Балалар балабақшасында өсірілетін өсімдіктер және олардың ерекшелігі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Ересек балалар тобында өсімдіктермен таныстыру үрдісінде дидактикалық ойындарды қолдану

Жоспары:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1. Балалар балабақшасында өсірілетін өсімдіктер және олардың ерекшелігі

2. 2. Ересек топтағы балаларға өсімдіктерді таныстыру әдістері

2. 3. Ересектер тобындағы балаларға өсімдіктерді таныстыру барысында қолданылатын дидактикалық ойындар

III. Қорытынды

IV. Пайданылған әдебиеттер тізімі

I. Кіріспе

Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық сана, экологиялық тәрбие беру.

Табиғат адам баласының еңбек етіп, өмір сүріп отыратын ортасы. Қоршаған ортадағы суы да, әсем сұлу жерін жырламаған адам жоқ. Расында да табиғат тек байлық көзі. Адам баласы қызығының сарқылмас қазынасы ғана емес, көркемдік пен сұлулықтың әлемі. Табиғаттың ғажайып құбылыстарымен таныстыру арқылы бөбектерді жан-жақты тәрбиелеуде нақтырақ айтқанда, олардың дүниетанымын, зейінін, ойын дамытуға болады. Демек, табиғат негізі тәрбие құралының бірі. Олай дейтініміз, нәресте дүниеге келгенде алғаш ата-анасының ыстық құшағы мен мейірімінен кейін үнемі бетпе-бет кездесіп, танитыны табиғат, оның заттары мен құбылыстары. Сол себепті де педагогика саласында табиғаттың негізгі ерекшеліктерін балаға көрсету, сезіндіру, байқату арқылы оның ақыл-ойын, адамгершілік қасиетін, эстетикалық талғамын арттырып, денесін жетілдіріп, еңбекке баулу мақсатында пайдалануға көп мән берілген. Педагог ғалымдар Ж. Ж. Руссо, Пестолоций, Дистерверг баланың табиғатпен қарым-қатынасын қалыптастыру арқылы білім беру, тәрбиелеу дүниетанымын орнықтыру заңдылықтарын негіздеді. Баланы жастайынан «Табиғатты сезіне білуге» тәрбиелеу туралы айта келіп оның адамгершілігін, эстетикалық дамуындағы табиғаттың маңызын ашты. Ал, жаратылыстың сұлу көріністері жыл мезгілдеріндегі жағымды құбылыстар арқылы жас ұрпақты тәрбиелеуге қазақ халқының көрнекті ағартушылары Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев өздерінің еңбектерінде жете көңіл бөліп, табиғатқа қамқорлық сезімінің ұлттық тәрбиеден бастау алатынына үлкен мән берді. Мектепке дейінгі дене тәрбие саласында болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтау туралы әрекеттестігін қарапайым ұғымдар арқылы түсініп, жеткізу ұсынылады. Балабақшада тәрбие бағдарламасына сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру барысында өзара тығыз байланысты білімділік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. Балаларды табиғатпен таныстыру және шынайы қамқорлыққа алу жағдайына адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру мақсаты да өтеледі. Балабақшада балалардың өздері бақылап, бағып, күтіп жүрген жануарлар мен өсімдіктердің болуы оларда қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға еңбекке деген сүйіспеншілікке және соған дағдылануға үйретеді. Сондай-ақ бала бойында тапсырылған іске жауапкершілік сияқты қасиеттер қалыптаса береді.

Адам өмірі табиғат аясында өтеді, ол табиғаттың тынысын, ішкі сырын білуге, ғасырлар бойы арман еткен. Баланың қызығушылығын байқап, жеткіншектің туған табиғат әлемін сан алуан сырларын ұсынуға тереңдеп түсінуге ерте заманның өзінде-ақ ұлағатты тәлімгерлер зер сала көңіл бөлген. Шығыстың екінші ұстазы атанған Әл-Фараби, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтың мұралары, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев еңбектері орасан мол қазына. Абай 38 қара сөзінде табиғат байлықтарының өзара бір-бірімен байланысын өте шебер бере білген және табиғатқа қамқоршылықпен қарауға, табиғат туындыларына қиянат жасауға болмайтындығын ескере келіп, қиянатшыл адам мұсылман емес дейді.

Республикамыздамектеп жасына дейінгі балалар табиғат жайында ұғым беру мәселесін нақтылай сөз етсек, бізде бұл мәселе әлі де болса түбегейлі зерттеле қоймаған. Дегенмен, жекелеген ғалымдардың білім беру, тәрбиелеу мәселелеріне арналған еңбектерінде баланы дамыту жолдарын, табиғаттың оқу-тәрбие үрдісіндей орны мен қазақ халқының халқына ғана тән қасиет деп қараған.

Жас ұрпақтың жан-жақты үйлесімді дамып, қалыптасуына білім мен тәрбие ғана емес, әсем табиғат аясы, көгілдір ну орман, көк майса төңірек, түрлі түсті гүлдерге толы алқап, асау өзен, тұңғиық теңіз, сылдырлап аққан бұлақ, тау-тас, жемісті бау-бақша, жеті қат көк, жер нұрын төккен ай мен күн, жымыңдаған жұлдыздар, құпия сырға толы тылсым дүние мен жаратылыс күштерінің ықпалы және жоғары мәдениетте дамыған қоғамдық әлеуметтік отбасы әсері керек.

Экологиялық тәрбие бала шақтан басталуы тиіс. Баланың алғашқы қалыптасуы көзқарасының азаматтық санасының жүйеге түсуі экологиялық жауапкершілікті сезінумен бірге тәрбиеленуі керек. Жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру міндеттерін шешу олардың қоршаған ортаны және сезім арқылы түсініп, тәжірибелік іс-әрекеттерінің қамқорлығына мүмкіндік жасайды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымы мен ойлау әрекеттерін дамытуда ересек адамдармен күнделікті өмірдегі іс-әрекеттеріне еліктеп отыруының ерекше маңызы бар. Ата-аналар мен балабақша тәрбиешілерінің жетекшілігімен бала өзінің қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар жайында қарапайым мағлұматтар алып жинақтайды, олардың арасында түрлі әрекеттер жасаудың әдіс-тәсілдерін меңгереді. Мектеп жасына дейінгі балалардың мұндай білім жүйесін игеруі олардың қоршаған ортасы жайындағы бір қатар ұғымдар мен түсініктердің қалыптасуы өмір тәжірибиесінен жинақтаған білімі деп саналады
Бала күнделікті өмірде өзін қоршаған ортадағы бейтаныс заттармен де жиі-жиі кездесіп отырады. Сол заттар жөнінде баланың ұғынып түсінген мәліметтері түрліше болуы мүмкін. Кейбір нәрселердің сыры балаға мүлдем түсініксіз болып қалуы да ықтимал. Дегенмен бала күнделікті өмір жағдайында сол нәрселер жайлы өзіне түсініксіз болып қалған құпияларды қалай да танып білуге ұмтылуы, оның ойлау әрекеттерінің дамуына өзіндік пайдалы әсерін тигізеді. Осы бағытта баланың өзіндік қабылдауына қиын тиіп, ой-өрісі жете бермейтін құбылыстарды кездестіргенде ересектерге «Неге?», «Не үшін?», «Неліктен?» «Ол қалай?»-деген сұрақтарды жиі қояды.
Ересектерге қойылатын мұндай сұрақтар баланың танымдық әрекеттерін дамытып, қоршаған орта жайлы білімдері мен мағлұматтарын өрістетіп отыруға жетелейді. Жоғарыда айтып өткендей мектеп жасына дейінгі балаларды табиғат жайлы, оны қорғау, күту, баптау, сүю, түсіну, әсемдігі мен сұлулығын ертегілер, әңгімелер, өлең-тақпақтар, жұмбақтар арқылы түсіндіру әрбір тәрбиешіден шеберлік пен сауаттылықты, сол әңгімені, ертегіні түсіндіру барысында тіл байлықты да керек етеді.
Балабақшада экологиялық ұғымдарды саралап, талдай отырып, оларды жас ерекшеліктеріне қарай әрі қысқа, әрі түсінікті жеңіл ұғымдардан бастаймыз. Мысалы, экологиялық тыйым сөздердің өзін табиғат байлықтарына қарай және тақырыптарға жіктеп аламыз.
1. Суға арналған тыйым сөздер: «Суға түкірме», «Суды сабалама», «Суды лайлама», «Құдыққа түкірме», «Бұлақты былғама» және т. б.
2. Өсімдікке байланысты тыйым сөздер: «Көкті жұлма», «Көкті таптама», «Бұтақты сындырма», «Аршаны аралама», «Бәйтерекке балта шаппа», «Жалғыз ағашты кеспе», «Көшетті қопарма» т. б.
3. Жануарларға қатысты тыйым сөздер: «Құмырсқаның илеуін бұзба» «Құмырысқаның илеуін таптама», «Өрмекшіні өлтірме», «Жәндікті жәбірлеме», «Құстың ұясын бұзба», «Балалы үйрекке оқ атпа», «Аққуды атпа» және т. б.
Экологиялық мақал-мәтелдер, нақыл сөздер:
1. «Судың да сұрауы бар», «Шөлдегенге су ұстат, ел дегенге ту ұстат», «Бұлақтың көзін аша жүр, жақсы істен мұра шаша жүр», «Бастауды ыңғайласаң, суға зар боларсың».
2. «Бір ағаш кессең оң көшет отырғыз», «Бақ өсіргеннің бағы жанады», «Бабалар еккен шынарды балалар саялайды», «Сақта әр кез есте, жалғыз ағашты кеспе», «Ағашқа балта шапқанын, өміріңе залал тапқаның» т. б.
3. «Киіктің де киесі бар», «Арқада қыс жайлы болса, арқар ауып несі бар», «Дуадақ шөлін сүйеді, аққу-қаз көлін сүйеді», «Жылы жерге жылан үйір» «Құлан-қырда, құндыз-суда» т. б.
Сонымен, қоршаған ортаны қорғау, табиғат байлықтарын ұғымды пайдалану іс-әрекетіне балаларға экологиялық тәрбие беруге үйретудеміз. Мұндай жұмыстарқорытысында балалардың табиғатты қорғау көзқарасының дамуына игі әсер етеді, жемісін береді.

II . Негізгі бөлім

2. 1. Балаларды балабақшасында өсірілетін өсімдіктер және олардың ерекшелігі

Балабақша - мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін мекеме. Балалар бақшасының жер учаскесі, әсіресе қалалық жағдайларда, бұл ойындардың, серуендер мен сабақтардың орны. Күзде, қыста және көктемде балалар күннің көп уакытын учаскеде өткізеді, егер саяжайға (дачаға) кетпесе күні бойы болады. Осындай ойын кездерінде балалардың сезіну қабілеті арта түседі.

Гүлбақшада, бақта, бау-бақшада жұмыс істей жүріп балалар колективті түрде еңбек етуге бейімделеді, еңбекке дағдыланады, олар еңбекті сүюге, құрметтеуге және тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиеленеді. Учаскеде балаларды табиғаттың маусымдық құбылыстармен таныстырады, өсімдіктердің өсіп жетілуін сымдық құбылыстармен таныстырады, өсімдіктердің өсіп жетілуінжәне жануарлардың қылықтарын біраз бақылауды ұйымдастырады. Осының бәрі балалардың дүние танымын, едәуір кеңейтіп, өздерін қоршаған өмір туралы білімдерімен байытады, оларды табиғатқа аялай қарауға және ондағы сұлулықты көре білуге тәрбиелейді.

Дұрыс ұйымдастырылған және жақсы көгалдандырылған учаске балалар бақшаларындағы оқу тәрбие міндеттерін іске асырудағы ең қажетті база болып табылады.

Жер учаскесі көгалдандырылуы және балалар ондағы өсімдіктерді өсіруге, оларды бақылауға күнбе күн қатыса алатындай болып ұйымдастырылуы тиіс. Сондықтан әр жастағы балалар топтарының гүлдік, декоративтік, жемістік, жидектік және овощтық өсмдіктер, сондай-ақ балалар ойнай алатындай шөп те болуы керек. Балалар бақшасының топырақты алаңы жеткілікті болған жағдайда, естияр, ересек топтардың балалары үшін гүлбақша, бау-бақша және бақ ұйымдастырылады.

Көгалдандыруға кіріспей тұрып учаскені қоқыстардан және тастардан тазартып алу керек, оны өлшеп, балалар бақшасының барлық топтары үшін оған өсімдіктерді орналастыру жоспарын жасау керек.

Учаскені әдетте дуалмен қоршайды. Аумақты ағаштар немесе 1-3 қатар етіп бұталар отырғызып, өсімдіктермен қоршаған жақсы. Бұл учаскені көріктендіредіжәне желден, шаң мен түтіннен қорғайтын болады. Ағаштар мен бұталарды отырғызып, әр жас топтарының учаскесін бөлуге болады.

Ағаштар мен бұталарды өсіру үшін бірнеше жыл керек. Сондай-ақ жақсы шөп ұстағышты өсіру де біраз мерзімді қажет етеді. Учаскеден ағаштар мен бұталарды тек олар балалар бақшасы үйіне көлеңкесін түсірген жағдайда, дымқылдандырып немесе қандай да бір ауруға шалдыққанда ғана тастауға болады. Учаскені улы жемісті және тікенекті ағаштармен және бұтақтармен көгалдандыруға болмайды.

Ағаштар-ұшар басына дейін бұтақтана өсетін, діңі қатты көп жылдық өсімдіктер.

Сүйір жапырақты үйеңкі ұшар басы цилиндр формалы, бұтақтары жұптаса орналасқан; діңі ашық сұр қабықты, өркендері ақшыл қоңыр түсті, жуан, бүршіктері құрғақ жалаңаш, жұмыртқадай сопақша, бір-біріне сығылыса орналасқан. Жапырақтары ірі қалақшаланған, ұштары үшкірленген, жазда ашық жасыл, күзде сарғыш қызыл түсті.

Терек -тез өсетін биік ағаш. Қабығы сұрғылт жасыл түсті; бұтақтары жуан. Бүршіктері ірі, шырышты, әтештің тепкісіне ұқсайды; жапырақтары сопақша немесе үлкен жұмыртқадай; жас жапырақтары шырышты, қатты әрі жақсы иісі бар; аталық сырғалар қызғылтым. Бұтақтары бөлмеде жапырақтарының бүршіктерден өсіп жетілуін бақылауға қолайлы; қыстыгүні немесе ерте көктемде кесіп алынған бұтақтары оңа тамырланады. Қос мекенді өсімдік.

Қайың -өте әдемі ағаш. Діңі түзу, атластай аппақ қабықпен қапталған; ұшар басы өрнекті, бұтақтары көбінесе жоғары қарай бітеді. Жапырақтары жылтыр, қара жасыл, сопақша, ұзын сағақты, көктемде жақсы иісі болады; гүлшешектері салбырап тұрады. Жемісі-жаңғақ, тұқымы-қанаты жеміс.

Емен -өте ірі ағаш, діңі биік. Қабат-қабат ірі, қоңыр қабықпен қапталған. Жапырақтары үлкен, тілім-тілім алақтанып келген қара көк жасыл. Гүлшешегі гүлшоғына топталған; жемісі-емен жаңғағы. Аязға төзімді, желге қарсы тұра алатын, ылғалды көп қажетсінбейтін жарық сүйгіш ағаш.

Бұталар -бірнеше қатты сабақтары көп жылдық өсімдіктер. Балалар бақшаларындағы әр түрлі жас топтарының учаскелері шекараларының, жолдардың, дуалдардың бойына отырғызуға бұталарды сипаттап шығамыз.

Ағаштар діңдерінің араларына әдемі гүлдері немесе жемістері бар татар үйеңкісі, кәдімгі шәңгіш, орташа тобылғы, кәдімгі сирень сияқты ағаштар мен бұталарды отырғызады.

Бұларды топтап егу кезінде бір тұқымдастырының көп мөлшерде болуынан сақтану керек. Бір тұқымдастардан, мәселен 3 қайыңды, немесе емен әрі қайың, әрі шырша, қайың, емен және басқа тұқымдардан 2-3-тен алуға болады.

Балабақшаны әдемі етіп безендіру баланың дамуына оң әсерін тигізеді. Балабақшаны безендіру қабылдау бөлмелерін, стендтерді эстетикалық талапқа сай безендіру, тақырыптық бұрыштарды, серуен учаскелерін, спорттық және әуен залдарын заманауи талапқа сай безендіру. Оқыту үрдісінің нәтижесін көру үшін дамыту ортасын лайықты жасақтау қажет. Баланың жан жақты дамуы үшін оларға ең қажеттісі табиғат бұрышы болып табылады.

Табиғат бұрышы топ бөлмесінің ең ойынды және оқытушы аймағы. Топ бөлмесіне сәйкес безендірілген табиғат бұрышы әр топтың нағыз әшекейі болып табылады. Ол жерде балалар зерттеу жұмысын және бақылау жұмысын өткізе алады. Сондай ақ, мектепке дейінгі балалардың жауапкершілік және қамқорлық тәрізді сезімдері дамып, өсімдіктер мен жануарларды күте білуге үйретіледі. Әрбір балабақшаның тобында жеке табиғат бұрышы болу тиіс. Заттардың таңдауы, орналасуы әр баланың жас ерекшелігіне қарай және балабақшаның бағдарламасы мен Санитарлық ережеге сәйкес жасақталуы тиіс. Табиғат бұрышында балаға қауіпсіз өсімдіктер болу қажет. Табиғат бұрышында улы және қауіпті өсімдіктер болмау қажет. Әрине, оларға күнделікті күтім қажет. Әр гүлде атау жазылған жазу болу қажет. Табиғат бұрышының мекендеушілерін әрдайым және уақытша тұрғындар деп бөлуге болады.

Табиғат бұрышының әрдайымғы тұрғындары деп бөлме өсімдіктерін атауға болады:

Кіші жастағы балалар тобында 4-5 қарапайым бөлме өсімдіктерінің түрі болуы қажет. Бұл өсімдіктер айқын көрінетін сабақтарымен, жапырақтарымен және гүлдерімен ұзақ және әдемі гүлдейтін өсімдіктер. Мысалы, фикус, күлгін, геран.

Естиярлар тобында , бөлме өсімдіктерінің саны 5-6 дейін көбейеді. Бұл өсімдіктер әртүрлі пішіндегі және көлемдегі жапырақты болып табылады. Мысалы, аспарагус, хлорофитум

Ересектер тобында , табиғат бұрышында өсімдіктер саны 6-7 ден 2-3 данадан әртүрлі сабақтарымен (бұйраланған, жайылған) тамыр сабағымен және жуасымен болып келеді. Мысалы, трансденсканция, бұйра, амариллис және т. б.

Мектепалды даярлық тобында табиғат бұрышында 6-7 түрлі өсімдіктер, олар әртүрлі жолмен көбейеді; жуашықтарымен және тірілей жарып шығу арқылы. Сонымен қатар, әртүрлі жағдайда өсетін гүлдер. Мысалы, бриофиллюм, тасжарғыш, циперус.

Табиғат бұрышының мезгіл бойынша құралдары олар, уақыт және мегіл ұзақтығының бақылауын көрсететін заттар:

Күзде, бұл күздік гүлдер шоғы және кыша ыдысқа отырғызылған гүлдер. Сондай ақ, гересектер тобында табиғи материалдардан жасалған қолөнер үлгілері.

Қыста , бұл жәшікке отырғызылған пияз бен ағаш бұтақшалары болуы мүмкін.

Көктемде, балабақша бақшасы үшін отырғызылған көшеттер болуы мүмкін және көктемнің алғашқы гүлдері болуы мүмкін.

Табиғат бұрышындағы өсімдіктерге жеке-жеке тоқталып өтсем:

Күлгін геран гүлінің ғылыми атауы пеларония. Бұл гректін «ләйлек, тырна» дегенсөзінен шыққан. Оны қазақтар қазтамақ деп атайды. Қазтамақ - қазтамақ тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда шалғындық жерлерде өзен аңғарында, орманда, тау беткейлерінде өседі, 15 түрі бар. Биіктігі 10-80 см. Сабағы тік, сыртын түк жапқан. Тілімденген жапырақтары қарама-қарсы не кезектесіп орналасады. Қызыл, көкшіл, күлгін, ақ түсті гүлдері, көбінесе шоқталып, кейде жеке дара шығады. Маусым-тамыз айлароында гүлдеп, шілде- қыркүйекте жемістенеді. Жемісі - дәнек. Қазтамақ илік заттарға бай, оның гүлдерінің құрамында, сабағында танин, бояғыш заттар, кальций мен каротин, С дәрумені мен геранин (эфир майы алынады) бар. Қазтамақтың кейбір түрлері: орман қазтамағы, шалған қазтамағы, Роберт қазтамағы және сібір қазтамағы - дәрілік өсімдіктер. Қазтамақтың тамырынан немесе кепкен шөбінен алынған тұнбаны бүйрекке байланған тасты ерітуге, ревматизм мен радикулитті емдеуге, сондай-ақ, баспамен ауырғанда тамақ шаюға, сүйек сынғанда ванна жасауға, түсе бастаса шашты жууға пайдаланады. Кейбір түрлері әсемдік үшін де өсіріледі. Жапырақтарының емдік қасиетімен бірге ауа тазарту қасиеті де өте жоғары. Ол ауадағы зиянды микробтарды, стафилакокк бактерияларын жоюға пәрмені бар өсімдік. Қазтамақ тез өсетін, аса құнарлы топырақты қажет етпейтін, оңай көбейтілетін, күтімі жеңіл гүлдерге жатады. Мамыр айында аулаға шығарып, гүлзарларға егіп қоюға болады. Күзде қайтадан қазып алып, түбекке отырғызып үйге кіргізеді. Қараша айында жапырағы сарғайып, түсе бастағанда сабағын тамырдан жоғары 10-15см-дей биіктікте кесіп, жыл сайын өсімдікті жасартып, жаңартып отыру қажет.

Көбейту әдісі: Тұқымы, түбін бөлу және сабағын қалемшелеу арқылы көбейтіледі.

Хлорофитум - ең пайдалы бөлме гүлдердің бірі. Хлорофитум тұқымдасына жататын өсімдіктердің 215-ке жуық түрі бар. Жапырақтары қияқ тәріздес, гүлдері ұсақ, төрт күлтелі, ақ түсті болады. Жапырақтары уытты заттарды жұтып, ауаны тазартады. Мамандар бұл гүлді, әсіресе, ас үйде және жатын бөлмеге қоюға кеңес береді.

Ала жапырақты хлорофитумды жарық мол түсетін жерге қою керек. Ал, жасыл жапырақтысы көлеңкеде де өсе береді. Құрғақ, ыстық ауада жапырақтарының ұшы қоңырқай тартып, қурап кеуі мүмкін. Сондықтан да су бүркіп тұруды ұмытпағаныңыз жөн. Бұл гүл жазда жиі, қыста сирек суғаруды қажет етеді. Әдемі жапырақтыларға арналған тыңайтқышпен көктемнен күзге дейін екі аптада бір рет қоректендіру қажет.

Көбейту әдісі: Бұл гүлді балапандары және түбін бөлу арқылы көбейтуге болады.

Фикус - ең көп таралған бөлме гүлі. Оның 1500-2000-ға жуық түрі бар. Бұл гүл бөлмедегі көмір қышқыл газын жұтып, оттегіні бөледі. Сондай-ақ, бөлме ішін ылғалдандырып, уытты заттардан тазартады. Жапырақтары арқылы бөлме ішін шаң-тозаңнан сақтайды. Оттегіні күндіз бөліп, түнде жұтатын қабілетке ие фикусты жатын және балалар бөлмесіне қоймағаныңыз абзал. Мамандар фикусты ас бөлмеге немесе терезесі тас жолға қарайтын бөлмелерге қоюға кеңес береді. Жылдың барлық мезгілінде бірқалыпты суғару қажет. Суғаратын судың бөлме температурасы деңгейінде жылы болғаны лазым. Жапырақтарын дымқыл матамен сүртіп тұру керек. Ол фикусқа әрі ылғалдылық беріп, әрі жапырақтарын шаңнан тазартады. Ұсақ жапырақты фикустарға су бүркіп тұру қажет. Фикустың барлығы шіріген көң мен құнарлы топырақты ұнатады. Көктем кезінде топырағының беткі қабатын тазалап алып, жаңа топырақ салып тұрған абзал.

Көбейту әдісі: Қалемшелеу және жапырағы арқылы да көбейтіледі.

Лимон - цитрустар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаш. Оның жабайы түрі болмайды, қолдан өсіріледі. Биіктігі 3-7 метрге жетеді. Бұтақтары тікенекті. Жапырағының жоғарғы ұшы үшкірленген, пішіні жұмыртқа тәрізді, шеттері ара тісті болып келеді. Лимон С дәрумені және темір, эфир майы, кальций, калиге бай. Лимонның жемісін шырын және лимон қышқылын алуға пайдаланады. Мамандардың айтуынша, лимон жапырағының 85 емдік қасиеті бар екен. Лимон өсетін бөлмеде түрлі бактериалар мен ауру туғызатын таяқшалар болмайды екен. Сондай-ақ, мамандар қан қысымы жоғары адамдарға үйінде лимон өсіруге кеңес береді.

Көбейту әдісі: Лимонның тұқымы, қалемшесі және өркендері арқылы көбейтуге болады.

Сансевиерия - бөлме гүлінің 66 түрі бар. Бұл гүл адам ағзасының белгілі бір климатқа бейімделуіне көмектеседі және иммунитетті күшейтеді. Сондай-ақ, бөлмедегі ауа қысымын және ылғалдылықты реттеп отырады. Бөлмеде төселген линолеумнан бөлінетін уытты заттарды жоятын қабілеті бар. Сансевиерия тұмау тиюден қорғайды. Бұл бөлме гүлі жарық таңдамайды. Күн көзінде де, көлеңкеде де өсе береді. Жылына 2-3 рет қайта отырғызуды ұмытпағайсыз. Жаз айларында жиі, қыс мезгілінде сирек суғару қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басталған жылға жоспар көп
Мектепке дейінгі мекемелерде Мария Монтессори әдістемесінің колданылуы
Мамангерлердің теоретикалық және практикалық дайындықтардың қазіргі заманға сай қалыптастыру, таңдаған маманына тұрақты қызығушылық қалыптастыру
Үш терек ЖШС Еркем-Ай бөбекжай балабақшасында қыркүйек айында жүргізілген ертеңгіліктер мен ұйымдастырылған оқу кызметтерінің анықтамасы
Балабақшада балаларды тәрбиелеу ерекшелігі
Қауын - бақша дақылдары, біздің түсінігімізде көкөністен гөрі жеміс
Әр жас балабақшасында балаларды жапсыруға (аппликация) үйрету
Педагогикалық практикадан есеп
Асханадағы кондитер өнімдерін дайындау
Бөлме өсімдіктерін іріктеп алу, өсіру және баптал күту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz