Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің персоналы



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқару сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Бөрлі ауданының даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

2. Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әлеуметті к-экономикалық дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.1. Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2. Бөрлі ауданы Ақсай қаласы дамуына бағытталған бағдарламалар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Кіріспе

Өндірістік тәжірибенің объектісі Бөрлі ауданы Ақсай қаласы мемлекеттік мекемесі.
Өндірістік тәжірибенің мақсаты оқуда алған білімімді тәжірибеде қолданып, алдағы уақытта кәсіби білімімді шындауға талпыныс, теориялық білімімді бекіту және нығайту, мемлекеттік және жергілікті басқару объектілерін басқарудағы дербес тәжірибелік жұмыстарды орындау дағдыларын жинау.
Өндірістік тәжірибенің міндеттері:
- Бөрлі ауданы Ақсай қаласы мемлекеттік мекмесінің құрылуын және құқықтары мен міндеттерін қарастыру;
- Бөрлі ауданы Ақсай қаласы мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау.
Тәжірибенің алғашқы күні техникалық қауіпсіздікпен, мекеменің төлқұжатымен танысып, тәжірибе жетекшісі тағайындалды.
Өндірістік тәжірибе жоғары кәсіби білім беру бағдарламасының негізгі құрамы болып табылады. Өндірістік тәжірибе студентке өз іс-әрекетін дербес жоспарлауды үйренуге, өзінен үлкен әріптестерімен қарым-қатынас қалыптастыруға және рөлдік кәсіби бағытты анықтауға мүмкіндік береді, жауапкершілік пен үлкен еңбек ұжымына тәуелділік сезімін қалыптастырады. Өндірістік тәжірибе ережеге сай басқа кәсіби ұйымдарда, мекемелер мен кәсіпорындарда өткізіледі.
Әкімшілік - елбасының, басқа да мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық үйымдардың жұмысты басқаруды ұйымдастыратын қызметкерлер құрамы. Әкімшіліктің ұйымдық құрылымы оның жергілікті мемлекеттік биліктің атқарушы органы ретіндегі қызметінің міндеттері мен құзыреттері арқылы айқындалады. Әкімшілік әкімнен, оның орынбасарларынан, басқармалардан, бөлімдерден және т.б. қызмет бөлімшелерінен тұрады. Әкімшіліктің құрылымын облысты, ауданды, қаланы басқарудың жобасына сәйкес анықтап, әкімнің ұсынуымен мәслихат бекітеді. Жергілікті атқару органдарының экономикалық және қаржылық негізгі әкімшілік-аумақтық бірліктердің меншіктерінен, жергілікті бюджеттің қаражатынан, жергілікті салықтардан, қаланың, ауданның меншігіндегі мүлік үшін төленетін жалдамалық ақылардан, кәсіпорындардан алынатын салықтардан және басқа да төлемдерден құралады. Әкім жергілікті бюджеттен басқа бюджеттен тыс қор құра алады. Әкімшілік бюджетті жоспарлап, қалыптастыру, жұмсау, шаруашылық қызметті ұйымдастыру, көлік пен байланыс, жер пайдалану, табиғатты қорғау, табиғи ресурстарды жөнімен пайдалану, тұрмыстық қызмет көрсету, сауда, түрғын үй, коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік- мәдени қызмет көрсету (білім беру, денсаулық сақтау, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, т.б.), заңдылықты, құқықты, тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау құзыретін иеленеді.
Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесіне деген жаңа талаптар мемлекеттің басқару жағдайын зерттеу және мемлекеттік басқару жүйесінің, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің ғылыми негізделген моделін жасау қажеттілігімен байланысты.
100 нақты қадам - Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойды. Қалғандары, негізінен, ұзақ мерзімге арналған және жоспарлы түрде іске асырылуда.
Өткен жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бастау алды.
Индустрияландыру бағдарламасы табысты іске асуда.
Цифрлық Қазақстан кешенді бағдарламасы қабылданды.
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары жасалды.
Біздің ұзақ мерзімді мақсаттарымыз өзгеріссіз қала береді.
Қажетті бағдарламалардың барлығы бар.
Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу айқындайды.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайын қазақстан халқына өз Жолдауын арнап, тәуелсіз Қазақстанның дамуының басты бағыттарын белгілеп келеді. Соның нәтижесінде егемен еліміз әрқашан жаңа биіктерді бағындырып, бүгінгі күні Қазақстан-2050 Стратегиясын қабылдаған, ең дамыған 30 елдің қатарына жету мақсатын көздеген айбынды мемлекетке айналды. Енді осы ұлы мақсаттарға жетудің жаңа тарихи дәуірі басталды.
Елбасы халыққа Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері Жолдауын жариялап, өнеркісіптік революция әлеміне бейімделудің және табысқа жетудің 10 міндетін атап көрсетті.
Сондықтан Елбасының биылғы Жолдауы-заманға сәйкес тарихи өрлеу дәуіріне бастайтын, барша қазақстандықтарды ортақ мақсат жолында жұмылдыратын, әрбір азаматты нақты іс-әрекетпен өсуге жетелейтін, біртұтас ұлт болу қадамымызды айқындайтын өте маңызды құжат. Оны жүзеге асыру әрқайсымызға, зор жауапкершілік жүктейді. Оны абыроймен атқару баршамыздың абыройлы міндетіміз.

1. Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқару сипаттамасы

1.1. Бөрлі ауданының даму тарихы
Бөрлі ауданы -- Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Аудан шығысында Шыңғырлау, оңтүстігінде Сырым, батысында Теректі, Зеленов ауданымен және солтүстігінде Жайық өзенінің бойымен Ресей Федерациясының Орынбор облысымен шектеседі. Аудан орталығы - Ақсай қаласы.
Бөрлі ауданы 1935 жылдың 30 маусымда құрылған, қазіргі шекарасы бойынша 1965 жылы қалыптасты. Аудан аумағы 5 556 мың шаршы метр алып жатыр.
Ауданның құрамына 15 ауылдық округ және Ақсай қаласы кіреді. Округтері: Александров, Ақбұлақ, Ақсу, Березов, Бөрілі, Бімакөл, Жарсуат, Қанай, Кентөбек, Қарағанды, Қызылтал, Приурал, Пугачев, Қарақұдық, Успенов. Аудан тұрғындарының саны 2014 жылы 54 982 адамды құрады, оның ішінде Ақсай қаласында 33 642 адам[1], халықтың тығыздығы 1 адамға 9,9 шаршы метрден келеді. Ұлттық құрамы: қазақ 69,3%, орыс 19,9%, украин 6%, татар 1,7%, белорус 0,8%, неміс 0,4%.
Бөрілі ауданы арқылы Саратов - Елек (Илецк) темір жолы, Ақсай - Жымпиты - Шыңғырлау автомобиль жолы өтеді. Аудан орталығынан облыс орталығына дейінгі арақашықтық 120 км. Темір жол ұзындығы 85 км, ол облыс жолдары ұзындығының 17,1 % құрайды. Автомобиль жолдарының ұзындығы 465 км, оның ішінде 240 км қатты жабындымен, 220 км қиыршық тас жабындымен және 5 км топырақ жабындымен жабылған.
Кен байлықтарынан мұнай, газ (Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны ), табиғи құрылыс материалдары кездеседі. Аудан аумағында пайдалы қазбалардың 10 кен орны белгілі, олардың біреуі - мұнай-газ, қалғаны- құрылыс материал. Кен орны қорының мөлшері, өнімділігі және қызмет мерзімі бойынша бірегей болып табылады.
Аудан жері өзен, сай-жыралармен тілімденген, қыратты, көтеріңкі жазық. Климаты тым континенттік. Жазы ыстық, қысы суық. Қаңтарда ауаның орташа температурасы - 15°С, шілдеде 24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 - 250 мм.Бөрілі ауданының жері шөлейт белдемде жатыр. Аудан аумағынан Жайық, Ақжайық , Елек, Шыңғырлау өзендері ағып өтеді. Жері негізінен қоңыр және сортаң топырақты. Өсімдік негізінен өзен жайылмаларында өседі. Ағаштардан емен, шегіршін, терек, ырғай, т.б. бар. Жануарлардан түлкі, қарсақ, қабан; құстардан дуадақ, безгелдек кездеседі.
Бөрілі ауданы негізінен астық өсіру мен мал шаруашылығымен шұғылданады. Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жері 553,2 мың га, оның ішінде егістігі 86,3 мың га, жайылым 56,2 мың га, шабындық 9,7 мың га.
Қарашығанақ кені игеріле басталуы қала дамуына жаңа қарқын берді. 1980 жылдар бойы Герман Демократиялық Республикасы мен Чехословакиядан құрылысшылар келіп, Қарашығанақта газ өндірісіне қажетті қондырғылар салды. Ақсайда шет қалмай, бірнеше шағын аудан, мектеп, балабақша, ойын-сауық орталықтары салынды.
Ақсай қаласында машина-трактор жөндеу, темір-құйматас бұйымдарын жасау зауыттары, автобаза, астық қабылдау пункті, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, темір жол көлігі кәсіпорындары, нан зауыты, элеватор жұмыс істейді.
Орта мектептер, кітапханалар, аурухана, кинотеатр бар. Қалада 8 орта мектеп бар. Тұрғындар облыс орталығымен, жақын аудандармен автомобиль жолдары арқылы қатынасады. Ақсай қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны орналасқан.

1.2 Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің құрылымы
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Батыс Қазақстан Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан.
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі басшысының шешімдерімен, өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармақшасына сәйкес:
:: Қоса беріліп отырған Моно қала елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты берілген.
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090300, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы Ақсай қаласы, Советская көшесі 99.
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі басшымен бекітілген аппараттың жұмыс регламентіне сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.
Мемлекеттік органның толық атауы -Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі.
Мемлекет Бөрлі ауданы әкімдігі тұлғасында Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

ӘКІМ

Жетекші маман
Бас маман
Әкімнің орынбасары

Сурет 1. Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің құрылымы.

1 суретте көрсетілгендей Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің құрылымы мынадай:
Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімі Халелов Алдияр Сансызбаевич.
Атқаратын қызметі:
Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
-жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
-жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
-мектепке дейінгі тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
-өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;
-елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
-аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
-мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қолданады;
-учаскелік полиция инспекторларының ерікті көмекшілерінің жұмысын ұйымдастырады;
-мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілітін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;
-берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;
-кіріс көздерін қалыптастырады;
-бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару фнкцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;
-бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) қазақстан республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды.
Әкімнің орынбасары қызметін Халауедин Аян Халауеұлы атқарады.
Атқаратын қызметі:
-әкімнің орынбасары - әкімнің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан қамтамасыз етеді.
- ұйымдық-құқық және материалдық техникалық жағынан қамтамасыз ету.
-өз құзыреті шегінде мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асырады.
-өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Президенттің, Үкіметтің нормативтік құқықтық актілерін, облыс, аудан әкімдігінің қаулыларын, өкімдерін, тапсырмаларын, облыстық, аудандық мәслихаттың шешімдерін орындайды және орындалуын қамтамасыз етеді.
-құжаттарды реттейді
-салық тарифтерін орындайды
Бас маман Бексеитова Алия Саиновна .
- ауылдық округ әкімі қабылдаған нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізеді.
-статистикалық көрсеткіштерді жүргізеді.
Кесте 1.
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің персоналы


Аты-жөні
Қызметі
1
Халелов Алдияр Сансызбаевич
Қала әкімі
2
Халауедин Аян Халауединұлы
Әкім орынбасары
3
Дарисов Алтай Нурланович
Әкім орынбасары
4
Бексеитова Алия Саиновна
Бас маман
5
Биназарова Тансауле Жаксылыковна
Бас маман
6
Сиволобова Людмила Владимировна
Бас маман
7
Сисенов Нурболат Камидуллаевич
Бас маман
8
Жубанова Алия Талгатовна
Жетекші маман

1 кестеде көрсетілгендей Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің персоналының атқаратын қызметтері берілген.
Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің миссиясы қала әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.
Міндеттері: Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерін, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін орындауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
-қала әкімінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, қызметтік құжаттарды, азаматтардың өтініштерін қарастыру, келіп түскен құжаттарды талдау, мемлекеттік және басқа тілдердің қызметін қамтамасыз ету, азаматтар қабылдауын ұйымдастыру;
-қала әкімінің қатысуымен өтетін отырыстарды, мәжілістерді, жергілікті қоғамдастық жиналыстар мен жиындарды, семинарларды өткізуді қамтамасыз ету;
-қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеу;
-әкімнің шығарған актілерін тіркеуді жүргізу, тиісті дәрежеде рәсімдеу және таратуды қамтамасыз ету;
Функциялары:заңнамаға сәйкес шарттар жасайды;
-салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;
-әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
-нотариалдық іс-қимылдар жасауды ұйымдастырады;
-тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
-табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғыз ілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
-қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
-қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
-дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
-мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады;
-мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;
-халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
- шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады.
Құқықтары мен міндеттері:
-тиісті аумақта басқарудың тиімділігін көтеру жөніндегі сұрақтар бойынша соттарда, мемлекеттік органдармен қарым-қатынастарда әкімнің, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің мүдделерін қорғауға;
-өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалды лауазымды тұлғалардан мерзімінде сапалы орындауға;
-Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі және орталық органдары, облыс, аудан әкімшіліктерінің, әкімдерінің актілері мен тапсырмаларын мерзімінде сапалы орындауға;
-Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын ұстануға.
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің міндеттеріне:
-әкім аппаратының ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық, талдамалық қызметін жүзеге асыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
-қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын жүзеге асыру, ауданның мемлекеттік органдар жүйесінде кадрлар біліктілігін арттыру;

2. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әлеуметтік-экономикалық дамуы

2.1. Ақсай қаланың әлеуметтік көрсеткіштері
Елбасы халыққа Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері Жолдауын жариялап, өнеркісіптік революция әлеміне бейімделудің және табысқа жетудің 10 міндетін атап көрсетті. Оның ішінде ең алдымен индустрияландыруға, әсіресе кәсіпорындарды жаңғыртуға және цифрландыруға, кешенді ақпараттық-технологиялық платформаларды белсенді түрде енгізуге, Ақылды технологиялар арқылы аграрлық ғылымды дамытуға, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыруға, құрылысқа және комуналдық секторға заманауи технологияларды енгізуге, қаржы секторын қайта жаңғыртуға айрықша назар аударылып отыр.
Сондай-ақ Елбасының биылғы Жолдауында әр жылда негізгі міндетке айналып келе жатқан әлеуметтік салаға да ерекше көңіл бөлінді. Онда жастарды жаңа технологиялық жағдайға дайындаудың маңызды шарттары айтылып, білім берудің жаңа сапалық көрсеткіштері айқындалды.
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласында 2018 38515 адам, халықтың тығыздығы 1 адамға 7,4 шаршы метрден келеді. Ұлттық құрамы: қазақ 69,3%, орыс 19,9%, украин 6%, татар 1,7%, белорус 0,8%, неміс 0,4%.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы бойынша жастардың базасы жасақталып, құрамы зерделеніп отырады. Санақ бойынша жастар саны 9325, оның ішінде 5210 ер адамдар, 4115 әйел адамдар.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Сурет-2. Жастар құрамы.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Оның ішінде оқушылар 4523, студентер саны 2762. Жұмыссыз жастар саны 1671 құрап отыр, әскер сапындағылардың саны 112, жас кәсіпкерлер 114.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2015 жылғы бюджеттен аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны төлеуге 15 421 600 мың теңге қаражат қаралған. Өткен жылы ақылы қоғамдық жұмыс арқылы 1437 жұмыссыз адам түрлі маусымдық жұмыстарға тартылды. 257 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 93 жас жастар практикасына тартылды. 115 адам 57 бірлік ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының 1бағыты шеңберінде 1437 жұмыссыз, олардың ішінде: 42-шаштараз, 152-автокран, 43-көмекші тәрбиеші, 245-маникюр, 376-газоператор, 56-дәнекерлеуші мамандығы бойынша қысқа мерзімді оқуға жолданды. Округте жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 5 отбасы.
Табыс көзі аз 141 отбасына бойы 10 008 010 теңгенің жәрдемақысы төленсе, 1 реттік материалдық көмек сұрап өтініш білдірген 205 адамға 1 601 285 теңгенің көмегі берілді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Өткен жылы округте ақылы қоғамдық жұмыс арқылы 604 жұмыссыз адам түрлі маусымдық жұмыстарға тартылды. 87 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Өрлеу бағдарламасына 2 отбасы қатысып, бөлінген 296 496 теңге қаражатқа 2 бас ірі қара малы алынып, малданды және осы 2 отбасының 2 мүшесі тұрақты, 1 мүшесі маусымдық жұмысқа орналасты.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Округте жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген отбасы саны 6. Тиісті құжаттары жинақталып аудандық жұмыспен қамту орталығына тапсырылды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Кесте 2.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Әлеуметтік топтар

Әлеуметтік топтар
Саны
1
Табыс көзі аз отбасылар саны
141 отбасы
2
18 жасқа дейінгі бала саны
601 235
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Кесте 3.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Әлеуметтік топтар.

Әлеуметтік топтар
Саны
Сомасы
1
Табыс көзі аз отбасылар
141 адам
10 008 010 теңге
2
1 реттік материалдық көмек
205 адам
1601285теңге
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ақсай қаласында атаулы әлеуметтік көмек алушылар жоқ. Табыс көзі аз отбасылар саны 205 болса, 18 жасқа дейінгі бала саны 601 235 болып отыр. Осы 141 отбасына 10 008 010 теңгенің жәрдемақысы төленсе, 1 реттік материалдық көмек скрап өтініш білдірген 205 адамға көмек көрсетілді.(3-і 90 жастан асқандар, 10-ы аурулығына байланысты).
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Сурет 3. 2015 жылғы жәрдемақы көлемі.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Халықтың тұрмысын жақсарту бағытында Үкімет Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы бағдарламасын іске қосты. Мақсаты - несиелендіру арқылы халықтың кәсіппен айналысуына жағдай туғызу, өзін-өзі жұмыспен қамтуға мүмкіндік беру.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін азаматтарға әр түрлі бағдарламалар арқылы мемлекет жан - жақты көмек көрсетуде. Округте Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытында қабылданған жобаларға қызығушылық танытып, қатысушылар саны төмен.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Алдағы уақытта кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарламалардың өміршеңдігін тұрғындарға жете түсіндіруді жалғастыра беретін боламыз.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ауыл шаруашылығын дамыту, сол арқылы ауылдық жерден халықтың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін Үкімет әлемдегі қаржы дағдарысының теріс әсеріне қарамастан, мүмкін болған қолдау шараларын алып, берерін беріп келеді. Осыны түсініп, сол қолдауды тиімді пайдаланып, жағдайымызды жақсартуға құлшыныспен заман көшінен қалмайық, ағайын.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Аудан ішіндегі техникалық су жүргізу үшін осыдан 25 жылдай бұрын жүргізілген. Осы мақсатқа бұрын Кентүбек ауылынан тартылған 15 шақырым жерасты құбырларын теңгерімге алу үшін жеріне мемлекеттік акт жасалынды, енді техникалық құжатына 400,0 мың теңгедей қаражат қажет.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ақбұлақ мемлекеттік бағдарламасы аясында Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту бағдарламасы бойынша жұмысты жүргізуші Новосел-Строй сервис ЖШС кейбір материалдардың уақтылы келмеу себебінен жұмыс баяу жүріп, күні бүгін жұмыстар жалғасуда. Бұл жұмыстарға 9 ауыл тұрғындарынан жұмыссыздар және 5 студент жұмысқа тартылды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласы сумен жабдықтау жүйесін қайта құру. Жалпы құны - 189,465 мың тенге. Соның ішінде:
Авторлық қадағалау - 399,1 мың тенге. ТОО Казэкология жобалау
Құрылыс монтаж жұмыстарына Новосел-Строй сервис ЖШС - 187757,1 мың теңге.
Тех қадағалау - 1 337,0 мың тенге (УралСтройград ЖШС-гі). Құрылыс жұмыстарының мерзімі -8,5 ай. 2017 жылға Республикалық бюджеттен - 189 494,0 мың теңге. Ауыз сумен қамтудың көзі - 1, (жер үсті-1, жер асты-0,) орталықтандырылған су жұйесінен пайдаланылатын АЕМ саны -1. Өткен жылы аудан орталығын сумен жабдықтау жүйесін қайта құру нысанына - 62 022,2 мың теңге бөлініп игерілді. 2017 жылға қалған республикалық қаражат есебінен 182 584,0 теңге бөлінсе, қазіргі таңда құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі күнде Александров, Ақсу, Березов, Бөрілі, Бімакөл, Жарсуат ауылдарын сумен жабдықтау жұмыстарын жүргізу басталғалы тұр.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2015 жылы ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуын қамтамасыз ету, аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Халықтың тұрмысын жақсарту бағытында Үкімет Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы бағдарламасын іске қосты. Мақсаты - несиелендіру арқылы халықтың кәсіппен айналысуына жағдай туғызу, өзін-өзі жұмыспен қамтуға мүмкіндік беру.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Бүгінде ветеринариялық қызметке мемлекет тарапынан аса үлкен маңыз беріліп отыр. Барлық аудандық округтердегі сияқты бізде де ветеринариялық іс - шараларды жүзеге асыратын телім жұмыс жасауда.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қалада 57 шағын кәсіпкерлік субьектілері тіркелген. Олардың 26 жасап тұр. 2017 жылы 10 азамат жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, өз кәсіптерін ашты. Олардан түсетін салық көлемі 2 654 060 теңге.
Кесте 4.
Бөрлі ауылындағы 2016-2018 жылдардағы мал басы санының өсімі

2016 ж

2017 ж

2018 ж

2016-2018 ж

нақты
%
нақты
%
нақты
%
ауытқуы
%
Іріқара, бас
53168
107
57749
108,6
62518
108,2
9350
1,2
Қой-ешкі, бас
164430
119,1
194925
118,5
211295
108,4
46865
-10,7
Жылқы, бас
13972
128,2
15450
110,6
17296
112
3324
-16,2

4-шы кестеде Бөрлі ауылындағы 2016-2018 жылдардағы мал басы санының өсімі көрсетілген соның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаға терiс әсер ететiн кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi қайта бейiмдеу
Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мекемесі қызметі
БҚО, Ақсай қаласы, Бөрлі ауданының бұзылған жерлердің топырағын бонотировкалық бағалау
Барлық жерлер
Қaзaқстaндaғы шaғын қaлaлaрдың пaйдa болуы мен дaмуы және әлеуметтік-экономикaлық дaмуының aрттa қaлу себептері және олaрды бaсқaру
Құрылысты геодезиялық сүйемелдеу
Қазақстан моноқалаларының орналасу ерекшелігі және дамуы
Батыс Қазақстан облысы жайлы
Қарашығанақ компаниясының әлеуметтік жобалары
Батыс Қазақстан облысының демографиялық жағдайы
Пәндер