Инфляция: мәні, себептері және әлеуметтік экономикалық салдарлары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланыстары ... ...5

II. ҚР . ДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК .ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЛАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы 1999.2011 жж. кезеңіндегі инфляциялық процесстер динамикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.2 Инфляфияны таргеттеу негіздері мен алдын . алу шараларын жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

III. ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ.ӘЛЕУМЕТТІК САЛДАРЫ.
3.1 Қазақстан жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... .21
3.2 Инфляцияға қарсы саясаттың күрес жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ИНФЛЯЦИЯ: МӘНІ, СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЛАРЫ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланыстары ... ...5

II. ҚР – ДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЛАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы 1999-2011 жж. кезеңіндегі инфляциялық процесстер

динамикасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.2 Инфляфияны таргеттеу негіздері мен алдын – алу шараларын
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

III. ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК САЛДАРЫ.
3.1 Қазақстан жағдайындағы инфляцияның
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ...21
3.2 Инфляцияға қарсы саясаттың күрес
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .27
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .29

КІРІСПЕ

ҚР Президенді Н.Назарбаев 2010 жылғы Қазақстан халқына арнаған
Жолдауында: Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты — инфляцияны тежеуді
қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банк пен
Үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен
құралдар бар.
Ақша-кредит саясатының келесі міндеті — қаржы нарығының тұрақтылығын
қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен
бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас
бағамының икемділігін сақтап түру.
Осы орайда Ұлттық қор маңызды рөл атқаруға тиіс. Үкімет Қор
қаражатының ашықтығын және ұтымды құрылуы мен пайдаланылуын қамтамасыз
етуге тиіс деп санаймын.
Инфляция – күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Бүгінде ол көптеген
дүние жүзі мемлекеттерінің үкіметтері мен орталық банкілерінің басты
экономикалық проблемаларына айналып отыр. Инфляция экономикалық өрлеу
қарқынын бәсеңдетеді, инвестициялық белсенділікті төмендетеді, ал өзінің
шектен шыққан түрлерінде қоғамда әлеуметтік және саяси шиеленістер
туғызады.
Экономикалық құрылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді.
Оның тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз
байланысты деп санайды. Инфляция – бұл күрделі де көп факторлы құбылыс: ол
қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс
процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және
шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді. Инфляцияға
қарсы күресті күшейту қажет. Инфляцияның жаһандық экономикалық
үдерістер тарапынан болатын қысымның күшейе түсуінен де
ұлғайып отырғанын ескеріп, Үкімет тарапынан ойластырылған және
сол әрекеттерге сәйкес іс-шаралар қабылдануы қажет.
Инфляция құбылысының пайда болуына әсер ететін факторлардың алдын алу
шаралары, яғни инфляция процесін зерттеу және оған қарсы саясатты жетілдіру
жолдарын зерттеу болып табылады. Экономикалық категория ретінде инфляция,
ұлттық табысты, қоғамдық өндіріс сфераларының, халық шаруашылығы аймақтары
мен салаларының, халықтық таптық және әлеуметтік топтарының араларында
бөлуді білдіреді.
Баға тауарлар мен қызметтердің құнының ақшалай нысаны
болғандықтан, инфляция айналымдағы қағаз ақша бірліктері санының тауар
бағасынан артып кетуі нәтежесінде пайда болады және бағалардың өсуінде,
ақша бірлігінің сатып алушылық қабілетінің төмендеуінен көрінеді. Демек,
айналымдағы ақша белгілерінің саны мен жылдамдығы инфляцияның деңгейі мен
қарқынына елеулі әсер етеді.
Бағаның өсуі, инфляцияның ең маңызды, бірақ жалғыз көрсеткіші болып
табылмайды. Сонымен қатар ақша шығаруды, ақша массасының өсуін, мемлекеттік
бюджет тапшылығын, оның индикаторы деп есептеуге болады.
Зерттеу мақсатынан туындайтын міндеттер:
– инфляцияның экономикадағы қаржылық тұрақтылыққа әсерін айқындау;
– инфляцияны қаржылық тұрақтандыру және қаржылық реттеу бойынша шетел
тәжірибесінің негізінде осы тәжірибені Қазақстан экономикасында
қолдану мүмкіндігін дәлелдеу;
– Қазақстандағы 1998-2011 жж. кезеңіндегі инфляциялық процестер
динамикасын қарастыру;
– АТФ банкіндегі инфляция мәселесін анықтау;
– Инфляция құбылысына әсер ететін факторларды алдын-ала шараларын
жетілдіру;
– Жаһандану жағдайындағы Қазақстан Республикасының экономикасындағы
инфляциялық процесі және оған қарсы саясатты жетілдіру.
Инфляция – күрделі және көп жоспарлы әлеуметтік-экономикалық үдеріс.
Оны зерттеуге бай әлемдік және отандық экономикалық әдебиет арналған.
Берілген күрделі әлеуметтік-экономикалық үдеріске тән қарама-қайшы
құбылыстарды және негізгі ойды зерттеуге Д. Юм, А. Маршалл, Дж.М. Кейнс, А.
Филлипс, П. Самуэльсон, Р. Солоу, М. Фридмен, Р. Дорнбуш, С. Фишер сияқты
шетелдік экономист ғалымдар айтарлықтай үлес қосты.
Өтпелі экономикалардағы және жаңадан дамып келе жатқан мемлекеттердегі
инфляцияны М.А. Афанасьев, А. Белоусов, Р.Н. Евстегнеев,
А. Илларионов, Г. Колодко, Я. Корнаи, М.Ю. Малкина, С.М. Никитин, С. Пекур,
Я. Ростовски, Дж. Сакс, В.В. Усов, В.Н. Шенаев және т.б. ғалымдар зерттеді.
Қазақстандағы инфляцияны қарастыратын жұмыстарға Р.А. Алшанов,
Т.А. Әшімбаев, М.Б. Кенжегузин, К.А. Сағадиев, Ғ.С. Сейітқасымов, А.Қ. Қоша-
нов, Р.А. Қамшыбаев, Н.К. Күшікова, В.Д. Мельников, Ә.Д. Челекбай, Ұ.А. Те-
кенов сияқты ғалымдардың зерттеулері жатады.

I. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланыстары

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді.
Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз
байланысты деп саналады.
Инфляция термині (латынның inflation сөзінен шыққан – кебіну,
ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды және
АҚШ – тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865жж) қағаз долларының
гринбектердің қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. XIX ғасыр бұл
термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде
инфляция ұғымы XX ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен
таралды, ал бұрыңғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-сыншы жылдары
жазыла бастады.
Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының
қажеттілігімен айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып
кетуі, оның құнчыздануы және соның нәтижесі ретінде – тауарлар мен
қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының
төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдықөндіріс процесінің алшақтықтарына
және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы
бұзылады.
Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі.
Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады:
Айналысқа артық ақшаның шығарылуы;
Қолайсыз төлем балансы;
Үкіметке сенімнің жоғалуы.
Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол
ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп
келді. Әлі де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның
жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар
бағасының өсуінде көрінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға
болмайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің
сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Инфляция
әлемнің көптеген елдеріндегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір
проблемаларының бірі болып есептеледі.
Бүгінде инфляция бағаның өсуі нәтижесінде ақшаның сатып алу
жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экононмикалық
дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияға өндіріс пен
өткізу сферасындағы әртүрлі факторлар тудырған өндіріс процесінің қарама-
қайшылықтары себепші болды. Инфляцияның әуел бастағы себебі –ұлттық
шаруашылықтың түрлі сфераларындағы жинақтау мен тұтыну, сұраным мен ұсыным,
мемлекеттің кірістері мен шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен
шаруашылықтың ақшаға қажеттілігі арасындағы алшақтықтар.
Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын (себептерін) айыра білу
қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай –
монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындар – бұл шаруашылық
сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің
монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік-саяси
сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік
қаржының дағдарысы бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша
эмиссиясы, сондай-ақ несие жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының
артуы нәтижесінде несие құралдарының өсуі және басқалары жатады.
Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар (шикізат, энергетика, валюта
дағдарыстары), басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған
мемлекеттік валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару
инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады.
Сөйтіп, көпфакторлы процесс ретінде инфляция – бұл ақша айналысы
заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндіріс дамуындағы
алшақтықтың көрінісі.
Инфляцияның іс-әрекетін қаржы проблемаларымен байланыстырып отыру
қажет, өйткені инфляция құбылысы мынандай қаржылық факторларға тәуелді
болып келеді:
• Белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану;
• Инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы
қаржыландырудың ауқымы;
• Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері;
• Мемлекеттік берешектің көлемі.
Нарықтық экономика кезінде қаржы инфляциялық процеске бірқатар
факторлар арқылы айтарлықтай әсер етеді (инфляциялық тенденцияларды күшейте
түседі).
Бірінші фактор – мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлейалушылық
сұранымының артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді.
Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы
бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның кірістері, ең алдымен,
салық түсімдері қажеттіліктен артта қалып қояды. Бұл сөзсіз болатын ұзақ
уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады.
Екінші фактор – табысқа (пайдаға) салынатын салықтың көбеюі. Салықтың
едәуір бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады және рыноктағы
бағаның көтерілуінің басты себебі болады.
Үшінші фактор – бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары (өндірістік
емес шығындардың неғұрлым өсуімен байланысты).
Инфляция қаржы қатынастарын да өзгерістерге ұшыратады. Біріншіден,
инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан мемлекет
шығыстарының өсуін жандандырады.
Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады және салық
түсімдерін арттырудың қажеттігін тудырады.
Үшіншіден, инфляциялық процесс мемлекеттің берешегі проблемаларын
шиеленістіреді.
Сөйтіп, қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді қаржы
инфляциялық процестердің тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляция да қаржы
қатынастарына әсер етеді. Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі
мемлекеттің шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің шығыстарын көбейтудің
қажеттігіне, салық ауыртпалығының күшеюіне, мемлекеттік бюджет тапшылығынан
болатын мемлекеттік борыштың өсуіне ұрындырады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны
мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады, өйткені салықтық кірістер
мен қарыздар оларды есептегеннен кейін уақыттың белгілі бір межелдемелері
арқылы түседі, сондықтан мемлекеттің берешектің проблемасы шиеленіседі,
өйткені қарыздарды тарту үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының
табыстыылығын несиелік пайыз деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр болады, бұл
мемлекеттік борыштың атаулы өсуін тудырады.
Қаржы қатынастары мен инфляциялық процестердің бір бағытты келеңсіз
сипаты, бірін-бірі өзара толықтыра отырып, экономикалық жүйедегі келеңсіз
нәтижелерге апарады. Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-экономикалық
проблемаларды тудырады: ақшалай табыстардың құнсыздануы, ұзақ мерзімді
инвестицияларға деген экономикалық ынтаның түсуі, ақшалай жинақтардың
құнсыздануы, нақтылы пайыздың төмендеуі, экономикалық байланыстардың
бұзылуы және т.б.
Төмен инфляция немесе оның болмауы ұлттық шаруашылықтың түрлі
деңгейлерінің қаржылық көрсеткіштерін жақсартатыны секілді ұқсас жағдайда
қаржы қатынастарының оң бағыттылығы инфляция деңгейін төмендетеді.
Сөйтіп, қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді. Қаржы
инфляциялық процестердің тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляция да қаржы
қатынастарына әсер етеді. Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі
мемлекеттің шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің шығыстарын көбейтудің
қажеттігіне, салық ауыртпалығының күшеюіне, мемлекеттік бюджет тапшылығынан
болатын мемлекеттік борыштың өсуіне ұрындырады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны
мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады, өйткені салықтық кірістер
мен қарыздар оларды есептегеннен кейін уақыттың белгілі бір межелдемелері
арқылы түседі, сондықтан мемлекеттің алу сәтінде олар құнсызданады. Осыған
ұқсас мемлекеттік берешектің проблемасы шиеленіседі, өйткені қарыздарды
тарту үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылығын несиелік
пайдеңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттік борыштың
атаулы өсуін тудырады.

II. ҚР – ДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЛАРЫН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстандағы 1999-2011 жж. кезеңіндегі инфляциялық процестер
динамикасы

1999-2000 жж. бастап Қазақстан экономикасы тұрақты өсу траекториясына
шықты. Нарық реформаларының ішінде қаржы секторындағы реформа экономикалық
белсенділікті жоғарылатуға мүмкіндік жасайды. Республикада қазіргі талапқа
сай банк жүйесі құрылған, несие нарығы серпінді қарқынмен дамуда.
Республикада нарықтық инфрақұрылым құрылды. Олар өз қарамағына шағын және
орта бизнеске қызмет көрсететін банкілер жүйесін, инвестициялық және
сақтандыру компанияларын, аудиторлық фирмалар мен басқа субъектілерді
қамтиды.
Бірақ жалпы макроэкономикалық жағдай жақсарып, экономика тұрақты
өрлеуге бет бұрғанмен, осы 2007 жылдың екінші жартысында тауарлар мен
қызметтерге бағалардың өсуі байқалды. Әрине қазіргі жағдайдағы бағалардың
өсуін 1990 жылдардағы инфляциялық процестермен салыстыруға болмайды.
Ағымдағы жылдың 8 айында Қазақстанда инфляция деңгейі 8,2 пайызды
құрап, жоспарланған деңгейден асып түсті. Бұл туралы үкіметте өткен
отырыста, премьер-министр Кәрім Мәсімов мәлім етті. Оның айтуынша, биылғы
жылғы қаңтар мен тамыз айы аралығында айналымдағы қолма-қол ақша 36 пайызға
және ақша массасы 24 пайызға өскен. Сондай-ақ бағаның көтерілуі Шымкент,
Алматы, Тараз, Астана, Аты рау қалаларында орын алған.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәліметіне қарағанда,
аталған инфляцияның 52,1 пайызы азық-түлік тауарларының қымбаттауы есебінен
өскен. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің сөзіне қарағанда,
тұтынушылар бағасы индексінің құрылымында азық-түлік тауарлары тобының
қымбаттауы 7,6 пайызды құраған. Ал өткен жылғы сегіз айындағы көрсеткіш 4,6
пайыз болатын. Мұнымен қоса азық-түлік емес тауарларының бағасы 4,9 пайызға
көтерілген.
Қазақстанның қысқа мерзімді сыртқы қарыздағы резервтер үлесі өте
жоғары. 2004 жылы резервтік активтер қысқа мерзімді сыртқы қарыздан екі есе
асып кеткен. Бұл Қазақстан қажет болған жағдайда бір жылға дейінгі қысқа
мерзімді міндеттемелерді жабуға дайын екенін көрсетеді. Бірақ 2005 жылы
жағдай күрт өзгерді. Елде жиналып қалған қысқа мерзімді сыртқы қарыз
көлемін резервтер енді жаба алмайтын болды.
Кесте 4 – Халықаралық инвестициялық ахуал бойынша өтімділік
көрсеткіштері.
Дағдарыстар қысқа мерзімді сыртқы қарыздағы резервтердің жоғары үлесі
бар елдерде де, мысалы Венесуэлада, Малайзияда, Колумбияда орын алғандығын
атап өткен жөн.
1994 жылы Венесуэлада болған дағдарысқа дейін осы көрсеткіш Қазақстанға
қарағанда елеулі жоғары болды және ол 250%-ды құрады. Бірақ Венесуэланың
тауар мен қызмет экспортындағы сыртқы қарызының үлесі Қазақстанға қарағанда
екі есе жоғары болды, яғни экспорттық түсім елдің қарызын 280%-ға
қамтамасыз ете алмады, ал осы уақытта Қазақстанда бұл көрсеткіш 177%-ды
құрады.
Халықаралық инвестициялық позиция (көзқарас) мәліметтері бойынша нетто-
позиция елдің төлем қабілеті тәуекелділігінің көрсеткіші болып саналады. 3-
кестеден көрініп тұрғандай, Қазақстан 1998 жылдан бастап, жарамсыз нетто-
позицияны сақтап келеді. Сыртқы міндеттемелердің ел активтерінен шапшаң
артуы 2000 жылы орын алды және сол уақыттан бері жағымсыз өсім үрдісіне ие.

Кесте 5 – Қазақстанның халықаралық нетто-позициясы
Сөйтіп, Қазақстанға сыртқы қарыздар, қарыздық бағалы қағаздар
шығарылымы түрінде келетін капитал ағымы Қазақстанның сыртқы қарызының
көлемін одан әрі ұлғайтады.
Ұлттық Банк үкіметке несиелер бермейді, өзінің мемлекеттік бағалы
қағаздар қоржынын мүлдем ұлғайтпайды. Коммерциялық банктерді қайта
қаржыландыру мардымсыз көлемдерде жүргізіледі. Валюталық резервтерді
арттыру нәтижесінде туындайтын ақшалай ұсыныстардың артықшылығын
залалсыздандыру мақсатымен Ұлттық Банк коммерциялық банктерден депозиттер
тартады.
Басқа да тауарлар тәрізді бағасы өсетін доллар бағамы инфляцияға әсер
етеді. Бұл фактор импортталушы инфляция түрлеріне қатысты. Сатып алынатын
долларлар елдегі тауарлар мен қызметтер бағасының сомалық көлемін көтереді,
яғни кәсіпорындар, банктер және тұрғындар тарапынан ұлттық валюта мен
қосымша төлем төлеуге қабілетті сұранысқа қажеттілік бар. Экономиканың
долларизация жағдайында мемлекет инфляцияны монетарлық әдіспен бақылау
мүмкіндігінен айрылады, өйткені тауарларға ұсыныс тек теңгеге ғана емес,
өткізілетін көлемі белгісіз долларға да болады.
Долларға қарағандағы теңге бағамының төмендеуі бағаның инфляциялық
өсуінің белсенді факторы болды, өйткені импорттық тауарлар Қазақстан тұтыну
нарығының жартысын құрады. Импортталатын инфляцияның тетіктері доллар мен
басқа да шетел валюталарына жоғары сұраныстың пайда болуынан айқын көрінді.
Соңғы уақытта Үкімет пен Ұлттық Банк өзінің ақша-несие саясатында екі
мақсатқа жетуге ұмтылуда. Бірінші мақсат – инфляцияны төмендету, екіншісі –
экономиканың нақты секторы жағдайының нашарламауы үшін теңгенің тиімді
бағамын ұстап тұру болып табылады. Бұл мақсаттар іс жүзінде бір-біріне
қарама-қайшы. Бюджет тапшылығы мен мемлекеттің ірі қарызды тұтыну
мүмкіндігі жоқ кезде инфляцияны төмендету өте қиын емес. Ұлттық банктің
нарықтан валютаны сатып алуын және өзінің алтын-валюта қорын көбейтуін
тоқтату қажет. Мұндай жағдайда ақша көлемі баяу өседі, одан кейін ол мүлдем
тоқтайды. Бұл инфляцияның төмендеуін ең соңында нөлге дейін алып келеді.
Сонымен бірге бұл нақты, атаулы құнында көрініс табатын теңге бағамын
білдіреді, ол өз кезегінде импорттың өсуіне, экспорттаушылар жағдайының
нашарлауына және өндірістің құлдырауына әкеліп соқтырады.
2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда еңбекақы 19,7%-ға, нақты көріністе –
10,2%-ға өсті. Еңбекақының өсуі елдегі экономикалық белсенділіктің артуымен
айқындалады. Экономиканың бюджеттік секторындағы еңбекақы өсуінің артынша
басқа салаларда да сонымен мөлшерлес өсім ере жүрді.
Экономикада инфляциялық көріністің сақталуы ақша агрегаттарының елеулі
өсуіне себеп болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық таза
резервтерінің өсуі 2006 жылы оның қаржылық базасының 26,5 пайызға, яғни
1501,5 млрд. теңгеге дейін кеңеюіне мүмкіндік жасады (4-кесте).
Инфляцияның төмендеуін тізгіндеу инвестициялық белсенділік пен
тұтынушылық сұранысы жоғары экономиканың елеулі өсуіне қарсы әрекет етеді.
Экономикалық көтерілу экономиканың ақша көлеміне толығуын туындатады.
Мұндай толығудың ең маңызды критерийі ақша көлемінің МЗ агрегатының ЖІӨ-ге
қатынасы арқылы танылады. 1995–2006 жылдардағы бұл қатынастар келесі
жағдайда қалыптасты (6-кесте).
5-кестеден көрінгендей, ЖІӨ-нің өсуі экономиканы монетизациялау
деңгейінің көтерілуінен орын алды.
Елге шетел валютасының ағылып келуі қуат көздеріне әлемдік бағаның
жоғары болуымен байланысты еді, олар Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорына аударылуының есебінен тазаланды. 2008 жылдың аяғында ҚР ҰҚ-ның
активтері 13 млрд. АҚШ долларынан асты.
Кесте 6 – ҚР-ның кезең аяғындағы ақша агрегаттары
Республиканың банк секторы капиталдың халықаралық нарығынан қарыз
алып, артық ұсынысты көбейтуі ішкі валюталық нарықта елеулі ықпал көрсетті.
Шетел активтеріне қаржы салу көлемі айтарлықтай дамығаны байқалды.
Банктердің шетел инвестициялары түрінде валюталарды шетелге толассыз
шығаруы, ҚР ҰҚ-ның өсуі, сондай-ақ операциялар бойынша тікелей
инвестициялық қаржылардың елден шығуы сұраныс қатынастары мен нарықтағы
валюта ұсыныстарын қайтадан қалпына келтірді.
Кесте 7 – Қазақстандағы ЖІӨ мен ақша көлемінің қатынастары
Әлемдік тауар нарығында Қазақстан экспортының негізгі тауарларына
бағаның өсуі отандық өндірушілердің ішкі нарықта өз тауарларының бағасын
соған сәйкес көтеруіне мәжбүр етті. Бір жағынан, мемлекеттік бюджет
шығынының өсуі экономикалық белсенділікті ынталандырса, екінші жағынан,
инфляциялық қысымды күшейтті. Ел табысының өсуімен қатар күтілген инфляция
қосымша инфляциялық фактор болды.
Қалыптасқан макроэкономикалық жағдай республиканың тұтыну нарығында
инфляциялық үрдістің күшеюіне алып келді. Нәтижесінде, ол жыл аяғында (2005
жылдың желтоқсанынан 2006 жылдың желтоқсанына дейін) Статистика
агенттігінің деректері бойынша 2006 жылы 8,4%-ды (2005 жылы 7,5% еді), ал
орташа жылдық инфляция – 8,6%-ды құрады (3-сурет).
2006 жылғы инфляцияға ықпал еткен негізгі микро және макроэкономикалық
факторларға экономиканың елеулі өсуі, Қазақстанға шетел капиталының
үздіксіз ағыны, банк несиелерінің айтарлықтай көтерілуі, қуат және шикізат
тауарларына әлемдік бағаның жоғары болуы жатты.
3-сурет – Инфляция серпіні
Мұнайлы жерлерді әрі қарай игеру төлем балансының ағымдағы шотына
ағылатын капиталдың қосымша көздеріне жол ашты, бұл өңдеуші өнеркәсіптің
бәсекелестік қабілетін төмендетуге әсер етуі мүмкін, өйткені тікелей
инвестицияны әрі қарай игерумен жалғасатын экспорттық түсімдердің көбеюі
теңгенің айырбастау бағамын нақты қымбаттатуға тікелей қысым көрсетеді.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрілігінің баспасөз қызметінің
мәліметі бойынша Қазақстандағы тауар мен қызмет бағасының өсуі инфляцияның
өсуіне әсер еткен. 2007 жылдың қыркүйек айындағы инфляция деңгейі өткен
жылдың тиісті кезеңіндегі пункттен 2,7 пайызға артық. Ал қыркүйек айындағы
инфляция деңгейі жылдық көріністе 11,2%-ға жеткен. Алайда, ағымдағы жылдың
тоғыз айында елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы экономиканың
басты маңызды көрсеткіштерінің серпінді өсуі бірқалыпта сақталғанын
көрсетеді. 2007 жылдың 9 айында Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігінің бағалауы бойынша ЖІӨ 10,1 пайызды құраған. Құрылыс, қаржы
қызметі, көлік және байланыс қызметі, сауда сияқты ұлттық экономика
салалары жылдам қарқында дамыған. Астық өнімінің жоғары болуына байланысты
ауылшаруашылығы жоғарғы көрсеткішке жеткен, өнім көлемі 8,1 пайызға өскен.
Еңбек нарығында жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі мен жалақының өсуі
байқалады. Ағымдағы жылдың үшінші маусымындағы жұмыссыздық деңгейі өткен
жылы 7,5 пайыз болса, биыл 7 пайызға азайған. Осы жылдың сегіз айындағы
жалақы көрсеткіші орташа есеппен 50 мыңнан асқан (400 доллардан астам).
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша 2011
жылғы маусымда инфляция 0,3% (2010 жылғы маусымда – 0,2%) деңгейінде
қалыптасты.
Азық-түлік тауарларының бағасы 0,2% (0,1%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар
– 0,7%
(0,5%) жəне ақылы қызмет көрсету – 0,2% (0,1%) өсті.
Азық-түлік тауарлары нарығында өткен айда көбінесе жарма - 4,5%, оның
ішінде
тары – 6,2%, қара құмық – 5,3% қымбаттады. Еттің бағасы (ет өнімдерін қоса
алғанда)
1,0%-ға, бидай ұны – 1,0%-ға көтерілді. Жұмыртқа 9,6%, жемістер жəне
көкөністер – 0,9%
арзандады.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында бағалар бензинге – 5,7%, дизель
отынына – 7,1%, дəрі-дəрмектер – 0,1%, киім мен аяқ киім - 0,2% қымбаттады.
Ақылы қызмет көрсету құрылымында тұрғын үй-коммуналдық саланың қызмет
көрсетуі үшін ақы төлеу өзгерген жоқ. Бұл ретте қоқыс жинау тарифтері -
2,7%, суық су –
1,4%, кəріз – 1,2%, сұйытылған газ – 1,1% өсті, ал ыстық су 1,6%-ға
төмендеді. Көлік
қызметі үшін ақы төлеу 1,4%-ға өсті, оның ішінде теміржол көлігі 2,2%-ға
көтерілді.
Амбулаторлық қызмет көрсету 0,5% қымбаттады.
2011 жылғы қаңтар-маусым үшін инфляция 5,1% (2010 жылғы қаңтар-маусымда –
4,4%) болды.
Ағымдағы жылғы 6 айда инфляция қарқынының жедел дамуына азық-түлік
тауарларының қымбаттауы себепші болды, олардың бағасы осы кезеңде 8,0%
(2010
жылғы қаңтар-маусымда – 5,6%) өсті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар 2,5%
(2,7%) жəне
ақылы қызмет көрсету – 4,1% (4,6%) қымбаттады (1-график).
1- график
3. Төлем балансы жəне жалпы сыртқы борыш
Ағымдағы операциялар шотының профициті 2010 жылғы 1-тоқсанның осындай
көрсеткішімен салыстырғанда 58% ұлғая отырып, 2011 жылғы 1-тоқсанда 4,4
млрд. АҚШ
долл. құрады.
Ағымдағы операциялар балансының 2010 жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда
айтарлықтай жақсаруы тауар экспорты құнының энергия тасымалдауыштардың
əлемдік
бағаларының қолайлы конъюнктурасына байланысты өсуімен қамтамасыз етілді.
Орташа
алғанда 2011 жылғы 1-тоқсанда brent сұрыпты мұнайдың əлемдік бағасы бір
баррель үшін
104,90 АҚШ долл. құрады, бұл оның 2010 жылғы 1-тоқсандағы орташа деңгейінен
(бір
баррель үшін 76,65 АҚШ долл.) 36,8% жоғары. Нəтижесінде тауарлар экспорты
2010
жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда 37,5% ұлғая отырып, 18,7 млрд. АҚШ долл.
құрады.
Бұл ретте тауарлардың ресми экспорты 18,5 млрд. АҚШ долл. деңгейінде болды.
Импорт операцияларының көлемі 2010 жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда 31,8%
ұлғая отырып, 2011 жылғы 1-тоқсанда 7,4 млрд. АҚШ долл. құрады (ресми
импорт – 6,7
млрд. АҚШ долл.).
Кеден одағы елдерімен тауар айналымы 5,3 млрд. АҚШ долл. құрай отырып, 2
млрд. АҚШ долл. жуық өсті. Одақ мемлекеттеріне тауарлар экспорты 2,2 млрд.
АҚШ
долл. дейін 73,7% ұлғайды, ал олардың импорты 45,2% ұлғая отырып, 3,1 млрд.
АҚШ
долл. асты. Кеден одағы елдерінің импорттың жалпы көлеміндегі үлесі 46,7%
құрады,
оның ішіндегі 45,5% Ресей Федерациясына тиесілі.
Тұтастай алғанда сауда балансы 2011 жылғы 1 тоқсанда 11,3 млрд. АҚШ долл.
оң
сальдомен қалыптасты, бұл 2010 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда 41,4% көп
(8,0 млрд.
АҚШ долл.).
Қызмет көрсету балансының дефициті 2010 жылғы 1 тоқсандағы көрсеткішпен
салыстырғанда 26% төмендей отырып, 2011 жылғы 1 тоқсанда 1,1 млрд. АҚШ
долл.
қалыптасты. Қызмет көрсетудің теріс дисбалансының қысқаруы басым түрде
қызмет
көрсету импортының 0,4 млрд. АҚШ долл. (немесе 15%) азаюымен қамтамасыз
етілді, бұл
Қашаған кен орнындағы мұнай жəне газды кешенді дайындау қондырғысы бойынша
құрастыру жұмысының аяқталуымен байланысты болды.
Тауарлар экспортынан түсімдердің ұлғаюы салдарынан экономиканың тиісті
салаларында шетелдік тікелей инвесторлардың кірістері айтарлықтай өсті.
Шетелдік
тікелей инвесторларға төлемдер 5,4 млрд. АҚШ долл. деңгейге жете отырып
(2010 жылғы
1 тоқсанда 3,3 млрд. АҚШ долл.) 63% ұлғайды. Тікелей инвестициялау
қатынастарымен
байланысты емес кредиторларға сыйақы төлеу сондай-ақ 2011 жылғы 1 тоқсанда
_______0,7 млрд.
АҚШ долл. құрай отырып, 22,4% ұлғайды. Нəтижесінде, 2011 жылғы 1 тоқсанда
инвестициялық кірістер балансының теріс сальдосы 2010 жылғы 1 тоқсандағы
3,5 млрд.
долл. салыстырғанда 5,6 млрд. АҚШ долл. болды.
2011 жылғы 1-тоқсандағы қаржылық операциялар шоты бойынша нетто-əкелу 3,7
млрд. АҚШ долл. болып тіркелді. Шетелге тікелей инвестициялар бойынша 1,4
млрд.
АҚШ долл. нетто-əкету Қазақстан кəсіпорындарының өздерінің шетелдегі
аффилиирленген компанияларына берген акционерлік капитал мен несиелердің
өсуімен
қамтамасыз етілді. Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялардың (ШТИ)
жалпы ағыны
5,3 млрд. АҚШ долл. құрады, бұл 2010 жылғы 1-тоқсандағы осындай
көрсеткіштен
біршама (5,4 млрд. АҚШ долл.) төмен. Алайда, фирмааралық берешекті өтеу
есебіне
төлемдердің қысқаруын ескергенде, Қазақстанға ШТИ таза ағыны 2010 жылғы 1-
тоқсандағы 3,4 млрд. АҚШ долл. салыстырғанда 4,2 млрд. АҚШ долл. құрады.
Нəтижесінде, тікелей инвестициялау операциялары бойынша оң баланс 2011
жылғы 1-
тоқсанда 2,8 млрд. АҚШ долл. болды.
3
Портфельдік инвестициялар балансы Ұлттық қордың шетелдік активтерінің 1,8
млрд. АҚШ долл. өсуімен, сондай-ақ Ұлттық Банктің резидент еместердің
қолдарындағы
қысқа мерзімді ноттарының 2,3 млрд. АҚШ долл. жуық өсуімен сипатталады.
Бұған қоса,
2011 жылғы 1-тоқсанда қазақстандық банктердің 0,7 млрд. АҚШ долл. астам
сомаға
еурооблигацияларының жаңа шығарылымдары нəтижесінде банк секторы
міндеттемелерінің өсуі белгіленді. Сонымен қатар бұрын шығарылған
еурооблигациялар
бойынша міндеттемелерін өтеуі жəне банктердің қайталама нарықтағы
операциялары
банктердің портфельдік инвестициялары бойынша міндеттемелерінің ұлғаюымен
айтарлықтай деңгейде жойылды. Нəтижесінде олардың міндеттемелерінің өсуі
небəрі 98
млн. АҚШ долл. құрады. Тұтастай алғанда, портфельдік инвестициялар бойынша
нетто-
əкелу 308 млн. АҚШ долл. қалыптасты.
Капиталдың орта- жəне ұзақ мерзімді инвестициялар бойынша 0,5 млрд. АҚШ
долл. таза əкетілуіне негізінен банк секторының операциялары себепші болды,
олардың
ұзақ мерзімді міндеттемелері несиелер жəне заемдар бойынша 1,2 млрд. АҚШ
долл.
азайды.
Жалпы сыртқы борыш.
2011 жылғы 1 тоқсанда Қазақстан Республикасының
жалпы сыртқы борышы (бұдан əрі – ЖСБ) 4,9 млрд. АҚШ долл. өсті. Екінші
деңгейдегі
банктердің жəне Қазақстан Даму Банкінің жиынтық сыртқы борышы 0,4 млрд. АҚШ
долл.
азайды, ал мемлекеттік сектордың жəне басқа секторлардың сыртқы борыштық
міндеттемелері тиісінше 2,5 млрд. АҚШ долл. жəне 2,8 млрд. АҚШ долл. өсті.
Бұл ретте
Басқа секторлардың сыртқы борыштарының өсуі негізінен фирмааралық
берешектің
есебінен болды (2 млрд. АҚШ долл. өсті). Үкімет жəне Ұлттық Банк кіретін
мемлекеттік
сектордың сыртқы борышының өсуі негізінен Ұлттық Банктің резидент
еместердің
қолындағы қысқа мерзімді ноттары көлемінің көбеюіне байланысты болды.
2011 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша республиканың жалпы сыртқы
борышы 124,2 млрд. АҚШ долл. құрады, оның ішінде 7,3 млрд. АҚШ долл. немесе
5,9%
мемлекеттік сектордың сыртқы борышы құрайды, фирмааралық берешектің үлесіне
55,2
млрд. АҚШ долл. немесе 44,5%, банк секторына – 19,6 млрд. АҚШ долл. немесе
15,8%
тиесілі.
Резидент еместердің Ұлттық Банктің қайталама нарықтағы ноттарын белсенді
сатып алуына, сондай-ақ 2011 жылғы 1-тоқсандағы ЖСБ-ның қысқа мерзімді
борышы
үлесінің 10%-ға дейін өсуіне себепші болды.
Тауарлар мен қызмет көрсету экспортына (ТҚЭ) байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның экономикалық-әлеуметтік салдарлары және антиинфляциялық саясат
Инфляция жайлы
Инфляция және онымен күрес
Инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік - экономикалық салдарлары
Мемлекетте инфляцияға қарсы саясат жүргізу
Инфляция; мәні, себептері және әлеуметтік жағдайы
Инфляцияның себептері және экономикалық-әлеуметтік салдарлары
Инфляция - қолтаңба көп ақшамен кедейлену
Инфляцияның экономикалық - әлеуметтік салдарлары және антиинфляциялық саясат туралы
Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары
Пәндер