Танымның практикалық табиғаты
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Реферат
Тақырыбы:
Таным және шығармашылық
Дайындаған: Кайбракманова Б.Н
Тобы 102-Б,В013
Мамандығы: Биология мұғалімдерін даярлау
Тексерген: Курманбаева Л.Т
Алматы облысы,2020 жыл
Жоспары:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім. Таным және шығармашылық.
1. Таным дегеніміз не?
2. Танымның практикалық табиғаты.
3. Таным кұрылымы.
III. XIX Ғ. НЕМІС КЛАССИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ: 1. И.Канттың классикалық агностицизмі. 2. Г.Гегельдің диалектикалық методы және батыс еуропалық гносеологиясындағы оның маңызы.
IV. Қорытынды
Кіріспе
Ақыл парасат, сана - сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі -- өзін қоршаған ортаны танып - білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үнілнді, қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарын біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым - қатынасын белгілейді. Басқаша айтқанда, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білім кеңейіп, тереңдей түседі; адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәлімет ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Ендеше, танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп есептеуге болады.
Философиядағы тиянақты идеалистік ағым жалпы алғанда дүниені танып - білуге болатындығын мойындайды. Диалектикалық материализмнің таным теориясының метафизикалық материализмінің таным теориясының ең басты екі айырмашылығы бар: ол, біріншіден, таным теориясына практика жайындағы ілімнің енгізілуі, екіншіден, таным теориясына диалектиканың қолданылуы. Диалектикалық материализмнің таным теориясы қоғамдық практиканың негізінде дамитын және шындықты қоғам мүдделері үшін практикада қайта құру мақсатын көздейтін таным процесінің заңдылықтарын зерттейді. Сонымен диалектикалық материализм таным процесінде бейнелеу принципін басшылыққа алады. Ал бейнелеу дегеніміз айнаның бетінен шағылысқан көру емес, оған механикалық тұрғыдан да қарауға болмайды. Бейнелеу - таным - білуге тиіс объекті мен танушы субъектінің арасындағы күрделі қарым - қатынас процесі.
Сөйтіп, танымның субъектісі деп жеке адамдарды, таптар мен әлеуметтік топтарды, кең мағынада алғанда, тұтас тарихи нақтылы қоғамды айтуға болады. Сонда - ақ, субъект өз болмысын, өзінің ішкі дүниесін таным объектісі ретінде қарай алады. Табиғатты, қоғамдық қатынайтарды таным объектісі ретінде қарастыру қажет. Олар субъектінің өндірістік, әлеуметтік және ғылыми қызметі арқылы таным объектісіне айлады. Бақаша айтқанда, таным объектісі дегеніміз материалдық және рухани дүниенің қоғаммен практикалық және теориялық тұрғыдан қарым - қатынасқа түсетін, нақты тарихи іс -- әрекет барысында субъекті игерген бөлігі.
Таным объектілері адамның практикалық қызметімен тығыз байланысты және әрқашан соған тәуелді болады. Таным процесінің негізінде адамның объективті дүниеге тигізетін белсенді әсері жатады. Себебі таным адамның объективті құбылыстарымен байланысына, оларға тигізетін әсеріне және оларды өзгертугіне байланысты дамып отырады. Осы тұрғыдан алғанда, таным дүниенің белсенді әрі нысаналы бейнеленуі деп қарастыруға болады. Қоғамдық практика таным процесінің қозғаушы күші болып табылады. Ол өмір сүру, іс -- әрекет жасау барысында адамдардың алдына ұнемі шешуін талап ететін проблемалармен міндеттер қойып отырады.
1.Таным дегеніміз не?
Біз ең бірінші, Дүние қалай құрылған?, деген сұраққа жауап беруге тырыстық. Енді уақыт екінші үлкен сұраққа жауап беруді талап етеді. Осы өзімен-өзі өмір сүріп жатқан Дүниені адам танып-біле ала ма? Әрине, біз бұл сұраққа оң жауап қайтарамыз. Тек болмыс шеңберіндегі заттар мен құбылыстардың ішкі сырын ашу арқылы ғана адам оны ерікті түрде шығармашылық жолмен қайта өзгерте алады. Бізді айнала қоршаған екінші табиғат - неше түрлі машиналар мен механизмдер, электр стансалары, байланыс жүйелері т.с.с. - адамның дүниетаным мүмкіндігі, рух құдіретінің шынайы көріністері.
Таным деп біз адамның айнала қоршаған ортаны зерттеудегі ерекше рухани іс-әрекетін айтамыз. Ол әркашанда даму үрдісінде. Егерде көне замандағы адам найзағай жарқылдап, күн күркіреген кезде зэресі кетіп, оны аспан Құдайының іс-әрекетіне теңестірген болса, қазіргі уақытта оның физикалық сырын 8-9 сыныптарда оқитын әрбір оқушы айта алады.
Адамзаттың мыңдаған жылдарға созылған тарихы танымның өте күрделі көпдеңгейлі құбылыс екенін мойындайды. Миллиондаған адамдардың дүниетану әрекетінің негізінде әртүрлі жырақтар мен бұлақтардан қосылған өзен арнасы сияқты, қоғамдық мағынасы зор таным үрдісі қалыптасады. Алайда жеке адамның санасында қалыптасқан кейбір түсініктер жалған болуы, я болмаса, кейбіреулері өз заманының арнасынан шығып, бүгінгі өмірдің сұранысын тудырмауы да мүмкін. Сондықтан нақтылы тарихи қоғамның сұранысына байланысты табиғи таңдауға ұқсас үрдістердің негізінде жеке адамның санасындағы ойлар қоғамның рухани байлығына айналады. Ол үшін адамдар өз білімдерімен бір-бірімен бөлісуі қажет. Ол, негізінен алғанда, университтердің мінбелері, басылып жарық көрген мақалалар мен кітаптар арқылы, олардың мазмұнын сынау, тиімді және тиімсіз жақтарын қоғамдық санаға көрсету т.с.с. жолдармен жүріп отырады.Қайсыбір тіршілік сияқты, адам да айнала қоршаған ортаның шеңберінде өмір сүреді. Алайда оның өмір сүру тәсілі басқа тіршіліктерден мүлде өзгеше. Егерде қайсыбір жануар өзінің дене кұрылысы мүмкіндігіне сай айнала қоршаған ортаға бейімделген, дүниедегі сан алуан құбылыстардың ішінде тек өз тіршілігіне тікелей, я болмаса жанама қатысы бар заттар мен құбылыстарды ғана сезініп, тек соған сәйкес өмір сүретін болса, адам дүниеге өз санасы арқылы универсалды, яғни жан-жақты қарай алады. Сонымен қатар айнала қоршаған орта нақтылы тарихи өмір сүріп жатқан адамдардың таным мүмкіндіктері мен оны игеру деңгейінен әрқашанда асып түседі. Олай болса, ол адамдардың Дүниені зерттеп игеру жолындағы шексіз мүмкіндіктерін тудырады. Дүниетанудағы негізгі мақсат - зерттеліп жатқан заттар мен құбылыстардың ішкі сырын ашу, яғни оларды білу. Білім -әрқашанда шындықтың идеалдық бейнесі, өйткені бірдемені білу дегеніміз - сол жөнінде идеалдық түсініктің болуы. Олай болса, танымды күрделі үрдіс, ал білімді белгілі бір нәтиже ретінде қарауымыз керек.Тарихи ғылыми білім дүниеге келместен бұрын, күнбе-күнгі өмір тәжірибесінен пайда болған қарапайым күнбе-күнгі білім дүниеге келеді. Ол адамның кәсіби танымдық іс-әрекетінен емес, күнбе-күнгі өмірдің қажеттіліктерінен (аң аулау, балық үстау, еңбек күралдарын жасау, үй салу, бала тәрбиелеу, жеміс-жидек жинау т.с.с.) пайда болады. Оған күнбе-күнгі өмір тәжірибесінен қорытылған халық даналығын көрсететін мақал-мәтелдерді, адамгершілік нормаларды, әдет-ғұрыптарды т.с.с. жатқызуға болар еді. Осындай өмірлік білімнің негізінде адамдар айнала қоршаған ортаны бағдарлай алатын дәрежеге жетеді. Ал ғылыми білімге келер болсақ, ол арнаулы білімді меңгеру мен оны шығармашылық жолмен дамытудың негізінде пайда болады. Оның қайнар көзі бертінде, ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуінен басталады.
Жүре келе, ғылыми зерттеудің тақырыбына байланысты білімнің әртүрлі салалары пайда болады. Табиғатты зерттеудің барысында астрономия, механика, физика, химия, геология, биология т.с.с. ғылымдардың негіздері қаланады. Олардың басын біріктіріп, жаратылыстану ғылымдары дейміз. Адам мен қоғамды зерттейтін білім салалары гуманитарлық, қоғамдық пәндерді тудырды. Оларға философия, психология, саясаттану, мәдениеттану т.с.с. пәндер жатады. Гуманитарлық білімдердің ерекшеліктері -олардың мазмұнында нақтылы-тарихи өмір сүріп жатқан әлеуметтік топтардың мүдделері мен мақсат-мұраттарының бейнеленуі. Сондықтан белгілі бір қоғам өміріндегі құбылысқа әрбір әлеуметтік топ өзіндік баға беруі мүмкін. Сонымен қатар бұл пәндердің бәрінің басын бірік-тіретін құндылықтарға келер болсақ, олар - адамды сүю, ізгілік, жақсылық, жетілгендік, әсемдік, әділеттілік, еркіндік, теңдік т.с.с. Гуманитарлық білім саласында көркемдіктануды ерекше алып қарауға болады. Оған әдебиет, поэзия, қылқалам, әуен т.с.с. өнер саласындағы туындыларды зерттеуді жатқызамыз.Сонымен қатар бүгінгі адамзаттың рухани-адамгершілік дағдарысқа түсуіне байланысты, дінтану мәселелері ерекше өзекті болып отыр.
Дүниетану - өте күрделі қүбылыс, ол үшін адам барлық жан-тәнінің мүмкіндіктерін пайдаланады. Нақтылы-тарихи өмір сүріп жатқан қоғамдағы құндылықтар, солардың негізінде қалытасатын қоғамдық қатынастар, өндіргіш күштердің деңгейі т.с.с. таным үрдісінде өз орнын алады.Олай болса, дүниетану негізінде жатқан негізгі қүбылысты анықтамай болмайды, сонда ғана оның терең мэнін ашуға болады. Сана, pyx болмысының өзегі білімде болғаннан кейін, мыңдаған жылдардың шеңберінде ойшылдар танымның негізін адамның санасынан көрді: таным үрдісін дамытатын ақыл-ой жаттығуы, жетілуі, шығармашылық ізденіс, білімге деген құштарлық, туа біткен табиғи дарын т.с.с. Әрине, аталған факторлардың танымдағы орнын терістеуге болмайды. Бірақ олардың негізінде толыққанды таным теориясын жасау мүмкін емес. Ол үшін біз адамның басқа тіршіліктерден бөлек, тек өзіне ғана тән өмір сүру тәсілін анықтауымыз керек. Ал, оның өзі бізді адамның таза табиғатқа қанағаттанбай, оны қайта құру, өзгерту іс-әрекетіне әкеліп тірейді. Оны философия тілінде практика дейді.
2.Танымның практикалық табиғаты
Практика (practikos - грек сөзі, белсенділік, іс-әрекет) ұғымы айнала қоршаған ортаны өзгертудегі адамның саналы, мақсатқа лайықты іс-әрекетін бейнелейді. Әрине, адам да қайсыбір тіршілік секілді, айнала қоршаған ортасыз өмір сүре алмайды. Қайсыбір жануар өзінің дене құрылысы, табиғатына байланысты айнала қоршаған ортаның шеңберінде өзінің орнын тауып өмір сүреді. Ол тек қана өз тіршілігіне тікелей, я болмаса жанама қатысы бар заттар мен қүбылыстарды ғана сезініп, қабылдай алады. Яғни оның мүмкіндіктері әрқашанда шектелген. Ал адамға келер болсақ, ол қоршаған ортамен универсалды, жан-жақты қатынасқа түседі. Айнала қоршаған орта нақтылы-тарихи өмір сүріп жатқан адамның игеру мүмкіндігінен әрқашанда басым болғаннан кейін, адамның шексіз дүниетану мүмкіндігін тудырып, оның жаңа күш-қабілеттерін оятады.
Білімнің шынайы мән-мағынасы оның өмірге еніп, қоғамның материалдық және рухани жақтарын жетілдіруде емес пе? Танымның негізгі мақсат-мүраты тек қана білімді жетілдіру ғана емес, сонымен қатар қоғам мен адамның өне бойы өзгерістегі материалдық және рухани қажеттіліктерін өтеуде болса керек.Осы тұрғыдан алып қарағанда, ғылымның қайнар көзінің өзі осы адамзат практикасының қажеттіліктерінен шыққанын байқауға болады. Мысалы, көне заманда көшпенділер аспандағы жұлдыздар мен планеталарға қарап, көш жолдарын анықтай бастады. Көне Мысыр мен Қытайда суармалы егін егу қажеттілігі үлкен каналдарды қазып тартуға мәжбүр етті, ал ол үшін жер бетіндегі кеңістікті зерттеу қажет болды. Соның нәтижесінде геометрия мен математиканың негіздері жасала басталды.
Қазіргі адамзат практикасына келер болсақ, оның қажеттіліктері де ғылымның дамуының негізінде жатқаны сөзсіз. Мысалы, АҚШ Невада штатында жақында орасан зор синхрофазатронды іске қосты. Ол осы мемлекетке 6 млрд. долларға түсті. Осыншама қаражат бірнеше аса дарынды физиктердің білімқүмарлығы үшін жүмсалды деп ойлау тым түрпайы болар еді. Ресей, басқа да ірі мемлекеттер де ядролық физика саласын зерттеуге біршама қомақты қаражат жұмсауда. Ал оның негізгі себебі адамзат практикасынан шығатын энергияның жаңа көздерін ашу қажеттігінде жатқаны сөзсіз. Өйткені органикалық шектелген энергия ресурстары (мұнай, газ, таскөмір) жылдан-жылга азайып, қазірдің өзінде алаңдатушылық тудырып отырғаны ешкімге де құпия емес. Сонымен жаңа энергия көздерін ашу, оны игерудің арзан да қауіпсіз технологияларын жасау - бүгінгі таңдағы ғылымның негізгі мақсат-мұраттарының біреуіне айналып отыр. XX ғ. соңғы ширегінде дүниеге келген эволюциялық химияның да алдындағы зор мақсат -күн сәулесін электр тогына айналдырудың арзан технологиясын жасау, судың фотолизін жасап, су тегін практикалық түрде шексіз де таза энергия көзіне айналдыру т.с.с.
Бүгінгі таңдағы ең алдыңғы қатарлы ғылым саласы - биологияға келер болсақ, мұндағы ғалымдардың алдына қойған мақсат-мұраттары да бүгінгі адамзат практикасымен тығыз байланысты екенін байқаймыз. Генетикамен байланысты микро-биологиялық зерттеулер тіршілікті клондық, яғни бейжыныстық жолмен тудыру, өмірдің ең терең сырларын ашу - қазіргі адамзатқа ауадай қажет нәрселер. Өйткені тек осы зерттеулердің негізінде болашақта тұқым қуу механизміндегі жиі кездесетін ауытқуларды емдеуге, сонымен қатар мол өнім беретін жаңа өсімдіктер мен жануарлар түрлерін тудыруға, олай болса, жер бетіндегі аштыққа үшыраған халықтарға тиімді көмек беруге жол ашылады.Енді ғарышты зерттеу мәселелеріне келер болсақ, олардың да адамзат практикасымен байланысты екенін байқауға болады. Мысалы, ғарыштағы орналасқан байланыс жүйелері арқылы теңізде апат болған кемені тез арада тауып алып, көмек көрсетуге болады. Бүгінгі жер бетін толығынан шырмаған ақпарат жүйелері: интернетті өмірге енгізу, әртүрлі құрлықтармен телефондық байланыс жүйесін орнату т.с.с. ғарыштағы жасанды серіктерсіз мүмкін болмас еді. Жоғарыда келтірілген деректерді тағы да жалғастыра беруге болар еді. Бұлардың бәрі де таным үрдісінің әрқашанда адамзат практикасымен байланысты екенін көрсетеді. Дүниетаным адамзаттың ерекше рухани іс-әрекеті болғанымен, оның терең табиғаты практикада, оның әлеуметтік-тарихи мән-мағынасында жатқаны сөзсіз.
3. Таным кұрылымы
Таным - өте күрделі үрдіс, оған адамның бүкіл жан дүниесі түйсіктері, ақыл-ойы, ыркы, сезім тебіреністері, ішкі көкей көзі (интуиция) - бәрі де өзара бір-бірімен байланысты түрде қатысады. Шынайы таным үрдісінде оларды бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Дегенмен де танымды жете түсіну үшін біз теориялық деңгейде оларды бір-бірінен ажыратып қарастыруымызға болады. Осы тұрғыдан келгенде, біз сезімдік танымнан бастауымыз қажет сияқты.
Сезімдік танымның негізгі формалары түйсіктер, қабылдау жэне елестету болып табылады. Айнала қоршаған Дүниемен адам өз түйсіктері арқылы байланысты. Адам белгілі бір затты көріп, оның жылы-суықтығын, жұмсақ-қаттылығын, ащы-тәттілігін т.с.с. анықтай алады. Әрине, түйсіктерді толығынан айнала қоршаған ортадағы физикалық құбылыстармен теңеуге, сонымен қатар ажыратуға болмайды. Кең түрде алғанда, түйсіктер бізді дүниемен байланыстыратын, сол жөнінде деректер беретін бейнелеудің ерекше түріне жатады. Олар, әрине, қоғамдық-тарихи дамудың нәтижесі, адамзат практикасымен тығыз байланысты.
Адамның түйсіктері бір-бірімен байланысты, олар өзара бір-бірін толықтырып, сәйкестендіріп отырады. Соның нәтижесінде адам дүниені қабылдауға мүмкіндік алады. Затты қабылдау дегеніміз оның ащы-тұщылығын, түрлі түстілігін т.с.с. қасиеттерін бөлек-бөлек ажырату емес, оның біртұтас бейнесін тудыру болып табылады. Сонымен қатар ерекше ескеретін нәрсе - адам қабылдаған заттың барлық қасиеттерін бірдей бейнелей алмайды. Ол заттың тек оған қажетті жақтарын ерекше белгілейді. Мысалы, егер көктемде біз алқызыл апорт алмасын көрсек, оның біртұтас бейнесінің ішінде оның хош иісіне ерекше көңіл бөлеміз. Өйткені біздің оны жегіміз келеді. Егерде осы ахуал күзде болып, жаңа ғана он алма жеп, сол апортты көрсек, оны қабылдағанда оның түсіне, әсем жақтары мен формасына ерекше көңіл бөлеміз, яғни оны жейтін тамақ емес, эстетикалық зат ретінде қабылдап, ләззат аламыз.
XIX Ғ. НЕМІС КЛАССИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Неміс философиясы - неміс халқының философиялық білімдер жүйесі. Неміс философиясы дүниежүзілік философиялық ойдың дамуына зор әсер етті. Рухани өмірге терең талдау жасау, тиянақты филос. жүйе құруға бейімділік - неміс ойшылдарының көбіне тән ерекшелік.
Германиядағы философияның алғашқы түрі ортағасырлық схоластика болды (Х.Мавр, Н.Немецкий, Г.Сен-Викторский). Соңғы схоластиканың көрнекті өкілі алғашқы христиан аристотельшілерінің бірі Ұлы Альберт болды. Дәстүрлі Неміс философиясы мистикамен тығыз байланыста дамыды. Оның алғашқы өкілдері монах әйелдер - Хильдегарда Бингенская (12 ғ.) мен Мехтильда Магдебургская (13 ғ.). И.Экхарт бұл ілімді одан ары дамыта түсті.
19 ғасырдың 30-жылдары неміс идеализмінің рационалистік философиясына, әсіресе Гегельдің панлогизміне екі түрлі бағыт: иррационалистік (Шеллинг және А.Шопенгауэр) және материалистік (Л.Фейербах) бағыттар қарсы шықты. Шопенгауэр философиясында дүниенің негізі иррационалды санасыз ерік деп танылды. Бұл ілім кейіннен Ф.Ницшеге және Г.Э. Гартманға зор әсерін тигізді. Л.Фейербах неміс классик. философиясының идеалистік сипатын антропологиялық материализм тұрғысынан сынға алып, идеалистік философияның дінмен байланысын ашып көрсетті. 19 ғасырдың 40-жылдарында Германияда марксизм пайда болды. Оның негізгі идеялық тұжырымдамасы В.Либкнехт, А.Бебель, Ф.Меринг, тағы басқа еңбектерінде негізделді. Марксизм ілімі философияны сын тұрғысынан қайта қарап, оның дүниені түсіндіруші ғана емес, өзгертуші күш екендігін көрсетуге тырысты. Оның негізін салушылар: К.Маркс пен Ф.Энгельс өз еңбектерінде дүниеге көзқарастың негізгі принциптерін тұжырымдап, марксизм теориясының негізі қаланды. 19 ғасырында шенінде Неміс философиясында жаратылыстанудың өрістеуіне байланысты позитивизм бағыты орын ала бастады. Түрлі ғылым салалары - физика, биология, психологияға сүйенген мектептер мен бағыттар пайда болды. 80 - 90 жылдарда жаңа кантшылдықтың марбург және баден мектептері қалыптасты. Марбург мектебінің өкілдері (Г.Коген, А.Наторп, Э.Кассирер, т.б.) логик. мәселелермен шұғылданса, баден мектебі (Г.Риккерт, В.Виндельбанд, Э.Ласк) мәдени-тарихи және аксиология мәселелеріне назар аударды. 19 ғасырда эмпиризм дәстүрін жаратылыстанудың соңғы жетістіктерімен ұштастырмақ болған эмпириокритицизм өкілдері Э.Мах (1838 - 1916) және Р.Авенариус (1843 - 96), имманенттік философия өкілдері В.Шуппе, И.Ремке, тағы басқа болды. 19 ғасырдың соңында Неміс философиясында метафизикаға қайта оралу басталды. Ницше тұсында "өмір философиясы" деп аталатын бағыт жарыққа шықты. Оның басты өкілдері: Г.Зиммель, Р.Эйкен және В.Дильтей болды. 20 ғасырында Неміс философиясында феноменология ілімі дамыды. Ол Ф.Брентано, А.Мейнонг, А.Гефлер, К.Штумпф және Х.Эренфельс еңбектерінде тұжырымдалды. Жеке тұлға философиясы мен қазіргі заманғы құндылықтар этикасын тұжырымдап берген неміс ойшылы М.Шелер (1874 - 1928) Неміс философиясының одан әрі дамуына үлес қосты. Қазіргі заманғы Неміс философисындағы үшінші негізгі ағым - экзистенциализм. С.Кьеркегордың еңбектерінен бастау алып, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz