Процестерге қойылатын техникалық регламенттермен анықталған талаптар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе бөлім

Тиімді жұмыс атқаратын Дүниежүзілік нарықты мемлекеттер тарифтік және техникалық (тарифтік емес) кедергіні жоюға бағытталған шараларды қолдану арқылы құра алады.Техникалық кедергі деп техникалық регламенттерде және стандарттарда қамтылатын талаптардың әр түрлілігі немесе өзгермелілігі салдарынан тауарды нарыққа шығарғанда туындайтын, дағдылы коммерциялық практикамен салыстырғанда үстеме шығынға әкелетін жағдайларды айтады.Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің басты шарттарының бірі, ол осы ұйымның саудадағы техникалық кедергіге қатысты келісімінің талаптарын сақтау болып табылады.Техникалық кедергілерді жоюға қатысты программалардың негізін Үкіметтің шаруашылық субъектілерінің рыноктағы жұмыс ретін ұйымдастыруға бағытталған техникалық реттеу шеңберіндегі іс-қимылдары құрайды. Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу туралы Заңына сәйкес техникалық реттеу -- санитарлық және фитосанитарлықшараларды қоспағанда, сәйкестікті растау, аккредиттеу және белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі қызметті қоса алғанда, өнімге, көрсетілетін қызметке, процестерге қойылатын міндетті және ерікті талаптарды анықтауға, белгілеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтік реттеу.Елімізде міндетті талаптар көптеген құжаттар түрінде белгіленіп келді (мысалы, санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыс нормалары мен ережелері және т.б.).
Техникалық регламент - нормативті-құқықтық акт болып саналады. Мұнда адам өмірі мен денсаулығы үшін өнімнің, процестің және қызметтің қауіпсіздігіне мемлекеттің міндетті талаптары көрсетілген. Техникалық регламент - бұл орындалуға міндетті ережеден тұратын құжат.
Техникалық регламент - бұл техникалық заң регламентте мемлекеттің ауқымындағы шаруашылықпен айналысатын барлық субъектілерге орындауға міндетті талаптар, шарттар беріледі. Техникалық регламенттің бірнеше мақсаттары бар. Олар:

1. Өнімнің, процестің адам өмірімен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктердүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
2. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
3. Өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алады;;
4. Саудадағы техникалық кедергілерді жояды;
5. Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырады;

Техникалық реттеу
1. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің бірлігі мен тұтастығы
2. Бірыңғай терминологияны, өнімге, көрсетілген қызметке, процестерге қойылатын талаптарды белгілеу ережелерін қолдану
3. Техникалық реттеу мақсаттарның реттілігі мен қол жетімді болуы, техникалық реттеу процестеріне қатысу үшін тең мүмкіндіктерді,мемлекет пен мүдделі талаптар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету;
4. Тезникалық регламенттер мен стандарттарды әзірлек кезінде ғылым мен техника жетістіктерін, халықаралық және өңіплік ұйымдардың стандарттарын басым пайдалану. [1]

1. Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу туралы заңы.

2004 жылы қарашада техникалық реттеу туралы қазақстан Республикасының заңы қабылданды, бұл заңға сай Стандарттау туралы заңның күші жойылып , кейбір баптары ғана уақытша қалдырылды. 2008 жылы шілдеде Қазақстан Республикасының тезникалық реттеу туралы заңына өзгерістер енгізіліп, толықтырылды.
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңы өнімге, көрсетілген қзметке, өнімнің өмірлік процестеріне қойылатын міндетті және ерікті талаптарды айқындау,белгілеу, қолдану жіне орындау, олардың сәйкестігін растауғ аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі қатынастарды реттейді.Техникалық реттеу объектілері мен техникалық реттеу субъектілері, жалпыережелер,Қазақстан Республикасы аумағында техникалық регламенттердің міндеттілігі мен әрекеті. Техникалық регламенттермен анықталған талаптарды бекіту және қолдану. Процестерге қойылатын техникалық регламенттермен анықталған талаптар. Уәкілетті органның техникалық регламенттің мемлекеттік саясат мүдделеріне, материалдық-техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейіне, сонымен қатар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес келмеуі жағдайында міндеті. Жеке және заңды тұлғалардың техникалық реттеу саласында құқықтары мен міндеттері.
Өнім, көрсетілетін қызмет, процестер техникалық реттеу объектілері болып табылады. Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектілеріне қатысты пайдалану құқығын иеленетін жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу сібъектілері болып табылады.
Техникалық регламенттердің мазмұны. Техникалық регламент талаптары қойылатын өнімдер, процестер тізімі. Техникалық регламент қабылдау мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін өнімдердің сипаттарына, процестерге қойылатын талаптар. Техникалық регламенттерді әзірлеу кезінде шетел мемлекеттерінің, халықаралық және өңірлік ұйымдардың нормалары мен стандарттары қолданылады.[1]

2. Техникалық реттеу саласындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарымен міндеттері.

Техникалық реттеу саласындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары:
1) тексеру тағайындалғаны туралы нұсқаманы және қызметтік куәлігін көрсеткен кезде заңға сәйкес мемлекеттік бақылау жүзеге асыру үшін кедергісіз кіруге;
2) жеке және заңды тұлғалардан ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер алуға.;
3) мемлекеттік бақылау үшін:
- Өнім техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, жұмсалған үлгілердің құнын және сынақ (талдау, өлшеу) жүргізуге жұмсалған шығындарды бюджет қаражаты есебіне жатқыза отырып,
- Өнім техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, жұмсалған үлгілердің құнын және сынақ (талдау, өлшеу) жүргізуге жұмсалған шығындарды тексерілуші тұлғалардың есебіне жатқыза отырып, өнімнің сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға;
4) егер өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын сәйкестік туралы декларацияны немесе сәйкестік сертификатын қолдану техникалық регламентте көзделсе, өнімді өткізу сатысында өнімді дайындаушылардан осындай құжаттарды немесе олардың көшірмесін көрсетуге талап етуге;
5) мынадай жағдайларда:
- Өнім техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сай келмеген;
- Сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнімнің сәйкестік сертификаттары (сәйкестік сертификаттарының көшірмелері), сәйкестік туралы декларациялары (сәйкестік туралы декларацияларының көшірмелері) болмаған;
- Өнімді оған құқығы болмай тұрып сәйкестік таңбасымен таңбалаған жағдайда, техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың бұзылу сипаты ескеріле отырып белгіленген мерзімде оның бұзылуын жою немесе өнімді өткізуге тыйым салу туралы нұсқама шығаруға;
6) өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес еместігі анықталған жағдайда берілген сәйкестік туралы декларациялар мен сәйкестік сертификаттары тіркелуінің күшін тоқтата тұруға және жоюға;
7) техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді өткізуші тұлғаларды ҚР заңдарында белгіленген жауапкершілікке тартуға;
8) өнім өткізуге және тұтынуға жарамсыз деп танылған жағдайда, оны жою жөніндегі комиссияларға ҚР Үкіметі белгілеген тәртіппен қатысуға;
9) дайын өнімнің техникалық регламенттерге сәйкес келмеуі анықталған жағдайда өнімнің өмірлік циклының кез келген сатыларында сәйкес келмеу себептерін тексеруді ұйымдастыруға;
10) ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

Техникалық реттеу саласындағы жеке және заңды тұлғалардың міндеттері:
1) мемлекеттік бақылау жөніндегі іс - шаралар барысында ҚР техникалық реттеу туралы заңнамасын қолдану жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізігуе, дайындаушыларды (орындаушыларды), сатушыларды техникалық реттеу саласында қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілер туралы хабардар етуге;
2) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;
3) ҚР заңнамасында белгіленген мемлекеттік бақылау жүзеге асыру тәртібін сақтауға;
4) мемлекеттік бақылау жүргізу нәтижелерінің негізінде анықталған қиғаштықтарды жою жөнінде шаралар қолдануға міндетті.[2]

3. Техникалық және технологиялық регламент, түрлері.
Техникалық регламент.
- Өнімге және(немесе) олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін ҚР-ң техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт.
Техникалық регламенттегі қажетті талаптар:
1) оның талаптары қолданылатын өнімнің, процестердің толық қамтылған тізбесі;
2) техникалық регламентті қабылдау мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін өнімнің,процестердің сипаттамаларына қойылатын талаптар болуға тиіс; өнімнің сынамаларын (үлгілер) іріктеу және оны сынақтан өткізу ережелері,сәйкестікті растаудың ережелері мен нысандары (оның ішінде сәйкестікті растау схемалары) және терминологияға,буып-түюге,таңбалауғ а немесе затбелгі жапсыруға және оларды түсіру ережелеріне қойылатын талаптар болуы мүмкін.
Жалпы техникалық регламенттер өнімнің кез келген түріне, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, сату және кәдеге жарату процестеріне қатысты қолдану және сақтау үшін міндетті болады. Мысалы:
- құрылыстарды, ғимараттарды қауіпсіз пайдалану және оларға іргелес аумақтарды қауіпсіз пайдалану;
- өрт қауіпсіздігі;
- биологиялық қауіпсіздік;
- электромагниттік үйлесімділік;
- экологиялық қауіпсіздік;
- ядролық және радиациялық қауіпсіздік.
Арнайы техникалық регламенттер өнімнің жекелеген түрлерінің, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестерінің технологиялық және өзге де ерекшеліктері ескеріледі. Жалпы техникалық регламентте ескерілген зиян келтіру тәуекелінің дәрежесінен жоғары зиян келтіру тәуекелінің дәрежесі келтірілген өнімнің жекелеген түрлеріне, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне ғана қойылатын талаптарды белгілейді.
Технологиялық регламент - бұл ішінде технологиялық əдістер, тезнологиялық заттар, дəрілік заттар өндірісінің нормалары жəне нормативтері көрсетілген нормативті-құжаттама.
Технологиялық регламенттер өндірістің және жүзеге асырылатын жұмыстардың мақсатына байланысты мынадай түрлері болады:
Тұрақты технологиялық регламенттер-шығарылатын өнімнің талап етілетін сапасын қамтамасыз ететін игерілген өндірістер үшін әзірленеді;
Уақытша (іске қосу) технологиялық регламенттер-технологиясына қағидаттық өзгерістер енгізілген осы кәсіпорында жаңа өндірістер, жұмыс істеп тұрған өндірістер, жаңа технологиясы бар өндірістер үшін әзірленеді;
Бір жолғы (тәжірибелік) технологиялық регламенттер - тауарлық өнімді тәжірибелік және тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғыларда (цехтарда) шығару кезінде, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған өндірістерде жүргізілетін тәжірибелік және тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстар үшін әзірленеді;
Зертханалық (іске қосу жазбалары, өндірістік әдістемелер) технологиялық регламенттер-тауар өнімін шығармайтын зертханалық, стенділік және модельдік қондырғылар үшін әзірленеді. Зертханалық регламенттер (іске қосу жазбалары, өндірістік әдістемелер) бойынша көлемі 1000 кгжыл тауар өнімін өңдеуге жол беріледі.[2]

4. Материалдық баланс

Масса сақталу заңы бойынша дəрілік препарат өндірісі үшін алынған бастапқы материалдар мен дайын өнім арасында тепе-теңдік болу керек. Ол келесі тепе-теңдікпен көрсетіледі.

мұндағы g1 - бастапқы материалдар; g2 - дайын өнім; g3-жанама өнім ; g4 - қалдық заттар.
Практикада жоғарыда келтірілген теңдеу мына түрде болады:

Мұндағы g5 - килограмм түріндегі материалдық шығындар.
Соңғы тепе-теңдік материалдық баланс теңдеу деп аталады.; материалдық (немесе технико-экономикалық) баланс деп бастапқы материалдар мөлшері, дайын өнім, жанама өнім, қалдық заттар жəне материалдық шығымдардың арасындағы қатынасты айтады.
Материалдық баланс тек алгебралық теңдеу түрінде ғана емес сонымен қатар кіріс жəне шығыс таблицалары сондай-ақ диаграммалар түрінде болуы мүмкін.
Материалдық баланс құрылуы мүмкін : 1) бір сатыға, операция немесе жүктеуге; 2) бірлік уақытқа (сағат, ауысым, тəулік); 3) дайын өнім бірлігіне (1000 немесе 100 кг-ға)
Материалдық баланс теңдеуін қолдана отырып шығыс көлемін, технологиялық шығындарын, шығын коэффициенттері, шығын нормалары сияқты технологиялық процестің маңызды сипаттамаларын анықтауға болады.
Шығым (η) - дайын өнімнің (g2) бастапқы материалға (g1) үлестік қатынасы:
η = g2 g1 · 100%.
Егер технологиялық процесс нәтижесінде қалдық заттар болса, олар өз кезегінде жанама заттар мен қоқсық заттарға өнделсе, онда аталған есептеулі күрделенеді түседі сонда материалдық баланс мына күйге ауысады
η = g2 (g1 - (g3 + g4)) · 100%.
Технологиялық шығын (ε) - бастапқы материалдардың материалдық шығынға үлестік қатынасы: ε = g5 g1 · 100%, егер өндірісте қалдық заттар болса
ε = g5 (g1 - (g3 + g4)) · 100%.
Шығын коэффициенті. (Kшығ) - бастапқы зат массасыныңтдайын өнім массасына қатынасы :
Kшығ = g1 g2,
Егер өндірісте қалдық заттар болса
Kшығ = (g1 - (g3 + g4)) g2.
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: нормативті құжаттар, технологиялық регламент, материалдық баланс, дәрі шығымы, технологиялық шығын, шығын коэффициенті.

5. Технологиялық регламенттің негізгі мазмұны мен қолданылу мерзімі

Технологиялық процестердің өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты тұрақты, уақытша және бір жолғы технологиялық регламенттер мынадай бөлімдерден тұруы тиіс:
1) өндірістің жалпы сипаттамасы;
2) өндірілетін өнімнің сипаттамасы;
3) шикізат, материалдар, жартылай өнімдер мен энергия ресурстарының сипаттамасы;
4) химия-технологиялық процесс пен схеманың сипаттамасы;
5) материалдық баланс;
6) шикізаттың, материалдардың және энергия ресурстарының негізгі түрлерінің шығыс нормалары;
7) Өндірісті бақылау және технологиялық процесті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында стандарттаудың мемлекеттік жүйесі
Техникалық регламентті әзірлеу, бекіту бойынша жұмыстарды қаржыландыру тәртібі
Стандарттау және метрология,экология, сапа, денсаулықты қорғау, еңбек қаупсіздігі
Халықаралық стандарттар
Қоршаған ортаға әсерді бағалау
Глиноземнен алюминийді электролиздеу
Стандарттау, метрология және сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуде негізге алынатын техникалық заңнамалар
Сертификаттау негіздері, сертификаттаудағы негізгі түсініктер
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Стандарттау, метрология және сертификаттау пәнінен лекция жинағы
Пәндер