Штаттардың соттары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

Пәні: Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Тақырыбы:АҚШ -тың Конститутциясы,құқықтық және соттық жүйесі

Тексерген:
Орындаған:
Тобы:

.

Кіріспе

Америка Құрама Штаттары – экономикалық және техникалық дамудың жоғарғы
дәрежесіне жеткен, индустриалды-аграрлы капиталистік мемлекет. Ол жалпы
ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі бойынша әлемде бірінші орын, жан басына
шаққандағы ЖІӨ бойынша – екінші орын, аумағы бойынша – бесінші орын, халық
саны (318 613 000 адам) бойынша – үшінші орынды иеленеді. Бұл мемлекеттің
федералды деңгейіндегі конституциялық құқығының қайнар көзі ретінде
Конституция, Конгресс заңдары мен резолюциялары, Президенттің құқықтық
нормативтік актілері, Жоғарғы соттың шешімдері мен кейбір дағдылары
саналады. АҚШ Конституциясы – бүгінгі күнге дейін сақталған, жазылған
конституциялар арасындағы ең ескісі. Оны 1787 жылдың 14 мамырынан 17
қыркүйегіне дейін Филадельфияда жабық есік негізінде өткізілген конвент
жасап шығарды. Конституцияда конвентке қатысқан әлеуметтік топтардың – құл
иеленушілердің, жер аристократиясының, ірі буржуазияның, яғни өздері жасап
жатқан конституциялық жүйенің мақсаты мен міндеттерін айқын түсінген халық
топтарының мүдделері көрсетілді. Конвент құрамы мардымды болды деп айтуға
болмайды: бекітіліген 74 делегаттың 55-і ғана жұмысқа қатысты, кейбір
мүшелері конвент жабылғанға дейін одан шығып кетті, нәтижесінде 39 делегат
қана Негізгі заң мәтінінің астына өз қолдарын қойды. 1787 жылдың 17
қыркүйегінде қабылданған Конституция Континенталдық конгресске жібереді.
Оны Континенталдық конгресс 28 қыркүйекте штаттардың заң шығарушы
жиналысына Конвент шешімдеріне сәйкес әр штат халқымен сайланған
делегаттардан тұратын конвенттің қарауына беру үшін жібереді.
Конституцияны әр штатта сайланған конвенттер бекітітті. 1787 жылдың 7
желтоқсанында Конституцияны қолдаған алғашқы штат – Делавэр болды;
Конституцияны қолдаған тоғызыншы штат Нью-Гемпширдің ратификациясының
арқасында құжат 1788 жылдың 21 маусымында өз күшіне енді. Ратификация
кезінде біршама штаттарда Конституцияға оппозиция көрсетілген болатын; тек
Делавэр, Нью-Джерси және Джорджия штаттарының конвенттері жаңа құжатты
бірауыздан қолдады. Қалған төрт штат Конституцияны кейінірек
ратификациялады; ең соңғы болып Род-Айленд штаты өз қолдауын білдірді (29
мамыр 1790 жыл). Алты штат – Пенсильвания, Массачусетс, Нью-Гемпшир,
Солтүстік Каролина, Виргиния және Нью-Йорк – Конституцияны ратификациялау
кезінде оған әр түрлі формада құқық туралы Билльді қосуды талап етті. Жаңа
Конституция негізінде шақырылған алғашқы Конгресс сессиясы кезінде,
Конституцияның негізіне алынған жобаның авторы болған, кейіннен АҚШ
президенті болған (1809-1817) Дж.Медисон құқық туралы Билльді ұсынудың
бастамасын көтерген болатын. 1789 жылдың 25 қыркүйегінде ратификацияға
ұсынылған 12 түзетудің 10-ы 1791 жылдың 15 желтоқсанында қолдау тапты. Бұл
түзетулер Конгресс өкілеттілігінің шектерін анықтады (1-түзету),
федерацияларға берілмеген, штаттардың ортақ құзыреттің сақталу принциптерін
растады (10-түзету) және құқықтар мен бостандықтардың біразын бекітті
(басқа түзетулер).

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім:

1.АҚШ Конституциясы.

1. Конституцияның қабылдануы мен құрылымы.

2. АҚШ Конституциясының негізгі белгілері.

3. Конституциядағы өзгерістер.

2. АҚШ-тың құқықтық жүйесінің қалыптасуы және процесс.

1. Американдық құқықтың қайнар көздері.

3.АҚШтың сот жүйесі.

III. Қорытынды

IV. Дереккөздер.

1. АҚШ Конституциясы

1.1. Конституцияның қабылдануы мен құрылымы

АҚШ қазіргі Конституциясы 1787 жылы Филадельфия қаласында конвентпен –
Солтүстік Америкадағы британ колониялары 1776 жылғы тәуелсіздік үшін күрес
нәтижесінде өздерін тәуелсіз деп жариялаған мемлекет-штат өкілдерінен
тұратын құрылтай жиналыспен қабылданған болатын. Олар АҚШ конфедерациясын
құрды. Оның конституциялық құжаты – Конфедерация баптары – 1777 жылы
қабылданып, 1781 жылы күшіне енді. Филадельфия конвенті халық бұқарасының
конфедерацияның ішкі саясатына бағытталған наразылығы кезінде шақырылған
болатын. Конвенттің басты мақсаты конфедерацияны қайта құру, мемлекеттік
билікті күшейту еді. Бірақ, шын мәнінде, конвент нәтижесінде жаңа мемлекет
– АҚШ федерациясы пайда болды. Қажетті штаттардың көпшілігімен қолдау
тапқаннан кейін 1789 жылы конституция өз күшіне енді. АҚШ Конституциясы –
салыстырмалы түрде қысқа құжат. Ол шамамен 7 мың сөзден тұрады. Ол
преамбуладан және 7 баптан тұрады. Прембулада АҚШ халқы бұл конституцияны
бұдан да жақсы одақ құру, әділдік пен ішкі тыныштықты бекіту, бірлескен
қауіпсіздікті ұйымдастыру, жалпы әл-ауқат пен бостандыққа қолғабыс ету
мақсатында қабылдағаны туралы айтылады, ал 7 бап рим цифрлерімен
белгіленеді, кейбір баптардың көлемі бірнеше бетке жетеді. Көптеген баптар
бөлімдерге бөлінеді. Маңызды конституциялық құжатқа 1776 жылғы тәуелсіздік
туралы декларация және рим цифрларымен белгіленетін конституцияға түзетулер
жатады. Түзетулер өзгертілмейтін конституция мәтініне қосылмайды, тек
қосымша ретінде беріледі. Қазіргі күні конституцияда 27 түзету бар, оның
соңғысы 1992 жылы қабылданды.

1.2. АҚШ Конституциясының негізгі белгілері

АҚШ Конституциясы – ең алғашқы жазылған конституция, басқа елдердің
конституциясына өз ықпалын тигізген озық құжат. Ол халықтың британдық
тәжіне қарсы бағытталған кұрес нәтижесінде пайда болған егеменді
федеративті елдің құрылуын бекітті, ел егемендігінің принциптерін
жариялады, мемлекеттілікті ұйымдастырудың демократиялық принциптерін
(өкілдік билік, билікті бөлу және т.б.) анықтады, федералды құқықтың штат
құқықтарының алдында басымдылығы бар екенін бекітті. Осы конституцияның
ықпалы негізінде әлемде конституционалзм доктринасы етек жая бастады.
Сонымен қатар, 1787 жылғы конституция өз уақытының жағдайына байланысты
тарихи шектелген және билеуші топтардың, негізінен оңтүстік штаттардағы
құл иеленуші-плантаторлардың және солтүстіктегі ірі кәсіпкерлердің
мүдделеріне негізделген реакциялық сипатта болды. Сол уақыттағы халықтың
көзқарастарына сай конституция мемлекеттік билік пен адам арасындағы қарым-
қатынасты (негізінен сот саласында және индивидтің кейбір жеке құқықтары
шегінде) реттеумен, сондай-ақ мемлекеттің жоғарғы органдарының құрылымы
мен өзара қарым-қатынастарын бекітумен ғана шектелді. Конституция мәтінінде
тұлғаның саяси және әлеуметтік-экономикалық құқығы туралы баптар болмады.
Саяси құқықтар Конституцияға Құқықтар туралы Билль деп аталып кеткен
алғашқы 10 түзетумен енгізілді, ал көптеген әлеуметтік, экономикалық,
мәдени құқықтар туралы ережелер конституция мәтінінде әлі күнге дейін жоқ.
Конституция үнсіз ғана негрлердің құлдығын олардың орнына иелері –
плантаторлардың дауыс беруіне рұқсат беру арқылы бекітті, әйелдерді дауыс
беру құқығынан айырды (соңғы шектеу 1919 жылға дейін сақталды).
Конституцияда көптеген мәселелерде (демократия туралы мәселелер,
демократиялық режимнің принциптері және т.б.) олқылықтар байқалды. Кейде
баптардың құрылымдары казуистикалы, жеткілікті түрде жалпыланбаған.
Конституцияға сәйкес АҚШ – басқару формасы бойынша президенттік республика,
саяси-аумақтық құрылымы бойынша – салыстырмалы түрде орталықтандырылған
федерация, демократиялық мемлекеттік режимдегі ел болып табылады. 1776
жылғы тәуелсіздік Декларациясы табиғи құқық концепциясына негізделе отырып,
халықтың британ тәжінен тәуелсіз болуға, британ тарапынан болған езгіге
қарсы күреске құқылы екенін жариялады. Декларация, артынан конституция да
адамның ең басты құқықтарының бірі – өмір сүру, бостандыққа және бақытқа
ұмтылу құқықтарын бекітті. Көптеген конституциялық мәселелерді
конституцияға енгізілген түзетулер реттеді. Түзетулер негізінен толықтыру
сипатында болды. Конституциялық құқық мәселелері сонымен қатар жеке
штаттардың конституциялары мен заңдары, конгресс заңдарымен, әсіресе АҚШ
Жоғарғы сотының шешімдерімен реттеледі. Жоғарғы сот конституция мәтінін
өзгертпей жаңа конституциялық нормаларды шығарады, себебі 1787 жылғы акті
бүгінгі күннен өзге жағдайда қабылданды және қазіргі заманғы қоғамдық қарым-
қатынастарға жауап бере алмайды.

1.3. Конституциядағы өзгерістер.

АҚШ Конституциясы – қатаң конституция. Конституцияға өзгерістер
жоғарғы заң шығарушы орган – конгрестің екі палатасының 23 мүшелерімен
немесе штаттардың 23 бөлігінің бастамасы бойынша шақырылған конвентпен
ғана қабылданады. Түзетулерді растау тек штаттардың ¾ бөлігімен немесе
федералды конгрестің шешімі бойынша шақырылған штаттар конвентінің ¾
бөлігінің заң шығарушы жиналысында ғана жүзеге асады. Осындай қиындықтарға
байланысты соңғы 2 ғасырда тек қана 27 түзету қабылданған (шамамен 5 мыңнан
астам түзетулер ұсынылған, оның 40-ын конгресс қабылдап, тек 27-сін
штаттардың қажетті мөлшері қолдап, ратификациялаған). Кейбір түзетулердің
арнайы мақсаты жоқ, себебі салыстырмалы түрде жеке сұрақтарға бағытталған.
Олардың кейбіреулері белгілі бір ережелерді енгізеді, ал артынан оның күшін
жояды (мысалы, XVIII және XXI түзетулер құрғақ заңды енгізеді және күшін
жояды). Ең алғаш АҚШ конституциясындағы өзгеріс – 1789 жылы қабылданған
және қажетті штаттар санымен 1791 жылы ратификацияланған құқық туралы
Билльдің енгізілуі болды (алғашқы он түзету). Құқық туралы Билль маңызы
жоғары саяси және жеке бостандықты бекітеді. Ал әлеуметтік-экономикалық
құқық тұрғысынан онда тек жеке меншіктің кейбір кепілдемесі: ешқандай жеке
меншік мүлік ортақ игілік үшін әділ қайтарымсыз тартып алынбайтыны туралы
айтылады. 1861-1865 жылғы Азамат соғысынан кейін қабылданған үш соғыстан
кейінгі түзетулердің ерекше маңызы бар. Бұл - бұрынғы құл-негрлерді АҚШ
азаматы ретінде мойындау және азаматтар құқығының теңдігі туралы ХІІІ
түзету (1865ж.), азаматтардың ұлттық және нәсілдік теңдігі, қажетті сот
үрдісінсіз адамды өлтіруге, бостандығынан айыруға, мүлкін тартып алуға
тыйым салу, бүлікке қатысқаны үшін белгілі бір өкілетті тұлғаларды
құқықтарынан айыру, мемлекеттік парыздың кейбір мәселелері туралы XIV
түзету (1966 жылы қабылданды, 1968 жылы ратификацияланды) және сайлаушы
ер адамдардың сайлау құқықтарының теңдігі туралы XV түзету (1869 жылы
қабылданды, 1870 жылы ратификацияланған). ХІХ түзету (1917 жылы қабылданды,
1919 жылы ратификацияланған) әйел адамдарға сайлау құқығын берді, XXIV
түзету – салық төлемегені үшін сайлау құқығынан айыруға тыйым салады, XXVII
– сенаторлар мен өкілдер палатасының мүшелеріне өз жалақыларын арттыруға
тыйым салады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет елдердегі сот билігінің конституциялық құқықтық негіздері
АҚШ конституциялық құқығының негіздері
АҚШ Конституциясы туралы
Сот билігі туралы
АҚШ - тың сот жүйесі
АҚШ конституциясының түсінігі
Казақстан Республикасының Конституциялық заңнамаларының сипаттамасы
Шетелдердегі конституциялық қадағалау
Билік - қоғамдық феномен
Шет елдердің конституциялары, конституциялар түсінігі мен маңызы
Пәндер