Электрондық оқулықтың құрылымы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж
Негметов Н. А.
«Информатика» пәнінен ағылшын тіліндегі электрондық оқу құралын жасақтау
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
1305000 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы
Орал 2016
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра
меңгерушісі М. С. Жұматова
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Информатика» пәнінен ағылшын тіліндегі электрондық оқу құралын жасақтау»
1305000 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы
Орындаған: Негметов Н. А.
Ғылыми жетекшісі: Ералиева А. О
Орал 2016
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ
і электрондық оқу құралы және оны білім беруде пайдалану тиімділігі
1. 1 Электрондық оқу құралдары және олардың түрлері мен мүмкіндіктері
1. 2 Электрондық оқу құралдарын құралдарын жасақтау әдістемесі
1. 3 Электрондық оқу құралдарын жасақтау бағдарламалары
ІІ «информатика» электрондық оқу құралын жасақтау
2. 1 «Информатика» электрондық оқу құралын жасақтауда пайдаланылатын бағдарламалар (Дельфи, фотошоп, тестке қандай бағдарлама)
2. 2 «Информатика» электрондық оқу құралының басты формалары және мәліметтерді енгізу
2. 3 «Информатика» электрондық оқу құралының тапсырмалары мен тест тапсырмаларын жасақтау
ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Информатика» пәнінен ағылшын тіліндегі электрондық оқу құралын жасақтау
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Адамзат өркениетінің заманауи дамуы ғылыми-техникалық төңкерістің жаңа кезеңі - адам өмірі мен іс-әрекетінің барлық салаларына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (әрі қарай АКТ) енуімен сипатталады. Бұл үдеріс халық өмірінің тұрпатын өзгертіп, ақпараттық қоғамға, жоғары әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуына көшудің іргетасы мен материалдық негізі болады.
Қазақстанда АКТ білім беруде пайдалану қоғам мен білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Қоғамды ақпараттандыру бәсекелестікке қабілетті ұлттық экономиканы қалыптастырудың маңызды механизмі ретінде Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауларында көрсетілген.
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар ХХІ ғасырда ғылым мен техниканың басым және шешуші бағыттарының біріне айналды. Олар жалпы, салааралық деңгейде көптеген жаңа технологиялық бағыттарды және зерттеуді, жасақтамаларды дамытып, даму мен прогрестің түйінді мәселелерін шешуде басты роль атқарады.
Қоғам дамуының заманауи сатысының бірқатар ерекшеліктері байқалады: жаһандық масштабтағы ақпараттық ресурстарды пайдалануға бағытталған зияткерлік еңбектің жоғары маңыздылығы, бірікке ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу мен ортақ жобаларды жүхеге асырудағы бөлек мамандар мен шығармашылық ұжымдар арасында қол жетімді және оперативті қарым-қатынасты жүзеге асыруға деген қажеттілік, ғылым, техника, білім беруді қамтитын үдерістердің интегративтік сипаты.
Заманауи әлеуметтің аталмыш ерекшеліктері әр маманның кәсіби және ақпараттық құзыреттіліктерінің деңгейлерінің үздіксіз көтерілуіне негізделген ақпараттандыру үдерісімен сипатталады. Ғылыми және өндірістік технологиялармен салыстырғандағы ғылыми-техникалық прогрестің жаңа саласы ретіндегі АКТ негізгі сипаттамалары:
- техникалық, бағдарламалық және бағдарламалық-аппараттық құралдардың динамикалылығы (техника, ақпараттандыру мен коммуникацияның жаңаруы тез жүруде) ;
- АКТ құралдарын құрайтын компоненттердің техникалық және технологиялық деңгейі үнемі жоғарылауына байланысты ақпараттық жүйелерді жасақтаушылар мен пайдаланушылардың біліктіліктері үздіксіз көтерілуінің қажеттілігі;
- заманауи АКТ пайдаланудың өндіруші күштер мен өндірістік қатынастардың өзгеруіне айтарлықтай ықпал етуі;
- заманауи АКТ мүмкіндіктерін жүзеге асырудыңақпараттық қызметті автоматтандыру салаларында, ақпараттық қарым-қатынас пен ұйымдастырушылық менеджментте пайдаланылуы.
АКТ құралдарының көптеген білім беру жүйесінде пайдалануға тиімді дидактикалық мүмкіндіктері белгілі. Олар білім беру үдерісінің қарқындылығын арттырып, білім алушының зиятын дамытып, танымдық іс-әрекетін белсендіріп, білімін өз бетімен шыңдап, ақпарат өндіруге мүмкіндік береді. Негізгілері:
- қолданушы мен АКТ құралдары арасындағы интерактивті диалог қолданушының әр сұранысына жүйенің жауаптық әрекеті және, керісінше, соңғысының берген мәліметі қолданушының әрекетін тудырады;
- танылып, зерттелетін нысан, үдеріс туралы оқу ақпаратын компьютерлік көрнекілендіру (нысанды, оның құрамдас бөліктерін немесе олардың моделдерін, үдеріс немесе оның моделін, шынайы әлемде жасырылған болса да, зерттелетін үдерісті графикалық түрде сипаттау, экранда көрнекі беру) ;
- танылатын, зерттелетін шынайы немесе «виртуалды» нысандар, олардың қатынастарын, үдерістерді, құбылыстарды компьютерлік моделдеу (экранда шынайыға мүмкіндігінше сәйкес келетін математикалық, ақпараттық-сипаттамалық, көрнекі моделді беру) ;
- ақпаратты берілетін материалға қатысты синхронды немесе асинхронды дыбыспен қамтамасыз ету;
- ақпаратты гипермедиа негізінде беру - аудио-, анимациядық, мәтіндік ақпаратты біріктіріп беру технологиялар;
- ақпараттың үлкен көлемін архивтеу, сақтау, тез қол жеткізу мүмкіндігімен тарату, көбейту;
- есептеу, ақпараттық-ізденушілік қызметті автоматтандыру;
- тәжірибе нәтижелерін бір бөлігін немесе тұтас тәжірибені бірнеше мәрте қайталау мүмкіндігімен өңдеу;
- оқу қызметін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету, ұйымдастырушылық басқару және меңгеру нәтижелерін бақылау үдерістерін автоматтандыру.
Қазіргі таңда аталмыш мүмкіндіктерді тек тұтынып қана қоймай, оларды тиімді пайдаланып, ұлттық этноерекшеліктерді, заман талабын, рухани сұраныстарға жауап беретіндей, қоғамның тәрбие, білім мен ғылымға қатысты сұраныстарын қанағаттандыратындай етіп жасақтауға атсалысу әр сауатты, намысты, жігерлі азаматтардың алдында туындайтын өзекті мәселе деп білеміз. Delphi анимация жасаушылар үшін өте қолайлы программа, өйткені ол төмендегі сапаларға ие:
- Жинақтылық (компьютерде тез жүктеледі) - векторлық графиканы пайдалану есебінде;
- Интерактивтілік - пайдаланушы Flash-фильмдегі іс әрекеттерді тікелей басқара алады;
- Мультимедиялық - фильм және Internet-ке информацияны визуалдаудың стандартты құралдары үшін қол жетпес видео, аудио эффектілер;
- Көпсалалығы - Delphi -те қарапайым үй парақтары сияқты арнаулы серверлер де (пошталық, виртуальді дүкендер) орындалуы мүмкін;
Қолайлылық - Delphi технологиясының негізі, компьютермен жұмыс істеудің минимальді дағдысы бар кез-келген адамға түсінікті. Сондай-ақ компьютер жадында өте аз орын алуы мен тез жүктелетіндігі Delphi пайдаланушылары үшін үлкен мүмкіндіктер туғызады.
Осы мақсатымызға жету үшін, бізге Delphi технологиясын білу өте маңызды рөль атқарады.
Delphi программасының мақсаты - басқа компьютерлік қосымшалар сияқты студенттердің ойындарға, қолданбалы программаларға деген қызығушылықтарына дұрыс бағыт беріп, электронды көмекші құрал жасауға құлшындыру.
Осыған орай арнайы оқыту курсының (Delphi қолданбалы программасын оқыту) мазмұны Delphi программасы түсінігі және ол не үшін керек деген сұраққа жауап беруден басталып, ары қарай оны оқытудағы лабораториялық сабақ үлгілерін жасаумен аяқталады.
Мақсаты: Borland Delphi программасында «Статистиканың жалпы теориясы» пәнінен электрондық оқу құралын жасақтау.
Міндеттері: 1. Delphi бағдарламасының жұмыс терезесі мен негізгі нысандары, құралдарын зерттеу, қасиеттерін қарастыру;
2. Delphi бағдарламасындағы негізгі нысандардың қасиеттері, оларды басқару жолдарын, олардың тиімділігін анықтау;
3. Сандық қоры, құрылымы, Delphi бағдарламасындағы сандық қорын жасақтау саймандары мен программалық мүмкіндіктерін қарастырып, оқу орнын басқару үдерісінде ұтымды пайдалану тәсілдерін айқындау;
4. Delphi бағдарламасындағы «Статистиканың жалпы теориясы» сандық қорының құрылымы жасақтау:
5. Delphi бағдарламасындағы «Статистиканың жалпы теориясы» сандық қорының программалық жасақтамасын жазу, программалық кодтарын сынау;
6. Delphi бағдарламасындағы «Статистиканың жалпы теориясы пәнінен» сандық қорын колледж жағдайында тәжірибеден өткізу, пайдалану нәтижесін жариялау, пайдалануға ұсыну.
Гипотезасы: Delphi программасында «Статистиканың жалпы теориясы» пәнінен электрондық оқу құралы жасақталса, онда оқытушының жұмыс жасау тиімділігі артады, жұмыс орнын автоматтандыруға болады.
Зерттеу болжамы: егер «Статистиканың жалпы теориясы» пәнінен электрондық оқу құралы жасақталса, онда комьютерден статистика пәні тапсырмалармен жұмыс жасауды үйренушілер үшін тиімді жолдар көбейеді, өйткені оны өз бетімен оқу мүмкіндігі туады, әйтпесе . . .
Зерттеу пәні:
алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері, бағдарламалау тілдері
Зерттеу нысаны: Delphi бағдарламасындағы электрондық оқу құралы.
Зерттеудің теориялық мәнділігі: Delphi бағдарламасының жұмыс терезесі мен негізгі нысандары, құралдары зерттеліп, қасиеттерін қарастырылды; негізгі нысандардың қасиеттері, оларды басқару жолдарын, олардың тиімділігін анықтау; Мәліметтер қоры, құрылымы, Delphi бағдарламасындағы мәліметтер қорын жасақтау саймандары мен программалық мүмкіндіктерін қарастырып, оқу орнын басқару үдерісінде ұтымды пайдалану тәсілдерін айқындау;
Зерттеудің теориялық мәні: Электрондық оқу құралын және оны Borland Delphi программасында жасақтаудың теориялық негіздері зерттелді. Borland Delphi программасында «Статистиканың жалпы теориясы» пәнінен электрондық оқу құралы жасақталды.
Зерттеудің практикалық маңыздылы: Delphi бағдарламасындағы «Статистиканың жалпы теориясы» қорының құрылымы жасақталды, программалық жасақтамасын жазу, программалық кодтарын сынау; Delphi бағдарламасындағы «Статистиканың жалпы теориясы » сандық қорының» мәліметтер қорын колледж жағдайында тәжірибеден өткізу, пайдалану нәтижесін жариялау, пайдалануға ұсыну
Зeрттeу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша басылымдарды талдау, ақпаратты жинақтау және сұрыптау, өңдeу, жобалау, қорыту.
Құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспе және екі бөлімнен тұрады.
Кіріспе де зерттелетін тақырыптың өзектілігі, мақсаты, міндеттері, гипотезасы, зерттеу пәні, зерттеу нысаны, зeрттeу әдістері, зерттеудің теориялық және практикалық мәні, құрылымыберіледі.
«Электронды оқу құралын жасаудың теориялық негіздері» бөлімінде ақпараттандыру жағдайындағы электрондық оқу қорларын пайдалану тиімділігі, электрондық оқу құралына қойылатын талаптар баяндалады.
«Borland Delphi ортасында электрондық оқу құралын жасақтау» бөлімінде Delphi программасында электрондық оқу құралын жобалау, «Статистиканың жалпы теориясы» пәнінен электрондық оқу құралының сипаттамасы ұсынылады.
Жұмыс соңында қорытынды мен зерттеу тақырыбы бойынша қолданылған отандық және шетелдік әдебиеттер тізімі көрсетіледі.
Зерттеу базасы: Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж
Кіріспе
Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде ойлаудың жаңа ақпараттық мәдениетінің дамуы мен қалыптасуы, ақпараттық қатынастық технологиялар саласындағы білім беру сферасы мамандары біліктілігінің қалыптасуы мемлекеттік маңызды міндет болып саналады. Білімдік процесте АҚТ мен elearning электрондық оқыту жүйесін пайдалану бойынша тиісті біліктілікке қол жеткізбейінше, білім беру ұйымдарын техникалық жарақтандыру құралынсыз және оған күш салмайынша, оларды ауқымды және жергілікті желіге қоспайынша, білімдік цифрлық ресурстарды әзірлемейінше және т. б. -сыз мұғалімдер тиісті нәтижеге қол жеткізе алмайды. Тестілеу жүйесіндегі іс-әрекетке педагог кадрларды дайындау бойынша осы бағдарлама тренингтік курстардың жалпы бағдарламасының құрамдас бөлігі болып саналады.
Тестілеу жүйесі (Test Management System, бұдан әрі қарай - TMS) білімдер деңгейін тексеру мен бағалауды автоматтандырудың тиімді құралы ретінде электрондық тестілеу арқылы оқыту жүйесінің жүйе түзуші құрамдас бөліктерінің бірі болып саналады. Тестілеу жүйесіндегі іс-әрекет тәсілдерін меңгерген адам білімдерді тексеруге дайындық уақытын айтарлықтай қысқарта алады, тестілерді дайындау үшін тиісті қабықша-жүйені пайдалана отырып, өз бетімен тесттерді дайындай алады; өз оқушыларының оқу жетістіктерінің деңгейін тексерудің объективтік нәтижесін тіркей алады, нәтижелерін өңдей алады. Оқушылардың білім деңгейінің жетістіктерін бақылау мен тексеру бойынша мұндай жұйелі жұмыс оқушылар білімін сапалы деңгейге арттыруға мүмкіндік туғызатын болады.
Қазіргі кезде дербес компьютерлерді пайдаланушылар арасында Windows операциялық жүйелері жанұясы танымал және бағдарлама жасауға қызыққандар, осы жүйеде жұмыс жасайтын бағдарламалар жазуға ынталанады. Есептеуіш техниканың дамуы, бағдарламаны қамтамасыз жасау құралдарына деген эффективті қажеттілік, бағдарламалау тілдерінің пайда болуына әкелді, олардың ішінде келесілерді Borland Delphi және Microsoft Visual Basic көрсетуге болады. Тез жасау жүйесінің негізіне көрнекі жобалау технологиясы және оқиғалы бағдарламалау жатады. Оның мәні жасау ортасы бағдарламаның генерация кодының үлкен бөлігін алады және бағдарламалаушыға диалогтық терезелермен және жағдайларды өңдеу функциясын құрастыру жұмыстарын қалдырады.
Borland Delphi қазіргі уақытта бағдарламаудың ең танымал тілдерінің бірі болып саналады. Borland Delphi Windows -қа кәсіби деңгейлі интерфейсі бар қолданбалы бағдарлама жасауға мүмкіндік береді. Бұл дипломдық жобада қолданушының қосымша модульдік жобасын шешуде Windows ортасының мүмкіндіктері қарастырылған.
Осы жобада программаларды тестілеу және жөңдеу бағдарламасын Borland Delphi бағдарламалау ортасының мүмкіндіктері арқылы жүзеге асады.
Жобаның мақсаты - Borland Delphi интерактивті жобалау ортасында мектепте программаны тестілеу бағдарламасын құру болып табылады. Тест оқушы білімінің деңгейін ғана анықтап қана қоймайды, оның ойын жүйелеп, жылдам есептеуіне, логикалық ойлау, есептеу дағдыларының қалыптасуына, тез шешім қабылдау қасиетінің дамуына тиімді әсер етеді. Тест оқушының білім дәрежесін қандай екендігін анықтайтын және ол білімді түрлі жағдайларда қолдана білуін тексеруге мүмкіндік беретін тиімді жол.
Жобаның міндеттері:
- Тапсырманың тұжырымдамасы мен жауаптары әрі қысқа, әрі анық болуы қажет;
- Бір сұрақтың 3-5 түрлі жауабы болуы тиіс. Олардың ішінде біреуі ғана дұрыс болады, басқалары жауабына жақын бірақ дұрыс болмауы шарт;
- Сұрақтарға жауап беру уақыты қатаң сақталуы тиіс;
- Нұсқалар сұралушыларға бірдей дәрежеде түсіндіріледі, әдетте ол жазба не электрондық құжат түрінде болады;
- Бірде-бір сыналушыға басқалармен салыстырғанда ешқандай артықшылық берілмейді;
- Тестен сынаудың нәтижелерін бағалау алдын-ала жасалған жүйе арқылы барлығына бірдей қолданылады;
- Тестке берілген нұсқау және әрбір тұжырымдаманың мағынасы сыналушылардың әрқайсысына түсінікті болуы керек;
- Әрбір сұрақ жауабына берілетін ұпай бірдей (көбіне 1 ұпай) болуы керек;
- Тест қолданудың жоспарланған жүйесі болуы керек.
деңгей (міндетті деңгей) «3» қанағаттанарлық бағасы қойылады;
деңгей (міндетті деңгейден жоғары) «4» жақсы бағасы қойылады;
деңгей (эвристикалық деңгей) «5» өте жақсы бағасы қойылады.
Жоба төрт - бөлімнен тұрады: Бірінші бөлімде - тест бағдарламасы, яғни, тест бағдарламасын құру кезеңдері; тестілеу процесінің кезеңдері; Delphi ортасымен танысу туралы жалпы түсінік беріледі. Екінші бөлімде - мектепке (мысалға, информатика пәнінен) арналған тестілеу программасы келтіріледі, яғни, шығару жолдары көрсетіледі. Үшінші бөлімде - жобаның техникалық-экономикалық көрсеткіші келтірілсе, ал төртінші бөлімде - еңбекті қорғау заңдары, компьютермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы қарастыралады.
Қазіргі кезде дербес компьютерлерді пайдаланушылар арасында Windows операциялық жүйелері жанұясы танымал және бағдарлама жасауға қызыққандар, осы жүйеде жұмыс жасайтын бағдарламалар жазуға ынталанады. Есептеуіш техниканың дамуы, бағдарламаны қамтамасыз жасау құралдарына деген эффективті қажеттілік, бағдарламалау тілдерінің пайда болуына әкелді, олардың ішінде келесілерді Borland Delphi және Microsoft Visual Basic көрсетуге болады. Тез жасау жүйесінің негізіне көрнекі жобалау технологиясы және оқиғалы бағдарламалау жатады. Оның мәні жасау ортасы бағдарламаның генерация кодының үлкен бөлігін алады және бағдарламалаушыға диалогтық терезелермен және жағдайларды өңдеу функциясын құрастыру жұмыстарын қалдырады.
1. 1 Электрондық оқу құралдары және олардың түрлері мен мүмкіндіктері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz