Дамыта оқыту арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Дамыта оқыту арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Оқу процесінде дамыта оқыту технологиясын пайдаланудың
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Оқу процесінде дамыта оқытудың ролі, педагогикалық теориялық
негіздеулері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Бастауыш мектептің оқу процесінде дамыта оқытудың ерекшеліктері
мен
формалары,әдістері ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
13
ІІ. Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың
танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.1. Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың
танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытудың өзіндік ерекшелік
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..21
2.2. Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінен танымдық
қызығушылықтары мен қабілеттерін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері ... 23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...30
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде бастауыш мектептің оқушыға сапалы
білім беру міндетінен кейінгісі – баланың жеке басын бастапқы
қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және оқішыларды
жан-жақты дамыту болып табылады. Бастауыш білім үздіксіз білім беру
жүйесінің алғашқы басқышы екенін ескере отырып, оқушыға белгілі бір
көлемдегі білім-білік, дағдыларды меңгертумен бірге табиғат қоғам, адам,
айналаны қоршаған дүние туралы танымын қалыптастыру, оның жеке басының
қасиеттерін жан-жақты дамыту, жоғары адамгершілік принциптерге тәрбиелеу –
бүгінгі күннің басты талабы.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында (8 бап) білім беру
жүйесінің міндеттері бөлімінде: Білім беру жүйесінің басты міндеті –
ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға дәне кәсіби шыңдауға
бағыттылған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау делінген және де
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру деңгейлері мен
мазмұны нақты көрсетілген: Бастауыш мектептің негізгі міндеті – баланың
жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін
анықтау және дамыту делінген.
Осы міндеттің бірден бір шешудің бірден-бір жолы – бастауыш сынып
оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамыту болып табылады. ХХ ғасырдың
басындағы белгілі ғалым А.Байтұрсынов: Бала білімді тәрбие арқылы өз
бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі – балаға орындалатын
жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар
беріп отыру,-деген болатын. Жаңа буын оқулықтарына негіз болған дамыта
және кіріктіре оқыту идеясы бүгінде бастауыш сынып оқушыларының өз бетіндік
танымдық әрекеттерінің оның дамуындағы маңызын дер кезінде көргенін
байқауға болады. Жаңа буын оқулығының басты ұстанымы дамыта оқыту десек,
онымен оқыушыларды оқыту барысында профессор Ж.Қараевтың Деңгейлік саралау
технологиясын атауға болады. Оқытудың даму концепциясын Ж.Пиаже, З.Фрейд,
Д.Дьюидің, Дамыта оқыту концепциясын А.С.Выготский, А.Н.Леонтьев,
Д.Эльконин, П.Гальперин, Л.Занков, В.Давыдов және т.б. зерттеген. Кейінгі
кездері Республика көлемінде оқу бағдарламасында көптеген өзгерістер
енгізілуде. Атап айтар болсақ, көпдеңгейлі, интеграцияланған және дамыта
отырып оқыту, т.с.с. Осының ішіндегі "дамыта оқыту" жайлы түсінігі жоқ
мұғалім оны жүзеге асыра алмайды. Мектеп мұғалімдері арасында "Дамыта
оқыту" тек бастауышқа ғана қолдануға тиімді деген пікір қалыптасқан. Мұның
барлығы мұғалімнің теориялық білімінің әлі де аздығынан, қазақ
тілінде жазылған көмекші құралдардың болмауынан және бұл
тақырыптың әлі де өз деңгейінде зерттеле қоймағандығынан деп ойлаймыз. Бұл
жағдайда Республикамыздағы білім берудің жаңа философиясын, теориялық
негізін, практикасын насихаттауды қолға алу қажеттігін көрсетеді. Сондықтан
дамыта оқытуға байланысты әртүрлі болжамдар мен қате түсініктерді сейілту
қажет. Өз бетімен дами алатын, өздігінен шешім қабылдай алатын, қортынды
жасай алатын тұлғаны қалыптастыруы қажет.
Зерттеу нысаны: бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: бастауыш мектептегі қазақ тілі сабақтарында
оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыруда дамыта оқыту әдістемелік
жүйесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту
барысындағы оқу процесінде дамыта оқыту технологиясын жүйелі түрде қолданып
отырса, онда оқушылардың өзіндік ойлау деңгейлері әлдеқайда жоғары болады,
сабаққа деген қызығушылықтары артып, өз бетімен білім алуға ынталанады,
себебі, дамыта оқыту оқушыларды жан-жақты дамытып қана қоймай, қойылған
мақсатқа жетуге итермелейді.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнін оқытуда
қолданылатын Дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздерін зерттей
отыра, инновациялық технологиялардың тиімділігін арттырудың әдіс-
тәсілдерін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1) Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту кезінде дамыта оқыту технологиясын
қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттырудың теориялық
негіздерін анықтау;
2) Дамыта оқытудың оқушының дамуы мен іс-әрекетіне әсерін көрсету.
Бастауыш мектепте дамыта оқытуды жүзеге асырудың жолдары мен маңыздылығын
көрсету;
3) Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, оқушылардың
шығармашылық қабілеттерінің мүмкіндік деңгейлерін ашу. Әр оқушының
психологиялық, физиологиялық, жеке-дара ерекшеліктерін ескеру.
Зерттеу әдістері: еңбектерге теориялық талдау, сыныптың жұмысында
сұрақ-жауап, педагогикалық бақылау, мониторинг, статистикалық өндеу
Зерттеудің құрылымы кіріспеден, негізгі және тәжірибелік бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Оқу процесінде дамыта оқытудың ролі, педагогикалық теориялық негіздері
Баланың физикалық дамуы генетикалық бағдарлама бойынша қаңқасының,
бұлшық ет көлемінің өсуі арқылы нақгы, көрнекті жағдайда өтіп жатады.
Ал оның психикасының, жекелігінің дамуы ше? Сананың дамуы оқытудан ба,
әлде әлеуметтік жағдайлардан ба? Не табиғи есеюден бе? Бұл сұрақтарға жауап
адамның ішкі мүмкіндіктерінің шекарасын, сыртқы педагогикалық әсерлердің
мақсат міндеттерін анықгайды.
Педагогика тарихында екі түрлі қарама-қайшы пікір орын алып
келеді.Бірі – жаратушының күштілігін, тұқым қуалаушылықгы қуаттаса,
екіншісі – керісінше барлық нәтижені ортаның әсеріне жатқызады.
Қазіргі күнгі ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада сәулеленуіне,
яғни танымдық тәжірибені және әрекетті меңгеруіне, меншіктенуіне байланысты
деп қарайды. Бұл – оқу, білім алу деген сөз.
Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту
белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
"Даму ұғымы философиялық сөздікте"... мөлшерлік өзгерістердің
белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы",- деп
түсіндіріледі. Терістеу – дамудың қозғаушы күші. Терістеу – белгілі бір
затпен құбылыстың қайшылықгарын ашу, олардың шешу жолдарын анықтау, жаңа
сапаның болуына мүмкіндік туғызу.
"Даму" ұғымының психологиалық анықтамасы-жаңару процесі, жаңаның
өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Барлық табиғат
кұбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып,
өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Ғалымдардың
зерттеулері баланың даму процесіне 3 түрлі күш пен 3 түрлі фактордың
қатынасатындығын дәлелдейді. Олар:
1. Биологиялық фактор.
Бұл ата-анадан ауысқан, туа бітті және өмір сүру барысында қабылданған
дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі кұбылысының ерекшелігін
білдіретін, бала организмінің ортамен қарым-қатынасының нәтижесі.
2. Әлеуметтік фактор.
Бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы. Бұл сондай-
ақ баламен қарым-қатынас жасайтын адамдардың сипаттары, мінез-
құлық және ақыл-ой бейнелері, олардың мүдделері мен
пікірлері, істері мен сөздері, талаптары мен дағдылары,
ұмтылыстары, яғни бала өсіп дамитын рухани орта.
3. Баланың өз белсенділігі.
Даму процесіне әсер ететін бұл үшінші күш болып саналады. Оқитын пән
қандай да жаңа, бағалы болмасын, мұғалімнің шеберлігі қаншама
жоғары болмасын, егер мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза алмаса, оған
ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы әрекет күткен нәтиже
бермейді. Баланың организм ретінде дамуы мен жеке бас ретінде қалыптасуы
белсенділік арқылы жүзеге асады.
Баланың даму процесі, оның қоғамның белсенді де пайдалы мүшесі, азамат
ретінде қалыптасуы осы үш фактордың қалыптасуымен қамтамасыз етіледі. Ең
бастысы осы факторлардың бірде-бірі, қандай да бір кемеліне келген болса да
басқа екеуінен ерекшеленіп, жеке әсер ете алмайды. Барлық іс осы үш басты
күштің өзара әрекет етуінде.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы
жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені
түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған
көрнекті психолог Л.С.Выготский.
Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы
теория ұсынды.
1. Бала дамуының жақын аймағы - баланың үлкендердің көмегі арқылы
атқара алатын істері.
2. Бала дамуының қол жеткен аймағы-баланың үлкендердің көмегінсіз
істей алатын істері.
Бұл теория шеңберінде окудың бала дамуындағы жетекші рөлі жөніндегі
ереже өмірге келді.
Педагогика бала дамуының кешегі емес, ертеңгі күніне бағытталуы керек
Білім беру тек дамудың аддында болғанда ғана пайдалы болмақ, - дейді
Л.С.Выготский.
Оқыта отырып дамыту проблемасы Я.А.Коменский еңбектерінен бастау
алады. Ол өзінің еңбектерінде баланың табиғи ерекшеліктері мен санасу керек
екенін, атап өтеді. Ол баланың жас ерекшелік кезеңдеріне сәйкес білім
берудің әртүрлі басқыштарын белгілеген.
Бүл идея К.Д.Ушинский еңбектерінде тереңірек көрінеді. Ол
психологиялық мәліметтер негізінде көптеген педагогикалық ережелер
құрастырып, бастауыш сыныпта ана тілін оқыту әдісін жасап, оқулықтар
жазды. Аталған теориялық негіздер нәтижесінде Л.В.Занковтың басшылығымен
1960-1990 жылдар арасында зерттеулер жүргізіліп, дамыта оқытудың
тұжырымдамасы жасалды.
Бұл тұжырымдама "екіліксіз қалай оқытуға болады", білімге деген
қызығушылықгы арттыру, баланы өз бетінше ізденуге үйрету сияқты
мұғалімдерді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап береді.
А.С.Макаренко баланың мінез-құлқы 5 жасқа дейін қалыптасады деп
есептейді. Ал американдық психолог-ғалым Блюм 7-8 жасқа дейін өсіп келе
жатқан баланың жеке қасиеттерінің 70 пайызға дейіні қалыптасып бітеді
дейді. Міне, осы кез баланың білім алатын, білім алу арқылы
дамитын кезеңі. С.Л.Рубинштейн, Е.Н.Кабанова–Меллер өз зерттеулерінде оқыту
- дамудың негізгі алғы шарты екенін дәлелдейді. И.Я.Лернер [25] "даму"
деген ұғымды педагогикалық зандылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі
қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді.
Осы мәселе төңірегінде еңбектер жазған әртүрлі авторлар оқушының
дамуының белгілерін атап көрсетеді. Д.Н.Богоявленский және Н.А.Менчинская
оқи алуды, яғни қысқа мерзімде жоғары үлгерімге жетуді, Н.Д.Левитов Оқу
материалын жылдам меңгеру, өз бетінше жаңа мысалдар құрастыру, негізгіні
және көмекшіні анықгай білу, оқиғаға, құбылысқа дұрыс баға беру дағдысын
жатқызады.
Л.В.Занков 24 ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды
іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу,
практикалық іс -әрекеттер атқара білу.
В.В.Давыдов 23 ақыл-ой дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай
қорытындылай алу дағдысын есептейді. Барлық авторлардың даму туралы ойлары
оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі
дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.
Дамыта оқыту идеясының ұзақ тарихы бар. Ерте кезден бастап-ақ,
ойшылдар білім мен ақыл-ой тәрбиесінің ара қатынасын, олардың бала дамуына
әсерін зерттей бастаған. Бізге белгілі алғашқы дидактиктардың бірі
Квинтилиан мектеп алдына баланың қабілеттеріне, ақылының қасиеттеріне,
мінез-қүлық ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның ойының және тілінің дамуын
қамтамасыз етуді қойған.
И.Т.Песталоцци 26 баланың ақыл-ойын, барлық қабілет-қасиеттерін
дамыту идеясы мен арқауланған бастауышта оқыту әдістемесін жасауға әрекет
етеді.
Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А.Диствергтің әйгілі "Неміс
мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық" (Руководство к образованию
немецких учителей) атты еңбегінің де негізі болып табылады. '"Дамыта оқыту
деп – ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған.
"Жаман" мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін
ізденуге жетелейді ",-деген. "Дамыта оқыту" деген термині психология
ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың
әр түрлі деңгейін, типтерін (Л.В.Выготксий, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн)
және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк,
А.А.Люблинская, Н.А. Менчинская) және т.б., іс-әрекет теориясының
психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Галперин) еңбектерінде жан-жақты
талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі
эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін
Л.В.Занков басқарған.
Педагог Б.А. Тұрғынбаева: Бастауыш сынып оқушыларының танымдық
қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының
дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін,
ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін
жолға қою керектігін – деп көрсетіп, оқушының шығармашылық қабілеті де
оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы дамитындығын баса айтады.
Ғалымның пікірінше, ойлауға үйрететін сабақтар ғана дамыта оқыту сабақтары
деп танылады [1].
Бірқатар ғалымдардың еңбектерінде оқушылардың логикалық ойлауы мен
ізденімдік қабілеттерін жетілдіруге арналған көзқарастары
Б.А.Тұрғынбаеваның жоғарыда көрсетілген пікірлерімен сәйкес келеді.
Ғалым Н. Құрманова жаңа оқыту технологияларына тән болатын басты екі
ерекшелікті атап көрсетеді. Біріншісі, жаңа педагогикалық технологиялар
оқушының жеке бірліксын дамытуды басты міндет етіп қояды, әрбір оқушының
білім алу мұқажеті мен мүмкіндігіне байланысты өз бетімен білім алу жолын
жаңа танымдық әдістер арқылы дағдыландырады, екіншісі, дәстүрлі мектепте
қалыптасқандай оқушы білімді мұғалімнен қабылдаушы объект емес, өз бетімен
білім ала алатын, өзін-өзі дамытуға мүмкіндігі бар субъект деп қарап, оқу
үдерісін соған лайықтап ұйымдастыруға бет алады[2].
Бастауыш мектепте сауат ашудың әліппе кезеңін жетілдіру бұрынғы
дәстүрлі оқытуды толықтыратын, дамыта түсетін педагогикалық жүйе. Дамыта
оқыту үрдісінде оқушылар сауат ашудың әліппе кезеңінде дайын білімді
меңгермей, өз ізденістері арқылы өтілген материалдарды меңгереді. Дәстүрлі
оқыту жүйесінде сауат ашу кезеңінде оқушы жаттанды әрекеттер жасаса,
қазіргі кезде оқушы мұғалімнің көмегінсіз жасырылған әріптерді табуға,
дыбыстарды өзара байланыстыруға, білімді дербес қабілеттері арқылы алуға
үйренеді. Бұл оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерінің қалыптасуына
игі әсер етіп, баланың сабақта ойлануына, ізденуіне түрткі болады.
Бастауыш мектепте сауат ашудың әліппе кезеңін жетілдіруде жаттығулар
мен тапсырмалардың проблемалық сипатта, дамыта оқыту негізінде берілуінің
маңызы зор. Тапсырмалардың проблемалық сипатта берілуі оқушыларда Бұл
не?, Не жасырылып тұр? деген сұрақтарды қойса танымдық қызығушылықтарын
туғызып, оқушылардың білімді өздігінен меңгеруіне іштей талпынысын
тудырады. Оқушылар білуге деген қажеттіліктері арқылы проблеманы шешуге
ұмтылады, бұл олардың материалды сапалы меңгеруіне ықпал етеді. Дәстүрлі
оқытуда оқушылар сабақтың басым бөлігінде репродуктивті әдіспен жұмыс
істесе, дамыта оқытуда продуктивті әдісті қолданады. Алайда, оқушылардың
барлығы проблемалық тапсырмаларды шешуге қабілетті болмайды. Сондықтан
сауат ашудың әліппе кезеңінің алғашқы сабақтарында мұғалім тапсырмалардың
орындалу жолдарын көрсеткені абзал. Бұл біріншіден, оқушының мұғалімнің
басқаруымен тапсырманы орындау дағдысының дұрыс қалыптастырса, екіншіден,
бұл оқушының игерген дағдылары мен білімдерін келесі проблемалық сипаттағы
тапсырмаларды өздігінен сәтті орындап шығуының кепілі.
Бірінші сыныпта сауат ашудың әліппе кезеңін жетілдіру сабақтарының
дидактикалық негіздеріне: дамыта оқытудың мақсаты мен мәні, мұғалім мен
оқушының әрекеті, оқушы мен мұғалімнің өзара ара қатынасы, сабақты
ұйымдастыру түрлері, дидактикалық принциптер мен сабақта қолданылатын
негізгі әдістер жатқызылды. Еніді осы сауат ашу жүйесін дамыта оқыту
сабақтарының дидактикалық негіздерінің компоненттерінің негізгі
ерекшеліктерін былайша саралауға болады.
Бірінші сыныпта сауат ашудың әліппе кезеңін жетілдірудің мақсаты – оны
дамыта оқыту негізінде жүргізу оқушылардың ізденушілік – зерттеушілік
әрекетін ұйымдастыру, оқушының сабақта белсенділігін арттыру, олардың
білімді өздігінен меңгеру дағыларын қалыптастыру, әрбір баланың жеке және
дербес ерекшеліктерін ескеру арқылы шығармашылық және логикалық ойлау
қабілеттерін дамыту[3].
Жүйенің басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып, жалпы дамыту,
оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға
дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай
ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Оқыта отырып дамыту мәселесіне арналған зерттеулер дәстүрлі оқытуға
өзгерістер енгізуге ықпалын тигізді. Қазір бұл жүйе дәстүрлі оқытумен қатар
пайдаланылып келеді. Екі авторлар тобы да өз жүйелері бойынша оқу
бағдарламаларын, әдістемелік құралдарын дайындап шығарды. Осылайша, дамыта
оқыту ғылыми теориядан практикалық іс-тәжірибеге батыл ене бастады.
Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның
нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі
көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.
Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында,
мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен
атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің
түрінде, оқыту үрдісі мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың
қарым-қатынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде
көрінеді.
Дамыта оқыту дәстүрлі оқытуда соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп
қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін - өзі өзгеруші субъект
дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар
жасау үлкен нәтиже берді
Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің
салыстырмалы сипаттамасы
Педагогикалық Дамыту оқыту
процестің Дәстүрлі иллюстрациялық
компоненттері түсіндірме әдісі
Мақсаты Оқушыларда білім, білік, Байқампаздығын, ойлауын,
дағды қалыптастыру практикалық әрекетін дамыту
Бастапқы мазмұны Факторлар, мысалдар, Заңдылықтарды, теорияларды,
тақырыптар, дәлелдер ұғымдарды, ережелерді қорыту
Оқытудың Жеке, топтық, фронтальді Бірлескен ұжымдық іс-әрекет
формалары
Оқыту әдістері Ауызша түсіндіру, Проблемелық баяндау,
көрнекілік, практикалық ізденушілік, зерттеушілік,
ойлау
Бақылау, бағалау Оқытудың нәтижесін Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі
мұғалімнің бақылауы, бағалау, рефлекция
бағалауы
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы
зор:
Біріншіден - дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған
оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы
ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып,
мәселені өз беттерінше шешуге талаптанады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы
өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген
қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше
отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне
дейін дамуға қол жеткізе алады. "Жақсы оқушы”, "Жаман оқушы” ұғымының
болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.
Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің
әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс
жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.
Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен
мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін
береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз,
оқушы – "орындаушы”, "мұғалімнің тасасындағы” объект емес.
Дамыта оқытудың маңыздылығы:
Жеке тұлғаның шығармашылықпен еркін айналысуына, ізденуіне, жан-жақты
дамуына жағдай жасау.
Дамыта оқытудың тиімділігі:
Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру, яғни ақыл-ойы мен өзіндік тұжырымы
арқылы ғана жаңа тақырыпты саналы түрде меңгеру дағдыларын қалыптастырады
Кез келген оқу процесінің жетекшісі мұғалім болып табылады, дамыта
отырып оқытуда мұғалім оқушыға бағыт-бағдар береді.
Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті:
Оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен
бірлесіп, жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді
түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс-
тәжірибесінде қалай қолданады?
1. Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік,
этикалық, эстетикалық қарым-қатынасқа дайындау, дара тұлғалық
адамгершілік нормаларын меңгерту.
2. Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға
айналдыру.
3. Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
4. Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
5. Оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту.
6. Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.
Л.В.Занков жүйесіне сәйкес бастауыш мектептің негізгі мақсаты жалпы
дамыту. Ал, жалпы даму деп байқампаздығын, ойлауын дамыту және практикалық
іс-әрекетті меңгеруі қабылданады. Сондай-ақ ақыл, ерік-жігері, сезімдерінің
дамуы алынады. Осы тұста мұндай көзқарасты ұлы Абай да уағыздап
кеткендігіне тоқгалған жөн. Қоршаган ортаның шындығын мойындай отырып, Абай
ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамның ішкі
сезімді қуаттарын біртұтас етіп алады. Оның 17-ші сөзіндегі қайрат, ақыл,
жүректің сөз таластыруында тек бірлесіп, ынтымақтасқан жағдайда ғана күш
алатын үш түрлі жан құбылысын әдеби-публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін
байқаймыз. Бұдан бұл мәселенің ұлттық психологиямыз бен философиямызда да
ежелден көтеріліп келе жатқандығын көруге болады.
Дамыта оқыту жүйесінің қағидаларын дұрыс түсініп, жүрегімен қабылдаған
әрбір мұғалім өз сабақтарының дамытушылық функциясын өз бетінше-ақ арттыра
алары сөзсіз деп есептейміз.
1.2. Бастауыш мектептің оқу процесінде дамыта оқытудың ерекшеліктері мен
формалары, әдістері.
Әр баланың табиғаты әртүрлі, бірінің есте сақтау қабілеті зор
болса, екіншісінің ойлау, ал үшіншісінің елестету қабілеті дамыған. Дамыта
оқыту жүйесінде оқытудың барлық кешенді мақсаттары мен шешімдері бала
дамуына бағытталады. Соның нәтижесінде барлық бала ойлауға, ізденуге,
қорытындылауға мүмкіндік алып, өз деңгейінде нәтижелерге жетеді.
Бағдарлама жоқ, дамыта оқыту жүйесімен жазылған окулықтар жоқ жүйе
бойынша жұмыс істеуге мұғалімдер дайындалмаған. Кейбір қазақ мектептері не
істеу керек? Балаларға окулықсыз, бағдарламасыз оқыту мүмкін емес. Бірақ
дәстүрлі бағдарламаның да негізгі бағыты оқыту,дамыту болғандықтан әр пән,
әр сабақ аясында баланың жалпы дамуын қамтамасыз етуге арналған іс-
әрекеттер жасау, әдістер пайдалану мұғалімнің ізденуіне байланысты болмақ.
Төменде дамыта оқыту жүйесінің негізгі дидактикалық
принциптеріне тоқтала отырып, бастауыш мектептер осыдан өзіне не ала алады
деген мәселеге тоқталып өтеміз.
1. Жоғары қиындыққа оқыту принципі.
Бұл баланың шамасы, келетін мәселелер төңірегінде айналсоқтап түрып,
қалай білім деңгейін күрделендіру, сол арқылы оны қиындықты жеңуге үйрету,
өз күшіне деген сенімін туғызуға әкелу. Баланың өзінің білетінінің
төңірегінде ғана қалсақ, немесе ойлауға жетектемесек, оның дамуын
тежегеніміз.
Мысалы: күнделікті сабағымызда қарапайым нәрселерді сұрау, жауап алу
арқылы қанша уақыт жібереміз. Суретті көрсетіп тұрып, ондағы бейнеленген
түйенің неше өркеші, неше аяғы бар екенін айтқызу бала үшін ешнәрсе
бермейді. Немесе алманың дөңгелек, қызыл болатындығын сұрап жату баланы
дамытады деп айту қиын. Одан гөрі сол алма дөңгелек, қызыл болғанға дейін
қандай кезендерден өткенін сұрап білу арқылы баланы ойландырамыз, өмірден
алған білімін (көргенін) пайдалануға ықпал етеміз. Ондай қарапайымдылықтан
арту жағын әрбір мүғалім іздегенде ғана жүзеге асыруға болады. Ол үшін
бағдарламадан тыс сұрақтар қою, қосымша материалдар пайдалану қажеттігі
туады. Әрине күрделендіреміз деп баланы шамадан тыс қиындықтарға әкелу
жағынан сақтану керек. Баланың сабаққа деген ынтасы жоғалады, сенімі
құриды.
Бұл принциптің мақсатына жету үшін дәстүрлі оқулықтардағы жеңіл-желпі
тапсырмалар орнына, баланың тапқырлығын, зерделілігін дамытатын
шығармашылық тапсырмаларды орындау үлкен нәтиже беретіндігіне көзіміз
жетті. Ағылшынның философы Б.Шоу адамды қызған сайын ширай түсетін
кірпішпен салыстырған екен. Сол сияқты қиындығы бар тапсырмаларды орындау,
баланың ақыл-ойын арттырып, шығармашылығын шындайды.
2. Дамыта оқыту жүйесінің маңызды принциптерінің бірі - теориялық
білімнің жетекші ролі принципі.
Бұл принцип бала тек теорияны оқуы, ғылыми терминдерді білуі, заңдарды
жаттауы керек дегенді білдірмейді. Керісінше, олар оқу барысында
бақылаулар, қарапайым зерттеулер арқылы нәтижеге келулері керек. Өтіліп
жатқан тақырыптағы заңдылықтарды, байланыстарды сезінуге, қорытындылауға
үйрету. Бірақ, жаттап алмай сол қорытындыға саналы түрде әкелуге келтіру.
Мұғалім осы күрделі жұмысқа басшылық жасап қана отырады.
Оқу барысындағы оқушылар зерттеу, бақылау жүмыстарын жүргізеді.
Мұғалімнің жетекшілік етуімен көркем шығармадағы әрбір оқиғаға өзінше баға
беруге, ойланып, қорытынды жасауға үйренеді. Өздерінің бар білімдерін, ой-
сезімдерін одан әрі арттыруға пайдаланады. Мысалы: Зейін Ақышевтың "Жаяу
Мұса" әңгімесінде үлттық тәрбиенің бір көрінісін бейнелейтін бір үзінді
бар. Яғни, Шоқан Жаяу Мұсаның аты-жөнін нағашысына айта алмайды. "Өзің
аттас" деп әдептілік сақгайды. Үлкеннің атын тура атамау әдептілік белгі
біздің ежелгі салтымыз. Осыған сәйкес мынадай сүрақтарды қойып, окушыларды
ізденуге, ойландыруға, үлттық салт-дәстүрдің түрлі иірімдерін зерттеуге
бағыт беруге болады.
1. Шоқан нағашысына неге өз жоддасының атын-жөнін айта алмады, әлде ол
одан қорқады ма? Осыны қалай түсінесіндер?
2. Әңгімеде "Кісі болар баланы кісесінен танимын, кісі болмас баланы
мүшесінен танимын", "Ат болатын тай саяққа үйір, адам болар бала қонаққа
үйір" деген нақыл сөз бар Осы сөздердің мәні неде? Осындай тағы қандай
мақал, нақыл сөздерді білесіңдер?
3. Жаяу Мұса үш тілді толық меңгерген. Өзі тақыр кедей, ақшасы жоқ.
Сонда мұндай дәрежеге ол қалай жетті?
4. Шоқан Мұсаның оқуына ақшаны, қаражатты өзі төледі. Осы жерде
қандай сыр бар? Әлде, ол Мұсаға қарыздар ма, әлде туысқаны ма? т.с.с.
Оқушылар бұл сұрақтарға ойланып, жауап іздейді, өздерінше қорытынды
жасап, баға береді. Мұғалім оқушы жауаптарын толықтырып отырады.
З. Оқу процесін түсіну және сезіну
Бұл принцип саналы оқу принципіне қайшы келмейді. Саналы оқу
дегеніміз берілетін білімді ұғынуға бағытталған. Ал, оқуды түсіну (сезіну)
оқушы өз бойындағы оқудан алған өзгерістерді байқауы: бұған дейін мен
мынаны білуші едім, осы пәнді оқу арқылы мынадай жаңа нәрсе ұйрендім
дегенді сезіну. Осы тұрғыдан алғанда саналы оку мен оқу процесін түсіну,
сезіну әртүрлі психикалық іс-әрекетпен байланысты. Мысалы: шығарма
кейіпкерінен үлгі алуға тырысады. Оның жақсы қасиеттерін үйреніп, соған
жету үшін өздерін өздері дайындайды. Осыған байланысты "Жаяу Мұса" әңгімесі
бойынша мынадай сұрақтарды беріп, балаларға ой тастауға болады.
Мысалы:
а) Шоқан неге Жаяу Мұсаға оқуы үшін ақшаны өзі төледі? Әлде оған қарыздар
ма? Ол нені жоғары қойьш отыр? (достық, адамгершілік, қамқоршы болу,
дарындылықгы өнер биігіне шығару т.б.)
ә) Шоқанның осындай қасиеті сендерге ұнай ма? Сендер достықты бағалай
білесіңдер ме? Жалпы достық деген не? Ақша қымбат па, әлде достық па?
(Достық туралы мысалдармен байланыстырып, өмірден достыққа байланысты
деректер келтіріледі)
Оқу процесін түсіну (сезіну) баланы өз-өзіне қорытынды жасауға, сын
көзбен қарауға тәрбиелейді. "Мен қандаймын?", "Мен не білуші едім, не
үйрендім?", "Маған нені білу (үйрену) қызық болды?" деген рефлексия дамиды.
4. Сабақ материалын жеделдете өту.
Бұл принципке қарсылық білдірушілер табылуы мүмкін. Өйткені, әр
тақырыпқа, әр тарауға берілген сағат саны бар, одан асып қайда барамыз деуі
мүмкін. Дей тұрғанмен егер оқушылар білім деңгейі, сынып ерекшелігі
мүмкіндік туғызып тұрса, бір мақсатты көздейтін жаттығулар, есептер
орындаумен уақыт кетіру қателік сияқты. Бала өз табиғатында жаңалыққа
құмар, жаңа нәрсе білуге ұмтылып тұрады. Ендеше мақсаты, мазмұны бір
тақырыппен мезі қылу бала дамуын тежейді. Бұдан қайталаулар санын қысқарту
керек, жаттығулар санын азайту керек деген ұғым тумаған дұрыс. Жүйе әрбір
жұмыс түрін орындауға жаңаша көзқараспен қарауға, баланың дамуына әсер
ететін жағын ойластыруды көздейді. Мүмкін болған жерде қазақ мектептерінде
қосымша материалдар, қызықты есептер, жаттығулар дайындап келіп, сабақта
орындату оқулықтардағы олқылықтарды толтырар еді. Бұдан білім алу сапасы
артары сөзсіз.
5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жұмыс істеу.
Дамыта оқыту жүйесінің тағы бір ерекшелігі сынып окушыларын
жақсы, жаман деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай
туғызуды мақсат тұтуы. Мотивациясы төмен оқушының да өз шамасы келгенше,
қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы ол да өзін
мүмкін дәрежеге дейін дамыта алады. Бұл жолда оның қателесуі, жаңылуы әбден
мүмкін. Тек мұғалім тарапынан көрсетілген сабырлылық, байсалдылық оның өз
күшіне деген сенімін арттырып, алға жетелейді.
6. Оқытушы мен оқушы арасындағы жаңаша қарым-қатынас орнату.
Осы кезге дейін ұстанып келген мұғалімнің сыныпта беделі болуы, ол
беделді балаларды қорқыту, зеку, айтқанын қалайда орындату (баламен
санаспай) арқылы жинау, баланың дамуына үлкен кедергі жасап келді.
Қарапайым ғана мысал: Сұраққа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz