Мүгедек балаларды оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптері


Реферат
Тақырыбы: Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жалпы білім беру үрдісіне қосудың вариативті формалары
Орындаған:
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жалпы білім беру үрдісіне қосуды вариативті формасы
- Қашықтықтан оқыту
Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.
Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi-сегiз жастан анық байқалады. Ата-аналары көмекші не арнайы мектептер мен мектеп-интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен коррекциялық-түзету сыныптарына кемтар балаларын бергісі келмеген жағдайда жалпы білім алатын мектептерде ПМПК-ның ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарламамен оқытуына толық құқылары бар. Жалпы білім беретін мектептер мен бала бақшалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни, баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен кемтар балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті оқытуға дайын болғандары жөн. Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы (психологы, әлеуметтік мұғалімі, олигофрено мұғалімі, логопед) мұғалімдер болмаған жағдайда, тәрбиешілерді, бастауыш кластың мұғалімдерін, қазақ тілі мұғалімдерін арнайы курстарға жіберіп оқытуға болады.
Вариативті білім беру
Вариативті білім (лат. - өзгеретін) - азаматтардың белгілі бір мәдениетке, тұрғылықты жерінің ерекшеліктеріне және қоғамдық мүдделер мен міндеттерге бейімделген әр түрлі білім беру қажеттіліктеріне бағытталған білім. Мұндай білім жеке таңдау мүмкіндіктерін, өзін-өзі анықтауға мүмкіндік береді; бұл жеке адамға өзгермелі әлемде білімді түсіну мен сезінудің өзіндік жолдарын табуға көмектеседі. Вариативті білім динамикалық, оған әсер ететін факторларға байланысты өзгеруге қабілетті. Шын мәнінде, бұл әр түрлі оқу орындарының, әртүрлі оқу бағдарламаларының, оқулықтар мен технологиялардың өмір сүруіне мүмкіндік беретін ізденіс білімі. Сонымен, 19 ғасырдың аяғында Ресейде басталған бұл бағыттағы білім берудің дамуы әр түрлі типтегі мектептер, зертханалық мектептер, мектептер - балабақшалар, колледждер, лицейлер, гимназиялар және т. б. Ел білім беру мекемелерінің типтерін дамытудың «таза» жолдарынан «аралас» түріне көшті. Вариативті білім берудің мақсаты - адамның өмір жолын сауатты таңдау мүмкіндігін кеңейту.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жалпы білім беру үрдісіне қосудың вариативті формалары туралы түсінік
Вариативтілік қағида психикалық және (немесе) дене дамуында түрлі кемшіліктері бар балалардың білім алуына арналған вариативтік жағдайлардың жасалуын ұйғарады.
Мұғалім сынып оқушылары құрамы мен оқу материалы көлемін ескере отырып, әрбір тақырыпты оқуға қажетті сағаттар санын өз бетінше анықтауы керек. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту үдерісі оқушылардың типологиялық және жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, оқытудың тиісті вариативтік әдіс-тәсілдерін қолдана отырып жүзеге асырылады. Оқу материалдарын таңдау, сондай-ақ түрлі типологиялық топтардың оқушыларымен оларды оқу жолдарын, әдістері мен тәсілдерін таңдап алу балалрдың білім, білік және қалыптасқан дағдылар меңгеру туралы мәліметтер негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Ол үшін мұғалім өз оқушыларын үнемі зерттеп білуі және педагогикалық диагностика арқылы олардың оқу жетістіктері динамикасын қадағалап отыруы керек
Балалардық психофизикалық дамуында оқушылардың танымдық мүмкіндіктері және келесідегіде вариативті оқыту қарастырылады:
1) танымдық мүмкіндіктерінің деңгейі жас шамасына сәйкес келетін, сенсорлық, сөйлеу, қозғалғыш қасиеттерінің бұзылуы бар балалар үшін мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сай болатын білім;
2) танымдық мүмкіндіктерінің деңгейі жас шамасына сәйкес емес, психикалық дамуының кешеуілі, қозғалтқыш дене мүшелерінің бұзылуы, сөйлеу және сенсорлық қасиеттерінің бұзылуы бар оқушылар жеке оқу жоспарлары бойынша, қысқартылған оқу бағдарламалары арқылы білім алуды жүзеге асыру;
3) жекешелендірілген бағдарламалар (ауыр дәрежедегі ақыл-есі кем және көптеген ауытқулары бар балалар үшін) және интеллектуалды ауытқулары бар балалар үшін арнаулы бағдарламалары бар мектептерде білім алуды жүзеге асыру.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға медико-педагогикалық және әлеуметтік көмек жүйесін тиімді дамыту интегралды білім берудің принциптері мен идеясын жүзеге асыру болып табылады. Оның құралдары балаларды бөлектеу және өздерінің олқылығы туралы тұрақты көрініс табу емес, мүмкіндігі шектеулі балаларды дені сау балалар ортасына қосу, біріктіріп оқыту, бос уақытын бірге өткізуді ұйымдастыру және оларға өзара көмек көрсету арқылы шешілетін, әлеуметтік өмір траекториясының құрылымын жасау болып табылады. Мысалы, Шығыс Қазақстанда, Алматы және Астана қалаларында ертеректе оқуға жарамайтын және білім алуға, өз жасындағы балалармен араласуға мүмкіндігі жоқ болған, орташа және ауыр деңгейдегі ақыл-есі кем балалар үшін интеллектуалды кемшіліктері бар балаларға арналған мектептерде арнайы сыныптар ашылған.
Сонымен қатар сауықтыру орталықтарында, түзету мектептерінде және бала -бақшаларда күрделі құрамалары және басқа да дамуындағы ауытқушылықтары бар, ерік-сезімдік өрісінде бұзылысы анық көрінетін балалар үшін эксперименттік топтар және сыныптар ашылған.
Қазақстан Республикасындағы арнайы білім беру ұйымдарының жетіспеушілігі арнайы мектептердің тұрғылықты жерлерден алшақтағы дамуында ауытқуы бар балаларды жалпы білім беретін мектептерде оқытуға мәжбүр етеді. Бірақ бұл жерде ата-аналарының білім беру ұйымын еркін таңдау құқығы мен баланың отбасында болу құқығы туралы ерекше айту қажет.
Соңғы кездері Қазақстанда дамуында ақыл-ойы және дене ауытқулары бар балаларды жалпы білім беретін мекемелерге оқыту тәжірибесі қалыптасқанын байқауға болады. Жалпы білім беретін бағдарлама бойынша мектептерде оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балалар арнайы педагог, психолог, әлеуметтік педагогтің қолдауынсыз білім алуда. Жалпы мектептердің психологтары мен мұғалімдері мүмкіндіктері шектеулі балалардың олардың білім алу қажеттіліктеріне білікті көмек көрсете алмайды. Мұғалімдерді ЖОО - ның дайындық арнайы психологиямен педагогика білім алуды көздемейді. Нәтижесінде балалар оқытудың бірінші сатысынан ақ қиыншылықтарға тап болады. Мұғалімдер бұл қиыншылықтарды субъективті талдап дамуындағы кемістіктерін күрделендіреді. Мұндай интеграцияның салдарынан балалар жалпы білім беру процесі жағымсыз көрініске ие. Жалпы мектептерінде біріктіріп оқыту процесі өз бетінше, ретсіз дамуын жалғастырған.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқыту
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды жаңа технологиялар көмегімен ұйымдастыру талабының артуы мен бүгінгі білім беру жүйесінде бұл мәселеге өз деңгейінде толыққанды назар аударылуда, білім беру қызметін жетілдіруде электрондық ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалану қажет. Мүмкіндігі шектеулі балаларға бөбекжайда ақпараттық-қатынастық технологиялар көмегімен білім беру жүйесі келесі педагогикалық шарттар бойынша құрылуда:
- білім беру үдерісіне қатысушыларды әлемдік білім беру ресурстарына қолжетімділігі;
- балалардың білімге деген қызығушылығын ІТ-технологиялар арқылы арттыру;
- оқытудың барлық сатысында өз бетімен қосымша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру;
- мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы үшін қалыпты жағдайдағы дені сау балалармен тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету;
- қашықтықтан оқыту кезінде олардың білім деңгейінің даму траекториясын бақылау;
- мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына кедергісіз аймақтар қалыптастыру;
- білім сапасының жоғарылауына әсер етіп, қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптасуына жағдай жасау.
Мүгедек балаларды оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптері:
- Дәстүрлі оқыту үдерісі мен білім беру технологияларын кіріктіру жолымен сапалы білім алу қолжетімділігіне азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;
- Мүгедек балалардың даму бұзылыстарын түзету, әлеуметтік бейімдеу және оларға білім беру үшін арнаулы педагогикалық әдіс-тәсілдер негізінде қашықтықтан оқыту технологияларының элементтерін қолдану арқылы қолайлы жағдайлар жасау;
- Мүгедек балалардың денсаулығының сақталуын қамтамасыз ететін қолайлы жағдай жасау.
Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты дамыту тек бөбекжайдағы балалар ғана емес сонымен қатар дамуында ауытқуы бар балалар үшін де аса қажет дүние болып табылады. Сол себепті дамуында ауытқуы бар балалар үшін ҰОҚ барысында IT құралдарын енгізу қажеттілігі туындап отыр. Ақпараттық технологияның басты тиімділігі - пәнаралық байланысты күшейте отырып, балалардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасалады. Сонымен қатар, IT құралдарын пайдаланудың негізгі ерекшелігі - бұл дамуында ауытқуы бар балаларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, жеткен жеңістіктерінен ризашылық алуға мүмкіндік береді.
Мультимедиа мәтін, дыбыс, видео және графикалық сурет және анимация секілді технологияларды біріктіреді. Мұндай түрдегі оқу материалы көз, есту, маторлы үш түрлі анализаторларды іске қосады. Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық іс-әрекеттің мақсаты - білім беру үдерісін заманауи тиімділігі жоғары технологиялармен және балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамытатын әдістемелермен қамтамасыз ету. Ақпараттық технологияларды қолдану балалардың оқуға қызығушылығын қамтамасыз етеді, баланы ерте дамыту оның танымдық қызығушылығы мен қабілеттерін дамытады, тілдік құзыреттілігінің негізін қалайды.
Ең бастысы, бұл балалар болашақта жалғызсырамай, өздерімен жасты балалармен бірге тәлім-тәрбие алуды жалғастырады.
Ұйымдастырылған оқу қызметтерде интерактивті мультимедиалық презентацияларды қолдану (балалардың шығармашылық қабілеті мен дүниетанымын дамыту) ;
Қашықтықтан оқытудың қолайлылығы жоспарланған оқыту формасы тəрізді электронды жəне басқа да технологиялардың көмегімен жүзеге асатын арнайы əдістерді талап ететін арнайы ұйымдастыру мен əкімшілік мəселелер құруға байланысты.
Сонымен, қашықтықтан оқыту - жоғарғы білім беру жүйесінде мəнді инновациялардың бірі, яғни ақпараттық қоғам мен білім қоғамының даму бағдарламасымен байланысты қазіргі білім беру парадигмасының мəнді элементі ретінде қарастырылады. Еліміздің бірқатар ғалымдары да қашықтықтан оқытуды дамыту мəселелерін зерттеуде өз үлестерін қосуда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz