Тұлғааралық кикілжің



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс 12. Тақырыбы: Қарым-қатынастың интерактивті жағы Жоспары:

1. Қарым-қатынастың интерактивті жағы - қарым-қатынас тұлғааралық өзара әрекет ретінде
2. Әлеуметтік бақылау және әлеуметтік норма
3. Қарым-қатынас үрдісіндегі рольдік күтулер және рольдер
4. Педагогикалық қарым-қатынастағы психологиялық контакт
5. Тұлғааралық өзара іс-әрекеттің әсер ету жағдайлары

Қарым- қатынас кезінде біреуге сұрақ арқылы, өтінуі, бұйрық арқылы бір жағдайларды түсіндіріп баяндау арқылы адамдар алдына мақсат қояды, адам түсінбейінше талап етеді. Қарым-қатынас мақсаты адамдардың бірлескен іс-әрекетінің қажеттіліктерін бейнелейді. Бұл жағдайлар фатикалық қарым-қатынас деп аталады, яғни қарым-қатынаста жәй қолдау көрсету мақсатында коммуникативті тәсіл ретінде қолданады. Егер қарым-қатынас фатикалық болмаса, оның кез-келген жағдайда нәтижесін көрсетеді - басқа адамдардың іс-әрекеті мен жүріс-тұрысы өзгере бастайды. Осындай қарым-қатынастар тұлғааралық өзараәрекет ретінде көрінеді, яғни олардың бірлескен іс-әрекет үрдістерінде пайда болатын, адамдардың өзара әсерлері мен байланыстарының жиынтығы. Тұлғаралық өзараәрекеттер мынадай тиянақтылықты көрсетеді, жазылған уақыты бойынша адамдардың реакциясы бір-бірінің әрекетіне: А индивидінің жүріс-тұрысы, Б жүріс-тұрысын өзгертіп, оның жауап беру реакциясы жағынан тудыртады, яғни өз кезгінде А жүріс-тұрысына әсер еткен.
Әлеуметтік бақылау
және әлеуметтік норма
Бірлескен іс-әрекет пен қарым-қатынас әлеуметтік бақылау жағдайларында өтеді, әлеуметтік нормалар негізінде жүзеге асады
- қоғам үлгісіндегі жүріс-тұрысы қабылданған адамдардың өзараәрекеті мен өзара қарым-қатынасының регламентін (тәртібін) сақтау.
Қоғам әлеуметтік номалардың сапасын арнайы құлықтарындағы үлгі жүйесіне қарап, олардың қабылдайтын, мақтайтын, әдетке айналдырған және әр адамнан күтетін, ситуациясына сәйкес көрінуінен қарастырады. Олардың бұзылыстары әлеуметтік бақылаудың механизіміне кіреді (мадақтау,талқылау, жазалау), нормадан аутқуыған жүріс-тұрысын түзетуді қамтиды. Қоршаған ортадағы қандайда біреудің жүріс-тұрысын біртекті қабылдау нормаларды қабылдау мен пайда болуы туралы сипаттайды. Әлеуметтік нормалардың диапазоны өте кең- жүріс-тұрыстың үлгісі, еңбек тәртібіндегі талаптарды сақтау, әскери борышы мен отансүйгіштікпен, сыпайылық ережесіне дейін. Әлеуметтік нормалар сәйкестендірілген қылықтарға жататындар, максимальды түрде
еңбектің берілуі, сонымен қатар мұғалім сабаққа кірген кезде бірінші сынып оқушыларының орнынан тұру ережесін меңгеріп орындауы да жатады.
Әлеуметтік нормаларды адамдардың ұстай білуі, олардың өз қылықтарына жауапкершілікті болуын, қылықтары мен әрекеттерін реттеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар осындай нормаларға сәйкес келуін және келмеуін бағалайды. Нормаларға бағыт-бағдар адамдардың өзінің қылықтарындағы түрлерінің эталондарға сәйкес келуіне, керектісін таңдап, әлеуметтік қолдау көрсетілген және қабылданғандарын ысырып шығару және басқа адамдармен өзінің қарым-қатынасын реттеп бағыттауға мүмкіндік береді. Меңгерілген нормалар адамның критерийлерін анықтауда қолданылады, олардың көмегімен өзінің және өзгелердің қылықтары салыстырмалы түрде жүреді.
Қарым-қатынас үрдісіндегі рольдік күтулер және рольдер
Қарым-қатынастағы адамман орындалатын әлеуметтік бақылау өзара әрекет үрдісінде рольдердің репертуарларына сәйкес жүзеге асады. Психологияда рөл қылықтар үлгісімен түсіндіріледі, кім қандай бір әлеуметтік позициясымен айналысса, соның арқасында әрбіреуіне нұсқаулар беріледі
(мамандығына қарай, жынысына қарай, отбасындағы жағдайларына қарай т.б.). Субъект мұғалім немесе оқушының ролін, дәрігердің немесе ауру адамдардың, үлкендердің немесе балалардың, басшыларды немесе қол астындығыларды , анасы мен әжесі, әйелі мен күйеуі, қонағы немесе қожайыны т.б. рольдерінде көруге болады. Сонымен қатар, әрбір роль нақты талаптарға сай орындалып және нақты қоршаған ортаның күтулеріне жауап беруі керек.
Сол адамның өзі ереже бойынша, әр түрлі қарым-қатынас ситуациясына еніп, әр түрлі рольдерді орындайды. Қызметтегі ролі директор болғанымен, ол ауырып қалып, дәрігердің жазып бергенін орындап, өзінің қартайған анасын тыңдаған ұлының ролінде болып, достарын қабылдап, ол қонақжайлы қожайын рөлдердің т.б. бәрін де орындайды. Көптеген рольдік позициялар көбінесе, олардың қақтығыстарын - рольдік кикілжіңдер тудыртады. Мұғалім педегог ретінде өзінің баласының кемшіліктерін байқамай қалуы мүмкін емес және талап етушілікті күшейту керектігіне сенімді, бірақ әкесі ретінде, ол кейде әлсіздігін білдіртеді, оның барлық талаптарын, сұрағандарын орындап және оның жағымсыз міңездерінің қалыптасуына мүмкіндік береді. Педагог тәртіпсіз оқушының әке-шешесіне айтуға келген кезде, қонақ ретінде, үйдің қожайындарына, олардың балаларының қылықтарындағы тәртіпсіздігі жайында айтып ренжітуге болмайды, дегенмен де мұғалім реінде ескерту- міндеті.
Түрлі рольдерді орындайтын адамдардың өзара әрекеті, рольдік күтулермен реттеледі. Адам қажет етседе, етпеседе, бірақ қоршаған ортадағылар нақты бейнеге сәйке, оның қылықтарын күтеді. Қандайда-бір рольдерді орындау міндетті түрде, қоғамдық бағалауларды алады, сонымен қатар бейнедегі қандайда-бір соншалықты мәнді қателіктер кетсе талқыға салады.
Осыған орай, қарым-қатынас үрдісі жемісті болуына қатысты жағдайлар өзара әрекеттестіктегі адамдардың бір-бірінің қылықтарына сәйкес келуі болып табылады.
Әрбір адам қарым-қатынасқа түскенде, барынша көп немесе аз деңгейде, оның қылықтарына нақты күтулерді, онымен қарым-қатынас жасайтын адамдардың дәл орындалуын күтеді. Адамдардың қабілеті мен іскерліктері еш күмәнсіз дәл басқалардың күтулеріндей орындалуы, яғни олардан естуге немесе олардың көруге дайын осыған сәйкес күтулерді үлгі тұтып, есепке алуды өнегелік деп атайды.
Бірақ осындай өнегелі адамнан әрқашанда және барлық жағдайларда осындай күтулерді байқап жүру шарт емес. Егерде субъектінің көзқарастары мен қағидалары дем арасында қарама-қайшылықтар көрестетін жәйіттер пайда болса, одан өзі түсінетін, қоршаған орта күтетіндей, ол қатаң тәртіптілікті көрсеткен кезде, басқалардың оның қылықтарындағы соншалықты өнегелілігіне мән бермеуі де мүмкін.
Бір жағынан, күнделікті өмірлік жәйіттерде қате күтулерді орындау немесе олардың шыңдықты елемеуі жөнсіз, әдепсіз деп аталады. Әдепсіздік- бұл қарым-қатынас үрдісіндегі күтулердің бұзылыстары, қарым-қатынастағы өзара әрекеттестікті бұзуы және кейде кикілжіңдік жәйіттерді тудыртады. Әдепсіз қылықтарда міңез саластырмалы түрде кешірімшіл міңез де болуы мүмкін. Мысалы, екі таныс адамның кездесуі кезінде: Қал-қалай?,- десе оның біреуісінің үй-ішіндегілердің денсаулығы туралы, соңғы күндердегі оқиғалар жайында толықтай әңгіме болмаса, бұл кейбірде әдепсіздік ретінде бағаланады. Бірақ та, өнегелі талаптарды бұзу жағдайларында, көбінесе, соның салдарынан көңіл қойып талап етуге әкеледі. Педагогикалық қарым-қатынас кезінде де әдепсіздіктің пайда болуының осындай ерекшеліктері жатады.
Нақты мысал келтіруге болады. Оныншы сыныпта мұғалім мәнерлі оқуға үйірме ұйымдастырады және оны өте жемісті өткізеді.
Бірақ та бір күні мынадай жағдай болды. Үйірмені басқарушы И.А. Крылов мысалдарындағы еңбектеріне арналған Талғампаз келін атты жұмысты ұсынды. Ол оқуды бастамай жатып-ақ, үйірмеге қатысушылардың бірі басқа мысалды тыңдауды сұрады: Қандай болса да соны, тек осыны емес!.-Түсіңдіріңізші, не болды?,- деді мұғалім орындай алмаймын деп ақырын ғана жауап берді. Мұғалім оның міңезінің еркелігі деп санап, әрімен қарай жалғастыра берді. Ернін тістеп, бала өз орнына отырды. Енді ғана соңғы шумағын оқығаннан кейін және сөздердегі өткір мысқылды ырғақтылықпен айта бастағанда:
мұңды тыныштық та, толқыған күйде және балалардың беті ашу-ызаға бұлыққан, көзіне жас алып айтып болған қыздың біріне мұғалім ақыр аяғында көңіл бөліп мәнін түсінді. Ол аяқ асты үйірмеге қатысушылардың ішінде бір жасөспірімнің отырғанын,бұдан біраз жыл бұрын поездан аяғын кесіп алған және де осының ішінде оның бұрыннан жақсы көретін қызының бар екенін еске түсірді.
Мұғалім балалар ұжымында адамдардан тұратынын және ондағы әрбір жеке адамдарға көңіл аударып, қабылдау керектігін ұмытпауы абзал. Тіпті, оқушылармен қарым-қатынасты уақытша жоғалтып алу да ауыр зардап әкелуі мүмкін, оның салдарына алды-ала көру қиынға соғады. Егер де осындай өзара түсіністіктер бұзылса, онда толық сенімділіктен алдын-ала, яғни мұғалім мен оқушы арасында жақын арада түсіне алмаушылықтардың болатынын болжап айтуға болады. Тәрбиешілер педагогикалық әдептілікті құруға керекті контактілердің мүмкіндіктерін қолдана отырып, барынша ыңғайлы жағдайлармен оқушылардың жеке адамдық қалыптасу үрдісін жүзеге асырып,олардың даму перспективаларын ашады.
Педагогикалық
қарым-қатынастағы психологиялық контакт
Контакт (лат. сөзі contactus-соприкосновение,жақындасу ) қарым - қатынасқа түсушілер арасындағы екі жақты байланысты қарастырады.
Қарым - қатынасқа түскен кезде, бір-біріне сенуі, өзара сыйластық олардың нормадағы дамуын және қолдау көрсету жағдайлары болып табылады.
Педагог оқыту - тәрбиелеу үрдісі кезінде, оқушылармен қарым - қатынасқа түскен кезде, олардан сыйластықты күтеді, яғни мұғалімнің өз ролі көрсетіледі. Осындай негіздерден рольді қолдау мұғалімдер ұжымында бірауыздан талап етілетін мектептегі дәстүр Оқушыларға арналған ережелер осындай қолдау күтулермен сүймелденеді. Бірақ та, қарым-қатынас адамның міңезіңдегі екі жақтылық, өз кезегінде мұғалімдердің оқушыларды құрметтеуі және оларға сенімділікті талап етедi
Жақсы танымал педагогикалық формуланы біле отырып, - тұлғаға максимальды талап болса және оған максимумды түрде құрметтеу мен сенімділіктер керек, кейбір мұғалімдер тек бір ғана бөлігін қолданады, екіншісін ұстану міндетті емес деп те есептейді, бірақ та бұлар екі түрлі міндеттер емес, екеуі де бірдей.
Кей кездері, егер педагог барлық талаптар мен қағидалар кезінде сенімділік пен сыйластықты өзінің тәрбиеленушілеріне көрсетсе, оның болмашы ескертулері де іске асады, егерде ол мұғалімдер тарапынана өзіне сыйласымды қарым-қатынасты сезінбесе, онда сол уақыт ішінде олардың дәлелденген және қисынды кеңестеріне жасөспірімдер де жаппай немқұрайлылықпен қарайды.
Педагогтар мен оқушылардың өзара қарым-қатынасы өмірмен байланысты қалыптасады. Олар үлкен және кіші деңгейде жалпы мектеп атмосферасынан шығып, оқушылардың түсіну деңгейіне байланысты, педагогикалық және психологиялық мәдениетіне байланысты болып табылады.
Бұл контактілердің субъективті тәуелділігіне - кіші мектеп жасындағы балалардың кішігірім кінәларынан бастап, барлық мектепті кездейсоқ қобалжытатын оқиғаларға дейінгі мектеп өмірінде болатын кез-келген психологиялық талдау кезінде байқалады.
Педагогтар оқушыларға құрметтілікті талап етуді есепке алатын болса, тәрбие мақсатының жүзеге асуына мүмкіндік беретін жағымды психологиялық атмосфераны барынша құрайды.
Оқушылармен қарым-қатынаста сыйластықтарын білдіре отырып, жасөспірімдер өзін-өзі сыйлауды қалыптастырады, яғни оның өзі әрімен қарай да қарым-қатынас құру жағдайлары болып табылады. Оқушылардың қарым-қатынасына көңіл бөле отырып, әсіресе жасөспірімдердің, олардың өзін-өзі сыйлауы, оларға жемісті педагогикалық әсер етудің сенімді тәсілі болып табылады.
Ересектерге қарағанда жасөспірімдерде, ереже бойынша тұрақты өзін-өзі бағалау болмайды. Сондықтан да ол өзі үшін беделді әртүрлі адамдар тарапынан берген бағаларына бағыт- бағдар жасауға мүдделі: ата-анасы, мұғалімдері, құрбылары оқушылар т.б. Осындай сыртқы бағалаулардың өзгрістеріне қарай, олардың басқа адаммен қарым-қатынасында қолдау көрсетуін қанағаттандыру үшін жеткілікті мықты сүйеніші ретінде, олардың өзін-өзі сыйлауын сақтауға тырысады, олардың көзінше ол қандай болып көрінгісі келсе, сондай қылып қабылдауына тырысады. Тәжірибелі педагогтар, ең бастысы жасөспірімдермен педагогикалық қарым-қатынасты табысты етіп орнықтырып, олардың өзін-өзі сыйлауына сүйене отырып, оның көмегімен мықты психологиялық қарым-қатынасты қамтамасыз етуге болатынын біледі.
Өзін-өзі сыйлау сезімі- жақсы құрал, бірақта нәзік. Егер де үлкендер байқаусызда көрмей немесе жасөспірімдерде өзін-өзі сыйлау сезімін әдейілеп бұзса, онда олар нашар әсерлері салдарынан өз мүмкіндіктерінен айырылады. Бала қандай жаман болса да, бірақта өзін-өзі құрметтеу сақталса, онда оны сыйлауға және өзгелерді сыйлауға үйретуге болатынына үміттенуге мүмкіндік береді. Осының салдарынан қарым-қатынастарда оптимистік перспективалар сақталады. Психологиялық контактінің бұзылуы тұлғааралық кикілжіңге әкелуі мүмкін.

Тұлғааралық
кикілжің
Қарым-қатынастың барлық үрдістерін өзіне әрқашан және барлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кикілжің психологиясы
Шиеленістің қатысушылары
Дәстүрлі мәдениеттегі кикілжіңді шешу тәсілдерінің оқу үдерісінде қолданудың психологиялық ерекшеліктері
Кикілжің мәселесінің теориялық аспектілері
Жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы қарым - қатынастың рөлін зерттеу
Педагогикалық ұжымдағы шиеленістер
Тұлғаның эмоциялық қалпын реттеудің әлеуметтік мәні
Эмоциялар мен сезімдер өзара тығыз байланыста
Арт-терапия арқылы студенттердің эмоциялық қалпын реттеу
Мотивацияның психологиялық теорияларына шолу
Пәндер