Нақты шамалардың маңызы, өлшем бірліктері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Коммерциялық емес Акционерлік қоғамы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Нақты және қатысты шамалардың маңызы, түрлері және өлшем бірліктері.

Орындаған: Жумабергенова А. Н

Тобы: Бт-313

Тексерген:Жангирова Римма

Алматы 2020

Жоспар

I. Кіріспе II. Негізгі бөлім: 2. 1. Нақты шамалардың маңызы, өлшем бірліктері 2. 2. Қатысты шама туралы анықтама 2. 3. Қатысты шаманың түрлері III. Қорытынды IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Абсолютті шамалар құбылыстардың мөлшерін, көлемін көрсетеді. Абсолютті шамалар негізінде қатысты шамаларды, орташа шамаларды есептейді. Олар дербес және жалпы болып екіге бөлінеді. Дербес абсолютті шамалар жиынтық бірліктерінің сандық белгілерінің мөлшерін көрсетеді. Жалпы абсолютті шамалар дербес абсолютті шамаларды қосу арқылы анықталады. Абсолютті шамаларды өлшеу үшін табиғи, құн, еңбек өлшем бірліктері қолданылады. Қатысты статистикалық шамалар - бұл құбылыстар деңгейлерінің арасындағы сандық қатынасты білдіретін мөлшерлер. Кез-келген қатысты көрсеткіш бір аттас статистикалық мөлшерлерді бөлу арқылы алынады. Сондай-ақ, қалалық немесе ауылдық тұрғындардың үлесін, әрбір осы топ тұрғындарының санын жалпы тұрғындардың санына бөлу арқылы анықтайды. Қатысты шамалар құбылыстардың сандық қарым-қатынасын білдіреді, олар бір абсолютті шаманы екіншісіне бөлудің нәтижесінде есептеп шығарылады. Мұнда бөлшектің алымын салыстырмалы шама, ал бөлімін салыстыру негізі немесе базалық шама деп атайды.

2. 1. Нақты шамалардың маңызы, өлшем бірліктері

Абсолютті шамалар - қорытынды көрсеткіштердің алғашқы түрі. Олар құбылыстардың мөлшерін көрсетеді. Абсолютті шамалар дербес және жалпы болып екіге бөлінеді. Дербес абсолютті шамалар жиынтықтың жеке бірліктерінің сандық белгілерінің мөлшерін көрсетеді. Жалпы абсолютті шамалар дербес абсолютті шамаларды қосу арқылы анықталады. Абсолютті шамалардың өлшем бірлігі: табиғи өлшем бірліктері (килограмм, тонна, метр, квадрат метр, литр, т. б. ) құн өлшем бірліктері (теңге, доллар, т. б. ) еңбек өлшем бірліктері (адам-сағат, адам-күн) Қарапайым мағынада абсолюттік шамалар - статистикалық бақылау және топтастырудың нәтижесінде пайда болған сандық көрсеткіштерді білдіреді деп түсіну керек. Демек, абсолюттік шамалар дегеніміз, зерттелуге алынған құбылыс пен оның белгілерінің жалпы жиынтығын, сомасын білдіретін және әлі ешқандай талдауға, есептеуге алынбаған сандық мәлімет болып табылады. Мысалы, тіркелген қылмыстардың белгілі болған қылмыскерлердің, сотталғандардың, қылмыстық істердің саны. Абсолюттік шамалардың кейінгі жүргізілетін есептеулер алдында атқаратын міндеті, тек құбылыстың немесе онын белгілерінің пайда болған уақыты мен орнына қарай жалпы санымен қамтамасыз ету болып табылады. Мұндай сандық шамалардан жиынтықтың өткен уақыттармен салыстырғандағы, біртектес жиынтықты білдіретін сандардың негізгі жиынтықтағы үлес салмағы немесе өзімен байланысты жиынтық-тармен арақатынас деңгейі, орташа қарқыны мәлім болмайды. Ондай мәселелерді анықтау - кейінгі статистикалық есептеу жұмыстарына жатады және бұл мәселені іске асыру математикада белгіленген есептеу тәсілдерін қолдана отырып жүргізіледі. Абсолюттік шамалар атаулы шамалар болып табылады, өйткені мұндай әрбір сандық шама жиынтықтың мағынасын білдіретін құбылыстың немесе оның белгілері арқылы сандық шаманың атын да білдірігі тұрады, яғни, әртүрлі өлшем бірлігімен белгіленеді.

Статистикалық жиынтықтың санының мағынасы, атауы тиісті өлшем бірліктерімен анықталады. Өлшем бірліктері натуралдық және ақша сомасында болады. Натуралдық өлшемдер әлеуметтік-құқықтық немесе криминологиялық зерттеулерде қолданылатын белгілердің атын білдіреді. Яғни тіркелген, ашылған, сот қарауына өткізілген, үкім шығарылған қылмыстар, қылмыс жасаған адамдар онын, ішінде демографиялық, құқықтық, әлеуметтік белгілердің атымен, мысалы, кәмелетке толмағандардың, әйелдердің рецидивтердің қылмыстары және т. б. осы тәріздес жиынтық аттарын білдіре отырып, олардың абсолюттік шамалары қылмыстардың саны, қылмыскерлердің саны, сот қарауында болған азаматтық істердің саны, шығарылған шешім, үкімдердің саны түрінде аталады.

Абсолюттік шамалар ақша сомасы түрінде келтірілген зардаптың көлемінің сомасы тәріздес анықталады. Сол сияқты, өзге салалық статистикаларда абсолюттік шамалар гектар, килограмм, тонна, пүт, метр, шақырым, куб түрінде немесе натуралдық өлшем ретінде уақиғаның санымен анықталады.

Бір ғана абсолюттік шаманы қолдана отырып, статистикалық талдау жұмыстарын жүргізу мүмкін емес. Сондай-ақ өзге ғылым, танымдарда да құбылыстың сандық мәліметін білдіретін бір ғана сандармен немесе абсолюттік шамамен ешқандай ғылыми дұрыс талдау жүргізуге мүмкін емес. Мысалы, 2001 жылдың 1 қыркүйегіндегі халық санының жағдайы бойынша, Қазақстан Республикасында 14821, 1 мың халық, яғни 15 миллионға жуық халық тұрады десек, бұл мәлімет дұрыс дерек бере алмайды. Яғни, бұл шама еткен уақыттармен салыстырғанда қаншалықты өзгергенін, т. б. жағдайларын түсіндіріп тұрған жоқ. Егер бұл мәліметтің өзі әрі қарай қала мен ауылда тұратын халық санын, ұлттардың үлес салмағын білдіріп тұрса, құнды мәлімет болар еді. Абсолюттік шамаларға негізгі жиынтықты құрайтын, біртектес жиынтықтың сандық шамалары да жатады және мұндай шамалардың да жоғарыда келтірілген мысалдан артықшылығы бола бермейді. Мысалы, 2000 жылы Қазақстан Республикасында 1617 қасақана кісі өлтіру және оған оқталу, 1733 қасақана денсаулыкқа зиян келтіру, 1411 қасақана денсаулыққа орташа зиян келтіру, 1677 ұрып-соғу, 146 азаптау немесе 1155 әйелді зорлау қылмысы жасалды десек те, бұл сандардың бір-бірінен қанша пайызға аз-көптігі, өткен уакыттармен салыстырғандағы айырмашылығы мәлім емес, тек жалаңаш мәліметтер болып табылады. Кез келген статистикалық зерттеуге алынған құбылысқа талдау жүргізу үшін, кем дегенде екі абсолюттік шама белгілі болу керек.

2. 2. Қатысты шама туралы анықтама

Қатысты статистикалық шамалар - бұл құбылыстар деңгейлерінің арасындағы сандық қатынасты білдіретін мөлшерлер. Кез-келген қатысты көрсеткіш бір аттас статистикалық мөлшерлерді бөлу арқылы алынады. Сондай-ақ, қалалық немесе ауылдық тұрғындардың үлесін, әрбір осы топ тұрғындарының санын жалпы тұрғындардың санына бөлу арқылы анықтайды. Салыстырмалы немесе есепті мөлшер дегеніміз салыстыруға жататын шама (бөлшектің алымы) ағымдағы болып табылады. Салыстыру жүргізетін шама (бөлшектің бөлімі), әдетте, салыстырмалы көрсеткіштің негізі болып табылатын, салыстыру базасы немесе базистік мөлшер деп аталады.

Қатысты шама мыналарды көрсетеді:

1) салыстырылатын мөлшер базистік немесе басқа мөлшерден неше есе көп немесе кем;

2) жиынтықтың бірінші (екінші, n-ші) бөлігі немесе тобы осы жиынтықта қанша үлесін алатынын;

3) бөлек жағдайларда қатысты шама бір шамадағы бірліктердің 100, 1000, 1 және т. б. базистік бірлік немесе басқа шаманың қаншасы келетіндігін көрсетеді.

Қатысты мөлшерге негізделе отырып, көптеген әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сипаттамасын анықтауға болады: жоспардың орындалу пайызын; уақыттағы өзгеруді - серпінді және т. б. . Қатысты шаманың қандай қатынасты білдіретіндігіне, яғни мазмұнына қарай, олардың келесі түрлерін ажыратады:

1) жоспарлы тапсырманың қатысты шамасы;

2) жоспарды орындаудың қатысты шамасы;

3) серпіннің қатысты шамасы;

4) құрылымның қатысты шамасы;

5) координацияның қатысты шамасы;

6) интенсивтіліктің қатысты шамасы;

7) экономикалық дамудың қатысты шамасы;

8) салыстыруды жасау үшін қатысты шамасы.

Жоспарлы тапсырманың қатысты шамасы жоспарлы кезеңде орнатылатын көрсеткіш мәнін оның жоспарлы немесе басқа базалық деңгейіне қатынасын білдіреді:

жос y - жоспарлы кезеңде орнатылатын көрсеткіштің мәні;

0 y - талданатын көрсеткіштің базалық мәні

Жоспарды орындаудың қатысты шамасы - көрсеткіштің нақты және жоспарлық деңгейлерінің арасындағы қатынасты көрсететін мөлшер. Көбінесе, олар пайыздық шамамен көрсетіледі.

Динамиканың қатысты мөлшері әр түрлі сәттер немесе уақыт кезеңдерде алынған көрсеткіштер деңгейінің қатынасын білдіреді. Олар құбылыстар өзгеруінің бағытын, өзгерістің жылдамдығы немесе даму қарқынын сипаттайды. Жоспар орындаудың және динамиканың қатысты шамалары сәйкесті формулалар негізінде есептеледі:

1 y - талданатын көрсеткіштің ағымдағы (есепті) мәні.

Құрылымдық қатысты шамасы - бұл қарастырылатын тұтас жиынтықтың (N) және оның бөліктері өлшемдерінің (n) қатынасын көрсететін мөлшер (d) : тұрғындардың арасындағы сәйкес келетін жастағы студенттер үлесі; сол немесе басқа белгіге ие бірліктердің үлес салмағы және т. б. :

Координацияның қатысты мөлшері тұтас жиынтықтағы бөліктерінің өзара қатынасы ретінде шығарылады: жиынтықтың бір құрамдас бөлігі салыстыру базасы ретінде қабылданып, оған деген барлық басқа бөліктердің қатынасы қарастырылады. Мысалы, жиынтықтың қайсысы бір белгілер бойынша алынған ірі бірліктері ұсақ бірлік шамасына ара қатынасы немесе ұсақтың ірілеріне ара қатынасы: Интенсивтіліктің қатысты шамасы белгілі ортадағы құбылыстың таралу, даму деңгейін көрсетеді: тұрғындардың 1 адамға шаққандағы дәрігерлер саны немесе тұрғындардың пневмониямен, құс тұмауымен т. б. ауыруы және т. б. Салыстыруды жасау үшін қатысты шамасы жиынтықтың біртекті белгілерін (бірнеше кәсіпорындар пайдасының өлшемі) немесе біртекті емес белгілерін салыстыруға мүмкіндік береді: Мысалы, экспорт пен импорт араларындағы қатысты мөлшер.

Экономиканың даму деңгейінің қатысты шамасы - тұрғындардың жан басына шаққандағы түрлі өнім түрлерін өндірудің өлшемі; бір адамға шаққандағы кейбір азық-түліктік, азық-түліктік емес тауарларды сипаттайтын көрсеткіштер.

2. 3. Қатысты шаманың түрлері

Мазмұнына қарап қатысты шамалардың: динамикалық, жоспарлық тапсырманың орындалуы, жоспардың орындалуы, құрылымдық, үйлестік (координациялық), үдемелік (интенсивтік), салыстырмалы, дәрежелік топтары бір-бірінен бөліп көрсетіледі.

Динамиканың қатысты шамасы зерттелетін құбылыстардың уақыт бойынша өзгеруінің деңгейін сипаттайды. Белгілі бір кезеңдегі немесе уақыттың нақты мезетіндегі құбылыстың шамасын, оның өткен кезеңдегі шамасымен немесе өткен кезеңдегі нақты уақыт мезетіндегі шамасымен салыстыру арқылы алынады. Динамиканың қатысты шамасының негізгі түрі болып өсу коэффициенті немесе өсу қарқыны табылады.

Жоспарлық тапсырманың қатысты шамасы есептік кезеңдегі жоспарлық тапсырма шамасының өткен кезеңдегі нақты шамаға қатынасы арқылы алынады. Айталық, алдыңғы мысалдың мәліметтері бойынша, кәсіпорынның теледидар өндірісінің жоспарлық тапсырмасын төмендегіше өсіру қарастырылды:

2240 га : 2228 = 1, 005, немесе 100, 5 % (1, 005 ۰ 100)

Жоспарды орындаудың қатысты шамасы құбылыстың нақты деңгейімен оның жоспарлық деңгейін салыстыру арқылы алынады. Мысалы, алдыңғы мысалдың мәліметтері бойынша, кәсіпорынның теледидар өндірісі бойынша жоспарды орындаудың қатысты шамасы мынаған тең болады:

2526 га : 2240 = 1, 128, немесе 112, 8 %,

Яғни, теледидар өндірісі 12, 8 %-ға асыра орындалған (112, 8 - 100 = 12, 8 %) .

Жекелеген қатысты шамалардың арасында белгілі бір өзара байланыс болады. Айталық, динамиканың қатысты шамасы жоспарлық тапсырманың және жоспарды орындаудың көрсеткіштерінің көбейтіндісіне тең болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шамалардың және сандардың қатынасы
Бастауыш сыныптың математика сабақтарында шамаларды оқытудың деңгейлік тапсырмаларын қолдану
Бөлшекті бүтін санға көбейту
Метрологияның негізгі ұғымдары
Шамаларды өлшеу
Бастауыш сыныптарда шамаларды ІРІКТЕУ ЖӘНЕ оқыту ӘДІСТЕМЕСІ ТУРАЛЫ
Ұзындықты оқыту әдістемесі
Физикалық шама
Метрологиядагы физикалық шамалардың өлшем бірліктері
Шамаларды оқытуда деңгейлік тапсырмаларды қолдану мүмкіндіктері мен тиімділігін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz