Құрамы құрылысы


№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық педагогтік колледжі
Реферат
Тақырыбы: Астың қорытылуы. Тамақтану гигиенасы
Топ: 21 «Б»
Білім алушы: Давлет Аружан
Оқытушы:Ақбала Садырбекова
Алматы 2020ж.
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу гигиенасы
Жоспары
1 . Астың қорытылуы қызметі
2. Тамақтану гигиенасы
3. Құрамы құрылысы
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ауыз қуысы сүйекті тұлға сүйеніші мен арнаулы мүшелерден тұрады. Бұл мүшелерге ерін, ұрт, қызыл иек, тіс, тіл, таңдай, тілшік, ауыз қуысына бөлу өзектері ашылатын үш жұп сілекей бездері және көмекей бездері жатады. Ауыз қуысының тұлға сүйеніші жоғарғы және төменгі жақ сүйектерден, олардың байланыс сіңірлері мен еттерінен тұрады. Іш жағынан ауыз қуысы көп қабатты жалпақ эпителийден құралған сілекейлі қабықпен астарланады. Осы сілекейлі қабықта көптеген кілегей және сілекей бездері болады. Олар орналасу орнына қарай ерін, үрт, тіл, тілшік бездері деп аталады. Ауыз қуысына үш жұп ірі сілекей бездерінің (шықшыт, алқым, бүғақ) де өзегі ашылады.
Ауыз қусындағы ас қорыту қоректі қабылдау және оны шайнау, сілекеймен шылау, жұту процестерінен тұрады. Қабылданған қорек ауыз қуысында шайналып, жаншылады, ұнтақталынады (механикалық өңдеу) және сілекейдің әсерімен оның құрамалары ериді, кейбір заттар (көмірсулар) ыдырай бастайды (химиялық өңдеу) . Қорек ауыз қуысында ұзақ аялдамайды. Сілекей құрамындағы муцин (шырыш) әсерімен қорек ұнтақтары бірігіп жентектеледі де, ол жұтылады. Жұту процесімен ауыз қуысындағы ас қорыту аяқталады.
Жұту - рефлекс түрінде атқарылатын процесс. Ол тізбектелген бірнеше әрекеттер жиынтығы. Бұл процесс азық жентегінің таңдай мен тіл түбіндегі тіл - жұтқыншақ нервінің сезімтал ұштарын тітіркендіруінен басталады. Қозу толқыны сопақша мидағы жұту ор-талығына жетіп, одан тіл асты (бүғақ), үшкүл, тіл - жұтқыншақ, кезеген нервтердің эфферештік талшықтары арқылы ауыз қуысының, жұтқыншақтың, көмекей мен өңештің еттеріне беріледі. Тіл мен жұтқыншақ еттерінің үйлесімді жиырылуының әсерінен азық жентегі өңеш шанағына (воронкасына) түседі де, одан өңеш бойымен қарынға қарай жылжиды
Сілекей ірі үш жұп сілекей бездері мен ауыз қуысының сілекейлі қабығында орналасқан көптеген майда бездер секреттерінің қосындысы. Сілекей бездері сірлі (серозалы), шырышты және аралас бездер болып бөлінеді. Шырышты бездерге таңдай, үрт, тіл түбі бездері, сірлі бездерге - шықшыт бездері мен тілдің бүйір беткейінің бездері, ал аралас бездерге - бүғақ, алқым бездері мен ерін бездері жатады. Шырышты бездер тұтқыр, шырышқа (муцинге) бай сілекей, сірлі бездер - сұйық, электролиттерге бай, құрамында белок пен ферменттері бар сілекей бөледі.
Сілекей - түссіз, жеңіл көпіретін, иіссіз, дәмсіз, әлсіз сілтілік реакциялы, тығыздығы 1, 002 - 1, 012 тұтқыр сұйық . Оның құрамында 99-99, 4% су және 0, 6 - 1% құрғақ зат болады.
Сілекейдің сусыз бөлігінің құрамында түрлі органикалық заттар -белоктар, муцин (шырыш), ферменттер және бейорганикалық тұздар болады. Сілекейде натрий, калий, хлор, кальций, фосфор т. б. элементтер белгілі бір түрақты мөлшерде кездеседі. Сілекей құрамы на кейбір зат алмасу өнімдері - көмір қышқылы, несепнәр, аммиак т. б. кіреді, Құрамында амилаза (птиалин) және глюкозидаза (мальтаза) ферменттерінің болуына байланысты сілекей көмірсуларды ыдырату процесіне қатысады. Амилаза крахмалды мальтозаға, ал соңғы өнімді мальтаза глюкозаға ыдыратады.
Сілекей организмде маңызды рөл атқарады. Ол ауызға түскен қоректі дынқылдап, оны шайнауды оңайлатады, қорек құрамынан заттарды ерітіп, оның дәмдік сапасын анықтауға мүмкіндік береді. Сілекей құрамындағы муцин шайналған азық ұнтағын жабыстырып, оны жентектейді, жұту процесін жеңілдетеді. Ол денедегі су мен минералды заттардың алмасуына қатысып, қышқылдық - сілтілік тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.
Тамақтану адамның қалыпты тіршілік қызметі мен дамуы үшін қажет. Сапасыз немесе жеткіліксіз тамақтану организмнің тіршілік қызметін бұзуы мүмкін қызметі өсудің кешеуілдеуі, жұмысқа қабілеттілігінің нашарлау түрлі ауруларға деген қарсылығының кемуі, қоршаған ортаның зиянды әсерлері алдындағы ағзаның төзімділігінің төмендеуі . Тиімді тамақтану екі негізгі міндет атқару тиіс:
ол баланың туған сәтінен бастап, оның қалыпты өсуі және дамуы үшін қажетті құрылыс материалдары мен ағзаны қамтамазыз етуі керек. Бұлар негізінен ақуыз, май, минералдық заттар.
тамақтану ағзаның энергиялық шығынын толтыруға керекті оның тіршілік әрекетін қамтамасыз ететіндей қоректік заттар жеткізіп тұруы керек олар көмірсулар, майлар және ішінара ақуыздар.
Мектеп оқушысының тамақтануы мынандай негізгі гигиеналық талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
Тамақтың құрамында ағза үшін қажетті ақуыз, май, липойд, көмірсу, минералдық зат, витамин, су жеткілікті мөлшерде және оптималдық арақатынаста болуға міндетті.
Тамақ алуан түрлі болып келуге тиіс. Оның құрамына өсімдіктен және жануарлардан алынатын сүт, ет, балық, жұмыртқа . нан көкеніс, жеміс - жидек тағы басқа азық - түліктер енуі қажет.
Тамақ сапалы болуға тиіс және құрамында зиянды қоспасы, ауру тудыратын микробтары болмауы керек .
Тамақ көлемі жағынан да каллориясы жағынан да жеткілікті болуға яғни адамның тою сезімін тудыратындай болуға тиіс.
Тамақты бір күнге дұрыстап бөлу керек. Тамақты үнемі белгілі бір сағаттарда ғана ішу керек .
Ақуыз. Адамның белокқа деген мұқтаждығы сонша, белок болмаса немесе ол жеткіліксіз болса, өсудің баяулығы, орталық нерв жүйесінің шартты рефлекстік қызметінің әлсіреуі және т. б. сияқты ағзаның тіршілік қызметінде елеулі кемшілік тудыруы мүмкін. Ас қорыту шырындарының әсері мен ішек - қарын жолында белоктар едәуір қарапайым бөлшектерге - амин қышқылдарынан жаңа, қажетті және сол ағзаға тән белоктар пайда болады. Белоктың құрылымы мен маңызы оған енетін амин қышқылдарына байланысты. Белоктар ет, балық, сүт, жұмыртқаның ағы, сүзбе, бұршақтық өсімдіктердің дәнінде т. б. болады.
Майлар мен липоидтар - организмнің қалыпты тіршілік қызметі үшін қажетті органикалық қосындылар тобы.
Майлар - мектеп оқушысы тамағының қажетті құрамдас бөлігі. Майлардың құндылығы сонда: оардың құрамында А, Д, Е витвминдері болады, шағындап пайдаланғанның өзінде майлар ағзаға көп мөлшерде энергия береді.
Липоидтар- мектеп оқушысы арганизмнің қалыпты тіршілік қызметі мен өсуіне қажетті, жануарлар мен өсімдіктерден алынған май тәрізді органикалық зат.
Витаминдер (латынша Vita-өмір) - түрлі химиялық құрылымдағы органикалық заттар. Витаминдер ағзаның қалыпты тіршілік қызметі мен дамуы үшін өте үлкен маңызға ие, организмнің ауруларға төзімділігін арттырады.
Организмнің витаминдері қажет етуі адамның өсу, даму кезеңінде, ауыр дене және ой жұмысы кезінде, сондай-ақ ауырып қалған жағдайда арта түседі.
Ұзақ уақыт бойы тамақта қандай да бір витаминдердің болмауынан мектеп оқушысында дімкәстық пайда болады, ол авитаминоз деп аталады. Жиі кездесетіндей, ішетін тамақтың құрамындағы витаминдердің мөлшері жеткіліксіз болғанда гиповитоминоз басталады.
Қорытынды:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz