Шығармаларының тәрбиелік мәні



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Баяндама
Тақырыбы: Ы.Алтынсариннің педагогикалық іс-əрекеті

Орындаған: Білісбек Д.
Қабылдаған: Икрамова А.

Ы.Алтынсариннің педагогикалық іс-əрекеті
Жоспар:
1. Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы..
2. Ы.Алтынсариннің педагогикалық қызметі.
3. Шығармаларының тәрбиелік мәні.
4. Қорытынды.
1.Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 26-шы казанда казіргі Қостанай облысы, Затабол ауданында дүниеге келген. Әкесінің есімі Алтынсары, анасы Айман. Алтынсары өз еңбегімен тіршілік еткен, карапайым шаруа адамы болған. Ал анасы Айман арғын руының ішіндегі Шеген деген бидің қызы.

Әкесі Алтынсары Ыбырайдың үш-төрт жасында қайтыс болып кетеді. Сол себептен бала Ыбырай атасы Балғожа бидің тәрбиесінде болады. Балғожа би өз өңіріне танылған беделді, білімді кісі. Ол ұзын қыпшақ руынан шыққан. Өзі өте текті, күллі әулетті билеп, жөл көрсетіп отырған адам болған. Сондай-ақ, ол жалпы шекаралық комиссияға қызмет істеген кісі. Сол себептен де ол немересін орыс мектебіне бергісі келеді.
Ыбырай Алтынсарин жасынан өте ынталы болған. Атасы Балғожа Ыбырайды тойларға, жиындарға өзімен ерте жүріп, немересін іскерлікке, білімділікке, сөз сөйлеу шеберлігіне үйретеді. Ыбырай Алтынсариннің атасымен бірге жүруі өмірі үшін өте маңызды болды. Ал немересінің білімге деген үлкен құштарлығын, ынтасын көрген Балғожа би Ыбырайды Орынборда жаңадан ашылған мектепке 30 баланың біреуі болып береді. Осылайша, ол 1851 жылы қазақ балалары үшін ашылған Шекара комиссиясының жанындағы мектепке жіберілді.
Мектепте оқып жүргенінде, Шекспир, Гёте, Байрон, Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Фирдоуси, Низами, Навои және т.б. сияқты әлемдік әдебиет классиктерінің шығармаларын өз бетімен оқып, зерттеді. Сонда жүріп Шекара комиссиясында қызмет еткен шығыстанушы В.Григорьевпен жақын араласады. Тіпті, Григорьевтің үйіне жиі барып, оның кітапханасын қолданды.
Мектепті бітіргеннен кейін 3 жыл бойы (1857-1860) атасының қол астында кеңсе хатшысы, одан кейін Орынбор кеңесінде аудармашы болып жұмыс істеді.1860 жылы облыстық үкімет Ыбырайға Орынбор бекінісінде (Торғайда) қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп ашуды тапсырып, оны орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындады. Сөйтіп, ол меценаттың қаражатына мектеп ғимаратының құрылысын бастауға кіріседі. Ол мектеп 1864 жылы 8 қаңтарда салтанатты түрде ашылып, 16 оқушы қабылдайды. Кейін мектептің жанында интернат құрылады.
Алтынсариннің мектептегі жұмысы жақсы бағаланды. 1864 жылы 22 қаңтарда Торғай қаласындағы Орынбор бекінісінің басшысы Орынбор мен Самара генерал-губернаторына ордалықтар ашқан мектептің шынайы қуанышпен және ризашылықпен өткенін хабарлады. Ал бұл мектептің мұғалімі Алтынсарин туралы: Алтынсариннің үлгі болатын тәрбиесі мен көрнекі қамқорлығының арқасында мектеп өте жақсы және таза... Қырғыз оқушыларының аз уақыттағы жетістігі, қысқа мерзімде жақсы үміт беріп, осындай керемет Торғай мекемесінің жемісін жегізетіні және өздерін ақтайтынына сенімдіміз делінген.
1879 жылы Ыбырай Торғай облысына мектеп инспекторы болып тағайындалады. Торғай облысындағы мектептің инспекторы лауазымын алған Алтынсарин Ырғыз, Николаев, Торғай және Илецк облыстарында екі сыныпты орыс-қырғыз мектебін ашты және осы мектептерді оқушылар мен оқытушыларға толтырды. Сондай-ақ, ол осы мектептерді жабдықтауға ерекше мән берді. Ол әрбір мектепте кітапханалардың құрылуына көп көңіл бөлді. Жинаған 600 рубльге Торғай облысының мектептерінде оқытушылар мен оқушыларға арнап кітапханалар ашқым келеді. Бұл кітапханалардың мақсаты - ондағы кітаптарды тек оқушылар мен мұғалімдер ғана қолданып қоймай, курсты аяқтаған адамдар (оқушылар) мен жалпы сауатты адамдардың оқу құралдарын алуға болатын орындары болса екен деймін,-деген ұлы ағартушы.
Алтынсарин кәсiптiк және ауылшаруашылық мектептердің ашылуына үлкен күш жұмсады және жергілікті халықтың арасынан Қазақстанның экономикалық дамуына қажеттi мамандар даярлауға айрықша мән бердi. Қартайған жылдарында өз қаражатын Қостанайдағы ауылшаруашылық мектебінің құрылысына аударды.
Сонымен қатар, ол қыздардың сауаттылығына айрықша мән беріп, олардың білім алуын ұйымдастыруға көп еңбек салды. Оның қолдауымен Ырғыз қаласында қыздар мектебі ашылды. Кейінірек, 1891 жылы Торғайда, 1893 жылы Қостанайда, 1896 жылы Ақтөбеде қыз балаларға арналған мектеп-интернат ашылды.
2. Ыбырай Алтынсарин - Ұлы педагог, қаламгер, көркем сөз шебері, алғашқы мектеп, тұңғыш мұғалім, Торғай өңірі, қазақ хрестоматиясы, аудармашы, қыздар училищесі, әдіскер-ғалым, балалар жазушысы, мәдениет қайраткері.
XIX ғасырдың 60 жылдарында өмір кешкен қазақ халқының адал перзенті, ұлттық мақтанышы, қазақ педагогика ғылымының негізін салушы, сөз зергері, аудармашы, қоғам және мәдениет қайраткері. Ыбырай Алтынсариннің есімі қоғамдық ой-пікірдің, төл мәдениетіміздің өркендеу тарихынан үлкен орын алады.
Ыбырай Алтынсарин -- халықшыл, өмір шындығын таныта білген қаламгер.
Мектеп ісінде Алтынсарин бірінші кезеңге мұғалімді қойды. Ол жөнінде өзі былай дейді: Халық мектебі үшін басты тұлға - мұғалім, ең тамаша деген педагогикалық басшылық, ең жомарт деген мемлекеттік жарлықта, тыңғылықты педагогикалық бақылау да онымен теңесе алмайды. Білім беру ісі жаңа жанданып келе жатқан қазақ даласы үшін оның пікірінше, мұғалімнің маңызы ерекше жоғары, сондықтан да ол жақсы мұғалімді дүниедегінің барлығынан жоғары бағалаймын деген еді.
Алтынсарин әлем әдебиетінен К.Ушинский, Л.Толстой, И.Крылов, И.Паульсон шығармаларын қазақ тіліне аударып, қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын қалыптастырды.Ел аузынан жиналған мақал-мәтелдер, эпос үлгілері, ақындар сөзі Ыбырайдың зерттеушілік қырын ұштай түседі.Ыбырай қазақ балаларының менталдық бейнесін жасаған жазушы, көркем сөз шебері. Оның дидактикалық әңгімелері қазақ баласының жан сарайын, кәсіби ойлау қабілеттерін қамтиды.Ыбырай Біріншіден, Ыбырай Шоқан мен Абайдың туған халқын мәдениетті халықтар қатарынан көргісі келетін арманын өз қолымен іс жүзіне асырды. Ол бұратана халықтар үшін тың үлгімен мектеп ашып, оқу құралдарын жазып, жинақтаған жаңашыл-педагог. Екіншіден, өзінің шығармаларын қос тілде бірдей жазды. Үшіншіден, соқтықпалы соқпақты, дүбірлі кезеңдерде Ыбырай өз халкымен бірге болып, оның барлық ауыртпалығын бөлісті. Бүгінгі күн тұрғысынан айтқанда, Ыбырайдың шығармашылығы мен өмір жолы инновациялық идеялар мен іс-әрекеттерден тұрады. Ыбырай шығармашылығына арналған зерттеулерге жүгінер болсақ, ол өзінің қолға алған барлық істерінде тұңғыш, негізін қалаушы, көшбасшы ретінде көрінеді. Мысалы, Ыбырай қазақтың әдебиет тарихында алғашқы балалар жазушысы болды.
Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық, -- деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерін сахналау сайысы
Қазақ композиторларының балаларға арналған шығармаларының педагогикалық маңызы мен тәрбиелік мәні
Ақын жыраулардың мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары
Бұқар жырау шығармаларымен таныстырудың әдістемесі
Бұқар жырау жырларының көркемдік қуаты
Абай еңбектерінің негізінде ана тілі оқу сабағында оқушылардың құлықтық тәрбиесін қалыптастыруын жетілдіру
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІН БЕРУДЕ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ АЛАТЫН РОЛІ
Абайдың музыкалық мұрасындағы тәрбие беру жолдары
АБАЙДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МҰРАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫНА ТӘЖІРИБЕ
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің қазіргі таңдағы өзектілігіі
Пәндер