Халықаралық валюталық операциялар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ.
МИНИСТЕРСТВО

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ

"МИРАС" УНИВЕРСИТЕТІ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

"Бизнес және қаржы" секторы
УНИВЕРСИТЕТ "МИРАС"

секторы
"Бизнес и финанс"

Курстық Жұмыс (Жоба)

Курстық жұмыс (жоба) тақырыбы. Халықаралық валюталық операциялар

Пән Қаржылық институттар және нарықтар

Студент Әбдіқадыр Назерке Нұрланқызы

(Студенттің аты-жөні)

БФ 911 К2.

(Топ)

6В04103. "Бизнес және Қаржы".
.

(шифр). (БББ атауы)

Курстық жұмыс (жоба).
қорғалды

(бағасы)

Жетекшісі. .
Кейкова Ж.К. .

(қолы). (Аты-жөні)

"___________" ________________. ______________ж.г

Шымкент 2020

Мазмұны:

Қысқартылған сөздіктер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...

Термин
сөздер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .4

Валюта түсінігі, валюта түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

Валюталық операциялар түрлері және жіктелуі ... ... ... 6

Қ.Р. валюталық операциялар және олардың құқықтық
қамтылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...14

Дүниежүзілік валюталық жүйелер эволюциясы ... ... ...22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .27

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..28

Қысқартылған сөздіктер

ҚР - Қазақстан Республикасы

ЕВЖ - Еуропалық валюталық жүйе

СДР - specіal drawіng rіghts( Халықаралық валюта қоры (ХВІ)

МВФ - Международный валютный фонд

АҚШ - Америка Құрама Штаты

Т.б. - тағы басқалары

Термин сөздер

Валюта(итал. voluta — құн, баға) — тауарлар құнының шамасын өлшеу үшін
пайдаланылатын ақша өлшемі.

"Валюталық Операциялар — валюталық құндылықтарға қатысты жасалатын
мәмілелер

Валюталық бағам — бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне
қатысты бейнеленетін бағасы.

Валюталық позиция дегеніміз валюталардың коды және мерзімдері бойынша
міндеттемелердің ара қатынасы.

Халықаралық валюталық қатынастар — ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің
нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың
қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Маржа дегеніміз-- сатып алу мен сатудың арасында түскен пайданы атаймыз.

Форвард(ағылш. forward - алға, алдағы, асығушы) — мәміле жасалғаннан кейін
әрі кеткенде 2-3 күн өткен соң жүргізілетін мерзімді есеп айырысу нысаны.

Фьючерс[1] (лат. futurum - болашақ) — уағдаласылған сұрыптағы тауарды
белгілі бір мөлшерде келісілген бағамен көрсетілген кезең бойына жеткізу
жөніндегі келісімшарт.

Опцион (ағылш. optіon, лат. optіo – таңдау, тілек, қалау) – иесіне
келешекте қайсыбір активтерді тиянақталған бағамен (орындалған бағамен)
сатып алу немесе сату құқығын беретін бағалы қағаз.

Инфляция (лат. inflatio – қабыну, ісіну) — бұл бағаның өсуінен,
тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен
туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің
төмендеуі.

Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын
молайту, елдің материалдық байлығы мен материалдық емес сипаттағы қоғамдық
құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын
инвестициялық қаражат.

Заем - мемлекеттің қарыз (заемшы) немесе несие беру рөлін атқаруына
байланысты несиелік қарым-қатынастардың бір түрі.

Кіріспе

Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму
барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш күштердiң
қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыптасуымен, халықаралық еңбек
бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының интернационалдануы
және жаһанданумен сипатталады.

Әлемдік валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу
және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық
ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму
экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап
ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.
Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк
ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық бағам, валюталық
операциялар, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және
мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.

Валюта түсінігі, валюта түрлері. Валюта курсы.

Валюталық операциялардың анықтамасын беруден бұрын “валюта”
терминiнiң мәнiне тоқталайық. Қазақстан Республикасының заңдылықтарына
сәйкес, “валюта деп мемлекеттердiң заңды төлем құралы ретiнде қабылданған
ақша бiрлiктерi немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның
iшiнде қымбат жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бiрақ
айналымда жүрген ақша белгiсiмен айырбастауға жататынын қоса алғанда)
түрiндегi қолма –қол және аударым нысандарының құнның ресми стандарттары,
сондай- ақ шоттардағы, соның iшiнде халықаралық ақша немесе есеп айырысу
бiрлiктерiндегi қаражаттарды бiлдiредi”.

Валюта - заңды төлем қаражаттары ретiнде мемлекеттер қабылдаған әртүрлi
ақша бiрлiктерi немесе құнның банкнот және теңге, оның iшiнде қымбат
металдардан жасалған (айналымнан алынған немесе алынып жатқан, бiрақ
айналымдағы ақша белгiлерiне айырбастауға жататындарын қоса алғанда)
түрiндегi ресми стандарттары, сондай-ақ есепшоттардағы, оның iшiнде
халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегi қаражаттар. Валюта -
бұл халықаралық экономикалық қатынастарда қолданылатын ақша. Оның негізгі
екі түрі бар:

- халықаралық сауда валютасы ;

- халықаралық резервтік валюта .

Халықаралық сауда валютасы - халықаралық сауда операциялардың

бағалауы үшін қызмет етеді (тауарлар мен қызметтердің экспортты және
импорты), ол өзі сату - сатып алу объектісі бола алады.

Халықаралық резервтік валюта елдер арасындағы қатынастардағы халықаралық
ақша айналымымен байланысты. Ол елдің валюта жүйесіне

қажетті жағдайда көмек көрсетуге қолданылатын мемлекеттің валюта
резерві.Сонымен қатар валюта белгілі бір критерийлер бойынша жіктеледі.Біз
оны 1- кестеден көре аламыз.

Кесте 1— валютаның жіктелуі

Негізгілеріне назар аударсақ. Ұлттық валюта дегеніміз мемлекеттің заңымен
тағайындалған сол мемлекеттің ақша бірлігі.

Шетелдік валютаға шетелдік банкноталар мен монеталар және банктік
вексельдер мен чектер түрінде көрсетілген талаптар жатады

Осыған қоса, резервтік валюта ұғымы аса маңызды.Резервтік валюта дегеніміз
бұл мемлекеттің орталық банктері жинақтайтын және сыртқы сауда операциялар
мен шетелдік инвестициялар үшін халықаралық есеп айырысуға сақталатын
шетелдік валюта. Сондай валюталарға АҚШ доллары , неміс маркасы , жапон
иенасы , фунт стерлингі жэне швейцария франкісі жатады .

Сонымен қатар валютаның маңызды үш түрі бар:

1 Еркін - айырбасталатын валюта - елдердің әлемде өз валютасының айналысына
шектеулер қойылмайтын сол елдердің валютасы

2 Жартылай айырбасталатын валюта - елдердің белгілі бір шеңбер ауқымында
халықаралық операциялар

З Айырбасталмайтын - бұл елдердегі ерекше немесе әр түрлі шектеуліктерді іс-
жүзінде қолданылатын сол елдердің валютасы.Мысалы: қандай да бір мемлекет
валютаның әкеліп-әкетуге қарсы болуы.

Халықаралық валюта жүйесінің тұрақтылығы оның дүниежүзілік шаруашылқтың
құрылымына сай болуына тәуелді. Егерде дүниежүзілік шаруашылығының құрылымы
өзгерсе, сонымен қатар халықаралық валюта жүйесінің формасы жаңаға ауысуы
тиіс. 19 ғасырда пайда болып, халықаралық валюта жүйесі эволюцияның үш
сатысынан өткен.

Валюталық операциялардың негізгі түрлері және жіктелу барысы

"Валюталық Операциялар — валюталық құндылықтарға қатысты жасалатын
мәмілелер." Олар ұлттық заңдармен және халықаралық келісімдермен реттеледі.
ҚР-ның заңдары бойынша, валюталық операциялар валюталық құндылықтарды
меншіктену және т.б. құқыларының өзгеге берілуіне байланысты, соның ішінде
төлем құралдары ретінде шет ел валютасын және шет ел валютасы түріндегі
төлем құжаттарын пайдалануға байланысты операциялар;

*валюталық құндылықтарды республикаға алып келу,

*сыртқа шығару және жолдау;

*ұлттық валютаны,

*номиналы мен құны осы валютамен есептелінетін құнды қағаздар

* құжаттарын меншіктену құқыларының бір-біріне өтуі жөніндегі резиденттер
мен резидент еместер арасындағы мәмілелер болып бөлінеді. Олардың ағымдық
және капитал қозғалысына байланысты түрлері бар. Ағымдық валюталық
операциялар экспорт-импорттық сауда операцияларына (олардың төлемақыларын
өтеуге, осы мақсаттар үшін кредит бөлуге), сондай-ақ, шет елде тұратын,
жұмыс істейтін азаматтардың валюталық қаражаттарын (зейнетақыларын,
аударымдарды, т.б.) пайдалануларын қамтамасыз етуге арналады. Капитал
қозғалысына байланысты валюталық операциялар қазақстандық капиталды шет ел
экономикасына салуға, не шет ел капиталын ішке тартуға, ел экономикасын
өркендету үшін пайдалануға қызмет етеді. Егер белгілі бір шектен асып
кетсе, осы екі процес те экономикасының дамуына кері әсер етіп, кесірін
тигізуі ықтимал. Мәселен, ұлттық экономиканың әр алуан саласында ше-
телдіктердің бақылау орнатуына немесе отандық капиталдың қайтарымсыз шетке
кетіп қалуына душар етеді.[1] Сондықтан, капитал қозғалысына байланысты
операциялар тиесілі органдар арқылы мемлекет тарапынан қатаң бақылауға
алынуға тиіс. Экономикалық процестерге тигізетін әсерлеріне қарай валюталық
операциялар осындай екі негізгі түрге сараланған.

Халықаралық валюталық қатынастар — ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің
нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың
қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері ерте Грекияда және Ертедегі
Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және
Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында орта ғасырлық вексель
жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп
айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өңдірістің капиталистік
тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар
жүйелері дами түсті.

Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды
жалғастырады. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік
экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті
қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның
ішнде валюталык байланыстарда саясат пен экономика, дипломатия мен
коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір-бірімен өзара бітісе
байланысуы валюталық қатынастардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы
орнының ерекшелігін көрсетеді.

Капиталдың шеңбер айналысы үдерісінде ұлттық нарықтан әлемдік нарыкка
қосылуы нәтижесінде ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай капиталының бір
белігі шетел валютасына айналады немесе керісінше. Ол көріністі халықаралық
есеп айырысуларда, валюталық, несиелік және қаржылық операциялардың
барысында байқауға болады.

Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндірістің сыртқы
факторларға: әлемдік өндіріс динамикасы, шетелдік ғылым мен техника
деңгейіне, халықаралық сауданын, дамуына, шетел капиталына ағымына арта
түседі. Сондықтан да, бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндірістің
арасында тікелей және кері байланыстың болатынын көрсетеді.

Халықаралық валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы
әндіріс үдерісіне кері әсерін тигізеді.

Шаруашылық байланыстардың интернационализациялануы негізінде халықаралық
валюталық қатынастар біртіндеп бір формаларға ие болады.

Валюталық жүйе — ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекет аралық
келісімшарттармен бекітілетін валюталык, қатынастарды ұйымдастыру және
реттеу нысаны.

Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:

Ұлттық валюталық жүйе;

Дүниежүзілік валюталық жүйе;

Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.

Тарихта, ұлттық валюталық жүйе ең бірінші қалыптаскан.

Ұлттық валюталық жүйе — халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы
өндіріс үдерісіне қажетті валюталық ресурсты құрайтын және оны пайдалануға
көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.

Ұлттық валюталық жүйе - елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері
елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық байланыстардың даму
дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.

Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық жүйемен тығыз байланысты.
Дүниежүзілік валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына таман құрылған.

Дүниежузілік валюталық жүйе — бұл халықаралық несие-қаржы институттары мен
валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық
келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтыды.

Аумақтық валюталық жүйе өнеркәсібі дамыған елдердегі әлемдік валюталық жүйе
төңірегінде құрылады. Мысалы, Еуропалық валюталық жүйе (ЕВЖ) — бұл
Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердің валюта аумағында ұйымдастырылу —
экономикалық нысанындағы қатынастарды білдіреді.

Мұндағы, валюталық паритет— валюталық бағамның негізі болып табылатын заңды
тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындагы шекті қатынасы.

Егер де, ұлттық валюталық жүйе, ұлттық валютаға, яғни елдің ақша бірлігіне
негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық жүйе — бір немесе бірнеше резервтік
валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.

Резервтік валюта — бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық
бағамды анықтауда негіз ретінде қызмет ететін және валюталар бағамын реттеу
мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын халықаралық төлем
және резерв құралы қызметін атқаратын, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің
еркін ауыстырылатын ұлттық валюталары.

Валюта — бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел
мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері
және төлем құралы (СДР, еуро.).

Валюталық бағам — бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне
қатысты бейнеленетін бағасы.

Валюталық бағамның қажеттігі:

тауарлар мен қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы
барысында өзара валюталарды айырбастайды. Импортер ұлттық валютасын
шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына ауыстырады.

дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сол сияқты әр елдің құндық
көрсеткіштерін салыстыруға;

фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы шоттарын үздіксіз қайта
бағалап отыруға;

Валюталық бағамға әсер ететін факторлар ықпал етеді:

Инфляция қарқыны. Инфляция қаншалықты жоғары болса ол елдің валютасының
бағамы төмен болады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы, ол ел валютасының
төлем қабілеттігін және басқа елдің валютасына қатысты бағамын төмендетеді.

Төлем балансының жағдайы. Егер де төлем балансынының жағдайы активті болса,
онда шетелдік борышқорлар жақтан ұлттық валютаға сұраныс өсіп, ұлттық
валютаның курсын жоғарылатуға

мүмкіндік береді, ал пассивтік болса, борышқорлар оларды өздерінің сыртқы
міндеттемелерін өтеу үшін шетел валютасына сатып, ұлттық валюта бағамын
темендетеді.

Әр елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі айырма. Бұл фактордың валюталық бағамға
әсері екі жағдаймен болады:

Елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі өзгерістер, капиталдың халықаралық
қозғалысына, ең алдымен қысқа мерзімді қозғалысына әсер етеді. Шын
мәнісінде пайыз мөлшерлемесінің өсуі, шетел капиталының ішке ағылуын
ынталандырып, ал оның төмендеуі ұлттық капиталдың шетелге шығуына

жол береді;

пайыз мөлшерлемесі валюталық нарықтағы операцияларға және сауданың
капиталдар нарығына әсер етеді, яғни, шетелден арзан несие алып, оны ішкі
нарықка орналастырады.

Валюталық нарықтар қызметі мен алып-сатарлық валюталық операциялар. Егер
қандайда бір валюта бағамы түсетін болса, оны банктер тез арада тұрақты
валютаға сатуға тырысады.

Белгілі бір валютаның Еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану
дәрежесі. Мысалға: Еуробанктер 60—70% операцияларын АҚШ ($) долларында
жасағандықтан, оған деген сұраныс пен ұсыныс ауқымы анықталады.

Халықаралық төлемдердің жеделдетілуі немесе кешіктірілуі де валюталар
бағамына әсер етеді.

Валютаға деген ұлттық және халықаралық нарықтағы сенімділік дәрежесі.

Валюталық саясат. Нарықтың және мемлекеттік реттеудің шекті қатынасы оның
динамикасына әсер етеді.

Валюталық операциялар өткізілу тәртібіне орай

*Қолма-қол валюталық операция;

*Шұғыл валюталық операцияларға жіктеледі.

Қолма-қол валюталық операциялар кезінде валюталар мәміле жасалған сәтте не
одан бір жұмыс күні өткен соң айырбасталады.

Ал, шұғыл валюталық операциялар кезінде мәміле жасалған мерзім ішінде (бір
аптадан бес жылға шейін) төлем төленеді.

Өз кезегінде валюталық операциялар осы аталған валюталық қатынастардың
негізі болып табылатын валюталардың арасындағы әр түрлі есеп айырысулардың
жүргізілуін, төлем құралы ретiнде шетел валютасындағы өзге төлем құралдарын
пайдаланумен байланысты мәлiмелердің атқарылуын, ұлттық валютаға, сондай-ақ
номиналы мен құны ұлттық валютада көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем
құралдарына меншік құқығы мен басқа құқықтардың ауысуына байланысты
резиденттер мен резидент еместердің арасындағы валюталық операциялар болып
табылады. Сонымен қатар валюталық операциялардың негізінен банктік операция
ретінде және Ұлттық банктен лицензиясы басқа да валюталық операцияларды
жүзеге асыруға құқысы бар органдардың ваюталық операцияларды жүргізуіне
байланысты валюталық операцияның көптеген түрлері болады және олар
валюталық мәмілелерде әр түрлі сипатта және мақсаттарда колданылады

Кассалық келісімдер немесе дереу орындалатын келісімдер спот
(spot) ережелеріне сай жүзеге асырылады. Спот бағамы (курсы) операция
жүргізіліп жатқан шақта ұлттық валютаның елден тысқары жерлерде қаншалықты
жоғары бағаланатындығын көрсетеді. ережелеріне сай классикалық келісімдер
валютаның дереу алу үшін ған емес, валюталық тәуекелді сақтандыру, сондай-
ақ алып-сатарлық операцияларды жүргізу үшін де қолданылады.

Спот валюталық операциясының мәні келісім жасалған сәттегі курсы
бойынша валютаны сату, сатып алу және оны контрагент – банктердің келісім
жасалған күннің ертенінен қалдырмай беру міндеттемесінде болса керек.
Валютаны жеткізіп беру мерзімі валюталандыру күні деп аталады. Мұның өзін
келісуші тараптардың өз міндеттемелерін толығымен орындайтын күн деп те
айтуға болады.

Валюталық операциялардың екінші түріне мерзімдік келісім-шарттар
жатады. Соңғы жылдары қаржы рыногы дамуының маңызды бөлігін дәл осы
мерзімдік сауда құрап отыр.

Мерзімдік келісім шарттар рыногының түрлеріне келетін болсақ, олар
мынадай:

*Форвардтық келісімдер рыногы;

*Фьючерстер рыногы;

*Опциондар рыногы.

--Сатып алушының курсы – бұл курс бойынша банк валютаны сатып алады;

--Сатушының курсы – бұл курс бойынша банк валютаны сатады.

Сатып алу мен сатудың арасында түскен пайданы маржа деп атайды.

Мерзiмдiк операцияда есеп мәмiледе көрсетiлген мезгiлде жүргiзiледi: ол
айдың ортасы немесе аяғы болуы, болмаса үш, алты ай және уақыт өткеннен
кейін болуы мүмкін. Онда касалық бағасы, мерзімдік мәмілеге түсетін
қағаздардың бағасына өзгеше болады. Шын мәнінде мерзімдік мәміленің
айырмашылығы да оның курсында, яғни қағаздың бағасында. Сондықтан мерзімдік
мәмілені алыпсатарлық мәміле деп атайды. Алыпсатарлардың мақсаты –
биржадағы құндылықтардың сатып алу –сату бағасы арасындағы айырмасынан
пайда табу.

Валюталық позиция дегеніміз валюталардың коды және мерзімдері бойынша
міндеттемелердің ара қатынасы.

Валюталық позицияның мынадай түрлерi бар:

Ашық валюталық позиция – шетел валюталарындағы қаражаттарды алу
талаптарымен беру мiндеттемелерiн көрсететiн, сандық жағынан активтер мен
пассивтердiң сәйкессiздiгiн қалыптастыратын шетел валюталарындағы қаражат
қалдықтарының айырмасн бiлдiредi.

Қысқа ашық валюталық позиция – жекелеген шетел валютасына байланысты
пассивi мен баланстан тыс мiндеттемелерi активi мен баланстан тыс
талаптарынан сандық жағына асатын ашық валюталық позиция.

Ұзын ашық валюталық позиция – активi мен баланстан тыс талаптарынан осы
валютадағы пассивi мен баланстан тыс мiндеттемелердiң сандық жағынан
асатын ашық валюталық позиция.Ұзын позицияда валютаны талап ету мәселесі
міндеттемеден басымырақ болады. Керісінше, қысқа позиция жағдайында
валюталық міндеттеме басымдық танытады.

Жабық валюталық позиция – жекелеген шетел валютасына байланысты активтер
мен пассивтердiң (аяқталмаған опрациялар бойынша баланстан тыс талаптар мен
мiндеттемелердi алғанда сандық жағынан сәйкес келуiн сипаттайтын
валюталық позиция.

Жабық позиция жағдайында әрбір валютаға қатысты міндеттемелер мен
талаптар өздерінің сомасы мен мерзімі бойынша дәлме-дәл келіп, бірдей
болады. Бұл ереже орындалмаған жағдайда позиция ашық деп жарияланады. Әрбір
валютаның кодына қатысты ашық позиция ұзын немесе қысқа болып келеді.

Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар және
олардың құқықтық қамтылуы

Қазақстан 1992 жылдың шiлдесiнде Халықаралық валюталық қорға мүше
болып кiргеннен бастап өзiнiң валюта қатынастарын “Ямаика” валюта
жүйесiнiң құрылымдық қағидаларымен қордың жарғысына сәйкес
қалыптастыруда. Валюта қатынастарын ұйымдастырушы үшiн 1993 жылдың 14
сәуiрiнде “Валюталық реттеу туралы” ҚР-ның алғашқы заңы қабылданды.
Ол кезде Қазақстан Кеңес экономикасы аймағында болғандықтан
шетелдермен жеке валюталық байланыстар жоқтың қасында болатын.
Қабылданған заң бойынша валютаны ырқына жiберу деңгейiне сәйкес келiп
кейбiр жағдайларға байланысты дамып келе жатқан валюта қатынастарына
тiптi қарама-қайшы сипатта болды. 1996 жылы 24 желтоқсанда
Қазақстанда “Валюталық реттеу туралы” жаңадан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық операциялардың сипаттамасы
Валюталық операциялар есебі жайлы
Шетелдік және ұлттық валюталармен операциялар
Валюталық операциялардың жіктелуі
Валюталық операциялар түрлері
Қазақстан Республикасының валютасымен операциялар
Халықаралық валюталық жүйе және валюталық рыноктар
Валюталық операцияларды классификациялау
Коммерциялық банктердегі валюталық операциялар
Қолма -қол және жедел валюталық операциялар. Валюталық операциялардың есептелуі
Пәндер