Араб математикасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
№ 10 ЖББОМ

Математиканың шығу
тарихы

Жетекшісі: Сырлыбай Алуа
Орындаған: Омарова Аружан

Қарағанды 2017 ж.

Ғылыми жобаның мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1
* Зерттеудің көкейкестілігі ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1.1
* Зерттеудің нысаны ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1.2
* Зерттеу мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1.3
* Зерттеу міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1.4
Негізгі бөлім. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
* Математиканың шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..2.1
* Көне Мысыр математикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2.2
* Араб математикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2.3
* Үнді математикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2.4
* Қытай математикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2.5
* Орта ғасырлар математикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2.6
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Пайдаланылған әдебиеттер

Зерттеудің көкейкестілігі
Білім беру барысында сонымен бірге, мектепте білім алушыларға математиканы оқыту математиканы ашқан ұлы ғалымдар бойынша ақпарат беру. Қазіргі жағдайда жоғарғы оқу орындарында маман дайындауда математика пәнінің маңызы өте зор. Әсіресе осы пәнді оқыту барысында математиканың ғалымдарына тоқталып, сол кісілердің жасаған еңбектерін, туындыларын, есептерін оқушыларға түсіндіру.
Зерттеу нысаны
Білім беру жүйесінде математиканы ашқан ғалымдарды толық зерттеу.
Зертттеу мақсаты
Білім беру ұйымдарында математиканы оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан негіздеп, қолдану әдістемесін жасау және тәжірибелік түрде дәлелдеу.
Зерттеу міндеттері
Білімді жаңғырту саласы бойынша математика негізделген. Нәтижесінде білім алушыларға математиканы оқытуда, есептер шығару барысында, ғалымдарды зерттеу барысында оқушыларға үлкен ой салу.

Математика ғылымдардың ішінде ең ерте шыққан, оның тарихи ғасырлар түкпірінде жазу мен сызу жоқ кезінде басталған. Адамзат тағылының даму дәуірінің табалдырығын аттап басқан заманда артық, кем, үлкен, кішкене ұғымдары туған. Заттарды санаудан 1,2,3,4,5 ... т.с.с натурал сандарды жазуға, нәрселердің мөлшерін өзара салыстыруға, жыл мезгілдерін ажыратуға мәжбүр еткен.
Ең алғашқы сандар, яғни цифрлар б.з.д 2 мыңжылдықта пайда болған. Тарих жағынан келсек, сандардың ежелгі Вавилонда қолданғаны айқындалады. Осылай математика саласы одан әрі қарай дами түсті. Қаншама ғалымдар өз шығармаларын есеп арқылы өшпес мұра қылып қалдырған.
Тақырыпты таңдау себебім:
Жер шарында қанша қызық пән және оның ғалымдары бар, соның ішінен таңдап алған пән, бұл математика пәні. Пән ерте ғасырдан келе жатқан пән және оның қаншама атақты ғалымдары бар. Солардың математикаға қосқан үлесі мен өмірі туралы баяндап беремін.
Тақырып мақсаты:
Бүгінгі менің келіп отырған себебім, осы отырған барша халыққа математика тарихынан татымды дүниелерді тартымды қылып жеткізу, математика пәніне деген қызығушылықты арттыру;
Өзектілігі:
Қазіргі оқушылар математиканы тек мектеп бағдарламасы бойынша білім алады, ал, математиканы тереңдетіп оқуға қызығушылығы төмендеп барады. Сондықтан да, сол қызығушылықты оятып және дамыту үшін Математика ғылымының шығу тегі және ғалымдары атты ғылыми жобаны таңдап отырмын.
Математика грек тілінен аударғанда "матема"- "білім, ғылым" деген мағыналы сөзден қалыптасқан. Сына және иероглиф жазбалардың анықтауына қарағанда математикалық ғылымның таралған аймақтары Ежелгі мысыр (Египет), Вавилон (Бабыл) батыс Азиядағы Қосөзеннің (Месопатамияның) орта және төменгі ағысындағы аймақ (қазіргі Ирак мемлекетінің аумағы), соңынан Ежелгі Грекияда ерекше дамыған. Гректердің теориялық ғылымының негізі - Мысыр және Бабыл елдерінде жинақталған ғылым-білім бастамалары мен дәстүрлері Гректер сандарды таңбалау үшін цифлар қолданбай, әріптерді қолданды. Мәселен, былай:

Көне Мысыр математикасы
Көне Мысыр әлемдегі ең байырғы мәдениет ошақтарының бірі. Ніл өзенінің екі жағалауына орналасқан бұл ел б.з.б. 3200-ші жж біртұтас мемлекет болып бірікті. Ніл өзені әр жылда тасып, жағалаудағы егістік жерлерді шайып кетіп отырған, тасу мезгілі аяқталған соң тұрғындардың жерін қайта өлшеп бөлу керек болады, ұзақ жылғы жер өлшеу тәжірибесінің арқасында геометрия ғылымы пайда болған (геометрия - грекше сөз, гео -- жер, метро -- өлшеу деген мағына береді).
Б.з.б. 2900-шы жж кейін патшаларының мазары ретінде көне мысырлықтар көптеген алып пирамидаларды тұрғыза бастаған. Пирамидалардың құрылысына қарай отырып, сол кездегі көне мысырлықтардың геометрия мен астрономияны аз білмегенін аңғаруға болады. Мысалға, пирамида табаны мен бүйір бет ауданы арасындағы қатынас пен табанындағы бұрыштарды атауға болады.
Қазіргі кездегі Көне Мысыр математикасы туралы зерттеулер негізінен, сол кездегі монахтар жазуы және руни жазуымен жазып қалдырған екі кітапқа сүйенеді: бірі Лондонда (1858 жылы ағылшын жинаушысы Райнд тауып, өз меншігіне алған, сондықтан көбінесе Райнд папирусы (жоғарғы суреттегідей) деп аталады, ол папирус б.з.б. 1700 жылға жатады, бұл Мәскеу папирусына қарағанда үлкенірек). Енді бірі Москвада сақтаулы. Мәскеу папирусы деп аталады.
Көне Мысырдың ертедегі әріптері сурет пішіндес әріптер болған, соңынан ретке келтіріліп демотикалық жазу пайда болған. Осы екі кітаптан басқа да кітаптар теріге, тастарға ойылып жазылған, олар қазір дүниенің түкпір-түкпірінде сақтаулы. Екі кітаптың жазылған уақыттары шамамен б.з.б. 1850-1650 жж. сәйкес келеді.

Араб математикасы
Араб математикасының негізгі жетістіктерінен, арифметика жағында: ондық санау жүйесі, жазбаша есеп, дәрежеге көтеру, біріз қатарлардың қосындысын табу формуласын зерттеген.
Қазіргі кездегі математиканың маңызды бір саласы болып табылатын алгебраны осы әл-Хорезми енгізген.
IX-ғасырдың ортасынан XIII ғ-ға дейін араб математикасының гүлдену дәуірі деп қарауға болады. Бұл дәуірдегі атақты математиктерден Батани, Әбу-Уафа, Карачи, әл-Бируни, Омар Хайям, Насыреддин Туси, Банналарды атауға болады.
XIV ғ-дан соң XV ғасырдағы Әмір Темірдің Самарқандтағы телескоп мен сонда зерттеумен айналысқан әл-Кашиды айтпағанда, бүкіл араб математикасының құлдыраған кезеңі болып табылады. Әсіресе ондық санау жүйесі мен жазбаша есеп, Евклидтің Геометрия бастамалары кітабының аударма нұсқасы т. б. бұлар бүкіл Еуропаның, тіпті дүние жүзінің математикасының дамуына орасан зор ықпал еткен. Бірак, араб математикасының керемет туындылары латын тіліне аударылып Еуропаға тарамаған, тек 19-ғасырдан кейін араб математикасы реттеліп бір жүйеге келтіріле бастаған. Араб математикасы ертедегі гректің, Үндістанның, Қытайдың, Шығыс пен Батыстың математикалық жетістіктерін пайдаланып және оларды бір қалыпқа түсіріп Еуропаға таратқандықтан мәдениеттің қайта гүлденуі кезеңінде математика керемет дамыды, сондықтан да араб математикасы әлемдік математика тарихында ойып тұрып орын алады.

Үнді Математикасы
Матемактика тарихында, Гректердің мұрагерлері Үндістанлықтар делінеді. 200-жылдан 1200 жылға дейін Үндістан математикасы жоғары толқынға көтерілген дәуір есептеледі. Бұл дәуірдің бастапқы мезгілінде, олар Гректерден геометрияны Вавилоннан алгебраны ұйренді. Әрі Қытайдан үлгі алып арифметика мен алгебраны одан ары дамытты.
Үндістан астрономиясы мен астрономиясын дәуір биігіне көтерген ғалымдар: Ариабхатия атты астрономиялық шығарманы авторы Ариабхатия (476-550) оның тригонометрияға қосқан үлесі зор.
Брахмагупта -отыз жасында Арифметикадан лекциялар және Анықталмаған теңдеулерден лекциялар қатарлы арнаулы тарауларды өзі ішіне алған, Брахма-сыбхута-ситханда (брахманың түзетілген жүйесі) атты әйгілі шығарма жазған. Ең алғаш теріс сандарға төрт амалды қолданған міне осы Брахма гупта.
Махавира (850-жылдар) Есептеу жауһары атты шығарма жазған, кейбір тарихи деректерден қарағанда Қытайдың математикаылық кітаптарынан пайдаланғандығы мәлім.

Қытай математикасы:
ХІІІ ғасырға келгенде шығыс Қытай, Батыс орта азия , таяу және орта шығыс елдері манғол билеушілернің қлдарына өтті. Осы елдер ара барыс-келіс, сауда мәдениет ауысу онан ары күшеюдің сыртында Юан патшалығы дәуірінде мұсылмандар ерекше мұрсатты жағдайларды болады, ордада әр қайсы өлке аймақтарда саяси, әскери, экономика және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математика ғылым тарихы
Ежелгі Мысыр математикасы
Математика тарихы
Математика ұғымы
Математика ғылым атасы
Математиканың шығу тарихы
Бастауыш қазақ мектебіндегі математиканы оқыту тарихы
Математика тарихы және методология пәні
Математика тарихының кезеңдер
Геометрия ғылымының аталуы ежелгі
Пәндер