Бихевиоризм әдістері
Сөж
Тақырыбы: Бихевиоризм негізін салушы:
Джон Б. Уотсон
Алматы 2020
Жоспар:
Кіріспе
бихевиоризм анықтамасымен түрлері
бихевиоризм әдістері
бихевиоризм зерттейтін мәселелер:
түйсік
эмоциялар
Альберт, Питер және қоян
ойлау процестері.
Қорытынды
Кіріспе
Джон Б.Уотсон Оңтүстік Каролина штатының Гринвилл қаласына жақын маңайдағы фермада дүниеге келген. Бастауыш сыныпты бір ғана бөлмеден тұратын мектепте оқыды. Анасы өте діндар, ал әкесі, керісінше, Құдайға сенбейтін, ішімдікке үйір, содыр мінезді адам болған, көңілдес әйелдерінің саны жетіп артылатын. Ешқашан бір жерде тұрақтап жұмыс істей алмаған соң, үй іші өмір бойы кедейшіліктен көз ашпады. Фермасының арқасында ғана нанын тауып жеп отырды.
Уотсон жиырма бес жасында, яғни 1903 жылы философия ғылымдарының докторы дәрежесін алып, Чикаго университетінің ең жас докторы атанды. 1903 жылдан бастап объективті психологияға ерекше назар аудара бастады. Ал 1908 жылы Балтиморда жыл сайын өтетін психология қоғамының кезекті конференциясында алғаш рет өз ойын ортаға салды.
Уотсон бихевиоризм туралы идеясын өз мақалалары арқылы қалың жұртшылыққа танытуға тырысты. Ол ойын қысқа да нұсқа, түсінікті, қарапайым тілмен жеткізді. Уотсон өз өмірбаянында ғылыми еңбектерін психологиялық журналдарға жариялауға мүмкіндігі болмаған соң, қалың жұртшылыққа сатуды жөн санағанын жазған.
Бихевиоризм (ағылш. behaviour - іс-әрекет, Behaviorism)) - іс-әрекет дағдысының мәні мен адам психологиясындағы кызметін түсіндіру. Биховиоризм ілімі ХХғ. басында АҚШ-та пайда болған психология ағымы. Олар еш негізсіз, нақты дәлелсіз психологиялық болжаулық теорияларға қарсы шығып, адамның іс-әрекет дағдысын тіке күзету және нақты өлшеу арқылы адам психологиясын анықтауға болады деп есептеді. Олар ішкі толғанысқа сенбеді, тәжірибелік нақты зерттеу әдіснамаларын ұсынды.
Биховиоризм ерік еркіндігін құр қиял деп есептеді, адамның барлық ісін тума қасиеті және тәжірибе ортасы белгілейді, тума қасиеттер тәжірибе ортасында ашылады, не өзгереді, адамдардың барлық тәжірибесін сыртқы қажеттілікке талпыну аңсары белгілейді, сондықтан әрекет дағдысын жақсарту мен күшейту адам өмірінде өзгеріс туғызады деп есептеді.
Биховиоризм негізінен әдіснамалық өзгешелікке мән береді. Биховиористер бойынша бір адамның әрекетін күзету мен талдау жасау сол адамның психологиялық күйін түсінудің кілті деп есептейді. Психология тек әрекетті зерттеумен айналысуы керек, әрекетсіз сана, әрекетте бейнеленбейтін психологиялық сана түсініксіз нәрсе. Оны ғылыми түрде зерттеу мүмкін емес. Сондықтан олар кейде тіпті өздерін психологиямен айналысушы емес, "әрекетті анализдеуші", "әрекет ғылымымен" шұғылданушы деп атайды.
Биховиоризмді мынадай түрлерге бөлуге болады:
Классикалық биховиоризм(Classical): Джон Б. Уотсон (John B. Watson ) дәріптеген биховиоризм бағыты. Олар психологиялық барыс және ішкі көңіл ауаны дегенді терістеп, әрекетті бірден-бір психологиялық күй ретінде сипаттайды.
(Джон Бродес Уотсон (сирек. Джон Броадус Уотсон, ағылш. John Broadus Watson; 9 қаңтар 1878 -- 25 Қыркүйек 1958) -- американдық психолог, бихевиоризм негізін қалаушы)
Методологиялық биховиоризм (Methodological):үшінші адамның объективті күзетуін негіз етіп, субъектілер арасындағы зерттеуге болатын байланысты хатірелеп, қорытынды жасау. Бұл әдіснама кейін когнитивті психология жағынан қабылданған.
Радикалды биховиоризм (Radical): B. Ф. Скиннер (B. F. Skinner) қатарлылардың биховиоримі. Олар іс-әрекет дағдысын механикалы түсінуге, қарапайымдастыруға қарсы болды. Психология ішкі көңілдің сыртқы айнасы ғана емес, ол адамның өзін сезінуінің ерекше жолы деп қарады.
Логикалық биховиоризм(Logical): Оксфорд университетінің философы Ж.Райла(Gilbert Ryle)өзінің Мидағы ұғым (The Concept of Mind(1949)деген кітабында қалыптастырған.
Мақсат биховиоризмі(Teleological): Скиннерге қатысты қалыптасқан ағым. Олар адамды мақсат арқылы түсіндіреді, әсіресе микроэкономика, саясаттану, әлеуметтану теорияларында мақсаттылықты негізгі түйін ретінде зерттеу тетігі етіп қолданады..
Теорияшыл биховиоризм(Theoretical): Скиннердің ағымының тағы бір қасиеті, олар ішкі жан дүниедегі көңіл күйді күзетуге болады деп есептейді, психологияны зерттеуде қазіргі заман технологиясына да үміт артады, бірақ теория мен практика ортасында байсалды жол ұстанады.
Биологикалық биховиоризм(Biological): Адам зердесінің жүйке жүйесіне қатысына айырықша мән береді;
Ішкі биховиоризм (Interbehaviorism):J. R. Kantor, L. Hayes、E. Ribes、S. Bijou секілділердің зерттеуі. Олар биологиялық бүтіндіктің ішкі барысына, адамның іс-әрекет түйсігіне зерттеу жасайды.Жаңа ғылымның қалыптасуына жасалған қадам
ХХ ғасырдың екінші жиырмажылдығында, Вильгельм Вундт ресми түрде психологияның негізін қалағаннан кейін 40 жыл өткен соң, ғылым өзінің негіздерін түбегейлі қарастыруға міндетті болды. Психологтар интроспекция мүмкіндіктеріне мән бере қоймады, психикалық элементтердің бар екеніне күмән келтіріп, психология таза ғылым болып қалуы тиіс дегенмен келіспеді. Лейпцигте немесе Корнеллде қабылданбайтын психологияны қолданып, функцияшыл психологтар ережелерді қайта жазды. Функционализм қозғалысы революциялық емес, эволюциялық сипатқа ие болды. Функцияшылдар Вундт пен Титченердің ережелерін жоюға барын салды. Сол мақсатта ішінара өзгертулер енгізді, кейбір жерлерін толықтырды, түзетті, уақыт өте келе психологияның жаңа формасы пайда болды. Бұл іс-әрекет сырттан жасалған шабуылдан гөрі, іштен жасалған қайта құруды білдірді. Функцияшылдардың көшбасшылары өздерін ресми мойындатуға тырысқан жоқ. Олар алдына ескінің негізінде жаңа нәрсені құруды мақсат етіп қойды. ХХ ғасырдың екінші жиырмажылдығындағы америкалық психология саласының жағдайы осындай еді. Функционализм дамып келе жатты, бірақ структурализм жақтастарында ерекше позициялар болмаса да, олар күшті позицияларды әлі де ұстап тұрды.
1913 жылы жоғарыда айтылған позициялардан бас тартып, соғыс жарияланған болатын. Қарсылық білдірген ағым ескірген ағымды толығымен жоюды көздеді. Оның көшбасшылары ескіні жаңартпай, ешқандай ымыраға барғысы келмеді. Бұл революциялық қозғалысты бихевиоризм деп атады. 35 жастағы психолог Джон Б. Уотсон оның көшбасшысына айналды. Уотсон осыдан он жыл бұрын өзі құлатқысы келген функциялық психология орталығы болған Чикаго университетінде Джеймс Роуленд Энджеллден философия докторы дәрежесін алады. Бихевиоризмнің негізгі ережелері өте қарапайым, батыл да бірбеткей болды. Бұл ағым ғылыми психологияны стимул мен реакция терминдерімен объективті түрде сипаттауға болатын - байқалатын мінез-құлықпен ғана айналысуға шақырды. Уотсон психологиясы кейінірек ойлау процесіне қатысты барлық тұжырымдар мен терминдерден бас тартады. Ежелгі философия кезінен бастап қолданылып келген бейне, түйсіну, ақыл-ой және сана сияқты сөздер мінез-құлық ғылымы үшін барлық маңызын жоғалтты. Уотсон әсіресе сана тұжырымын жоққа шығарғысы келді. Оның пікірі бойынша, сананың мінез-құлық психологиясы үшін ешқандай құндылығы болмады. Ол ешкім, ешқашан сананы көрген жоқ, ұстап та, иіскеп те, тістеп дәмін көріп не қозғап та көрген жоқ деді. Сана - жан сияқты, тәжірибелі тексеруге қолжетімсіз ғылыми бір олқылық қана. Сөйтіп, саналы процестердің бар екенін болжайтын интроспекция әдістері орынсыз деп есептеліп, мінез-құлық туралы ғылымға еш қатысы жоқ деп саналды.
Позитивизм рөлі
Бихевиоризм ағымының негізгі идеяларының авторы тек Уотсон ғана болған жоқ, ағым оған дейін де көп жылдар бойы психологияның өз ішінде дамып, жетіле түсті. Ол, ілімнің басқа да негізін салушылар сияқты, қолданылып келген идеялар мен ережелерді әрі қарай дамытты. Біз психологияның жаңа жүйесін тұжырымдау үшін сәтті біріктірген негізгі күштерді қарастырамыз: объективизм мен механицизмнің философиялық дәстүрлері, зоопсихология мен функциялық психология. Шынайылығы еш күмән туғызбайтын, позитивті білімді көздейтін позитивизм ілімінің негізін салушы - француз философы Огюст Конт объективизм тарихындағы ең маңызды тұлғаға айналды. Конттың пікірінше, жаратылысы бойынша әлеуметтік және объективті түрде бақыланатын білім жалғыз шынайы білім болып есептеледі. Бұл өлшемдер жеке санаға тәуелді және объективті бақыланбайтын интроспекцияны қарастырған жоқ. ХХ ғасырдың алғашқы жылдары ғылымда позитивизм - уақыт рухы деп есептелді. Көптеген америкалық психологтар сияқты, Уотсон өз еңбектерінде позитивизмді сирек талқылады. Себебі бұл кезде оның қажеті болмады. Ол бихевиорист ретінде жұмыс істей бастағанда, объективтік, материалдық және механикалық ықпал күшті болып, олардың әсерінің нәтижесінде психологияның жаңа түрі пайда болды. Бұл бағытта жан да, сана да болмады. Психологияның бұл түрі естуге немесе ұстап көруге болатынды ғана зейінге алды. Адамдарды әлдебір машина ретінде қарастыратын мінез-құлық туралы ғылымның пайда болуы осы әдістеменің нәтижесі еді.
Психология бағытының өзгеруі.
Уотсон бихевиоризм бағытының негізін қалардан он жыл бұрын Құрама Штаттардағы интеллектуалдық климат объективті психология идеясын дамытты. Шын мәнінде, америкалық психологияның қозғалысы бихевиористік бағытта болды. 1911 жылы Титченермен бірге білім алған Уолтер Пиллсбери өзінің еңбегінде психологияны мінез-құлық туралы ғылым ретінде сипаттады. Ол физикалық әлемдегі өзге объектілермен қатар, адамға да объективті түрде қарау керектігін баса айтты. Дәл сол жылы Макс Мэйер Адам мінез-құлқының негіздері атты еңбегін жариялады. Уильям Макдугал Психология: мінезқұлықты зерттеу деген еңбек жазды. Ал Уотсон тәлім алған Джон Хопкинс университетінің психологі Найт Данлап психология ғылымынан интроспекция деген ұғымды алып тастауды ұсынды. 1910 жылы Чикаго университетінің маңдайалды функциялық психологтарының бірі - Д.Р. Энджеллдің болжауынша, америкалық психология жоғары деңгейдегі объективтілікке өтуге дайын деді. Дәл сол жылы ол сана деген терминнің жан деген термин сияқты, психология ғылымынан түбінде жойылатынын айтты. Үш жылдан кейін, Уотсонның бихевиоризм туралы тұжырымдарының жариялануына аз қалғанда, Энджелл сана туралы ұмытып, оның орнына адамдар мен жануарлардың мінез-құлқын объективті түрде сипаттау анағұрлым пайдалырақ деген тоқтамға келді. Осылайша, психология - мінез-құлық туралы ғылым деп аталуға тиіс деген ойды қолдайтындар қатары арта бастады. Уотсонның ұлылығы жаңа идеяны бірінші болып ұсынуында емес, уақыттың нені талап ететінін анық түсінуінде. Ол батыл түрде жауап қайтарып, төңкеріс агенті атанды және өзінің зор табысқа жететініне сенімді болды. 1908 жылы Балтиморда жыл сайын өтетін Оңтүстік философия және психология қоғамының кезекті конференциясында алғаш рет өз ойын ортаға салды. Уотсон психикалық процесс пен ойлау процесі түсініктерінің ғылымда ешқандай салмағы жоқ екенін айтып бақты. 1912 жылы Кеттеллдің шақыруымен Колумбия университетіне келіп, тағы сол тақырыпты қозғады. Бір жылдан соң Психологиялық шолу журналына әйгілі мақаласын шығарып, бихевиоризмнің ғылымның бір бөлшегі ретінде қалыптасуына негіз салды. 1914 жылы Мінез-құлық: салыстырмалы психологияға кіріспе атты кітабы жарыққа шықты. Уотсон бұл еңбегінде зоопсихологияны мойындауға шақырады және зертханалық жануарларға тәжірибе жүргізудің артықшылықтарын айтады. Жас буын психологтар мен аспиранттарға оның мінез-құлық психологиясы туралы ойы ұнады. Олар Уотсонды көнерген мифтерді жоққа шығарып, психология ғылымына жаңа леп алып келді деп санады. Психологиялық шолу журналына мақаласы шыққан соң, екі жылдай өткенде, Уотсон Америка Психологтар қауымдастығының президенті болып сайланды. Осы тағайындаудан кейін Уотсонның әлемдегі белді психологтармен қарым-қатынасы жақсарып, ақырында, оның психология ғылымына қосқан үлесі мойындалды. Уотсон бихевиоризмнің тәжірибелік маңызы болғанын қалады. Оның идеялары тек зертханамен шектелген жоқ. Ол бихевиоризм түсінігін бүкіл әлемге паш ету үшін қолданбалы психология саласындағы мамандардың санын арттырды. Сонымен қатар Джонс Хопкинс университетінде бизнес факультетінің студенттеріне жарнама психологиясы бойынша және аспиранттарға өндірістік психология бойынша дәріс берді. Ол бихевиоризм туралы идеясын өз мақалалары арқылы қалың жұртшылыққа танытуға тырысты. Бұл ойын қысқа да нұсқа, түсінікті, қарапайым тілмен жеткізді. Өз өмірбаянында ғылыми еңбектерін психологиялық журналдарға жариялауға мүмкіндігі болмаған соң, қалың жұртшылыққа сатуды жөн санағанын жазған. Мақалалары халық арасына кеңінен тараса да, Уотсон ғылыми қоғамдастықтан одан ары шеттетіліп тасталды. Онсыз да бихевиоризм қағидаларының ғылыми доктрина ретінде қарастырылуына әрең төзіп жүргендер Уотсонның мұнысын шектен шығушылық деп санады.
Бихевиоризм әдістері
Ғылыми психологияның алғашқы қалыптасу кезеңінен бастап өзін ежелден келе жатқан жаратылыстану ғылымы - физикамен байланыстыруға ұмтылғанын көрдік. Психология жаратылыстану ғылымдарының әдістерін өз қажеттіліктеріне қарай ыңғайлауға тырысты. Бұл үрдісті бихевиоризмнің ойлау доктринасынан айқын көруге болатын еді. Уотсон психологтардың жаратылыстану ғылымдарының деректерімен ғана шектеліп, объективті психологиялық зерттеулерге ғана көңіл бөлгені жөн деп санады. Бихевиористің зертханасында объективті әдістер ғана қолданылатын.
Бихевиоризм төмендегі әдістерді қамтиды:
:: аспаптардың қолданылу-қолданылмауын байқау;
:: тестілеу әдісі;
:: ауызша жауап беру әдісі;
:: шартты рефлекс әдісі.
Байқау әдістері - басқа әдістер үшін қажетті негіз. Объективті тестілеу әдістері бұрыннан қолданылып келеді, алайда Уотсон тестілеу барысында адамның психикалық қасиеттеріне емес, мінез-құлқына назар аудару керектігін айтты. Оның әдістері ақыл-ой мен жеке қасиеттердің көрсеткіштерін өлшеген жоқ, оның орнына сыналушыларды тест тапсыруға ынталандыратын жағдай жасап, олардың жауабын таразылады. Бихевиоризм саласында ауызша жауап беру әдісі үлкен дау туғызды. Ол интроспекцияға қарсы позиция ұстанып, өз зертханасында ауызша жауап беру әдісінің қолданылуын жақтырған жоқ. Кейбір психологтар кезінде Уотсон интроспекцияны жарамсыз деп танығанымен, оны қайтадан қолданысқа енгізу үшін осындай айла ойлап тапты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz