Дене тәрбиесі сабағынан ашық сабақ өткізу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ КОМИТЕТІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПОРТ КОЛЛЕДЖІ

ПРАКТИКАНТ КҮНДЕЛІГІ

(«Байқау практикасы» іс-тәжірибесі)

Мамандығы: 0103033 «Спорт жаттықтырушы-оқытушы»

Студент практикант (аты-жөні) : Асанхан Дана Мақсатқызы

Курс 3 тобы 302

Өндірістегі практика жетекшісі : Бахытбек Жанерке Бахытбеккызы

Өтілу мерзімі : «26» қазан 2020 ж «21» қараша 2020 ж.

Алматы 2020

Түсініктеме

Байқау практикасы «іс-тәжірибесі» к олледждің оқу процесі кестесіне сай, Республикалық спорт колледжінде өткізіледі. Бұл бағдарламаның мақсаты, студенттерді болашақ бапкер-оқытушының кәсіби білімін жетілдіру жолында танымдық қызметін басқару дағдысы мен шараларын өткізу әдіс-тәсілдерімен қаруландыру. Студенттер колледждің оқу-әдістемелік қорымен, кұжаттарымен танысып, тәжірибе тапсырмаларын талқылайды. Тәжірибе өту барысында жеке жұмыс жоспарларын құрастырып, оқу сағаттары бөлінді. Әр түрлі дайындық тобындағы оқу-жаттығу сабағына қатысып, жаттықтырушының көмекшісі ретінде оқу-жаттығу және дене тәрбиесі сабақтарын өткізді. Практика дене мәдениеті және спорт саласындағы мамандарды кәсіби педагогикалық дайындығының маңызды құрамды бөлігі болып табылады.

Оқу-жаттығу сабағына микроцикл құрастырып, жазба түрінде тапсырды. Студенттер өзінің білімін жетілдіру үшін, өз бетімен ізденіп әдістемелік әдебиеттер мен оқулықтар, инновациялық технологияны пайдаланып, тапсырмаларды орындайды. Практика дене мәдениеті және спорт саласындағы мамандарды кәсіби педагогикалық дайындығының маңызды құрамды бөлігі болып табылады.

Педагогикалық тұрғыдан білім беру барысында (мектеп, сынып, сыныптан тыс жұмыстар шеңберінде) тәрбие жұмысын ұйымдастырып өткізуге студенттердің жалпы педагогикалық даярлығына бағытталған.

Байқау практикасының міндеті:

1. Жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, жаттығу жүргізудің тиімді әдіс- тәсілдерін, формаларын таңдау. 2. Оқу-көрнекі құралдарды дайындау және пайдалану. 3. Күнтізбелік-тақырыптық және сабақ жоспарларын жасақтау. 4. Сабақта компьютерлік технологияларды пайдалану. 5. Сыныптағы педагогикалық үрдістің жағдайын зерттеу («сынып жетекшісі-оқушы») сынып жетекшісімен сұхбат, сынып жетекшісінің жұмыс жоспарымен танысу;

6. Бүтін педагогикалық үрдіс тұрғысынан пән мұғалімінің оқу және сыныптан тыс жұмыстарының тәжірибесімен танысып оны зерттеу (күнтізбелік жоспарды талдау, сабақтарға қатысу және талдау) ; 7. Сыныптың ағымдағы оқу-тәрбие жұмыстарына қатысу.

8. Сынып жетекшісіне сыныптан тыс тәрбие сабақтарын дайындау және өткізуге көмектесу. (сынып жетекшісінің жоспары бойынша) :

9. Дене тәрбиесі пән мұғаліміне сабақтарды дайындау және өткізуге көмектесу

Студент-практиканттың іскерлігі мен дағдысына қойылатын талаптар:

1. Жас ерешеліктеріне байланысты сабақ, жаттығу жүргізудің әдістерін таңдау.

2. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарын құрастыру.

3. Сабақта инновациялық технологияны қолдану.

4. Сыныптан тыс шаралар мен жаттығу сабағын өткізу.

5. Болашақ нұсқаушы, жаттықтырушы портфолиясын жаңарту.

6. Оқу-жаттығу сабағы мен дене тәрбиесі сабағына бақылау жүргізу.

7. Жаттығу сабағын хронометраждау, пульсті өлшеу, педагогикалық бақылау жүргізу.

8. Жаттығу және дене тәрбиесі сабағына қатысу.

9. Біліктілігі мен дағдысын әдістемелік оқу құралдары, компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы жетілдіру.

Студент практика қортындысы бойынша орындаған жұмысына есеп берді:

  1. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.
  2. Әдістеме сабағының дәрістері.
  3. Оқу-әдістемелік құралдар
  4. Пульсті өлшеу. Жазба түрінде.
  5. Жаттығу сабағына хронометраж. Жазба түрінде.
  6. Жаттығу сабағын педагогикалық бақылау. Жазба түрінде.
  7. Оқу-жаттығу сабағының жоспар конспектісі.
  8. Дене тәрбиесі сабағының жоспар конспектісі
  9. Тәрбиесі сағатының жоспары

Тәжірибе кезіндегі есеп беру құжаттары студенттердің жұмысын бағалау түрі болып есептеледі.

Слайдтар, таблицалар, буклеттер, стендтер,

ТОҚ (бейне материалдары) қолдана отырып, «Болашақ бапкер-оқытушының кәсіби білімін жетілдіру жолдары» тақырыбында ашық сабақ өткізу. . Тәжірибе қорытындысы бойынша студенттер құжаттарын тапсырып, бағаланады.

Студенттің жұмыс жоспары

Практиканың әрбір аптасында орындалатын тапсырмалар, тәрбие жұмысының барлық бағыттар шеңберінде студенттер танысу, үйрену-зерттеу жұмыстарын өткізу тапсырмалары қарастырылады. Студент барлық тапсырмаларды өзіне бекітілген бір сыныпта орындайды. Олар практиканың есеп беру құжаттарында қамтылып көрсетіледі.

Педагогикалық практика барысында студент міндетті:

- колледжде өткізілетін педагогикалық практика бойынша дайындық (кіріспе) конференциясына қатысуы;

- педагогикалық практика бойынша жеке жұмыс жоспарын құру;

- күнде орындалған жұмыстың негізгі мазмұны баяндалатын педагогикалық күнделікті жүргізу;

- практика базасымен, оқу тәрбие жұмысы бойынша мектеп директорының орынбасарымен, мектеп психологымен, сынып жетекшісімен, дене шынықтыру пәнінің мұғалімімен, бекітілген сынып оқушыларымен, мектептегі оқу және жұмыс жағдайымен, мұғалімдер және оқушылар контингентімен, материалдық - техникалық базамен танысу;

- мектептің негізгі нормативтік құжаттарымен, оқу, тәрбие, дене шынықтыру- сауықтыру және спорттық - бұқаралық жұмыстарын жоспарлаумен, мектептің есеп беру құжаттарымен танысу;

- сынып жетекшісінің негізгі жоспарланатын және есеп беретін құжаттарымен зерттеп танысу (сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспары т. б. ) ;

- сынып құжаттарын зерттеп танысу (бекітілген сыныптың үлгерім журналы, сынып оқушылары туралы жалпы мәліметтер, медициналық карточкалар, дене дайындығының деңгейін тестілеу нәтижелері т. б. ) ;

  • Сыныптағы педагогикалық үрдістің жағдайын зерттеу («сынып жетекшісі-оқушы») сынып жетекшісімен сұхбат, сынып жетекшісінің жұмыс жоспарымен танысу;
  • Бүтін педагогикалық үрдіс тұрғысынан пән мұғалімінің оқу және сыныптан тыс жұмыстарының тәжірибесімен танысып оны зерттеу (күнтізбелік жоспарды талдау, сабақтарға қатысу және талдау) ;
  • оқушы тұлғасын педагогикалық үрдістің субьектісі ретінде зерттеу (оқушыны зерттеудің, оқушының психолого-педагогикалық мінездемесін жасау) .
  • Сыныптың ағымдағы оқу-тәрбие жұмыстарына қатысу.
  • Сынып жетекшісіне сыныптан тыс тәрбие сабақтарын дайындау және өткізуге көмектесу. (сынып жетекшісінің жоспары бойынша) :
  • Дене тәрбиесі пән мұғаліміне сабақтарды дайындау және өткізуге көмектесу ( жоспар бойынша) :

Ескертулер:

Жеке жоспар апта бойынша тәжірибе бағдарламасы мен тапсырмалар орындау кестесіне сай жасалады. Мектеп дәстүрі, қызығушылықтары ескеріледі. Әр сала нақты сипатталып, тиянақты құрастырылуы тиіс. Сонымен қатар, әр шараның орындалу мерзімі көрсетілдуі керек.

Жоспарланған жұмыстың аяқталуы бойынша “орындалуы туралы белгі” кестесінде “орындалды” деп жазылады, егер орындалмаған болса, “орындалған жоқ” деп жазылады да, орындалмау себебі көрсетіледі.

Жоспар мектептегі бекітілген сыныптың мұғалімімен келісілуі тиіс. Жоспардың орындалуын топ жетекшісі тексереді.

Жоспарды жасау мен рәсімдеуге үлгілік жұмыс жоспарын басшылыққа алуға нұсқау беріледі; конференцияға, бригада кеңестеріне қатысу, мектеп директорымен, дене тәрбиесі мұғалімімен сұхбат. Мектеп жұмысымен, ондағы дене тәрбиесінің қойылымымен танысу, сынып оқушыларының қозғалыс деңгейін анықтауға арналған бақылау сынықтарын жүргізумен танысып оны үйрену; оқушылардың спорт саласындағы қызығушылығын анықтау және оларды спорттық жетістіктермен таныстыру және т. б.

Дене шынықтыру сабақтарына қатысу, тоқсанға арналған оқу жоспарлары мен өткізу кестелерін жасауды меңгеру, әдістемелік материалдарды, конспектілерді әзірлеу, сабақтарды өткізуді үйренуге ұмтылу, педагогикалық байқаулар, хронометраж және жүрек соғысы жиілігін өлшеуді үйрену, сынып жетекшісінің әдістемелік сабақтар жүргізуіне көмектесіп, онымен танысу.

Спорттық секциялар жұмысы және құрамымен танысу, бекітілген сынып оқушыларына тәжірибе кезеңіне арналған оқу-жаттығу жұмыстарының жоспарын жасау, спорттық кештер өткізу, спорттық жарыстар, президенттік тесті оқу күні тәртібі бойынша дене шынықтыру-сауықтыру шараларын өткізу мен қабылдау нормаларын дайындау және т. б. үрдістермен танысып, оны үйрену

Сынып жетекшісімен байланыс орнату, тәрбие жұмысының жоспарларымен танысу, саяси, әлеуметтік жаңалықтармен таныстыру, жиналыс, жиындар өткізуге қатысу, кино, театрға мәдени жорықтар жасауды ұйымдастыру мен өткізуге көмектесу. Жекелеген оқушылармен тәрбие жұмысынан жүргізудің әдістемелерін игеру.

Дене шынықтыру мен спорт саласындағы үгіт-насихат жұмысының жай-күйімен танысу, дене шынықтыру үрдісіне арналған спортзалдың материалдық-техникалық жағынан жабдықталуымен қатар, сабақ жүргізуге қажетті құралдармен қамтамасыздығымен танысу, қабырғалық және бұрыштамалық материалдар жабдықтауға, көрмелер мен қабырға газеттері және фотосуреттер бюллетенін ұйымдастыруға, елдегі және шетелдердегі спорттық жарыстар туралы ақпараттар таратуға көмектесу. Педагог, мұғалім практиканттың қарауы бойынша жеке жоспарда басқа да нақты іс-шаралар қарастырылуы мүмкін.

ЖЕКЕ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

2020 жылдың 26 қазан айынан бастап 2020 жылдың 21 қараша айына дейін

А

П

Т

А

Жұмыстың мазмұны
Орындалу мерзімі
Орындалғаны туралы белгі
№АПТА:

Төртінші апта Үшінші апта Екінші апта Бірінші апта

Жұмыстың мазмұны: Дене тәрбиесі сабағында педагогикалық бақылау жүргізу /хронометраж, пульсті өлшеу/
Орындалу мерзімі: 26. 10. 2020
Орындалғаны туралы белгі: Орындалды
№АПТА: Дене тәрбиесі сабағында педагогикалық бақылау жүргізу /хронометраж, пульсті өлшеу/
Жұмыстың мазмұны: 27. 10. 2020
Орындалу мерзімі: Орындалды
№АПТА: Дене тәрбиесі сабағында педагогикалық бақылау жүргізу /хронометраж, пульсті өлшеу/
Жұмыстың мазмұны: 28. 10. 2020
Орындалу мерзімі: Орындалды
№АПТА: Дене тәрбиесі сабағында педагогикалық бақылау жүргізу /хронометраж, пульсті өлшеу/
Жұмыстың мазмұны: 29. 10. 2020
Орындалу мерзімі: Орындалды
№АПТА: Дағды мен біліктілікті жетілдіру үшін әдістемелік әдебиеттерді қолдану
Жұмыстың мазмұны: 30. 10. 2020
Орындалу мерзімі: Орындалды
№АПТА: Әр түрлі дайындық тобындағы оқу-жаттығу сабағына қатысу
Жұмыстың мазмұны: 31. 10. 2020
Орындалу мерзімі: Орындалды
№АПТА: Әр түрлі дайындық тобындағы оқу-жаттығу сабағына қатысу
Жұмыстың мазмұны: 02. 11. 2020
Орындалу мерзімі: Орындалды
№АПТА: Әр түрлі дайындық тобындағы оқу-жаттығу сабағына қатысу
Жұмыстың мазмұны: 03. 11. 2020
Орындалу мерзімі: Орындалды
№АПТА: Әдістемелік сабақ
Жұмыстың мазмұны: 04. 11. 2020
Орындалу мерзімі: Орындалды
№АПТА: Тәжірибе кезінде, спортшылармен тәрбие жұмысының жоспарын құрастыру
Жұмыстың мазмұны: 05. 11. 2020
Орындалу мерзімі: Орындалды
№АПТА: Тәжірибе кезінде, спортшылармен тәрбие жұмысының жоспарын құрастыру
Жұмыстың мазмұны: 06. 11. 2020
Орындалу мерзімі: Орындалды
№АПТА: Сыныпта тәрбие шараларын өткізу.
Жұмыстың мазмұны: 07. 11. 2020
Орындалу мерзімі: Орындалды
№АПТА: Сыныпта тәрбие шараларын өткізу.
Жұмыстың мазмұны: 09. 11. 2020
Орындалу мерзімі: Орындалды
№АПТА: Жаттықтырушының көмекшісі ретінде алғашқы дайындық тобында оқу-жаттығу сабағын өткізу.
Жұмыстың мазмұны: 10. 11. 2020
Орындалу мерзімі: Орындалды
№АПТА: Жаттықтырушының көмекшісі ретінде алғашқы дайындық тобында оқу-жаттығу сабағын өткізу.
Жұмыстың мазмұны: 11. 11. 2020
Орындалу мерзімі: Орындалды
№АПТА:

Жаттықтырушының көмекшісі ретінде алғашқы дайындық тобында оқу-жаттығу сабағын өткізу.

Жаттықтырушының көмекшісі ретінде алғашқы дайындық тобында оқу-жаттығу сабағын өткізу.

Жұмыстың мазмұны: 12. 11. 2020
Орындалу мерзімі: Орындалды
№АПТА: Алғашқы дайындық тобында өз бетімен оқу-жаттығу сабағын өткізу.
Жұмыстың мазмұны: 13. 11. 2020
Орындалу мерзімі: Орындалды
№АПТА: Алғашқы дайындық тобында өз бетімен оқу-жаттығу сабағын өткізу.
Жұмыстың мазмұны: 14. 11. 2020
Орындалу мерзімі: Орындалды
№АПТА: Дене тәрбиесі сабағынан ашық сабақ өткізу.
Жұмыстың мазмұны: 15. 11. 2020
Орындалу мерзімі: Орындалды
№АПТА: Дене тәрбиесі сабағынан ашық сабақ өткізу.
Жұмыстың мазмұны: 16. 11. 2020
Орындалу мерзімі: Орындалды
№АПТА: Тәжірибе бойынша есеп құжаттарын толтыру
Жұмыстың мазмұны: 17. 11. 2020
Орындалу мерзімі: Орындалды
№АПТА: Тәжірибе бойынша есеп құжаттарын толтыру
Жұмыстың мазмұны: 18-21. 11. 2020
Орындалу мерзімі: Орындалды
№АПТА:
Жұмыстың мазмұны:
Орындалу мерзімі:
№АПТА:
Жұмыстың мазмұны:
Орындалу мерзімі:
№АПТА:
Жұмыстың мазмұны:
Орындалу мерзімі:
№АПТА:
Жұмыстың мазмұны:
Орындалу мерзімі:

Студенттермен тәжірибе тапсырмаларын талқылау. Практиканың әрбір аптасында орындалатын тапсырмалар, тәрбие жұмысының барлық бағыттар шеңберінде студенттер танысу, үйрену-зерттеу жұмыстарын өткізу тапсырмалары қарастырылады. Педагогикалық практика барысында студент міндетті:

- колледжде өткізілетін педагогикалық практика бойынша дайындық (кіріспе) конференциясына қатысуы;

- педагогикалық практика бойынша жеке жұмыс жоспарын құру;

- күнде орындалған жұмыстың негізгі мазмұны баяндалатын педагогикалық күнделікті жүргізу;

- практика базасымен, оқу тәрбие жұмысы бойынша мектеп директорының орынбасарымен, мектеп психологымен, сынып жетекшісімен, дене шынықтыру пәнінің мұғалімімен, бекітілген сынып оқушыларымен, мектептегі оқу және жұмыс жағдайымен, мұғалімдер және оқушылар контингентімен, материалдық - техникалық базамен танысу;

- мектептің негізгі нормативтік құжаттарымен, оқу, тәрбие, дене шынықтыру- сауықтыру және спорттық - бұқаралық жұмыстарын жоспарлаумен, мектептің есеп беру құжаттарымен танысу;

- Дене тәрбиесі пән мұғаліміне сабақтарды дайындау және өткізуге көмектесу ( жоспар бойынша) :

Оқу-жаттығу сабағын өз бетімен өткізу. Өткізілген жаттығуды талдау - педагогикалық бақылау.

Мне үшін мұндай іс-шараларды өткізу өте қиын және өте кызықты болды . Ең бастысы мен осындай практикалық жүмыстар арқылы үлкен үлгі мен тәжірибе жинадым. Балаларды үйрету және оларға білім беру, өтен қиын және жауапты жұмыс екенін жақсы түсіндім. Осындай тәжірибелердің арқасында мен жасөспірім спортшыларға жүктемелерді дұрыс беруге және оқу-жаттықтыру процессін өткізуге үйрендім.

Сабақ бағасы: Менім ойымша осы практикалық жұмыс өте қызықты және пайдалы өтті.

Сабақ жүргізушіге берілген ұсыныстар

_Сабақ қызықты өту үшін әр түрлі құрал-жабдықтар болу керек. Арнайы құрал-жабдықтар пайдала отырып, әр түрлі жаттығулар жасауға болады. Сол кезде жаттығулар қызықты және пайдалы өтеді. Балалардың оқуға деген құштарлықтарын ояту үшін сабақты қызықты және жақсы көңіл күймен өткізу жөн. Сабақ уақытын дұрыс пайдалу үшін, алдын ала сабақ жоспарын құру қажет, яғни сабақ уақытын дұрыс пайдалану. Сабақ кезінде мұғалім өте мұқият болуы керек. Өйткені балалар ойлап алысып, бір жерлерін айыртып алуы мүмкін.

Оқу-жаттығу сабағының жоспар-конспектісі спорт түрі бойынша оқу жоспары мен бағдарламасы негізінде жасалады.

Онда ОЖБ - ның міндеттері (Білім беру, тәрбие, сауықтыру), ОЖБ-ның әрбір бөлігінде осы міндеттерді іске асыру үшін қолданылатын құралдар (жаттығулар), негізгі құралдарды неғұрлым тиімді пайдалануға көмектесетін әдістемелік ұсынымдар көрсетіледі.

Жоспар-конспект жасау кезінде сабаққа қойылатын келесі талаптарды ескеру қажет:

  1. Сабақтың мақсаты;
  2. Жалпы міндеттерді қамтуы тиіс (сабақтар сериясы есебінен орындалатын) ;
  3. Дайындық кезеңі;
  4. Дұрыс әдістемелік бағытқа ие болу;
  5. Тәрбиелік сипатта болу;
  6. Білім алушылардың контингентін (жынысы, жасы, дене және функционалдық даярлық деңгейі) есепке алуға міндетті) ;
  7. Дене бітімін жан-жақты дамытуға, денсаулықты нығайтуға жәрдемдесетін жаттығуларды қамтуға;
  8. Білім алушылар үшін қызықты болу;
  9. Бүтіндігі мен толықтығына ие болуға және алдыңғы және кейінгі ОЖЖ-мен үйлесуге міндетті.
  10. Сабақтың қарқындылығының көрсеткіші (негізгі бөлімде жаттығуларды немесе тапсырмаларды орындау кезінде)

Сабақтың дайындық бөлігінің ұзақтығы 20-дан 30 минутқа дейін. Дайындық бөлігінің мақсаты - денені алдағы негізгі жұмысқа функционалды дайындау. Әдетте, дайындық бөлігі жүгіруден, жалпы дамыту жаттығулары, жүгіру және секіру жаттығуларынан тұрады.

Сабақтың негізгі бөлігі 60-65 минутқа созылады, онда техникалық түрлерге оқыту және физикалық қасиеттерді тәрбиелеу мәселелері шешіледі. Сабақта әрдайым ауыспалы жаттығуларды ұстану керек:

  1. зерделенетін қимыл-қозғалыс әрекетінің техникасын оқыту мен жетілдіруге арналған жаттығулар;
  2. Жылдамдық пен үйлестіру қабілеттерін тәрбиелеуге арналған жаттығулар;
  3. Төзімділік пен күш-жігерді тәрбиелеуге арналған жаттығулар. Сабақтың соңғы бөлігі жүктемені біртіндеп азайту, денені нормаға жақын күйге келтіру үшін қажет, сабақтың бұл бөлігінде баяу жүгіру, серуендеу, тыныс алу жаттығулары, релаксация жаттығулары қолданылады. Ұзақтығы - 5-7 минут.

Жаттықтырушының көмекшісі ретінде оқу-жаттығу сабағын өткізу.

Оқу-жаттығу сабағын жоспары

Топқа арналған: жасөспірім

Сабақты өткізу мерзімі мен уақыты:19. 11. 2020ж

Сабақ мақсаттары:Семсерлесу спортында қалыпта жүгіру

Қажетті инвентарь: секундомер, арнайы киім

Өткізу уақыты:16:00

Сабақ өткізді:Асанхан Дана

Сабақ-

тың кезең-дері

Мазмұны

Жаттығулар мөлшері

(мин)

Ұйымдастыру-әдістемелік нұсқаулар
Сабақ-тың кезең-дері: Бастапқы бөлім
Мазмұны:

Разминка : басты оңға-солға айналдыру,

Қол айналдыру(созу), бел айналдыру, аяқ созу (растяжка) және т. б

Жүгіру, (оң және сол жақпен жүгіру) , Аяқ қайшылатып жүгіру дәл солай (оң жақпен және сол жақпен) . Жылдамдыққа жүгіру (ускорение) . Бір орында секіру. Акробатикалық жаттығулар жасау. Учикоми жаттығуларын уақытқа және жылдамдыққа жасау.

Жаттығулар мөлшері(мин):

15мин

25мин

Ұйымдастыру-әдістемелік нұсқаулар:

Разминка дұрыс жасалуы қажет.

Алдағы жаттығуға дайындалу.

Сабақ-тың кезең-дері: Негізгі бөлім
Мазмұны:

Лақтыру әдістерін жасау. Өзінің сүйікті әдістерін қайталау. Әдістерді пайдалана отырып, әр түрлі жағдайларда қолданысқа енгізу.

Күрес. Тізеде отырып күресу (партер) 3*4мин айналым (схватка) . Сөреде түріп күресу( стойка) 4*5мин айналым (схватка) . Әр сөреден кейін 3мин демалыс.

Жаттығулар мөлшері(мин):

25мин

32мин

12мин демалыс

Ұйымдастыру-әдістемелік нұсқаулар:

Әдістемелерді дұрыс жасау. Басты түсірмеу, белді тік ұстау, қолды дұрыс тарту.

Әр түрлі әдістерін қолданып, қарсыласты лақтыру, өзінің сүйікті әдіс тәсілдерін қолданысқа енгізу.

Сабақ-тың кезең-дері: Қорытынды бөлім
Мазмұны:

Акробатикалық жаттығулар.

Растяжка (аяқ, қол, бел, мойын т, б созу)

Сапқа тұру(построение) жаттығуды қорытындылау.

Жаттығулар мөлшері(мин): 10 мин
Ұйымдастыру-әдістемелік нұсқаулар: Әдіс тәсілдерінің нақтылығын қадағалау, күрес барысындағы қолданылған әдістерді дәлдеу.

Сабақтың өтуі туралы ескертулер - Балалар жарақат алмау үшін разминканың дұрыс өткізгенің мұқият қадағалау қажет.

Мектептегі дене шынықтыру жұмысының негізгі түрі
Мектептегі оқу - тәрбие жұмысының негізгі түрі - дене тәрбие сабағы деп саналады. Бұл көрсеткіш толығымен мектептегі дене тәрбиесі жұмысын қарастырады. Дене шынықтыру сабағына мектептің барлық оқушылары міндетті түрде қатысуы қажет. Сабақ, сабақ кестесі бойынша белгілі бір сыныпта тұрақты уақытта өткізіледі. Бұл сабақты ұтымды ұйымдастыруға ықпалын тигізеді. Мұнда тек оқушылардың дене даярлығын ескеру қажет.

Дене шынықтыру сабағына қойылатын талаптар:
а) белгілі міндеттің болуы, сабақ мақсатының орындалу барысында барлық оқушының қамтылуы;
ә) сабақтың әдістемелік талапқа сай құрылуы;
б) өткен сабақты қайталай отырып жаңа сабақты толық қамту және келесі сабақтың мазмұны мен мақсатынан хабардар болуы;
в) өтілетін материал оқушылардың жас ерекшеліктеріне, жынысына, дене дамуы мен даярлығына сай келуі;
г) сабақтың оқушыны қызықтыратындай және белсенділігін арттыратындай болуы;
д) дененің жан - жақты дамуына, денсаулықты жақсартуға және жұлынның (арқанның) дұрыс қалыптасуына арналған жаттығулар мен ойындардың болуы;
е) дене тәрбиесі сабағы сабақ кестесіндегі басқада сабақтармен ыңғайласып, тұрақты жүргізілуі;
ж) сабақтың тәрбиелік маңыздылығының болуы.

Денешынықтыру пәнінен қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ

1-2 сабақ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аяқтың ұшымен тұру
Машықтану әдістері
Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі
Дене жаттығулары - дене шынықтырудың негізгі өзіндік құралы
Бастауыш мектептің дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындарды пайдалану
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің мүмкіндіктерін айқындау
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Дене тәрбиесі мәселелері
Қазақ халқының ұлттық ойындары - баланы тәрбиелеудің басты құралы. (Мектепалды даярлық тобы)
Сыныптан тыс сабақ түрлерін ұйымдастыру түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz