Мұхамбет Салықтың Қазақтың көне мақалы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: М.С.Бабажанов - тарихшы, этнограф, ғалым

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1. М-С. Бабажанов және оның қоғамдық-саяси қызметі
1.1 Ғалым және қоғам қайраткерінің өмір жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 М-С. Бабажанов тәлім алған білім ордасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
1.3 ХІХ ғ. екінші жартысында Бөкей Ордасындағы қоғамдық-саяси жағдайлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
1.4 М-С.Бабажановтың қоғамдық істерге араласуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

2. Қазақтың тұрмыс салты М-С.Бабажанов еңбектерінде
2.1 Орыс баспасөз беттеріндегі ғалымның империялық отаршылдық
жүйені сынға алуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.2 Бабажанов еңбектеріндегі Бөкей Ордасы қазақтарының жәйі ... ... ... ...29
2.3 Ішкі Ордадағы аңшылық пен мал шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... .31
2.4 М-С.Бабажанов еңбектерінде жастарды оқу-білім, өнерге баулуы ... ...36

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Тарихтың бетінде, халықтың есінде аты да, хаты да сақталған, мұрасы бүгінгі ұрпақтың рухани қазынасына айналып отырған қазақ жерінің қасиетті адамдары аз емес. Олардың озық тобын толықтыруға лайық талай боздақтардың есімі кешегі Кеңес заманында ұмыт қалдырылып келді. Олардың атын атауға, мұралары мен еңбектерін білуге тыйым салынды.
Ал Қазақстанның тәуелсіздік алуымен бұл қымбатты есімдер, олардың мұралары туған халқына қайта оралып, жалпы жұртшылықтың рухани егілігіне айналуда. Солардың бірі - Қазақстанның батыс бетінде шыққан зерделі тарихшы, этнограф, дарынды публицист Мұхамбетсалық Бабажанов. (Халық оны Салық деп атап кеткен). Оның өмір жолы қызметі жөнінде сол кездің өзінде-ақ көптеген орыс ғалымдары мен қазақ оқығандары жылпы пікірлерін білдірген болатын. Мәселен, белгілі орыс ғалымдары В.В.Григорьев, Н.Неболсин, В.Н.Харузин, В.Плотников және ұлы ағартушы-ғалым Ш.Уәлиханов оның қабілеті мен қызметіне жоғары баға береді.
Ел қамына еншілес болып, халқына қалтқысыз қызмет еткен қазақ халқының жарқын істерін, жақсы қасиеттерін орыс басылымдары арқылы Еуропа жұртшылығына кеңінен насихаттаған Салықтың еліне таныс есімі Кеңес өкіметі жылдарында не себепті аталмады, оның мұралары неге ескерусіз қалды дейтін болсақ, оның отбасында өмірге келіп, қандай ортада өскенін еске алуымыз керек. Өлке тарихына байланысты үлкен ғылыми мұра қалдырған аса зерделі тарихи тұлға Мұхамбетсалық Бабажановты жан - жақты танып -- білу бүгінгі жас ұрпақтың алдында тұрған абзал борыштың бірі болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. М.Бабажановтың өмір мен қызметі туралы патшалық заманда да жазыла бастағанын сөз еттік. Олардың ішінде ғалым туралы белгілі орыс ғалымдары В.В.Григорьев, Н.Неболсин, В.Н.Харузин, В.Плотников және ұлы ағартушы-ғалым Ш.Уәлиханов өздерінің оң пікірлерін бере отырып, оның қабілеті мен қызметіне жоғары баға береді. Кеңестік дәуірде ғалымның ғылыми мұрасын зерттеуді қолға алған академик А.Жұбанов болатын. Оның Ғасырлар пернесі (1957 ж.) еңбегінде, С.Зимановтың Қазақстанның ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы саяси құрылысы (1960 ж), этнограф Е.Масановтың Қазақ халқының Россиядағы этнографиялық зерттеу тарихынан (1964 ж), әуесқой өлкетанушы Н.П.Ивлевтің Шоқанның ізбасары (1971 ж), Өлкетанушының тапқандары (1977 ж), тарих ғылымдарының кандидаты Т.Н.Сенигованың Қазақ совет энциоклопедиясында жарияланған Бабажанов М-С.Қ. (1973 ж), жас жазушы Р.Отарбаевтың М-С.Бабажанов жөніндегі (Жалын, 1988, №3) мақалаларын атауға болады [1].
М.Бабажановтың өмір жолы, ғылыми мұралары туралы жазылған жарияланымдар кейінгі кезеңде көзге түсе бастады. Ол туралы толық мағлұмат берген көрнекті этнограф - ғалым Е.А.Масанов. Оның еңбегінде орыс географиялық қоғамының Орынбордағы мүшелерімен қатар М.Бабажановтың өмірі мен мұралары туралы көптеген деректер келтірілген. Сол сияқты С.Зимановтың Россия және Бөкей хандығы аталатын еңбегінде М.Бабажанов туралы шағын түсініктеме, мақалаларынан үзінділер келтіріліп, оған талдама жасалады [2].
М.Бабажановтың қоғамдық қызметі мен өмір жолын зерттеуге көп үлес қосқан ғалым Хамит Маданов. 1993 жылы профессор Х.Мадановтың басшылығымен Этнографиялық мақалалар [3] атты еңбегі жарық көреді. Мұнда ғалымның бірнеше мақалалары сол күйінде жарияланған. Сонымен қатар Х.Мадановтың А.Мұсабаевамен бірлесіп шығарған Мұхамбетсалық Бабажанов[4] деген монографиясында да ғалымның көптеген қазақ тарихы мен өзі өмір сүрген орта туралы ізденістері, мақалаларына сипаттама беріліп, оның өмір жолы туралы тың деректермен толықтырылған.
Мұқамбетсалық жөнінде Б.Ысқақов өзінің Ұмытылмас есімдер [5] кітабында ғалымның қоғамдық қызметі мен өмір дерегіне елеулі орын береді. 1996 жылы Ивлев пен Такеновтың бірігіп шығарған М.Бабажановтың шығармаларын топтастыру мақсатында жарық көрген еңбектері [6] көпшілік назарын аударды. Онда ғалымның еңбектерінен көптеген оқиғалар мен этнографиялық қызықты мағлұматтар белгілі болды.
Мұқамбетсалық Бабажановтың қоғамдық-тарихи қызметі туралы жергілікті Батыс Қазақстан тарихы мен Бөкей ордасы тарихын зерттеуші-ғалымдар Т.З.Рысбеков пен Б.Қ.Бірімжаровты [7] ерекше атауға болады. Бұл ғалымдар өлкеден шыққан көптеген тарихи тұлғалар С.Датұлы, Жәңгір бөкейұлы, Махамбет, Ғұмар Қараш, Мақаш Бекмұхамедовтармен қатар Мұхамбетсалық Бабажановтың есімін ел жадында жаңғыртуда көп үлес қосты. Сонымен қатар М.Бабажановтың қоғамдық-тарихи қызметі туралы сомдауда баспасөз құралдарының да орны ерекше. Зерттеушілер Ж.Ақбай, Ғ.Е.Қарабалин, Т.Сәрсенғалиев және Хамзиннің [8] ғылыми мақалаларында ғалымның өмір жолын баяндай отырып, оның еңбектеріне жоғары баға береді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмысты зерттеудегі алға қойған мақсатымыз -М.Бабажановтың ғылым мен мәдениетті дамытудағы орнын анықтау, ғылыми мұраларын мұқият зерттеу және оларды таныту. Зерттеу тарихының басты міндеті қолда бар материалдарға, мағлұматтарға сүйене отырып, ұлы ғалымның ғылым мен өнердегі қол жеткен табыстарының, тастап кеткен мұраларының кейбір қырларын таныту.
Зерттеу тақырыбының хронологиясы. Мұхаммед-Салық Бабажанов өмір сүрген 1835 - 1871 жылдар аралығы қамтылған.

1. М-С. Бабажанов және оның қоғамдық-саяси қызметі

Ғалым және қоғам қайраткерінің өмір жолы

Тарихтың бетінде, халықтың есінде аты да, хаты да сақталған, бүгінгі ұрпақтың рухани қазынасына айналып отырған қазақ жерінің қасиетті адамдары аз емес. Олардың есімдері таптық өшпенділікке суырылған кешегі кеңес заманында ұмыт қалдырылып келді. Олардың атын атауға, мұралары мен еңбектерін білуге тыйым салынып, тосқауыл қойылды. Тарих көшіне көз жүгіртсек, ежелгі Жайық Өңірі талай таланттар мен ағартушыларды, ақын-жыраулар мен батырларды дүниеге әкелген шежіреге бай қасиетті өлке. Орысша жазса да қаламына қазақ өмірін өзек еткен, оның әдет-ғұрпы, салт-санасы, тұрмыс-тіршілігін танытуды мұрат тұтқан санаткер, дарынды публицист, көрнекті ғалым, қалам саңлағы, Қазақстанның батысынан шыққан зерделі тарихшы, этнограф - М.Бабажанов.
М.Бабажановтың туған жылын әркім әр түрлі жазып жүр. Оны көбірек зерттеген М.Ысмағұлов оның туған жылын 1831 жыл дейді. Ал Ысқақов Бабажанов 1830 жылы Ішкі Бөкей Ордасында дүниеге келді деп [5] еңбегінде баяндайды. Ол туралы очерк жазған Ивлев 1830 жылды атайды. Кейін ол На родине хорунжего Салиха Бабаджанова атты мақаласында Салықты 1834 жылы дүниеге келген деп көрсетеді [8].
Қазақ кеңес энциклопедиясында Бабажановтың 1832 жылы Ішкі Бөкей Ордасында туып, 1898 жылы қайтыс болғандығы сөз болады. С.Бабажановтың Этнографиялық мақалалар кітабына алғысөз жазған Х.Маданов Салықты 1830 жылы Бөкей Ордасындағы Қарауылқожаның отбасында дүниеге келген деп жазады [9]. Ал Х.Маданов және А.Мұсабаева жариялаған Мұхамбетсалық Бабажанов еңбегінде Салықты 1832 жылы туған [4] деп көрсетеді. Бірақ туған жылын адамның өзі жақсырақ білуі заңдылық қой. Салықтың өзі 1845 жылы Орынбордағы Неплюев кадет корпусына аттанғанда өзінің он бір жаста екендігін былай деп суреттейді. Бұл 1845 жылдың басындағы қыс еді. Кейін біраздан соң біздерді жазғы шілде айында Орыборға жібереді деп естідік. Оқу каникулы басталғанда біздер үйді-үйлерімізге тарап кеттік. Келісім бойынша 1 шілде айында Тарғын өзені бойындағы ханның жазғы жайлауына жиналуға тиісті болдық.
Ол кезде менің жасым он бірде болса да, біздерді Орынборға шығарып салғандары әлі есімде, - деп Жәңгір ханның балаларды оқуға аттандыруды елдің тойы ретінде өткізгендігін тәмпіштеп жазады. Жасым он бірде десе, Салық не 1834 жылы, не 1835 жылы туған болмай ма деген сауалдар туады. Салықтың бұл жазбалары Северная пчела журналының 1861 жылғы 5-қаңтардағы нөмірінде Қазақтың қазақ туралы жазбалары [10] деген атпен жарияланғанын айтсақ, бұл құжатқа жарарлық нәрсе екендігі аңғарылады.
С.Бабажанов 1860 жылы Петерборда болғанда Небольсинмен танысады.
Білімпаз қазақтан алған әсерін жасыра алмай, орыс ғалымы оған Жасы 25-те. Келбетті. Ат жақты. Өңі қараторы, көзінің аясы үлкен, шашы қара. Бабажанов орыстың айшықты әдеби тілін терең меңгерген. Сөздері өткір, әрі көркем, шешен сөйлейді. Шыққан тегі қожа болса да, Неплюев кадет корпусынан білім алған, - деген мінездеме береді. Небольсин бұл сөзін Русский вестник журналының 1860 жылғы 29-нөмірінде жариялағандықтан, оны да құжат қатарына қосуға болады. Бұл бойынша С.Бабажанов Шоқанмен құрдас, 1835 жылы туған болады екен. Салықтың атасы Бабажан - Нұралы ханның шариғат заңдарын шешетін биі болған. Салықтың әкесі Қарауылқожа Жәңгір ханның қайын атасы Каспий теңізінің Астрахань жақ бетін билеуші, жасауыл, қожа тегінен шыққан. Ол Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліс тарихынан қазақ жұртшылығына кеңінен танымал адам [10].
Қарауылқожа бұл дүниеде қара күш пен өктемдіктен басқа айла мен өнер болғаны да, мұның білім мен ғылым екенін ұғынып, баласы Салықты оқытуға тырысқан. Кішкентайынан өте зерек, алғыр бала 1841 жылы Ордадағы Жәңгір хан негізін қалаған тұңғыш мектебіне түсіп, оны 1844 жылы бітіреді. Жасынан сезімтал, сергек өскен Салық қазақ халқы үшін өнер - білімнің, ғылымның маңызын түсініп, оның өнімін себуші Жәңгір мектебінің маңызын жоғары бағалады. Ол Санкт-Петербургте тұратын досы, орыс оқымыстысы Павел Небольсинге жазған хатында Жәңгір хан біздің оқуымыздың алға басуына септігін тигізді. Ол өз ордасында мектеп ашып, онда орыс тілін оқытатын алпыс адамдық орын болды деп жазады [9].
Ол кадет корпусында оқып жүрген кезінде белгілі шығыстанушы ғалым В.В.Григорьевпен өте жақсы қарым-қатынаста болады. Мұхамбетсалықтың ғылыми көзқарасының қалыптасуына В.В.Григорьевтің үйіндегі бай кітапхана септігін тигізеді, Салық дүниежүзілік әдебиеттен сусындайды. Салық сол кездегі оқыған еңбектерін, шығармаларын атап өтеді. Мен корпуста алған күнделікті сабақтардан басқа, Щербаков, Карамзин, Миллер, Голиков сияқты тарихшылардың зерттеулерін, Пушкинің Капитан қызы мен Пугачев көтерілісін, Бокльдің туындыларын қадағалап оқыдым,- деп баяндайды. Григорьев Салықты аса кабілетті, тамаша білімді адам деп оның дарындылығына сүйсінетінін жасырмай айтты [4]. Григорьев орыс-қазақ ұлтының қадір-қасиеті бойына сіңіріп өскен, ғылымның озық үлгілерін ой-зердесіне, санасына берік орнықтырған Салықты қатты құрметтеп, оған ақыл-кеңесін айтып, оның жағдайына үнемі көңіл бөлген.
1845 жылдың басында Ордадағы Жәңгір мектебін бітірген Салық 1851 жылға дейінгі аралықта Орынбордағы Неплюев кадет корпусында Жәңгірдің баласы Зұлқарнай, Бекмұхамбеттің баласы Мақаш, Шалабай ұлы Сұлтан, Саңғырық ұлы Мырзағали, Нияз ұлы Жүсіп, Жантөре ұлы Сұлтанмахмұт, Бөкейхан ұлы Арыстангереймен бірге оқып бітіреді. 1851 жылы кадет корпусының Азия бөлімін үздік бітірген Салық хорунжий атағын алып, шекара комиссиясында жұмысқа қалдырылады. Мұнда небәрі жыл жарымдай істейді. Жергілікті халықтың арыз-шағымдарын, өтінішін жазып, тиісті басшылықтың қолына тигізіп, кейбіреуінің шешімінің табылуына көп септігі тиеді. Алайда оның бұл әрекеттерін жаратпаған патша әкімшілігінің өкілдері жұмыстан босатады, оны қуғындау басталады.
Соның нәтижесінде 1852-1856 жылдар аралығында Маңғыстауға жер аударылып қайтады. 1857 жылы Ордаға оралады.
Кейбір деректерде Салық 1852 жылы Жәңгір ханның зайыбы, Салықтың әпкесі - Халиманың қайтыс болуына байланысты қызметтен демалыс алып, ауылына кетеді деп көрсетілген [11].
1854 жылы Салық Ішкі қазақ ордасын басқаратын Уақытша кеңестің ұйғаруымен теңіз жағалық қазақтар депутаттығына тағайындалды. 1855 жылы Ішкі Ордада территориялық аймаққа байланысты әр түрлі толқулар, жалған өсектер пайда болды. Мұның ашық көтеріліске ұласу қаупі бар деп Орынбор және Самара генерал-губернаторлары ескертіп, толқуға қатысқаны үшін 1855 жылы Салықтың ағалары - Мұхамеджан мен Мұстафаны тұтқындайды.
Оларды тексергеннен кейін Ішкі Орда қазақтары арасында зиянды өсек таратқандықтан әкімшілік шаралар қолданып, Батыс Оралға жер аударады. Ағаларымен бірге Астраханда Салық та қамалады. Оған жүргізілген тексеру кезінде қасақана қоздырушы деген күдік дәлелденбейді. Ішкі Орданың Уақытша кеңесінің председателі полковник Герн генерал-губернатор Перовскийдің рұқсатымен Салықты босатып, хан ордасына кеңесші етіп тағайындайды. 1855-1856 жылдары Маңғыстауға жер аударылған Салық 1857 жылдың басында ғана айдаудан босап, еліне оралады.
1860 жылы патша әкімшілігі Бабажановқа қайта сенім білдіріп, Бөкей Ордасын басқару жөніндегі уақытша кеңеске кеңесші қызметіне тағайындалады. Осы жылы тамызда Орынборда жасақталған қазақ өкілдерінің құрамында Петербургқа барып, патша қабылдауында болады және осы сапарында қазақтың ұлы ағартушыларының бірі Мұхамедханафиямен (Шоқан), белгілі орыс тарихшысы, әрі этнографы П.И.Небольсинмен, саяхатшы-ғалым Семенов Тянь-Шанскиймен танысады. Аталған орыс ғалымдарының әсерімен Шоқаннан кейінгі екінші қазақ болып, Салық 1861 жылы 20 ақпанда орыс Жағрафиялық қоғамына мүше болып қабылданады.
Салықтың мінез-құлқы, дарыны мен парасаты кезінде халық арасында өзінің қатыгездігімен, ұрда-жық әпербақандығымен белгілі болған Қарауылқожаға ұқсамайды. Ол әрқашанда шама-шарқы келгенше халқына тиімді іс-әрекетпен айналысуға тырысады.
1868 жылы 11 наурызда Ішкі Орданы басқарудың Уақытша кеңесіне жүзбасы Бабажановтан өтініш түсіп, Басқұншақ көлінің оң жағалауындағы Торғай шатқалындағы жерді бау-бақша отырғызуға рұхсат беруді сұрайды. Салық өзінің өтінішінде бау-бақша отырғызудың нәтижесінің жатымды болатынына, сол арқылы бүкіл ауылдастарына үлгі болып, олардың да осындай тиімді шаруашылықпен айналысатынына сенімі мол болды. Бір жыл өткеннен кейін (1869 ж. наурыз) Орынбор генерал-губернаторының рұхсатын алып, Салық көздеген шараларын іске асыра бастады, көлемі жеті бөлмеден тұратын саман үй, оның қасынан жазғы ас үй, монша және сарай, ат қора салды. Ауланың сарай жағынан саманнан шағын мешіт пен мектеп үйін де салды. Өзінің, туыстарының, қала берді бүкіл ауылдастарының балаларын оқыту мақсатында молла Күнхожа Араповты, мұғалім ретінде бұрынғы геодизист Даулет Ақбаевты жұмысқа алады. Өзі орыс тілі, тарих және жағрафия пәндерінен сабақ беру ниетін білдіреді. Бірақ Салықтың бұл ізгі ниеті іске аспай қалды, себебі ол өмірден қыршын кетті.
Салық Бабажанов көзінің тірісінде 70 жыл мерзімге жалға алған 95 десятина жеріне 1870 жылы 220 түп, келесі жылы 297 түп көшетін (төменгі бақта), ал жоғарғы бақта 950 алма және 300 түп шие ағашының, жүздеген түп таңқурай (малина) мен қарақат көшетін отырғызды. Төменгі бақты құдық суымен суғарса, жоғарғы бақты көлдің суымен шығыр арқылы суландырды. Барлық ағаш түрлері жайқалып өсіп кетпегенімен, дүниеден ерте қайтқан Салықтың жақсы бастамасын ұрпағы жалғастырды. Орданың шет жағындағы "Бабай бағы" - осы Салықтың өз қолымен егіп өндірген бағы [1].
Жалпы, Салық үй шаруашылығымен көп айналысқанды жақсы көрген адам. Ол бау-бақша өсірумен қатар асыл тұқымды жылқыларды өсірумен де айналысты. 1864 жылы Салықтың 140 жылқысы болса, жеті жыл өткеннен кейін оның саны екі есеге өсті. Архивте сақталған бір құжат Мұхамбетсалық пен оның қайнағасы Арсылангерей Бөкейхановтың 1870 жылы императорға 5 сәйгүлек жібергенін баяндайды. Бұл аттарды императордың бауыры, ұлы князь Николай Николаевич ерекше ықыласпен қабыл алып, Салыққа күміс шелек табыс етіпті [2].
Жылқы өсіруде ол тек халық тәжірибесін ғана қолданбай, ғылыми тұрғыдан күтіп-баптады. Осы мақсатпен "Аңшылық журналы" және "Жылқы шаруашылығы" жөніндегі арнайы баспаларды алдыртып оқыды. Сондай-ақ осы баспа беттерінде өз тәжірибесімен бөлісті. 1871 ж. "Аңшылық журналының" үш санында Салық Бабажановтың "Ішкі қырғыз даласының жылқылары және оларды баптау" тақырыбында мақаласы жарияланды. С.Бабажанов баптап өсіріп отырған асыл тұқымды жылқыларын жергілікті өкімет органдары жыл сайын ұйымдастырып, хан ставкасы мен Эльтон аралығында өткізетін ат жарыстарына қатыстырып отырды. Қатты қыс жағдайына алдын-ала дайындық ретінде не орыс шаруаларынан сатып алып, болмаса шөп шабу әрекетін жасады.
Салық өзінің орталық баспа беттерінде жарияланған (кейбір мақалалары қолжазба ретінде сақталған) мақалаларында қазақ даласындағы сауда, әдет-ғұрыптар, мектептердегі білім беру жағдайлары жөнінде баяндады. Сондай-ақ қасқыр мен түлкіге аңшылық салуы, бәйге жөнінде толық жазды. Жарияланбаған қолжазбаларының ішінде "Қымыз жөніндегі жаңалықтар" ғылыми, экономикалық және танымдық тұрғыдан қызғылықты. Қымызды біздің ұлттық табыстарымыздың бірі, оны дәрігерлік тәсіл ретінде пайдалануды насихаттай отырып, Еділ бойында қымызбен емдеу орындарын ашуды, Россияның алыс аудандарына жеткізуді ұйымдастыруды ұсынады.
ХІХ ғасырдың 60 жылдарының басында жарық көре бастаған еңбектерінен Мұхамбет Салықтың ғылымды терең игергенін көреміз. Әсіресе, оның Бөкей Ордасындағы қазақтың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетін жазған кезінде бұл кең көлемде көрініс тапқан. Ол өзі мүше болған Географиялық қоғам арқылы өзіне жүктелген екі түрлі міндет арқылы жұмыс жүргізеді. Оның бірі - қазақтың тұрмыс-тіршілігін зерттеп, ғылыми мағлұматтар жинастыру болса, екіншісі - ғылымға қажетті материалдық деректер тауып, қоғамға өткізу болды. Осы екі міндетті де Мұхамбет Салық өзіне тән ұқыптылықпен атқарды. М.С.Бабажанов өзінің қазақтың тұрмыс-тіршілігі туралы жазбаларында ХІХ ғасырдың алғашқы жартысынан бастап қазақтың тұрмыс-тіршілігіне ене бастаған, жаңалық әкелушілердің қатарында Бөкей ордасына келген басқа ұлт өкілдерінің, соның ішінде татарлардың қазақтарды сауда-саттыққа үйретіп, пайдалы іс атқарғанын да Салық жасырмайды.
Мұхамбет Салық Жәңгір ханның Ордада 1841 жылы тұңғыш қазақ-орыс мектебін ашқанын, осы мектепті ашу барысында ханның қазақтар арасынан үлкен қарсылыққа ұшырағанына нақты мысалдармен өз жазбаларында жан-жақты көрсеткен. Оның жариямаларында осы мектепті бітіріп, кейіннен кадет корпусында оқығандар жөнінде де деректер бар... Мәселен, тек қана М.С.Бабажановтың өзімен бірге Ішкі Ордадан, архив деректерінен мәлім болып отырғанындай, 1845-51 жылдары Неплюев корпусында Бөкей Ордасынан сегіз бала бітіріп шыққан. Олар - Бекмұхамбетов Мақаш, Шалабаев Сұлтан, Саңғырықов Мырзағали, Ниязов Жүсіп, Жантөрин Сұлтанмахмұт, Бөкейханов Арыстангерей, Бабажанов Мұхамбет Салық және Нұралыханов Зұлқарнай. Міне, осылардың ішінде кейінгі кезде Мақаш әкім жөнінде кейбір журналистердің жазып жүргені болмаса немесе халық аузындағы ол туралы әңгімелер болмаса бүгінгі таңда кім-кімнің де осы аталған адамдар жөніндегі мағлұматы жоққа тән.
Мұхамбет Салық "Мұсылман діні қазақ жеріне кіріп, халықтың наным-сенімі ретінде қалыптаса бастағанына бірнеше жүз жыл болғанмен, оны таратушы, уағыздаушы, жұрттың санасына сіңіруші молдалар ХІХ ғасырдың 30 жылдарында қазақ жерінде, әсіресе Ішкі Ордада тіпті аз болды. Әдетте молдалар өлген, қаза болған қазақтың жаназасын шығару, Мұхамбеттің діни қағидаларын орындау үшін өлген адамдардың туыстары 50, 100, 150 шақырым жерден шақырып әкеліп жүрді", - деп жазады. Салық бұл жарияламасында олардың дүмшелігі туралы жазып, мұсылман дінінің Ішкі Ордаға қалай тарағаны жөнінде көп мағлұмат береді.
М.С.Бабажанов қазақ халқының, Ішкі Орда қазақтарының тұрмыс-тіршілігіне, жануарлар дүниесіне, жер бедері мен байлығына, мәдени-қоғамдық өміріне сипаттама беруімен бірге қазақтың қанатты сөздерін, мақал-мәтелдерін, жұмбақтарын, аңыз-әңгімелерін тұңғыш рет көптеп жинап, олардың бірқатары кезінде жарияланған. Мұхамбет Салықтың "Қазақтың көне мақалы. Оның мағынасы мен маңызы" деген жазбасы География қоғамының архивінде сақталса, ол жинаған қазақтың және ол алғаш қазақша аударған орыстың 300-дей мақал-мәтелі, жұмбақ-тақпақтары "Түркістан уалаяты" газетінің 1876 жылғы №28-33 және 1877 жылғы №10-12 сандарында жарияланып, осы газетте ол дүниеден өткенде еске алып, қатты қайғырып, көңіл айтқан.
Сонда, қазақтың мақал-мәтелін, жұмбағын, ауыз-әңгімесін жинаған басқа ұлт өкілдерінің этнограф-зерттеушілерін дәріптейміз, ал сол кезде солармен қатар өз халқымыздың және орыс халқының мұраларын жинап, аударып, бастырған М.С.Бабажановты неге айтпасқа, неге ескермеске, неге көтермеске? Сондықтан мұндай тұлғаларды халыққа таныстыру әбден пісіп-жетілген мәселе деп есептейміз.
Ал өзінің "Ішкі қазақ Ордасындағы аңшылық" деген мақаласында Салық Ішкі Орда даласында аңшылыққа аса қолайлы жағдайдың жоқтығын, оның күн санап кеміп бара жатқанын қынжыла жазып, аң мен құстың азаюына байланысты әртүрлі басылымдарда шыққан қорытындылардан терең хабардар екенін байқатады.
Мұхамбет Салықтың мақала-очерктерінде екінші бір кеңінен талданып, жарық көрген мәселе Ішкі Ордадағы отаршылдық саясаттың зардаптары хақында болды. Ол бөкейліктер мен Орал-Жайық казактарының қарым-қатынасында көптеген келеңсіздіктер мен келіспеушіліктердің орын алғанын, бірақ Орал-Жайық казактарының қисынсыз қылықтарына, зорлық-зомбылығына орыс халқының тіпті де қатысы жоқ екенін баса айтады. Ыңғайы келген жердің бәрінде орыс зиялыларының, орыс халқының қазақтарға көп мәселеде жол көрсетіп, қолұшын беріп, өнерге, білімге, ғылымға жанастырудағы олардың істеп отырған қамқорлығының игі нәтижелерін ризашылықпен атап көрсетеді.
Мұхамбет Салық өзінің көптеген мақала, очерк, хаттарында отаршылдық саясаттың салдарынан туған жер мәселесіндегі әділетсіздіктерді әшкерелеп, қазақтардың жайылым, шабындық жердің тапшылығынан көріп отырған қиыншылықтарын жанашырлық білдіре жазады [3].
1867-1868 жылдардағы Россияның Қазақстанда жүргізген реформасы барысында бұрынғы қазақ жерінің барлығы енді мемлекеттікі болып жарияланды да, жер мәселесі туындағаны тарихи шындық. Алайда академик М.Қозыбаев атап көрсеткендей, сонымен бірге Ресейге қосылудың сан алуан қыры да, сыры да болғанын аңғарамыз. "Отаршылдық саясаттың зардаптары болғаны, соның ішінде қазақтың шұрайлы жерін тартып алып, көшпелі өркениеттің түбіріне балта шауып, халықтың бүкіл өмірлік қарекетін өзгертіп, мемлекеттілігін құртқаны анық.
Егер де қазақ елі Европамен Азияға қосатын қақпа мен кілт болса, Ресей қазаққа Батыс Европамен байланыстырған көпір болды. Халқымыз Европаның мәдениетімен сусындауға мүмкіншілік алды. Ондай мүмкіншілікке жетуге, әрине, орыс халқының зиялылары дәнекер болды. Екіншіден, орыс шаруалары, қолөнершілері жерімізді шаруашылық жағынан меңгере бастады: егіс екті, балық аулады, қазақ халқы мен орыс халқының, көшпенді мен отырықшының тәжірибе алмасуы күшейді" [4].
Әрине, шаруаны көшіріп әкелу барысында, әсіресе, көршілес орыс казактармен арадағы шиеленісте әлеуметтік қайшылық туды. Осы қайшылықтар туралы мәселені Мұхамбет Салық өзінің "Қазақты дәріптеу" деген мақалаға қазақтың жауабы", "Оралдық қазақтардың Ішкі Орда қазақтарымен жанжалы", "Тумаластардың тұрмыс-ахуалы жайлы қазақтың жазбалары" т.б. туындыларына өзек еткен. Сонымен бірге Мұхамбет Салық өзінің кейбір жазбаларында Жәңгір ханнан кейінгі Ішкі Орданы басқару мәселесіне көңіл аударып, өзінің бұл істегі көрген-білгендерін халық мүддесі тұрғысынан сөз етеді.
Жалпы, Мұхамбет Салық Бабажановтың бүкіл өмірі, ғылыми жазбалары Ішкі Орда қазақтарының тарихымен тығыз байланыста болды. Ұсақ шаруалар мен мал өсірушілердің меншіктеріне жайылымдық шабындық жерлердің бөлініп, бекітіліп берілуі, сол арқылы олардың өміршең отырықшы сипатқа ие болып, отырықшылық дағдыларын игеруі, басқарудың орталықтанған, іс жүргізетін кеңсесі, қызметкерлері бар жүйесіне көшу, алым-салық тәртібінің енгізілуі, сауда-саттықтың өркендеп, сауда орталықтарының пайда болуы, қазақтардың ақша-тауар айналымына өтіп, несие беру, қарыз алу қатынастарының өркендеуі Мұхамбет Салықтың шығармаларына өзек болды. Ол өзінің ғылыми жазбаларында Ішкі Ордадағы саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайды терең де шынайы суреттейді [3].
Өзінің баспа жұмыстарында Салық орыс оқырмандарына қазақтардың рухани мәдениетін таныстыруға талпынды. Өзінің мазмұнды "Тумаластардың тұрмыс-ахуалы жайлы қазақтың жазбаларында" Ішкі Орданың саяси тарихын баяндайды. "Қырғыз (қазақ) даласында табылған мүсін туралы" мақаласының ғылыми тұрғыдан алғанда археологиялық және этнографиялық зерттеу жұмысында құндылық өте зор. Ол қазақ мақал-мәтелдерін зерттеуге едәуір еңбек сіңірген. 1861 жылы этнографиялық бөлімінің ұсынуы бойынша Орыс жағрафиялық қоғамының қызметкер мүшесі болып сайланды. Этнографиялық бөлімінің жұмысына елеулі үлес қосқаны, қазақ тұрмысынан мақалалар жазып, этнографиялық әртүрлі заттар тауып бергені үшін 1862 жылы Россия жағрафиялық қоғамының күміс медалімен марапатталады.
Салықтың қаламынан этнографиялық "Қырғыздың қырғыздар (қазақтар) туралы жазбасын", "Нарын құмдары туралы жағрафиялық және этнографиялық мәліметтер" атты еңбектерін атай отырып, ол сол кездің өзінде-ақ үлтаралық қатынас, халықтар достығы мәселесінің төңірегінде де сөз қозғағанын айта кеткен орынды деп есептейміз. 1860 жылы "Орыс хабаршысында" "Қырғыздарды (қазақтарды) дәріптеу ("киргизомания") деген атпен мақала жарияланды.
И.Железновтың мақаласында Орыс жағрафиялық қоғамының мүшесі, тарихшы, этнограф, зерттеуші Небольсин П.И. дала қазақтары жөнінде шын ниетпен, дұрыс баға беріп, өзінің "Жиһанкез қазақтар" мақаласында оларды ренжітушілерді сынаған үшін айыпталған болатын. Осыған жауап ретінде "Северная пчелада" (1861 жыл, №4) өткір саяси тұрғыда жазылған Салық Бабажановтың "Қырғыздың (қазақтың) көпшілікке жауабы" мақаласы жарық көрді. Салықтың ойын оқырманға толық жеткізу үшін мақаланың жазылу нұсқасын сол күйінде ұсынуды орынды санаймыз: "Пробегая заглавия статей... я остановил свое внимание на статейке, названной "Киргизомания". Сколько я мог понять, этим словом хотели показать неуместность любви и сочуствия киргизам. Теперь только что начал прояснять свои умственные взоры и обратил их с сердечной мольбой к далеко ушедшим братьям, прося их помощи, участия и любви к киргизцу, как к ближнему. (Кто знаком, кто помнит и понимает заповедь, тот не отвергнет, что киргиз тот же наш ближний - "возлюбви ближнего"). спаситель научил нас любить не одних родственников и приятелей. Слово "киргизомания" написано, впрочем по-русски, автор этой весьма характерной статьи обозначился русской фамилией Иосиф Железнов... Но я не понимаю и не могу понять того русского, которому любовь к киргизам могла бы показаться неуместною или странною: сколько я знаю настоящих, коренных и неиспорченных примесью разнородной крови русских, они всегда и везде обходятся с киргизами кротко, честно и снисходительно..."
Салық осы мақаладағы өз ойын тұжырымдай отырып, былай қорытындылайды: "Стало быть он (яғни, Железнов И.) требует от русского образованного человека (яғни, Неболсин П.И.), чтобы он взял на себя исключительную обязанность во что бы ни стало хвалить одно русское и поносить все не русское и никак не защищать киргизов или других иноплеменников". Салықтың осындай өткір саяси бағытта жазған тағы да бір мақаласы "Орал казақтарының Ішкі Орда қырғыздарымен (қазақтарымен) жанжалы" деп аталады. Онда автор қазақ халқына зәбірлік көрсетіп, қиянат жасап отырған орал казактарының озбырлығын, мемлекетке тигізіп отырған зиянын Ресей мемлекетінің заңдар жинағына сүйене отырып, нақтылы мысалдармен дәлелдейді. Орал казактарының әлімжеттілігіне қарсы бола отырып, "қазақтар әлдеқалай даулы таласты жерлерге аяқ басса болды, кез келген оралдық казак: "неге бұл жерде атпен жортып жүрсің?" деп сөгіп, өздерін жер қожасының тәңірісіндей-ақ сезінеді. Шекара басшылары қазақтарға малдарыңды анда, ана жерге жайыңдар деп, әдейі әскери алпауыттардың малдары жайылып көгін түгелдей жұлып жеп, оттығып кеткен жайылымдарды көрсетеді... оралдық-жайықтық казактар орыстың бейбастық қарақшы-қашқындарынан, өзендермен үлкен жол бойындағы босқындарынан, орыс мемлекетінің қылмыстыларынан, үйсіз жүрген әртүрлі қаңғыбастарынан, сол кездегі орыс үкіметінің қудалауынан, тіпті жазалау заңынан бас сауғалап жүргендерден топтасып жинақталған болатын". ("Северная пчела", 1861, №131). Өзінің өткір сыны арқылы казактардың әділетсіздігі мен тексіздігін, арандатушылығы мен әлімжеттілігін әшкерлейді.
"Санкт-Петербург ведомостысы" газеті өзінің редакциялық бөлімінде Салықты өз қара басының қамын немесе азғантай әулеметтің жоқтаушысы емес, ел қамын жоқтаушы деп атап көрсетеді. Жалпы кезінде өзі араласқан көрнекті орыс ғалымдары Салық Бабажанов жөнінде өте жоғары пікірде болды. Мәселен, Небольсин П.И. "ойында табанды мұсылман болғанмен еуропа тұрмысының әдеттерін меңгерген және жалпы өмірге сауатты көзқараспен қарайтын" ғалым ретінде сипаттаса, көрнекті орыс тарихшы-шығыстанушысы, Петербург университетінің профессоры В.В.Григорьев "қабілетті, тамаша білімпаз адам" деп бағалады.
Мұхамедсалық жан-жағына тек үлгі-өнеге шашуға жаралған жан екенін оның жоғарыда өзіміз айтқан Торғай деген жерден салғызған мекен-жайынан да байқау қиын емес. Жеті бөлмелітұрғын үй, жазғы ас үй, сарай, ат қора, монша - осылай жалғаса береді. Мұндай тұрмысқа қолы жеткендер қазір де көп емес-ау! Екі кластық мектеп салдырып, онда өзінің және ауылдастарының балаларын оқытуды, ол мектепте өзі де сабақ беруді ойластырып жүргенде ажал тырнағына ілігіпті. Кейін, әрине, мектеп те ашылған, мешіт те салынған. Мұхамбетсалық іргесін қалаған сол мешіттін алғашқы имамы Күнқожа Арапов деген адам болған екен.
1857-1860 жылдары жеке үй шаруасымен, бау-бақша, егін егумен айналысқан Салық Санкт-Петербург, Орынбор, Астраханда шығатын газет-журнал, еңбектерді алдырып отырады. Бұл басылымдарда Бөкей хандығы халқының тұрмысы мен кәсібі, өнері, мәдениеті жөнінде әр түрлі мақалалар жарық көрді. 1860 жылы Мұхамбетсалық Орынборда жасақталған қазақ депутациясының құрамына енген. Ол Петерборға барып патша қабылдауында болады. Осы сапарында Ш.Уәлихановпен т.б. белгілі этнограф, шығыстанушы П.Н. Неболъсин, саяхатшы-ғалым Семенов Тянь-Шанскиймен кездесіп, танысады. 1860 жылы 9-тамыз күні Шоқан елдегі әкесіне хат жазғанда „Орынбордан шыққан сұлтандар бір жұма болды мұнда келгеніне. Мұхан сұлтан бәріне председателъ... Һаммасы 8-9 кісі. Патшаға бүгін көрісетін күн. Плотников - председателъдің товарышы. Переводчигі қазақ төресі, офицер Әлмұхамед Сейдалин. Жақан оны біледі. Ахметтікінде көрген" деп Петербургтың бір жаңалығын жеткізеді [12]. Шоқан келгендердің ішіндегі өз туыстары, білетіндерін ғана атаған.
Плотников 1860 жылы „Русский вестниктегі" мақаласында Орынбордан Петербургке барғандардың толық тізімін бергенде Сұлтан Тәукин мен қожа Бабажанов тым мадақтауды қажет етпей-ақ артық боямасыз кейіптерімен-ақ, онсыз да ерекше назарға лайық адамдар деп екеуін ерекшелейді [12].
М.Бабажановтың қоғамдық-саяси қызметінің маңызды көрінісі -- 1866 жылы Қамыс-Самарда правителъ болуы. Бұл кезде Еділ мен Жайық өзендерінің арасын мекендеген ел Торғын, Нарын, Қалмақ, Қамыссамар, Талов бөліктеріне және бірінші, екінші Приморье аймақтарына караған. Салық бұл кезеңде жазылған мақалаларының соңына Қамыссамарда жазылды деп белгі қойған. С.Бабажанов Ресейдің орталық қалалары -- Санкт-Петербургте, Мәскеуде, Орынборда, Қазан, Астраханда шығатын басылымдарды үзбей алдырып, оқып танысқан. Оның сүйікті басылымдары - Санкт-Петербургские ведомости, Деятелъность, Журнал охоты, Северная пчела, Волга, Оренбургский листок, Астраханский листок болды.
1861 жылы 20-ақпанда М.Бабажанов орыс географиялық қоғамына мүше болып қабылданады. Қазақтардан ол Шоқаннан кейінгі осы қоғамға кірген екінші адам болды. М.Бабажанов осы қоғамның мүшесі ретінде қазақ халқының тұрмысын, этнографиясын бейнелеген еңбектерін жіберіп тұрған. Оның ғылымға сіңірген бұл еңбектері ескеріліп, нәтижесінде Мұхамбетсалық қазақтан тұңғыш рет ресми түрде осы қоғамның күміс медалімен марапатталады [13].
Петербургтан оралғаннан кейін Салыққа қиын жағдай туады. Хан Ордасында полиция бөлімін де, өрт сөндірушілер бөлімін де біріктіріп, Салыққа осы жұмыстың үстінен бақылау жүктеледі. Көктемгі жәрмеңке кезінде уақытша басбазаршы қызметін атқарады. Жәрмеңке уақытьнда жалған кредиттік билеттер табылып, оның үстінен жала жабылады. Жерлестері мен бақталастары Салықтың қызмет бабымен тез жоғарылап бара жатқанына іштері күйіп, арызды қарша боратады [11].
Салық қызметтен босағаннан кейін Ішкі қазақ ордасы басқармасы Уақытша кеңесінің председателі болып Лев Николаевич Плотников бекітілді. Ол 1860 жылы 4-маусым күні Орынбор генерал-губернаторына жазған хатында Бабажанов аса іскер адам. Қоғамнан этнографиялық еңбектеріне кіші күміс медалін алған деп таныстырады [11].
1867 жылы 28-маусымда Орал қазақ әскерінің атаманының хатында Бабажанов жергілікті жұртқа қысым көрсетіп, казактармен қазақтардың арасьнда жанжал туғызып отыр. Оның кезінде барымта-сырымта ел ішінде күшейіп кетті -деп жазады. Жалған жала мен тағылған айыптан Плотников қорғап қалады. 1868 жылы 11-наурызда Ішкі Орданы басқаратын Уақытша кеңеске сотник Бабажановтан өтініш түседі. Ол жер учаскелерін бөлуге өзін қатыстыруды сұрайды.
1869 жылы наурызда Орынбор генерал-губернаторлығы мен Уақытша кеңес арасындағы контракт бекітілді. Бұл контракт бойынша Бабажановқа жетпіс жылға пайдалануға 95 десятина жер берілді. Ол әрбір десятинаға 20 тиын оброк төлеуі тиіс болды. Алған жеріне өз семъясына арнап жеті бөлмелі кең, үлкен саман тастан үй салды. Үйдің алдына бір бөлмелі, екі терезесі бар ағаш мезонин салдырды. Бұдан Торғай өзендерін қоршап жатқан кең дала, ашық күндері Басқұншақ тұзды көлі, Боғда қыраты көрініп тұрды. Үймен қатарласа сарай, жазғы асхана, монша, ат сарай, қақпа сыртына Бабажанов мешіт, шағын төрт терезелі мектеп салды. Мұнда кең екі бөлме және алдыңғы шолан бар. Ол екі кластық мектеп ашып, туысқандарыньң балаларын оқытуды мақсат етті.
Мұғалім етіп Дәулет Ақбаевты, молда етіп Күн қожа Араповты тағайындады. Төменгі бақшада 200 жеміс ағаштарын, көктемде келесі жылы 297 ағаш отырғызады. Ал жоғары бақшада 950 алма ағашы және 30 шие, жүздеген малина, смородина түптерін отырғызды. Оны суару үшін екі құдық қаздырды. Бірақ барлық түптер шыққан жоқ. Егер 1872 жылы қазанда бағбан Алексей Кокушкин 965 түп алма түбін отырғызса, соның 339-ы өсіп, қалғандары өліп қалды. 90 шие, 37 тал смородина кеуіп қалды. Бұл мәліметті Ивлев Приуралъе газетінде 1992 жылы Я желал подать пример [14]мақаласында нақты баяндайды.
Салық Орданың Астрахан бетіндегі Егіндікұдықта мекендеді. Бұл қонысты өз меншігіне қаратып, сатып алу үшін азап шегіп, талай тас кеуде бюрократтардың алдынан өткенін өз мақалаларында қызықты етіп баяндайды. Осы жерді көгалдандырып, көркейту үшін сүйікті жары Ғазиза екеуі көп күш -- жігер жұмсаған. Нәтижесінде бұл мекенде жеміс ағаштары бар жайқалған жасыл бақ пайда болды. Осы Егіндіқұдықта Салық пен Ғазиза Мұхамбетжан, Ханакмет атты екі ұл көріп, оларды әлпештеп өсірген [9].
Мұхамбетсалық Егіндіқұдықта жасыл бақтың саясында оңаша үйде кітап ақтарып, жан -- жақтан жеткізіліп жатқан орыс және араб тілдерінде шыққан басылымдарды оқып өзінің байқағандарын қағазға түсіріп, төңірегіне Ішкі Орданың игі жақсыларын жинап, әңгіме -- дүкен құрып, әнші -- домбырашылардың, Дәулеткерей сияқты ақиық өнерпаздардың жан жадыратар сарбаз саздарын тыңдап, талай тамаша күндерді өткізген. Салықты Егіндіқұдыққа іздеп келушілер көп болды. Олардың кейбірі көрген әділетсіздіктерін айтып, шағымданып келсе, басқалары онымен әңгімелесіп, оның ақыл -- парасатынан күш -- қуат алуды көздеп келетін. Салық Егіндіқұдықта тұрғанда көп оқып, көп нәрсені пайымдап, шығармашылықпен де айналысады. Оның қаламынан туған шығармалардың бәрі де қазақ халқының тұрмыс -- тіршілігіне, тарихына байланысты дүниелер еді. Салық Бабажанов этнограф -- тарихшы, географ ретінде императорлық қоғамның хабаршысына, этнографиялық жинақтарға да мақалалар жариялаған.
1860 жылы ол үлкен Боғда қыратынан биіктігі екі аршыннан астам әйелдің балбал тас мүсінін тауып, Санкт -- Петербургтегі этнография -- география қоғамына тапсырады. Сондай -- ақ империялық орыс география қоғамына Басқұншақ көлінен шығып жатқан күкірт қышқылының шаруашылық маңызы туралы хабарлайды.
Осындай ғылыми еңбегі нәтижесінде қазақтан түңғыш рет Салық Бабажанов ресми түрде күміс медальмен наградталады. Мұндай жетістікке жетуіне қол жеткізген еңбектің бірі - Қырғыз даласынан табылған тас катынның мүсіні атты мақаласы жөне әйел мүсіні ерекше орын алады [15]. Автор өз еңбегінде көрсеткендей 1860 жылы 18 маусымда Орда маңындағы Жалғызшағыл деген жерден табылған бұл мүсін күні бүгін Санкт - Петербургтегі Эрмитажда сақталған. Салық өз мақалаларында жер бедері, оның байлығы, топонимикасы жөнінде құнды еңбектер жазды. Халық тарихы, этнографиясына қалам тартты. Қазақтың мақал -- мәтелдерін жинастырды. Төрт түлік малды өсіру, тұқымын зерттеу, будандастыру арқылы асылдандыру саласында еңбек жазды. Қазақ балаларын оқытуға, қазақтардың мәдени дәрежесін өсіруге, ой -- өрісінің кеңеюіне, казақ даласынан тыс жерлердегі әлеуметтік игі өзгерістер мен жаңалықтарды көріп білуіне, игеруіне құштар болып, қамқорлық жасап, Жәңгір ханның Ішкі Орда қазақтарын малдың тұқымын асылдандыру үшін Кавказдан, ішкі Ресейдің жылқы зауыттарынан асыл тұқымды жылқылар алдырып, оны мал өсіруші қазақтарға таратқанын жазады. Басқұншақ, Элтон көлдеріндегі тұз өндірісі жөнінде кең көлемді мағлұмат береді. Қазіргі Атырау облысы, Индер тұзының қасиетін ашып, жан -- жақты зерттеп, елге мәлім еткен де осы ғалым. XIX ғасырдың 60 -- жылдары жарық көрген еңбектерінен Салықтың ғылымды терең игергенін көреміз. Әсіресе оның Бөкей Ордасындағы қазақтардың тұрмыс -- тіршілігі мен мәдениетін жазған кезінде бұл кең көлемде көрініс тапқан. Салық өзі мүше болған географиялық қоғам арқылы өзіне жүктелген екі түрлі міндетті өзіне тән ұқыптылықпен атқарады. Оның бірі -- қазақтардың тұрмыс -- тіршілігін зерттеп, ғылыми мағлұмат жинастыру болса, екіншісі - ғылымға қажетті материалдық деректер тауып, қоғамға өткізу болды.
М.Бабажанов қиын да, күрделі ғұмыр кешіп, өмірден ерте өтті. Оның тағдыры Шоқанға ұқсас болды. Бірақ аз ғұмырында халқының сүйіспеншілігіне бөленіп, оның тарихында өшпес із қалдырып үлгерді. Салықтың өлген жылы белгісіз. Кейбір ғалымдар бұл мәселе әлі де зерттеуді кажет етеді деп жазса, Ивлев С.Бабажанов 1872 жылы Батыс Қазақстанда жерленген [14] деп көрсетеді. Хамзин Нарыннан шыққан білімпаз атты мақаласында 1869 жылы жазда Салық науқасына байланысты демалысқа шығуға сұранды. Халық үшін қызмет еткен осынау абзал азамат 1871 жылы дүниеден озады [11] деп баяндайды.
Ал Б.Қ.Бірімжаров және Ғ.Е.Карабалин жариялаған мақалада М.Бабажанов құпияда қайтыс болды. Ол талас -- тартыс, дау -- дамай кезінде ауылдастарына жақтасып, үнемі жеңіске жетіп отырған. Осыған қатты өшіккен Орал қаласындағы патша чиновниктері оған қастандықпен у беріп өлтірген [15]- деп көрсетілді.
Кейбір зерттеушілер 1871 жылы Салық аттан құлап қаза тапты дейді. Архив деректеріне сүйенсек, Салықтың әйелі Ғазиза 1876 жылы 20 қарашада қайтыс болған. Күйеуі өлгеннен кейін бес жыл жарым өмір сүрді" деп айтылады [16]. Бұл бойынша Салық 1871 жылы қаза тапқан болып шығады. М.Бабажанов қайтыс болған соң Орда ауданына қарасты Торғай көлінің маңына жерленген. Ол қаза тапқанда белгілі күйші Дәулеткерейдің шерлі көкірегінен халықтың қайғысын бейнелейтін Салық өлген атты күй туды. Бұл құдіретті күй Салықтың асыл бейнесін, тамаша тұлғасын елестетіп, естіген адамның жанын тебірентпей қоймайды. Оның өліміне ел қатты қайғырып Салық өлді дегенше алып өлді десейші, алып өлді дегенше, халық өлді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бабажанов Мұхамед-Салықтың ағартушылық қызметі
Бабажанов еңбектеріндегі Бөкей Ордасы қазақтарының жәйі
Мұхамбет Салық Бабажанов еңбектеріндегі қазақ этнографиясы
Жабаев Жамбыл/ Мұхамбет-Салық Бабажанов/Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы
Мұхамбет-Салық Бабажанов
Елдік пен ерлік киесі
Алтын Орда мемлекетінің ыдырау себебі
Алтын Орда мекендеген территориясы
Сандық ұғымдар арқылы жасалған күрделі атаулар концептілерінің құрылымы
Жұлдыз атауы
Пәндер