Азаматтардың меншік құқығы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
2. БӨЛІМ. ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

2.1. Бөлім. Заттық құқықтың жалпы түсінігі.

Глоссарий
Меншік құқығы - ол субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Иелену құқығы - ол мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету.
Пайдалану құқығы - ол мүліктен оның табиғи қасиеттерін алудың, сондай - ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.
Билік ету құқығы - ол мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заң жүзінде қамтамасыз етілуі.
Заттық құқық - ол құқылы тұлғаның немесе өзге тұлғалардың әр түрлі затқа деген заңмен танылап және қорғалатын билік ету құқығы.

Тақырып 1. Заттық құқықтар ұғымы және олардың түрлері.
Дәріс мақсаты: Заттық құқық - пәнін оқудың нысанасы - меншік құқығы мен өзге де заттық құқытардың құқықтық негіздерін, соның ішінде заттық құқытар ұғымы мен бегілерін, заттық құқытар түрін, олардың пайда болуы мен тоқтатылуы, заттық құқықтарды қорғау құралдарын оқып зерттеуге болады.
Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Заттық құқықтар ұғымы
2. Заттық құқықтардың түрлері

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Осы замаңғы әдебиеттерінде заттық құқықтар ұғымы жиі қолданылатын, бірақ жеткілікті талданбаған ұғым болып табылады. Заттық құқықтар кезінде рим құқығына да егжей - теегжейлі қарастырылғанына қарамастан, осы уақытқа дейін орнығып қалыптасқан және барлық құқықтық жүйелер тани қоймаған ұғым. Заттық құқықтың көптеген қырлары постулат ретінде ұсынылып, теориялық тұрғыдан тиісінше дәлелденбеген. Алайда кеңестік заң әдебиеттерінде ең қолайсыз жағдайлар қалыптасты. Мұның себебі, заттық құқықтардың барлығы кеңес өкіметі жылдарында азаматтық құқықтан біртіндеп ығыстырылып шығарылды да, онда меншік құқығы ғана қалды. Сондықтан заттық құқықтар туралы бөлім азаматтық заңдардан шығарып тасталды, ал көптеген заңгерлер табиғатта заттық құқықтар деген жоқ, мысалы, кепіл заттық құқыққа жатпайды, абсолюттық құқық ретінде меншік құқығы ғана бар деп дәлелдей бастады. Қазіргі уақытта жағдай өзгерді. АК-ның II бөлімі Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар деп аталады, АК-ға меншік иелері болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтарына арналған арнайы бап (195-бап) енгізілген, заттық құқытардың жекелеген түрлері реттелуде. Алайда заң әдебиеттерінде заттық құқыиар ұғымы мен олардың белгілері анық шешілмеген. Оның үстіне, заңгерлер осы уақытқа дейін заттық құқықтар санаттарын бөліп көрсету қажеттініге күмән келтіреді.сондықтан заттық құқықтар ұғымына және олардың белгілеріне толығырақ тоқталамыз. Заттық құқықтар ұғымы зат, мүлік құқықтық қатынастар объектісі, мүліктік құқықтық қатынастар және басқа осы секілді ұғымдармен ажырамастай байланысты; бұл оқулықта олардың бәрі толық талданады. Сондықтан тек мыналарды атап өтеміз: заттық құқықтар мүліктік құқықтардың бір түрі болып табылады, зат мүліктің бір түрі ретінде заттық құқықтың объектісі болып табылады, заттар мен мүліктік игіліктер құқықтық қатынастар объектісі ұғымының негізі болады. Осындай бастапқы ұғымдарға сүйене отырып, заттық құқықтардың мынадай негізгі белгілерін анықтауға болады:
1. Мүліктік емес өзіндік құқықтардан өзгеше, заттық құқықтар мүліктік құқықтар болып табылады. Бұл заттық құқықтарды міндеттемелік құқықтармен біріктіреді;
2. Тәнсіз мүлікпен байланысты міндеттемелік құқықтар мен интелектуалдық меншік құқықтарынан өзгеше, заттық құқықтар белгілі бір айтарлықтай дара заттарға қатысты пайда болады. Сонымен бірге, заттарға қатысты міндеттемелік құқықтар да туындайтынын ұмытуға болмайды. Тектік белгілермен анықталатын заттарға қатысты заттық қатынастар туындай алмайды, тек міндетемелік құқық пайда болады. Абсолюттік құқық объектісі қашан да дара анықталған болады. Атап айтқанда, мұның заттық құқықтарға, оның ішінде, меншік болмаса, онда осыған байланысты заттық құқықтық қатынас емес, тек міндеттемелік құқықтық қатынас туады;
3. Заттық құқықтар абсолюттық құқықтар болып табылады, бұл оларды интелектуалдық меншік құқықтарымен біріктіреді және міндеттемелік құқықтардан ерекшелендіреді. Заттық құқықтардың иесіне баршаның және әркімнің осы құқықтарды жүзеге асыруға кедергі келтірмеу міндеті қарсы тұрады.
4. Бұл белгіден келесі белгі - заттық құқықтарды қорғаудың абсолюттік сипаты, яғни заттық құқыққа қол сұғатындардан қорғау құқығы келіп шығады. Заттық құқықтарды ерекше заттық - құқықтық талаптардың көмегімен арнаулы қорғау құқралдарының болуы осыған байланысты;
5. Заттық құқықтарды заңның белгілеуін олардың белгісі деп есептеуге болады. Заңда көзделмеген жағдайларда да пайда болатын (АК-ның 380-бабы) міндеттемелік құқытардан өзгеше, заттық құқықтар заңда бектілуі тиіс (АК-ның 195-бабының 1-тармағы). Бұл ретте нақтылай түсетін екі жағдай бар. Біріншіден, олардың заңмен бектілуі бұл құқықтар заңда заттық құқықтар деп аталуы тиіс дегенді білдірмейді. Олардың мүліктік құқықтар санатына жатқызылуы және заң актілерінде көзделуі де жеткілікті. Олдар заттық құқықтардың белгілері болғанда заттық құқықтардың санатына жатықызылады. Мысалы, кепіл немесе сервитут заңда заттық құқықтар деп аталмаған. Кепіл АК-ның Міндеттемелік құқық бөліміне орналасқан, бірақ бұл оны заттық құқық деп тануға кедергі келтірмейді. Мұндай жағдай мынаған байланысты: кейбір құқықтар қатынастардың бір түрінде заттық құқық ретінде (кепіл ұстаушының барлық басқа адамдармен қатынастарындағы кепіл құқыцғы), келесі түрінде-міндеттемелік құқық ретінде (кепіл ұстаушы мен кепіл берушінің қатынастарындағы кепіл құқығы) қолданылады. Екіншіден, заңда практикада кездесуі мүмкін деп саналатын заттық құқықтардың түрлеріне сілтеме ғана баянды етіледі. Нақты заттық құқықтар, әрине , нақты заңдық фактілердің негізінде пайда болады;
6. Ілесе жүру құқығы. Заттық құқық заттың соңынан ілесе жүреді. Мүлікке меншік құқығының басқа адамға өтуі мүлікке басқа заттық құқықтардың тоқтатылуына негіз бола алмайды. Бұл ереже РФ Азаматтық кодексінде тікелей бекітлген (216- баптың 3- тармағы). ҚР Азаматтық кодексінде мұндай жалпы норма жоқ. Мұнда жекелеген заттық құқықтарға қатысты нормалар баянды етілген: кепілге салынған мүлікке құқық басқа тұлғаға көшуі кезінде кепілдің сақталуы(АК-ның 323- бабы), жалға берілген мүлікке меншік құқығының басқа тұлғаға ауысуы кезінде мүлік жалдау шартының сақталуы (АК-ның 559 - бабы);
7. Артышылық құқығы- заттық және міндеттемелік құқық бәсекеге түскенде ең алдымен заттық құқық жүзеге асырылуы тиіс.
8. Затқа нақты билік ету, яғни өз құқығын тікелей, үшінші жақтың ара ағайындығынсыз жүзеге асыру мүмкіндігі.
9. Әдебиеттерде заттық құқықтың тағы бір белгісі, атап айтқанда, Қазақстан Республикасына тән бір белгісі аталмаған: заттық құқықтар иесінің иелену, пайдалану, билік ету өкілеттігі болуға тиіс. Оның үстіне, құқық иесінің заттық құқық түрлеріндегі өкілеттігі түрліше болады. Меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығы субъектілерінің әр түрлі көлемде болса да, толық өкілеттігі (иелену, пайдалану, билік ету) бар. Иелену, жерді пайдалану, жер қойнауын пайдалану, жалдау құқығы субъектілерінің иелену және пайдалану өкілеттіктері бар. Кепіл салу үстінде сақтаушы мен кепіл ұстаушының иелену өкілеттігі болады. Ипотека жағдайында кепіл ұстаушының мүлікке ішінара билік жүргізу құқығы болады. Сервитут иесінің пайдалану және ішінара иелену өкілеттігі бар.
Заттық құқықтарды бір басты белгілі - дара анықталған заттың объектісі ретінде әрекет ету белгісі біріктіретіндей болып көрінеді. Ерекше заттық-құқықтық талаптардың көмегімен баршадан және әркімнен абсолюттік қорғау белгісінің зор практикалық маңызы бар. Заттық құқық дегеніміз - заңда баянды етілген абсолюттік мүліктік құқық:1) объектісі - дара анықталған зат; 2) ерекше заттық - құқықтық талаптардың көмегімен баршадан және әркімнен қорғайтын арнайы құралдары бар; 3) құқық иесінде барлығын немесе жеке, толық көлемде немесе ішінара иелену, пайдалану немесе билік жүргізу өкілеттігі бар; 4) құқық иесіне затқа тікелей ықпал ету (затқа тікелей билік жүргізу) мүмкіндігін береді, оның ішінде меншік иесінің немесе басқа заттық құқық субъектісінің өкілеттігін жүзеге асыруын шектеу жолымен мүмкіндік береді; 5) ілесе жүру және артықшылық өкілеттігі бар.

Бақылау сұрақтары:
1) Ұғымдардын анықтамасын беріңдер заттық құқықтар, меншік құқығы.
2) Заттық құқықтардың негізгі белгілерін анықтаңыз.
3) Бөтеннің мүлкіне құқықты калай жіктеуге болады.

Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі
Тақырып 2. Меншік құқығы. Жалпы ереже.
Дәріс мақсаты: Меншік құқығының анықтамасын беру, меншік құқығы мен оның құрамы қарастыру.
Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Меншік және меншік құқығы
2. Меншік құқығының мазмұны
3. Меншік құқығының формалары мен түрлері

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Меншік - экономикалық санат ретінде. Меншіктің экономикалық санатын ұғынудың негізі тіптен ХІХ ғасырдағы ғылыми жұмыстарда кездеседі. Ондағы ой меншік қоғамда, тек мемлекет ұйымдастырған қоғамда ғана болады дегенге тіркеледі. Меншік, бұл - зат та емес, мүлік те емес. Бұл- белгілі бір экономикалық (нақты) қатынас. Меншік дегеніміз тарихи қалыптасқан, белілі бір қоғамдық қатынас, адамдар арасында затқа байланысты туындайды. Меншік ұғымы әқашанда ұйымдасқан адамдар қоғамына тән. Адамзаттың алғашқы даму кезеңінің соңына қарай меншіктің туындауы мемлекеттің пайда болуына және қоғамның ары қарай екпінді дамуына әкеп соқты. Меншік қатынасы қоғамдық құрлыстың әлеуметтік - экономикалық мәнін білдіреді. Сондықтан да меншік мәселесі қоғам өміріндегі негізгі мәселе болып табылады. Қоғамның қалай ұйымдасатындығы және адамдар тұрмысы оның қалай тұрғызылғанына байланысты. Меншік пен өндірістік қатынастардың негізгі формалары қоғамның құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік сияқты типтерін тарихи анықтап берді. Сонымен қатар, меншікке дейінгі кезеңді - алғашқы қоғамдық және ғылыми жобаланған, бірақ толық іске аспай қалған социалистік кезеңді бөліп алуға мүмкіндік берді. Меншік термині әртүрлі мағынада пайдаланылады. Күнделікті өмірде меншік, көбіне, мүлікпен немесе құқықпен теңдестіріледі.Бірінші жағдайда мынау менің (оның) меншігім (меншігі) деуге болады. Екінші жағдайда - меншік иемдендім (бердім) дейді. Құқық тұрғысынан алғанда мұның екуі де дәл емес. Меншікті меншік құқығынан айыру қажет. Меншік - экономикалық, ал меншік құқығы - заңдық санат.
Меншік құқығы ұғымы. Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Меншіктің экономикалық қатынастарына қарағанда меншіктің құқықтық қатынастары адамның еркі бойынша қалыптасады, оған қатысушылардың санасынан және ырқынан пайда болады. Адамдар бұл қатынастарға құқықтар мен міндеттердің иесі ретінде кіред,олт құқықпен реттеледі және қорғалады. Меншіктің құқықтық қатынастары меншіктің экономикалық қатынастарының мәнін сипаттағанмен, олар қондырманың кез келген құбылысы ретінде өзінше дербес болады. Меншік қатынастарын реттеуді әртүрлі құқықтық тәсілдермен жүзеге асыруға болады. Соған байланысты, сондай-ақ проблеманы зерттеу тұрғысынан алғанда меншік құқығы ұғымы көп мағыналы. Оны түсінудің екі қырына тоқталайық. Құқықтық институт ретінде меншік құқығы құқық нормаларының жиынтығы болып табылад, ол материалдық игіліктің белгілі бір адамға берілгендік (тиесілік) жағдайын бекітеді, реттейді және қорғайды. Бұл жерде әңгіме объективтік мәндегі меншік құқығы туралы болып отыр. Заңдық биліктің белгілі бір мөлшерін меншік иесіне бекітіп беру субъективтікм мәндегі меншік құқығы туралы айтуға мүмкіндік береді. Мешік құқығы мүлктік, абсолюттік, заттық құқық болып заңға сәйкес белгіленеді, ол затқа тікелей ықпал ету мүмкіндігімен және иемдену, пайдалану және билік ету құқығының мүмкіндігімен және иемдену, пайдалану және билік ету құқығының болуымен сипатталады. Қолдану және артықшылық құқығы меншік құқығына ілесе жүреді.
2. меншік иесіне өз мүлкін иемдену, пайдалану және оған билік ету құқығы берілген. Бұл құқықтар меншік құқығының мазмұнын анықтайды. Алғаш рет аталып отырған триада рим жеке құқығының орта ғасырлық коментаторларының еңбектерінде пайдаланылған, ал рим жеке құқығының өзі меншік иесі өкілеттіктерінің толық тізбесін білмеген. Иемдену құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда түсірудің заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Пайда табыс, өнім, төл өндіру түрінде және басқа формада болуы мүмкін.(АК-ның 188 - бабы 2- тармағының 3- бөлігі). Мысалға велосипедті алайық. Егер меншік иесі оған мініп жүрсе, онда ол оның пайдалы табиғи қасиеттерін пайдаланады. Бірінші постулат, әрине, ешкімге күдік тудырмайды. Ал енді құқық тұрғысынан алғанда күрделі әрекетті қарастырайық - меншік иесі велосипедпен шеге қағады. Бұл онаша қолайлы емес шығар, бірақ одан меншік иесі пайда алады. Жоғарыда берілген анықтамаға сәйкес бұл пайдалану құқығын жүзеге асыру деп бағаланады. Ал, егер меншік иесі велосипедті сырласа немесе бір бөлмеден бір бөлмеге апарып қойса ше? Біздің ойымызша бұл әрекеттер иемдену құқығын жүзеге асыруға жатады. Яғни, заттың пайдалы қасиеттерін пайдалану, оған билік жасау болып табылмайтын және тікелей пайда әкелмейтін әрекет иемдену құқығы аясына жатқызылады. Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзінде тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.
Нақты бар меншік құқытары туралы айтуға болатындай бір де бір элемент соншалықты қажет болып табылмайды. Бір объектіге мұндай құқықтар бір уақытта бірнеше адамға берілуі мүмкін. Ол құқықтардың әрқайсысы бұл аталған элементтердің біреуін немесе бірнешеуін қамтуы міндетті емес.

Бақылау сұрақтары:
1. Меншік құқығы мен оның құрамы
2. Заттық құқықтардың негізгі белгілерін анықтаңыз.
3. Заттық құқықтардың түрлері.

Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі

Тақырып 3. Азаматтардың меншік құқығы.
Дәріс мақсаты: Азаматтардың меншік құқығының анықтамасын беру және оның түрлері мен туындау негіздері, субъектілері объектілері мен азаматтардың меншік құқытарының мазмұнын және оны жүзеге асыру.
Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Азаматтардың меншік құқығы ұғымы, оның түрлері мен туындау негіздері
2. Меншік құқығының субъектілері
3. Азаматтардың меншік құқығының объектілері
4. Азаматтардың меншік құқытарының мазмұны және оны жүзеге асыру

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Азаматтардың меншік құқығы жеке меншік құқығы түрлерінің бірі болып табылады. Азаматтардың меншік құқығы азаматтар меншігінің экономикалық санатын көрсетеді. Біз меншікті иемденуді алып қоғамдық қатынастар ретінде қарастырып отырғандықтан, азаматтардың меншіктері жеке иемдену тұрғысынан алғанда қоғамдық қатынастар болып табылады. Сонымен, азаматтардың меншіктері экономикалық санат ретінде жеке дара иемденудің барлық формаларын қамтиды. Азаматтық заңнама мүлікті азаматтар меншігіне айналдыру, олардың бұл мүлікті иемдену, пайдалану, оған билік ету және сол мүлікті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейді. Қатынастардың бұл түрін реттейтін нормалар жиынтығы азаматтардың меншік құқығын құрайды, басқаша айтқанда бұл - объективтік мағынадағы меншік құқығы. Субъективтік мағынадағы меншік құқығы дегеніміз, ол- азаматтың өзіне тиесілі мүлікті өз қалауы бойынша иемдену, пайдалану және билеу жөніндегі, заңнамамен танылған және қорғалған құқығы. Тиісінші, қатаңырақ формада алғанда, азаматтардың меншік құқығы дегеніміз- материалдық игіліктерді жеке дара иемдену тұрғысынан алғандағы құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.
2. Кез келген азамат, тіптен кәмілетке толмаған, тіптен әрекет қабілеттілігі жоқ адам меншік құқығы субъектісі бола алады. Ұлттық құқықтық режим, заңнамада көзделген шектеулермен, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға тарайды. Бұл ортақ принцип. Бірақ, меншіктің пайда болу көзі өзінің кәсіпкерлік қызметі болған жағдайларда бірқатар қосымша талаптар туындайды. Бірінші кезекте олар азаматты кәсіпкер ретінде тіркеу қажеттігімен байланысты. Бұл екі жағдайды да қарастырайық. Кез келген адам кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын меншік иесі бола алады. Бұл арт орынды, егер оның меншігі сыйға тарту нәтижесінде пайда болса. Басқа мәмлеге қатысу үшін азаматтық әрекет қабілетттілік болуы керек. Меншікті өзінің жалданбалы еңбегін сату нәтижесінде иемденген жағдайда қызметкерге қойылатын талап еңбек заңнамасында анықталады. Кейбір мәмілелер, мысалы жылжымайтын мүлікпен мәміле, тіркелуге тиіс. Бұл оның заңды болуының міндетті шарты. Басқа жағдайларда мүлік арнаулы тіркеуге алынады. Бұл тіркеудің азаматты кәсіпкер ретінде тіркеумен ешқандай қатысы жоқ. Азаматты жеке дара кәсіпкер ретінде тіркеу жеке дара кәсіпкер туралы Заңда белгіленген. Оған сәйкес жеке дара кәсіпкерлер міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге жатады, олра мына талаптардың біреуіне жауап беруі тиіс:-жалданбалы қызметшілердің еңбегін тұрақты негізінде пайдаланады; -кәсіпкерлік қызметтен Қазақстан Республикасының заң құжаттарында жеке тұлғалар үшін белгіленген, салық салынбайтын жиынтық жылдық кіріс мөлшерінен асатын мөлшерде, салық заңнамасына сәйкес есептелген жиынтық жылдық кірісі болады. Тіркелуге өзі бару керек және жеке дара кәсіпкер ретінде есепке лу азаматтың тұрғылықты жеріндегі аумақтық салық органында жүзеге асырылады. Жоғарыда аталмаған жеке дара кәсіпкерлер жеке дара кәсіпкер ретінде өз қалауы бойынша тіркелуге құқылы. Сол себепті, оларда мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болмауы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі бола алмайды.
Жеке дара кәсіпкерліктің түрлеріне жеке кәсіпкерлік және бірлескен кәсіпкерлік жатады. Жеке кәсіпкерлікті бір азамат өзіне меншік құқығы бойынша тиеесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін басқа құқық арқылы дербес жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлікті азаматтар тобы (жеке дара кәсіпкерлер) өздеріне ортақ меншік құқығында тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған бірлесіп билік етуге жол беретін басқа құқық арқылы жүзеге асырады. өз кезегінде бірлескен кәсіпкерлік ортақ бірлескен меншік (ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі, шаруа (фермер) қожалығының ортақ меншігі, жекешелеген тұрғын жайға ортақ меншік) немесе ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Бірлескен кәсіпкерліктің формаларына мыналар жатады:1) өздерінің ортақ бірлескен меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі; 2) шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын жайға ортақ бірлескен меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасы кәсіпкерлігі; 3) кәсіпкерлік қызмет үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын жәй серіктестік.
3.Азаматтардың меншік құқығы объектілерінің ауқымына мемлекет саясаты ықпал етеді. Меншіктің тек ғана тұтынушылық мақсатынан бастартып, Қазқстан, азаматтардың мүлікті кәсіпкерлік мақсат үшін пайдалануын жан-жақты қолдап отыр. Меншік объектілерін құқықтық реттеудегі мемлекеттік саясат осымен анықталады. Оны екі принципте бейнелеуге болады. Біріншіден, азаматтардың меншігінде заң құжаттарына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесілі бола алмайтын жекелеген мүлік түрлерінен басқа кез келген мүлік болуы мүмкін. Бұл шектеулер заң құжаттарында белгіленеді.Азаматтардың меншік құқығының нысандарына қолданылатын екінші принцип АК-ның 191- бабы 2-тармағының 2- бөлігінде келтірілген - жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді.Тек, мүліктің кейбір түрлерін иемденгенде қазақстандық салық заңнамасына сәйкес кіріс көзін дпекларациялау керек.
4. Азаматтардың меншік құқығының мазмұгны меншік иесінің мүлікті өз қалауы бойынша және өз мүддесіне иемдену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі құқық өкілеттіктерін құрайды. Меншік иесі басқа адамдардың өз мүлкіне араласуын тойтаруға құқылы. Кәсіпкерлік қызметпен айналысушы азаматтардың меншік құқығының мазмұны және оны жүзеге асыру. Кәсіпкердің еңбекқұқығын жүзеге асырудағы ерекшелігі жеке дара кәсіпкерліктің түрі мен меншік с ипатына байланысты. Мысалы, некеде тұратын азамат жеке кәсіпкерлікті жүзеге асырғанда жұбайын кәсіпкер ретінде атамаса да, ол жұбайдың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға келісімі керек емес. Азамат жеке кәсіпкерлікті жүзеге асырғанда жұбайлардың ортақ мүлкін пайдаланса, егер заң құжаттарында немесе некелесу шартында не жұбайлар арасындағы басқадай келісімдерде өзгедей көзделмеген болса, пайдалану үшін басқа жұбайдың рұқсаты керек.жұбайлар кәсіпкерлікті жүзеге асырғанда жұбайлардың біреуі басқасының келісімімен іс айналымын жүргізеді, ол жеке дара кәсіпкерілікті тркегенде расталынады немесе, егер жеке дара кәсіпкерлік қызметі мемлекеттік тіркеусіз жүзеге асырылатын блса, нтариусте куәландырылып жазбаша көрініс табады. Жұбайлардың біруінің іскерлік айналымда екеуінің атынан әрекет жасауына екіншісінің жоғарыда көрсетілгендей келісімі болмаса, ол іс жүргізуші жұбай кәсіпкерлік қызметті жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырады.
Бақылау сұрақтары:
1. Азаматтардың меншік құқығы ұғымы, түрлері.
2. Бірлескен кәсіпкерліктің формаларына не жатады.
3. Кәсіпкерлік қызметпен айналысушы азаматтардың меншік құқығының мазмұны және оны жүзеге асыру.

Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі

Тақырып 4. Заңды тұлғалардың меншік құқығы.
Дәәріс мақсаты: Заңды тұлғалардың меншік құқығы ұғымы туралы қарастыру, заңды тұлғалардың кейбір түрлерінің меншік құқығы субъектілері, нысандары және мазмұны туралы сипатама беру.
Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Заңды тұлғалардың меншік құқығы ұғымы
2. Меншік құқығының субъектілері, нысандары және мазмұны
3. Заңды тұлғалардың кейбір түрлерінің меншік құқығы

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Заңды тұлғаның меншік құқығы дегеніміз заңды тұлғаның өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иемдену, пайдалану және билік ету жөніндегі заң құжаттарында танылған және қорғалатын құқығы. Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншік құқығы, азаматтардың жеке меншіктерімен қатар, жеке меншік түрі болып табылады. Көбіне азаматтық-құқықтық мәміле мен құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымы заңды тұлғалардың меншік құқығының туындауына негіз болады. Бірақ меншік құқығы басқадай заңды негіздер бойынша да туындауы мүмкін. Мысалы, өрндіру, құқық мирасқорлық, мерзім көнелігі, олжа табу нәтижесінде. Заңды тұлғаның меншік құқығы оны тіркеген кезден (тіркеу туралы куәлік алғаннан) бастап туындайды және заңды тұлға тарап, мемлекетік тіркеуден шығарылған кезден кешіктірілмей тоқтайды.заңды тұлғаның меншік құқығының объектілері оның дербес балансында көрініс табады. Сондықтан да, мүліктің балнста болуы оның меншік құқығында баланс иесіне тиесілі екендігін білдіреді.меншіктің туындауының әрбір тәсілі ерекше процедурамен ресімделеді. Мысалы, заңды тұлғалар қосылғанда, біріккенде және қайта құрылғанда мүлік (құқық және міндеттер) меншікке өткізу актісінің негізінде меншікке өтеді.
Мемлекеттік емес заңды тұлғалар меншік құқығының субъектілері болып табылады. Мемлекеттік заңды тұлғалар меншік иелері бола алмайды. Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы мүліктің меншік иесі - мемлекет. Мемлекеттік меншіктегі мүлік мемлекеттік заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен бекітіліп берілуі мүмкін. Мемлекеттік емес мекемелер де мүліктің меншік иесі бола алмайды. Оларды меншік иесі (меншік иелері) қаржыландырады, олар мүлікке оралымда басқару құқы арқылы ие. Мемлекеттік емес заңды тұлғалар коммерциялық (өз қызметінің басты мақсаты ретінде табыс табуды көздейтін) және коммерциялық емес (қызметінің басты мақсаты ретінде табыс табуды көздемейтін және алынған таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтін) болып бөлнеді. Коммерциялық заңды тұлғаларға шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар және өндірістік кооперативтер жатады. Коммерциялық емес заңды тұлғалар тізбесі толықтай аяқталған емес. Оларға жататында: қоғамдық және діни бірестіктер, қоғамдық қорлар, тұтыну кооперативтері, коммерциялық емес акционерлік қоғамдар және тек заң құжаттарында анқталуы мүмкін басқа ұйымдар.
Шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар, кооперативте, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар, діни бірлестіктер және заңды тұлғалардың бірлестіктері (қауымдасты, одақ) өз мүлкінің меншік иесі болып табылады. Мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар мүлікті шектеулі заттық құқықтар - оралымды басқару және шаруашлық жүргізу.негізнде иемденеді. Шаруашылық серіктестігінің меншік құқығы. Құрылтайшылардың (қатсушылардың) салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойнша серіктестікке тиесілі болады. Шаруашылық серіктестігінің жарғы капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде интеллектуалыдқ қызмет нәтижесіне құқық, және басқа мүлік болуы мүмкін. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғы капиталына заттай формадағы немесе мүліктік құқық түріндегі салымдары барлық құрылтайшылардың келісіміммен немесе серіктестіктің барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешімі бойынша ақша түрінде бағаланады.
Бақылау сұрақтары:
1. Шаруашылық серістігінің меншік құқығы.
2. Акционерлік қоғамның меншік құқығы.
3. Өндірістік кооперативтің меншік құқығы
4. Қоғамдық бірлестіктің меншік құқығы

Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі

Тақырып 5. Мемлекеттік меншік құқығы.
Дәріс тақырыбы: Мемлекеттік меншік құқығының ұғымын субъектілері объектілері, мемлекеттік меншікті жекешелендіруді қарастыру.
Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Мемлекеттік меншік құқығы ұғымы
2. Мемлекеттік меншік құқығының субъектілері
3. Мемлекеттік меншік құқығының мазмұны
4. Мемлекеттік меншік құқығының объектілері
5. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Мемлекеттік меншік құқығы дегеніміз мемлекеттің заң актілерімен танылған және қорғалатын, өзіне тиесілі мүлікті өз қалауы бойынша иемдену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Мемлекет меншік құқығының ерекше субъектісі болып табылады. Бұл оның жоғары абстарктілігімен және формальдігімен анықталады. Көптеген әртүрлі сипаттағы функцияларды жүзеге асырудың кажеттігі және бірдей бағынышты мемлекеттік орандардың тармақталған жүйесі мемлекеттік меншік құқығын іске асыратын субъектілердің көп болуын алдын ала анықтады. Сондықтан оларды екі деңгейге бөлген дұрыс: кімді білдіреді,соның деңгейі және кім білдіреді, соның деңгейі.
Меншік құқығының мазмұны құқықтар мен міндеттердің жиынтығымен анықталады. Меншік иелерінің өз құқытарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді. Яғни, мемлекет, мемлекеттік меншік объектілерінің бірден-бір меншік иесі ретінде, азаматтық құқықтарды, сондай-ақ міндеттерді жүзеге асырудың шектері мен қоғауды заң арқылы өзі үшін өзі анықтайды.
Мемлекеттік меншікті иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде еимденуді жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Мемлекет, материалданбаған ерекше субъетк ретінде, барлық реттерде иемдену құқығының титулын сақтайды, өз мүлкін іс жүзінде иемденуді мемлекеттік органдар жүйесі арқылы жүзеге асырады.
Билікжасау құқығы дегеніміз мүліктің заңдық тағдырын анықтаудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Айналымда жүрген мемлекеттік мүліктің дені ақша қаражаты болғандықтан, әдетте, пайдалану және билік жасау құқық өкілеттіктері біріне бірі сәйкес келеді. Мемлекет негізінен бюджет ақшасын таратады. Бұл функцияны жүзеге асыруға өкілдік және атқарушы билік органдары тартылады. Мемлекет өз меншігіне кез келен объектіні ала алады. Мемлекеттік меншік объектілері Республикалық мемлекеттік меншік субъектісі Қазақстан Республикасы болып табылады. Ал, коммуналдық мемлекеттік меншік субъектісі - әкімшілік - аумақтық бөлініс. Республикалық бюджет дегеніміз - мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілдік органдардың шешімдерімен бекітілетін,мемлекеттің өз фунцияларын жүзеге асруына арналған және салықтар, алымдар басқа міндетті төлемдер, капиталдармен жасалған операциялар түсімінен, салық емес және заң құжаттарында көзделген өзге түсімдерден құралған орталықтандырылған ақша қоры.
Жекешелендіру дегеніміз - мемлекеттік мүлікті жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және шетелдік заңды тұлғалардың меншігіне, меншік иесі болып табылатын мемлекеттің еркімен, заң актілерінде белгіленген арнаулы процедуралар шеңберінде сату.Жекешелендірудегі мақсат- мемлекеттік мүлікті жеке меншік иесіне беру арқылы оны ынталы әрі ұтымды пайдалану. Мұның атарында мемлекеттің ұтымды шаруашылық жүргізуге мүдделі еместігі және қабілетсіз екендігі жайында даулы болжам жатыр. Тек рынок ғана сұраным мен ұсыныстың ара қатынасын дәл анықтай алады, қоғамға қажетті өндірісті ұйымдастырады және қоғам мүшелерін өнімді еңбекке ынталандырады деген топшылама бар.

Бақылау сұрақтары:
1. Иелену , пайдалану, және билік жасау құқығы дегеніміз не?
2. Жекешелендіру туралы анықтама беру.
3. Мемлекеттік меншік құқығының субъектілері
4. Мемлекеттік меншік құқығының мазмұны
5. Мемлекеттік меншік объектілері

Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі

Тақырып 6. Ортақ меншік құқығы
Дәріс мақсаты: ортақ меншік ұғымы, оның түрлері мен пайда болу негіздері туралы сипаттама беру, ортақ үлесті меншік құқығы,ортақ бірлескен меншік туралы түсініктеме беру
Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Ортақ меншік ұғымы, оның түрлері мен пайда болу негіздері
2. Ортақ үлесті меншік құқығы
3. Ортақ бірлескен меншік

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Мүлік меншік құқығында бір немесе бірнеше адамға бола алады. Белгілі бір мүліктің меншік құқығында тиеселі бола алатын субъектілерінің (тұлғаларының) санына қарай бұл құқық бір субъектілік және көпсубъектілік болып бөлінеді.екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Заңдық мағынада ортақ меншік екі немесе одан көп тұлғаларға меншік құқығында тиесілі мүлікті білдіреді.
Ортақ үлесті меншік құқығында оның әрбір қатысушысының белгілі бір үлесі болады. Бұл ортақ мүліктегі немесе оның құнындағы үлес емес, дәп ортақ меншік құқығындағы үлес.Бұл үлес ортақ үлесті меншіктің барлық басқа қатысушыларының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары бойынша меншік құқықтарын қорғау мәселелері
Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлері
Меншік құқығының жалпы түсініктері
Меншік құқығын қорғау
Меншік және меншік құқығы туралы ұғымдар
Меншікті азаматтық- құқықтық қорғау
Меншік құқығының тоқтатылу негіздері
Жеке меншікке жалпы түсініктеме
Меншік құқығы жайында
Меншік және меншік құқығы
Пәндер