КПО өндірістік жарақаттанудың статистикалық талдауы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

Химиялық және биологиялық техгологиялар институты

Химиялық және биохимиялық инженерия кафедрасы

Камал Еркін Бақытжанұлы

Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б. В. ЖШС жұмысшыларына әсер ететін зиянды және қауіпті өндірістік факторларды талдау және оларды жақсарту жөніндегі іс- шараларды әзірлеу

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы 5В073100 - Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

Алматы 2020
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

Химиялық және биологиялық техгологиялар институты

Химиялық және биохимиялық инженерия кафедрасы


ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ Химиялық және биохимиялық
инженерия
кафедрасының меңгерушісі
хим. ғыл. д-ры, профессор
__________ Елигбаева Г.Ж.
____ __________2020ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б. В. ЖШС жұмысшыларына әсер ететін зиянды және қауіпті өндірістік факторларды талдау және оларды жақсарту жөніндегі іс- шараларды әзірлеу

5В073100 - Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығы бойынша

Орындаған Е.Б. Камал

Алматы 2020
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

Химиялық және биологиялық техгологиялар институты

Химиялық және биохимиялық инженерия кафедрасы

БЕКІТЕМІН
Химиялық және биохимиялық инженерия
кафедрасының меңгерушісі
хим. ғыл. д-ры, профессор
__________ Елигбаева Г.Ж.
____ __________2020ж.

Дипломдық жұмыс орындауға
ТАПСЫРМА
Білім алушы Камал Еркін Бақытжанұлы
Тақырыбы Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б. В. ЖШС жұмысшыларына әсер ететін зиянды және қауіпті өндірістік факторларды талдау және оларды жақсарту жөніндегі іс- шараларды әзірлеу
Университет ректорының 20 ж. № - бұйрығымен бекітілген.
Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі мамыр 2020 ж.
Дипломдық жұмыстың бастапқы берілістері: 2018 жылғы еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, қоршаған ортаны қорғау және өндіріс тұтастығы жөніндегі КПО жылдық есебі
Дипломдық жұмыста қарастырылған мәселелер тізімі:
а) Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В. кәсіпорнының жалпы сипаттамасы
б) Кәсіпорындағы еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастыру;
в)Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В. компаниясындағы оқиғалар мен жарақаттанушылықты талдау;
г) Еңбек жағдайларын жақсарту және жарақаттанушылықты төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу
Графикалык материалдардын тізімі міндетті түрде сызбалардын саны көрсетілген сызбалық материалдар тізімі: 15 бет
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер тізімі: 14 атау

Дипломдық жұмысты дайындау
ГРАФИГІ

Бөлімдер атауы, қарастырылатын мәселелер тізімі
Ғылыми жетекшіге мен кеңесшілерге көрсету мерзімдері
Ескерту
КПО б.в. кәсіпорнының жалпы сипаттамасы
24.02.2020 - 06.03.2020

Кәсіпорындағы еңбек қорғауды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастыру
07.03.2020 - 15.03.2020

КПО б.в. компаниясының оқиғалары мен жарақаттануын талдау
15.03.2020 - 21.04.2020

Еңбек жағдайларын жақсарту және жарақаттануды төмендету бойынша іс-шаралар әзірлеу
22.04.2020 - 10.05.2020

Дипломдық жұмыс бөлімдерінің кеңесшілері мен норма бақылаушының аяқталған жұмысқа қойған қолдары

Бөлімдер атауы
Ғылыми жетекші мен кеңесшілер,
аты, әкесінің аты, тегі (ғылыми дәрежесі, атағы)
Қол қойылған күні
Қолы
КПО б.в. кәсіпорнының жалпы сипаттамасы және еңбекті қорғауды ұйымдастыру
Батесова Ф.К.

Жарақаттануды талдау және еңбек қорғау жөніндегі түзету іс - шараларын әзірлеу
Батесова Ф.К.

Норма бақылаушы

Ғылыми жетекші _________________________________ Ф.К. Батесова

Тапсырманы орындауға алған білім алушы ____________ Е.Б. Камал

Күні _________________2020ж.

АНДАТПА
Дипломдық жұмыстын тақырыбы: Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б. В. " ЖШС жұмысшыларына әсер ететін зиянды және қауіпті өндірістік факторларды талдау және оларды жақсарту жөніндегі іс- шараларды әзірлеу.
Жұмыстың мақсаты - КПО-дағы жұмысшыларға әсер ететін қауіпті және зиянды факторларды талдау және олардан қорғану іс - шараларын әзірлеу.
Дипломдық жұмыста ықтимал қауіпті жазатайым оқиғалар мен өндірістік жарақаттардың талдауы жүргізілді, олардың пайда болуының негізгі себептері анықталды, жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары талданды, жұмыс жағдайын жақсарту және кәсіпорындағы енгізілуге ұсынылған жаңа ЖҚҚ қауіпсіздік көрсеткіштерімен және оның осы уақытқа дейін қолданылып келе жатырған ЖҚҚ қосымша енгізілунің тиімділігімен таныстырылды.

АННОТАЦИЯ

Тема дипломной работы: анализ вредных и опасных производственных факторов, влияющих на работу рабочих ТОО "Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б. В." и разработка мероприятий по их улучшению.
Цель работы - анализ опасных и вредных факторов, влияющих на работу в КПО, и разработка мероприятий по их защите.
В дипломной работе проведен анализ происшествий и производственных травм о потенциально опасных наказаниях, выявлены основные причины их возникновения, обсуждены условия труда на рабочем месте, ознакомлены с новыми указателями безопасности СИЗ, рекомендованными для улучшения условий работы и внедрения на предприятии, и эффективностью дополнительного внедрения СИЗ, применяемых до настоящего времени.

ABSTRACT

Thesis subject - analysis of harmful and dangerous production factors that affect the work of workers of LLP "Karachaganak petroleum operating B. V." and the development of measures to improve them.
The purpose of the work is to analyze the dangerous and harmful factors that affect the work in KPO, and develop measures to protect them.
The thesis analyzes accidents and industrial injuries about potentially dangerous punishments, identifies the main causes of their occurrence, discusses working conditions in the workplace, familiarizes with the new indicators of PPE safety recommended for improving working conditions and implementation at the enterprise, and the effectiveness of additional implementation of PPE used to date.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
7
1
Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. компаниясының жалпы сипаттамасы
8
1.1
Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. кәсіпорнының технологиялық сызбасы.
8
1.2
КПО кәсіпорындағы жұмысшыларға әсер ететін зиянды және қауіпті өндірістік факторлар
10
2
Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. кәсіпорнының санитарлы қорғау аймағы
12
2.1
Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бойынша карточкалар бағдарламасы
13
3
Өндірістегі өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбек қорғауды
Ұйымдастыру
14
3.1
Жұмыс орнындағы еңбек шартын талдау
14
3.2
КПО б.в. компаниясының қызметкерлерге медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруы
15
3.3
Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік бойынша оқыту және хабардар ету (ЕҚ және ТҚ)
18
3.4
Транспорттық қауіпсіздікке бекітілген кәсіпорындағы талаптар
19
4
КПО компаниясындағы өндірістік жарақаттанулар және басты оқиғалардың сараптамасы
20
4.1
Жарақаттар үшбұрышы
22
4.2
Жол-көлік оқиғаларын сараптау
22
5
Еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және өндірістік жарақаттануды болдырмау
24
5.1
Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. кәсіпорнындағы төтенше жағдай кезіндегі эвакуациялану уақытын есептеу
25
5.2
КПО мен мердігерлік ұйымдар қызметкерлерін күкіртсутек ісерінен қорғауды ұйымдастыру
28
5.3
КПО өндірістік жарақаттанудың статистикалық талдауы
30
5.4
Кәсіпорынның жұмыс орындарында жарақаттануды төмендету бойынша іс-шаралар
32

ҚОРЫТЫНДЫ
36

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
37

А1 - Қосымша
38

А2 - Қосымша
38

А3 - Қосымша
39

А4 - Қосымша
40

А5 - Қосымша
40

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, әрбір қызметкер қауіпсіз санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келетін еңбек жағдайларында жұмыс істеуге құқылы [1].
Салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау - қоғамның қазіргі кезеңдегі ең бастысы міндетті. Кәсіпорынның қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайлары қызметкерлері үшін жарақаттану мен кәсіптік ауруларды төмендетеді және өнімділікті арттырады, бұл барлық кәсіпорындар үшін маңызды.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 182 бабына сәйкес жұмыс беруші міндетті: санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес жұмыс орындарын құру; қызметкерлерді жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен, сондай-ақ жұмыс орындарында тәуекелдердің алдын алу шаралары және азайту жөнінде шараларды қабылдау [2].
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты: "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В." Компаниясының еңбек жағдайларын жақсарту және өндірістік жарақаттануды төмендету
Зерттеу объектісі болып ең ірі мұнай-газ компаниясы "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В. алынды.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілді:
oo кәсіпорын объектілерінің технологиялық процесінің ерекшеліктерін
меңгеру;
oo қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінің кәсіби
тәуекелін бағалау;
oo кәсіпорынның еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті
ұйымдастыруын бағалау;
oo ықтимал қауіпті оқиғалар мен өндірістік жарақаттанушылықты
сараптау;
oo еңбек жағдайларын жақсарту және өндірістік жарақаттану азайту
бойынша іс-шаралар әзірлеу.
Бірінші тарауда кәсіпорынның жалпы сипаттамасы, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар қарастырылады,
Екінші тарауда еңбек жағдайларына, медициналық көрсетілу мәселелері бойынша қызметкерлердің қауіпсіздік техникасының еңбекті қорғау бойынша сұрақтардан хабардар болуы.
Дипломдық жұмыстың үшінші тарауы оқиғаларды талдауға және
негізгі себептерді анықтау.
Төртінші тарауда өндірістік ғимараттағы төтенше жағдай кезіндегі эвакуациялануды есептеу және осыған байланысты енгізілуді ұсынып отырған жаңа ЖҚҚ сәйкестігі қарастырылды. Сондай-ақ, 2014-2018 жылдың өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша іс-шаралар және оның әдеби-статистикалық есебі қарастырылды.

1. Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. компаниясының жалпы сипаттамасы

Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО) - Қазақстандағы мұнай және газды барлауды және өндіруді жүзеге асыратын халықаралық мұнай - газ компаниясы.
Қарашығанақ кен орны, әлемдегі ең ірі мұнай - газ конденсаты, 1979 жылы ашылды. Ол Батыс Қазақстан облысында орналасқан және де 280 шаршы шақырымнан астам жер аумағын алып жатыр. Кен орны Ақсай қаласынан солтүстік - шығысқа 16 км, Орал қаласынан 150 км жерде орналасқан және де ауа температурасы қыста - 40˚С тан жазда + 40˚С дейін өзгеріп тұрады.
Өндірістің зерттеу аумағы 200 км2, ал кенорнының қоры - 1350 миллиард м3 газ және 1200 миллион тонна мұнай және конденсат.
Кенорнында газ бен конденсатты өндіру, жинау және бөлу жөніндегі қуаттарға ұңғымалар, газ жинау желілері мен ГП - 3 қондырғылары кіргізді, мұнда газконденсат қоспасы газ бен конденсатқа сепарацияланады. Ішінара тұрақтанғаннан кейін газ бен конденсат Орынбор газ өңдеу зауытына жіберіледі.
КПО - ны Бритиш Газ және Эни компаниялары Эни СпА, Шелл, Шеврон, Лукойл, ҚазМұнайГаз атымен бірлескен қызмет жасасу негізінде басқарады.
КПО негізгі міндеті Қарашығанақ кенорнын әзірлеу және табиғатқа ұқыпты қарауды ескере отырып, өндірілген өнімді сату, өңір экономикасының өсуіне ықпал ете отырып біздің республика үшін де, оның серіктестері үшін де барынша тиімділікті қамтамасыз ету болып табылады.
Қарашығанақ мұнайгазконденсат кенорны өндіреді: көмірсутек шикізатын өндіру, жинау және бөлу; шикі газды және тұрақсыз конденсатты бастапқы дайындау және тасымалдау; газды өз қажеттіліктері үшін тазалау және кептіру; тұрақты конденсатты тұрақтандыру, тазалау және тасымалдау; қабаттық қысымды ұстап тұру үшін газды кері айдау; газды алауларда технологиялық еріксіз жағу [3].

1.1 Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. кәсіпорнының
технологиялық сызбасы.

КПО негізгі өндірістік обьектілері мыналар болып табылады: эксплуатацияланатын, арнайы мақсаттағы және басқа санаттағы ұңғымалар; катодты қорғау станцияларының шлейфтері, газды кешенді дайындау қондырғысы - 3 (УКПГ - 3); газды кешенді дайындау қондырғысы - 2 (УКПГ - 2); Қарашығанақ қайта өңдеу кешені (КПК), экоорталық; мұнайды ерте дайындау қондырғысы; Қарашығанақ - Орынбор құбыр жүйесі (КОТС); Қарашығанақ - Атырау құбыр жүйесі (КАТС); газтурбиналық электростанция; Қарашығанақ қайта өңдеу кешенінің химиялық зертханасы.
КПО кен орнының және негізі өндірістік обьектілерінің орналасуы ситуациялық картасының А қосымшасында көрсетілген (А.1 суреті).
УКПГ - 2 қондырғысының мақсаты - газсұйықтық қоспасын газ және сұйық фазаларға бөлу, тұрақсыз конденсатты УКПГ - 3 өндірістік обьектісіне тасымалдау және УКПГ - 2 және КПК технологиялық желілерінде бөлінетін құрғатылған жоғарғы күкіртті газды кері айдау.
УКПГ- 2 өндірістік объектісі өндіріске ең көп есептелген 6,6 млрд. м3жыл, тазартылмаған газ, 5,7 млн. тоннажыл тұрақтандырылмаған мұнай, сондай-ақ кептірілген қатқа дейін айдалатын 7,5 миллиард құрамында газ бар күкіртті сутегі.
УКПГ - 2 өнімі компрессорлы станцияға қатты күйінде айдалатын құрамында күкіртсутегі H2S және көмірқышқыл газы СО2 абсорберде құрғатылған ТЭГ қышқыл газы және УКПГ - 3 құбыры бойынша 7,5 МПА қысыммен және +48˚С температурамен жіберілетін УКПГ-2 кіретін сепараторларда бөлінген тұрақсыз конденсаттан тұрады.
УКПГ - 3 зауыты 1984 жыдан бастап жұмыс істейді. Бұл зауыт 28 ұңғымадан шыққан конденсат, газ бен мұнайды Ресейлік Орынбор газды өңдеу зауытына жібермес бұрын бөлу мен ішінара тұрақтандыруға арналған. Тұрақтандырылмаған конденсат көршілес жеке қайта өңдейтін обьектілерге жеткізіледі.
Қарашығанақ қайта өңдеу кешенін (КПК) - УКПГ-2 объектісінен тасымалданатын бастапқы шикізатты, сондай-ақ 44 өндіруші ұңғымадан түсетін мұнай конденсаты қайта өңдеуге арналған. Біріншілік сепарациялайтын құрылғылар арқылы мұнай мен газ бөлінеді. Тұрақтандырудың төрт технологиялық желісі бойынша мұнай беру орындалады, содан кейін халықаралық нарықтарда сату үшін Атырау құбыры экспортталынады.
Газды өңдеу кезеңі екі ағынға бөлінеді. Біріншісі тазалауға арналған қондырғыға бағытталған. Ол тазартылған газды жергілікті нарыққа және отын газын кен орнындағы электростанцияларға жеткізумен айналысады. Екіншісі ағын УКПГ - 2 - ге қайта айдау үшін немесе УКПГ - 3 - ке кейіннен Орынбор қаласына экспорттау үшін бағытталған.
КПК газтурбиналық станциясы құрамында төрт электр энергиясын өндіретін газ турбиналық қондырғылар қуаты шамамен 150 МВт, жыл бойы қалыпты режимде 3 газтурбиналық қондырғылар жұмыс істейді. Электр станциясы барлық кен орнына энергия өндіреді және жабдықтайды (шамамен 80 МВт), ал қосымша 48 МВт сыртқы мемлекеттік энергетикалық желілерге экспортталады.
Газтурбиналық қондырғылар КПК - да Газды тазалау жөніндегі құрылғыларда отын газында жұмыс істейді. Тоқтау кезеңінде КПК газтурбиналық қондырғылар отын газымен жабдықтауға басқа жақтан ауыстырылады. Бұл кезең қондырғыларда отын тұтынудың төмендеуімен сипатталады.
2009 жылы Қарашығанақ кен орнында ашылған экоорталық, қазіргі күн әлемдік деңгейдегі тазалау объектісі болып саналады. Бұл объект өндірістік қатты және сұйық қалдықтарды мұнай мен газды бұрғылау және өндіруден кейін қауіпсіз өңдеуге, тазалауға және кәдеге жаратуға арналған. Экоорталық келесі нысандарды қамтиды: қатты қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жаратуды қамтамасыз ететін жерлеу полигоны; Мұнай негізіндегі бұрғылау шламын тиімді тазалаудың термомеханикалық қондырғысы; ластанған қайта өңдеу үшін пайдаланылатын қоқыс жағу пеші үшін бұрғылау ерітіндісіне арналған қондырғы; бұрғылау ерітіндісін араластыру және тазалау; сұйық қалдықтарды тазарту қондырғысы, көмірсутекті ластанған суды тазартуды және қайта өңдеуді жүргізетін кәсіпорын күрделі жөндеу жұмыстары үшін пайдаланылатын тұз ерітіндісі 2012 жылы пайдалануға берілген жалпы мақсаттағы жаңа пеш.

1.2 КПО кәсіпорындағы жұмысшыларға әсер ететін зиянды және
қауіпті өндірістік факторлары

Зиянды және қауіпті өндірістік факторлар - бұл факторлар жіті және созылмалы аурулардың пайда болуына, жарақаттарға тіпті өлімге әкелуі мүмкін [4].
КПО қызметкерлерінің еңбек жағдайларына әсер ететін негізгі (жағымды және жағымсыз) факторлар - жұмыс аймағы ауасының газдануы және тозаңдануы, өндірістік микроклимат, жарықтандыру, шу және діріл
(1 - сурет).
КНГКМ-ге тұрақты болатын әлеуетті қауіп өндірілетін шикізат көмірсутегідегі (3-5%) күкіртсутегінің жоғары мөлшері. Күкіртсутегі (H2S) түссіз, оңай тұтанатын, қысымда сұйылтылатын газ және табиғатта әртүрлі қосылыстарда кездеседі. Жұмыс аймағындағы санитарлық нормалар бойынша күкіртсутегінің шекті рұқсат етілген құрамы - 10 мгм3 құрайды, ал көмірсутектермен қоспада - 3 мгм3 артық емес.
Химиялық реагенттер де зиянды факторлар болып табылады: күкірт қышқылы сияқты технологиялық процесте пайдаланылатын күкірт қышқылы, каустикалық сода, гликольдер (диэтиленгликоль, триэтиленгликоль), метанол, ингибиторлар және тағы басқалар. Олар мұрын жұтқыншақ, асқазан-ішек жолдары, тері және көздердің тітіркенуіне әкеледі.
Ауадағы зиянды заттар тыныс алу органдары, тері, тамақ арқылы еніп ағзаның улануына әкелуі мүмкін.
Өндіріс процесінде қауіпті заттармен қажетті бақылау жүргізіледі.
Микроклимат-бұл температура, ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығы, сондай-ақ қоршаған беттердің жылу сәулеленулері сияқты метеорологиялық факторлардың үйлесімі. Микроклиматтың адам ағзасына әсерін оның жұмыс қабілеттілігінен және еңбек өнімділігінен көруге болады. Мысалы, жұмыс аймағының ауасындағы қоршаған ортаның жоғары температурасы адамның өмірлік маңызды органдары мен (жүрек-қан тамырлары, орталық, жүйке, ас қорыту) жүйелерінің қалыпты қызметінің бұзылуын тудырады.
Ұзақ уақыт бойы шудың жоғары деңгейі есту қабілетінің ішінара немесе толық жоғалтуға әкелуі мүмкін. Негізгі шу көздері: компрессорлар, бұрғылау шығыры, сорғы станциялары және тағы басқалары.
Діріл - механикалық тербеліс қозғалыстары болып табылады. Олардың өндірістегі көздері: газ өнеркәсібі объектілерінде бұрғылау компрессорлық қондырғылар, газ құбырлары, жабдықтар мен құбырлар, және қол құралдарының кейбір түрлері. Егер жабдықтың тербелмелі бөліктері жұмыс істеушінің денесімен жанаса, діріл кәсіби зияндылық ретінде әрекет етеді. Оның жиі бағдарламалық нүктелері қол және аяқ болып табылады, бірақ кейбір жағдайларда бұл кеуде, іш, арқа, жамбас аймағы болуы мүмкін.
Газ өнеркәсібі объектілеріндегі жұмыстардың көпшілігі көру бақылауымен (механизмдердің, аппараттардың жұмысын бақылау, өлшеу аспаптарының өндірістік операциялар - орындау кезінде бақылау) орындалады. Белгілі бір дәрежеде жарықтандыру жеткіліксіздігі көз мүшелерінің шаршауына және жалпы организм шаршауына әкеп соқтыруы мүмкін.
Сондай-ақ, жұмыс орынында еңбек ету қабілетінен уақытша немесе тұрақты айрылуына әкелуі мүмкін қауіпті факторлар бар. Оларға: жанғыш газ; түрлі химиялық заттар; улы газ; жоғарғы қысымда тұрған технологиялық жабдықтар; өрт-жарылыс қауіпті заттар; ыстық беттер; биіктіктегі жұмыстар (құрылыс ормандары, баспалдақ, құлайтын заттар, гидрокөтергіштер); жүк көтеру жұмыстары (Кранның жұмысы, жүктің, материалдардың орнын ауыстыру); жер жұмыстары( адамдардың құлауы, қабырғалардың құлауы, құралдардың құлауы); шектеулі кеңістікте жұмыс істеу; электр жабдықтары (стационарлық, тасымалдаушы; әуе және кабельдік желілер); радиографиялық жұмыстарды өткізу; көлік құралдары (артқы жүріспен қозғалыс, жүкті бекіту, қондырғылар мен негізгі жолдар бойынша қозғалыс) жатады.

1 - сурет. Зиянды және қауіпті факторлар

1. Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. кәсіпорнының
санитарлы қорғау аймағы

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап КНГКМ аумағында жаңа санитарлық-қорғау аймағы (СҚА) іске қосылды ( 2 - сурет).
Шеткі әсер ету көздері желісі мен СҚА сыртқы шекарасының арасындағы аумақты қамтитын КНГКМ есептік СҚА ауданы (2019 ж.) 513,7 км2 құрайды, бұл 01.01.2019 жылға дейін әрекет ететін СҚА ауданынан 95,1 км2 артық. СҚА периметрі бойынша шекараның ұзындығы 98,96 км құрайды, 01.01.2019 жылға дейін қабылданған СҚА ұзындығынан 11,16 км артық. СҚА мөлшерін ұлғайту ең алдымен СҚА аумағында Жаңа объектілерді жоспарлы орналастыру және жаңа скважиналарды бұрғылау себебі бойынша шеткі көздер желісі ішіндегі алаңның кеңеюімен, сондай-ақ атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары өсуімен және алауларда газды жағудың барынша бір мезгілде сценарийімен есептеу үшін қабылданған сценариймен байланысты болды.
КНГКМ СҚА өлшемдері әртүрлі бағыттарда бірдей емес және оңтүстік-батыс бағытта 5 000 м-ден оңтүстік-шығыс бағытқа 9 440 м-ге дейін өзгереді. Басқаша айтқанда, есептік СҚА мөлшері шеткі көздер сызығынан 5 007 м-ден 7 579 м-ге дейін құрайды. Жақын жатқан ауылдар бағытындағы СҚА өлшемдері төмендегі кестеде көрсетілген.

1 - кесте - СҚА көрсетілген КНГКМ 2019 жылғы Карта - схемасы ( А5 қосымшасы )

Елді мекеннің
Атауы
Жарсуат
Жаңаталап
Қарашығанақ
Қаракемер
Ақсай
Приуральный
Дмитрово
Успен
СҚА шекарасынан қашықтық
елді мекенге дейін, м
4317
2887
3287
4778
7569
6660
4812
6278

1.1 Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және қоршаған ортаны
қорғау бойынша карточкалар бағдарламасы

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карточкаларының жүйелік бағдарламасы 2016 жылы толығымен қайта қаралды. Бағдарламаға ықтимал қауіпті жағдайларды дұрыс жіктемелеу мәселесін жоюға, ықтимал қауіпті жағдайлар бойынша есептілікті жақсартуға бағытталған өзгерістер, сондай-ақ араласу процесін жақсартуға және бақылау сапасын арттыруға бағытталған елеулі өзгерістер енгізілді. Қабылданған іс-әрекеттердің нәтижесінде қауіпті жағдай бақылау түрлерінің бірі ретінде ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карточкаларының жүйесі енгізілді:
* Әлеуетті қауіпті жағдай ЕҚ, ТҚ және ҚОҚ карточкаларына бақылау түрі ретінде қосылды, оларды хабарлауға арналған қосымша құрал ретінде пайдаланылады. Нәтижесінде тіркелген қауіпті жағдайлардың саны артып, олардан сабақ алуға үйретті, және оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік берді.
* Бақылау санаттары қайта қаралып, жаңартылды: санаттар саны 21-ден 30-ға дейін артты.
* Карточкаға араласу процесін жақсартуғаарналған бағыттаушы сұрақтар бар қосымша жолдар енгізілді.
2016 жылы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карточкалары бағдарламасының тұрақты дамуын қолдау бойынша 13 комитет өз бөлімдерінде жұмыс істеді. Комитеттердің отырысы 86 өткізілді және талдауға негізделген 66 қосымша іс - әрекет бастамалар тағайындалды, бұл ретте оның ішінде 63 іс - әрекет орындалды.
2016 жылы ҚПО мен мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері тиісті түрде өңделген 13605 карточка толтырды. 2016 жылы тіркелген 6902 ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карточкаларының ішінен 6832 түзету әрекеттері (98%) қабылданды (3 - сурет).

2 - сурет - 2012 - 2016 жж. - ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карточкаларының бағдарламасы бойынша бақылауларды талдау

2. Өндірістегі өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбек қорғауды
ұйымдастыру

2.1 Жұмыс орнындағы еңбек шартын талдау

Еңбек қызметі кезінде жұмысшылардың денсаулығының нашарлауына
әкеліп соқтыратын еңбек шарттары бар. Барлық еңбек шарттарын оптималды, жол берілетін, қауіпті және зиянды деген 4 классқа бөлуге болады [5].
2018 жылы кәсіпорынның денсаулық сақтау бөлімі 158 жұмыс орнын 5 жұмыс жағдайындағы нысандарға аттестаттау ұйымдастырылды : негізгі шеберхана, негізгі қойма, УКПГ-3, КПК, ерте мұнайды анықтайтын жерсерік (ЕМАЖ) (2 кесте). Жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері бойынша 33 жұмысшының рұқсат етілген еңбек жағдайлары класына жататындығы анықталды, зиянды еңбек жағдайлары класына шу деңгейін өлшеуге сәйкес жататын орындар - 11,жұмыс орындарының жарықтандыру өлшемдеріне сәйкес - 111. Оптималды және қауіпті еңбек шарттары жоғарыда аталған жұмыс орындарының нысандарында табылмады.

2 - кесте - Жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері (ЖОА) [6]

Құрылым -
дық бөлімнің атауы
Жұмыс орындарын аттестациядан өткізілген жыл
Аттестатциядан өткен
жұмыс орындары
Еңбек шарттарының класстары

1-опти малды
2-рұқсат етілген
3-зиянды
4-қауіпті

Шу
Жарықтандыру

УКПГ - 3

2018
41
0
11
0
30
0
Қойма

10
0
1
0
9
0
Негізгі
Қойма

22
0
3
0
19
0
ЕМАЖ

3
0
3
0
0
0
КПК

82
0
15
14
53
0
Қорытынды

158
0
33
14
111
0

Еңбек шарттары бойынша аттестациялаудан бөлек компанияда жұмыс орнындарын санитарлық - гигиеналық мониторинг жұмыстары жүргізіледі. КПО б.в. компаниясында 10 жыл бұрын нормативтік құқықтық актілердің талаптарының сақталуын бақылау мақсатында жеке санитарлық - гигиеналық зертханасы ашылды. Зертхана, заманауи құрылғылармен жабдықталған, және бірқатар функцияларды орындайды: жұмыс орындарын бағалау, судың сапасын қадағалау, санитарлық - гигиеналық мониторингі, радиациондық мониторингі, асханалардың қауіпсіздігін тексеру және тағы басқалары.
Санитарлық - гигиеналық мониторингті жүргізу кезінде физикалық факторлардың, сонымен қатар ауадағы химиялық заттардың құрамын өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Физикалық факторларды өлшеу нәтижелері 2 - кестеде көрсетілген.

3 - кесте - Физикалық факторлардың өлшеу нәтижелері [6]

2018
2019
Физикалық
Факторлар
Зерттеу
Саны
ШРД асып кеткендер саны
Зерттеу
саны
ШРД асып кеткендер саны
Шу
452
103
445
101
Діріл
93
19
82
16
ЭМӨ
3824
50
3692
44
ЭСӨ
2062
0
2017
0
Жарықтандыру
2741
767
2592
762
Микроклимат
7644
498
7296
488
Барлығы
16816
1437
16124
1411
Ескерту - ЭМӨ - электромагниттік өріс, ЭСӨ - электростатикалық өріс, ШРД - шекті рұқсат етілген деңгей

Климаттың сәйкес келмеуі көбінесе барлық бөлмелердегі ылғалдылықтың төмендеуі, өндірістік залдар мен асханалар температураның жоғарылауынан болды. Кәсіпорынның кейбір үй-жайлары ішінде табиғи жарықтың болмауы, сондай-ақ жарықтандыру құрылғыларының сыйымдылығының жеткіліксіздігі жарықтандыруда сәйкессіздіктер тудырды.

2 - сурет - Шекті рұқсат етілген деңгейден асып кеткен физикалық факторлар

2.2 КПО б.в. компаниясының қызметкерлерге медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруы

Компания қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсетудің бастапқы буыны КПО және Ақсай медициналық клиникалары болып табылады. Оларға сондай-ақ алкогольге іріктемелі тестілеуді қоса алғанда, кен орны персоналын ауысым алдындағы медициналық куәландыру өткізіледі. Ауысым алдындағы медициналық тексеруге негізінен жүргізушілер, электриктер, операторлар, өрт сөндірушілер, құтқарушылар жатады. Медициналық көмектің көрсеткіштері 4-кестеде көрсетілген.

4 - кесте - Медициналық көмектің көрсеткіштері [6]

2019 жылы медициналық көмектің көрсеткіштері
Клиникаға жүгінген пациенттердің саны
2072
Медициналық мекемелерге жеткізілген пациенттердің саны
100
Медициналық қызметкерлер қатысатын оқу жаттығуларының саны
492
Алғашқы көмек көрсету курсынан өткен жұмысшылар саны
302
Мед. эвакуацияның репатриацияның саны
7
Ауысым алдындағы мед. тексерулер (жүргізушілероператорларэлектрикт ер)
Тексерулер саны
91786
Жұмыстан шеттетілгендер саны
4
Таңдамалы алкотесттер
2095
Таңдамалы алкотесттің оң нәтижелері
0
Жедел медициналық қызмет көрсеткіштері
Шұғыл шақыру саны
76

Одан бөлек жұмыс орнында болмаудың мониторингі жүргізіледі (4 - кесте). Диаграммадан көріп отырғанымыздай КПО дағы жұмыс орнында болмау көрсеткіштері тұрақты. Шағын соңғы 8 жылдағы ұлғаю медициналық қызметтердің біртіндеп өсуімен, сондай - ақ заңнаманың өзгертуімен түсіндіріледі. Өткен жылдармен салыстырғанда мынандай нозологиялар бойынша жалпы өсу байқалады: өткір респираторлық инфекциялар; өткір фарингит және ангина (тонзиллит); көз аурулары; тұрмыстағы жарақаттар мен уланулар және тағы басқалар.

5 - кесте - Жұмыс орнында болмау мониторингі [6]

Жыл
Қызметкерлердің
саны
Жұмыссыз күндер саны
Жұмыс орнында болмау көрсеткіші
2011
2689
14224
528
2012
2655
14344
540
2013
2764
16149
584
2014
2911
17215
591
2015
3067
17855
582
2016
3187
19066
598
2017
3173
19181
604
2018
3133
22277
712
2019
3096
18958
612

3 - сурет - Жұмыс орнында болмау көрсеткіштерінің динамикасы

КПО жұмыс орнында болмау көрсеткішін 100 адамға қайта есептегенде жұмысшылардың жалпы санына жұмыс орнында болмаған күндердің нақты санының қатынасы мен есептейді.

2.3 Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік бойынша оқыту және
хабардар ету (ЕҚ және ТҚ)

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кәсіби аурулардың алдын алу мен жарақаттану төмендеудің тиімді тәсілі мен әдістері жұмыстарды қауіпсіз жүргізу, еңбек қауіпсіздігі, кәсіпорында зардап шеккендерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету болып табылады. Білім саласындағы қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау өткізу ережесі 2015 жылы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру және білімдерін тексерумен анықталады. Қызметкерлерді оқыту кәсіпорының жоғары білікті мамандары, тәжірибелі инженерлік-техникалық қызметкерлерінің, сондай-ақ қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің мамандарын тарта отырып, жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүргізіледі . Ол жылына 1 рет және білімді тексерумен тестілеу арқылы өткізіледі. Қызметкер қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда білімді қайта тексеруді 1 айдан кешіктірмей тағайындайды. Осы уақытқа дейін қызметкер өз бетінше жұмысқа жіберілмейді [7]. Компанияда қауіпсіздікке қатысты түрлі тақырыптарға арналған көптеген тренингтер, курстар өтізіледі (6-кесте). Мысалы, газ қызметкерлері мен құтқарушылар көшіру-тыныс алу аппаратын (ЭВДА) CAMLOCK қолдану бойынша курстан өткендігі туралы сертификатсыз жұмысқа жіберілмейді.

6 - кесте - 2019 жылғы ЕҚ және ТҚ бойынша курстар [6]

КПО мен мердігер ұйымдардың қызметкерлері үшін курс атаулары
Оқытылған қызметкерлер саны
Оқытылған сағаттар саны

КПО
Мердігер ұйымдар
КПО
Мердігер ұйымдар
Стропальщик Белгі беруші
152
1
2273
16
Төмен қысымды желіге қызмет көрсететін қазандық операторы - (қайта даярлау)
37
0
544
0
ЭТА САМLOCK қолдану
12
75
24
146
ЭТА САМLOCK қолдану (қайта аттестаттау )
83
35
166
67
Жабық кеңістік
55
692
216
2764
Қауіпсіз көлік жүргізу курсы (негізгі курс)
0
428
0
6864
Қауіпсіз көлік жүргізу курсы (қайта даярлау)
2
270
16
2162
Электрлік қауіпсіздік курсы
148
5
2226
72
Алғашқы көмек- алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша төрт күндік курс
127
29
3848
800
Газ қауіпті жұмыстар
518
10
7729
129
Күкіртсутек
155
1650
625
6700
Күкіртсутек (Қайта аттестаттау)
754
3097
755
3100
Өрт - техникалық минимум
645
94
7997
1138
Еңбекті қорғау
19
3
226
24
Өмірді құтқарушылар - Тұйық кеңістіктегі жұмыстар
14
3
14
3
Өмірді құтқарушылар - Электроқауіпсіздік
18
2
18
2
Өмірді құтқарушылар - Жер жұмыстары
10
2
10
2
Өмірді құтқарушылар - Күкіртсутек
14
0
13
0
Өмірді құтқарушылар - Жүк көтеру жұмыстары
16
5
16
5
Өмірді құтқарушылар - Еңбек қауіпсіздік жұмыстары
20
2
20
2
Өмірді құтқарушылар - Жасырын энергия
44
4
44
4
Өмірді құтқарушылар - Транспорт
20
4
20
4
Өмірді құтқарушылар - Биіктікте жұмыстар
9
0
9
0
Рұқсат - наряды + Тәуекел бағасы (негізгі курс)
436
778
6960
12418

2.4 Транспорттық қауіпсіздікке бекітілген кәсіпорындағы
талаптар

КПО объектілерінде жұмыс басталар алдында жүргізушілер КПО оқу орталығында тиісті оқыту, бірақ олармен шектелмейді, келесі тармақтарды да қамтиды: ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша ҚПО процедуралары; ҚР заңнамасы көлік саласындағы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ; қауіпті ауа райы-климаттық және жол жағдайларына байланысты факторлар; жүргізу мәдениетімен, кен орны аумағындағы жұмыс ерекшелігі және жабдыққа қойылатын қауіпсіздік талаптары; Көлік құралдарын басқару, көлік құралдарының (КҚ) техникалық жай-күйі, Көлік құралдарын басқарудағы жүргізушінің шоғырлануы; денсаулық жағдайы және алкогольдік және есірткілік масаң күйде болу қабілетіне әсері жүргізу кезіндегі іс-әрекеттер; жүргізушілердің еңбек және демалыс режимі; төтенше жағдайлар, Жол көлік оқиғасы - тәсілдерін хабарлау; ерекшеліктері жүктерді тасымалдау ерекшеліктері кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
Курстың теориялық бөлімі сәтті аяқталған жағдайда нұсқаушы жүргізу дағдыларын жетілдіру үшін жүргізушіге қауіпсіз жүргізу тәсілдері бойынша практикалық оқыту жүргізеді. Практикалық бөлім аяқталғаннан кейін нұсқаушы нәтижелерді жүргізушімен талқылайды.
КПО жүргізушілері қауіпсіз жүргізу бойынша жалпы курстан 2 жылда бір рет өтеді. Қалған жүргізушілер қауіпсіз жүргізу бойынша жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіптегі жарақаттану болжамы бойынша көздерді талдау
Қарашығанақ мұнай - газ кен орнының атмоcфералық ауа жағдайы
Еңбекті қорғауды басқару жүйесіне қойылатын талаптар
Өндірістік жарақаттануды талдау әдістемесі
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері
Қарашығанақ компаниясының әлеуметтік жобалары
Еңбек қорғаудың құқықтық – ұйымдастырушылық мәселелері
Қарашығанақ мұнай - газ конденсаты кен орны
Батыс Қазақстан облысының топырақ картасы
Қарашығанақ мұнай газ конденсаты
Пәндер