ВЕТЕРИНАРЛЫҚ МЕДИЦИНА ЖӘНЕ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСТИТУТЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Ветеринария және биоқауіпсіздік жоғары мектебі
«Ветеринарлық акушерлік және гинекология» пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Қынабы түсіп кеткен сиырларды емдеу әдістерінің салыстырмалы тиімділігі»
Орындаған: ВМ-31 тобының студенті
Тілеуова А. Н.
Тексерген: доц. м. а. Кереев А. К.
Орал, 2020ж.
Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
Әдебиетке шолу . . . 5
1. Үй жануарларының гинекологиясы және андрология негiздерi
1. 1 Жыныс органдарын зерттеу әдістерi . . . 8
1. 2 Буаз малдың негізгі ауруларын анықтау, емдеу және алдын алу әдістері . . . 12
2. Қынабы түсіп кеткен сиырларды емдеудің әдістері
2. 1 Қынаптың айналып түсуі . . . 17
2. 2 Сиырлардың жыныс мүшелерінің қайтадан қалпына келуіне фармакологиялық дәрі-дәрмектердің әсері . . . 21
Қорытынды . . . 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРТІЗІМІ . . . 26
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі . Қазақстан Республикасының егеменді ел болу кезеңінде, әлеуметтік-экономикалық реформаны дамытуда ветеринарияның маңызы зор.
Ветеринарияның міндеті - малшаруашылығының ветеринарлық тазалығын сақтау, адамдардың денсаулығын мал мен адамға ортақ аурулардан қорғау, жоғары сапалы ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және территорияны малдардың аса қауіпті ауруларының енуінен қорғау.
Ауыл шаруашылығының алдында тұрған басты тапсырма - халықты өндірістік және ауылшаруашылық шикізатпен, оның әлеуметтік жағдайының деңгейін ары қарай жоғарлатуды қамтамасыз ететін өндірістің дамуы мен мал шаруашылығының барлық салаларының жан-жақты динамикалық дамуына қол жеткізу болып табылады. [ 1, 2 ] .
Мал дәрігерлік акушерлік пен гинекология басқа пәндермен тығыз байланысты. Клиникалық пән ретінде ол физиология, зоология, фармакология, микробиология, хирургия, індеттану, паразитология, терапия және де басқа ғылымдармен тығыз байланысты.
Ветеринарлық акушерлігі және гинекология - жыныстық процестердің, ұрықтандырудың буаздықтың, туудың, туғаннан кейінгі кезеңнің қалыпты жағдай және патологиялары, жаңа туған төл ауруларының, сондай-ақ бедеуліктің, қолдан ұрықтандырудың және эмбрионды көшіріп, қондыру мәселелері бойынша студенттерге теориялық біліммен қатар тәжірибе жүзінде үйрету.
Гинекологиялық ауруларға диагноз қою үшін міндетті түрде сарпайды, қынап кіре берісін, қынап, жатыр мойыны, жатыр тармақтары, түтіктері мен жұмыртқалықтарды зерттейді.
Аналық жыныс безінің көлемі, сыртқы пішіні, тығыздығы, температурасы, күлдіреуіктер немесе фолликулдің, сары дененің болуы, ісінуі, ұстағанда малдың ауырсынуы, жұмыртқалықтың әртүрлі физиологиялық немесе патологиялық жағдайларына байланысты өзгеріп отырады.
Мал шаруашылығын қарқындатудың бірден - бір дұрыс жолы - малды өз төлінен өсіру болып табылады. Бірақ, оған жыл сайынғы жүздеген мың аналық бас малдың қысыр қалуы үлкен зиянды әсерін тигізіп отыр.
Буаздық кезінде көбінесе мына төмендегі аурулар кездеседі: буаздықтың ісігі, буаз малдың жатып қалуы, невропатия, гепатопатия, эклампсия, остеомоляция, қынаптың түсуі, жатырдың қан кетуі, мезгілсіз толғақ, жатыр жарығы, жатырдың бұралуы, іш тастау, жатырдан тыс буаздық, т. с. с.
Буаз малдың ісінуі деп буаз малдың туар алдында бір ай шамасы бұрын артқы аяқтарында, құрсағының астыңғы жағында пайда болған ісіктерді айтады. Аурудың себептері біршама көп. Ең алдымен жемшөптің құнарсыздығы, жетіспеуі, буаз малдың күнделікті серуенге шықпауы, жүрек, бүйрек аурулары. Соның салдарынан қан айналу жүйесі әлсіреп, қан тамырларының ішкі қысымы артып, қанның сұйық бөлігі қан тамырларының сыртынана сүзіліп шығады. Көбінесе тері астылық ұлпаға сіңіп жинала береді де, үлкен болып жайылған ісіктерге айналады.
Бұл ісіктер ауырмайды, бармақпен басып көргенде терең шұңқырлар қалады. Мұндай мал тез шаршайды, ентігеді. Ісінген жерлері бір нәрсеге соғылып зақымданса тез іріңдеп кетеді. Мұндай ісіктер көбінесе мал туғаннан кейін 5-10 күннің ішінде өздігінен жазылып кетеді.
Малдың қысыр қалуы шаруашылыққа орасан зор экономикалық зиян келтіреді, ол негізінен алынуға тиісті төл басының кемуі мен сүттің 30-35% - ға төмендеп кетуінен құралады, одан басқа қысыр малды емдеуге, бағып - күтуіне, жем - шөпке кеткен шығын қосылады [1, 3] .
Әр малдың басынан өндірілетін өнімнің шығу көрсеткішін ұлғайту және табынның өзіндік өніп-өсу дәрежесін жоғарылату, малдың басын сақтап қалуға нақтылы кірісу нәтижесінде ауыл шаруашылығының деңгейін көтеру қажет.
Сонымен қатар мал шаруашылығына қажетті дәрілік заттар мен дәрумендерді қажетті жерге тез арада жеткізуді кеңейту және малдәрігерлік кызмет көрсетуді жақсарту керек.
Халық шаруашылығының экономикасында ірі қара шаруашылығы маңызды орын алады, себебі болашақта малдың тұқымдық қүрамын және өсіп-өндіру технологиясын жақсартудың өзіндік үлесі зор. Жекелеген шаруашылықтарда малдың жалпы басының өсуіне және ірі қара шаруашылықтарының ары қарай дамуына сиыр малында кездесетін жатыр аурулары кедергі келтіріп келеді. Сыртқы жыныс органдарының қабынуы барлық мал түрлерінде кездесуі мүмкін, бірақ көп жағдайда сиырларда байқалады. Қабыну үрдісінің өтуіне байланысты сарпай және қынап кіреберісінің қабынуы: сірі, катаралды, геморрагиялық, фибринозды, іріңді, гангренозды және басқа түрлерін ажыратады. Вульвит және вестибулит өз бетімен инфекция қоздырғышы енуінен немесе туу, шағылыс кезінде, жарақаттардың шиеленусуінен пайда болады. Бұл аурулардан келетін экономикалық шығын, мал шаруашылығында кездесетін көптеген жұқпалы емес аурулардан кем түспейді. Осыған орай, қынабы түскен кезде ауруларын емдеудің жаңа тиімді әдістерін және алдын алу шараларын жетілдіру қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты - төл мацерациясы, этиологиясы және профилактикасы зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері: қынабы түсіп кету белгілері мен емін анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдбиеттер тізімінен тұрады.
Әдебиетке шолу
Өндірістік кешендерде, арнайы бағыттандырылған шаруашылықтарда және фермаларда мал басының ұдайы өсуіне, соның ішінде асыл тұқымды мал алуда зиян тигізетін акушерлік-геникологиялық ауруларды ғылыми негізде емдеу, жетік меңгеру, морфологиялық өзгерістерді білумен қатар, жалпы организмнің күн жайын, яғни дұрыс ем әдісін таңдаудың маңызы біз үшін айтарлықтай. Осы жазылған курстық жұмыста ұрғашы малдардың жыныс органдарының анатомиялық құрылысы және жыныстық қатынастардың циклдері және оның кезеңдері, еркек малдардың жыныс органдарының анатомиялық-топографиялық ерекшеліктерін меңгеру біз үшін басты мәселе. Біз үшін малдың өнімділігін не жұмысқа қабілеттілігін жарым жартылай не толық қалпына келтіру ем нәтижесінің көрсеткіші болып табылады. Қандай дерт болмасын, патологиялық процеске жалғыз ғана емес, белгілі бір дәрежеде басқа да ағзалар және жүйелер қоса қатысады, соны ескергеніміз жөн.
Экономикалық шығынды болдырмау үшін мал шаруашылығында мал дәрігерлері ауру малды нәтижелі емдеп, клиникалық тексерулер, диспансерлеу, белгіленген нақты жоспар арқылы жүйелі түрде егжей-тегжейіне жете зерттеу өте маңызды болып табылады.
Өзінің енбектерінің нәтижесін және бай тәжіребесін А. Ю. Тарасевич “Ауыл шаруашылық малдарының бедеулігі” (1936) деген монографиясында көрсетті. Профессор А. Ю. Тарасевич мал дәрігерлік акушерлік мектептерді ашудың негізін қалады. /И. А. Бочаров, Н. А. Флегматов және басқалар/.
Профессор И. А. Бочаров (1901-1975) өз шәкірттерімен мал бедеулігін зерттеп “Ауылшаруашылық малдарының бедеулігі” деген кітабын (1956) шығарды. Осы кісінің редакциясымен мал дәрігерлік оқу орындарына арналған мал дәрігерлік акушерлік кітабы 1967 жылы жарық көрді.
Профессор Н. А. Флегматов (1903-1986) есектердің буаздығын анықтайтын тәсіл ойлап тапты; шу туспегенде қағанақ суларын пайдаланудың ықпалды нәтижелі жолын ұсынды. Өз әріптестерімен бірге мал көбеюінің физиологиясы мен патологиясы туралы біраз маңызды зерттеулер жүргізді. Осы зерттелген мәселелер “Ауылшаруашылық малдары» деген жинағына енді, ол (1959) жарық көрді.
Профессор Я. Г. Губаревич “Ұсақ малдардың акушерлігі” деген монография және техникумдарға арналған акушерлік кітап жазды.
Професор П. И. Шаталов жыныс циклы және биелердің төлдегеннен кейінгі уақыты жөнінде, кейбір бедеуліктің түрлеріне буаз биелердің қан сары суы (СЖК) мен қанды (КЖК) қолдану туралы маңызды зерттеулер жүргізді және отандық гравогормон деген синтез арқылы жаңа препаратты бөліп алды.
Акушерлік ғылымның дамуына атақты ғалым, ВАСХНИЛ-дың корреспондент мүшесі, профессор А. П. Студенцов көп еңбегін сіңірді. Осы кісі біраз ғылыми еңбектер, жолдамалар /жыныс цикл жөнінде, бедеулік, іш тастаулар, желінсаулар т. б. / сүт безіне және жыныстық органдарға жасалынатын операциялардың ыңғайлы түрлерін ұсынды, “Мал дәрігерлік акушерлік және гинекология” деген кітабын 1949 жылы жазып шығарды. Өз өмірінде осы оқу кітабы үш рет қайта басылып, 1952 жылы Мемлекет сыйлығына ие болды.
А. П. Студенцов өз еліміздегі акушерлік саласындағы бірінші ғалым докторы (1937) . Оның көптеген еңбектері (300-дей) отандық мал дәрігер акушер санының өсуіне көп әсерін тигізді. Осылардың арасында мал дәрігерлік акушерлік Львов мектебін құрушы профессор Г. В. Зверева да бар. Ол сүт безінің аурулары жөнінде, акушерлік физиология мен патология, бедеулік және малдарды қолдан ұрықтандыру жөнінде маңызды зерттеулер жүргізді.
Г. В. Зверева біраз оқулықтар мен нұсқаулардың авторы. 1976 жылы “Сиырлардың гинекологиялық аурулары” деген кітабы, ал 1985 жылы мал дәрігерлік акушерлік анықтамасы жарық көрді.
Профессор В. А. Акатов (1909-1971) сиырлардың сүт бездерінің ауруларын ультрадыбыспен емдеу тәсілін ойлап тапты.
Профессор Д. Д. Логвинов желін қабынуында, шу түспегенде және сиыр бұзаулағаннан кейінгі уақытта кездесетін ауруларда новокаиннің патогенетикалық тәсілін ойлап тауып, оның іс жүзінде қолданылуына ықпал жасады. Жоғарғы оқу орындарының факультеттерінде сырттай оқитын студенттерге арналған “Сиыр емшегінің физиологиясы мен өзгерісі” (1971) “Буаздылық және сиырлардың бұзаулауы” (1975) деген кітаптар жазды.
Профессор А. О. Мапасян, М. П. Рязанский, И. С. Нагорный сиырлардың агалактиясы мен гипогалактиясы жөнінде маңызды зерттеулер жүргізді.
Мал дәрігерлік акушерлік пен гинекологияның дамуына профессор И. И. Иванов үлкен үлес қосты, өзінің жан-жақты зерттеулерімен ол ауылшаруашылық малдарын қолдан ұрықтандырудың көптеген сұрақтарын шешу жолдарының негізін салды. И. И. Иванов мал дәрігерілері мен зоотехниктердің мектебін құрды, осы мектеп өзінің зерттеулерін қазіргі уақытта да ары қарай жалғастырып жатыр.
Ветеринарлық акушерлік және гинекология пәнінің дамуына отандас ғалымдар да өз үлестерін қосып келеді.
Т. Ж. Әбдірахманов акушерлік ғылыми саласында еліміздегі бірінші ветеринарлық ғылымының докторы (2002) . Осы ғалымның жетекшілігімен 2005-2007 жылдары аралығында акушерлік мамандық бойынша үш кандидаттық диссертациялар (А. А. Муханбеткалиева, А. Н. Ахметов, Б. Р. Касеинов) қорғалды және бірнеше жұмыстар аяқталып қорғауға дайын. Қазіргі кезде елімізде акушерлік мектеп құрылды деп айтуға болады.
Т. Ж. Әбдірахманов, А. Н Ахметов (1999) желінсаудың жасырын түрін анықтау үшін жаңа диагностикалық тест диагмасты ұсынды. Бұл тест арқылы зерттелетін сүтте екі көрсеткіштер, айта кеткенде соматикалық клеткалардың «лейкоциттердің» көбеюінің және рН көрсеткіштерінің өзгеруін анықтауға болады.
Т. Ж. Әбдірахманов, К. М. Камсаев (1999) сиырлардың төлдеуден кейінгі іріңді катаральды эндометриттерін емдеу үшін гипериммунды антигистаминды қан сары суын ұсынды.
А. А. Мұханбетқалиева, Т. Ж. Әбдірахманов (2005) Saussurea Salsa экстрактысын өндірісте сиырдың төлдеуден кейінгі іріңді-катаральды эндометритін емдеуге, дәрілік препарат ретінде қолдануын ұсынды.
Акушерлік пәнін дамуына сонымен қатар келесі ғалымдар М. Н. Жоланов, Б. А. Құрманов, И. Т. Жақыпов өз үлестерін қосты.
М. Н. Жоланов сиырлардың желінсауларын оқып зертеді және өндіру жұмыстарымен айналысты.
Б. А. Құрманов інгендердің жыныс циклдарын Қазақстан бойынша оқып зертеді.
И. Т. Жақыпов ауылшаруашылық малдарын қолдан ұрықтандыру жөнінде, айта кеткенде маноцервикальдық әдістің модифицирленген үлгісін ұсынды. Сонымен қатар СЕЗЕҚ (сұйық емдік заттарды енгізу құралы) ұсынылған. Мұнымен қатар И. Т. Жақыповтың акушерлік машықтану мен ұдайы өндіру тәсілдерін меңгеруге арналған фантомын атаған жөн.
1. Үй жануарларының гинекологиясы және андрология негiздерi
1. 1 Жыныс органдарын зерттеу әдістерi
Ветеринарлық гинекология (грек сөзінен алынған, ол gyne- әйел, аналық және logosim) - аналық малдың жыныс және басқа органдары туу мезгілі аяқталған соң пайда болған және бедеулікке әкелетін патологиялық үрдістерді оқытатын ветеринарлық клиникалық сала. Көбіне гинекологиялық аурулар бұрын болған акушерлік патологиялық салдары деп есептелінеді.
Ветеринарлық андрология (грек сөзінен аударылған, aner немесе anaros- еркек, аталық және logos - ілім) - өндірушілердің жыныс және басқа органдарында дамып, соған орай белсіздікке (импотенция) әкелетін патологиялық үрдістерді оқытатын ветеринарлық клиникалық сала.
Ветеринарлық гинекология мен андрологияның алдына қойылған мақсаттары өте тығыз байланысты, өйткені үй малдарының көбеюіне аналықтар мен аталықтар қатысады. Сондықтан, ветеринарлық гинекология мен андрология негізінде ауылшаруашылық малдарының бедеулігін жою және алдын алу шаралары жатады.
Бедеулік ауыл шаруашылығына көптеген шығын мен зиян әкеледі, соның нәтижесінде:
1) төл толық алынбайды,
2) малдың сүт өнімділігі төмендейді,
3) малды азықтандыруға шыққан шығынның орны толмайды,
4) бедеу малдарды емдеуге және ұрықтандыруға көп шығын кетеді.
Шаруашылықта әр күнде қанша сиыр ұрықтанды, бір күнде қанша сүт және төл алынғаны жөнінде есептер жүргізіп отыру керек.
Ұдайы өндіру жұмыстарын жоспарлау, тек қысыр сиырлардың есебін жіргізумен аяқталмайды. Ең бастысы бедеулікпен күрес жүргізу, бұл жағдайда бір жыл ішінде бедеулік күндерін азайтуға тырысу қажет. Сонымен қатар, сиырлардың қысырлығын жою керек, яғни нақты алынған шаруашылықтағы жағдайлар мен мал басы өсуі есебімен жоспарлы түрде жұмыс жасау қажет. Бұнда қысырлық пен бедеулікті жою және олардың алдын-алу шаралары бір емес екенін айта кету жөн. Қысырлық көлемін төл саны қатынасымен айырады. Мысалы, 100 сиырдан 100 бұзау алу жоспарланған, ал нақты алынғаны 75 бұзау, яғни қысырлық 25% құрайды. Бірақ, қысырлық нақты шаруашылық жағдайын толық бейнелемейді. Мысалы, шаруашылықта 1-қаңтардағы есеппен алынған 100 сиырдан бір жылда 100 бұзау жоспарланған, ал алынған саны 105 бұзау. Осыған қарап жоспардың асыра орындалғаны және қысырлықтың жойылғаны туралы айтуға болады.
Бедеуліктің түрін және оның түр ерекшеліктерін анықтау үшін аталық пен аналықтың жыныс органдарын тұрақты зерттеп отыру қажет. Гинекологиялық зерттеу келесі бөлімдерден:
1) анамнездік мәліметтерді жинау
2) объективті клиникалық зерттеулерден, тұрады.
Анамнездік мәліметтер. Анамнезді деректер диагноз қоюға әдетте аз мәліметтер береді. Мәліметтердің бағасы малдарды күтуші кісілердің байқағыштығына байланысты. Бірақ, анамнездік мәліметтер дәрігерді жыныс органдарының кейбір бөліктерінің мұқият зерттеуге итереді, ең бастысы анамнез кезінде жалпы таралуы мүмкін кейбір ауруларды анықтауға мүмкіншілік береді.
Анамнез көрсеткіштері келесі мәліметтерден тұруы тиісті
1) ветеринарлық көмекке жэасауға итермелеу
2) шаруашылықтың ветеринарлық-санитарлық және зоотехникалық жағдайы (іш тастаулар және басқа жалпы аурулар, азықтың ресурстары, рациондар, коралар т. б)
3) биенің паспортында немесе сиырдың, мегежіннің және басқа малдардың жеке кәртішкесінде жазылған материалдар.
4) малдың жасы, бұл мәліметтер жалпы немесе жергілікті аномалиялар (кемтарлық, жыныс аппаратының туғаннан болған кемшілігі, кәріліктен болған өзгерістер немесе малдарды пайдалану кезінде және ұстауындағы ережелер бұзылуы) себептерінің көріністерін байқауға мүмкіншілік береді.
5) туудың саны, буздылықтың ағымы, әсіресе соңғы туу және туудан кейінгі мезгіл туралы мәліметтерден, ұстау, азықтандыру, қоңдылығы, сүт өнімділігіне байланысты, туу процессінен кейінгі жыныс циклдарының қайталануы, ұзаруы немесе қысқаруы.
6) нәжіс және зәр шығару актілерінің, дефекацияның байқалуы және басқа ерекшеліктер, нәжіс және зәр шығарудың жиеленуі көп жағдайда жамбас органдарының (цистит, вагинит, цервицит т. б. ) қабыну реакцияларын көрсетеді;
7) жыныс циклының ырғақтылығы, ұрықтандыру уақыты мен саны, табындағы өндірушілер саны және олардың жағдайы, бедеулік тек аналықтан ғана емес өндірушіге де байланысты, кейде негізгі себеп болып малдарды өндіру жүмыстарын дұрыс үйымдастырмау саналады.
Малдарды клиникалық зерттеу маманға диагноз қоюға нақтылы мәліметтердің жиынтығын береді, болжау жасауға және тиісті ем қолдануға мүмкіндік туғызады.
Сыртқы зерттеуді малдың жалпы байқауынан, статусты анықтауынан бастайды. Сосын сауырын және сыртқы жыныс органдарын қарайды. Сауырдың конфигурациясына, жамбас жалғамдарының жағдайына, жыныс саңылауына, сарпайдың мен құйрық терісіне көңіл аудару қажет. Сыртқы жыныс органдарынан, әдетте сарпайдың төменгі бұрышында жиналып құйрық тамыры жүнінде кеуіп калатын аққан жалқаяқ түріне қарап қабыну процессінің ерекшеліктерін жинақтауға болады.
Ішкі зерттеулер. Ректальды және вагинальды зерттеулер карау және пальпация арқылы патологиялық процестердің немесе гениталиялардағы аномалиялардың дамуын қамтамасыз ететін анатомиялық өзгерістерді анықтауға мүмкіншілік беретін диагноз қоюда шешуші орын алады
Ішкі зертеуге малды және дәрігердің колын буаздылықты анықтау кезіндегідей дайындайды.
Вагиналдық зерттеу. Қолды өңдегеннен кейін және аралық терісін қараған соң, сол қол саусақтарымен сарпайды ашып қынап кіреберісінің кілегей қабығын қарайды. Қынапты және жатыр мойынын, қынап бөлігін қарау үшін қынап айнасы қажет
Қарау кезінде кілегей қабық түсіне көңіл аударады. Денісау малдарда ол біркелкі жылтыраған және қызғылт немесе ақшылт-қызғылт түсті, беткейі тегіс, жылтыр. Қынап кіреберісінің жан-жағында екі сызық бойымен төбешік пішінді көлемі түйреуіш басындай шығару безінің тармақтары орналасқан.
Іріңді экссудаттарды немесе көп мөлшерлі секреттерді анықтағанда закымдалған жерлерді мұқият қарайды. Әсіресе көңілді жатыр мойынының қынап бөлігіне аударады. Осы көлемде анықталған ауытқулар қабыну ісіктерінің туу жаракаттары салдарынан пайда болғанын білдіріп, қатты ісінулермен сипаттталады. Жатыр мойынының жан-жағына, жоғары не төмен ауытқуы патологиялық жағдай бар екенін білдіреді.
Егер, қынапта жиналған қан, ірің немесе кілегей жатырдан бөлінеді деген күмән туса, жатыр саңылаушасын корнцанг ұшына кигізілген дәке не мақта тампонымен сүртіп, сосын секреттің жаңа порциясы пайда болуын карау керек. Қынапты қарауын тік ішек арқылы жатырға жеңіл массажбен өткізу орынды.
Ірі малдардың жыныс органдарын тік ішек арқылы зерттеу барлық ішкі жыныс органдарының жағдайын білуге мүмкіндік туғызады.
Өндірушілерді андрологиялық әдіспен зерттеу. Бедеулік себептерін анықтау үшің өндірушіні әрдайым мұқият зерттеу қажет, өйткені аналықтардың төл әкелуі өндірушілерге байланысты. Әрбір мал түрі өдірушісін таңдағанда зоотехникалық және малдәрігерлік санитарлық талаптарға сүйену қерек.
Өндірушіні клиникалық әдіспен зерттеу кезінде ең алдымен аналық малдарға жыныс жолдарымен берілетін жұқпалы және инвазиялы аурулардың болмауын қадағалау орынды.
Өндірушіні жеке зерттеу әдісі келесі элементтерден тұрады:
1) жалпы қарау;
2) жыныс аппаратын зерттеу;
3) рефлексологиялық зерттеу;
4) ұрықты зерттеу.
1. Жалпы қараумен өндірушінің жыныс аппаратын зерттеу.
Өндірушінің зерттеуін ашық жерде немесе жарық манежде өткізеді. Бұл жағдайда тері аурулары әсіресе қышыма, бұзаутаз тағы басқа аурулар болмауын қадағалау қажет. Сонымен бірге зерттеуші лимфа түйіндерінің, бұлшық еттердің, аяқ буындарының, тұяқтардың жағдайына көніл аударуы тиісті. Малдың терісін мұкият пальпациялайды. Қажет болса арнайы әдістерді қолданып тыныс алу органдарын, қан айналымын, ас қорыту органдарын зерттейді.
Жыныс аппаратын қарайды. Бұнда ұма, ен, күпек, жыныс мүшесі жағдайларын анықтайды, қажет болса қосымша жыныс бездерін, қуықты, шап өзегін, бүйректі зертттейді.
Қалыпты жағдайда ұма терісі толық не жартылай жүнмен жамылған, нәзік, оңай қыртыстанады. Ен мен оның қосымша бездері ұма қабырғасынан жақсы сезіледі. Олардың көлемі мал түрі мен жасына байланысты болуға тиісті. Көптеген малдарда бір ен (оң жақтағы) екінші еннен үлкендеу болады. Олардың беткейі тегіс, жылтыр және тығыз консистенциялы. Аталық жыныс бездері ұманың жоғарғы жағынан қолмен ұстағанда жоғары көтерілуге тиісті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz