Қобыз күйлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті
Мәдениет және өнер факультеті
Хореография және мәдени-тынығу жұмысы кафедрасы

Реферат

Пән атауы: Көркем шығармашылық
Мамандығы: 5В090600 "Мәдени-тынығу жұмысы"
Тақырыбы: Саз өнері

Орындаған: Манарбекқызы Аяулым.
Тексерген: Аға оқытушы, магистр Абуова.Р.С.

Орал 2020жыл

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
II.1.Қобыз сазы (күйі) ... ... ... ... ... ... ... . ... ..4
II.2 Жетіген сазы ... ... ... ... ... ... 5
II.2.1 Үрмелі сазды өнері ... ... ... ... .8
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

Кіріспе
Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды.
Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен - саз күй деп аталады.
Бізге жеткен ең көне күйлер - күй атасы Қорқыттың шығармалары.

Күй - бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары (Алатау, Саржайлау, Көбік шашқан), тарихи оқиғалар (Ел айырылған, Жеңіс), халық мерекелері (Тойбастар, Балбырауын), жан - жануарлар (Аққу, Қоңыр қаз, Көкала ат), аңыз - ертегілер (Мұңлық - Зарлық, Қос мүйізді Ескендір), жеке адамдар (Байжұма, Абыл), адам сезімдері (Қуаныш, Сағыныш), т. б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі.

Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз - күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып жіктеледі.
Қазақтың аспаптық музыкасы ХVІІІ ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде Байжұма, Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы халыққа кеңінен мәлім болды. ХІХ ғасырда ежелгі күйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір сияқты күйшілік өнердегі ірі тұлғалар елеулі үлес қосты.
Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде, оң қолдың тұтас сілтенуімен орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыз дауысты болып, оң қол саусақтарының ұшымен орындалады.

Қобыз күйлері
Қобыз - ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап. Мойны имек келетін бұл аспап сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады. Аспаптың шанағы терімен қапталып, ысқыштары мен ішектері жылқының қылынан жасалады. Ертеде қобызды бақсылар құдіретті күш ретінде пайдаланған. Бүгінде қобыз аспабында ойнау шеберлігінің күрделенуіне байланысты төрт ішекті қобыз да пайда болды. Бұл қобыздың ішектері сымнан жасалады.

Қазақтың ең көне күйлерінің көпшілігі - қобыз күйлері. Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Жыраулар жырды қобызбен сүйемелдеп отырған. Қобыз күйлерінде бұрынғы бақсы сарындары да көп кездеседі. Бұл өнерді дамытуға Кетбұға, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан.
Қазақтың ежелгі аспаптық музыкасы аса бай көркемдік тереңдігімен ерекшелігімен, рухани мәдениеттің құнды қазынасы ретінде ұрпақтан ұрпаққа жалғаса бермек.
Қыпшақ Қойлыбай Әбдурахпанұлы - атақты бақсы, таңғажайып тәуіп, керемет көріпкел, теңдесі жоқ қобызшы болған. Аңыздарда да, тарихи шығармаларда да Қорқыттан кейін Қойлыбайдың есімі аталады. Ақын Хамитбек Мұсабай өзінің Қойлыбайдың қоштасу күйі деген дастанында Қойлыбайдың қобызы мен киелі қасиеттері туралы былай жыр толғайды:

Қарт Қойлыбай - қобызшының абызы,
Шежіредей сайрап жатыр әрізі.
Қатар жүрер қос анардай қашанда,
Замананың ақиқаты, аңызы.
Ол қобызбен - қара тасты сөйлеткен,
Ол қобызбен - тал бесікті тербеткен.
Ол қобызбен - селді буып сұрапыл,
Ол қобызбен - шу асауды үйреткен.
Ол қобызбен - қара бұлтты қақ тілген,
Ол қобызбен - ақбоз үйді тіктірген.
Ол қобызбен - тілін кесіп жыланның,
Ол қобызбен - ханға тізе бүктірген.
Ол қобызбен - жанған өртті өшірген,
Жөнге салған ессіздерді есірген.
Киіз үйді жиһазымен жиюлы,
Арғы беттен - бергі бетке көшірген.
Ол қобызбен - қара нөсер жаудырған,
Ол қобызбен - жан ләззатын қандырған.
Ол қобызбен - тоқсан тоғыз күй шалып,
Ол қобызбен - мәңгіге атын қалдырған.

Ұлтымыздың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың пайымдауынша, түсінде Қорқыт атадан бата алған қыпшақ Қойлыбай бақсы шамамен XIV ғасырдың аяқ шенінде өмірге келген. Оның атақты бақсы, тәуіп, сәуегей, қобызшы ретінде есімінің алты алашқа кеңінен танылған кезі - XV ғасырдың алғашқы ширегі. Ол Қойлыбайды бақсылардың бақсысы әрі пірі деп бағаласа, Әлкей Марғұлан: Қорқыттың қобызын, оның сарынын ең алғаш рет мирас еткен кісі - Қойлыбай бақсы. Ол Қорқыттың шәкірті болып саналады деп жазады. Қойлыбай бір үлкен бәйгеге қобызын қосып, жарыс басталатын жерге алдын ала қобызды бір үлкен сексеуілге байлатады. Бәйгеден келе жатқандардың шаңы көрінгенде, Қойлыбай қолына қылышын алып, бақсылық ойынын бастап, сарын айтады. Кенет, бәйге аттары кеткен жақтан қатты дауыл тұрып, ысқырған қызыл жел соғады. Көп ұзамай, дауылдың ортасынан аттар көріне бастайды. Ал бәрінің алдында сексеуіл сүйреткен Қойлыбайдың қобызы келе жатады. Осылайша Қойлыбай қобызын бәйгеге қосып бас бәйгені жеңіп алады. Мағжан Жұмабаев Шоқанның зерттеулерін негізге ала отырып Қойлыбайдың қобызы атты дастанын жазған.

Жетіген сазы
Жетіген - жеті ішекті дыбысты көне шертпелі аспап. Аспап келбеті ұзынша келген жәшік тектес болады. Беті жұқа тақтайшамен жабылып, үн беретін ойықтар салынады. Көне түрінде 7 ішегі болған және оларға тиек ретінде 7 асық тағылған. Ішектер аттың қылынан тартылып, әуен ырғағын қалпына келтіру үшін асықтар қойылған. Бұл аспаптың қазіргі заманда шыққан жаңа түрінде ішектер саны 25-тен асады. Дыбыс көлемі 2-2,5 октаваға дейін жетеді. Барлық ішектеріне құлақ күйін келтіретін арнайы үлкен тиектер тағылады. Тыңдаушыларға жағымды әсер сыйлайтын жетігенді ертеде көк пен жерді байланыстыратын ғажайып қасиетке бай аспап деп, оны тек сарайларда, шағын топ алдында ғана ойнаған. Жетіген аспабы түркі тілдес халықтарында кездеседі. Татар халқы етиган, тыва халқы жадықан, хақастар шатқан т.б. халықтар аспапты өз тілінде атаған.

Жетіген аспабының ноталық жүйесін белгілі этнограф-ғалым Болат Сарыбаев анықтады. Бұл күнде аспап кеңінен насихатталып, халыққа танылып, дамып келеді.

Ата-бабаларымыз тастан, ағаштан, темірден, өсімдіктерден, саздан, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан тағы басқа да дыбыс шығаруы мүмкін заттардан қарапайым музыкалық аспаптарын жасаған. Еліміздің әртүрлі музейлерінің қорларында 400-ден астам көне музыкалық аспаптары сақтаулы. Олардың 100-ге жетер-жетпесі ғана ұрпақ жадында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорқыт ата күйлері және ерекшелігі
Ішек қылған, қобызым
Қорқыт- қылқобыз өнерінің негізін қалаушы
Халықтың саз өнерінің тағлымы
Дәстүрлі музыкалық өнер
Қазақ мәдениетінің қалыптасуы туралы
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы музыка мәдениеті
Дәстүрлі күйшілік өнер
Ықылас Дүкенұлы өмірі
Қазақ халқының музыкалық мұрасы
Пәндер