Құс тұқымдары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Ф. 7. 05-01

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

«Аграрлық » факультет

«Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы » кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

«Өсімдік шаруашылығы және мал

шаруашылығы »

Кафедра меңгерушісі

Г. И. Елибаева

«»2020 ж.

№_ хаттама

студенттің іс-тәжірибе бойынша есебін қорғау

студент Жақсыгелді Айдина Арнұрқызы тобы Ап-18-7к

Жеке тапсырмасының тақырыбы : Бройлер балапандар өсіру

Қорғау кезінде төмендегі қойылған сұрақтарға жауап алынды:

1) Құс шаруашылығына сипаттама.

2) Құс шаруашылығы өнімдері жайлы не білесін?

3) Құс шаруашылығының Қазақстандағы маңызы қандай?

Іс-тәжірибе бағдарламасын орындау кезінде алған баллы (60-қа дейінгі)

Қорғау баллмен (40-қа дейінгі) бағаланады.

Жалпы баллы

Бағасы

Іс-тәжірибе жетекшісі

Комиссия мүшесі

Комиссия мүшесі

Қорғаған күні 20 ж.

Ф. 7. 05-02

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

«Аграрлық» факультет

«Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы » кафедрасы

Студенттің іс-тәжірибе бойынша есебі

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мамандығы бойынша

(іс-тәжірибе түрі)

Жеке тапсырма тақырыбы: Құс шаруашылығын асылдандыру

ЕЕсептің бағасы

(бағасы, күні)

Комиссия мүшелері

. (Т. А. Ж., қолы)

(Т. А. Ж., қолы)

(Т. А. Ж., қолы)

Орындаған студент

Шаухан Оразхан АП-18-7к

(Т. А. Ж, тобы)

Университеттегі іс-тәжірибе жетекшісі

(Т. А. Ж., қолы)

Норма бақылаушы

(Т. А. Ж., қолы)

Кәсіпорындағы іс-тәжірибе

жетекшісі

(Т. А. Ж., қолы)

Шымкент 2020ж

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

  1. Шаруашылық сипаттама . . . 5
  2. Құс өсіру шаруашылығы 7

2. 1. Құс өнімі. . . . 7

2. 2. Үй құстарына жататын құстар. . 9

3. Құс шаруашылығын асылдандыру жұмыстары………. 11

3. 1. Құс тұқымдары . . . 11

3. 2. Асылдандыру жұмыстары . . . 12

Қорытынды . . . 14

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 15

Кіріспе

Құс шаруашылығы - ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру кешендері қалыптаса бастады. Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше көзге түседі. Тауарлы құс шаруашылығы, негізінен, қала маңдарында шоғырланған. Ал соңғы жылдары жоғары маманданған құс шаруашылықтары арзан жұмысшы күші жеткілікті климаты қолайлы аудандарға ауысуда. Асыранды құстарды қолда өсіруді құс шаруашылық деп атайды. Құс шаруашылығы - мал шаруашылығының тиімді саласының бірі. Адамзатты нәруызды тағаммен қамтамасыз етуде құстай алынатын жұмыртқа мен еттің маңызы ерекше. Құс қауырсыны (мамығы) күнделікті тұрмыс қажетіне де пайдаланылады. Ал құс саңғырығы - сапалы тыңайтқыш. Созылған құстың ішкі мүшелерінің қалдықтары үй хайуанаттарына қорек ретінде пайдаға асады. Қолға үйретілген асыранды құстардың да арғы тегі өздеріне туыстас жабайы құстар. Қазіргі кезде қолға үйретілген құстардың 10-нан астам түрі белгілі. Тауықтәріздестерден - тауық, күркетауық, тысыр тауығы (цесарка), тауыс және жапон бөденесі. Үйрек пен қазда қолға үйретілген құстарға жатады. Құс шаруашылығын дамытудағы басты мақсат олардың жұмыртқасы мен етін алу. Тауыс, көгершін және баққунақ әсемдік үшін арнайы торда қолдан өсірілді. Үй құстарынан ең алғаш қолға үйретілгені - асыранды қаз. Бұдан 7 мың жылдай бұрын Еуропа мен Батыс Сібірде - жабайы сұр қаз, Қытай мен Ресейдің қиыр шығысында жабайы қутұмсық қаз бір мезгілде қолға үйретілген. Олар бірінен-бірі дене тұлғасы, қауырсындарының түсі арқылы ажыратылады. Асыранды қаз жылына орта есеппен 30-50жұмыртқа береді.

Жұмысының мақсаты. Құс дамыған көптеген елдерде өсіріледі. Құс етін өндіру - негізінен мамандандандырылған әрі шаруашылықтарға шоғырландырылған. Қазіргі уақытта жылына 4-5 миллион және одан да көп құс етін өндіретін комбинаттар салынуда.

Жұмысының міндеті. Қазіргі уақытта құс етін өндіруге әртүрлі интенсивті технологиялар қолданылады. Олар барынша мол өнім алуға мүмкіндік береді. Сол себепті құс өсірудің жаңа технологияларын дұрыс пайдалану қажет.

1 Шаруашылыққа сипаттама

Оңтүстік Қазақстанда тағамдық құс ет өндіретін бірден - бір мекеме « Ленгер -құс » ауылшаруашылық өндірістік кооператив болып табылады. « Ленгер -құс » АӨК Түркестан облысы Төле би ауданы Сұлтан Рабат ауылды мекенінде орналасқан. Шаруашылықтың негізгі өнімі товарлы құс етін өндіру, сонымен қатар құс жұмыртқасын де өндіреді. Құс фабрикасында құс етін өндіруге арналған жаңа және жоғары технологиялы қондырғылармен жұмыс істейді. Қазақстан нарығына жақсы сапалы құс өнімдерін ұсынуда. Автоматты түрде жұмыртқа өндіру жүйесі белгіленген және ет өңдеудің технологиясы талаптарға сай толықтай сақталады. Сонымен қатар тиімді бағадағы сапалы өніммен тұрғындарды қамтамасыз ету үшін жаңа машиналары бар. Құс фабрикасының өнімдері халықаралық халал стандарттарға сәйкестендірілген.

Бүгінгі күнде құс өнімдерінің көптеген түрлерінен астамын және құс етінен дайындалатын өнімдердің көптеген түрін шығарады. Шымкент қаласы мен облыстың бірқатар мекемелерін жұмыртқамен және құс етімен қамтамасыз етеді, сонымен қатар демалыс орындары санаторийлер, балабақшалар, ауруханалар, балалар үйлері, облыстағы дүкендердің біразын құс өнімдерімен қамтамасыз етеді. Кәсіпорын әлі де құс өнімдерінің ассортиментін кеңейту жұмыстарын жүргізуде.

Барлық шығарылатын өнімдер сертификатталған және ҚРСТ және ТШ нормаларына сәйкес келеді. Кәсіпорындарда жергілікті тұрғындардың ішінен 60 адамдай жұмыс істейді. Жұмыскерлер еңбек туралы заңға сәйкес жақсы жағдайлармен қамтамасыз етілген. Кәсіпорында еңбек қорғау бойынша қызмет құрылған. Өндірісте қауіпсіздік шарттарын қамтамасыз ету бойынша шаралар әзірленген.

« Ленгер - құс » басшылары мен жұмыскерлері өздерінің жұмыстағы шығармашылық табыстары, олардың ұйымшылдығы мен жоғары кәсіптілігі ұжымның бірігуіне көп септігін тигізіп отыр.

Кәсіпорын жұмыскерлері Қазақстандық менеджмент, маркетинг және заң негіздерін жақсы біледі және ірі Қазақстандық фермалардың менеджерлері және маркетологтарымен жұмыс істеу тәжірибиелері бар.

« Ленгер - құс » АӨК¬ облыс пен Қазақстандық тұтынушылар үшін жұмыс істейтін, Қазақстанның нарық экономикасының дамуына үлкен үлес қосқан отандық өндірушілердің бірден-бірі болып табылады. Ленгер - құс дегеніміз - Ленгер - құс сауда маркасымен тауық жұмыртқасын өндіру және сату жөніндегі заманауи озық кәсіпорын.

БұлБұл мекеменің негізгі бәсекелестік артықшылықтары - құс фабрикасының Түркестан облысының экологиялық таза Төле би ауданында орналасқан аса ірі аумағы, тамаша дайын өнім алу үшін ең үздік жем пайдалану, әлемге аты әйгілі және өндірістік еңбек өтілі 2 жылдан асқан тәжірибелі және үздік мамандарды тарту, тек жоғары технологиялы және үздік құрал-жабдықты ғана пайдалану, сондай-ақ еуропалық басқару тәжірибесі болып табылады.

Шымкент құс балапандарға арналған 20 құс қорадан тұрады. Өсіру үшін дүниежүзіндегі ең сақталуы жоғары, барынша тиімді тауыққа жататын Айбор Айкрест қроссы пайдаланылады.

Мүліктік кешенге құс балапандарын өсіруге арналған жалпы қуаттылығы 60 000 бас құсты құрайтын 20 корпус қамтылады. Құс фабрикасы үздіксіз тіршілік үдерісін қамтамасыз етуге қажетті механизмдермен және машиналармен толық жабдықталған. Штат кәсіби білікті, оқытылған қызметкерлерден жасақталған. Шамамен 60 адам жұмысқа қамтылды, соның арқасында 42 отбасы тұрақты әрі жоғары жалақы алатын болды. Қызметкерлердің барлығы әлеуметтік жағынан қорғалған және еңбек ету үшін қажетті жағдайлардың барлығы олар үшін жасалған. Сонымен бірге «Ленгер - құс» АӨК адал салық төлеуші болып табылады, бұл аудандық әкімдіктің кірісіне оң ықпалын тигізуде.

Жоғарыда атап өткеніміздей, «Ленгер-Құс» ЖШС Ленгер - құс брендімен өз қызметін 2017 жылғы ақпанда бастады. Өткен жыл ішінде сатылымдар географиясы біршама ұлғайды. Бүгін біз Шымкент қаласын және бүкіл Түркестан облысын, Тараз, Байқоңыр және Қызылорда қалаларын қамтып отырмыз. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жақын уақытқа арнаған жоспары - бүкіл Қазақстан көлемін бәсекеге қабілетті және сапалы өніммен қамтамасыз ету, одан әрі Республика аумағынан тысқары жерлерге де экспорттау болып табылады. Дилерлердің, ең бастысы тұтынушылардың сөзіне жүгінсек, «Ленгер - құс» АӨК тауық етінің сапасы бойынша еліміздегі үздіктердің бірі болып табылады. Бұл жерде дәмдік сапасы, химиялық талдаулары, сары уыз түсі, қабықтың қалыңдығы және сыртқы түрі секілді критерийлер ескеріледі. Ал бұл ең тамаша мақтау және одан әрі жұмыс істеу үшін керемет ынталандыру болып табылатыны сөзсіз.

« Ленгер - құс » мекемесінің негізгі мақсаты қала және облыс тұрғындарын сапалы, экологиялық тұрғыдан алғанда таза және құнды диеталық құс етімен қамтамасыз ету болып табылады.

2 Құс өсіру шаруашылығы

2. 1. Құс өнімі

Құс Өсіру , құс шаруашылығы - мал шаруашылығының құс өсірумен айналысатын саласы. Негізгі өнімі - ет және жұмыртқа, қосалқы өнімі - мамық пен қауырсын. Құс сойылғаннан кейінгі сүйек қалдықтары мен жұмыртқа қатты қабығы өндірісте жемдік ұн ретінде, саңғырығы - бағалы органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Жұмыртқа алу бағытында құстың жұмыртқалағыш тұқымы өсіріледі, ет алу бағытында құстың етті мол беретін тауық, үйрек, қаз, күркетауық тұқымдары өсіріледі.

Полтава цһіцкен бреед мале анд фемале.жпг

Құс Өсіру алғаш бұдан 4 мыңдай жыл бұрын Үндістанда пайда болған, кейіннен басқа елдерге де таралған. 18 - 19 ғасырларда Еуропа, Азия және Америка елдерінде тауықтардың бірнеше тұқымдары өсірілді. Қазақстанда құс шаруаның негізі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жылдары қаланды. Құс өсірумен әуелі Қостанай, Ақмола, Павлодар, Алматы облыстары айналыса бастады. Кейін республикада инкубаторда құс өсіретін жерлер ұйымдастырылды. Қазір Қазақстанда Құс өсірумен селекциялық-генетикикалық жерлерде, асыл тұқымды құс зауытттары мен құс фермалары айналысады. 2004 ж. Қазақстанның барлық санаттағы шаруашылықтарында 26, 3 млн тауық өсірілді, оның 10, 3 млн-ы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, 15, 6 млн-ы жеке меншік қосалқы шаруашылықтардың, 0, 3 млн-ы шаруа қожалықтарының үлесіне тиеді. Балапандар инкубаторда шығарылады, оған 7 - 8 айлық мекиен тауықтардан бастап, ересек мекиендердің жұмыртқалары салынады. Азықтық жұмыртқа және ет өнімдерін өндіру үшін негізінен будан (жұмыртқа және ет бағыттарындағы тұқымдарды шағылыстыру арқылы шығарылған) құстар пайдаланылады. Құс шаруашылығы - мал шаруашылығының ең тез жетілетін, әрі тиімді бір саласы. Бұл саланың өркендеуіне тиісті жағдайлар жасалса, аса қысқа уақыттың ішінде еңбекті де, азықты да, қаржыны да аз жұмсап, жұғымдылығы жоғары өнім - етті және жұмыртқаны жылдың төрт мезгілінде де көп мөлшерде өндіруге болады. Жұмыртқа әртүрлі қоректік заттарға бай келеді. Сондықтан ол жұғымдылығы да, сапасы да жоғары өнімдердің қатарына қосылады.

Дені сау құстан алынған жұмыртқа өте таза болады. Сондықтан одан ауру тарамайды. Құстың жұмыртқасы мен еті диеталық тағамдарға жатқызылады. Өйткені олар адам организміне өте жақсы сіңеді. Тамаққа жұмыртқаны пайдаланғанда ол заттың дұрыс алмасуына ықпал етеді, нерв жүйесін нығайтып, организмнің әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Республика медицина ғылым академиясының тамақ институты жан басына тәулігіне орта есеппен 50 гр немесе жылына 365 жұмыртқа қажет екенін анықтап берді. Республикадағы тамақ институтының деректері бойынша күніне орта есеппен адамға 3000 калорияға жуық азық қажет екен. Ал жан-жақты дамып, дұрыс өсіп-жетілуі үшін дені сау адам калориялылығы жоғары ет, жұмыртқа, сүт, балық т. б. өнімдерді тұтыну қажет. Ғылымға негізделіп жасалған тамақтану нормасына сәйкес бір адамға тәулігіне орта есеппен 101-105 г белок керек деп есептеледі. Мұндай белокты адам балық, жұмыртқа, сүт сияқты өнімдерді тұтыну есебінен, ал оның шамамен 50 процентін еттің есебінен алып отырады. Жылында бір адамға керек еттің орташа нормасы 80-85 кг, оның ішінде құс еті 10-16 кг болуы қажет. Құс еті маңызды диеталық тамақ болып табылады. Оның құрамында құнды белок май, минералдық заттар, витаминдер мол. Сондықтан оны, әсіресе балалар мен науқас адамдарды тамақтандыруға пайдаланудың маңызы зор. Құс етінің басқа еттерден айырмашылығы онда протейн көп және дәнекер ұлпа тканьдер аз, бұлшық еттерінің ара-арасында май қабаты болмайды. Тауық пен күрке тауық бұлшық етінің талшықтары суда жүзетін құстар бұлшық етінің талшықтарынан нәзік келеді. Құс етінде орта есеппен 22-24%, сиыр етінде-18%, қой етінде-15%, ал шошқа етінде 13-14% белок бар. Құсты ет үшін өсіргенде өндіріс интенсивті сипат алады. Осыған байланысты оған жұмсалған қаржы шошқа етін өндіруге жұмсалатын қаржыдан 3-4 есе, ал сиыр етін өндіруге жұмсалатын қаржыдан 8-9 есе тез өтеледі. Құстың қосалқы өнімдері-қауырсыны мен мамығы да өте пайдалы. Жұмсақ, жеңіл, серпімді және көпке шыдайтын болғандықтан одан мамық жастық, мамық көрпе, құс төсек т. б. жасалады. Құрғақ қауырсын шірімейді, иісі болмайды және оны бөгде басқа заттардан оңай тазартуға болады. Сондықтан қауырсын мен мамық галантерия бұйымдарын жасағанда кеңінен пайдаланылады. Сапасы төмен қауырсындардан азықтық ұн дайындалады. Мұндай ұнда 80-85% протеин мен витамин болады. Егер дұрыс күтіп, дұрыс азықтандырып отырса, тауықтың қазіргі жұмыртқалағыш тұқымдары жылына 260 жұмыртқаға дейін, тіпті одан да көп жұмыртқа салады. Соған орай жылына бір тауықтан 120 балапан алуға болады. Құстың тез өсіп-жетілгіштігінің шаруашылықтың бұл саласының интенсивті дамуына тигізетін ықпалы зор. Тауықтар бес айлығында, ал кейде тіпті одан да ертерек жұмыртқалай бастайды

2. 2. Үй құстарына жататын құстар

Қолға үйретілген құстардан дүние жүзінде ең көп өсірілетіні - үй тауығы. Тауық мүшелді жыл санауда 10-жылды иеленген. Асыранды тауықтың арғы жабайы тегі - Азияның оңтүстік-шығыс аймағында кездесетін банкив тауығы. Бұл тауық Үндістан жерінде, Ява, Суматра, Цейлон, Зонд аралдарындағы орманды алқаптарда таралған. Оның тұрқы шағын, салмағы 600-800 грамм, ұясын жерге салып, жылына 8-12 жұмыртқа салады. Үй тауықтарының барлық қолтұқымдары жабайы банкив тауығынан ұзақ жылдардағы сұрыптау нәтижесінде шығарылған, Үй тауығынан алынатын жұмыртқа мен етіне байланысты, бірнеше бағытта өсірілетін қолтүқымдар бар. Үй хайуанаттарын жіктеу кезінде жүйелік бірлік ретінде қолтұқым (порода) ұғымы қолданылады. Ұзақ уақыт қолдан сұрыптау нәтижесінде алынған бір түрге жататын үй хайуанаттарының тобын қолтұқым дейді. Әрбір қолтүқым белгілі бір мақсатқа сай (мысалы, жұмыртқа алу немесе дәмді ет үшін, т. б. ) есіріледі. Қолтұқымның дене құрылысында, тіршілік әрекетінде өзіне тән белгілері болады. Ондай белгілер тұқым қуалап, ұрпақтарына беріліп отырылады. Үй тауығының қол тұқым дары негізінен мынадай бағытта өсіріледі: Жұмыртқалағыш тауық қолтұқымдары. Мұндай тауықтың қолтұқымдары жылына 220 - 250, кейде одан да көп жұмыртқа береді. Леггорн, минорка, андалуз, орыстың ақ тауығы, орлов, павлов, воронеж осындай қолтұқымдарға жатады. Қолтұқымдар арнайы ірі құс фабрикаларында өсіріліп, оларға ерекше күтім жасалады. Ондағы барлық жұмыстар (тауықтарды қоректендіру, жұмыртқаларды арнайы инкубаторда шайқау, т. б. ) техника күшімен жүргізіледі. Етті бағытта өеірілетін тауық қолтұқымдары. Тауық еті жеңіл әрі сіңімді. Оның құрамында адам ағзасына қажетті нәруыз, витаминдер, химиялық элементтер көптеп кездеседі. Бұл бағытта виандот, род-айленд, шантеклер, доминикан, дисерсей, корниш, плимутрок қолтұқымдары өсіріледі. Етті бағытта өсірілетін тауық қолтүқымдарының балапандары тез жетіледі әрі қарқынды өседі. Ондай 7-8 апталық балапандар орташа 1, 5 - 1, 8 кг салмақ тартады. Балапандарды бройлер деп атайды және осы кезде оларды жаппай сойып, сатуға шығарады. «Бройлер» - деген ағылшын сөзі, оның қазақша мағынасы «отқа қақтау» деген ұғымды білдіреді. Олардың еті жұмсақ әрі дәмді болады. Етінің құрамында өте бағалы нәруыз мол. Оларды өсіруге шығын аз жүмсалатындықтан, шаруашылық үшін тиімді. Бройлер балапандарын өсіру үшін арнайы жабдықталған құс фабрикалары жұмыс істейді. Әйнегі жоқ кең бөлмелердегі еденге қалың төсеніш жасап, сапалы құрама жеммен қоректендіреді. Тәулік бойы жасанды жарық пен қараңғылық үнемі алмастырылып тұрады.

Қолға үйретілген үй құстарының ең ірісі - күркетауық. Ол алғаш рет Мексика және Американың оңтүстік өңірінде жабайы түрінен қолға үйретілген. Оның еті сіңімді, құрамында нәруызы мол. Орташа салмағы 9-12 килограмм. Африканың батыс, солтүстік аймағында қолға үйретілген тауықтәріздес құстың бірі - цесарка (мысыр тауығы деп те атайды) . Оны да дәмді еті үшін өсіреді. Қазіргі кезде ңесарканы Еуропа елдері, АҚШ және Австралияда көптеп өсіреді. Жапонияда қолдан өсіретін үй құсының бірі - бөдене. Оның жүмыртқасы да, еті де адам ағзасына сіңімді әрі шипалы. Бұл құс өте өсімтал. 5-6 апталық бөдене жұмыртқалай береді. Әрбір бөденеден өнеркәсіптік негізде жылына 250-300 жұмыртқа алуға болады. Қазіргі кезде АҚШ-та осы бөдененің «фараон» деген етті қолтұқымы өсіріледі. Қоразының салмағы - 200 грамм, ал мекиені 250 грамм тартады. Бөдене өсіретін құс фабрикалары соңғы кезде Италия, Франция, Германия елдерінде көбейіп келеді. Азияның оңтүстігінде бұталы, орманды жерлерде тауыстың бірнеше жабайы түрі кездеседі. Тауыс құсы қауырсын түсінің әдемілігіне сәйкес әсемдік үшін арнайы қолда өсіріледі. Құйрық қауырсындары ұзын әрі онда көзге ұқсас, түрлі түсті ірі өрнектері болады.

3. Құс шаруашылығын асылдандыру жұмыстары

3. 1. Құс тұқымдары

Құс тұқымдары. Құс тұқымдары негізгі өндірілетін өнім түрі бойынша жұмыртқалағыш, етті-жұмыртқалағыш, Тауық тұқымдары
Жұмыртқалағыш тауық тұқымдары шапшаң, жеңіл сүйекті, тығыз қауырсынды келеді. ЛеггорнТауықтарының тұлғасы үш бұрыштанып келеді. Түсі негізінен ақ. БасыМекиендері 4, 5-5 айлығында жұмыртқалай бастап, жыл бойы 200-дей Орыстың ақ тауығы Жергілікті тауықтарды леггорн тұқымымен шағылыстыру арқылы шығарылған. Етті-жұмыртқалағыш тұқымдар Етті-жұмыртқалағыш тұқымдарға мекиендердің тірілей салмағы 2, 0-2, 6 кг, қораздарынікі Плимутрок тұқымы Плимутрок тұқымы 6 айлығынан бастап жұмыртқалап, ашық қоңыр түсті
Москва тауықтары ұзын тұлғалы, кеудесі шығыңқы келеді. Етті тұқымдар
Етті тұқымдарға корниш тұқымы жатады. Ол ірі, төртбақ келеді. Сойыстық тұқымдар Сойыстық тұқымдарға Өзбекстанда өсірілетін құланғы тұқымы жатады. Түсі бурыл, Көркемдік тауықтар Көркемдік тауықтарды әуесқой құс өсірушілер әсем қауырсыны немесе түрлі Үйрек тұқымдары
Дербес шаруашылықта үйрек өсіру өте тиімді. Әсіресе оларды бағатын
Ең көп таралған пекин тұқымы суыққа өте төзімді Еттілік қасиеттері өте жоғары. Сақа меиендерінің тірілей салмағы 3, 0 ТМД-да шығарылған үйрек тұқымдарына мосваның ақ үйрегі жатады. Дене
Үйрек етінде май көп болғандықтан (балапандарының етінде 26-28%, сақа
Мускусты үйректер 6-9 айлығында жұмыртқалай бастап, жылына әрқайсысы 70-80 Жұмырқалағыш тұқымдардан елімізде үндінің жүйрік үйрегі өсіріледі.

3. 2. Асылдандыру жұмыстары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құстардың санитарлық гигиенасы
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Ауыл шаруашылығының қарқынды дамып келе жатқан саласы - құс шаруашылығы
Құс шаруашылығы жайлы
Құс фабрикасы
Жұмыртқа өндіру технологиясы
Құстар классына сипаттама
Ордабасы құс шаруашылығы
Тауықтарды өсіру технологиясын жетілдіру
Құс еті классификациясы. Жұмыртқаны сорттау,буу,сақтау және тасымалдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz