Мәшһүр Жүсіп Көпеев поэзиясындағы шығыс тақырыбы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Шоқан Уәлиханова атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті

Тақырыбы: «Мәшһүр Жүсіп Көпеев поэзиясындағы шығыс тақырыбы»

Дайындаған: Қабдраш Меруерт

Қайратқызы Кфк-81 топ

Жетекші: Нұржаксина Махаббат Қаратайқызы

Көкшетау, 2020 ж.

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

  1. Мәшһүр Жүсіп Көпеев поэзиясындағы шығыс тақырыбы.

1. 1. «Гүлшат-Шеризат» поэзиясы.

  1. М. Жүсіп шығармаларының көркемдік ерекшеліктері.

2. 1 М. Жүсіп шығармаларының тақырыптық идеялық ерекшеліктері.

  1. Мәшһүр Жүсіп шығармашылығы жайлы ой-пікірлер.

III. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе

Ұзақ жылдар бойы халқынан қол үзіп, қалған терең мағыналы туындыларының бірі - Мәшһүр Жүсіп Көпсевтің шығармалары. Оның қаншасы жазылып, қаншасы жарыққа шыққаны, қаншасы жойылып, жоғалып кеткені белгісіз.

Мәшһүр Жүсіп ХХ ғасыр басындағы ақындардың аса бір көрнектісі. Саяси тәріпті одан батыл сынаған ақын жоқ десек те болады. Ескіні сынағанда ол үлкен сатираның, саяси-лириканың ақыны, әділет, бостандық идеясын жырлағанда-романтик.

Мәшһүр Жүсіп Баянауыл жерінде туып, Бұхарда дін оқуын үйренген. Бірақ ол молдалықтан қол үзіп, «Дала уалаятының газеті», «Айқап» журналының бетінде елдің әл-ауқаты мен хал-жағдайына қатысты өлең, мақалаларын жариялап, қазақ ауыз әдебиетін көп жинаған адам. Көзі тірісінде бірнеше өлеңдер жинағы жарық көрді.

Оның шығармаларының басты тақырыбы-ұлт еркіндігі, жер маселесі, содан туатын кедей шаруа тілегі, дін бостандығы, оқу-білім, патшалық тәртіп пен капитализм қайшылығы сынау, революция (көтеріліс) идеясын жақтау сияқты өз кезеңі үшін үлкен мәні бар халықтық-демократиялық мәселер болды.

«Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі» деген өлеңінде ол 1905 жыл революциясына үлкен үміт артып, келер жылы ату-асу саясаты басталған соң

патшаның он жетінші қазандағы манифесінің бос сөз болып қалғанын сынаған қазақтың бірден - бір саяси күрес ақыны ретінде көрінеді.

Ақын бостандық күресіне түскендерді арыстанға теңей келіп, қалың бұқараны да саяси күреске шақырады. Халықты шырмап отырған патшалық тәртіпке бұдан артық қарсылықтың болуы мүмкін емес. Бұл тұста Мәшһүр Жүсіптің діни түсінігі мол бола тұрса да, ол революциялық сананың жыршысы болды.

Профессор Бейсенбай Кенжебаевтың: «Мәшһүр шығармаларының көпшілігінде заман жайын айтады, қазақтың жаман мінездерін, қазақ арасындағы феодализм қалдығын, би-болыстарды, патша өкіметінің чиновниктерін сынайды » - деген пікірі өте орынды айтылған деп бағалауымызға болады.

Жалпылап айтқанда, менің ой-пікірімше Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларынан шығыстың ұлы шайырларының, Абайдың үлгі-өнегесі, озық ойлары байқалып тұрады.

Қазақстанның халық жазушы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдрының докторы, ақын Әбділда Тәжібаев: «Мәшһүр Жүсіп Көпеев дегенді білмейтін қазақ зйялыларында жан жоқ. Әрі ақын, әрі ақылғой жан, ұлы Абайға іздесе шықты да осы данышпан ұстаздың ағартушылық жалын берік ұстанды. Ақындығын да мұрат етті», - деп терең талғапты.

Ақынның адам өмірі, тіршілік туралы өлеңдерінен өзі өмір бойы іздеп, көп зерттеген ұлы жырау - Бұқар жырау шығармаларының әсерін сезінуге болады.

Үш жасынан бастап, жетпіс үш жас аралығындағы өмірінен деректер

келтіруі, өмір сыры мен қызық қиындығын, мәнін жүйелеп айту бар.

Жалпы ақын шығармаларына зерделей қарап, тереңірек үңілсек, поэзияны жан сезім емес, үлкен саяси мазмұнын құралына айналдыра білген, әділеттілік пен бостандық идеясын жырлағандығын айқын сезінеміз.

Сондықтан да Мәшһүр Жүсіп «1905 жылдың жыршысы, патшалық тәртіппен капитализмнің сыншысы, ұлт-азаттық қозғалыстың басты ақыны», деп бағалаумызға әбден болады.

Мәшһүр Жүсіп өлендерінің озық үлгілері - мысалдары «Шайтанның саудасы» өлеңінде шайтан 5 есек, 10 қашырға жүн артып базарға бара жатады.

Оның бірінде өтірік, бірінде күншілдік, қастық, айла, озбырлық, зұлымдық, ұрлық сияқты заттар бар. Ғайса жолығып, «Мұның ішерге ас, киерге киім емес,

кім алады?» - десе, шайтанның заттарын 6и-болыс, ұры-қары, бай-молда, ишандар бір сәтте қағып әкетеді. Бұл сол кезеңдегі саяси тәртіпті, ақшаның үстемдік құрған заманын сынайтын сатира.

Ақынның мысал өлеңдерін негізгі ой желісі шығыстың ұлы ақындарының бірі Румидың «Ұрланған қой хақында», «Қараңғылық», «Каһарлы шах қақанда» тағы ба өлеңдеріндегі әлеуметтік қоғам шындығын бейнелейтін сатирамен бір сарындас, өзектес.

«Бұлбұл мен қаршыға» өлеңінде ақын Мәшһүр Жүсіп осы екі образды салыстыра отырып суреттеген. Бұлбұл ұзақ күндер бойы қызыл гүл мен таңның атуын жырласа, қаршыға мырзалардың қолында жүріп түз (дала) құстарын ұстайды, жыртқыш бейнесінде көрсетілген. Мұнда да билеуші таптың зорлық-зомбылығын сынға алынған. Сол сияқты «Тырна мен қасқыр» өлеңі ұлы ақын Абайдың аудармаларындағы «Есек пен бұлбұл», «Қарға мен түлкі», т. б. қазақ ақындарының мысал өлеңдерімен үндестік-тапқан.

«Жарты нан хикаясы» атты мысалында ақынның айтар аты шығыс ақындары мен ойшылдарының, Абайдың қара сөздерінің, даналық мәйегімен

төркіндес. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмір сүрген тұсы - бір рудың малын екінші рудың елі барымталап, шетке шыққан жылқы-сиырын айдап алып, сіңіріп кете беретін, әлсіздің күні қараң, күштінің сөзі жүріп тұрған феодалдық қоғамдық кезі.

Мәшһүр Жүсіп:

Өсекті қожа, молда айтады.

Басқадан олар тіпті оңды айтады,

Арасын ағайынның балдай тәтті,

Дау- жанжал ұрыспенен молайтады,

- деп ауыл арасындағы шала окыған, білімі маяз, тек «жаназа» шығарсақ дегенді білетін молда мен қожаларға қатты ашынып, ашы шындықты осылай бейнелейді. Өйткені, Мәшһүр есімі көзінің тірісінде-ақ көп жерге тарап кеткен, ақынның бұл кезде бірнеше кітаптары шығып, елге танылса, екіншіден көне мұраларды жатпай-тұрмай хатқа түсіріп белгілі болғаны, «ғұлама» атанғаны, жұрттың айрықша құрметіне бөленгені белгілі. Осындай оқығаны да, тоқығаны да мол соншалық білімі иесі Мәшһүр Жүсіптің ерекше бір қасиеті-молдалық құрмауы. Халқын жан-тәнімен сүйетін ақындарға тән қасиет, қарақан басының қамын ғана ойлап қоймай, өзгелердің де мұң мұқтажы үшін қара қылды қақ жаратын әділдігімен, туралығымен ел ішінің пысықтарына жақпай қалатын кездері болған.

  1. Мәшһүр Жүсіп Көпеев поэзиясындағы шығыс тақырыбы.

Араб-парсы тілдерін жақсы білген ақын Шығыс дастандарына еліктеп, "Гүлшат-Шеризат", "Ғибрат-нама", "Баян-нама" т. б. шығармалар жазды. Қазақтың халық творчествосы мұраларынан көптеген дастандар, тарихи жырлар, айтыстар, шежірелер жинады. "Көрұғлы", "Ер Сайын", "Ер Көкше" т. б. дастандарды хатқа түсірді. Бүхар жырау, Үмбетей, Шернияз, Көтеш, Шөже ақындардың, С. Торайғыровтың өлеңдерін, жыр-толғауларын ел аузынан жазып алып, қазақ фальклоры мен тарихшыларына мол материал қалдырды.

Мәшһүр Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістанға үш рет сапар шегеді. Бірінші рет 1887 жылы, яғни 29 жасында барады. Бұл жолы Бұхарада оқып, білімін көтерген сияқты. Арабша, парсыша шыққан кітаптарды қадағалап зерттейді.

Екінші рет барғаны турасында,

Зубаржат шығыс бапқа бұл барғаным,

Жылым қой, отыз жеті жасым еді,

- деп анықтама береді.

Мәшһүр Жүсіптің өз айтуынша, ол 1895 жылы араға сегіз жыл уақыт салып, жоғарыдағы аталған қалаларға қайта барыпты. Ақынның бұл екі сапары да оның білімін көтеру мақсатынан туғандығы көрінеді.

Ал, енді Бұхара, Ташкентке 1907 жылы үшінші рет баруының жөн-жосығына келсек, ол алдыңғы екі сапардан басқашалау. Оның себебі, ақынның осы жылы жарық көрген үш кітабында кедей-кембағалдың мүддесін көп толғағандығынан да болса керек. Бұл жөнінде нақты мәліметті Ә. Қоңыратбаев береді. Ол: “Мәшһүр Жүсіптің жоғарғы үш кітабының заңға ілігіп таратылмауы, оны басып шығарған Қазандағы Құсайыновтарға 12 мың сом ауыр айып салынуы, ақынның қамалушылар тізіміне ұшырап ел ішінде бұғып жүруі осыдан”, - деп тұжырымдайды.

Ақын Бұхараға, Ташкент жақта төрт жыл жүріп оралған соң да жағдайының жөнді болмайтынын түсініп, бұл жолы Еділ, Жайық жағалауын аралайды.

1940 жылы шыққан “Қазақ әдебиеті хрестоматиясына” Мәшһүр Жүсіптің “Шайтанның саудасы” енсе, осы жылы Мәскеуден жарық көрген “Дала әні” атты қазақ поэзиясының антологиясында бір өлеңі басылды. Сондай-ақ, “ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті” (1983ж. ) атты кітапқа бірнеше өлеңдері енді (құрастырушылар Т. Әбдірахманов, Қ. Жармағамбетов), М. Мағауиннің құрастыруымен 1978 жылы “Советский писатель” баспасынан шыққан “Поэты Казахстана” деген кітапта “Шайтанның саудасы” тағы да басылды. Ол 1889-1894 жылдар аралығында “Дала уалаяты” газетінде бірнеше проблемалық материалдар, “Айқап” журналының 1912 жылғы екі санында көлемді мақала жариялады.

Ақын бұл шығармаларында да көпшілік қауымды еңбекке, оқу-білімге, адалдыққа үндейді. Әсіресе қолыңнан келгенше кісіге жақсылық істе, кедей-кембағалдың қажетін өтеу адамдық борышың. Ал, халық үмітін ақтарлық игілікті ісің болмаса, кісі санатына қалай қосылмақсың? - деген пікір қорытады.

Ол адалдық, адамдық жайындағы толғамды ойларын өлең, мақала, аңыздың айналасында ғана айтпай, көптеген дастан да жазған. Оларды жоғарыда атап өттік.

Мәшһүр қазақтың көптеген білікті адамдарымен кездескен. Соның бірі - атақты Қажымұқан балуан. Ол онымен 1925 жылы таныс-біліс болып, екеуі Баянауылда бірнеше күн бірге жүріпті. Бірі ақын, бірі балуан - өнер адамдары іштей түсінісіп, қыл өтпес дос болып, қимай-қимай ажырасыпты. Сондай-ақ, Атбасар дуанының тұрғыны Мейрам Жанайдарұлымен де сырлас дос болыпты. Бұл кісі өз заманының оқымысты адамы екен. Арабша, парсыша, орысша сөйлей де, жаза да біліпті. Айрықша қасиеті - ауыз әдебиетін көп жинапты. Сонымен бірге “Мың бір түннің” бір тарауын өлеңмен жырлап, 1895 жылы “Дала уалаяты” газетінің 41-49 нөмірлерінде жариялапты. Мейрам жырлаған бұл дастан Ү. Сұбханбердина құрастырған “Қисса-дастандар” (1986 ж., 28-32-беттер) атты кітапқа енді.

Мейрам қара сөзбен емес, тақпақтап, мақалдап-мәтелдеп сөйлейді екен. Оның бізге жеткен мұрасы жоқтың қасы. Ол адамға Мәшһүр Жүсіп мінездеме бере келіп: “Ақылды адамда күлкі де жоқ, ашу да жоқ, кемдік көріп, тарығып сасу да жоқ, басына Қап тауындай бақыт қонса, шалқасынан шалқайып тасу да жоқ”, - деп бағалапты.

Жолмұрат Жүсіпұлы өз қолжазбасында Мәшһүр Жүсіптің атақты Бөгембай батырдың немересі Саққұлақпен де тығыз қарым-қатынаста болғанын, ол адамнан ақынның халқымыздың әдеби мұрасын көшіріп алғандығын да айтады.

Мәшһүр Жүсіп Ақан серімен бірнеше рет кездескенін, онымен сырласып, пікір алысқанын айта келіп, былайша тебірене сөз етеді: “Ақан серінің Құлагері өлген соң бұрынғы серілік мінезді қалдырып, көп бас қосатын ас, жиын-тойға жүрмейтін, бармайтын болып, дүние махаббатынан мүлде көңілін суытты. Ақан сері адамзаттың сұңқары, қызыл тілдің ділмәрі еді, жігіттің құлпы жібегі еді”.

Мәшһүр Жүсіп ел ішін көп шарлап, ақсақалды қарт, ақ самайлы әжелердің аузынан халық ауыз әдебиетін жинайды. Сол мақсатпен кейде баратын ауылына жете алмай далаға қонса, кейде таудың ішіндегі бұлақтың басына түнейді.

Ақын мал соңында салпақтап күндіз-түні еңбек етіп жүрген кедей шаруаның ауыр азабын, жетім мен жесірдің көз жасын өлеңге қосты. Сол қиындық бейнебір өз басынан өтіп жатқандай сезінді:

Болмайды түн күндізсіз, күндіз-түнсіз,

Ай кірсіз деген сөз бар, Құдай мінсіз,

Шаттық пенен қапалық кезек нәрсе,

Бірінен соң бірі бар артық - кемсіз,

-деген жолдармен дүниенің бірқалыпты тұрмай өзгеретінін, алдағы жақсы күннен күдер үзбеу керектігін жырлайды, елге демеу, сүйеу болып, басу айтады. Біз осы жолдардан ақын өз қара басының ғана қамын ойлап қоймай, өзгенің де өзегіндегі өксігін, өкінішін бар жанымен сезіне алатындығын көреміз.

Кейде қара қылды қақ жаратын туралығымен де Мәшһүр Жүсіп ел ішінің пысық¬тарына жақпай қалатын кездері болыпты. Сол себепті бірде момын шаруалармен көңілі өсіп жүрсе, бірде өзін жүдеп-жадап жалғыз қалғандай сезінеді. Ондайда ол қасқайып тұрып жырлап кететін:

Бұл сөзім алты алашқа таныс болсын,

Адамзат ермін десе намыс болсын.

Бір Құдай болысқанға дұшпан оңай,

Көптігі қопадағы қамыс болсын.

Ақын адам баласын ерлікке, өр намысқа шақырады, адал жанды бір Алланы өзі қолдап-қоршайтындығын тебірене толғайды. Мәшһүр Жүсіптің есімі көзінің тірісінде-ақ көп жерге тарап кеткен еді. Оның да бірнеше себептері бар. Біріншіден, ол бұл кезде бірнеше кітаптары шығып, елге танылған-ды, екіншіден, көне мұраны жатпай-тұрмай хатқа түсіруімен де белгілі болған десек, осындай жақсы істеріне қанық зиялы қауым оның еңбегін айрықша бағалап, өз еңбектерінде атын құрметпен атап отырған. Мәшһүр Жүсіп қолжазбаларын ақтарып отырып ҚР ҰҒА Орталық кітапханасының қолжазбалар қорындағы 850-папкадағы аты-жөні белгісіз біреудің мынадай бір естелігіне көзіміз түсті: “Ақын жеті күн ауырды. Дәл жеті күн ауырып жатқанда бір айтқан сөзі: “Ажал жүр жағалап қоймаймын деп, Шәрәпиден жүр бермеймін” деп мырс етіп күледі (Шәрәпиден үлкен баласы) . Өзі тірісінде айтушы еді, “жетпіс үшке жеткенше балталасаң да өлмеймін. Жетпіс үштен ары қарай сүйресең де аспаймын”, - деп.

“Азырақ-азырақ тынышсызданып жатқан кісідей болып, жан тәсілім етті де, пысылдап ұйықтаған кісідей болды. 1931 қой жылы жұмаға қарай таңға жақын аяулы ақын, зерделі жинаушы, жақсы азамат жарық дүниемен біржола қоштасты”, - делініпті.

Мәшһүр Жүсіп бүкіл түркі халқын тегіс сүйген, оны “батыр да, қайсар ел” деп дәріптеген, түркі тілі араб тілінен кейінгі ғажайып үнді, мазмұнды тіл екендігін дәлелдеп айтқан. Әсіресе, Қожа Ахмет Ясауиді түркі елінің ғұламасы атаған, бұл кісі туралы бір аңызды келтіреді. Сопы ақын “тоқсан тоғыз мың машайығын” шақырып: “Сіздер баршаңыз бір жерде отырып, бас-басыңызға бір ауыздан сөз айтыңдар, кейінгі заманға естелік болсын”, - дегенде, “қай ретті қылып сөйлейміз” деп Сұлтан хазіреттің өзінен сұрағанда: “Мақал деп айтылатұғын сөз болсын…” депті. Ең алдыңғысының айтқан сөзі екен: “Хазірет баршамызға бір-бір сөз айт деп шақырды. Жалғызың дәнеме айтпайсың, өзің білме, білгеннің тілін алма деген осы екен-ау”, - дейді. Сонда солардың ең аяқ соңында қалғаны: “Сендердің қасыңда құйысқанға қыстырылған тезек сықылды болып жүріп мен не айтамын”, - деген екен. Орта буында біреуі дәнеме айтпаған соң: “Кел, мұны қол-аяғын байлап, тіпті ештеме айтпаса суға тастап жіберелік” деп бас салғанда: “Құдайға шүкір, көп қорқытады, терең батырады” деген осы екен-ау”, - депті. Қазақ ішінде “мақал” деп айтылып жүрген сөз тоқсан тоғыз мың машайықтан қалған екен десіп келеді”, - деп зерттеуші айтса, біз мақал-мәтелдің бір үлгісі Қожа Ахмет Ясауиден бастау алған шығар деген ойға қалдық.

Осындай қыруар жақсы ісімен халық алдында айдай жарқырап көрінген ғұлама жан қашанда халқының жүрегінде.

  1. «Гүлшат-Шеризат» поэзиясы.

Қазақтың ұлы ойшылы, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығыстың классикалық әдебиетімен де жете танысты. Оның шығармаларының негізгі арнасы - Ислам философиясынан, Шығыс әдебиетінен бастау алады. ХІХ ғасырда қазақ даласында шығыстық нәзира дәстүрі кеңінен қанат жайды. Бұл дәстүр ақындар арасында шығармашылық бәсекелестіктің дамуына да өз әсерін тигізді. Мәшһүр Жүсіптің нәзира дәстүрімен жазған осындай шығармаларының бірі «Гүлшат-Шеризат» дастанының оқиғасы Бағдат патшасының балаға зарығу желісінен басталады. Бұл желі көптеген халықтардың ертегі-аңыздарында бар. Шығарма оқиғасы одан әрі былайша өрбиді: патшаның тілеуі оңынан болып, әйелі бала көтереді. Алайда патша аңға шыққанда орманда арыстанмен алысып, ауыр жарақаттанады. Ақырында осы жарақатынан айыға алмай дүние салады. Өлерінде өсиет етіп, өз орнына уәзірі Парахзатты қалдырады. Алайда «Егер әйелім ұл туса, менің мұрагерім сол болсын» деп қалдырған өсиетін Парахзат орындамайды. Ол қазынашы болған Барысты шақырып, әйелді өлтіруге тапсырма береді. Сол арқылы тақ мұрагерінен мәңгілік құтылмақ болады. Барыс 10 жігітпен әйелді өлтіріп тастайды. Бірақ Барыс баланы кім тауып алса, сол асырар деп қасына 10 гауһар мен хат қалдырады. Бала өліп жатқан анасының омырауынан 3 жыл қорек алып өседі. Баяғы арыстан да балаға тиіспей, керісінше аңдар да балаға қамқорлық жасайды. Бір керуен баланы көріп, оны бастап келе жатқан Қожа Сағит деген кісі баланы асырап алады. Бала орманда өскендіктен Шеризат деп ат қояды. Бала оның қолында білім алып өсіп, ер жетеді. Бір күні баяғы өзінің әкесі патшалық еткен жерге келіп, Парахзаттың қызы Гүлшатты көреді. Екі жас бірін-бірі ұнатып, сезімдерін білдіреді. Шеризат қыз әкесін өлтірмек болғанмен, Гүлшаттың айтқан мысал әңгімелері арқылы кешірім жасайды. Бұл желі атақты «Мың бір түндегі» Шехризаттың патшаны райынан қайтарып, мысал айтатын оқиғасына ұқсайды. Жыр адамгершілікке, имандылықа тәрбиелей отырып, екіжүзділік пен жауыздықты әшкерелейді.

Қолына қару-сайман алды тамам.

Тұр екен қақпа алдында Алмас батыр,

Қоймас та тыста тұрып айқай салған.

Алмас тұр өткір қылыш қайрап алып,

Қаруын теп-тегіс қып сайлап алып.

- Не ғып жатыр сол жігіт ұлықсынып,

Қол-аяғын кетем - деп- байлап алып [38] !

Алмас батыр Шеризатқа барды жетіп,

Қолында қылыштары жарқ-жұрқ етіп.

Қаһарланып Алмасты Шеризат шапты,

Өзі түгіл, атынан кетті өтіп.

Сыйынып Шеризат түр бір құдайға,

Адамзат тәубені іздер көңіл жайда.

2. М. Жүсіп шығармаларының көркемдік ерекшеліктері.

М. Ж. Көпеевтің өмір сүрген кезеңі Әлеуметтік сілкінулер мен жаңаруларға

толы дәуір еді. Әрқилы қайшылығы мол тарихи-саяси жағдайлардың аса күрделі сыр-сипатын терең түсінуге қаламгерлердің бәрінің бірдей өресі жете

бермейтіні белгілі. Солардың ішінен суырылып шығып, уақыт ауқымы мен әлеуметтік-мәдени талап-тілекті дұрыс таразылай білген Мәшһүр Жүсіп секілді қайраткерлер демократиялық бағыттағы әддебиетті өркендетуге, өз шығармаларында халықтың арманы мен тілегін, күйініші мен сүйінішін бейнелеуге талпынды, заман ағысына ілесуге ұмтылды. Әрине, бұл ретте олар

Абайдың эстетикалық-көркемдік принциптерін творчестволық жігермен пайдаланды. Жаңа дәуір басында Абай қалыптастырған реалистік әдіс аясындағы әдебиеттің алуан салалары дәуір талабына сай жанр жағынан да, түрі жағынан да молайып байи түсті.

Бұл ретте алмағайып тезеңдегі ниеті таза, мақсаты айқын қаламгерлердің қай-қайсысы болсын дәуір талабын жіті сезініп, азаматтық жүрекпен терең толғауының маңызы ерекше. Заманы алға тартқан күрделі де көкейкесті мәселелердің шешімін табуға үмтылған көзі ашық, көкірегі ояу кайраткерлер халық өмірінің қат-қабат құбылыстары мен қоғамдық-әлеуметтік тіршіліктің алуан саласын рухани-көркемдік електен өткізіп, өз туындыларының өзегіне айналдырды.

Міне, осындай кезеңде әдебиет майданына араласқан М. Ж. Көпеев шығармашылығы көп қырлы. Оның мақалалары, мен әңгімелерінің арқауы- жеке адам болмысы мен қоғам өмірінің байланысы, соған орай туындайтын алуан проблемалар. Бұл орайда, қаламгердің өз кезінің санасы сергек, ойы озық ағартушысы ретінде орны айрықша.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М. Ж. Көпейұлының өмір мен отты жырлары
Мәшһүр Жүсіп шығармаларында ұлттық құндылық көрінісі
Вильгельм Блейк, Джордж Гордан Байрон, Гете мен Мөшһүр-Жүсіп шығармаларындағы үндестік
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – қазақ фольклортану ғылымының негізін салушы, ұлы гуманист тұлға
Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының көркемдік ерекшелігі
МӘШҺҮР-ЖҮСІП МҰРАСЫ
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен өскен ортасы
Қ.-М. Жүсіп және ұлттық поэзияның зерттелу мәселелері
Сопылық әдебиет
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ДӘСТҮР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz