Пластмассалар және оны өңдеу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1. Пластмассалар және оны өңдеу
1.1 Пластмассаның құрамы және қоршаған ортаға зияны
1.2 Пластмассаның қайта өңдеу маңызы
2. Пластмасс қалдықтарын қайта өңдеу жағдайында қолдану
2.1 Пластмасс қалдықтарын түйіршіктеу
2.2 Қалдықтар қоспаларының модификациясы
3. Семей қаласындағы пластмасса қалдықтарын қайта өңдеу мәселесі нің маңызы
3. 1 Семей қаласындағы қалдықтарды өңдеу көкейкестілігі
3.2. Пластмасса өнімдерінің қайта өңдеудегі технологиялық жабдықтар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазіргі кезде пластмасса өнеркәсібі қарқынды дамуда. Пластмассалардың шығарылуымен қатар, оның өндірісі және қолданысқа жарамайтын қалдық ретінде қоршаған ортаға тигізетін зардабы арасан зор. 60 жылдардан бастап полимер өндірісі оның ішінде пластмассалардың шығарылуы дамып келе жатыр. 1990 жылдан бастап пластмасса өндірісінің саны әр 5 жыл сайын өсуде.
Өндірістегі, фабрикаларда шығарылатын термопластикалық пластмассалардың саны 70 -ға жетіп отыр. Пластмассала өндірісінің дамуы пластикалық қалдықтардың саны көбейіп, ұлғаюына әкеп отыр. Тарихқа сүйенетін болсақ, КСРО-да 1977 жылда 1,2 млн , АҚШ -та 1980 жылы 6,4 млн, Жапонияда жылына 4,4 млн тонна пластмассалық қалдықтар пайда болды. Ұлыбританияда жылына 800 мың пластмассалық қалдықтар құраса, оның ішінде 300 мың тоннасы термопласттарды құрайды. Швецияда пластмасса қалдықтарының саны жылына 11 мың тоннаны шығарады. Германияда пластмасс өндірісіндегі қалдықтардың саны 30-40 мың тонна, Польшада -20 мың тонна, Еуропа елдерінде барлығы жылына -200-250 мың тонна. Қазіргі заманда пластмасса қалдықтарының саны күрт өсуде. Бұл мәселе тек Қазақстанда емес, барлық елдерде күрделі экологиялық кризиске айналып отыр. Пластмасс қалдықтары қоршаған ортаның ластануына байланысты көптеген мемлекеттер осы қалдықтардың залалсыздандырып, қайта өңдеу, кәдеге жаратуға шешті. Пластмасс қалдықтарының қайта өңдеу мәселесі жаңа дейгейде тұр. Осыған орай, дамыған елдерде қалдықтарды қайта өңдеудегі фабрикалар мен зауыттар салынып, жаңа технологиялар ендірген.
Қайта өңдеудің тиімділігі қалдықтың өз жерінде жіктелуінде. Үйлерде немесе жұмыс орындарында шығатын пластмасса қалдықтары қоқыстарға араластырылмау керек, бөлек жиналып, арнайы жерлерге табысталуы керек. Осылайша пластмассаның басқа қоқыстармен табиғатқа тасталуының алды алынады. Пластмассаның теріс әсерлерінен құтылудың ең ықпалды әдісі - қайта өңдеу. Қалдыққа айналған пластмасса бұйымдар ерітіліп, қайтадан қолдану үшін шикізат болады. Осы әдіс табиғаттың ластануының да алдын алады, экономикалық жағынан да едәуір тиімді. Қайта өңделген пластмасса бірінші шикізатқа қарағанда арзан және өндірісі барысында да аз энергия жұмсалады. Пластмассалар мен полимерлердің қалдықтарын қайт өңдеуде қайталама шикізат, отын ресурсы алынады.
Қазақстанда пластмасс қалдықтары көкейкесті мәселе болып отыр. Пластмассалық қалдықтар екі негізгі топқа бөлінеді: өндіріс қалдықтары және тұтыну қалдықтары. Бірінші топқа өндірістегі полимер қалдықтарының қолданысы жатады. Екінші топқа, әр түрлі өндіріс, кәсіпорындардан шығатын пластмассалар немесе техникалық қалдықтар мен тұрмыстық қалдықтар (ыдыстар мен пластмассадан жасалған қорапшалар) жатады. Негізгі қалдықтарды термопласттар құрайды.
Пластмасса қалдықтарының залалсыздандыру мен қайта өңдеу міндеттері әр түрлі болып табылады. Өндіріс орындары мен кәсіпорындардан шығатын пластмассаның қалдықтарын қайта өндеуде олардың бірінші рет шыққан пластмассадан қарағанда сапасы төмендігі анықталады. Сондықтан да, оларды қайта өңдеу қиынға соғады. Екінші топтағы қалдықтарды залаласыздандыру барысында оларды жинау, тасымалдауда қиындықтар пайда болады. Өйткені пластмасса қалдықтарын жинауда, полимерлер немесе пластмассалардың ұсақталуы және салмағының ауырлығы өз зардабын тигізеді. Сол қалдықтардың ішіндегі пластмассалардың алынуы тек 2-12 % -ды құрайды. Оларды ажырату барысында, өнеркәсіптік қалдықтардан айырмашылығы жоқ болады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
* Қазақстанда, Семей қаласындағы пластмассалық қалдықтардың қайта өйдеу мәселесінің маңызы, қоршаған ортаға зиянсыз, пластмассалық қалдықтарды тиімді қолдану.
Курстық жұмыстың негізгі бағыттары:
* пластмассалардың түрлері, құрамы;
* пластмасса қалдықтарының қайта өндеу маңызы;
* қалдықтары залалсыздандыру және қайта өңдеу.
Қазіргі кезде пластмасса қалдықтарын өңдеуде негізгі технологияны жетілдіруге синтез жұмыстары жатады. Осы жүйедегі жұмыстарда әртүрлі әдіс тәліслер қолданады. Осыған орай, келесі негізгі бағыттарды жатқызуға болады;
1) қайталама қалдықтарды қайта өңдеу немесе оларды түрлі композициях;
2) термиялық ыдырауы алумен мақсатты өнімдер;
3) термиялық залалсыздандыру регенерациясы бар бөлінетін жылу;

1. Пластмассалар және оны өңдеу
1.1 Пластмассаның құрамы және қоршаған ортаға зияны
Пластмассалар, пластикалық материалдар -- құрамында бұйымдарды дайындау кезінде созылғыштық немесе жоғары иілгіштік, пайдалану барысында шыны тәріздес немесе кристалдық қалпын сақтайтын полимер бар материалдар. Пластмассалар шыны тәрізді немесе кристалды, диэл. қасиеті жоғары, атмосфера әсеріне тұрақты, мех. жағынан берік болады. Пластмассалардың кез келгенінің (шайыр мен қарамай негізді Пластмассаларды қоспағанда) түп негізін полимерлер құрайды. Мысалы, фенол-фармальдегидті пластмассалар, поливинилхлоридті пластмассалар, т. б. аталуы да пластмассаларға байланысты алынған.
Пластиктің таңбалануын дұрыс ажырата білуді үйренейік. Егер сіз көптен бері жасыл өмір ұстанымдарын ұстанып жүрсеңіз, сізге күнделікті тұрмысыңызда пластикалық ыдыстардың қолданылуынан бас тарту оңайға соқпас. Пластмасса өнімдерінің біздің тұрмысымызға кірігіп кеткені соншалық біз ендігі өмірімізді әртүрлі контейнер-бөтелкелерсіз елестете алмаймыз. Өнімнің танымал болуының құпиясы: қарапайымдылығы мен ыңғайлылығы және салыстырмалы арзандығы, бір сөзбен айтқанда өндірістің қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Сонымен қоса пластиктің зияны туралы әрқайсымыз құлағдармыз. Әңгіме өнімді қалай пайдалану керектігінде ғана емес (бұл да маңызды мәселе). Пластиктің адам организмі үшін аса зиянды екендігінде. Бір қарағанда сатушылардың сендіруіне қарасақ, пластмассалардың еш зияны жоқ. Бірақ шын мәнінде пластик расыменде адам организміне орны толмас қауіп әкеледі. Бұл ғалымдардың зерттеулерімен бірнеше мәрте дәлелденді, оны өз тәжірибеңізден өткізу жақсы шешім емес. Пластик өнімдерінен түбегейлі бас тарту жақсы идея, дегенменде бұл мүмкін емес. Бір ғана шешім бар - бұл пластик өнімдерін тұтынуды азайту. Ол үшін сатып алғалы жатырған тауарыңызды мұқият қарап алыңыз. Кез-келген өнімде тауар өндіруші пластиктің қандай өнімнен алғандығы туралы ақпаратты көрсетуі тиіс. Арнайы таңбалардың болмауы - бұл өнімнің сіздің денсаулығыңыз үшін шектен тыс зиянды екендігінің нақты дәлелі бола алады. Ал таңба үшбұрышты үш сызықшамен белгіленеді. Фигураның ішінде орналасқан цифр және таңба пластмассаның қандай типіне жататындығын көрсетеді.

Пластмассаның түрлері және таңбалануы7
№ 1 (PETE немесе PET) - полиэтилентерефталат. Ең көп таралған пластиктің түрі. Әртүрлі салқын сусындардың, кетчуптің, өсімдік майларының косметика құралдарының тасымалы және т.б. заттардың тасымалы үшін пайдаланылады. Ең керемет жері өнімнің арзандығында. Осы түрінің аса танымал болуы өндіру үшін көп шығынды қажет етпейді. Мұндай өнімді тек бір ақ рет пайдаланған абзал. Екінші ретті пайдаланған жағдайда бөтелке немее қорап - фталат деген зиянды затты бөліп шығарады (улы, жүрек-қан тамырларының және жүйке жүйесінің жұмысы ауруларын тудыруы мүмкін, улы).
Қайта өңдеуге жатады, қауіпсіз түрлерінің бірі болып саналады. Сонымен қатар Европа және АҚШ да аталмыш пластик түрінен балалар ойыншығын дайындауға тиым салынған.
№ 2 (HDPE немесе PE HD) - жоғарғы тығыздықты полиэтилен. Салыстырмалы түрде арзан, температура әсеріне тұрақты. Мұндай пластик, пластик пакеттерін, бір реттік ыдыстарды, тағамдық контейнерлерді, сүт пакеттерін және жуғыш заттардың ыдыстарын әзірлеуде пайдаланылады. Қайтадан өңдеуге жарамды, екінші ретті пайдалануға болады. Салыстырмалы түрде зиянсыз, бірақ формальдегид бөлуі мүмкін (жүйке жүйесін, тыныс жолдарын және жыныс жүйесін зақымдап, ұрпақтың генетикалық ауытқуларын тудыруы мүмкін).
№ 3 (PVC немесе V) -- поливинилхлорид. Пластиктің бұл түрі техникалық мақсатта пайдаланылады. Мысалы, пластикалық терезелерді, жиһаз элементтерін, төсеніштерді, техникалық сұйықтықтарға және т.б. заттарға арналған ыдыстар жасауда. Тағамдық мақсатта пайдалануға болмайды. Пластик құрамында бисфенол А, винилхлорид, фталаттар, және кадмий бар. Пластмассаның ең қауіпті түрлерінің бірі болып саналады. Өртеген кезде ауаға қауіпті - канцерогендік диоксиндер бөледі.
№ 4 (LDPE немесе PEBD) - төменгі тығыздықты полиэтилен. Көпшілікке пакеттер, қоқыс қаптары, компакт-дискілер және линолеум арқылы танымал. Осы түрдің көп таралуының себебі оның арзандығында. Салыстырмалы түрде қауіпсіз. ПЭТ-пакеттер адамдар үшін тіпті қауіпсіз (бірақ олардың қоршаған ортаға әсері туралы ұмыстпағанымыз жөн). Кейбір жағдайда ғана PE-LD түрі формальдегид бөліп шығарады. Қайта өңдеуге және екінші ретті қолдануға болады.
№ 5 (PP) - полипропилен. Берік әрі ыстыққа төзімді. Тағамдық контейнерлер, шприцтер және балалар ойыншықтарын жасауда қолданылады. Салыстырмалыы түрде қауіпсіз бірақ кейбір жағдайларда формальдегид бөлуі мүмкін.
№ 6 (PS) - полистирол. Пластиктің бұл түрін ет және сүт өнімдерін сататын жерден көре аласыз. Бұл заттан йогурт стақандарын, ет салатын сөрелерді, жеміс-жидек пен көкөніске арналған қорапшаларды, сэндвич-панельдер және жылуоқшаулағыш плиталар жасайды. Қайта өңдегенде канцероген болып табылатын стирол бөледі. Мамандар шама шарқынша бұл затты пайдаланбауға және пайдалануды мейлінше шектеуге кеңес береді.
№ 7 (O немесе OTHER) - поликарбонат, полиамид және пластмассаның өзге де түрлері. Бұл топқа жеке дара нөмір алып, нөмірленбеген пластмасса өкілдері кіреді. Бұл заттардан кішкентай балаларға арналған бөтелкелер, ойыншықтар, суға арналған бөтелкелер, қаптамалар жасалады. Жиі жуғанда және қыздырғанда адам ағзасына гармональды зақым келтіретін - бисфенол А затын бөледі[1].
Ендігі кезекте бисфенол - А, химиялық затына тоқталсақ.
Бисфенол А - (4,4′-дигидрокси-2,2-дифенилпропан, техникалық дифенилолпропан, диан, ДФП) ақ түсті, көбінесе түйіршікті күйде болатын химиялық зат. Ең алғаш орыс химигі 1891 жылы Александр Дианин ашты. Физикалық қасиеті: 20 С температурада, тығыздығы 1037,6 кгм3. Суда өте нашар ериді. Ацетон, этил спиртінде, диизопропил эфирінде ериді.
Сақтық шаралары. Тірі ағзаларға әсер ету мүмкіндігіне қарай зиянды заттардың 3ші дәрежесіне жатқызылады(МЕМСТ 12.1.007 зиянды заттарға жатады). ДФП мен жұмыс жасағанда сақтық шараларын сақтап, қорғағыш қолғап, маска-көзілдірік, қорғағыш киім кию керек. Өте көп мөлшерде ДФП көздің, тыныс алу мүшелерінің шырышты қабығын зақымдайды, теріге көп уақыт әсер еткенде - дерматит, онкологиялық аурулар, қант диабетін, семіздік және аутизм ауруларын тудыруы мүмкін. Көз бен теріге тиген кезде дәрігерге қаралу қажет.
Қолданылуы. 50 жылдан бері бисфенол А ны пластмассаға беріктік қасиет беруі үшін пластмассаның негізіне қосады. Эпоксид смоласының және поликарбонаттың көп бөлігін құрайды. Поликарбонаттық пластиктен су және сусындарға арналған ыдыстар, спорт инвентарі, медициналық құралдар, тіс пломбалары және герметиктер, CD және DVD, сонымен қатар тұрмыстық техника жасалады. Бисфенол А қауіпті болғандықтан Жапонияда барлық эпоксид смолаларын полиэтилен қабықшаға ауыстырылды.
Пластмассаның құрамындағы бисфенолды анықтау. Құрамында Бисфенол А болуы мүмкін пластиктің түрлері. Пластиктіктің тек 7 түрі ғана анықталған. 7 түріне РС поликарбонаттар және эпоксид шайыры жатқызылады. Бисфенол А болуы мүмкін пластмасса түрлеріне: 3 (ПВХ, латын әріптерімен PVC).
Бисфенол А болмайтын пластмассалар:
1 (ПЭТ, таңбалануы PET)
2(жоғарғы тығыздықты полиэтилен, HDPE немесе PE-HD деп таңбаланады),
4 (төменгі тығыздықты полиэтилен, LDPE немесе PE-LD деп таңбаланады),
5 ( полипропилен, РР деп таңбаланады),
6 (полистирол, PS деп таңбаланады).[2]
Жоғарыда аталған заттар пластмасса өнімдерінің құрамында көмекші қызмет атқаратын құрамдас бөліктері болып табылады. Пластиктің өзі адам үшін қауіпсіз болғанымен құрамдас бөліктері адам ағзасына білінбейтін қауіп төндіреді. Әрине сіз пластиктің кез-келген түрін пайдаланып, ешқандай ауырсыну жағдайларын сезбеуіңіз мүмкін. Бірақ бұл дегеніміз қауіптін бар екендігін жоққа шығармайды. Себебі бүкіл пластмассалық зиян күндердің бір күніңде белгі беруі мүмкін. Сол кезде, қартайған шағыңызда осыншама көп аурулардың қайдан пайда болғанын түсінбей дал боласыз. Одан да қорқыныштысы, бұл аурулардың сіздің ұрпағыңыздан табылуы. Сол себептен де пластик өнімдерін тұтынуда мынадай кеңестерге назар аударыңыз:
* пластикті тұтынуды барынша азайтуға бар күшіңізді салыңыз;
* сіздің ас үйіңіздегі барлық пластмассалық ыдыстарды қоқысқа лақтырып тастаңыз;
* балмұздақтан және тосаптан қалған пластик қалбырлардыеш уақытта үйде ұстамаңыз;
* балалар бөтелкелері мен тамақтандыруға арналған пластик ыдыстардың таңбалануына мұқият болыңыз;
* жұмысқа түскі ас таситын контейнеріңізді жиі ауыстырып отырыңыз;
* ең сапалы деген контейнердің өзі сізге бір айдан артық қызмет етпеуі керек;
* пластикалық ыдыстарды сатып аларда иіскеп қараңыз.
Кішкентай жағымсыз иістің өзі тауардың сапасыз екендігінен хабар береді. Барынша мұқият болыңыз және осы кеңестерді естен шығармаңыз.
Пластиктің таңбалануын дұрыс ажырата білуді үйренейік. Егер сіз көптен бері жасыл өмір ұстанымдарын ұстанып жүрсеңіз, сізге күнделікті тұрмысыңызда пластикалық ыдыстардың қолданылуынан бас тарту оңайға соқпас. Пластмасса өнімдерінің біздің тұрмысымызға кірігіп кеткені соншалық біз ендігі өмірімізді әртүрлі контейнер-бөтелкелерсіз елестете алмаймыз. Өнімнің танымал болуының құпиясы: қарапайымдылығы мен ыңғайлылығы және салыстырмалы арзандығы, бір сөзбен айтқанда өндірістің қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Сонымен қоса пластиктің зияны туралы әрқайсымыз құлағдармыз. Әңгіме өнімді қалай пайдалану керектігінде ғана емес (бұл да маңызды мәселе). Пластиктің адам организмі үшін аса зиянды екендігінде. Бір қарағанда сатушылардың сендіруіне қарасақ, пластмассалардың еш зияны жоқ. Бірақ шын мәнінде пластик расыменде адам организміне орны толмас қауіп әкеледі. Бұл ғалымдардың зерттеулерімен бірнеше мәрте дәлелденді, оны өз тәжірибеңізден өткізу жақсы шешім емес. Пластик өнімдерінен түбегейлі бас тарту жақсы идея, дегенменде бұл мүмкін емес. Бір ғана шешім бар - бұл пластик өнімдерін тұтынуды азайту. Ол үшін сатып алғалы жатырған тауарыңызды мұқият қарап алыңыз. Кез-келген өнімде тауар өндіруші пластиктің қандай өнімнен алғандығы туралы ақпаратты көрсетуі тиіс. Арнайы таңбалардың болмауы - бұл өнімнің сіздің денсаулығыңыз үшін шектен тыс зиянды екендігінің нақты дәлелі бола алады. Ал таңба үшбұрышты үш сызықшамен белгіленеді. Фигураның ішінде орналасқан цифр және таңба пластмассаның қандай типіне жататындығын көрсетеді.

Полимерлерден басқа пластмассалардың құрамына пластификаторлар, толықтырғыштар, стабилизаторлар, бояғыш заттар енеді. Макромолекуласы сызықтық, тармақталған немесе торланған құрылымды болады. Пластмассалар гомогенді (бір фазалы) немесе гетерогенді (көп фазалы) материалдар болуы мүмкін. Гомогенді Пластмассаларда полимер материалдың қасиетін анықтаса, гетерогенді Пластмассаларда полимер байланыстырғыш қызметін атқарады, қалған құрам бөліктері өз бетінше жеке фазалар түзеді.
Пластмассалар -- иілгіштік қасиеті бар, сондықтан белгілі бір жағдайларда тиісті пішінге келтіруге болатын, жоғары молекулалы органикалық заттар негізінде жасалатын материалдар. Иілгіштік қасиет -- дененің сырткы күш әсерінен пішінін өзгертіп, ол әсер тоқталғаннан кейін де сол өзгерген пішінін сақтап калу касиеті. Иілгіштік касиет пластмассалардан баска заттарда да болады. Мысалы, саздың иілгіштік касиеті оны түрлі пішінге келтіріп, бұйымдар (қыш ыдыстар, т.б.) жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ак ермексазды (пластилинді) осындай иілгіштік ңасиетіне байланысты өр түрлі мүсіндер жасауға пайдаланады.
Пластмассалар 4 топқа бөлінеді:
1. полимерлену өнімдері пластмассалар (полиэтилен, полистирол, т.б.) негізіндегі пластмассалар;
2. поликонденсациялану (полиамидтер, полиэфирлер, т.б.) негізіндегі пластмассалар;
3. хим. модификацияланған табиғи полимерлер негізіндегі пластмассалар (протеин, целлюлоза, галалит);
4. табиғи және мұнай асфальттары мен шайыр негізіндегі пластмассалар. Сонымен қатар термопластик. және термореактивті пластмассалар болады.
Термопластикалық пластмассалар қыздырғанда пластикалық күйге химиялық өзгеріссіз өтеді. Оларды бірнеше қайтара қыздырып, әр түрлі пішінге келтіруге болады. Термореактивті Пластмассалар жылу әсерінен алғашқы кезде пластикалық, одан әрі қыздырғанда химиялық өзгеріске ұшырайды. Оларды алу үшін құрылысы торланған қосылыстарға тез өтетін полимерлер (эпоксид, анилин, фенол-альдегид, т.б.) қолданылады. Пластмассалардың бұл түрінен жасалған бұйымдар шыны тәрізді, сол қалпын терм. деструкция басталғанға дейін сақтайды. Олар 100 -- 500 oС аралығындағы температурада өзгеріске ұшырамайды. Пластмассалар электртехника, машина жасау, құрылыс өнеркәсіптерінде, ауыл шаруашылығында, медицинада кеңінен қолданылады. Пластмассалар өндіру зауыттары Қазақстанда Маңғыстау, Атырау облыстарында бар.
Пластмасса негізгі қолданылу саласына қарай бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:
* Конструкциялық;
* Электр және радио техникалық;
* Антикоррозиялық және бүлдіргіш орталарға тұрақтылық;
* Дыбыс және жылу оқшаулағыштар;
Әр алуан материлдардың жақсы қасиеттері пластмассаладран табылады. Сондықтан техникалық көптеген мәселелерді шешкенде, пластмассалар ең керекті, тіпті баламасы жоқ материал болып саналады. Мысалы, болатты алатын болсақ, ол өте берік, бірақ меншікті салмағы ауыр, мөлдір емес, электрден қорғай алмайды. Ағашты алсақ, ол жеңіл, бірақ берік емес, шіритін материал. Ал пластмассалар осы күрделі талаптардың барлығына жауап бере алады. Олардың арасынан берік те жеңіл. мөлдір және сынбайтын, электрден қорғағыш қасиеттері жоғары және басқа да сапалы қасиеттері бар түрлері кездеседі. Мысалы, химиялық төзімділігі алтын мен платинадан жоғары, үйкеліс коэффициенті өте төмен немесе өте жоғары, тағы басқа материалдар да бар.
Қазіргі кезде бір-бірінен кұрамындағы толықтығыштарга, пластификаторларда, парақтандырғыштарга (стабилизаторлар) және басқа құрауыштарына, ең алдымен, байланыстырушы ретінде қай полимер қолданылатынына қарай пластмассалардың әр түрлі сорттары мен түрлері шығарылады.
Пластмассалардың кұрамына кіретін заттарға байланысты қасиеттері де алуан түрлі болады. Мысалы, ағаш ұнтағы, мата, асбест, т.б. пластмассалардың механикалық беріктігін . арттырады. Егер өте жай кебетін органикалық сұйық заттар қосса, иілгіштігін арттырып, морттығын жояды, бояғыштар тиісті рең береді.
Басқа полимерлер сиякты пластмассаларды да екі типке бөледі: стикалың, оларды термопластар деп атайды және термо реактивті, яғни реактопластар. Бұлай бөлу, негізінен, пластмассадағы ластанушы полимерге катысты аныкталады. Термопластикалық шайырлар кыздырғанда жұмсарып, иілгіш болады да, суытса -- қайта қатайып, өздерінің алғашқы касиеттерін сақтап қалады. Ондай шайырлардан бұйымдар жасау үшін әуелі иілгіш күйіне дейін қыздырып, соңынан пішін беріп, суытып, бірнеше рет пайдалануға болады. Термопластикалық шайырлар катарына полиәтилен жөне полихлорвинил сиякты сызыктык күрылымды полимерлер жатады.
Термореактивті шайырлар термопластикалық шайырларға керісінше кыздырғанда, иілгіштік касиетінен айырылады, балқы-майтын және ерімейтін күйге түседі. Себебі қыздырған кезде сызықты молекулалардан кеңістіктік күрылымды молекулалар түзіледі. Термореактивті шайырлар қатарына, мысалы, фенолформальдегид шайыры жатады. Мұндай материалды жаңа бүйым жасау үшін қайта өңдеуге болмайды, өйткені ол кеңістіктік кұрылым түзеді, ал бұл кұрылым қажетті иілгіштік касиетін жояды.
Пластмассалар өндіру ауқымы жағынан полимер материалдары арасында бірінші орын алады. Олардың механикалық беріктігі жоғары, тығыздығы аз, химиялык төзімді, жылу және электрокшаулағыштығы жақсы, т.б. қасиеттері болады.
Пластмассаларды тиімді шикізаттардан өндіреді. Олар механи-калык өңдеулерге онай беріліп, одан түрлі бүйымдар жасалады. Мүның бөрі оларды өндірістің барлык. салаларында жөне ауыл шаруашылығында, техникада жөне күнделікті түрмыста кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.
Бір ғана полимердің негізінде өр түрлі материалдар алуға болады. Мысалы, каучук кебіне эластомерлі материалдар алуға қолданылады. Сонымен катар кейде талшыкты қабыршақты материалдар алуға немесе бүйымдар бетін қаптауға да колданылады. Ал кәдімгі пластик -- эбонитті күрамында 30 -- 50% күкірт және каучук бар коспаны термоөңдеу аркылы алады.
Пластмассаларды негізгі колданылу саласына байланысты бес топқа бөліп карауға болады: конструкциялық, электр- және радио-техникалық, антикоррозиялық және бцлдіргішорталарға тұрақты, дыбыс және жылуоқшаулағыштар.
Әр алуан материалдардың жақсы касиеттері пластмассаларда табылады. Сондыктан техникалык көптеген мәселелерді шешкенде пластмассалар ең керекті, тіпті баламасы жоқ материал боп саналады. Мысалы, болатты алатын болсак, ол өте берік, меншікті салмағы ауыр, мөлдір емес, электрден корғай алмайды. Ағашты алсак, ол жеңіл, бірак берік емес және шіритін материал, пластмассалар осы күрделі талаптардың барлығын өтей алады. Олардың арасынан берік те жеңіл, мөлдір және сынбайтын, электр корғағыштык касиеттері жоғары және басқа да сапалы қасиеттері бар түрлері кездеседі. Мысалы, химиялык, төзімділігі алтын мен платинадан жоғары, үйкеліс коэффициенті өте төмен не жоғары, т.б. материалдар да бар.

Адамды құтқару дегеніміз - ең алдымен табиғатты сақтау. Табиғи процестердің негізінде жатқан заңдылықтарды ескермеу табиғат пен адам арасындағы елеулі қайшылықтарға әкеліп соқтырғанын айта кеткен жөн. Американ экологы Риклерс: Табиғатқа келтірілген нұсқанды түзетудің ешқандай көпе - көрнеу жатқан әдістері жоқ екені айдан анық, сонымен қатар қоршаған ортаға деген келеңсіз көзқарасы үшін адамға танылатын кінә да, өзендерге шайынды суларды төгу, егістіктерге пестицидтер бүрку, аңшылардың найзасы мен мылтығы автомашиналардан шыатын түтін қала іргесінің шексі кеңеюі сияқты белгілі фактілерден құралмауы тиіс.
Адамға табиғат экономикасы - ауыл, елді пункттер, село, қала тұрғындарымен жер жүзінің халықтарының қарым-қатынастарын, сандық және сапалық құрылымын зерттеу және реттеу, көпшілікке үздіксіз экология саласынан білім мен тәрбие беру жұмыстарын зерттейді. Адам әрекеті тек жер бетіндегі суды ғана емес ауаны да ластап келеді. Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жер бетіне. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнына мыңдаған километр жерге айдап апарады. Міне, сондықтан да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Синтетикалық шайырлар негізіндегі пластмассалар
Пластмассалардың түрлері қасиеттері
Полимерлер және пластмасса өндірісі
Реактопластавтоматтар
Seven Smoke Казақстандағы пластиктер саласындағы озық компания
Пластмассалар және олардың жіктелуі, құрамы, негізгі қасиеттері және қолдану аймағы. Поливинилхлориды.Полистирол
Пластикалық құтыдан тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау әдістері
Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
Жасанды және синтетикалық материалдар
Пластикалық қалдықтар мәселесі
Пәндер