Қазақ халқының ырымдары мен тыйымдары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЕКІБАСТҰЗ КОЛЛЕДЖІ

Курстық жұмыс

Пәні: « Қазақ тілін оқыту әдістемесі »

Курс, тобы: 3 курс, НОБ-316

Тақырыбы: «Қазақтың тыйым сөздерін мектепте оқыту»

Студент: Күндізгі бөлім

Мамандығы: 0111000 «Негізгі орта білім»

Т. А. Ә: Кукишева Сабина Куанышевна

Баға:

Оқытушы: Шариғат Айгерім

Орындаған: Кукишева С. К.

Ғылыми жетекшісі : Шариғат А.

Екібастұз қаласы, 2018 ж

Мазмұны

Кіріспе . . . 3-4

І. Тыйым сөз, ырымдармен танысу

1. 1. Қазақ халқының ырымдары мен тыйымдары . . . 5-6

1. 2 Тыйым сөздердің жалпы сипаты, олардың ерекшеліктері . . . 7-8

1. 3. Тыйым сөздердің халық арасында қолданысы . . . 9-10

1. 4. Тыйымдық ырымдар . . . 11-12

ІІ. Мектеп оқушыларына қазақ тілі сабағындағы тыйым сөздерді тиімді қолданудың әдіс - тәсілдері

2. 1. Сабақта тыйым сөздерді қолдану тиімділігі . . . 13-18

2. 2. Халық даналығы, мақал-мәтелдер мен тыйым сөздердің өзара ұқсастығы мен айырмашылығы . . . 19-20

2. 3. Қазақ ырымдары мен тыйым сөздерінің тәрбиелік мәні . . . 21-25

Сауалнама . . . 26-29

Қорытынды . . . 30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 31

Кіріспе

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрағат - міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Бала тәрбиесіне, терең мән беріп оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі - қазақ халқы. Қазақ халқы - әдет, әдеп-ғұрпына өте бай ел. Бұл - оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер М. Шайкенов: «Ұлт дәстүрі - заңнан биік», - деген. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт - дәстүрін, өнегені әдеп - ғұрыппен, үлгіні жөн - жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, қайрымдылық, жоғары адамгершілік қасиеттер осы жол арқылы дарыған.

Тақырыптың өзектілігі . Халқымызда «баланы-жастан» деген сөз бар.

Бала оңы мен солын танымай жатып-ақ көп нәрсені үйретуге тырысқанымызбен кейде белгілі бір нәрселерден тыйып жатамыз. Көп жағдайда мысалы, «жағыңды таянба», «табалдырықты баспа» деп айтуын айтқанмен, балаға оның мән-мағынасын түсіндірместен, «жаман болады» деп бір ауыз сөзбен шектей саламыз. Халқымыздың өзіне тән салт-дәстүрлерінің өмірдегі қолданылмалы көріністеріне айналған ырым мен тыйым сөздердің алатын орны ерекше. Ырым мен тыйым сөздерді ұлтымыздың қоршаған ортаға, табиғатқа және адамдардың ара - қатынасына берген философиялық тұжырымы, түйіндеген қағидалары. Қазақ халқы ұл - қыздарының бойындағы кейбір оғаш қылықтарын бетіне басып, жүгенсіздікті тыйымдармен тәртіпке салып отырған, яғни тәрбиенің бұл құралы мінез - құлық ережесі түрінде қалыптастыруға тырысқан. Жас ұрпақ бойына тек адамгершілік пен қайырымдылықты, адалдық пен әділдікті, ізеттілікті, имандылық пен инабаттылықты егіп, игі әдеттерді сіңіруге, тәрбиелеуге ұмтылған. Басқаша айтқанда, ырым мен тыйым сөздер тұрмыста заң іспеттес іске асып отырған.

Мақсаты: Қазақ тілі сабағында тыйым сөздерді өткізу барысында тиімді тәсілдерді пайдаланып, балалардың ой-өрісін дамыту жолдарын көрсету.

Міндеттері: Мектеп оқушыларына қазақ тілі сабағында тыйым сөздерді пайдалануға байланысты әдістеме тұрғысында төмендегідей міндеттер қойылады:

  • Тыйым сөздерді сабақта қолданудың өзіндік ерекшеліктерін айқындау;
  • Тыйым сөздерді қазақ тілі сабағында оқытудың дидактикалық және әдістемелік мақсат-міндеттерін талдап көрсету;
  • Оқушыларға тыйым сөздерді дұрыс қабылдай білуге үйрету;
  • Тыйым сөздерді жеңілден-ауырға, түсініктіден - түсініксізге, жалқыдан-жалпыға қарай деген дидактикалық принципті ұстаным ету.

Жас ұрпақтың ырым - тыйым сөздері арқылы өз елінің, ата - тегінің дәстүрі және мұраларымен танысуға мүмкіндік алады. Сол асыл қазыналарымыздың
қасиетін, мән-мағынасын ұрпағымыздың бойына жұғысты етіп, ертеңгі күнге
жалғастыра ұқтырсақ, ұл-қыздарымыздың келешегі де жарқын болар еді.

Әдіс-тәсілдері: зерттеу, жинақтау, жүйелеу.

Курстық жұмыстың ғылыми болжамы: Кейбір орта мектеп мұғалімдері мен жоғарғы оқу орны филология факультеті студенттеріне Қазақ тілін оқыту
әдістемесі пәнін оқытуда, Сабақта тыйым сөздердің орны тақырыбында
арнайы курс, арнаулы семинарларда пайдалануға болады. Зерттеу нәтижелерін педагогика, психология пәндерінде, мектепте пән үйірмесін құруда қосымша көмекші құрал қызметін толық атқара алады деп есептейміз.

Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Тыйым сөз, ырымдармен танысу

1. 1 Қазақ халқының ырымдары мен тыйымдары

Ырым - халқымыздың тәлім, тәрбиелік қызметі бар салт, дәстүрлерінің ішіндегі қызық әрі ойланарлық ғұрыптарының бірі. Ырымның ұлттық салт - дәстүрлермен, әдет - ғұрыптарды қалыптастырудағы орны зор. Жас ұрпақтың өзін-өзі ұстау, тіл әдебімен адамдар арасында қатынас түзе білуінде ерекше орынға ие. Ырым - тәрбиелік мәні бар сенім - наным, жосын жоралғылар көп. Ырым- ешқандай ерсілігі, оғаштығы жоқ ұлттық тәрбиенің құрамдас бөлігі. Ырым сөздер - белгілі бір наным салдарынан адамдардың санасында қалыптасып қалған да болуы мүмкін, істерге психологиялық - эмоциялық сезім күйлерін, иланымдарын білдіретін сөздер.

Тыйым - дәстүрлі қазақы ортада ырым атаулының ішінде ең көп қолданыста болған қағидалар мен ұстанымдар. Себебі тыйым көшпелі ортаның сан салалы, сан деңгейлі тіршілігіндегі ырымның басқа түрлеріне қарағанда қолданыстық маңызы әлдеқайда қауқарлы болып келеді. Тыйымның бар философиясы «қызға қырық үйден тыйым» деген әйгілі сөз орамында жатыр. Тыйым дәстүрлі қазақы ортадағы қоғамдық қатынастың барлық салалары мен деңгейлерінде жағымды субъектіні қарсы «әріптес» субъектінің (субъектілердің ) немесе тіршілік объектісінің (объектілернің) зиянкес қасиеттерінен һәм іс-әрекеттерінен сақтандыру функциясын атқарады. Бұл функция жаманшылық әкелуі мүмкін деп саналған субъектіге немесе адам тіршілігінің объектісіне байланысты іс-әрекеттерге тыйым салу жолымен жүзеге асады. Сонымен бірге тыйым әлгі субъектіні қарсы «әріптес» субъектілер мен тіршілік объектілерінің жағымдыларына һәм пайдалыларына қатысты зиянкес әрекетке барудан сақтандыратын функция да атқарып отырады. Мысал ретінде, «аққуды атпас болар», [ обалына қаласың немесе киесі атады] және «судың ішінде дәрет алма, су иесі Сүлейменнің кәріне ұшырайсың» деген сияқты тыйым сөздерді айтуға болады. Осындай функционалдық «міндетіне» және осыдан туындайтын табиғатына байланысты тыйым көшпелілердің кіслік концепциясының адал, обал, сауап, атты ең басты принциптерімен тікелей қатынасқа түсетіндігі аңғарылады. Қандай да бір халық болмасын оның әр түрлі ырымдары мен тыйымдары болған. Оның барлығы діни деуге болмайды. Бірақ ерте замандарда табиғат сырларын білмеген соң оларға түрлі себептер іздеп, кейде діни ұғымдарға тірелген. Кейде ол ырымдар мыңдаған жылдық халық тәжірибесінен туындаған болуы да мүмкін. Олардың көбісі, айталық қазақтарда әлі күнге дейін сақталып келеді. Мысалы «Ай» мен «Күннің » тұтылуы. Халық оның неліктен болатынын қазір біледі. Бірақ қалыптасқан әдет бойынша әлі күнге дейін халық ежелгідей қолайсыз жағдайдың нышаны деп үрейленеді, тасаттық береді, Құран оқып, Алладан жақсылық тілейді. Кешке күн батып, қараңғы түскенде тауық шақырса, оны да жамандықтың нышаны деп тауықтың басын кескен. Қазақ жапалақ құстан (байғыздан) да қорыққан. Бұл құс әдетте ескі бұзылған үйлерге қонақтап, ұя салады. Түнде дауыс шығарып шаңқылдап жатады. Егер ол құс адам тұрған үйдің мұржасына қонса, оны апат нышаны деп қараған. Сондықтан, қазақ ит ұлыса одан да қатты қауіптенген, қорыққан. Ит жеті қазынаның бірі саналған. Егер ол ұдыса бір бәленің хабарын сезіп тұр деп түсінген. Тісі шыққан бал жылауық болып, мазасызданса, бұл оның бір жері ауырып тұр деудің орнына, одан да қауіптенген. Сондай-ақ табиғатты болжайтын нышандар болған. Ол көбіне өмірден, байқаудан туғандықтан негізінде ғылымға қарсы болмаған. Көшпелі қазақ табиғатты болжағанда көбіне мұны малдың әрекетінен, күннің батуынан, айдың тууынан т. б. нышандардан байқап айтқан. Сонымен қатар ол өз болашағын да өзінше амалдап білген. Оған жататындар: түс жору, құмалақ ашу (салдыру), малдың жауырынына қарап болашақты болжау. Табиғатты болжауға қарағанда, мәселен құмырсқаның илеуін, күзде құстардың жылы жаққа ұшқаның байқап, қыстың қандай болатынын шамалап айтса және ол өмірден алшақ кетпейтін болса, адам өмірін болжау нақтылығы шамалы, көбісі көңіл тоқтатып, адамның өзіне өзі келуі үшін қажет болған. Әлгі айтқандардай қазақта тыйымдық ырымдар да болған. Оған жататындар : табалдырықты баспау, есікті кермеу, үйге қарай жүгірмеу, малды теппеу, басына ұрмау, күл шашпау, ақты баспау, үйге кірген жыланның басына ақ құйып, үйден шығарып тастау, өлтірсе де үйден шығарып өлтіру ( кейбір халықтар үйге келген қонақ жау болса, үйден аттанып шыққан соң көзін жояты ), суға түкірмеу, шығып тұрған көкті жұлмау. Қазақта бұл айтылғандардан басқа да толып жатқан ырымдар болған. Мәселен, оң көздің тартуы бір жақсылықтың нышаны деп түсінген, ал сол көз тартса- керісінше, тіс шықырлатпау, пышақпен ойнамау, алақан қышыса - қолға ақша түседі деп сенген. Жолда кездескен жолаушыдан қайда барасың деп сұрамау, қайта «жолың болсын!» деп тілек айту, оған жолаушы «Әли болсын!»- деп жауап қайтарған. «Қазақ қыз баланы қорламайды, қыз-ару, болашақ ана». Қазақ жапан даладағы жалғыз ағашты кеспейді, зақым келтірмейді. Саясына барып паналап, ұйықтамайды. «Жалғыз қаласың » деп ырымдайды. Қазақ аққуды, сарыала қазды, бұлбұлды және жалғыз жүрген құсты ауламайды, атпайды. Өйткені бұларды киелі құс деп есептейді. Ымырт кезінде жатып ұйықтау қатер. Өйткені, бұл мезгілде жарық пен қараңғы, бақ пен сор, өлім мен өмір ауысады. Ымырт кезінде жатқан адам өлім тілегені деп ырымдайды. Себебі ол уақыт мал өрістен қайтатын, оларды жайғастыратын кез. Жұмыс қолы керек. Дені сау адам ол кезде жатпайды, қолқабыс жасайды. Қазанды есік жаққа қаратып қисайтып аспайды. Ол құласа: несібе төгіледі, ырыс шайқалады, ас азайып, дәм далаға қашады, отқа төгіліп дән күйеді, күл астында қалады, қазан шайқалады - ырыс шамданады деп ырымдайды.

1. 2. Тыйым сөздердің жалпы сипаты, олардың ерекшеліктері

Қазақ халқымен ғасырлар бойы жасасып келе жатқан ырым-тыйымдар жүйесі халқымыздың өмірінде, салт-санасында, әдет-ғұрпында, тұрмыс-тіршілігінде кеңінен көрініс тапқаны белгілі. Ырым-тыйым арқылы бала тәрбиелеу, жат әдеттерден тыю, туындауы мүмкін қауіп-қатерлерді ескерту және т. б. нәрселер ұлтымыздың рухани кеңістігінде әлі күнге дейін сақталып келе жатқан тарихи, этномәдени, әлеуметтік мәні терең дүние. Кейбір ырым-тыйымдар бағзы замандардағы шамандық, тәңірлік наным-сенімдердің сипаты, белгісі ретінде де көрініс беріп жатады. Қалай дегенмен, ырым-тыйымдарды халқымыздың ұлттық болмысынан бөле-жара қарауға болмайды. Ырымға сену керек пе, әлде сенбеу керек пе деген мәселенің құпиясы әлі күнге дейін ашылған емес. Мәселен, «көз тиюден сақтайтын» сан түрлі ырымдар бар. Ырыммен қатарлас жүретін тұмар тағу, аластау, бақсылықпен емдеу, жауырынға қарап болжау, құмалақ салу сияқты дәстүрлі ұлттық ерекшеліктер көне түркі мәдениетіне ортақ құндылықтар деп саналады. Мысалы, қазақтың ырым-тыйымдарының астарында сан түрлі тақырыпты қамтитын мәдени-этикалық тәрбиелеу таңбалары жатыр. Осы орайда біз «Сөз таным» бетінің бүгінгі шығарылымында ырым-тыйымдарды әңгімемізге арқау ете отырып, оның қыр-сыры, мәні мен мағынасы туралы, қандай мақсатпен айтылып, орындалатыны жайында хабардар ететін боламыз. Ырымдардың барлығы бірдей жақсылыққа кенелтетін болжамдармен ғана емес, адамға төнетін қауіп-қатер туралы да жорамал жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, түнде жолыңда сиыр жатса, сапарың оң болмайды. Оқпақ шақырса, бие құлын тастайды. Алдыңнан түлкі қашса, сапарың сәтті болады.

1. « Тойдым» емес, «қанағат» деген жөн

«Тойдым» емес, «қанағат» деген жөн

( тағамға байланысты ырым-тыйым)

Қазақ асты ерекше қадірлейтін халық. Сондықтан ас-ауқатқа, тағамға байланысты қалыптасқан ырым-тыйымдар астың қадірін арттыруға, ысырапшылдыққа жол бермеуге бағытталғаны сөзсіз.

Қызға кәрі жілік ұстатпайды - оң жақта көп отырып қалады. Балаға ми жегізбейді - былжыр, ынжық болады. Ішіп отырған шайға шама түссе - қонақ келеді. Ас ішіп болған соң «тойдым демейді», «қанағат» деген жөн. Тұзды бей-берекет шашпайды, астың иманы - тұз деп қарайды. Егiннiң тұқымы үшiн бiреу қарызға дән сұраса ренжiмей бередi, дәндi адам емес, қара жер тiлеп жатыр деп ырымдайды. Қазақ танымында ақ өнімдері, яғни ағарған жақсылықтың нышаны, пәктіктің, тазалықтың символы ретінде қалыптасқан. Сондықтан ағарғанға қатысты ырымдар өте көп. Мысалы, байқаусызда ақты төгіп алса, саусағын батырып, маңдайына жағу ырымын жасаған. Сосын аяққа басылмас үшін жақсылап тазалап, сүртіп алатын болған. Ақты аяқасты ысырап етпеген. Дәм үстіне келіп қалған адам немесе бір нәрсені сұрап, анықтап білуге кірген адам асығыс болып, дәмге қарамайтын жағдайда дәмнен үлкен еместігін білдіріп, қандай да бір дәмнен ауыз тиіп шығады.

2 . «Малдың алдынан бос ыдыспен шықса - сүті азаяды»

(төрт түлікке қатысты ырым-тыйым)

Төрт түлікке байланысты ырым-тыйымдардың мәнісі малдың киесі бар екенін сездіруге, соны біліп, құрметтеуге шақырып тұрғандай әсер қалдырады. Төрт түліктің өзге де қасиеттеріне, кейбір әрекеттеріне қарай отырып ауа райын, табиғат болмысын, өзге де нәрселерді болжай алған халқымыздың рухани қазынасында осынау тақырыпқа арналған ырым-тыйымдар молынан ұшырасады. Солардың бірқатарына тоқталамыз.

Сойылған малдың қанын төрт түлік (әсіресе, сиырдың) көзінше төгуге болмайды - сүтінен айырылады.

Малдың алдынан бос ыдыспен шықса - сүті азаяды

Ит ұлыса - шаңырақта жаманшылық болады. Қарғалар тобымен

шуылдап ұшса - қыста күн суытады, жазда ауа райы өзгереді. Үкі түнде ауылдың сыртынан шақырса - ауылда көп кешікпей өрт, қайғылы жағдай болады, үкісін жұлып алып, бойтұмар етіп сақтаған адам қатерге ұшырамайды. Егер тауық ұясына ерте қонақтаса - жауын-шашын болады, бір аяғын бауырына алып, ұзақ тұрса - күн суытады.

3. «Жанып тұрған шырақты үрлемейді»

(үй тұрмысына қатысты ырым-тыйым)

Қазақ ырымдары ішіндегі кең таралғаны бұл үй тұрмысына қатысты ырым-тыйымдар. Олардың өзіндік тәрбиелік мәні бар. Мұны білген бала ұлтының салтын, болмысын терең біліп өседі.

Түнде сандықты ашпайды - біреу-міреу өледі ( өте қажет болған жағдайда «жылан кіріп кетті» деп айтып ашады) . Түндікті бақанмен тіреп қоюға болмайды - жау шақыру деген ырым. Жанып тұрған шырақты үрлемейді - адам ұмытшақ болады. Шәугімнің шүмегін есікке қаратып қоймайды - ырыс-несібе кемиді. Есіктің босағасын керуге, табалдырығында тұруға болмайды - жау шапқанда ғана үй иелері босағаны керіп, табалдырықта тұрған.

Киіз үйде құмырсқа көбейіп кетсе - жылқының екі тезегін уыққа іліп қояды. «Тәңірден тілеп алған» сәбиінің екі аяғына ата-анасы ырымдап, баланы «тіл-көзден, түрлі пәле-жаладан қорғайды» деп қымбат бағалы металдан білезік соқтырып тағып қояды.

1. 3. Тыйым сөздердің халық арасында қолданысы

«Тыйым» деген сөздің өзі «тыйып тастау» яғни жаман нәрсеге бастамау, жолатпау деген мағынаны береді. Менің ойымша, осы сөздің түп-төркіні солай болса керек. Ауылдағы ата-әжелеріміз немесе жасы үлкен аға-апаларымыздың ырымға өте қатты сенетіндігін жиі естіп, тіпті көріп те жүрміз. Қаладан ауылға сағынып, үйге қарай алып-ұшып қуана жүгіріп келе жатсаң, анадайда тұрған әженің «үйге қарай жүгірме, тентегім» деген дауысын естіп, тосылып қалатынымыз да рас. Оның мағынасын сұрасақ «жаман болады» дейді де қояды. Бала кезімізде әр нәрсені білгіміз кеп сұрасақ, «кейін үлкейгенде түсінесің» деп жылы жауып қоя салады. Әңгімені ауылдағы жасы үлкен қарияларымыздың тыйым сөздерінен бастаған соң, біршама тоқталып өтелік. Қазақ халқының баяғы заманнан бері балаларына жаман болады, пәлеге ұшырайсың, құдайдың, әруақтардың киесі соғады деп ырым етіп, тыйым салған кездері де көп кездеседі. Мысалы: кешке тамақтың бетін ашық қалдырма (шайтан үймелейді) ; қолыңды жуған соң сілкіме (қанша сілкісең сонша шайтан үймелейді) ; есікті теппе (киесі атады) ; босағаны керме (бақытсыздыққа ұшырайсың) ; сыпырғыны аспанға көтерме; жағыңды, бүйіріңді таянба (қаралы емессің яғни жақының қайтыс болған жоқ) ; тізеңді құшақтама(өмірде жалғыз болып өтесің) ; үй ішінде айқайлап, ысқырма(берекесін қашырасың) ; үйге қарай жүгірме (өлік шыққанда жүгіреді) ; бір қолмен нан үзбе; «Біссімілә» демей ас жеме; әйелге ер адамның алдын кесіп өтуге болмайды (жолы болмайды қалады) ; жұма күні кір жума; жатқанда аяғыңды құбылаға берме; бос бесікті тербетпе (үйде бала болмай қалады) деген сияқты ырымдар мен тыйымдар бар. Ырым демекші, халқымыз жан-жануарлардың, табиғат құбылыстарының сан алуан жай-күйіне қарап жорамал жасайтыны да бар. Мәселен, ит ұлыса бір қатер болады; түнде аспанда жұлдыздар көп болса, ертеңгі күні ауа-райы жылы болады; мысық жаман дауыс шығарып мияуласа, бір жамандық болады деп түсінген; түсіңде жыласаң, өңіңде күлесің; түсіңде өлік көрсең, ғұмырың ұзақ болады; бөдененің жұмыртқасын тапқан адам бай болады; ұлтабарды «ұл тапсын» деп ырымдап келінге береді; кәріжілікті «отырып қалады» деп қызға бермейді; баланың «құлағы түрік болады» деп құлақ, ал «әнші болады» деп таңдай береді; қыз балаға «шашың ұзын болсын» деп желке, «мейірбан болсын» деп жүрек береді.

Сонымен қатар дана халқымызда жас сәбилерге байланысты ырымдар да көп болған. Баладан үлкен үміт күткен халық оны туғаннан бастап мәпелеп, өз түсініктеріне сай әр нәрседен қорғауға тырысқан. Балаларға «көз тиеді, тіл тиеді» деп қорқып, содан сақтанатын ырымдар жасаған. Мысалы, көз тиеді деп кішкентай нәрестенің бас киіміне не сырт киіміне немесе қолына жіпке тізілген моншақ тағып қоятын болған. Оны көзмоншақ деп те атайды. Бұл адамдардың назары балаға емес, сол затқа аусын деген тілектен туса керек. Кей жерлерде балаға үкілі тақия кигізіп немесе үйге бөтен адамдар келгенде оның назары балаға түспесін, қызықпасын деп күйе жағып қояды. Егер балаға көзі не тілі тиді деп есептесе, сол адамға білдірмей, оның аяқ киімінің ұлтарағын алып, оны жағып сәбиді аластап, яғни басынан айналдырып, өртеп жіберген. Ал кейбір жерлерде сол көзі тиген адамның ең қымбат киімінің бір жерін кесіп алған, яғни сол адам қатты өкіну керек, сонда сәби тәуір болады деп сенген. Егер балаға көз тиді, тіл тиді десе, дереу сол адамға түкіртеді. Байқап отырсақ, кей үлкен кісілер кішкентай сәбиді көргенде «тіфай, жаман бала», «түріңнің жаманын-ай» деп жатады. Бұл «саған мән бермеймін» деп, өз назарын аудармауға тырысқандығы. Осы ырымды халық қазір де сақтайды. Кейбіреулеріңіз мүмкін әлі де тағатын боларсыздар, тұмар дегенді? Бұл да ырымдардың бірі. Молдаларға жаздырып алынған дұғаны бойтұмар ретінде мойынға ылғи бәле-жаладан, жын-шайтаннан сақ жүрсін деген сеніммен тақтырған. «Қара жер» - киелі жер деген наныммен байырғы қазақтар кейде дұғаның орнына бір шөкім туған жердің топырағын тағып жүретін болған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының ұлттық бас киімдері
Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы. Жаңа дәуірдегі ұлттық мемлекет пен ұлттық идея эволюциясына тарихнамалық сипаттама
Қазақы ырым-тыйымдардың – діни-философиялық астарлары
Ұлттық құндылықтар негізінде жоғары сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру жолдары
Түркі халқына ортақ балаға қатысты ырым - тыйымдар
Қазакстанның рухани келбеті-ұлттық идеялогия
Ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың cаяси-рухани өзегі
Жолға қатысты ырым - тыйымдар
Бала тәрбиесіндегі салт - дәстүрлердің маңызы
Табу мен эвфемизмдердің әлемдік деңгейдегі зерттелу тарихына шолу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz