Тордан алыс берілген допты шабуылдай соғу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Ақпараттық технологиялар факультеті
Информатика кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:Волейбол. Шабуылдау және тоқауыл қою әрекетін үрету.

Орындаған: Шарипбай Әсемай
Тобы: ИНФ-11
Тексерген:Боранбаева Д.Ж

Нұр-Сұлтан 2020 жыл
Волейбол. Шабуылдау және тоқауыл қою әрекетін үрету.
Ойын техникасы - жарыс нәтижелерін қамтамасыз ететін арнайы амалдар мен орындайтын тәсілдер: тұрыс және ауыстыру, беру, беруден допты алу, шабуыл ұрыс үшін беру, шабуыл ұрыстар мен жалған әрекеттер, блоктау, алаңның түбнде шабуыл ұрыстар мен жалған әрекеттерден допты алу, шабуыл ойыншыларын және қорғаныста серктестерді сақтандыру.
Негізгі техникалық амалдарды ерекшелейді: беру, әрі қарай беру, шабуыл ұрыс, беруден допты қабылдау, болктау, және әртүрлі ойын жағдайларында негізгі амалдардың орындауын қамтамасыз ететін немесе олардың құрамдас бөлігі болып табылатын (секіруде, құлауда, төмен немесе жоғары тұруда, әрі қарай беру, секіруде беру, жүгіру ұмтылысынан секірудегі шабуыл ұрыс) қосымша (ауыстыру, тұрыс, секірулер, құлау).

Шабуылдау
Тікелей шабуылдай соғу
Ол жүгіруден, допты соғудан және жерге түсуден тұрады. Жүгіру қашықтығы қысқа болса да секіру биіктігін қамтамасыз еткендей екпрін беретін болуы керек . Жүгіру қашықтығы 2,5 - 3 м. шамасында болады. Ол екі-үш қадамнан тұрады. Ең соңғы қадам барынша үлкен болып, аяқ аздап бүгіліп барып, алға шығып, салмақ өкшеге түседі. Содан соң екінші аяқ сәл алға шығады да, ол ұшынан басып, секіруге ыңғайланады. Секіру кезінде жауырын тік, қол төмен түсірілген. Сонан кейін барып аяқ ширыға тіктеліп, қол төмен алға, жоғары қатты сермеледі.
Әуеде ойыншы иығын артқа жіберіп, бағатын қол кері қарай сермеліп, секірудің ең жоғары нүктесінде доп соғылады. Саусақтар жинақы, қатты болады.
Ойыншы жерге бетін торға қарата түседі. Бұл оған қайта секіруге, немесе кез келген бағытта орын ауыстыруға мүмкіндік береді.
Бір бүйірден шабуылдай соғу
Соғудың бұл түрі доп тордан алыста болған кезде пайдаланылады. Секіру кезінде аяқтың табанынан торға паралель қою арқылы ойыншы оған бүйірімен бұрылады. Сермелген кезде қол артқа қарай жартылай шеңбер жасап, кері қарай қозғалғанда допты соғады. Допты секірудің ең нүктесінде соққан жөн. Соғар кезде доп ойыншының үстіне сәл алға болуы керек. Допты соққан соң ойыншы бетін торға қаратқан күйі жерге түседі.
Тік және бір бүйірлей шабуылдай соғудың тағы бір түрі аударыла шабуылдай соғу болмақ. Оны атқару кезінде доптың ұшу бағыты ойыншының жүгіру бағытымен сай келеді. Бұл алдынғыларына қарағанда күрделілеу. Мұнда секірудың ең жоғары нүктесінде ойынш басын күрт бұрып сол қолын жанына қарай сермеп, кеудесін бұрып алады да допты соғады. Сонан соң допты соққан бағытқа бетін бұрып, аяғын бүгіп, жерге түседі. Кейде кеудені бұрмай-ақ аудара соғу білекті бұру арқылы да жүзеге асырылады. Мұнда соғатын қол тік тимей иіліп барын допқа жанынан тиеді.
Шабуылдаушы соққыларға оқыту методикасы
Шабуылдай соғуға үйрету кезінде әртүрлі әдістер қолданылады. Ең алдымен жүгіруге және секіруге үйретіп, қажетті қимыл машығын бекіте түскен жөн. Әсіресе аяқты дұрыс қоюға және секірген кезде оның бүгіу дәрежесіне ерекше мән бкру керек. Секіру жоғарыға қарай тік болсын.
Келесі кезең допты секірусіз соғуды үйрену болмақ. Допты қол созым биіктікке соғу қажет. Одан әрі допты ойыншы оөі лақтырып, сонан соң секіріп барып соғады.
* Жүгіріп кеп шабуылдай соғу әрекетін жасау.
* Допты қабырғаның жанында әріптесіне лақтырып барып екі қадамнан шабуылдай соғу.
* Допты қабырғаның жанында әріптесіне лақтырып, үш қадамнан шабуылдай соғу.
* 2 және 3 жаттығуды аласартылған тор арқылы орндау.
* Аласартылған тор арқылы 3 аймақтан берілген допты 4 аймақ шабуылдай соғу.
* Аласартылған тор арқылы 3 аймақтан берілген допты 2 аймақтан шабуылдай соғу.
* Аласартылған тор арқылы 3 аймақтан шабуылдан соғу.
Кейіннен осындай шабуылшы соққылар қалыпты биіктіктегі тор тор арқылы атқарылады. Оқыту кезінде қалыпты биктіктегі тордың үстіне ілініп қойылған доппен жаттығуға да болады.
Шабуылдаушы соққыларды атқарғанда кездесетін қателіктер
* Жүгіріп келген соң секіру жоғары емес алға қарай болады. Ол ортанғы сызықты басып кетуге немесе торға тиюге әкеліп соқтырады.
* Шабуылдай соғуға ерте шығыу
* Секіру кезінде қолдың жеткілікті бқле енді қимылдамауы.
* Допты соғарда торға үйірімен шығыу
* Допты шынтақтан бүгілген қолмен соғу.
* Бос саусақтармен соғу.
* Аяқты бүкпей соғу.
Шабуылдай соғуды жетілдіруге арналған жаттығулар
1.Өзі лақтырып, тор арқылы шабуылдай соғу.
2. Алдын ала 6-3-4 аймақтардан доп беріп алып, 4 аймақтан шабуылдай соғу.
3. 6-3-2 аймақтардан доп беріп алып, 2 аймақтан шабуылдай соғу.
4. Алыстан берілген допты шабуылдай соғу.
5. Алаңның белгілі аймақтарына шабуылдай соғу.
6. Алаңның түпкірінен берілген допты шабуылдай соғу.
7. Тордан алыс берілген допты шабуылдай соғу.
8. Дара басқаруға қарсы шабуылдай соғу.
9. Төменнен берілген допты шабуылдай соғу.
10. Топтық тосқауылға қарсы шабуылдай соғу.

Қорғаныс
Қорғаныс техникасында дұрыс тұру мен орын ауыстыру ерекше орын алады. Негізгі тұрыстан басқа, еңкейіп тұру немесе қорғанушының тұрысы бар. Мұндай тұрыста аяқ тізеден бүгіліп, ойыншы кез-келген қатты соққыны қабылдауға, кез-келген бағытта орын ауыстыруға әзір тұрады. Қорғаныста ойнаған кезде орын ауыстыру барлық бағытта адымдап немесе жүгіріп жүру арқылы жүзеге асырылады. Қарсыластың шабуылдаушысы соққысын тосқауыл қойғанда ойыншы бір орыннан секіріп және тор бойымен қозғалып барып тосқауыл жасайды. Қорғаныста қиын допты қабылдау үстінде ойыншы құлап барып та алады.
Қорғаныс техникасында орын ауыстыру және доптың астына шығу шабуылдағыға қарағанда ерекше мәнеге ие болады.
Ойынға қосылған допты және шабуылдаушы соққыны қабылдау
Ойынға қосылған допты немесе шабуылдаушы соққыны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептегі волейболдың теориялық және әдістемелік негіздері
Волейболшылардың жаттығуларын ұйымдастыру
Допты боссаусақтармен соғу
Денешынықтырудан дәрістер
Волейбол оқыту әдістемесі
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫС ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ОҚЫТУ КЕЗЕНІНДЕГІ ДОПТЫ БЕРУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ ТЕХНИКАСЫН ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ КОЗҒАЛЫС ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРДЫҢ ЖАТТЫҒУЫН ЖЕТІЛДІРУ
Волейбол алаңы
Алаңда жүргізілген сызықтар
Доп тастау
Пәндер