Балқаш проблемасы



Реферат
Тақырып: Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті.
Орындаған: Есболай Ғ. Б.
Факультет: Жалпы Медицина
Топ: 135
Ғылыми жетекшісі: Карбозов Ә. Е.
Нұр - Сұлтан 2020 жыл
МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе 3
2. Негізгі бөлім 4-8
2. 1. Экологиялық дағдарыстар. Семей ядролық полигоны4-5 2. 2. Каспий теңізінің экологиялық проблемасы5-6 2. 3. Балқаш проблемасы6-7 2. 4. Үлкен қалаларда қоршаған ортаның ластануы7 2. 5. Арал қасіреті 8-93. Қорытынды10
4. Пайдаланған әдебиет11
1. Кіріспе
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қоғам мен табиғат арасындағы қайшылықтар қауіпті бола бастады. Озон экранының, қышқыл жаңбырдың, қоршаған ортаның химиялық және радиоактивті ластануының себептерін мұқият талдау қажет болды. Биологиялық түр ретінде адам өзінің тіршілік әрекетімен табиғи ортаға басқа тірі организмдерден артық әсер етпейтіні белгілі болды. Алайда бұл әсер адам еңбегінің табиғатқа тигізетін орасан зор әсерімен салыстыруға келмейді. В. И. Вернадскийдің айтуы бойынша, адамның іс-әрекеті геологиялық процестермен салыстыруға болатын Жерді өзгертетін қуатты күшке айналды.
Адамзат қоғамының табиғатқа өзгертуші әсері сөзсіз, ол халықтың өсуіне, ғылыми-техникалық прогрестің дамуына, экономикалық айналымға қатысатын заттардың саны мен массасының артуына байланысты өседі.
Өздеріңіз білетіндей, биосфера деп аталатын тірі организмдер мекендейтін бүкіл әлем ұзақ тарихи дамудан өтті. Адамдардың өзі биосфера арқылы пайда болады, оның бөлігі болып табылады және оның заңдарына бағынады. Басқа тірі әлемге қарағанда, адамның ақыл-ойы бар. Ол табиғат пен қоғамның қазіргі жағдайын бағалауға, олардың даму заңдылықтарын білуге қабілетті.
Академик Н. Н. Моисеевтің айтуы бойынша, адам оған заманауи машиналар жасауға мүмкіндік беретін заңдарды білді, бірақ осы уақытқа дейін ол басқа заңдар бар екенін түсінуді үйренбеді, мүмкін, ол әлі күнге дейін өзінің қарым-қатынасында не екенін білмейді. табиғат «тыйым салынған сызық бар, ол адамның кез-келген жағдайда өтуге құқығы жоқ . . . ол өзінің болашағын бұзатын тыйым салулар жүйесі бар».
Соңғы жылдары адамдардың кінәсінен химиялық және радиоактивті ластанудан туындаған экологиялық дағдарыстар жиілеп кетті. Апаттық салдар автомобильдердің өнеркәсіптік шығарындылардан және пайдаланылған газдардан ластануы және ірі қалаларда улы тұман - түтіннің пайда болуы нәтижесінде пайда болады.
Заманауи жылдам қарқын мен адамзат қоғамы мен табиғат арасындағы қатынастардағы дағдарыстық жағдайлардың айтарлықтай ауқымдылығына байланысты биосфера жаһандық экологиялық дағдарысқа аяқ басты.
2. Негізгі бөлімі
2. 1. Экологиялық дағдарыстар. Семей ядролық полигоны
Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2, 5 мың есе көп болды.
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2, 5 мың есе көп болды.
1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған. Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарылуы еді. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды.
1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған - белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық». Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш рет КСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу - мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел аумағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні - 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды.
1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.
2. 2. Каспий теңізінің экологиялық проблемасы
«Каспий теңізінде мұнай-газ өндіру жөне мұнай өңдеу кешендерінің дамуына байланысты Қазақстанның батыс өңірінде қалыптасқан табиғат, әлеуметтік, экономикалық жөне экологиялық жағдай. Каспий теңізі - әлемдегі шаруашылық маңызы зор ең ірі тұйық, су алабы. Жыл бойына Каспий теңізінің деңгейі жел қума желбөгет құбылыстарының нәтижесінде 0, 5 - 1 м-ге дейін ауытқып отырады. 1837 - 1990 ж. жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде Каспий теңізінің су деңгейі мөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930 және 1980 - 90 ж. аралығына сәйкес келетіні анықталған. 1929 - 41 ж. су деңгейі 2 м-ге төмендесе, 1977 ж. бұл көрсеткіш ең төменгі абсолютті мөлшеріне жетті. 1978-95 ж. су деңгейі 2, 35 м қайта көтеріліп, 1995 ж. көрсеткіш -26, 66 м болды.
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Қазіргі заманның балықшы - балық аулауды реттеу, аса бағалы балық түрлерін табиғи және жасанды жолмен көбейту жұмыстарына негізделген. Жыл сайын 11 балық зауыты Каспий теңізіне 75 млн. балық шабақтарын жібереді. 1998 жылдан бері Атыраудағы 2 балық зауыты жылына 6 млн. бекіре балығының шабағын дайындайды. Балықтар уылдырығын тұщы суға шашады, қор жинау үшін тұзды суға шығады. Мысалы, шортан, оңғақ, қызылқанат балық, алабұға теңіздің атырауына дейін өрістесе, қаракөз, табан, көксерке тұзды суда, ал бекіре тәрізділер судың өте тұзды жерінде тіршілік етуге бейімделген. Каспий теңізінде 2 тропиктік жүйе қалыптасқан. Солтүстік - Шығыс Каспий аумағында құстардың 278 түрі мекендейді. Соның ішінде Қазақстанның жөне Ресейдің «Қызыл кітабына» енгізілген өте сирек кездесетін қалбағай, қарабай, сары құтан, бұйра бірқазан, т. б. бар.
Ал Каспий итбалығы - тек қана Каспий теңізінде тіршілік ететін сүтқоректі. 1920 ж. 1 млн-нан астам итбалықтың 120 мыңы ауланған болса, 1980 жылдың аяғында 360 - 450 мыңға дейін азайған итбалықтың - 27 мыңы, 1990 ж. - 13, 8 мыңы, 1996 ж. - 8 мыңы ауланған. 2000 ж. сәуір - тамыз айларында індеттен олардың 15 мыңы қырылды. Каспий итбалығының жаппай қырылуы - Каспийдің солтүстік бөлігіндегі гидрометеорологиялық жөне экологиялық. жағдайлардың нашарлауынан теңіз жануарлары иммунитетінің төмендеуін көрсетеді. Каспий ойпатында өсімдіктің 88 тұқымдас, 371 туыс бірігетін 945 түрі өседі. Соның ішінде 357 түрі жоғары сатыдағы өсімдіктерге жатады, 6 түрі - Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Ал теңіздің өзінде су өсімдіктерінің 728 түрі өседі. Теңіз өсімдіктері жамылғысының құрлық өсімдіктерінен көп айырмашылығы бар. Құрлықта, негізінен, гүлді өсімдіктер, ал суда балдырлар кездеседі. Солтүстік Каспийде негізінен қамыс, теңіз шөбі, шалаң, егеушөп, арамот, мүйізжапырақ өседі. Бұл өсімдіктер балықтардың уылдырығының су түбінде бекуі үшін қажет, сондай-ақ, су құстары мен кейбір балық түрлеріне қорек болады.
Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экология жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының, судың ластануы үлкен қауіп төндіруде. Атмосфераның ластануына мұнай-газ өндіретін және оны қайта өңдейтін кәсіпорындар әсер етуде. 1998 жылы Атырау облысы бойынша атмосфераға 135, 1 мың т зиянды заттар шығарылған. Бұл улы заттарды атмосфераға, негізінен, ескі технологиялық жабдықтармен жабдықталған 3, 5 мың мұнай ұңғымасы шығарады. Мұнай кәсіпшілігінің ең басты экол. проблемасы - ілеспе газды іске жарату. Қазір жылына 800 млн. 3 газ ауада жанады. Мұнай кен орындарында мұнай өнімдерін өңдеу кезінде мұнай мен қалдық сулардың топырақ пен грунтқа төгілуі оларды ластайды. Солтүстік Каспий жағалауының мұнай өнімдері қалдықтарымен ластанған аумағы 194 мың га жерді алып жатса, төгілген мұнайдың мөлшері 1 млн. тоннадан асады. Теңіз деңгейінің көтерілуіне және мұнайдың теңізге төгілуіне байланысты теңіз суының құрамында мұнай өнімдерінің қалдықтары, фенол, хлорлы органика пестицидтер, аммонийлы азот, ауыр металдардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары екені анықталған. Судағы мұнай өнімдерінің ең жоғасыр концентрациясы мамыр - шілде айларында байқалады. Теңіз жағалауының мұнай және мұнай өнімдерімен, улы газдармен ластануы планктондар мен теңіз суында тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің жаппай жойылуына әкелуде. Теңіз түбіндегі шөгінділердің мұнай өнімдерімен ластануы бентостық тіршілік ететін организмдер мен моллюскілерге, сондай-ақ, су құстары мен балықтарға да зиянын тигізуде. Мысалы, 1900 жылмен салыстырғанда Каспийде балық аулау 3 есеге, яғни 500 - 600 мың тоннадан 180 мың тоннаға дейін азайды. Теңіз суын ең қауіпті ластаушы заттың бірі - ыдырамайтын ауыр металдар. Судағы мыс пен мырыштың мөлш. 20 мкг/л, ал барийдікі - 50 мкг/л бұл - 5 есе артық. Каспий жағалауы аймағының ластануы онда тіршілік ететін организмдерге ғана емес, жергілікті тұрғындардың денсаулығына да үлкен қауіп төндіруде. Сондықтан, Каспий теңізі жағалауындағы 5 мемлекет Дүниежүзілік банкпен, БҰҰ-ның Адамды қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен бірлесе отырып, Каспий экологиялық бағдарламасын жасап, оны іске асыруда. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты - экология тұрақтылықты дамыту және Каспий аймағының табиғи ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету. Теңіз деңгейінің өзгерісі жағдайында жергілікті тұрғындардың тұрмысы мен шаруашылық жұмыстарының тұрақтылығын қамтамасыз ету, Каспий теңізі мен оның биоресурстарын ластанудан арылтып, қоршаған орта жағдайын жақсарту, теңіздің экожүйесін сауықтырып, қалпына келтіру және оның биол. алуан түрлілігін сақтау, аймақта экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаның қалыпты жағдайын сақтап, ондағы тұрақты тіршіліктің дамуын қамтамасыз ету керек, менім ойымша.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz