Қаржылық жағдайды талдау түсінігі


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Ұйым қаржысы пәні бойынша
Қаржылық жағдай тақырыбы бойынша
АЛМАТЫ 2020
ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
- ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ . . . 4Қаржылық талдау жалпы сипаттамасы . . . 4Қаржылық талдаудың мәні,
міндеттері . . . 6
- Қаржылық талдаудың негізгі мақсаттары . . . 8
2. ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ («ҚАЗМҰНАЙГАЗ» АО
МЫСАЛЫНДА) . . . 13
- Қаржылық тұрақтылық мәні . . . 13
2. 2. «ҚазМұнайГаз » АО- ның қаржылық тұрақтылығы, оны талдау . . . 16
3. ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТАЛДАУ . . . 20
3. 1. Қаржылық жағдайды талдау түсінігі . . . 20
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 30
ҚОСЫМШАЛАР . . . 31
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: кәсіпорынның қаржылық жағдайын, тұрақтылығын талдау. Осы себептен кәсіпорындардың, түрлі деңгейдегі бюджеттердің, бюджеттен тыс қорлардың, жекеше инвесторлардың қаражаты, басқа қаржы көздерінің есебіне, әсіресе қаржыландырудың қарыз көздеріне талдау жасау аса өзектілікті қажет етеді.
Жұмыстың мақсаты: кәсіпорынның қаржылық жағдайын және тұрақтылығын талдау
Жұмыстың зерттеу міндеті - осы мақсаттарға жету үшін кітаптардан, ғалымдар желісінен ақпаратпен танысып, оны жеткізу
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жагдайын талдау қажет. Тек терең және үқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға багытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады. Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.
Курстық жұмыстың объектісі:қаржылық талдаудың мақсаты, міндеттері, әдістері, алғышарттары, түрлері мен ерекшеліктері.
Курстық жұмыстың әдістемесі: осы жұмысты жазу кезінде біріктірілген қаржылық көрсеткіштерді талдау, жүйелік және салыстырмалы талдау әдістері, деректерді статистикалық өңдеу, құбылыстар мен үдерістерді схемалық интерпретациялау қолданылды.
1. ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ
1. 1. Қаржылық талдау жалпы сипаттамасы
Қаржылық талдау - шаруашылық қызметтің толық және жалпы талдауының бөлігі яғни, екеуі бір- біріне байланысты бөлімнен тұрады.
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырады. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:
1) көлденең талдау;
2) тікелей талдау;
3) трендік талдау;
4) салыстырмалы талдау;
5) факторлық талдау;
6) қаржылық коэффиценттер әдісі.
Көлденең (уақыттық) талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдігімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.
Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.
Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.
Трендік талдау барлық көрсеткіштер 100% алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендік талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.
Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әртүрлі қаржылық коэффиценттерді пайдалану болып табылады.
Коэффиценттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетіледі. Қаржылық коэффиценттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік береін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.
Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффиценттерді талдаудың пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл - қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуынның ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, салдағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар. Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткен тек бір ғана фактор алымына да, бөліміне де әсер ету мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Катынсаты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.
Қатынасты талдаудың рөлін асыра бағалаудың да қажеті жоқ, себебі олардың әмбебап мәні болмайды және диогностика үшін индикатор болып табылмайды. Әлдеқайда треңдетілген талдау қатынаснегізінде жасалған шешімдерді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың деңгейіне келесілер әсер етеді, жекелеген кәсіпорындардың ерекшеліктері орташа салалық мәліметтер. Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты қол жеткізілген деңгейдің қолайсыз болуы немесе оның сол өткен жылдар жағдайы үшін қолайлы болып, бірақ қазіргі және болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.
Қаржылық талдауы салыстырмалы көрсеткіштер негізінде жүргізудің шетелдік тәжірибесін механикалық түрде көшіріліп алу, көп жағдайда тиімсіз, себебі бұл жағдайда біздің кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне назар аударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы туралы берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық жағдайды талдау барысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды тек ағымдағы мезетте ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады: өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік.
Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау - бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.
Факторлық талдау - бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдерді көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жікткгенде - тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол - кері (синтез) болуы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда экономикалық, сондай-ақ экономикалық және математикалық стстистиканың (топтау, орташа және салыстырмалы шама, графиктік және индекстік әдістер) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, мүмкіндік береді.
1. 2. Қаржылық талдаудың мәні мен міндеттері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы (ҚҚЖ) - айналыс үрдісіндегі капиталдың жағдайын сипаттайтын және шаруашылық субъектінің нақты сәттегі өз қызметін қаржыландыру мүмкіншілігін бейнелейтін көрсеткіштер жүйесімен анықталады. Қорыта келгенде, кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігімен сипатталады.
• қаржылық тұрақтылық - бұл қызмет үрдісінің жеткілікті қаржылық қамтамасыз етілуі;
• қаржылық тұрақтылық - бұл кәсіпорын шоттарының оның төлем қабілеттілігіне үнемі кепілдік беретіндей етіп орналасуы;
• қаржылық тұрақтылық - бұл кәсіпорынның ақша қаражаттарын еркін, әрі тиімді пайдалана отырып, өндіріс пен сату үрдістерін, сонымен бірге үдемелі ұдайы өндірісті қаржыландыру мүмкіншілігі.
Корпорацияның қаржы тұрақтылығын талдау оның есеп беру кезеңіндегі қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарғаны туралы мәселені анықтауға мүмкіндік береді. Корпорацияның қаржы тұрактылығы катынасты жэне абсолютті көрсеткіштермен сипатталады. Осыған сәйкес корпорацияның қаржы тұрақтылығын талдау барысында оның қатынасты және абсолютті көрсеткіштері зерттеледі.
Қаржы тұрактылығының қатынасты көрсеткіштері қаржы жағдайын сипаттайтын бірқатар коэффициенттермен сипатталады. Олар: тәуелсіздік коэффициенті, тәуелділік коэффициенті, қаржыландыру коэффициенті, қарыз жэне меншікті қаражаттардың арақатынасы коэффциенті, инвестицияларды өтеу коэффициенті, инвестициялау коэффициенті жэне т. б.
Каржы тұрақтылығының абсолютті көрсеткіштері - тауарлы-материалдық босалқылардың олардың қалыптасу көздерімен камтамасыз етілу дәрежесін көрсететін көрсеткіштер.
Меншікті айналым капиталының нақтылығы (Ма. к. ) . Бұл көрсеткіш меншікті капитал (Мк) мен ұзақ мерзімді активтердің (¥а) айырмасы ретінде анықталады: Ма. к. =Мк-¥а
Қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі - кәсіпорынның төлем қабілеттілігі. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі - бұл субъектінің өз міндеттемелерін уақытында өтей алу мүмкіншілігі.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына бірнеше факторлар әсер етеді. Оларды негізінен ішкі және сыртқы факторларға топтастыруға болады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші ішкі факторлар:
кәсіпорынның салалық ерекшелігі;
- шығарылатын өнім (жұмыс, қызмет) ;
- жарғылық капитал көлемі;
- шығын көлемі, оның табыспен салыстырғандағы динамикасы;
- мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы, олардың құрамы мен құрылымы;
- кәсіпорынды басқару тиімділігі, т. б.
Сыртқы факторлар:
- мемлекеттегі саяси - экономикалық жағдай;
- төлем қабілетті сұраныс пен тұтынушылар табысы;
- салық және несие саясаты;
- құқықтық - нормативтік база;
- сыртқы - экономикалық байланыстар, т. б.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың ең соңғы кезеңі. Ол ішкі және сыртқы қаржылық талдау болып бөлінеді. Олар бір-бірінен мақсаты мен мазмұны бойынша ерекшеленеді.
Ішкі қаржылық талдау - бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандыру, оның табыстылығын арттыру мақсатымен капиталдың қалыптасу механизмін, орналасуы мен пайдаланылуын талдау, яғни ол басқарушылық талдаудың бір сатысы. Ал сыртқы қаржылық талдау - инвестициялау тәуекелін анықтау мақсатымен субъектінің қаржылық жағдайын инвестордың, серіктестер мен бәсекелестердің талдауы.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайына жүргізілген талдау - кәсіпорын басшылығы осы уақыт аралығында қаржы ресурстарын қаншалықты ұтымды басқарған деген сұраққа жауап беруі тиіс. Осыған орай кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың негізгі міндеттері келесілер:
кәсіпорынның қаржылық жағдайына уақытында әрі объективті баға беру, оның әлсіз жақтарын анықтау және оның пайда болу себептерін оқу;
кәсіпорынның қаржылық жағдайын, оның төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын жоғарылату резервтерін іздестіру;
қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану мен кәсіпорынның қаржылық жағдайын нығайтуға бағытталған шаралар жүйесін дайындау;
қаржы ресурстарын түрліше пайдалану нұсқаларындағы қаржылық нәтиже мен қаржылық жағдайдың үлгілерін жобалау.
Міндеттерге қол жеткізу үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау келесідей кезектілікте жүргізілуі тиіс:
Кәсіпорынның мүліктік жағдайы мен капитал құрылымын талдау.
Капиталды пайдалану тиімділігі мен интенсивтілігін талдау.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттігін талдау.
Кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен банкроттылығының ықтималдылығын талдау.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтыру бағыттарын жобалау.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің стратегиялық міндеті -меншікті капиталды көбейту мен кәсіпорынның нарықтағы тұрақты жағдайын қамтамасыз ету.
Қаржылық талдау қаржылық менеджмент пен аудиттің негізгі элементі болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандыру үшін, капитал түсімдерін жоғарлату үшін қаржылық есеп беру негізі болып табылады. Несие алушы және инвесторлар қаржылық есеп беруді өздерінің қарыз алуы және салымдар бойынша өз тәуекелдерін минимумға жеткізуге талдау жүргізеді. Қаржылық талдау тәсілдемесі бір-біріне байланысты 3 блокты қосады.
Ол кәсіпорынның қызметінің қаржылық нәтижелілігін талдау.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау.
Кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметтің тиімділігін талдау.
Қаржылық талдаудың негізгі мақсаты болып көп мөлшердегі емес ақпаратты параметрлерді алу табылады. Талдаудың мақсаты аналитикалық есептің бір-біріне байланыстылығын анықтауда талданады. Аналитикалық есеп бұл кәсіпорынның ұйымдастырушылық есебі мен ақпараттық техникалық және әдістемелік мүмкіншілігін талдауын жүргізу үшін анализдеуді нақтылау болып табылады. Кәсіпорынның қажеттілігіне байәланысты сұрақтарын шешу үшін олар өндіріс, қамту қаржылық, инвестициялау және жаңадан енгізулер бойынша ақпараттың болуын бағалау және талдау үшін нәтижесі болып табылады. Қаржылық талдау ол кәсіпорынның басқару структурасының жоғары звеносы болып табылады. Қаржылық анализ ол кәсіпорынның басқару жүйесінде экономикалық процестерінде өзіне икемдеу тәсілі ретінде маңызды болып табылады.
Талдау объектісінің қаржылық жағдайының жалпы бағасы.
Қол жеткен қалыптастыратын жағдайын, жеткен мүмкіншіліктерін және факторларын анықтау.
Қаржы облысында басқару шешімдерін қабылдауда дайындау және жалпылау.
Баланстық шаруашылық қызметтің тиімділігін жоғарлату және қаржылық жағдайдың жақсарту резервтерің мобилизациясы және анықталуы.
Қаржылық талдаудың нәтижесі ол кәсіпорынның және басқада экономикалық ақпаратпен қызығушыларының администраторлық ақпараттың өсуіне әсерін тигізеді.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
1. 3. Қаржылық талдаудың мақсаты мен мәселелер, әдістері
Қаржылық жағдайды талдаудың негізгі мақсаты-ол кәсіпорынның ағымдағы жағдайын есептеу ғана емес, сонымен қатар негізгі қаржылық көрсеткіштердің өзгерістерін, әлсіз позицияларды анықтау, осы көрсеткіштерді жоғарылатуға бағытталған шараларды жүргізу.
Зерттеу барысында негізгі статистикалық әдістер қолданылады: топтық, орташа және қатысты шамалар, графикалық, индекстік, салыстырма әдіс.
Қаржылық жағдайға талдау жасауда негізгі орынды :
-белгілі бір көрсеткіштің құрылымын зерттеу
-көрсеткіштің динамикасын сипаттау
-негізгі көрсеткіштердің өзгеруіне әсер ететін факторларды зерттеу және бағалау.
Қаржылық жағдай талдауының методикасы кәсіпорынның қаржылық жағдайын басқаруды қамтамасыздандыру және нарықтық экономика жағдайында іскерлік серіктестерінің қаржылық жағдайын бағалауға арналған. Оған ішкі және сыртқы талдау элементтері кіреді.
Әдістемеге талдаудың келесідей блоктары кіреді: есепті мерзімге кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайын бағалау мен оның өзгерісі; кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына талдау; кәсіпорынның балансының өтімділігініне, іскерлік белсенділігі мен төлем қабілеттігіне талдау.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау дегеніміз-ұйымның іскерлігінің әр жақтарын сипаттайтын қаржылық көрсеткіштердің жиынтығын бағалау, интерпретациялау және есептеу.
Талдаудың мақсаты-басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қажет ақпараттарды алу. Яғни, ішкі қолданушылар оны кәсіпорынның қаржылық саясатына түзетулер енгізу үшін, ал сыртқы қолданушылар дәл осы кәсіпорынға қатысты нақты жоспарларды(сатып алу, инвестициялау, келісім шарт жасау және т. б ) жүзеге асыру үшін талдау жүргізеді.
Талдауда алға қойылған мәселелердің айырмашылығы ақпаратты ішкі және сыртқы қолданушылардың басқарушылық шешімдерін анықтайтын көрсеткіштердің айырмашылығында. Әрине екеуіне бірдей дәрежеде маңызды көрсеткіштерді бөліп көрсетсе болады, мысалы, өтімділік коэфиценті. Әйткенмен де көрсетілген топ қолданушылары үшін көрсеткіштердің жеке тобы қарастырылады.
Сондықтан кәсіпорынның қаржылық жағдайын есептеместен бұрын бұл жұмыс кімнің көзқарасы жағынан есептелетінін анықтап алу қажет.
Қаржылық талдауды жасаудағы негізгі мәселелер:
-талдау мезетіндегі кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтау;
-талдау жасалатын уақыт кезеңіндегі кәсіпорынның дамуының тенденциялары мен заңдылықтарын анықтау;
-кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсер ететін фактілерді анықтау;
-кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоғарылатуға қолданатын резервті анықтау;
Талдаудың негізгі бағыттары:
-баланстың құрылымы мен таза айналым капиталын талдау;
-өтімділік және қаржылық тұрақтылық коэфицентін талдау;
-пайда және шығындар құрылымына талдау;
-ақша қаражаттарының айналымын талдау;
-рентабельділікті талдау;
-еңбектің тиімділігін талдау.
Көзделген мақсатқа байланысты талдау әр бағыт бойынша әр түрлі көлемде болуы мүмкін, бірақ қысқаша түрде барлық бағыт бойынша талдау жүргізу керек. Бұл көрсеткіштердің өзара тәуелділігімен түсіндіріледі:бір көрсеткіштің өзгеруі келесі бір көрсеткіштің өзгеруіне әкелуі мүмкін. Мысалы, рентабельділіктің төмендеуі көп жағдайда активтердің айналымдығының төмендеуімен байланысты.
Талдаудың негізгі әдістері:
-көлденең немесе үрдістік талдау, бұл әдісте көрсеткіштер басқа базистік мерзімнің көрсеткіштерімен салыстырылады.
-тігінен жасалатын талдау, бұл әдісте көрсеткіштердің құрылымын бөлшектенудің жоғары дәрежесінен төменгі дәрежесіне дейін зерттелді.
-факторлы талдау-кәсіпорынның негізгі экономикалық көрсеткіштеріне қаржылық іскерлігінің жеке элементтерінің әсерін бағалау
-салыстырмалы талдау-көрсеткіштерді осы саладағы бәсекелес кәіпорындардың көрсеткіштерімен салыстыру.
Қаржылық талдауды жүргізу үдерісі кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендеуінің себептерін анықтауда белгілі бір қадамдардың кезектілігімен, осы көрсеткіштерді оптимизациялайтын тұтқаларды анықтау.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы негізгі мәселелер тәжірибеде негізгі үш сипатта көрініс табуы мүмкін:
1. Ақшалай қаражаттардың тапшылығы; төлем қабылеттіліктің төмендігі
Мәселенің экономикалық мәні келесіде, кәсіпорынның жақын арада немесе дәл қазір өзінің міндеттемелерін уақтылы өтеу үшін ақша қаражаты жеткіліксіз.
Төмен төлем қабілеттіктің индикаторы болып өтімділіктің төмен дәрежедегі көрсеткіштері, несие бойынша міндеттемелердің уақтылы төленбеуі, бюджет, жұмыскерлер немесе басқа да несиелеумен айналысатын ұйымдардың алдында нормадан жоғары мөлшердегі қарыз табылады.
2. Кәсіпорынға құйылған капиталдың қайтарымдылық дәрежесінің төмен болуы; төмен рентабельділік
Тәжірибеде бұл іскерлік иесі оның кәсіпорын жұмысына құйған ақшасын ақтамайтын шағын ғана пайда алатынын көрсетеді. Мұндай жағдайлардың мүмкін салдарлары келесідей-ұйымның менеджмент бөлімінің жұмысына теріс баға берілу, құрылтайшылардың біртіндеп кетуі. Қайтарымдылықтың төмен дәрежесінің негізгі белгісі болып-рентабельділіктің төмен дәрежесі табылады. Сонымен қатар қанағаттанарлық индикаторы ретінде меншік капиталдың көлеміне көп көңіл бөлінеді.
3. Қаржылық тұрақтылықтың төмен дәрежесі
Тәжірибеде төмен қаржылық тұрақтылық болашақта міндеттемелерді өтеуде мүмкін мәселелердің туындауымен, басқаша айтқанда кәсіпорынның кредиторларға тәуелдігімен, өзін-өзі қаржыландыра алмауымен түсіндіріледі.
Мұндай тәуекелдік жағдайдың туындауы автономия коэфицентінің төмендеуі, меншік капиталдың теріс таңбадағы көрсеткіші және капиталдың таза айналымының көрсеткіші төмендейді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендеуіне келсек бұл жерде негізгі екі жаһандық себепті бөліп көрсетсек болады:
1. Қаржылық жағдайдың орташа жағдайын ұстап тұруға әлеуетті мүмкіндіктердің болмауы немесе алынатын пайданың төмен көлемі.
2. Іскерліктің нәтижелелерін рационалды түрде басқармау яғни қаржыны рационалды басқара алмау.
Төлем қабілеттікпен, рентабельділікпен қаржылық тұрақтылықпен мәселелердің барлығының тамыры бір:не компанияның іскерлігінің нәтижесі қаржылық жағдайының жеткілікті мөлшерін ұстап тұруға қанағаттанарлықсыз жағдайда, не компания қаражаттарын рационалды түрде қолдана алмайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудың интегралды әдісіне тоқтала кетейік. Қаржылық жағдайды талдаудың көптеген есеп-қисаптар мен көрсеткіштердің жиынтығынан тұруы ұйымның қаржылық жағдайын бағалауды қиындатады. Сәйкесінше, қаржылық жағдайды талдау мен бағалауда белгілі бір басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін итегралдық көрсеткіштерді қажет етеді.
Интегралдық бағалау деп дәл осы уақыт мезетіне кәсіпорынның қаржылық жағдайын толық әрі нақты сипаттайтын бір ғана көрсеткішті есептеп шығаруды айтады. Оның мәнін қандай да бір өткен кезеңнің(тоқсан немесе жыл) мәндерімен салыстыра отырып кәсіпорынның қаржылық жағдайының өзгерісін, себебін анықтап ұйымның қаржы-шаруашылық іскерлігін рационалды басқаруға болады.
Бірінші кезекте қаржылық жағдайды бағалаудың интегралды моделінде қандай көрсеткіштер қолданылатынын анықтап алайық. Оларға кәсіпорынның табысы, шығысы және оның кредиторлық берешегінің өзгеруі жатады.
Кəсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалаудың қазіргі уақыттағы əдістемелік негіздері
Қазіргі уақытта кəсіпорын бəсекелестік күресте жеңіс əкелетін жəне қажетті қаржылық нəтижелерді қамтамасыз ететін басқарушылық шешімдерді іздеуі қажет. Кəсіпорынның қаржылық жағдайының, оның ішінде оның тұрақтылығының, іскерлік белсенділігінің жəне қызметінің тиімділігінің көрсеткіштерін толық сипаттамасын есеп берудің барлық нысанындағы мəліметтерге талдау жасау негізінде алуға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz