ой қозғалып отыр.
Зерттеу проблемасы:
Қазіргі балалардың рухани сезімін, мәдениетін ояту арқылы тәрбие,
білім беру мәселесі.
Алынған зерттеу жұмысының өзектілігі:
- Оқушылардың ауызша көркем сөйлеу тіліне мән бермеуі;
- Оқушылардың сөздік қорының аздығы, функционалдық сауаттылықтарының
төмендігі;
- Өз пікірлерін ашық айта алмай, қыстырылып-қымтырылулары;
- Сыни ойлауының, қоғамдағы адамдарды жан дүниесімен түсіне білуінің
жеткіліксіздігі;
- Кітапты аз оқуы
Зерртеу объектісі: балабақша тәрбиеленушілері және бастауыш сынып сынып
оқушылары
Зерттеу құралы: Оқушылардың тілдерін дамытып, рухани тәрбие беретін,
драма жанры болып саналатын қуыршақ театрымен жұмыс жүргізу.
Болжам: - Мен қуыршақ театрының оқушылардың тіл байлығын дамытып,
адамгершіліққе, адалқыққа, әдептілікке, білімге жетелейді және сыни ойлау
қабілетін, шешендіктерін, шығармашылдықтарын, ашық пікір айта алуларын
дамытуда маңызды құрал бола алады деп болжаймын.
Зерттеу жұмысының мақсаты: - қуыршақ театрының тұлғаны тәрбиелеудегі және
тіл байлығын, шығармашылық қабілеттілігін дамытудағы ықпалын көрсете білу.
Міндеттері:
- драма жанрларының бір түрі қуыршақ театры түрлерін анықтау;
- әр жанр мазмұнының ерекшелігін ашу;
- жанрлардың оқушыларға рухани тәрбие беретін, тіл байлығын дамытатын
тұстарын ашу;
Қуыршақта драма жанрының бастауыш сынып оқыту бағдарламасының негізгі
бөлігі екенін дәлелдеу.
Жоғарыда қойылған мақсат пен міндеттерге, болжамдарға сүйене отырып,
зерттеу жұмысының төменде келтірілген әдістері құрылды:
- Осы мәселенің ғылыми әдебиеттерден іздеу табу;
- Сауалнамалар мен сұрақтар;
- Оқушылардың қуыршақ драма жанрына қаншалықты мән беруін бақылау;
- Әдебиеттегі көрсеткіштер мен зерттеу жұмысының мәселесімен салыстыру;
- Әдебиеттік оқу пәніндегі сабақ үзіндісін хаттамалау;
- Қорытындысына әдістемелек түсініктеме жасау;
Зерттеу жұмысының практикалық түсіндірмесі: құрылған теориялық ұсыныс
тұлғаны дамытуда практика жасауға бағыт береді.
Өзімнің зерттеу жұмысымда мен қуыршақ драма жанрының оқушылардың тіл
байлығын және рухани тәрбие берудегі жақтарын ашуға тырысамын. Тақырыптың
тиімді жағын ашуда балабақша мен бастауыш сынып оқушылары арасында
эксперимен жүргіземін. Ол үшін мен инсерт кестесін қолдандым.

Білемін Білгім келеді Біліп алдым
Ертегілерді көп білемінҚуыршақтар театрының
және қуыршақтарды бала тілін дамытудағы
қолдана аламын маңызды құрал бола
алатынын білгім келеді.

ӀӀ. 1. Алғашқа білімді біз бастауыштан аламыз. Бастауыш білім бізді
дұрыс сөйлеуге, ойланып, дұрыс шешім қабылдай білуге үйретеді, тілдік
қатынасымыз дамиды. Кей кездері кейбір әріптерге тілдеріміз келмей жатқанда
жаңылтпаштар мен өлеңдер көмекке келеді. Егер бала кішкентай кезінде
қуыршақтар арқылы қойылымдармен көрсетілген ертегілерді тамашаласа оның
тілі дамиды, ауызекі сөйлеу арқылы диалог құра алады, оның есте сақтау
қабілеті дамиды.
Бәрі де сәби кезіміздегі анамыздың ертегілері, бесік жырынан
басталады. Сонда біздің құлағымызға батыр бол, ақын бол, адал бол, ең
бастысы – адам бол деген тәрбиелік сөздер естілген. Сонда әлгі ертегіге
қиялдап, ертегідегі жақсы кейіпкерге, батыл, батыр кейіпкерге ұқсауға
тырысатынбыз. Әсіресе, анамның жануарлар туралы айтылған ертегілерін
ұнататынмын. Кез келген балаға жануарлар туралы айтылған ертегілер ұнайды
деп ойлаймын.
Дүкенге бара қалсаң дүкен сөрелерінде нешетүрлі әдемі, тартымды жануар
бейнесінде жасалған ойыншықтарды көресің. Ондай ойыншықтарды сыйлағанды тек
балалар ғана емес үлкендер де ұнатады. Себебі, жануарлар адамдарға көңіл
сыйлайды. Сондықтан, мен ғылыми жобамды осы қуыршақтар театры туралы алып
отырмын.
Сонымен, қуыршақтар театры – ол әдебиеттік драма жанр және
педагогикалық жанр болып есептеледі. Бұлай дейтін себебіміз, біз тек оны
көріп қана қоймаймыз, куыршақтар театрының қойылымы тілдік қорды дамытады,
бізді тәрбиелейді, дамытады. Оны мен әдебиеттер, қойылымдар арқылы арқылы
дәлелдей аламын.
Қуыршақ театры – қуыршақ арқылы ойын көрсететінтеатрдың бір түрі.
Қуыршақты актер қимылға келтіріп, оның сөзін көбінесе өзі,кейде көркемсөз
оқушы айтып тұрады. Қуыршақ түріне, оны қимылға келтіру тәсіліне, сахнасына
қарай қуыршақ театры бірнеше топқа жіктеледі: киілмелі(қолға киіп
ойнайтын), сылдырмақты(жіп немесе сым арқылы қозғалтатын), суретке
түсірілген қуыршақтармен( қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін)
ойын көрсететін театрлар. Қуыршақтар театры туралы алғашқы деректер
Аристотель, Геродот, Ксенофонт, Апулей еңбектерінде кездеседі. 11 ғасырда
Діни жазба тақырыбына ойын көрсететін қуыршақ театрының ерекше түріпайда
болды. Театр ойынындағы басты бейне Марияның атымен марионетка
қуыршағыдүниеге келді. Шіркеу мен бай- манаптарды келеке еткен халық
қуыршақ театрыжайындағы тұңғыш жазбамұра Италияда сақталған.19-ғасырда
француз қуыршақ театры өркен жайды. Қазіргі кезде Еуропа мен Америка
елдерінде кең дамыған. Ежелгі шығыс елдерінде қуыршақ театрының репертуары
мифтік сюжеттер мен батырлық эпостарға, сықақ әңгімелерге құрылған.
Ресейде қуыршақ театрының пайда болуы скоморохтар ойынымен тікелей
байланысты. Қуыршақ театры Кеңес одағындакең қанат жайжы. 1930 жылы 25
мемлекеттік қуыршақ театры жұмыс істеді. 1931 жылы МәскеудеМемлекеттік
Орталық қуыршақ театры ашылды.
Қазақ жерінде қуыршақ театры ұлттық ойындардан басталды. Ертеден келе
жатқан Ортеке ойыны осыған дәлел болды. Ағаштан жасалған киік немесе ат
мүсіншесін жіпке іліп, домбыра тартқанда ішекпен қозғалып билететін. 1935
жылы Алматы қаласында қуыршақ театры ұйымдастырылды.1.ел.kz

ӀӀ. 2. Қуыршақ театрының басқа театрлық жанрлардан ерекшелігі мен
маңыздылығы. Қуыршақ театры негізінен, балалар аудиториясына арнап
спектакльдер қоюмен шұғылданады. Кейбір ұжымдардың қойылымдарында
үлкендерге де арналған пьессалар бар.
Қуыршақ театрының басқа театрлық қойылымдардан ерекшелінгі қуыршақтар
саусаққа киіліп, қимыл арқылы ойналады. Әр қуыршақты ойнатушы сөйлетіп
тұрады. Ойнатушы қуыршақты ойнатқанда актер болуы тиіс, олар қуыршақты
тиісті бір ырғақпен қозғалдып, оның дауыс ырғағын салып, мимикаға келтіру
керек. Актер өз жұмысында саусаққаптық, шыбықтық, жалпақ пішінді
(көлеңкелі театрда қолданылады) қуыршақтарды, марионеткаларды, автоматтарды
(механикаларды) пайдаланады.
Сценарий оқу, шығарманың түпкі ойын ұғыну және оны жаттап алу
оқушылардың есте сақтау қабілетін, ұзақ мерзімдік жадасын дамытады. Тиісті
ролді ойнау арқылы көркем бейне жасау шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Көбінесе өлең арқылы берілген пьессалар мәнерлік оқуларын талап етеді.
Мысалы: Асқар Тоқмағамбетовтың Бидай мен Қаңбақ мысалында диалогтік оқу
ерекше бір эмоция арқылы оқуды талап етеді. 2.5б
- Сен осы Бидаймысың?
- Бидаймын.
- Ақыл айтсам тыңдаймысың?
- Тыңдаймын.
- Осы қай тұрысың?
- Жүрмейсің,көрмейсің,кезбейсің,
- Не бар, не жоқты да сезбейсің.
Басқа театрлық қойылымдардағы сияқты қуыршақ театр актерлері де образға
кіре білуі тиіс. Алынған спектакль немесе пьессаның мазмұнын көрермен
жұртқа жеткізумен қатар өзіндік шебер қойылымымен жұрттың назарын өзіне
аударып, көңілін тарта білу - негізгі шарт. Көрермен жүрегінде жағымды
әсер, жылы сезім қалдыру үшін қуыршақтар бет әлпеті жағынан тартымды болу
және дауыс ырғағы құлаққа жағымды болу жақтары да қарастырылады.
Әсіресе Шалқан ертегісінің қойылымы балаларға ертегіні қызықтап қана
қоймай, отбасындағы сыйластық, бір-біріне деген көмек, отбасы болып бірігіп
еңбектену, ауызбірлікті көрсету барысында тәрбиелік мәні де шексіз.
Бірігіп істеген жүк жеңіл деген мақалды осы ертегіге байланыстырып айтып
кетсе де болады. Осындай жануарлар туралы орыс халқының Үйшік ертегісінің
көрінісін көрсеткенде осы ертегідегі әр жануардың образына кіріп, дауыс
ырғағын дәл келтіру шеберлікті талап етеді. Мысалы:
- Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
- Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?
- Мен бақылдауық бақамын.
Әр түрлі жануарлар дауысында ойнаған көрініс көрермендерге көңілді әсер
сыйлайды. Көріп отырған балалар қуыршақты сөйлетіп ойнауға қызығушылықтары
туады. Бұл ертегіге Көңіл сыйса, бәрі де сыяды деген халық мәтелін айта
кеткен жөн. Мейірімділік пен достық жүрген жерде барлығы сыяды.
Шығармаларды сахналап қана қоймай, әр пьессадан кейін балалар
тәрбиелік мәнін түсіну үшін мақалдармен қорыта кеткен жақсы болады.
Барлығына таныс Бауырсақ ертегісін сахналаған кезде ол ертегідегі
бауырсақтың тілазар болып ата-әжесінен қашып кетіп, түлкінің алдағанына
сеніп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БӨЛІМ ҚАЗАҚ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ
Жалпы театр өнері мен қазақ театры
Мектепалды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнының жанаруы
Жас ұрпақтың ақыл-ой және шығармашылық әлеуетін қалыптастыру
Театр бала өмірінде
Балабақшадағы драматизациялау іс-әрекетінің мәні»
Балабақшада тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру
Театр арқылы балалардың тілін және шығармашылық қабілеттерін дамыту
Балалар театрының түрлері
Музыкалық драма және қуыршақ театры өнері факультеті
Пәндер