ДЕЛИКТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: ҚР Азаматтық құқығы
Тақырыбы: Кәмелетке толмаған әрекетке қабілетсіз тұлғалар келтірілген
зиян үшін жауапкершілік
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ДЕЛИКТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Деликтік міндеттемелер түсінігі мен
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Деликтік міндіттемелердің жалпы негіздері мен
субъектілері ... ... 11
2 ОН ТӨРТ ЖАСҚА ДЕЙIНГI КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР КЕЛТIРГЕН ЗИЯН ҮШIН
ЖАУАПКЕРШIЛIК
2.1 Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардың кәмелетке
толмағандар келтiрген зиян үшiн
жауапкершiлiгi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .1 3
2.2 Кәмелетке жасы толмағандар және әрекетке қабілетсіз тұлғалар
келтірген зиян үшін
жауаптылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Азаматтық-құқықтық жауаптылық, тұлғалардың
бұзылған құқықтары мен мүдделерін теңдей қалпына келтіруге, аталған
үрдістердің қауіпін едәуір азайтуға мүмкіндік беретін азаматтық құқық
институты болып табылады.
Азаматтық-құқықтық жауаптылық – бұл заңды жауаптылық түрлерінің бірі,
сол себепті оған заңды жауаптылық белгілері тән, оларға мыналар жатады: 1)
мемлекеттік мәжбүрлеумен ажырамас байланысы; 2) нақты негіздің – құқық
бұзушылықтың орын алуы; 3) құқық бұзушының мінез-құлқын мемлекеттің және
қоғамның айыптауымен байланысы [1, 425б].
Алайда азаматтық-құқықтық жауаптылықтың өзіндік ерекшелігі өзін іштей
толықтырып отырады. Азаматтық-құқықтық жауаптылық субъектілер әрекеттерінің
ерекше азаматтық-құқықтық салдарына кері әсері түрінде қолданылады және
онымен бір мезгілде өзі де оны қолдану үшін бастау болған салдардан
өзгешеленетін, белгілі бір азаматтық-құқықтық зардаптарға әкеліп соқтырады.
Азаматтық-құқықтық жауаптылықтың басқа заңды жауаптылық түрлерінен
тағы бір ерекшелігі сол, ол туралы нормалар оны жүзеге асырудың ерікті
тәртібін жоққа шығармайды.
Осыған байланысты азаматтық құқық теориясында азаматтық-құқықтық
жауаптылыққа осыған дейін жасалған құқық бұзушылыққа жауап беру қажеттілігі
ретінде анықтама беріледі [2, 30б].
Азаматтық-құқықтық жауаптылық жеке сипатқа ие. Яғни оны қолдану шығын
келтірілген субъектінің қарауына немесе жәбірленуші атынан талап білдіру
құқығына ие тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне қатысты болады.
Кәмелетке жасы толмағандардың мүдделеріне зиян келтірілген жағдай,
егер оларға ата-ананың қорғаншылығы болмаса, талапты тәрбиеленетін балалар
үйі мекемелері, қорғаншылар мен қорғаушылар, тікелей қорғаншылық және
қамқоршылық мекемелері немесе прокурор білдіретін болады. Өз құқықтранын
өздігінен қорғай алмайтын тұлғаларға зиян келтірілген жағдайлардағы
азаматтық-құқықтық жауаптылық, мүмкіндікке қарай, міндетті түрде орындалуы
тиіс. Бұл үшін заңдық тұрғыдан жағдай жасалуы қажет, мұндай қажеттілікті,
делитік құқық нормаларын қолданатын мемлекеттің құзырлы органдары мен
соттардың ескерулері көзделеді.
Мемлекетке зиян келтіру, жария мүдделер жағдайларына қолдануға
қатысты, осындай ойлар айтылуы мүмкін.
Азаматтық-құқықтық жауаптылықтың жеке сипатының тағы бір аспектісі
келесілерден тұрады: азаматтық-құқықтық жауаптылық санкциялары, жария-құқық
жауаптылығын қолдау қандай да болсын біреудің пайдасына (мысалы, бас
бостандығынан айыру) немесе мемлекеттің пайдасына (мүлікті тәркілеу,
әкімшілік айыппұл) санкциялар қолдануға әкелген кезде, жәбірленушінің өз
пайдасына қолданылады.
Атап айтқанда, азаматтық-құқықтық жауаптылықтың жеке құқықтық сипаты
зиян келтіруден пайда болған міндеттемелер конструкцияларын құру себебіне
айналды. Азаматтық-құқықтық жауаптылық міндеттілік құқық-қатынас формасынан
өзге жағдайда жүзеге аса алмайды. Ол салыстырмалы болып саналады және
жауаптылық субъектісін, сол сияқты құқық дәмегойлігіне ие болуды біржақты
белгілеуге (білдіруге) мүмкіндік береді.
Міндеттемелердің атап көрсетілген түрі заң күшімен туындайды. Ол
тараптардың келісімі бойынша (тұлғалардың өз құқықтарын қорғаудан бас тарту
жолымен) тоқтатылмайды.
Жоғарыда атап өткендей, оны нақты жүзеге асыру жәбірленуші субъектінің
өзінің еркіне қатысты болады. Ол тұтастай алғанда адамдардың қандай да бір
әлеуметтік маңызды қызметін (тауарлар беру, жұмыстар орындау, қызметтер
көрсету) орталандыру мақсатын көздемейді, тұлғалардың бұзылған мүліктік
немесе мүліктік емес аяларын тұтастай және толық қалпына келтіруге
бағытталған. Сондықтан да зиян келтіруден пайда болған міндеттеме азаматтық-
құқықтық міндеттемелердің ерекше түрі болып саналады. Оның мақсаттары
негізінде оған қорғаушы міндеттеме ретінде анықтама береді. Оның пайда
болуы негізі туралы айтатын болсақ, онда зиян келтіруден пайда болған
міндеттемені деликтік міндеттеме деп атау көзделеді.
Зиян келтіруден пайда болған міндеттеме басым көпшілік жағдайларда
субъектілердің абсолюттік құқықтарын қорғауға бағытталған. Бұл оған кез
келген зиянға қарсы құқық бұзушылықтан тұлғалардың кез келген құқықтарын
қорғау мақсатында, оны пайдалануға мүмкіндік береді. Кейбір жағдайларда,
деликтік міндеттемелер конструкцияларын пайдалана отырып, тұлға, нақты
субъектіге қатынасы бар өзінің салыстырмалы құқықтарын қорғай алады.
Мысалы, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілген қызметтермен келтірілген зиян
өндірілген кезде, осындай болады.
Деликттік міндеттемелер деп аталатын, зиян келтіру салдарынан
туындаған міндеттемелер, азаматтық-құқықтың негұрлым күрделі және маңызды
бөлімдерінің бірі болып саналады. Осы міндеттердің күрделігі келесімен
байланысты:
1. оны шешу шарттық міндеттемелер саласында олардың қалай шешіліп
жатқаның салыстыру бойынша түбегейлі ерекшеліктермен
өзгешеленетін, олар сұрақтар шеңберін қамтиды;
2. онда азаматтық (цивильдік) қана емес, сонымен бірге салалық заң
пәндерінің, сондай-ақ жалпы құқық теориясының (мысалы, құқық
субъективтілік түсінігі, құқық-бұзушылық құрамы, жауаптылық,
оның негізі мен талаптары, зияндар мен залалдар және т. б.)
неғұрлым күрделі проблемалары шоғырландырылады.
Сонымен қатар деликтік міндеттемелер күрделі теориялық проблемар
тікелей практикада қолданыла алатын құқықтық институттардың қатарына
жатады; азаматтырдың өмірлік мүдделерін қорғау оларды шешуге тікелей
қатысты болады; соттардың жұмыс тәжірибесінде келтірілген зиянды өндіру
туралы даулар маңызы орын алады.
Құқық бұзушылықпен күрестің және мүліктік қатынастар саласындағы
заңдылықты нығайтудың, азаматтардың құқықтары мен мүдделері қорғаудың
пәрменді құқықтық құралдарының бірі ретінде деликтік міндеттемелердің
маңыздылығымен тәжірибелік маңызы осымен анықталады. 1995 жылғы Қазақстан
Республикасының Конституциясында деликтік міндеттемелердің маңызы атап
көрсетілеген, онда оларға келтірілген зиянды өндіруге азаматтырдың құқықғы,
олардың конституциялық құқықтарымен жария етілген (ҚР Конституциясының 13-
б. 1, 2-т.; 18-б. 1-т.) [3].
Көріп отырғанымыздай, қарастырып отырған тақырыбымыз теориялық
тұрғыдан да, сол сияқты тәжірибедегі қажеттілігі бойынша да аса өзекті
болып табылады.
Деликтік міндеттемелер шарттан тыс қорғаушы міндеттемелердің қатарына
жатады. Оларды қарастыру кезінде, атап көрсетілген міндеттемелерді өзінің
мақсатты тағайындалуы бойынша ұқсас азаматтық институттардан және өзге
құқық салаларынын ажырататын оның ролі мен ерекшеліктерін анық түрде көз
алдыға елестете біліп, ол туралы айқын түсінік болу қажет. Осы мақсаттарды,
ең алдымен, деликттік міндеттемелерді қолдану түсінігін, маңызы мен аясын
білу қажет, содан кейін барып туындауының жалпы және арнайы талаптарын және
зиян келтіргені үшін нақты жауаптылық жағдайларын қарастыруға көшу керек.
Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін келесідей міндеттер қойылды:
- деликттік міндеттемелер түсінігі мен маңызын ашу;
- деликтік міндіттемелердің жалпы негіздері мен субъектілерін зерттеу;
- арнайы деликттердің жекелеген түрлеріне тоқтала отырып зерттеу;
- моральдық зиянды өтеу тәртібіның мәселелерін зерттеу;
- деликтілік міндеттеелерден туындайтын мәселелерді көтеріп, ұтымды
ұсыныстар жасау.
1.1 Деликтік міндеттемелер түсінігі мен маңызы
Экономиканның табысты дамуы және бұл ретте қалыптасатын мүліктік
қатынастардың қалыпты жұмыс істеуі осы қатынастарға қатысушылардың
құқықтары бұзылмаған жағдайларда ғана жүзеге асырылуы мүмкін, ал олар бұл
құқықтарды бұзған жағдайда оны қорғау мен қалпына келтіруге кепілдік
берілетін болады. Зиян келтіруден туындаған міндеттемелер, оны бұзу кезінде
жәбірленушінің мүліктік аясын қалпына келтіруді қамтамасыз ететін,
азаматтардың және заңды тұлғалардың мүліктік немесе мүліктік емес
байлықтары мен құқықтарын қорғаудың аса маңызды құқықтық құралдарының бірі
болып саналады.
Қоғамда әр қашан адамдардың бір–бірімен және қоршаған ортаның
заттарымен әсерлесуі байқалып отырады. Кейбір жағдайларда олар қарқынды
жүріп отыратындықтан, олардың салдарын болжау мүмкін емес. Осындай
әсерлесудің нәтижесінде азаматтардың мүліктік және мүліктік емес
игіліктеріне зиян келтірілуі оқтын-оқтын кездесіп отырады. Ол сәтсіз
жағдайдың немесе біреудің қасақана пиғылының, абайсыздығының немесе
табиғаттың дүлей күштерінің нәтижесі болуы мүмкін. Осы жағдайда, зиянның
орнын толтыру ауыртпалығын кім көтеру керек: зардап шеккен тұлға ма, немесе
зиян келтіруші тұлға ма, немесе зардап шегуші де, зиян келтіруші де болып
табылмайтын, үшінші тұлға ма, осы мәселені анықтау қажеттігі туады.
Келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін азаматтар сақтандыру жағдайы –
науқастану, өлім, от т.с.с. туған сәтімен келтірілген зиянның болмағанда
белгілі бір бөлігін сақтандырушыларға жүктеуге тырысады. Кейде жәбірленуші
кеш болғанда, олардың көмегіне жүгіну қажеттілігі болмағанда яғни, зиян
келтіліргенде есін жинайды. Сонымен қатар қандай болмасын есептеу әдістерін
қолдану арқылы есептеп, болуы мүмкін барлық сақтандыру жағдайларын алдын
алуға мүмкін емес және ол сақтанушы үшін материалдық жағынан қиын жағдайда
әкеп соғуы мүмкін. Және, егер тәуекел сақтандырылған жағдайда сақтандыру
жағдайы туғаннан кейін сақтандырушы зиянның орнын толығымен толтырмайтын
мысалдар көптеп кездеседі. Зейнетақылық жәрдемге де қол созу қазіргі
Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайын ескере отырып
қажеттілігінің шамалылығын байқауға болады. Жалпы қорыта айтқанда зиян
келтірілген жағдайда зиян кімге келтірілгені немесе зиян қандай сипатта
болғанына қарамастан зиянның орны тек қана бір: сақтандыру немесе
зейнетақылық қамсыздандыру институтымен толтырылуы мүмкін емес. Бұл
міндеттемелер өзінің атауын deliсtum латын сөзінен алған, яғни құқық бұзуды
білдіреді [4. 11б] Олар шарттық (ex contractum) және шарттық сияқты
(quati ex contractum) міндеттемелерге қарсы қойылды. Соңғы шарттардан және
өзге заңдық актілерден туындады, олардың қалыпты, бұзылмаған жағдайындағы
қатынасты реттеді. Құқық бұзушылық тараптар арасындағы қандай да бір нақты
міндеттемелердің бұзылуымен байланыстырылмағанда, яғни жәбірленушінің
абсолютті субъективтік құқығы бұзылған кезде деликті орын алды. Және
осындай құқық бұзушылықпен құқығы бұзылған тұлғаға зиян келтірілсе, құқық
бұзушыға осы зиянды өндіру міндеті жүктелді. Зиян келтіруден міндеттеме
немесе деликтік міндеттеме туындады. Өзге тұлғаға мүліктік зиян келтіруі
мүмкін өмірлік ахуалдың алуандығы, оны жою үшін пайдаланылатын құқықтық
тәсілдердің алуандығын айқындайды. Зиянды туғызған себептерге қатысты, ол
сақтандырушы есебінен толық немесе жартылай өндірілуі, немесе зиянды
тікелей келіруші немесе оған жауапты тұлғалар есебінен (оларды мүліктік
жауаптылыққа тарау жолымен), немесе зиян келтіруші болып саналмайтын,
алайда жәбірленушімен шарттық қатынастармен немесе оны өндіруге міндетті
өзге де негіздермен байланысты басқа тұлғалар есебінен толық немесе
жартылай өндірілуі мүмкін.
Азаматтардың және заңды тұлғалардың жеке мүліктік және жеке мүліктік
емес байлықтары мен құқықтарын қорғаудың атап көрсетілген тәсілдерінің
ішінен осы байлықтар мен құқықтарды тікелей қорғауға бағытталған деликтік
міндеттемелерге ерекше орын беріледі.
АК-тің 917-б. [5,20б] сәйкес зиян келтіру фактісі міндеттемелердің
туындау негіздерінің бірі болып саналады. Азаматтық құқықтар мен
міндеттемелер өзге тұлғаға зиян келтіру салдарынан туындайды. Осы және
басқа жағдайларда, заң жалпы түрде, бұл ретте туындайтын міндеттемелердің
мазмұнын анықтайды, бұл азаматтардың және заңды түлғалардың мүліктік немесе
мүліктік емес байлықтары және құқықтарымен заңсыз әрекет ету арқылы
келтірілген мүліктік немесе мүліктік емес зиян екендігімен және зиян
келтірген тұлғалар (немесе үшінші тұлғаға) толық көлемде өндіруге
жататындығымен сипатталады. Демек, қарастырылып отырған міндеттемелердің
ерекшелігі және олардың өзге міндетті қатынастардан өзгешелігі, ең алдымен,
олардың туындау негізімен айқындалады, бұл деликті болып саналады, яғни
заңға қарсы зиян келтіру.
Зиян әртүрлі жағдайларда келтірілуі мүмкін. Ол шарттан, әкімшілік
актіден туындайтын осыған дейін тараптар арасында қолданылып келген
міндеттемелерді орындамау немесе қажетті деңгейде орындамау нәтижесі болып
саналуы мүмкін, яғни борышкер (берешек) кредитор алдындағы өзінің нақты
міндетін бұза отырып, сол арқылы оған зиян (зала) келтіреді. Мұндай
жағдайларда осы зиянды өндіруге оған мәжбүрлеу арқылы жүктелген міндет,
мұнан өзге міндеттемелерді нақты орындау принципіне сәйкес орындалуға тиіс,
аталған, нақты міндеттемелерді бұзғаны үшін санкция түрінде қатысады.
Мысалы, жеткізуші жеткізу шарты бойынша сатып алушыға өнімді ауқытылы
жеткізбеді, нәтижесінде сатып алушы белгілі бір көлемде зиян шекті. Мұндай
жағдайда жеткізуші сатып алушыға осы келтірілген зиянды өтеуге және келесі
кезеңде тиісті сандағы өнімдерді жеткізуге, яғни өз міндеттемесін нақты
орындауға міндетті. Алайда тіпті бір жақ міндеттемелерін бұзған кезде
екніші жақ оны орындау үшін қабылдаудан бас тартады (мысалы, сонымен
байланысты ол кредитор үшін қызығушылығын жоғалтты) немесе соңғы айтылған
мүмкін емеске айналады (атап айтқанда, өзіндік тектегі жаңғыз заттың
жойылуы кезінде), жаңа міндеттеменің туындамауы, бір міндеттердің өзге
міндеттермен ауыстырылуы (заттай орындау) (зияндарды өндіруі) болады.
Зиян келтіруші және жәбірленуші нақты міндеттемелік құқықтық
қатынастармен байланысты болмаған немесе ең болмағанда осындай
қатынастармен байланысты болған, алайда зиян аталған құқықтық қатынастарда
нақты өзінің міндеттері емес тараптардың бірінің салдары болып саналғанда,
ал өзге тараптың абсолютті құқығы мен өзге тұлғалардың құқықтары мен
мүдделеріне қол сұғуға (тиісуге) жалпы тыйым саланған кезде, бір тұлғаның
екінші тұлғаға зиян келтіруі кезіндегі іс басқаша болады. Мұндай
жағдайларда, заңды көзделген өзге талаптардың болуы кезінде зиян келтіру
(деликті) фактісінің өзі міндеттеменің туындау негізі болып ссаналады,
осымен байланысты жәбірленуші зиян келтірушіден немесе оған жауап беретін
тұлғадан келтірілген шығынды өндіруді талап етуге құқылы. Бұл шығын мүлікті
тікелей зақымдау (жою) жолымен (мысалы, өрт кою, мүлікті сындыру
нәтижесінде) зиян келтірсе немесе жеке мүліктік емес игілігін (байлығын)
бұзу арқылы (өмірі, денсаулығы, денесі, ар-ожданы мен қадір-қасиеті,
іскерлік беделіне және т.б.) зиян келтірілсе де, мүліктік сипатты
білдіреді.
Зиян келтіруден туындаған міндеттемелер, абсолютті сипатқа ие, зиян
келтіруші есебінен немесе зиянды өндіру міндеті заңмен соған жүктелген өзге
тұлғалар есебінен осы құқықтарды неғұрлым толықтай қалпына келтіруді
қамтамасыз етуге шақырылған, жәбірленушінің мүліктік және жеке мүліктік
емес құқықтарын бұзу салдарынан туындайтын шарттан тыс міндеттемелер
ретінде аңықталуы мүмкін.
Деликтік міндеттемелердің маңызы азаматтар мен заңды тұлғалардың
мүліктік және жеке мүліктік емес байлықтары мен құқықтарын қорғаудың
құқықтық шараларының жалпы жүйесінде атқаратын олардың ролімен анықталады.
Егер шарттық (немесе заңдық актілерден туындайтын, өзге) міндеттемелер
(осымен байланысты олар әдебиетте реттегіш құқықтық қатынас атауына ие
боллған), зиян келтіруден туындайтын басқалай аталатын міндеттемелер, яғни
деликтік міндеттемелер – бұл оларға кез келген қол сұғушылықтан
(тиісушіліктен) азаматтардың және заңды тұлғалардың мүліктік құқықтары мен
мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге, ал оларды бұзу және зиян келтіру
жағдайында – жәбірленушінің мүліктік аясын, құқық бұзуға дейін ол қандай
жағдайда болды, сондай жағдайда қалпына келтіруге шақырылған, қорғаушы
құқықтық қатынас.
Құқық бұзушыға ол келтірген зиянды өндіру міндетін жүктеу қажеттілігі,
ең алдымен, заңдылықтарды сақтау талаптарымен және азаматтық-құқықтық
қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз етумен келісілген. Зиян келтіруші
немесе оған кім жауап береді солардың есебінен толық көлемде, заңсыз мінез-
құлықпен келтірілген зиянды өндіру қажеттілігі туралы жалпы ережені тез
және дәйекті түрде өмірге енгізусіз, мүліктік немесе мүліктік емес
қатынастар саласындағы заңдылықты нығайту мүмкін емес. Мұндай жағдайларда
құқық бұзушыны жазалау және тәбиелеу мақсаттарына жетет отырып, әкімшілік
немесе тіпті қылмыстық-құқықтық шараларды қолдану, жәбірленушінің
мүддемелерін қажетті деңгейде қорғауды қамтамасыз етпейді, өйткені бұл
шаралар әдетте құқық бұзушының мүліктік зардаптарын жоюға ұмтылмайды. Бұған
зиянды өндіру жөніндегі міндеттемелердің көмегімен ғана жетуге болады, оның
мақсатты тағайындалуы, құқық бұзудың мүліктік зардабын жоюдан, зиян
келтіруші есебінен жәбірленушінің мүліктік аясының бұрынғы жай-күйін
қалпына келтіруден тұрады.
Деликтік міндеттемелерді қолдану қажеттілігі, бұзылған қатынастардың
азаматтық құқықпен реттелген өзінің сипатымен келісілген. Мүліктік және
мүліктік емес қатынас азаматтық-құқықтық реттеу пәні болып саналады.
Өйткені деликтік міндеттемелердің пайда болуын туғызатын зиян келтіру
кезінде, сөз, меншік құқығы обьектілерінің азаюынан немесе олардың
зақымдануынан немесе тиісті кірістер алмаудан (мысалы, жарақат алудан
немесе азаматтың денсаулығына өзге зақым келуден еңбек қабілетін жоғалту
жағдайындағы еңбекақы) көрінетін құқық бұзудың мүліктік зардаптары туралы
болып отыр. Құқық бұзушының есебінен жәбірленушінің мүліктік аясын қалына
келтіруді қамтамасыз ете отырып, деликтік міндеттемелер сол арқылы
азаматтың жеке немесе өзге меншігін қорғауға және нығайтуға әсерін
тигізеді. Меншік құқығын бұзған жағдайда олар оны қорғауды қамтамасыз
етеді, бұл аталған құқықтық институттың аса маңызды міндеттерінің бірін
құрайды.
Қарастырылып отырған міндеттемелердің маңызы, алайда, азаматтар мен
заңды тұлғалардың мүліктік құқықтарын қорғауды қамтамасыз етумен
шектелмейді. Деликтік міндіттемелер, сондай-ақ азаматтардың жеке мүліктік
емес байлықтары мен құқықтарын қорғау ісінде, яғни олардың өміріне,
денсаулығына, жеке бостандығына, ар-ұжданы мен адамгершілік қасиеттеріне,
іскерлік репутациясына қол сұғушылықтан қорғауда конституциялық құқықтарын
жүзеге асыру бойынша аса маңызды роль атқарады (ҚР Конституциясы 18-б. 1-
тармағы) [3]. Рас, бұл міндеттерді басты түрде орталандыра отырып, мысалы,
денсаулыққа келтірілген зақым салдары немесе азаматтың өлу салдары болып
саналатын мүліктік зиянды өтеу арқылы орындайды. Алайда деликтік
міндіттемелерді реттейтін нормалар адамдардың осы байлықтарын тікелей
қорғауды қамтамасыз етеді. Әсіресе, өндірістік жарақат алумен күрес сияқты
аяда олардың маңызы аңық көрінеді. Олардың жұмысымен байланысты жұмыскерлер
мен қызметкерлердің мертігуі және денсаулығына келтірілген өзге зақымдармен
келтірілген зияндарды (шығындарды) өндіруге ұйымдарға жүктелген
міндеттіліктер техника қауыпсіздігі мен өнеркәсіп санитариясы жөніндегі
белгіленген ережелерді сақтауға ғана емес, сонымен бірге, өндірістегі
кездейсоқ оқиғаларды жою мен қауіпсіз жұмыс жағдайын жасау мақсаттарында
еңбек қорғаудың өзге шараларын қолданудың бүкіл мүмкіндіктерін іздестіруге
әкімшіліктің ынтасын оятады [6, 79б].
Жәбірленушінің жағынан құқық бұзушылықтың мүліктік зардаптарын жоюды
қамтамасыз ете отырып, деликтік міндіттемелер сол арқылы қалпына келтіру
функциясын орындайды. Сонымен бірге осы міндеттемелерді реттейтін нормалар
жалпы және арнайы превенциялар (сақтандыру) міндетін орындайды, бұл мазмұны
өзге, деликтік міндіттемелердің превентивті-тәрбиелік функцияларының
мазмұнын құрайды.
Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелерді деликтілік
міндеттемелер деп те атайды. Бірақ бұл атау дәл емес, себебі аталған
міндеттемелер әр қашан құқық бұзушылықтың негізінде туындамайды. Бұл
міндеттемелерді кейбір жағдайларда зиян келтіру салдарынан туындайтын
міндеттемелер, кейбір жағдайларда келтірілген зиянның орнын толтыру бойынша
міндеттемелер деп атайды. Біріншісінде қандай негіздер бойынша бұл
міндеттемелер пайда болатынына, ал екіншісінде міндеттеменің функционалдық
мақсатына көңіл бөлінеді. Егер міндеттеменің негізін анықтау қажеттігі
туындаса зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттеме термині қолданылады,
ал егер міндеттеменің нысаналы мақсатын анықтау қажеттілігі туындаса
зиянның орнын толтыру бойынша міндеттеме термині кеңірек қолданылады. Бірақ
бұл екі терминдер тек бір ғана міндеттемені білдіреді. Дегенмен бұл
терминологиялық ерекшеліктерінде олардың шын мәнінде ерекшеліктері
байқалады. Зиян келтіргені үшін туындайтын міндеттемелер шарттық емес
міндеттемелер қатарына жатады, себебі олар келісім-шарттың негізінде емес,
бір тұлғаның басқа бір тұлғаға зиян келтіру фактісі негізінде пайда болады.
Шарттық емес міндеттемелер жақтардың келісімі негізінде емес, заңда
көзделген фактілер негізінде, яғни азаматтардың мүліктік емес игіліктеріне
зиян келтірілген жағдайда туындайды. Сонымен бірге бұл міндеттемелер заңда
көзделген азаматтық құқықтық міндеттемелерге қойылатын талаптарға жауап
береді, себебі, біріншіден Азаматтық кодекстің 268-бабында көрсетілген
міндеттеменің анықтамасына сәйкес келеді, яғни бұл міндеттемелерде борышкер
болып табылатын тұлға, яғни зиян келтіруші келтірген зиянның орнын
толтыруға міндеттенеді, ал жәбірленуші келтірілген зиянның орнын толтыруын
талап етуге құқылы [5,31б]. Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде зиян келтіру
салдарынан туындайтын міндеттемелерге Азаматтық кодекстің 47-тарауында
көзделген нормаларға қайшы келмейтін міндеттемелер туралы жалпы ережелер
қолданылуы мүмкін.
1.2 Деликтік міндіттемелердің жалпы негіздері мен субъектілері
Зиян келтіру деликтік міндіттемелердің пайда болуын туғызатын заңдық
факті болып саналады [7, 124б]. Алайда, азаматтық-құқықтық жауаптылық
ретінде сонымен бірге зиян келтірудің бір фактісі зиянды өндіру үшін
жеткіліксіз. Азаматтық заң зиян келтіру фактісімен жиынтықта оны өндіру
жөнінде міндеттеме туғызатын жалпы негізді белгілейді.
Туындау негіздері бойынша деликтік міндіттемелердің келесі екі тобын
бөлып көрсетуге болады:
1. жалпы (негізгі) деликті;
2. арнайы деликтілер.
Жалпы (негізгі) деликті шарттан тыс зиян келтіргені үшін жалпы
жауаптылық жағдайын анықтайды және келесі үш ережеден көрінеді:
1. мүліктік немесе мүліктік емес зиян оны келтірген тұлғалардың
толық көлемде өндіруіне жатады;
2. ол қандай қатынастар аясында келтірілді (азаматтық, еңбек, жер
немесе заңнаманың өзге салаларының нормаларымен реттелетін)
оған қатыссыз түрде мүліктік немесе мүліктік емес зиян келтіру
фактісінің өзі заңға қарсы болып танылады, егер зиян келтіруші
зиян келтірген әрекетті жасауға құқылы болғанын немесе қажетті
қорғаныс немесе аса қажет болған жағдайда әрекет еткенін, яғни
заңды екенін дәлелдей алмаса;
3. деликтік міндіттемелер негізі болып қызмет ететін азаматтық
құқық бұзушылық құрамы және деликтік міндіттемелер туралы
бекітілген жалпы нормаларға келесілер кіреді:
– заңға қайшы әрекет (әрекетсіздік);
– зиянның болуы;
– тұлғалардың әрекет етуі (әрекетсіздігі) мен келтірілген заңға
қарсы зардап (зиян) арасындағы себептік байланыс;
– зиян келтірушінің кінәсі.
Жалпы деликті түсінігімен және соның негізінде туындаған деликтік
міндіттемелермен, бірқатар ерекшеліктерімен өзгешеленетін және арнайы
деликтілерді бөліп көрсетуге негіз беретін құқық бұзулардың әртүрлі нақты
түрлері қамтылады. Арнайы деликтілерде, деликтік жауаптылықтың жалпы
ережелерінен ерекшелікті білдіретін және тікелей заңда көрсетілген
жағдайларда ғана қолданылатын, құқық бұзудың жекеленген құрамдарының
ерекшеліктері көрсетіледі. Олардың әрекет ету аясы заңмен дәл айқындалған
және түсіндіруге де, ұқсастығы бойынша олар қолдануға да жатпайды. Осылай,
шарттан тыс зиянды өндіру туралы жалпы норма талабы арнайы деликтілерде
өзіндік интерпретациялауға ие болады. Арнайы деликті жоқ болған жағдайда
әрқашан да жалпы норма қолданылады.
Қолданыстағы азаматтық заңнамада арнайы деликтілердің келесі түрлері
қаралған:
1. билік актілермен келтірілген зиян үшін жауаптылық;
2. кәмелетке жасы толмағандар және әрекетке қабілетсіз тұлғалар
келтірген зиян үшін жауаптылық;
3. қоршаған орта үшін жоғары қауіп туғызатын қызметпен келтірілген
зиян үшін жауаптылық;
4. азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиян үшін
жауаптылық;
5. тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің салдарынан
келтірілген зиян үшін жауаптылық.
Бұл арнайы деликтілер 2-тарауда қарастырылады.
Келтірілген зиянды өтеу жөніндегі міндеттемедегі субъектілер.
Азаматтық-құқықтық қатынастардың (азаматтық айналымның) кез келген
қатысушылары деликтік міндеттемелердің субъектілері болуы мүмкін. Осы және
өзге міндеттемелік қатынастарда, олар кредиторлар және борышқорлар болып
аталады.
Зиян келтірілген (жәбірленуші) тұлға кредитор деп аталады. Жас мөлшері
мен әрекетке қабілеттігіне қатыссыз түрде кез келген азамат (оның ішінде
шетелдік, ие азаматтығы жоқ тұлға) кредитор болуы мүмкін. Сондай-ақ кез
келген заңды тұлға, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бірліктер де кредитор
бола алады.
Келтірілген зиян үшін жауапты тұлға (зиянның орнын толтыруға міндетті)
борышқор болып танылады. Негізінен, тікелей зиян келтіруші борышқор болып
саналады. Сирек түрде – оның әрекетіне жауап беретін тұлға борышқор болады.
Міндетті субъекті (борышқор) ретінде деликті қабілетті тұлға ғана,
яғни өз әрекеттіне (теріс әрекетіне) жауап беруге қабілетті тұлға ғана
қатыса алады. Демек, 14-жасқа толған, қарастырылатын міндеттемелердегі
Қазақстан Республикасының азаматы осындай қабілетке ие және борышқор болуы
мүмкін. Шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының
азаматтарымен келтірген зиян үшін теңдей жауап береді (АК 1095-б) [5].
Барлық болуы мүмкін ұйымдық-құқықтық формаларда кез келген меншік
нысанына негізделген заңды тұлғалар жауапты тұлға ретінде қатысуы мүмкін.
Мұнда өзге, қандай да бір болсын азаматтармен еңбек шартын (контрактысын)
жасаған азаматтар (заңды тұлға болып құрылусыз жеке кәсіпкерлер) жауапты
тұлға болуы мүмкін. Мысалы, бірлескен қызмет туралы шарт (АК26-б.), жай
серіктестік сондай-ақ деликтік міндіттемелердің субъектісі болуы мүмкін
[8,36б]. Бұл ретте, ұйымның өзін құру, сонымен бірге, ондағы өмір сүруші
оның мүшелерімен (жұмыскерлерімен) ішкі қатынас тиісті дәрежеде реттелген
және ресімделген, сондай-ақ заңға қайшы келмеуі маңызды болып саналады.
2.1 Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардың кәмелетке толмағандар
келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiгi
Жасы он төртке жетпеген кәмелетке толмағандар (жас балалар) келтiрген
зиян үшiн, егер зиян өздерiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, оның заңды
өкілдері жауап бередi. Егер қорғаншылыққа мұқтаж жас бала тиiстi тәрбиелеу,
емдеу мекемесiнде, халықты әлеуметтiк қорғау мекемесiнде немесе заңға орай
өзiнiң қорғаншысы болып табылатын осы сияқты басқа мекемеде болса, егер
зиян өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, жас бала келтiрген зиянды сол
мекеме өтеуге мiндеттi.
Егер жас бала оқу орнының, тәрбиелеу, емдеу немесе оны қадағалауды
жүзеге асыруға мiндеттi өзге мекеменiң, сондай-ақ шарттың негiзiнде
қадағалауды жүзеге асыруға міндеттi адамның бақылауында болған уақытта зиян
келтiрсе, зиян олардың қадағалауды жүзеге асырудағы кiнәсiнен болмағанын
дәлелдемесе, келтiрiлген зиян үшiн осы мекемелер мен адамдар, жауап бередi.
Заңды өкілдердің, оқу орындарының, тәрбиелеу, емдеу және өзге де
мекемелердiң зиянды өтеу жөнiндегi мiндетi жас баланың кәмелетке толуымен
немесе оның зиянды өтеу үшiн жеткiлiктi мүлiк алуымен тоқтатылмайды.
Егер заңды өкілдері қайтыс болса немесе олардың, сондай-ақ осы баптың
3-тармағында аталған басқа да азаматтардың жәбiрленушiнiң өмiрi мен
денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу үшiн жеткiлiктi қаражаты болмаса, ал
толық әрекет қабiлеттiлiгi болған зиян келтiрушiнiң өзiнде мұндай қаражат
болса, сот жәбiрленушi мен зиян келтiрушiнiң мүлiктiк жағдайын, сондай-ақ
басқа да мән-жайларды ескере отырып, зиянды зиян келтiрушiнiң өзiнiң мүлкi
есебiнен толық немесе iшiнара өтеу туралы шешiм қабылдауға құқылы.
Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар өздерi
келтiрген зиян үшiн жалпы негiздер бойынша дербес жауап бередi. Он төрт
жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың зиянды өтеу үшiн
жеткiлiкті мүлкі немесе өзге кiрiс көздерi болмаған жағдайда, егер олар
зиянның өз кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, зиянды толық немесе оның
жетпей тұрған бөлiгiн заңды өкілдері өтеуге тиiс.
Егер он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi қамқоршылыққа мұқтаж
кәмелетке толмаған адам тиiстi тәрбиелеу, емдеу мекемесiнде, халықты
әлеуметтiк қорғау мекемесiнде немесе заңға орай оның қамқоршысы болып
табылатын сол сияқты басқа да мекемеде болса, зиян өздерiнiң кiнәсiнен
болмағанын дәлелдемесе, зиянды толық немесе оның жетiспей тұрған бөлiгiн
сол мекемелер өтеуге мiндеттi.
Заңды өкілдердің және тиiстi мекеменiң зиянды өтеу жөнiндегi мiндетi
зиян келтiрушiнiң кәмелетке толуы бойынша немесе онда кәмелетке толғанға
дейiн зиянды өтеуге жеткiлiктi мүлiк немесе кiрiс көздерi пайда болса не ол
кәмелетке толғанға дейiн әрекет қабiлеттiлiгiне ие болса тоқтатылады (осы
Кодекстiң 17-бабының 2-тармағы, 22-1-бабы).
Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-анаға, егер баланың зиян келтiруге
әкеп соқтырған мiнез-құлқы ата-ананың баланы тәрбиелеу жөнiндегi
мiндеттерiн дұрыс жүзеге асырмауының салдары болып табылады деп анықталса,
сот ата-анаға ата-ана құқықтарынан айырылғаннан кейiн үш жыл бойы оның
кәмелетке толмаған балалары келтiрген зиян үшiн жауаптылық жүктеуi мүмкiн.
Әрекетке қабiлетсiз деп танылған азамат келтiрген зиянды (осы
Кодекстiң 26-бабы), егер олар зиян өздерiнiң кiнәсiнен болмағанын
дәлелдемесе, оның қорғаншысы немесе оны қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi
ұйым өтейдi.
Қорғаншының немесе ұйымның әрекетке қабiлетсiз деп танылған азамат
келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi мiндетi оның әрекетке қабiлеттiлiгi қалпына
келген жағдайда да тоқтатылмайды.
Егер қорғаншы қайтыс болса не оның зиянды өтеу үшiн жеткiлiктi
қаражаты болмаса, ал зиян келтiрушiнiң өзiнде мұндай қаражат болса, сот
жәбiрленушi мен зиян келтiрушiнiң ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz