Педагогика ғылымының салалары


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы : «Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқушыларды бағалау»
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ … . . . 3
І ТАРАУ. Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы
1. 1 Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары . . . 4
1. 2 Педагогика ғылымының салалары
1. 3 Педагогика ғылымының басқа ғылымдармен байланысы
ІІ ТАРАУ. Педагогиканың методологиялық негізі және ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері.
2. 1. Педагогикалық эксперимент . . . 15
2. 2. Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Педагогика бұл - адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит, Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т. б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б. э. б. 2, 5 жылда пайда болған дейді. Педагогика деген сөз, яғни термин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апару деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" термині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Педагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан "педагогика - бала тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым. Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Педагогика пәнін (зерттейтін) толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық. Әрбір ғылымның өзіне тән зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға "болмыс", "материя", "қозғалыс"; саяси экономияда- "қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары", ал педагогикада - "тәрбие", "білім беру", "оқыту"жатады.
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың байланысын танимыз.
І тарау. Педагогика ғылымының салалары және онық басқа
ғылымдармен байланыс
1. 1 Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары
Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит, Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т. б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б. э. б. 2, 5 жылда пайда болған дейді. Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" термині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Педагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан "педагогика - бала тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым . Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Педагогика пәнін (зерттейтін) толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық. Әрбір ғылымның өзіне тән зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға "болмыс", "материя", "қозғалыс"; саяси экономияда- "қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары", ал педагогикада - "тәрбие", "білім беру", "оқыту"жатады.
Педагогикалық ұғымдардың бірі - тәрбие.
Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дейінгі мекеме, оқу
тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.
Кең мағынада бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру. "Тәрбие" ұғымы тар мағынада "Тәрбиеші тәрбиелейді", кең мағынада "Өмір тәрбиелейді' деп қолданудың тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар.
Тәрбие
- тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, меселен, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс. Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы коғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие -педагогикалық кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары - мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты үрдіс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды пайдалана отырып әрекше әдіс-тәсілдерді қолданады. Тәрбие жайлы әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіндірулер де бар. Бұл жағдайда бала енжар объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасай алмайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.
Білім беру
- табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі.
Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И. Песталоцци.
Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастық дамуына ықпал жасайтын процесс.
Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, біртекті процесс:
1. Оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлік, дағдыға үйретеді.
2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде колданады. Ал адамның білім алуы тек оқыту процесінің нәтижесі емес, оның; білім алуына көпшілік ақпарат құралдары кино, радио, телехабар, т. б. ықпал жасайды.
Сонымен бірге адамның "жетілуі", "даму", "өзін-өзі тәрбиелеу" ұғымдары да педагогиканың зерттейтін меселелері саласын толықтырады.
Жеке адамның дамуы - бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. Жеке адамның дамуы мен жетілуінде мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие және оқыту шешуші рөл атқарады.
Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор. Өзін-өзі тәрбиелеу - адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.
Негізгі педагогикалық, ұғымдар - тәрбие, білім беру, оқыту біріне-бірі теуелді, табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, тәжірибеге дайындаудың басты құралы.
1. 2 Педагогика ғылымының салалары
Педагогика ғылымының құрылымы, оның басқа ғылымдармен байланысы. Педагогика дамып, тәрбие мен білім беру жайлы ғылыми тарауларға бөліне бастады. Мысалы, педагогиканың жалпы негіздері, тәрбие теориясы, дидактика, т. б.
Тәрбие мен оқыту ісінің одан әрі дамуына байланысты педаогика ғылымының түрлі салалары, атап айтсақ, мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология және пәндерді оқыту әдістемесі, кәсіптік-техникалық білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, әскери педагогика, басқару педагогикасы, отбасы тәрбиесінің педагогикасы, мәдени-ағарту қызметкерлерінің педагогикасы, түзеліс-еңбек педагогикасы, этнопедагогика, әлеуметтік педагогика, кәсіби педагогика, жас ерекшелік педагогикасы т. б. педагогика салалары пайда болды.
Мектепке дейінгі педагогика -отбасы, балалар бақшасындағы демек, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін зерттейді. Мектеп педагогикасы мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұнын және нәтижесін айқындайды. Мектеп педагогикасы төрт бөлімнен тұрады.
Олар:
1. Педагогиканың жалпы негіздері.
2. Тәрбие теориясы.
3. Дидактика.
4. Мектептану (басқару теориясы) .
Дидактика
- педагогиканың негізгі тарауларының бірі. Дидактика оқытудың заңдылықтарын қарастырады. Сондықтан ол "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?", "Не үшін оқыту керек?" деген сұрақтарға жауап береді.
Жалпы дидактиканың негізгі міндеттері оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, білім берудің мазмұнын анықтау, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын іздестіру, жастардың таным ынтасы мен қабілетін дамыту, дүниеге көзқарасты қалыптастыру, олардың өмір тәжірибесіне дайындау тәжіриберін зерттеп, шешу.
Педагогика тарихы - педагогика ғылымының жеке бір саласы. Педагогика тарихы тәрбиенің шығуы мен дамуының тарихын, қалыптасуын зерттейді.
Дефектология - педагогика ғылымының арнаулы саласы. Дефектология көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселерін зерттеп жетілдіреді.
Дефектология төрт салаға бөлінеді .
Сурдопедагогика - саңырау, мылқау және керең балаларға білім беру және тәрбиелеу мәселесін зерттейтін педагогика саласы.
Тифлопедагогика - көру қабілеті нашар және соқыр балаларды тәрбиелеу және білім беру мәселесін зерттейтін педагогика саласы.
Олигофренопедагогика - ақыл-ойы кеміс балаларға білім және тәрбие беру мәселерін зерттейтін педагогика саласы.
Логопедия - тілінің кемісі бар балаларға білім беру және тәрбиелеу мәселесін зерттейтін педагогика.
Философия
- табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын, түбегейлі мәселелерін зерттейді, өмір шындығын танып-білу жөніндегі көзқарастың негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді. Ғылыми философия тұрғысынан қарағанда, мысалы, теріске шығару заңының мәнін былайша түсіндіруге болады: ескінің орнын жаңа басады, дамудың бір кезеңі екінші кезеңімен ауысады. Мысалы, қоғамның тарихи даму барысында бір формация екінші формациямен ауысады. Ғасырлар бойы табиғи дамудың негізінде жануарлар мен өсімдіктердің ескі түрлерін жаңа түрлері теріске шығарады. Ғылыми философия әр түрлі заттарды, құбылыстарды, оқиғаларды терең және жан-жақты зерттей білуді талап етеді. Сондықтан ол басқа ғылымдар сияқты педагогиканы диалектикалық әдіспен қаруландыра отырып, тәрбие және оқыту мәселерін ғылыми тұрғыдан шешуге көмектеседі. Кейбір жалпы мәселелер философия мен педагогика ғылымдарының бірігіп зерттеуін қажет етеді. Оларға тәрбиедегі жұртшылықтың рөлі, адамды қалыптастырудың, тұқым қуалаушылықтың, ортаның және тәрбиенің рөлі, т. б. жатады.
Педагогика психологиямен тығыз байланысты. Педагогика тәрбие мен дидактика мәселелерін әр уақытта психологиялық ғылыми мәліметтерге сүйене отырып зерттейді.
Егер психология психикалық процесті (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, т. б. ) және адамның дербес ерекшеліктерін (темперамент, мінез, қабілет), демек, адам психологиясының даму заңдылықтарын зерттейтін болса, ал, педагогика осы мәселелерді терең пайдалана отырып, адамды қалыптастыру үшін тәрбие мен оқыту және білім берудің тиімді әдістері мен құралдарын анықтап ашады.
Мектептегі білім және тәрбие беру жүйесінің негізі жас ерекшелігі физиологиясы ғылымына байланысты. Мұғалім балалар ағзасындағы жоғары жүйке қызметін, тыныс алу, қан және жүрек-тамыр жүйесінің физиологиялық ерекшеліктерін жете білуі қажет. Ол осы мәліметтерге сүйеніп, тәрбие мен оқу процесін, әсіресе, дене тәрбиесінің практикалық және теориялық мәселелерін дұрыс шешу жолдарын іздестіреді. Жас ағзаның дамуы барысындағы анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерді, әсіресе жоғары жүйке қызметінің негізгі заңдылықтарын (қозу, тежелу) жете түсіну педагогикалық процесті ойдағыдай басқарудың негізі болады.
Педагогика ғылымы мектеп гигиенасымен тікелей байланысты. Мектеп гигиенасы - жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту жайындағы ғылым. Оқушылардың денсаулығы әр түрлі факторларға байланысты. Мектеп ғимаратында, сынып бөлмелерінде ауаның жеткіліксіз болуы оқушыларды бас ауруына, жалпы әлсіздікке, демек түрлі сырқатқа ұшыратады. Жарықтың нашарлығы баланың көзіне әсер етіп, көру мүшесінің қызметін нашарлатады. Осылардың нәтижесінде балалар сабақ үстінде селқос, сылбыр болып, зейіні нашарлап, ойлау қабілеті төмендейді. Бұл жағдай үлгермеушілікті туғызады.
Педагогика ғылымы тәрбиеге байланысты этнографиялық және археологиялық деректерді пайдаланады. Этнография ғылымы - белгілі бір халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани мәдениетін, тұрмысын зерттейді.
Археология - өткен ғасырдағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет-ғұрпын, мәдениетін зерттейді. Соңғы кезде педагогика ғылымы кибернетика жетістіктерін де пайдалана бастады.
Кибернетика - (грек сөзі) - басқару өнері. Кибернетика - жас ғылым, ол XX ғасырдың 40-жылдарының аяғында қалыптаса бастады.
Кибернетика
- күрделі машиналардағы, тірі ағзадағы және қоғамдағы процестердің жалпы заңдылықтарын зерттеп басқаратын, олардағы ақпараттарды беретін ғылым. Кибернетиканың негізгі салалары: ақпарат теориясы, автоматтар теориясы, бағдарламалау теориясы.
Әлеуметтану (социология) ғылымымен тығыз байланысты. Педагогика ғылымы нақты мәселелерді зерттеп жинақтауға, әлеуметтану ғылымы әлуметтік ортаның адамға қатысын қарастырады. Жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесін қарастырғанда педагогика ғылымы әлеуметтік ортамен тәрбие жайындағы мәліметтерді әлеуметтану ғылымы негізінде қарастырады.
Психология- педагогика ғылымымен тығыз байланысты. Психология психикалық үрдісті (адамның зейінін, ойлауын, есін, қиялын және адамның дербес ерекшеліктерін, темперамент, мінез, қабылдауын зерттейді), ал педагогика осы мәселелерді қолданып, жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру үшін пайдаланады.
1. 3 Педагогика ғылымының басқа ғылымдармен байланысы
Педагогиканың шығуы және дамуы. Қандай да болмасын ғылым салаларының дамуы қоғамның өмірлік мұқтаждығынан, талабынан туады. Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туған. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады. Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті.
Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер ертедегі шығыс елдерінің (Мысыр, Вавилония, Үнді, Қытай) философиялық жүйесінде дамып, кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады. Ежелгі дүние философиясы ертедегі шығыс елдерінің қорытып жиыстырған білім мұрасын дамытқан еді. Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және ерекшелігі сияқты педагогикалық мәселелерді қарастырады. Феодалдық қоғамда (орта ғасырда) тәрбиеге деген көзқарас мүлдем өзгерді. Ерте дүние педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерінің қатар дамуы көзқарасының орнына "о дүниелік өмірге" дайындауды ұсынған пікірлер қалыптасты.
ХҮ-ХҮI ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын сынады. Адамның жеке басының тәрбиесін оның дамуы ойшылдарды толғандырды, мәдениет пен педагогикалық бағыт "гуманизм" деп аталды (Ф. Рабле, Т. Мор, Т. Кампанелла) . Гуманистер жаңа дәуір үшін жаңа адам қажеттігін дәлелдеді.
Феодализмнен капитализмге өту дәуірінде дін шырмауындағы ғылымдар дамып, жеке бөлініп шыға бастайды.
Осы кезде педагогика да өз алдына ғылым ретінде бөлініп шықты. Сол ғасырда педагогиканың жеке ғылым ретінде мәртебесі чех халқының ұлы педагогы Ян Коменскийдің (1592-1670) "Ұлы дидактика" еңбегімен беки түсті.
Батыс Еуропада ағылшын философы Джон Локк (1632-1704) "Тәрбие туралы ойлар" деген еңбегінде тәрбиенің психологиялық негіздеріне, адамгершілік тәрбиесіне көбірек көңіл бөлді. Ол баланы "таза тақтаға" теңеді. Францияда Жан-Жак Руссо (1712-1778) баланы табиғат арқылы, табиғаттай жетілдіре тәрбиелеуге көңіл бөліп, баланы жазалауға қарсы болды, қатаң таяқ тәртібіне қарсы "еркін тәрбие" идеясын ұсынды. Швейцарияның педагог-демократы И. Пестолоцци "Лингард и Гертруда" деген еңбегінде білім беруге демократиялық көзқарасты, тәрбиенің гуманитарлық сипатын балаға шын пейілмен көңіл бөлуді жақтады.
Ресейде революциялық-демократияшыл ойдың негізін салушылар:
А. Н. Радищев, В. Г. Белинский, А. Н. Герцен; XIX ғасырдық 60-ы жылдарында Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов; XIX ғасырдық екінші жартысында демократияшыл тәрбиенің идеяларын ұсынушылар: Н. И. Пирогов, К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, т. б. болды.
Н. К. Крупская (1869-1939) кеңестік педагогика ғылымын дамытуға зор үлес қосып, еңбек және политехникалық білім беру, идеялық-саяси тәрбие мәселелерін ғылыми-теориялық негізде талдады. Н. К. Крупскаяның айрықша көңіл бөлген мәселелерінің бірі - оқыту теориясы. Сонымен катар кеңес мектебінде оқушылардың өзін-өзі басқарудағы мақсаты мен міндеттерін белгіледі. Оның еңбектерінде отбасы тәрбиесі, балалардың қоғамдық ұйымдарының қоғамда алатын рөлі және міндеттері көрсетілді.
Көрнекті кеңес педагогы Антон Семенович Макаренко (1888-1939) жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай тәжірибесіне сүйеніп, оқу-тәрбие жұмысын жүргізудің жүйелі теориясы мен әдістемесін құрды.
Макаренконың тәрбие мен оқу жайлы еңбектері, оның жеті томдық педагогикалық шығармаларында жинақталған. Олар: "Ата-аналар кітабы", "Балаларды тәрбиелеу жайлы дәрістер”, "Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі", "Кеңестік мектеп тәрбиесінің мәселелері”, "Педагогикалық поэма", "Мұнара үстіндегі тулар". Бұл еңбектерінде Макаренко тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен негізгі принциптерін, балалар ұжымы мен оқушыға қойылатын біріңғай педагогикалық талаптарды зерттеп, жинақтады.
Көрнекті педагог Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970) өзінің педагогикалық жүйесінде әрбір оқушының басынын жан-жақты дамуының, дара ерекшеліктерінің, бейімділігінің, қызығушылығының, тағы басқа кабілеттерінің жетілуіне бағытталған оқу-тәрбие процесін ұйымдастырды. "Павлыш орта мектебі, "Балаға жүрек жылуы", "Ұжымның құдіретті күші", "Мектептің жас директорымен сырласу", "Ұлыма хат", тағы басқа күнді еңбектері арқылы В. А. Сухомлинский жас ұрпаққа тәрбие мен білім берудің ұлы ісінің жалғастырушысы болды.
Қазақстанда ағартушылық идеяны көтергендердің бірі - Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) . Ағартушы-ғалым қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізде құрып, оқу білімінің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, туған халқының алдыңғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады. Діни бағыттағы медреселер мен ел билеуші әкімдер, тілмаштар дайындайтын мектептердің мақсатын сынай келіп, жалпы білім беретін мектептердің ашылуын көздеді. "Тек ақиқат білім ғана адамға күдік тұғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді', - деді Шоқан.
Қазақтық аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзкарастарынан айқын көрінеді. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ, балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу құралдарын жазуға, тәлімгер-ұстаз дайындауға, оларға ғылыми әдістемелік басшылық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ халкының қоғамдық өміріндегі саяси-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып, жазуға жұмсады. Ы. Алтынсарин қазақ жастарының мамандық алуына жол ашты.
Торғайда - қөленер, Қостанайда - ауыл шаруашылығы училищелері, Ырғызда - қазақ қыздарына арнап мектеп-интернат ашылуына зор ықпал жасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz