Аналық малдарының жыныс органдарының анатомиясы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

ВЕТЕРИНАРЛЫҚ МЕДИЦИНА ЖӘНЕ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСТИТУТЫ

Ветеринария және биоқауіпсіздік жоғары мектебі

«Ветеринарлық акушерлік және гинекология» пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Жатыры түсіп кеткен сиырларға ем көрсету

(бие, қой, шошқа) »

Орындаған: ВМ-31 тобының студенті Жанғали А. А.

Тексерген: доц. м. а. Кереев А. К.

Орал, 2020ж.

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . . 5

1. Сиырлардың жыныс жүйесiнiң анатомо-физиологиялық ерекшелiктерi

1. 1. Аналық малдарының жыныс органдарының анатомиясы . . . 8

1. 2 Ұрықтардың аналық малдың жыныс жолдарымен жылжуы . . . 12

2. Жатыры түсіп кеткен сиырларға ем көрсету

2. 1 Жатырдың айналып түсуі . . . 15

2. 2 Жатырдың түсу белгілері мен емі . . . 22

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27

Қолданған әдебиеттер тізімі . . . 29


КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі. Ауыл шаруашылығы - шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы - неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі сала-ларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығы - материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысатын бұл саланы өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы құрайды. Елбасы Н. Ә. Назарбаев жолдауында «Ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет. Әлемдік азық-түлік нарығының көшбасшысы болу және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру үшін бізге мыналар қажет», дей келе егістік түсімін, ең алдымен жаңа техноло-гиялар енгізу есебінен елеулі көтеру қажеттігіне, біздің әлемдік деңгейдегі мал шаруашы-лығы жемшөп базасын құру үшін үлкен әлеуетке ие екендігімізге тоқталып өтті [1] .

Сүтті бағыттағы сиыр өсірудегі басты мақсат барынша аса жоғары сапалы сүт сауу. Сиырдың сүттілігі 305 күн сауылған және тәулігіне ең көп шыққан сүт мөлшеріне қарай анықталады. Сиырдың сүттілігі оның тұқымына, азықтандыру жағдайына, күтіміне, жасы-на, қоңдылығына, тірілей салмағына, сауылған мерзіміне және уақтылы саууына байла-нысты келеді. Сүттілік тұқым қуалайды. Тұқымдық қасиет атасынан ұрпағына тұрақты түрде берілген сайын бұл көрсеткіш те жоғарылай береді. Сонымен қатар, бір тұқымға жататын мал ішінде де ата-тегіне байланысты өнімділігі де әртүрлі сиырлар кездеседі.

Жұмыстың өзектілігі. Жатыр мен аналық без ауруларының жиі кездесуі сиырлардың бедеулігі себептері болып табылады. Осыған байланысты, аналық бездің, сиырлардың жатырының морфологиясы және патологиясы қазіргі заманауи әдістерін қолдана отырып, зерттеуді талап етеді. Мал шаруашылығындағы қазіргі шаруашылық даму деңгейі ірі қара мал бедеулігі шараларына, сиырлардың бедеулік формаларын балау әдістерін әзірлеу және болжау нысандарына, акушерлік-гинекологиялық аурулармен ауру түрлерің емдеуіне, жыныстық қызметтерінің қалыптасуына сенімді алдын алуды және мал шаруашылық саласының тиімділігін арттыруды талап етеді. Сиырлардың репродуктивті денсаулығын бағалау жүйесін әзірлеу және енгізу үшін сиырлардың көбею қабілетінінің негізін жаңғыртуда денсаулығының критерийлік бағасын зерттеу негізі болып табылады. Заманауи ғылыми әдебиеттер деректері репродуктивті көбею жолдарының эпителий қабықтарының құрылымдық-функционалдық ерекшеліктерін көрсетеді. Әр түрлі жануарлар ұрғашыларының репродиктивті жолдарын құратын эпителий ұлпасының құрылымы мен қызметтерінің көптеген ерекшеліктері анықталмаған. ІҚМ репродуктивті жүйе патологиясы мен физиологиясының көптеген зерттеулеріне қарамастан, әлі де эпителий ұлпасының көбею физиологиясында, репродуктивті жүйе ауруларының этиологиясы мен патогенезінде, бедеулікте спецификалық маңызы туралы тұжырымдалған концепциясы жоқ.

Көбею қызметінің диагностикасы мен патологиясын мезгілінде болжамдау үшін эпителий ұлпасының морфологиялық және функционалдық жағдайдағы көрсеткіштері толық қолданылмаған. Зерттеу үшін материалдардың қолжетімді болмауы, сонымен қатар әр түрлі ауруларда эпителий ұлпасының жағдайын бағалау үшін критерийлердің негізділігінің жетіспеушілігіне байланысты. Эпителий ұлпасы репродуктивті жүйенің қалыпты және патологиялық жағдайын биотестілеуде жоғары сезімталды және спецификалық критерийі болып табылады. Сол арада, отандық және шетелдік әдебиеттерде репродуктивті жүйе патологиясы мен физиологисын зерттеуге, ұрғашы малдың көбею мүшелерінің эпителий ұлпасының гистожәне цитологиялық критерийлерінің толыққанды маңыздылығына аз көңіл бөлінген.

Қарастырлып жатқан мәселе барысында жануарлардың репродуктивті ағзаларының патологиясын айматық масштабта, бедеулік формаларының аумақтық ерекшеліктері, мал өсірудің ерекше шарттары, сиырлардың жыныс жүйесіндегі патологиялық процесстердің өзге даму заңдылықтары бар жерде зерттеу қажеттілігі туындайды.

Зерттеу мақсаты . Сиырлардың гинекологиялық ауру және клиникалық сау сиырлар жатырының (морфологиялық, гистологиялық және цитрометриялық) жұмыртқа жолы және аналық жыныс безінің көрсеткіштерін морфофункциональді зерттеу болып табылады.

Қойылған мақсатты іске асыру үшін келесі міндеттері анықталды:

1. Сиырлардың акушерлік-гиникологиялық ауруларының патологоанатомиялық балау жүргізу.

2. Клиникалық сау және гиникологиялық ауру сиырлардың жатыр денесінің және жатыр мүйізшесінің, жұмыртқа жолы мен аналық жыныс безінің морфометриялық мінездемесін зерттеу.

3. Клиникалық сау және гиникологиялық ауру сиырлардың (аналық жыныс бездің склерозы, аналық жыныс бездің гипофункциясы, аналық жыныс безіндегі персистенті сары дененің құрылуы, катаральдық және геморрагиялық эндометриттер), морфофунуциональді (морфологиялық, гистологиялық және цитрометриялық) көрсеткіштеріне салыстырмалы сараптама жүргізу;

4. Клиникалық сау және гиникологиялық ауру сиырлардың (аналық жыныс бездің склерозы, аналық жыныс безінің гипофункциясы, аналық жыныс безіндегі персистенті сары дененің құрылуы, катаральдық және геморрагиялық эндометриттер) жатыр денесі мен мүйізшелеріне, жұмыртқа жолының морфофунуциональді (морфологиялық, гистологиялық және цитрометриялық) көрсеткіштеріне салыстырмалы сараптама жүргізу;

Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

Туудан кейінгі жіті эндометрит ірі қара малының патологиясында негізгі орын алады, ол созылмалы дамығанда сиырлардың симптоматикалық бедеулігіне әкеледі. Аналық жыныс безінің дисфункциясымен сипатталатын түрлі жатырдың қабынулары (персистентті сары дене, аналық жыныс безінің гипофункциясы және т. б) көбінесе, вестибуло-вагинитпен және сальпингитпен асқынады.

Мал шаруашылығын белсенді дамытуда жоғары жетістіктерге жету - сиырлар мен жас құнажындарды дұрыс күту, толыққанды азықтандыру, дені сау төлдерді өсіру, қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру, сиырлардың күйлеуін уақытында анықтауға байланысты болады. Бұл шараларды дұрыс жүргізбеу бедеулік пен қысырлыққа әкеледі.

Бізге белгілі ғылыми әдебиеттегі мәліметтерге сүйенетін болсақ мал бедеулігінің алдын алуда ең алдымен бедеулікке әкелетін факторларды және бедеулік түрлерін анықтап алған дұрыс деп есептейміз. Бүгінгі таңда теориялық және тәжрибелік тұрғыдан алғанда профессор А. П. Студенцовтың мал бедеулігі туралы ілімі негізге алынады. Профессор А. П. Студенцов бедеулікке байланысты төмендегі ұғымдарды ұсынады және ол туралы жақсы мәлімет бере білген :

1. Төлшеңдік-малдың үнемі тұқым беру қаблеті.

2. Бедеулік-өсіп-өну қызметінің бұзылуы.

3. Аналық малдың төлшеңдігі-бір буаздық кезіндегі аналық жатырындағы дамып, туған төл саны.

Бедеулік - аталық пен аналықтың әртүрлі жағдайлардан (азықтандыру, пайдалану, дұрыс ұрықтандырмау) жыныс аппараты мен басқа да мүшелерінің ауруына байланысты төлдеу процессінің бұзылуы.

Қысырлық - жыл басында шаруашылықтағы мал басынан жоспарлаған мөлшерде жыл соңында төл ала алмау.

Бедеулік, яғни жатырда ұрықтың болмауы, бұл биологиялық құбылыс, ал қысырлық, яғни аналық топтан негізгі төл басын алмау, бұл экономикалық құбылыс.

Туғаннан кейінгі жіті эндометрит бұзаулағаннан кейінгі сиырларда орта есеппен 37. 7% кездеседі. Жыл бойы кездесетіндері: кыс-көктем айларында 28. 3-54. 8% болса, ал күз айында 23. 9-26. 4% болады. Сиырдың патологиялық бұзаулауындағы ауыру деңгейі 75. 8%-82. 2%, ал асқынуларсыз болған бұзаулаудағы деңгейі 23. 7% құрайды.

К. А. Тимирязевтің, И. В. Мичуриннің, И. П. Павловтің еңбектері осы пәннің теориялық негізін құрды. Акушерлік ғылымның дамуына А. В. Квасницкийдің, А. И. Лопыриннің классикалық еңбектері де үлкен әсерін тігізді.

Акушер мамандармен бірге ірі биолог ғалымдар А. А. Машковцев /жыныс циклінің жүйке эмоционалдық теориясын құрушы/ және Е. Ф. Поликарпов тығыз байланысты жұмыс жүргізді.

Акушерлік індеттану пәнімен де байланысты, себебі профессор П. А. Волосков малдардың жыныстық жұқпалы аурулары мен бедеулігі деген кітаптардың авторы болып табылады. Осы ғалымның зерттеулерін ары қарай профессорлар А. А. Сысоев пен Н. Н. Михайлов дамытты. Ал профессор А. А. Сысоев болса “Індеттану және ауылшаруашылық малдарының жұқпалы аурулары деген кітаптың авторы болып саналады.

Оперативтік акушерлік бөлімі негізінен атақты хирургтер Б. М. Оливков, И. И. Магда, В. В. Мосиннің ғылыми еңбектерімен байытылды.

1931 жылы профессор Н. Ф. Мышкинның мал дәрігерлік акушерлік деген кітабі басылып шықты. Осы жылы профессор В. В. Контенің ауыл шаруашылық малдарының бедеулігімен күресу деген еңбегі, ал 1932 жылы мал дәрігерлік акушерлік курсы жарық көрді.

Мал дәрігерлік акушерлік кафедрасының клиникалық тәжірбелік жұмыстары біраз сұрақтарды шешуге жағдай туғызды. Профессор Н. Ф. Мышкин сиырлардың буыздығын анықтайтын клиникалық әдіс ойлап тапты және мал шуының тусуін қамтамасыз ететін тәсілдер мен сол уақытқа сай желін қабынуының жіктеуін ұсынды.

А. Ю. Тарасевич бедеуліктің төменгі себептерін анықтаған:

1. Экстрогениталдық - малдың жасының ұлғайуы, эндокриндік безінің қызметінің бұзылуы, жүйке және сүт безі қызметінің бұзылуы, инвазиялық және індетті аурулар.

2. Интрогениталды-аналық безінің күлдіреуігі, персистенттік сары дене, эндометриттер, анофродезия, нимфомания, ұрықтану және зиготаның теліну кезіндегі жатыр қызметінің бұзылуы.

3. Экзогендік-алиментарлық факторлар- моционның болмауы, күн сәулесінің жетіспеуінен туындайды.

Н. Ф. Мышкиннің айтуынша бедеуліктің негізгі себебі аналық және аталық малдың жыныс мүшелерінің аурулары. Ал П. А. Волосков малшарушылығындағы қолдан ұрықтандыру кезіндегі кемшіліктер деп есептейді. А. П. Студенцовтың айтуынша бедеулік себептері өткінші, брақ мал организмінде морфологиялық, қызметтік өзгерістерге әкеліп соқтырады.

Туа біткен бедеулік - бедеуліктің бұл түрі атадан балаға берілетін тұқым қуалау, эндокриндік бездердің қызметінің бұзылуы, экологиялық факторлар, туысқандық будандастыру, зат алмасуының бұзылуы, тағы басқа себептер салдарынан туындайды.

Ірі қара малында туа біткен бедеуліктің төменгі түрлері кездеседі: инфантилизм, фримартинизм, гермофродитизм, туа біткен жыныс мүшелерінің кемтарлығы.

Фримартинизм - құбылысы көбнесе егіз төл дамығанда біреуі еркек біреуі ұрғашы болғанда кездеседі, өйткені құрсақ қуысында төлдердің даму кезінде

гормондары араласып ұрғашы төлде еркек төлдің гормоны басым болғандықтан, туғаннан кейін ұрғашы төлдің жыныс мүшелері аномалияға ұшырап, шүртекейі-клиторы шамадан тыс дамып, бұқа тәрізді болады. Бұндай таншалар төл-ұрпақ беру қаблетінен айырлады, сондықтан оларды семіртіп, сойып алған дұрыс болады. Инфантилизм-жас малдың жыныс мүшелерінің дамымай қалуы және жыныстық қызметінің байқалмауы, аналық және аталық бездерінің гипоплязиясы. Гермофродитизм-бұл өзгерістер сирек кездеседі, жыныс бездерінде аналық безінің және аталықтың ұлпасының бірдей дамуы, кейбір малдын белгілі бір жыныс мүшесі шамадан тыс дамып кетеді-мал организіміндегі қос жыныстық белгісін көрсетеді және гормоналды тепе-теңдіктің сақталмай қалады.

Профессор А. Ю. Тарасевич биелердің буаздығын анықтайтын жаңа клиникалық тәсіл тапты, және гинекологиялық ауруларды емдейтін біраз тәсілдер ұсынды /балшықпен емдеу, аналық жыныс безінің қуысына пункция жасау тағы да басқалары/. Ол ғылыми түрде күйіттеуші-айғырларды биелердін жыныстық күйлеуін білуге, және олардын жыныстық әсерін тигізетінін дәлелдеді: ең бірінші рет ішек арқылы овуляцияны қадағалап, биелерді қолдан ұрықтандыруды ұсынды. Осы ұсыныс Х. И. Животковтың, В. К. Кедровтың, П. И. Шаталовтың еңбектерінің нәтижесі ретінде қазіргі уақытта да кеңінен қолданылады.


1. Сиырлардың жыныс жүйесiнiң анатомо-физиологиялық ерекшелiктерi

1. 1. Аналық малдарының жыныс органдарының анатомиясы

Аналық малдардың жыныс аппаратының және жыныс процесінің эволюциясы.

Аналық малдың жыныс процессінің эволюциясы аталықтың эволюциясына ұқсас. Егер біз аталық жыныс клеткалары белсенді жылжу қасиеттерімен сипатталады десек, керісінше аналық гаметалар өз бетімен жылжу қасиеттерін жоғалтып, оның орнына барлық эмбриональды мезгілде немесе зародыштың дамуы мен өсуіне керек пластикалық заттар қорына ие болады.

Жыныс процесінің әрі қарай дамуы кезінде аналық пен аталық аралығында ерекше қарым-қатынас пайда болады. Осы көрініс аналық және аталық гаметалардың кездесуін жеңілдетіп, соның арқасында ұрықтану болады.

Ұрықтану ішкі және сыртқы түрге бөлінеді. Сыртқы ұрықтану амфибиялар мен балықтарда, ал ішкі ұрықтану сүт қоректілер мен құстарда және барлық дала жануарларында өтеді.

Ішкі ұрықтану кезінде ұрықтар аналық жыныс жолдарына түседі де, осы жерде ұрықтану процессі өтеді.

Аналық ұрық дамыған кезде жыныс өскінінен аналық жыныс безі, ал мюллеров каналының /жолынын/ краниальдық бөлігінен фаллопиев тұрбасымен үлкейткіш пайда болады, каудальды бөліктері несеп-жыныс синусіне құйылады. Каудальдық шеттерінің өсіп кетуіне байланысты жақын немесе едәуір қашықтықта қынап, жатыр мүйіздері денесі және мойыны пайда болады. Вольфов жолы жойылады.

Аналық малдың жыныс органдары сыртқы және ішкі мүшелерге бөлінеді. Сыртқы мүшелерге /Genitalia ecterna/ - сарпай, қынап кіреберісі және клитор, ішкі мүшелерге / Genitalia inlerna/ қынап, жатыр, жатыр түтікшелері, аналық жыныс бездері жатады.

Сиырдың сарпайы /vulva / қатпарланған терімен жабылған. Жыныс еріндерінің дорсальдық /жоғары/ бұрышы дөңгелектенген, ал вентральдық /төменгі/ ұшы үшкір және сәл құйымшақтың дөңінен түсіп тұрады. Клитор екі ұзын каверналық денелерден құрылған /сиырда ұзындығы 2- см/ басқы ұшымен аяқталады.

Қынап кіреберісі шекарасыз қынапқа өтеді, өйткені күйіс қайыратын жануарларда несеп клапаны нашар дамыған. Қынап кіреберісі бүйірінің қабырғасында оң және сол шығаратын тармақтармен ашылатын үлкен бездер орналасқан.

Қынап кілегейі көп қабатты қатпар құрайды. Қынап қабырғасының вентральдық жағында гартнер өзектері /вольфов каналының рудименті/ орналасқан.

Сиырдың жатыры екі мүйізді /қос мүйізді/ түрге жатады. Жатыр денесі онша үлкен емес /сиырда ұызындығы 2-6 см/, нашар дамыған және ұрық жататын жер емес. Жатыр мойыны қынап және жатыр жағынан күрт бөлінген. Сиырда жатыр мойынының ұзындығы 12 см. Мойынның шырышты өзегі /жолы/ ұсақ бойлы және кесек көлденең қатпарлар құрайды. Мойынның артқы жағы сыртқы тесігімен топтастырылған конусқа ұқсас, қынап қуысына 2-4 см еніп тұрады.

Жатырдың кілегейлі қабаты арнайы құрылымдар - жатырдың сүйелдерін /карункулдары/ құрайды, олар мүйізді жағалай төрт қатарда орналасады, әр қатарда 0-4-тен, барлығы 75-тен 20-ға дейін. Карункулдер дөңесті, жарты шеңбер тәрізді, безсіз биіктігі 1, 2-4, 7 мм, ені -3, 2-9, 1 мм, ұзындығы 4, 4-3, 8 мм туындылар (Ю. М. Серебряков) . Карункулдер - аналық плацентаның өскіні. Буаздылық кезінде карункулдер он есеге дейін үлкейеді /қаздың жұмыртқасындай, кейде одан да үлкен/.

Жатырдың мүйізі ұзын бойында қосылады да медиальдық қабырғалармен қалқа құрайды. Сырт жағынан қосылған жерлері үңгі тәрізді болып көрінеді /мүйіз аралығы науасы/, олар каудалды жатыр мүйіздерінің денесіне және мойынына өткен, ал краниальды мүйіздер айырылатын жерде жоғалып кетеді.

Күйіс қайыратын жануарлардың аналық без түтікшелері қысқа үлкейтілген бөлімнен және әлсіз дамыған шашақтан тұрады. Аналық жыныс бездерінің ұзындығы 20-25 см.

Аналық жыныс бездері сопақ пішінді болып келеді, ұзындығы 2 см-ден 5 см-ге дейін, жалпақтығы -2 см. Ірі /сақа/ малдың оң аналық жыныс безі сол жағына қарағанда үлкен болады.

Жыныс органдарының қанмен қамтамасыз етілуі. Аналық малдардың көпшіліктерінде жыныс органдарының васкулинизациялауы қос алдыңғы, ортаңғы және артқы жатыр артерияларымен және аттас күре тамырлармен қамтамасыз етіледі. Саулықтарда ортаңғы жатыр аретриялары жоқ, қан алдыңғы көпіршік және артқы жатыр күре тамырлары арқылы өтеді.

Жыныстық жетілуімен қатар жыныс органдардың қанмен қамтамасыз етілуі күшейеді, тайыншыларда 14 айлық жасынан кейін осы көрініс өзінің максимальды деңгейіне жетеді.

Жыныс органдарының лимфа жүйесі. Капиллярдан, интра- және экстраорганды афференттік тамырлардан, шеткері түйіндерден және афферентті тамырлардан тұрады.

Жыныс органдарының барлық қабаттарында лимфа тамырлары болады, олар өзара анастомоздар құрап, кілегейлі, бұлшық еттік, сірі қабаттарының аттас капиллярларын тудырады. Сірі қабат пен бұлшық еттің көлденең қабаты лимфатикалық капиллярлар жүйесінен интраорганды тамырлар бастау алады да жыныс органдарының сіріасты қабатына бағытталып олармен анастомоздар құрайды, сөйтіп интраоргандық тамырлар жүйесін тудырады. Сосын тамырлық сіріасты жүйесінен ірі интраорганды тамырлар шығады да жалпақ жатыр жалғамына бағытталады, оған еніп афферентті экстраорганды лимфа тамырларын түзеді. Соңғылары өзара анастомоздар құрап нәтижесінде ірі иірімді лимфа жүйесін түзеді. Осы жүйеден магистралды экстраорганды лимфа тамырлары шығып шеткері лимфотүйіндеріне бағыт алады, олар краниомедиалды, каудомедиалды, латералды мықын (қосарланған) және қарынасты (жеке) лимфатүйіндері.

Эфферентті лимфа тамырлары жыныс органдарының шеткері түйіндерінен шығып кейіннен бір-бірімен қосылысады да оң және сол лимфа сағаларын құрайды. Осы сағалар ағыс бойымен қосылысып бел сағасына қосылады (В. П. Григорев) .

Жыныстық жетілу әрқашанда малдың дамуы және негізгі өсуі аяқталуынан бұрын келеді. Сондықтан жыныстық жетілу мал организмінің тұқым әкелуіне дайындығын тек оған ғана емес, сонымен қатар ұрпағына да қайшы әсерін тигізеді. Бұндай аналық малдарда жыныс жүйесі, жамбасы, сүт безі толық жетілмеген. Бірінші жыныс циклдары әдетте толық жарамды емес, аритмиялы. Тайыншалар күйттеушілермен жеткілікті қарым-қатынаста болса, оларда бірінші жыныс циклында овуляция саны көбейеді. Жыныс циклдары ритмикалы, олардың тұрақтылығы тездетіледі (А. А. Усаченко) . Әдебиетте келесі мәліметтер келтірілген, тайыншаларды 6 кейде 4, 5 айлық жасында нәтижелі ұрықтандырған, кейіннен олар жақсы сүтті сиырлар болған. Бірақ, аналық малдарды өндіру жұмыстарына тек физиологиялық жетілуінен кейін қана қолданады.

Сиырдың жыныс циклының ұзақтығы 18-22 күн, орташа есеппен 21 күн. Сиыр полициклды малдарға жатады, дұрыс азықтандыру, асырау және пайдалану кезінде олардың жыныс циклдары жыл бойы қайталанады, бірақ көктемде қозу сатысның феномендері айқын байқалады. Төлдеуден кейін қозу сатысы 18-25 күннен кейін пайда болады. Анафродизияның (жыныс циклдарының болмауы) төлдеуден кейін 30 күннен кеш болуы бедеуліктің бір түрінің белгісі болады.

Сиырдың күйлеу феномені орта есеппен 3-5 күнге созылады. Күйлеу кезінде сиырдың сарпайы ісінген, қынап пен қынап кіреберісінің кілегейлі қабақтары қалыптан тыс қызарған. Жатыр мойыны ашық, кейде бір-екі саусақ сыяды. Жыныс еріндерінен созылмалы мөлдір кілегей бөлінеді, оның бактериостатикалық және бактериоцидты қасиеті бар. Құнажынның күйіттеушімен қатынасуы кілегейдің бактериоцидты қасиетін үш есе көбейтеді (А. И. Варганов) . Күйлеудің соңында кілегей құрамын да қолданады, кейде құрамында қан болады. Қан аралас кілегей көбіне жас малдарда байқалады.

Жыныс қозуының белгілері: сиыр мазасызданады, мөңірейді, жатпайды, құйрығын көтереді, тәбеті мен сүт өнімділігі, тірі салмағы азайып, дене қызуының көрсеткіші 0, 8-1, 2 градусқа жоғарылайды, тыныс алуы мен тамыр соғуы жиіленеді. Гемоглобиннің қандағы саны өзгеріссіз болғанымен лейкоцитоз байқалады. Сиыр жиі зәр шығаруға биімделеді, өзге сиырларға секіреді және өзіне басқа сиырлар секіруіне қарсылық білдірмейді. Алайда көбіне мұндай сиыр бұқаны өзіне секірткізбейді. Құнажын мен сиырда күйіт 10-23 сағатқа, көптеген малдарда 13-17 сағатқа, орташа есеппен 16 сағатқа созылады (В. С. Шипилов) . Қыс мезгілдерінде күйіт сәл қысқа, орташа есеппен 13, 8-14, 6 сағат (В. В. Храмцов, И. Н. Шевякова), кейбір ет бағытындағы сиырларда - 10 сағаттан аз болады, олардың күйіттеуші-бұқасыз байқалмай қалуы мүмкін. Бұқа жақындай бергенде сиыр оған жақындап, шағылысқа жібереді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Малдардың жыныс органдарының анатомиясы
Сиырларға қолдан ұрықтандыру пункттерін ұйымдастыру
Сәуле ауыруы
Радиацияның организмге әсері
Жаңа туған төл аурулары және дауалау
Жануарлаодың радиациялық патологиясы
Қолдан ұрықтандыру
Қойды қолдан ұрықтандыру
Жатыр аурулары
Ұрықтардың аналық малдың жыныс жолдарымен жылжуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz