Тауарлы материалдық қорлар есебі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

«ЖАМБЫЛ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ»

МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету»

мамандығы бойынша

«Бухгалтерлік есеп» пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

Тауарлы материалдық қорлар есебі

Топ: 4 Е

Орындаған: Абдыбахит Б. Н.

Жетекші: Куандыкова Н. Т.

Бағасы:

Тараз, 2020ж.

Жамбыл инновациялық жоғары колледжі

ТӘК: «Ақпараттық жүйелер»

Мамандығы: 06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету»

ТАПСЫРМА

Курстық жұмысты орындау бойынша

Білім алушы: Абдыбахит Балымай

Курстық жұмыстың тақырыбы: Тауарлы материалдық қорлар есебі

ТӘК отырысында талқыланған, хаттама № 1 «25» қыркүйек 2020ж

2. Курстық жұмысын өткізу мерзімі «9» қараша 2020ж.

3. Курстық жұмыс бөлімдерінің мазмұны :

І. Тауарлы материалдық қорларға жалпы сипаттама

ІІ. Тауарлы материалдық қорлар есебі

ІІІ. Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі (ЖШС) «Сауле» кондитер фабрикасының тауарлы материалдық қорлар есебі

Тапсырма берілген мерзім « 1 » қазан 2020ж

Бөлім меңгерушісі: Қуандықова Н. Т

Жетекші: Қуандықова Н. Т

Білім алушы: Абдыбахит Б. Н

Жоспары

Кіріспе

І . Тауарлы материалдық қорларға жалпы сипаттама

1. 1. Тауарлы материалдық қорлар туралы сипаттама

1. 2 Тауарлы материалдық қорлардың бағалануы

1. 3 Қорлардың құнсыздануы

ІІ. Тауарлы материалдық қорлар есебі

2. 1 Материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу жөніндегі құжаттама

2. 2 Материалдардың бухгалтериядағы есебі

2. 3 Материалдардың қоймадағы есебі

2. 4 Материалдық құндылықтарды түгендеу

ІІІ. Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі (ЖШС) «Сауле» кондитер фабрикасының тауарлы материалдық қорлар есебі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымша

Мазмұны

Кіріспе . . . 5

І . Тауарлы материалдық қорларға жалпы сипаттама . . . 6

1. 1. Тауарлы материалдық қорлар туралы сипаттама . . . 6

1. 2 Тауарлы материалдық қорлардың бағалануы . . . 8

1. 3 Қорлардың құнсыздануы . . . 12

ІІ. Тауарлы материалдық қорлар есебі . . . 14

2. 1 Материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу жөніндегі құжаттама. . 14

2. 2 Материалдардың бухгалтериядағы есебі . . . 16

2. 3 Материалдардың қоймадағы есебі . . . 18

2. 4 Материалдық құндылықтарды түгендеу . . . 20

ІІІ. Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі (ЖШС) «Сауле» кондитер фабрикасының тауарлы материалдық қорлар есебі . . . 21

Қорытынды . . . 24

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 26

Қосымша . . . 27

Кіріспе

Қазіргі қоғамның әкімшілдік - әміршілдік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтсам, жалпы мемлекеттік меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкершілікті, іскерлік басқарушылық үнемділікті алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері. Еліміздегі қаржы жағдайын бағалау, объективті ғылыми негізделген және үйлесімді басқару өндірістік әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның бухгалтерлік жағдайын толық қарастыру керек.

Барлық экономикалық ғылымдардың ішінде бухгалтерлік есеп пәні өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала деуге болады. Өйткені қаржының қоғамдық өндірістің даму жолында өте қажет болып табылады. Бухгалтердің негізгі міндеті - ол еліміздегі барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік тарапқа сай есептеу жұмыстарын жүргізу.

Қазіргі нарықтық экономиканың түбегейлі кешу кезеңінде қаржыға жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамның дамуының жаңа кезеңінде өндіріс құрал - жабдықтарының мемлекеттік меншіктен, ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда.

Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектіге қаржының маңызы ерекше зор. Шаруашылық субъектіде қаржының жұмысы бірнеше.

Курстық жұмыста тауарлы - материалдық есепке алу мәселелері қарастырылған. Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажеті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары - бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы - материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте өзекті. Материалдардың түгел және дұрыс сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала тиісті түрде жабдықталған материалдық-қорларды сақтайтын қойма немесе бөлме болуы қажет және бөлмелердің әрқайсысы материалдардың белгілі бір түрін сақтауға арналған болуы керек; материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары, өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы керек.

Тауарлы - материалдық қорлар жөнінде мәліметті толық және шынайы қалыптастыру бухгалтерлік есептің маңызды мақсаты. Осыған орай курстық жұмыста мынадай талаптар қойылады:
1. Тауарлы материалдық қорларға жалпы сипаттама жасау

2. Тауарлы материалдық қорлар есебін қарастыру

3. Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі (ЖШС) тауарлы материалдық қорлар есебін анықтау.

І. Тауарлы материалдық қорларға жалпы сипаттама

1. 1. Тауарлы материалдық қорлар туралы сипаттама

Өндіріс процесіне еңбек құралдарымен қатар еңбек заттары да қатысады.

Өндірістік қорлар - бұл бір өндірістік цикл процесінде толықтай тұтынылатын, өзіндік құнның бірден өнімнің, жұмыстың қызметтің өзіндік құныныа көшіріп, оның материалдық негізін құрайтын еңбек заттары.

Кәсіпорындағы тауарлы материалдық қорлардың есебіне сәйкес ұйымдастырады. Онда мыналар белгіленген

  1. Тауарлы материалдық қорлардың өлшемдері;
  2. Тауарлы материалдық қорлардың өзіндік құны;
  3. Тауарлы материалдық қорларды бағалау;
  4. Шығысты тану;
  5. Есеп берудің ашылуы;

Тауарлы материалдық қорлар бұл

  1. Шикізат қорлары материалдар, сатып алатын жартылай фабрикаттар мен кешендік бұйымдар отын ыдыс және ыдыстық материалдар қосалқы бөлшектер және өндірісте немесе жұмыстарды қызметтерді орындау кезінде пайдалануға арналған өзекті материалдар;
  2. Аяқталмаған өндіріс;
  3. Субьектінің қызмет барысында сатуға арналған дайын өнім тауар түріндегі активтер;

Тауарлы материалдық қорларды есепке алудың негізгі міндеттері:

  1. Қорлардың уақытылы және толықтай кірістірілуіне олардың сақталу жеріндегі және қозғалыстың барлық сатыларындағы сақталуына бақылау жасау;
  2. Қорлардың қозғалысы жөніндегі барлық операцияларды уақытылы және толықтай құжаттау;
  3. Көлік әзірлеу шығындары мен әзірленген қорлардың нақты өзіндік құнын уақытылы және дұрыс анықтау;
  4. Көлік әзірлеу шығындарын айналым шығындарына біркелкі және дұрыс есептеп шығарылуына бақылау;
  5. Қойма қорларының жағдайына бақылау жасау;
  6. Ішкі ресурстарды ұтқыр қолдану мақсатында субьектіге керек емес материалдық қорларды анықтау және сату;
  7. Сақталатын жерлердегі қорлардың қалдықтары мен қозғалысы жайлы дәл мәліменттерді алу;

Материалдық қундылықтарға әрекетті бақылаудың қажетті шарты болып табылатындар:

  • жабдықталған қойма үй - жайлардың болуы;
  • материалдарды қоймалардың секциялары бойынша, ал олардың ішінде жекелеген топтар бойынша орналастыру;
  • материалдық құндылықтарды қабылдау мен босатуға жауапты адамдар тобын белгілеу;
  • тауарлы материалдық құндылықтарды қабылдау мен босату құжаттарына қол қою құқы берілетін лауазымды адамдар тобын белгілеу;
  • материалдар есебін дұрыс және тиімді ұйымдастыруды камтамассыз ету қажеттігі;
  1. Материалдық тауардың бірегей номенклатураларын әзірлеу;
  2. Құжат айналымының айқын жүйесі және тауарлы материалдық құндылықтарды кіріс ету және есептен шығару жөніндегі операцияларды рәсімдеу тәртібін сақтау;
  3. Бастапқы құжаттардың есептік нысандарын біркелкі қалыпқа келтіру;
  4. Тауарлы материалдық қорларға тұрақты түрде түгендеу жүргізу;
  5. Бухгалтериядағы материалдардың есебі учаскісін компьютерлендіру;

Өндірістік қорлар функционалдық бағыты бойынша былайша бөлінеді:

  1. Шикізаттар мен материалдар - бұл өнім әзірленетін еңбек заттары. Олар өнімнің материалдық негізін қалайды. Бұл орайда шикізат - бұл ауыл шаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіптік өнімдері (астық, мата, мұнай, сүт, кеніш, газ) Негізгі материалдар - бұл ұқсатушы өнеркәсіптің өнімдері (ұн, мата, қант, темір) . Көмекші материалдар - бұл шығарылатын өнім құрамына енетін материалдар, бірақ негізгі материалдардан ерекшелігі - өнімнің заттай негізін қаламайды. Бұл материалдар негізгі материалдарға қосымша ретінде өнімге қажетті сапа беру үшін қолданылады ( желім, лак, бояулар)
  2. Сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен жиынтықтаушы бұйымдар - бұл белгілі бір өндеу сатыларынан өткен бірақ әлі дайын болып табылмайтын шикізат пен материалдар. Әзірленген өнімде негізгі материалдар сияқты рөлді атқарады, яғни оның материалдық негізін құрайды
  3. (тоқыма өндірісінде игерілген жіп, машина жасудағы моторлар, автомобиль жасаудағы доңғалақтар)
  4. Отын - бұл мұнай өнімдері (мұнай, бензин, керосин, дизель отыны) қатты отын (көмір, фтор, ағаш, отын) және газ тәрізділері. Отындар былай бөлінеді:

А) технологиялық

Б) қозғалтқыш

Г) шаруашылық

4. Ыдыс және ыдыс материалдар - бұл әр түрлі материалдарды буып түюге, тасымалдауға, сақтауға пайдаланылатын заттар (қаптар, жәшіктер, қораптар)

Былайша бөлінеді:

А) қызмет мерзімі мен құнына байланысты НҚ несмесе материалдардың құрамында ескерілетін инвентарлық ыдыс;

Б) өндірістік қорлардың құрамында ескерілетін инвентарлық емес ыдыстар;

Жеткізу талаптарына сай ыдыстар қайтарымды (әдетте көп рет пайдаланылатындар) немесе кепілді болуы мүмкін Мұндай кезде жеткізуші сатып алушыдан кепіл алады, ал оны ыдыс тапсарғаннан кейін қайтарады.

  1. . Қосалқы бөлшектер тозған тетіктер мен машиналық жабдықтарды жөндеуге және алмастыруға қызмет етеді.
  1. Өзге материалдар - бұл өндіріс қалдықтары ( сынықтар кесінділер ұнтақтар) түзелмейтін ақаудан қайтарылатын қалдықтар, негізгі құралдардың шығарылуынан алған материалдық құндылықтар
  2. Құрылыс материалдарын құрылысшы кәсіпорындар қолданылады және құрылыс бұйымдарын әзірлеу құрылыстарды көтеру және әрлеу үйлер мен ғимараттар ушін бөліктер салу үшін құрылыс монтаж жұмыстары кезінде тікелей пайдаланылады.

Материалдық қорлардың барлық түрлерінің есебі 1300 «Материалдар» бөлімшесінің негізгі активтік инвентарлық шоттарда жүргізіледі:

1310 - шикізаттар мен материалдар шоты

1320 - Дайын өнім

1330 - Тауарлар

1340 - Аяқталмаған өндіріс

1350 - Өзге қорлар

1360 - Қорларды есептен шығару бойынша резерв

Шаруашылық субъектілері әрбір шотқа қажетті мөлшерде субшоттар мен талдамалы шоттар аша алады. Субъектіге тиесілі емес бірақ онда уақытша сақтауда тұрған өндірістік қорларды есепке алу үшін баланыстын тыс шоттар пайдаланады.

Жауапты сақтауға қабылданған тауарлы материалдық құндылықтар

А) жеткізушілердің есеп айырысу құжаттарын төлеуден бас тартуына байланысты

Б) төлеу шартының талаптары бойынша жұмсауға тыйым салынған тауарлы материалдық құндылықтарды жеткізушілерден алғанда

В) өзге себептерге байлансты материалдар

Қайта өңдеуге қабылданған материалдар

Монтаждауға қабылданған жабдықтар. Бұл шотты құрылыс обектісіндегі монтаж үшін тапсырыс берушіден алвнған жабдықтардың құны ескеріледі.

1. 2 Тауарлы материалдық қорлардың бағалануы

Материалдық қорларды дұрыс есепке алу үшін материалдардың әзірленген номенклатурасы болуы керек.

Материалдар номенклатурасы - бұл атауы мен тиісті деректемелердің көрсетілетін материалдардың әрбір түріне номенклатуралық нөмір белгіленіп, дәл және тұрақты өлшем бірлігі белгіленеді. Бұған қоса, номенклатурада материалдардың ағымдағы есепте ескерілетін бағасы қойылады.

Номенклатуралық тізілім - номенклатура бағалық деп, ал онда көрсетілген бағалар есептік деп аталады.

Тағайындалған нөмірін, өлшем бірлігі мен бағасын тауарлы-материалдық қорлардың қалдығы мен қозғалысы ескерілетін барлық құжаттар мен тіркелімдерге қояды. Талдамалы есепте материалдық құндылықтар нақты есептік бағалар (келісім, жоспарлы-есептік) бойынша, ал жинақтамалы есеп пен есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша ескеріледі.

Материалдық ресурстардың нақты өзіндік құны мыналарға байланысты анықталады:

  1. Осы ресусртарды жеткізуші ұсынған несиеге сатып алғаны үшін процент төлеуді қоса алғанда, сатып алу шығындары;
  2. Коммерциялық, делдал ұйымдарға төленген үстемелер (үстеме ақылар), комиссиялық сыйақылар;
  3. Тауар биржаларының қызмет құны;
  4. Кедендік баж;
  5. Басқа ұйымдардың күшімен жүзеге асырылған тасымалдау сақтау жеткізу шығындары

Материалдарды есептік бағасы бойынша (келісім жоспарлы - есептік сатып алу) есепке алған кезде есептік баға бойынша қор құны мен сатып алынған қорлардың нақты өзіндік құндарының арасындағы айырма есептеу жолымен айқындалады. Егер материалдық құндылықтардың есебі келісім бағасы бойынша жүргізілсе онда олардың нақты өзіндік құны осы бағалар бойынша материалдар құны мен көлік әзірлеу шығындарынан құралатын болады. Көлік тасымалдау шығындарының құрамына кіретіндер

  1. Барлық алымдарды қоса алғанда теміржол тарифі су кіре пулы автомобильмен және ұшақпен тасымалдау және басқа да көлік түрлерімен тасымалдау тарифтері
  2. Жеткізушілердің қоймасынан теміржолмен және басқа да көлік құралдарымен материалдарды жеткізу.
  3. Қорларды сату, сатып алу және әзірлеумен тікелей байланысты іс-сапар шығындары.
  4. Қойманың тұрақты жұмысшыларына ақы төлеуді қоспағанда қоймадағы тиеу, түсіру және буып түю жөніндегі шығындар.
  5. Жабдықтаушы және делдал ұйымдарға төленген комиссиялық сыйақы.
  6. Қорлар сатып алу мен тікелей байланысты басқа шығындар тарифтің артық төленген соммаларын қайтару және сол сияқты түзетулер көлік дайындау шығындарының соммасы шегерілді.

Егер қорлардың талдамалы есебін жоспарлы есептік бағасы бойынша жүргізсе онда олардың нақты өзіндік құны осы бағалар бойынша құннан плюс минус нақты өзіндік құны осы бағалар бойнша құннан ауытқуынан құралады. Бұл бағаларды субьектілердің өзі келісім бағасының негізінде көлік әзірлеу шығындарының жоспарлы мөлшерін ескере отырып дайындайды. Көлік әзірлеу шығындары немесе жұмсалған материалдарға қатысты ауытқулар материалдық құндылықтардың шығыны келісім немесе есептік бағалар бойынша көрсетілген шоттарға ай сайын есептен шығарылады. Көлік әзірлеу шығындарының немесе ауытқулардың проценті олардың ай басындағы қалдығы немесе ай ішінде келіп түскендердің соммасын материалдардың ай басындағы қалдығының және келісім бағасы бойынша келіп түскен материалдардың соммасын бөліп, алынған нәтижені 100 ге көбейту жолымен анықталады. Есептелген шығарылған процент бойынша көлік әзірлеу шығындарын немесе ауытқуды тиісті шоттарға есептіп шығарады. Материалдар түрлері немесе топтарлың шығын көлемінде олар бойынша көлік әзірлеу шығындарының немесе ауытқудың процентін табу керек болса және жеткізушілерімен тұрақты байланыс болған кезде бухгалтерлік есептің деректері бойынша өткен айлардағы проценттің қолданылуы мүмкін.

Өндіріске есептен шығарылатын материалдық ресурстардың нақты өзіндік құнын анықтау мынандай әдістердің біреуін қолдану жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

Кесте №1

Орташа құн ай басында қолда бар материалдық құндылықтар мен ай ішінде келіп түскендердің құнын материалдық құндылықтардың бірлігінің санына бөлу жолымен есептеледі.

ФИФО - бұл материалдық құндылықтарды олардың бастапқы құны бойынша бағалау әдісі. Мұндай әдісте мынандай қағида қолданылады. «Бірінші топтамада - кіріске, бірінші болып - шығысқа» яғни материалдық құндылықтардың шығынын оларды сатып алу құны бойынша белгілі бір кезектілікпен бағалайды алдымен бірінші сатып алынған топтаманың бағасы бойынша материалдардың шығындарын есептеп шығарады, одан кейін - екіншісін, содан кейін - үшіншісін және сөйтіп жұмсаған материалдардың жалпы саны біткенге дейін жасалады. Бағалау тәртібі материалдарды жұмсаудың кезектілігіне тәуелді емес.

Арнайы жалпылама бірегейлендіру әдісі - бұл әдіс материалдық құндылықтардың топтамалық есебін ұйымдастыру мүмкін болған жағдайда ғана қолданылады. Егер ай соңындағы қалдықтағы үшінші немесе басқа топтың материалдық құндылықтарының белгілі бір саны болса, онда материалдық құндылықтардың шығысын да, қалдығын да анықтауға болады.

Кесте №2

2020 жылғы қазан айындағы материалдық құндылықтардың қолда бары мен қозғалысы

Көрсеткіштер
Саны дана
Бағасы
Сомма
Көрсеткіштер:
  1. 20. 10. 20 ж қалдық
  2. Қазан айында келіп түскен

10. 10. 20 (1 топтама)

15. 10. 20 (2 топтама)

21. 10. 20 (3 топтама)

25. 10. 20 (4 топтама)

Кіріс жиыны

Қалдықпен бірге

Ай ішіндегі шығындар

1. 11. 2020 қалдық

Саны дана:

1200

300

400

700

250

1650

2850

2150

700

Бағасы:

100

110

130

140

120

Сомма:

12

33000

52000

98000

3

213000

333000

1 әдіс Орташа өлшемді құн әдіс . Материалдық құндылықтың бір бірлігінің орташа бағасы 333000/2850 = 116, 84 тг тең.

Шығыс 2150 * 116, 84 = 251206

1. 11. 2020ж қалдық 700 * 116, 84 = 81788 тг тең.

2 әдіс ФИФО

Шығыс 1200 * 100 = 12

300 * 100 = 33000

400 * 130 = 52000

250 * 140 = 35000

2150 24

Қалдық 450 * 140 = 63000

250 * 120 = 3

700 3000

3 әдіс Арнайы бірегейлендіру.

Бірінші топтаманың 100 дана, төртінші топтаманың 220 дана қалдығы бар екендігі, 210 - бастапқы қалдық бар екендігі белгілі.

1. 11. 07 ж қалдығы мынаған тең

210 дана * 100 = 21000

100 дана * 100 = 1

170 дана * 140 = 23800

220 дана * 120 = 26400

700 82200

Шығыс мынаған тең 333000 - 82200 = 250800

Кесте №3

Көрсеткіштер
Орташа өлшемдік құн
ФИФО
Арнайы бірдейлендіру
Көрсеткіштер:

Шығыс саны/ құны

Қалдық саны / құны

Орташа өлшемдік құн:

2150/251206

700/81788

ФИФО:

2150/24

700/93000

:
Арнайы бірдейлендіру:

2150/250800

700/82200

Сатудың таза құны бойынша қорларды бағалау мынандай жағдайларда жүзеге асырылады

  1. Қорлардың нарықтық құнның кемуі
  2. Қорларға залал келтіру
  3. Толықтай немесе ішінара ескіру. Құнның төмендеу мөлшері жекелей

А) нақты заттар үшін

Б) жалғыз заттар тобы үшін

В) қорлардың бірнеше тобы үшін

Г) коммерциялық қызметтің қандай да бір түріне қатысты заттар үшін есептеледі.

Есептеу сонымен қатар кәсіпорынның барлық қорларының жалпы құнының негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Қорлардың құнын ішінара есептен шығару нәтижесінде іске асырылмаған пайдамен байланысты ысырапты есепке алу жүргізіледі. Батыс елдерінде сатудың таза құнын материалдық құндылықтардың шынайы құны анықталатын бағалау әдістерінің бірі болып табылады. Оны субъект құндылықтарын нарықта сата отырып бұл құнды қорларды сату жөніндегі субъект шығындарына түзету жолымен алады. Фирмалар қорларды бағалаудың жылдан жылға пайдаланатын әдісін таңдап ала алады. Шынайы негіздеме болған кезде фирма себептер мен жылдық есепке әсерін баяндай отырып басқа әдісті қолдана бастай алады.

1. 3 Қорлардың құнсыздануы

Осы Стандарттың 464-466-тармақтарына сәйкес субъект әрбір есепті күнге қорлар құнсызданды ма, жоқ па, яғни қорлардағы шығындардың орнын қаншалықты толтыруға болатындығын (құнсыздану зақымдану, ескіру немесе түскен сауда құны салдарынан болуы мүмкін) айқындауға тиіс. Қорлар баптары (немесе баптар тобы) құнсызданған жағдайларда көрсетілген тармақтар субъектіні аяқтауға және өткізуге жұмсалған шығындарды шегергендегі сату бағасы бойынша қорларды өлшеуге міндеттейді. Осы тармақтарда, сондай-ақ құнсызданған қорлардың құны қалпына келтірілуге тиіс жағдайлар сипатталады.

Шығыс ретінде тану

Қорларды сатқаннан кейін олардың баланстық құнын субъект тиісті кіріс танылатын кезеңде шығыс ретінде тануға тиіс.

Кейбір қорлар, мысалы, негізгі құралдардың өздігінен жүргізілген объектілерінің құрамдас бөлігі ретінде пайдаланылған қорлар басқа да активтердің есебіне жатқызылуы мүмкін. Мұндай тәсілмен басқа активтерге таратылған қорлар осы активті пайдалы пайдалану мерзімі ішінде шығыс ретінде танылады.

Ақпаратты ашу

Субъект мыналарды ашады:

1) қорларды өлшеу үшін қабылданған есеп саясатын, оның ішінде олардың өзіндік құнын есептеудің пайдаланылатын тәсілін;

2) қорлардың жалпы баланстық құны мен осы субъект үшін қолайлы сыныптамалардағы баланстық құнды;

3) кезең ішінде шығыс ретінде танылған қорлардың сомасын (сатылған тауарлардың өзіндік құны) ;

4) осы Стандарттың 230-тармағына және 464-466-тармақтарына сәйкес осы кезеңде шығыс ретінде танылған барлық құнсызданған қорлардың сомасын;

5) осы Стандарттың 230 және 466-тармақтарына сәйкес кезең ішінде бұрын танылған құнсызданулардың барлық қалпына келу сомасын және осы қалпына келтірулерге әкелген жағдайлардың немесе оқиғалардың сипаттамасын;

6) міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде кепілге салынған қорлардың баланстық құнын.

Алайда субъект ұқсас емес тауарларға немесе қызметтерге тауарлар сатылатын немесе қызметтер көрсетілетін кездегі кірісті таниды. Осындай жағдайда субъект:

1) алмасу операциясының коммерциялық мазмұны болмаса

2) алынған активтің де, берілген активтің де әділ құны сенімді түрде өлшене алмайтын жағдайларды қоспағанда, осындай операцияларды әділ құн бойынша өлшеуге тиіс. Егер операция әділ құн бойынша өлшене алмайтын болса, онда оны берілген активтің баланстық құны бойынша өлшеу керек.

Субъект әдетте осы бөлімде ұсынылған кірісті тану өлшемдерін әрбір операцияға бөлек қолданады. Алайда субъект операцияның мазмұнын көрсету қажет болған кезде оның жеке анықталатын компоненттеріне тану өлшемдерін қолдануға тиіс. Мысалы, субъект тауардың сату бағасы кейіннен қызмет көрсетуге сәйкестендірілетін соманы қамтитын кезде операцияның жеке анықталатын компоненттеріне тану өлшемдерін қолданады.

ІІ. Тауарлы материалдық қорлар есебі

2. 1 Материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу жөніндегі құжаттама

Материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу бойынша типтік құжаттар әзірленеді. Оларды уақытылы жазып, дұрыстап рәсімдеу үйлесімді ұйымдасьтыру есепе пен осы қорлардың сақталу әрі дұрыс пайдалануына бақылау жасауға мүмкіндік береді. Субъектінің бас бухгалтері дұрыс құжат айналымын типтік құжаттардың қолданылуын әзірлеуін ұйымдастырып олардың жасалу тексеру және қабылдау кестесін барлық орындаушыларға жеткізушілерге жеткізуге міндетті. Материалдық қорлардың қозғалысына байланысты барлық операциялар құжаттармен ресімделеді. Материалдық құндылықтар кәсіпорынға әдетте жеткізу шарты бойынша келіп түседі. Онда жеткізілгені саны соммасы, асссортименті жинақтылығы, сапасы, есептеулер мен жеткізу жшарты бұзғаны үшін қарастырылған санкциялардың соммасы белгіленеді.

Келіп түсетін материалдық құндылықтардың есепті құжаттары (шот фактура, төлем талап тапсырмасы, тауар көлік жүк құжаттары ) жабдықтау бөліміне жіберіледі. Жабдықтау бөлімінің қызметкерлері:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауарлы - материалдық қорлардың қоймадағы есебі
кәсіпорындағы тауарлы материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуын зерттеу және «ЕмбіМұнайГаз» АҚ – ның мәліметтері негізінде кәсіпорынға экономикалық сипаттама беру
Мемлекеттің сыртқы сауда жағдайының теориялық негіздері
Кәсіпорында тауарлы-материалдық қорларды аудиттеуді ұйымдастыру жолдары
Материалдардың номенклатурасы
Тауарлы-материалдық қорларды талдау
Қоймадағы материалдық қор есебі
Тауарлы-материалдық қорлар туралы ақпарат
Тауарлы-материалдық қорлардың есебі туралы ақпарат
Қорларды бағалау әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz