Мемлекетті басқару нысаны



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қабыкен Әділбек Ю-10
Жұмыс – мемлекет және құқық теориясы пәнінің маңызды институты болып
есептелетін ҚР мемлекет нысаны мәселесіне арналған. Зерттеу тақырыбының
көкейкестілігі, құқықтық институттың проблемалық тұрғыда ғылыми
зерттелмегенімен түсіндіріледі.
Мемлекет нысаны туралы ұғым ең маңызды мазмұндық сипаттама болып
саналады. Әдіснамалық жағынан алып қарағанда мұның маңызды екенінде сөз
жоқ.
Мемлекет нысаны деп мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен оның құрылымын
айтады.
Мұнда маңызды мәселе: мемлекет нысаны теория жүзінде ғана емес, оның
практикалық саяси мәнінің жоғары дәрежеге дейін көтерілуі. Мемлекеттегі
биліктің қалай ұйымдастырылып, қалай жүзеге асырылып жат-қандығынан
мемлекеттік басшылықтың нәтижелілігі, басқарудың ұтымдылығы, үкіметтің
мәртебелік беделі мен қадірінің дәрежесі және оның тұрақтылығы, елдегі
заңдылық пен құқықтық тәртіптің ахуалы, жайы мен күйі көрініп тұрады. Міне
мемлекет нысаны мәселесінің аса маңызды саяси аспектісінің осыларға
байланысты болып келетін себебі осы.
Зерттеудің нысаны мемлекет және құқық теориясы пәнінің мемлекет
нысаны мәселесі болып табылады.
Жұмыстың мақсаты – қарастырып отырған проблемемыздың негізін анықтау
және талдау, сонымен қатар маңызы мен ерекшеліктеріне нақты түрде тоқталып,
әрқайсысын талқылылап кету.
Курстық жұмыстың теориялық базасы – мемлекет және құқық саласында
алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың (РФ) еңбектері.
Жұмыстың теориялық және практикалық мәні – қарастырып отырған
институттың құқықтық негізін ашудағы теориялық және практикалық мәселелерді
кешенді түрде шешу болып табылады.
1. Мемлекетті басқару нысаны

Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі
байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани
мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар
тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс
мемлекеттер көбіне монархия болатыны жақсы мәлім. Қытай, Үндістан, Мысыр,
Англия, АҚШ мемлекеттірінің философтары Аристотель, Монтескье, Локк,
Вашингтон, де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген. Мемлекеттің
мазмұны оның нысанынан бөленбейді, олар бір-бірімен тығыз байланыста
дамиды.
Тәуелсіз Қазақстанда екі жылдаң кейін, 1993 жылғы Конституциясының
орнына екінші 1995 жалғы Конституция алынды. Бұл соңғы Конституция
мемлекеттің сыртқы нысанын өзгертіп, Қазақстанда президенттік республиканың
саяси жүйесі құрылды.
Мемлекеттің тарихи даму процесінде оның нысанына бірнеше жағдайлар әсер
етеді. Бірінші жағдайға географиялық, климат, тарихи факторлар жатады. Егер
мемлекет континентте қалыптаса немесе оның шекарасы теңізге, мұхитқа шыкса,
бұл екі жағдайда екі мемлекеттің нысаны екі түрлі болады. Аралда орналасқан
мемлекеттердің континенттік мемлекеттермен салыстырғанда демократиялық
режимдері күштілеу екені байқалады. Шығыс мемлекеттерде бірініші ірі
цивилизациялардың дамуы ұлы өзендермен байланысты болды: Қытайда-Хуанхэ,
Египетте-Ніл, Вавилонда-Тигр мен Ефрат, Үндістанда-Ганг. Шығыс
мемлекеттерде – монархия, Еуропада – шектелген монархия немесе республика
құрылған. Ежелгі демократиялық республикалар Жерорта тенізінің жағасында
орналасқан мемлекеттерде болғаны жақсы белгілі. Қазақстанның географиялық
жағдайы, екі – ресей және Қытай сияқты ірі мемлекеттермен көршілес болуы,
теңізге қашықтығы және ашық жолдың жоқтығы мемлекеттің дамуына едәуір
нұқсан келтіріп отыр.[1]
Мемлекеттің құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар әсерін
тигізеді. Ежелгі – феодалдық немесе шығыс мемлекеттерде рулық қоғамның
қалдықтары көп уақытқа дейін сақталып келді (Ману заңдарында, Салистік
жинағында – Салическая правда ), Орыс мемлекеттінің жинағында – Русская
правда). Кейін алғашқы қоғамның ыдырау процесінде ол қалдықтар жойылады да
мемлекеттің нысаны қатты өзгереді. Мысалы, Үндістанның мемлекет құрылысы
туралы қатаң қағида болған: патшаның әділетті болуы, жеке меншікті
бұзбайтын, бразмандарды сыйлайтын және олардың айтқан ақылдарын тындауы
міндетті болған. Бұл туралы Ману зандарыңда айтылған. Ресейдің феодалдық
мемлекеттіңде халық жиналысының, соттың, рулық қауымның рөлдері көпке дейін
сақталып келді. Саяси жағдай, топтардың арасындағы қарымқатынастар
шиеленіскен жағдайларға демократиялық басқару туралы айту қиын. Дағдарыс
кезінде көбіне мемлекетті басқару бір адамның қолында болады: Наполеон,
Рузвельт, Гитлер, Пиночет. Ал мемлекеттің экономикасы жақсы дамыған кезде,
жағдай тыныш уақытта демократиялық әдістер жақсы қолданатыны мәлім (Греция,
Рим, Швейцария, Бельгия).
Мемлекеттің құрылымына қоғамның ұлттық құрамы, тарихи әдет-ғұрыптары
немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерін тигізеді. Ресей, Үндістан,
Америка, Мексика мемлкеттері көп ұлттық мемлекеттерге жатады, сондықтан
олардың мемлекеттік құрылымдары федерация. Ал Жапония, Германия, Польша бір
ұлттық мемлекеттер, бірақ біреулері тұтас мемлекет, екіншілері, мысалы,
Германия федерация. Бұл жзағдайды анықтау үшін Германияның мемлекеттік
процесін және тарихын жақсы білу керек. XIX ғасырда Пруссия мен Австрияның
гегемония үшін күресі Прусияның жеңісімен аяқталды. Бірақ феодализм
кезеніңең германияның капитализмге көшкенімен, буржуазиялық мемлекеттің
қалыптасуы аяқталған жоқ. Соңдықтан қазір де немістер бірнеше тәуелді
мемлекеттерде тұрады: ФРГ, Швейцария, Австрия – олар федерацияға жатады.
Қазақстан жерінде көне дәуірден қазақтың арғы атасы – түріктер, бергі
атасы – қыпшақтар өмір сүрген. XV ғасырда қазақ хандығы құрылап өзінің
тәуелсіз мемлекеті болған. Қазақстан көп ұлттық республикаға айналуы XX
ғасырда болды. Сондықтан Қазақстан республикамыздың қазіргі Конституциясы
біртұтас, бөлінбейтін мемлекет болып жарияланды.[2]
Мемлекеттің нысанына халыхаралық жағдай, мемлекеттердің арасындағы
қарым-қатынастар және абыройы күшті адамдардың істері де әсер етеді.
Отарлық мемлекеттердің басқару нысанына бұрынғы метрополия мемлекеттірінің
нысаны үлгі болатыны мәлім. Дамыған елдердің саяси-мемлекеттік құрылысы,
олардың демократиялық іс-әрекеттері дамушы елдерге көп әсер етуі
объективтік процесс. Мысалы, Ұлыбритания бүкіл Еуропа континентіне, Жапония
және Скандинавия мемлекеттеріне өзінің шектелген конституциялық монархиясын
үлгі ретінде сыйлағаны белгілі. Ал АҚШ өзінің көрші мемлекеттеріне және
посттолитарлық мемлекеттерге президенттік республикасының әсерін тигізді.
Франциядағы де Голль құрған парламенттік республика да кейбір мемлекеттерге
әсерін тигізді.
Республиканың мемлекеттік құрылысына саяси күшті адамдардың қызметі
және жүргізген саясаты әсерін тигізеді: Гитлер, Рузвельт, Шыңгыс хан,
Абылай хан, Петр бірінші, ататүрік және басқаларын еске алсақ дұрыс болады.
Лениннің саясаты бір континенттің мемлекеттіріне 70 жылдаң аса уақытқа
үлгі болды. Тек қана Еуразия емес, Куба, Вьетнам, Корея, Африканың
мемлекеттірінің тарихына ықпал жасағаны мәлім.
Мемлекеттің дамуына діни факторлары да әсерін тигізіді. Мұсылман,
католик, христиан, буддистік мемлекеттердің өздеріне тән нышандары бар.
Сонымен, мемлекеттің сыртқы формасын анықтау үшін көп фактілерді терең
зерттеу керек.
Оқу әдебиетінде мемлекеттің нысаны көбіне үшке бөлінеді – басқару
нысаны, мемлекеттің құрылымының нысаны және саяси режим. Ал, негізінде,
мемлекеттің нысаны тарихи кезеңмен және әрбір мемлекеттің ерекшеліктерімен
байланысты екені мәлім. Сондыктан мемлекеттің әрбір нысанының көп
вариантары бар. Мемлекеттердің дамыған кезінде осы үш елементтерінің біреуі
бірінші орынға шығады. Қазіргі Ресейді мемлекеттің екінші элементі – Ресей
федерациясының негізгі принциптерін сақтау үшін Шешен республикасымен соғыс
әдісін қолданғаны білгілі. Бұл Ресей федерациясының мықтылығын көрсету,
негізгі принциптерін сақтау үшін ісиелген саясат. Бұл мемлекеттің құрылым
нысанын бірінші орынға қойып отыр. АҚШ 1860-1864 жылдары Солтүстік пен
Онтүстікжылдары Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы соғыс кезінде федерацияны
сақтау мақсаты мемлекеттің негізгі нысаны болды. Фашистік режим құрылған
кезде мемлекет нысанының саяси режимі бірінші орынға шығады. Бейбітшілік
кезде экономикалық дамуы жоғары демократиялық мемлекеттерде басқару нысаны
мемлекеттің сыртқы жағдайын белгілейді.[3]
Басқару нысаны монархия және республика екі түрге бөлінеді.
Монархия – жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік
мұрагерлікпен беріледі. Монархияның белгісі: мемлекетті басқаратын адамның
билигі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан көшуі, тиюі.
Сондықтан оның билигі – мұралық билік. Тақтың көшуінің екі әдесі бар: шығыс
және кейбір Еуропа мемлекеттірінде тақ тек ер адамдарға беріледі. Ал
көпшілік Еуропа мемлекеттіріңде еркек адамдарға да, әйел адамдарға да
берілі береді (Ресей, Дания, Англия). Монархияның озбырлық жолмен де көшуі
мүмкін; Наполеон, Каролингтердін тұқымдары, Чандрагупта, Вильгильм
Оранский. Соңғы Англияда мемлекеттік төңкеріс ұқсас даңқты революциясынан
кейін заңды патшаның қолынан билікті алғаны белгілі. Монархияның көшуінің
үшінші түрі бар, монарх бірнеше ақсүйектердің тұқымдарынан сайланды.
Тарихта екі монарх болған мемлекеттік басқару формасы да кездескен.
Тоталитарлық жүйеде Коммунистік партияның басшысының билігі монархтың
билігінен де күшті болды. Сонымен, монархтың билігі көбіне мұрагерлік
билікке жатады, ол өзінің қызметіне құдайдан басқа ешкімнің алдында жауапты
емес, ол мемлекеттің басшысы, құқықтың қайнар көзі, оның атынан сот,
мемлекеттің атқару функциялары жүзеге асырылады, ол әскерді басқарады,
мемлекеттің атынан шарт құрады. Монархтың бірнеше жоғары аттары мен
титулдары болады, оны асырау, мемлекеттің міндеті.
Монархия екіге бөлінеді: Шексіз және Шектелген монархиялар.
Шексіз монархия – монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді,
биліктің барлығы сның қолында.
Шектелген монархия – монархтың билігі басқа бір органмен немесе заңмен
шектеледі.
Сонымен, басқару нысаны ұғымын пайымдағанда мемлекеттік жоғарғы
биліктің ұйымдастырылуы түсінеміз. Әсіресе, оның ең жоғары және орта
органдарының ұйымдастырылуы, олардың құрылымы, құзыреттері, құрылуының
тәртіптік реті, өкілеттіктерінің мерзімі, халықпен қатынасу түрлері,
халықтың оларды қалыптастыру дәрежесі сөз болды.
Басқаша айтқанда басқару нысаны - мемлекеттегі жоғары егемендік
биліктің ұйымдастырылуы, оның органдарының өзара және халықпен байланысын
сипаттайды. Басқару нысаны мемлекет нысанындағы басты жетекші элемент болып
табылады.
Ежелгі грек философы Аристотель өз заманында басқарудың нысанын жоғары
өкіметтік биліктің жүзеге асырылуының қалай орындалатынына байланысты
жіктеген болатын. Онда жоғары өкіметтік билікті жеке адамның бір өзі
атқаратын түрін - монархия, шектеулі адамдар арқылы атқарылатын жоғары
үкіметтік билік -аристократия және бүкіл халықтың қатысуымен атқарылатын
жоғары үкіметтік билік - демократия деп жіктеген болатын. Басқару
нысандарының осы көрсетілген айырым белгілері қазіргі кезге шейін сақталды.
Жоғары билікті жалғыз адам атқара ма? Әлде ол билік сайланбалы алқалы
органға тиесілі ме? Міне осы жайтқа байланысты басқару нысаны ерекшеленеді.
Енді осыны байланыстыра отырып, басқарудың монархиялық және республикалық
нысандарын атап, бөліп көрсетуге болады. Монархия - мемлекеттің егеменді
жоғары билігі бір адамның қолында өмір бойы болады және атадан балаға мұра
(мирас) ретінде беріледі (өтіп отырады). Монарх (патша, король, перғауын
(фараон), қаған, хан және тағы басқалар) ешкімнің алдында жауапты болмайды.
Ол тек құдайдың алдында ғана жауапты. Ең алғашқы құрылған мемлекеттердің
бәрі де монархиялар болған және орта ғасырдағы мемлекеттердің көпшілігі де
монархия болатын.
Қазақ жеріндегі бұрын болған мемлекеттер де монархия болған, мұнда
мемлекетті қаған, хан басқарған. Бірақ, ханның билігі атадан балаға емес,
ағадан ініге мұра ретінде ауысып отырған.
Сонымен, монархия деп жоғары билігі бір ғана адамға тиесілі болып
келетін мемлекеттегі билікті айтады. Мұндағы бір ғана адамға тиесілі
билікті ол адам өз билігімен, қалауынша пайдаланады. Билікті өз билігімен
қалауынша пайдалану құқығын ол адам басқа биліктен алған емес.
Монархияның үш түрі болады:
а)Шексіз (абсолюттік) монархия. Бұл жерде монарх мемлекеттің бірден
бір жалғыз, ең жоғары органы. Оның қолында заң қабылдау, атқару және сот
биліктері шоғырланған. Қазіргі кезде басқарудың мұндай нысаны Біріккен Араб
Әмірліктерінде орын алған.
б) Шектеулі конституциялық немесе парламенттік монархия, басқарудың
мұндай нысанында елдегі билік (өкімет) монарх пен басқа органдарға бөлінген
болып келеді. Мысалы, парламентке. Қазіргі кезде басқарудың мұндай нысаны
Ұлыбритания, Бельгия, Норвегия, Швеция мемлекеттерінде бар.
в) Дуалистік монархия. Басқарудың бұл нысанында елдегі мемлекеттік
билік монарх пен парламент араларында тең бөлікке түскен болып келеді.
Мысалы, өткен замандардағы Пруссия, Австрия, Италия, Румыния, Ресей
елдерінде монархтың қолында атқарушы билік (үкімет) болған. Үкіметті
жасақтау, өзінің алдында жауапты министрлерді, басқа да лауазымды
тұлғаларды тағайындау және оларды орнынан алу құқығына ие болған. Бұлардан
басқа монарх тыйым (вето) құқығы мен парламентті таратып жіберуге шексіз
құқықты болған.
Республика. Басқарудың бұл нысаны бойынша мемлекеттегі ең жоғары билік
(өкімет) сайланбалы органдарға тиесілі болып келеді. Мұндай органдар
белгілі бір мерзімге ғана сайланады және ол әр сайлаушылар алдында жауапты
болады.
Республика билігінің екі жолы бар: президенттік және парламенттік.
Президенттік республикада Президентті тікелей халық сайлайды және Президент
мемлекет басшысы бола тұрып, негізінен, Үкіметті өзі құрады. Қазақстан
мемлекеті - Президенттік басқару нысанындағы республика.
а) Президенттік республика басқарудың бұл нысанында президенттің жеке
өзі, парламенттің қатысуымен үкіметті құрады. Үкімет өзінің қызметтері
бойынша президент алдында жауапты болады. Басқарудың мұндай нысаны қазіргі
заманда Америка Құрама Штаттарында және Қазақстанда орын алған.
б) Парламенттік республика. Мұндай басқару нысаны бар елде парламент
заң қабылдайтын ғана емес, сонымен бірге үкіметті бақылайтын да орган болып
табылады. Мұндағы президент — мемлекет, яғни ел басшы-сы, ол үкімет басшысы
емес. Мұнда үкіметті партиялар құрады. Үкіметке премьер-министр жетекшілік
етеді (басқарады) (премьер-министр лауазымы басқаша аталуы мүмкін).
Парламенттік республикада мемлекет билігінің жоғары органдарының
жүйесі Парламенттің басымдылық принципіне негізделген. Парламенттің алдында
үкімет өзінің саяси қызметі үшін алқалы түрде жауап береді. Үкімет
Парламенттің сеніміне сүйеніп қызмет істейді. Парламент Үкіметті қолдамаса,
ол қызметін тоқтатады.
Парламенттік-президенттік аралас республикалар да кездеседі (мысалы,
Қырғызстан Республикасы, Португалия), онда Үкіметті Президент пен Парламент
бірлесе отырып жасақтайды, құрады.
Формальды тұрғыдан қарасақ, басқару нысанының мемлекеттік құрылысқа
шешуші әсер етпейтінін байқаймыз. Мысалы, монархиялық Жапония немесе
Ұлыбритания әлдеқашан демократиялық құқықтың мемле-кет екені белгілі.
Республикалық Кеңестер Одағы мұндай мемлекет бола алмады. Патшалық Ресей
демократиялық та, құқықтық та мемлекет болмаған еді. Ал Франция
Республикасын бұрыннан демократиялық басқарудан рес-публикалық басқару
нысанындағы демократиялық, құқықтық мемлекеттің мазмұнына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы, және түрлері
Мемлекет нысаны туралы
Мемлекеттік басқару нысандары
Мемлекеттің құрылымдық нысананың ерекшеліктері
Мемлекеттiң басқару нысандары
Мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат
Мемлекет нысаны тарихи тәжірибе және қазіргі проблемалар
Мемлекет нысаны және құрылым
Мемлекет нысаны жайында
Мемлекеттік құрылым және саяси режим
Пәндер