Сызықты регрессиялық тәуелділік



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Коммерциялық емес Акционерлік қоғамы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Көп факторлы корреляциялық және регрессиялық талдау экономиканы басқаруда қолдану

Орындаған: Жумабергенова А
Тобы: Бт-313
Тексерген: Жангирова Р

Алматы 2020
Жоспар
I.Кіріспе II.Негізгі бөлім 2.1. Корреляциялық және регрессиялық талдаудың міндеттері. 2.2. Сызықты регрессиялық тәуелділік 2.3. Корреляция және регрессия түрлері, себепті байланысы 2.3. Регрессия мен корреляция арасындағы айырмашылық III.Қорытынды IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Стастистикалық анализдің маңызды есебі - құбылыстар арасындағы объектілік байланыстар мен тәуелділіктердың бар болуын зертеу. Тәуелділікті зерттеу үрдісінде құбылыстар арасындағы себептілік қатынастары ашылады, ол зерттелетін құбылыстар мен үрдістер өзгерісіне әсерін тигізуші себепшілерді ашуға мүмкіндік береді. Себепшілер байланыс мағынасы бойынша екі түрге бөлінеді. Құбылыстың өзгеруіне себепшілерді жәй факторлар деп атайды. Ал себептің салдарын нәтижелі факторлар деп атаймыз. Мысалы, тауардың сатылу бағасының өсуі фирманың табыс көлемін өсіреді. Сонда тауардың бағасы себепші фактор, ал фирманың табысы нәтижелі фактор. Нәтижелі фактор тәуелді болады, ал жәй факторлар тәуелсіз болады. Құбылыстар мен олардың себепшілерінің арасындағы байланыс тығыздығымен, бағытымен және аналитикалық өрнектелуімен сипатталады.

2.1. Корреляциялық және регрессиялық талдаудың міндеттері.
Құбылыстар тәртібіне әсер ету мүмкіндігіне ие болу үшін және болжау жасау үшін анықталған байланыстар мен тәуелділіктерді пайдалану үшін оларды толығырақ зерттеу қажет. Корреляциялық байланыстарды зерттеуді біз корреляциялық талдау десек, бір жақты стохастикалық тәуелділікті зерттеуді - регрессиялық анализ деп атаймыз. Корреляциялық және регрессиялық талдауда әр түрлі статистикалық тәсілдер мен математика - статистикалық әдістер қооданылады. Соған орай, корреляциялық және регрессиялық талдау біріншіден, құбылыстардың сандық қатынасымен өлшенеді де, соңында пайда болған салдардан бір немесе бірнеше себептерді табуға болады. Ол тіпті мүмкін, себебі, себептегі өзгеру салдардың да өзгеру қажеттілігін тудырады.
Корреляциялық талдаудың міндеттері:
а) екі және одан көп құбылыстардың байланыс (тығыздылық,күш,қатаңдық,қарқындылы қ) деңгейінің өзгеруі.
б)айнымалылар арасындағы байланыс деңгейін өлшеу негізінде нәтижелі белгіге елеулі әсер ететін факторларды іріктеу. Іріктелген факторлар одан әрі талдау үшін пайдаланылады. Корреляциялық және регрессиялық талдау шеңберіндегі ең маңызды факторларға зерттеуге жататын құбылыстармен байланысы белсендірек факторлар жатады. Әсер етуші факторларды саналы түрде өзгерту арқылы қорытынды белгі - салдарда қалаған нәтижеге жетуге болады.
в) белгісіз себепті байланыстарды анықтау. Бұл міндетті шешкенде себеп - салдарлы кешендегі өзіндік арақатынасты және құбылыстар арасындағы сандық байланысқа сүйенетін статистикалық зерттеудің ғылыми - әдістемелік ережелерінің ерекшеліктерін ескеру қажет. Корреляция тікелей құбылыстар арасындағы себепті байланыстарды анықтамайды, бірақ бұл байланыстардың қажеттілік деңгейі мен олардың бар екендігі туралы пікір дұрыстығын қалыптастырады.
Регрессиялық талдаудың міндеттері.
а) тәуелділік формаларын орнату.
Құбылыстар арасындағы тәуелділіктердің сипаты мен формасына қатысты жағымды сызықтық және сызықсыз, жағымсыз сызықты және сызықсыз регрессиялар ажыратылады.
б) регрессия функциясын анықтау. Түсіндіруші айнымалының әрбір мәніне тәуелді айнымалы мәнінің бөлінуі сәйкес келуі арқылы корреляциялық байланыстар сипатталады. Мұнда тәуелді айнымалы өзгеруінің жалпы тенденциясын ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар, тәуелді айнымалыға басты себеп факторлардың басқа да (екінші реттегі) факторлар өзгеріссіз қалған (орта деңгейде ) жағдайда және егер кездейсоқ элементтер тыс қалғанда әсері қандай болатындығын анықтау. Ол үшін математикалық теңдеу түріндегі функцияны анықтаймыз.Регрессия функциясын табу үрдісін тәуелді айнымалының жекелеген мәндерін теңестіру деп аталады.
в) тәуелді айнымалының белгісіз мәндерін бағалау.
2.2.Сызықты регрессиялық тәуелділік
Регрессия дегеніміз бір кездейсоқ айнымалының бір немесе бірнеше кездейсоқ айнымалылардан біржақты стохастикалық тәуелділігін түсінеміз.
Сызықты регрессиялық тәуелділік Υ = b0 + b1Х1 + b2Х2 + ...+ bmХm + U түрінде болады.
Υ - нәтижелі айнымалы, Хк, К = 1,2,.., m - нәтижелі айнымалыға әсер етуші факторлар.
m - ескерілетін факторлар саны. U - ескерілмеген факторлар мен әр түрлі кездейсоқтықты ескеретін айнымалы.
Υ = b0 + b1Х1 + b2Х2 + ...+ bmХm
Ỳ - бағалаушы айнымалы
Υ = Ỳ + U
Жай сызықты регрессия.
Көптік сызықты регрессиялық тәуелділіктің жеке жағдайы болып жай сызықты регрессия табылады. Ỳі = b0 + b1Хі , і = 1,2,..., n
n - әрбір айнымалы бойынша статистикалық мәліметтер саны.
Жай сызықты тәуелділіктің графиктік интерпритациясы.
ҚР ЖІӨ негізгі капиталға салынатын инвестициядан тәуелділігін құру.
Ỳі = b0 + b1Хі , і = 1,2,..., n Υі - 1998-2007 жылдар аралығындағы ҚР ЖІӨ, Хі - 1998-2007 жылдар арлығында негізгі капиталға салынған инвестиция. b0 және b1 анықтауға жататын үлгі параметрлері.
Бұл параметрлер S = ∑ (Υі - Ỳі) 2 - min түріндегі минимумға ұмтылатын формула бойынша анықталады.
Нәтижесінде келесідей қалыптасқан теңдеулер жүйесі құрастырылады. Қалыптасқан теңдеулер жүйесін нақтылау үшін төмендегідей жұмыс кестесі құрылады
Қалыптасқан теңдеулер жүйесін шешкенде b0 және b1 - ді анықтаймыз. Осылайша, ҚР ЖІӨ негізгі капиталға инвестициядан тәуелділігінің эконометрикалық үлгісін аламыз.
Ỳ = b0 + b1Хі
2.3.Корреляция және регрессия түрлері, себепті байланысы
Себепті тәуелділік функция мен аргумент арасында байланыс сияқты өсуі немесе төмендеуі түрінде анықталады, яғни бір айнымалы шаманың өсуіне сәйкес екінші шаманың өсуі немесе кемуі сәйкес келеді. Себепті байланыстың екі негізгі түрін қарастыруға болады: статистикалық (стохастикалық) және функционалдық. Стохастикалық байланыста аргументтің әрбір мәніне функцияның бірнеше мәні сәйкес және олардың арасында тығыз тәуелділік болмауы мүмкін, ал функцианалдық байланыста - функцияның бір мәніне аргументтің тек қана бір мәні сәйкес келеді. Мысалы, тауар әр түрлі бағамен сатылғанмен, табыс өзгермеуі мүмкін. Немесе тұрақты бағамен сатылған мен табыс өзгеруі мүмкін. Себебі табыс тек қана сатылу бағасына байланысты емес оның сатылу көлеміне де тәуелді. Экономикалық ортаның әр түрлі жәй және нәтижелік факторлары арасындағы байланысты зерттеу барысында бір ескеретін жай олардың тәуелділігін бір құбылыстың факторлардың әсерінен болатынын және ол тек қана бір фактор емес көптеген факторлардың қызметі арқылы өзгеретінін. Стохастикалық деп кездейсоқ шамалар арасындағы тәуелділікті айтамыз, соның себебінен бір шаманың өзгеруі өзімен бірге басқа шаманың өзгеруіне әкелуі мүмкін. Көптеген факторлардың өзара байланыс ортасында кездейсоқ бір ғана жағдайға сәйкес олардың арасындағы тәуелділікті айқындау мүмкін емес. Сондықтан көптеген стохастикалық байланыстардың жиынтығын қарастыру арқылы тәуелділікке тұжырымдама жасауға болады.
Корреляция сөзі ара қатынас, сәйкестік мағынасын береді. Нәтижелік және жәй факторлардың статистикалық байланыс мәліметтері арқылы анықталған орташа мәндерінің арасындағы тәуелділікті - корреляциялық байланыс деп атайды. Басқа сөзбен айтқанда, корреляциялық байланысты орташа мәндердің функционалдық байланысы түрде қарастыруға болады. Мысалы, жоғарыдағы мәліметтердің орташа мәндері арқылы мынадай тұжырымдама жасауға болады. Фирма өткен жылдың мәліметтері бойынша ай сайын орташа тауарды 27 мың тенгеден сатып 21 млн тенге табыс алып отырды.
Факторлардың арасындағы байланыстың бағыты тура және кері болуы мүмкін. Тура байланыста факторлар бірыңғай өседі немесе кемиді. Кері байланыста қарама қарсы бағытта өзгереді. Байланыстардың аналитикалық өрнектелуі сызықты және сызықты емес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Регрессия коэффициентінің экономикалық түсіндірмесі
Несиелік тәуекелдерді бағалау модельдерін зерттеу және сарапқа салу
Мұнайгаз өндіретін комплексті дамыту
Инерция моменті мен бұрыштық үдеуді COBRA-3 құрылғысы арқылы анықтау
Экономика дәрістер кешені
Эконометрикалық модельдер эконометрикада қолданылатын статистикалық модельдер
Ең кіші квадраттар әдісі
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Регрессия моделінің кестесі
Көпөлшемді талдау
Пәндер